Text view
kaz-8
View options
Tags:
Javascript seems to be turned off, or there was a communication error. Turn on Javascript for more display options.
Халықаралық Еңбек бюросының Әкiмшiлiк кеңесi Женевада шақырған және 1986 жылғы 4 маусымда өзiнiң 72 - сессиясына жиналған Халықаралық еңбек ұйымының Бас конференциясы еңбек жөнiндегi тиiстi халықаралық конвенциялар мен ұсынымдарды және атап айтқанда , Кәсiптiк рак аурулары туралы 1974 жылғы конвенция мен ұсынымды , Өндiрiстiк орта ( ауаның ластануы , шуыл және дiрiл ) туралы 1977 жылғы конвенция мен ұсынымды , Еңбек қауiпсiздiгi мен гигиенасы туралы 1981 жылғы конвенция мен ұсынымды , Еңбек гигиенасы қызметтерi туралы 1985 жылғы конвенция мен ұсынымды , Өндiрiстiк жарақаттану жағдайларындағы жәрдемақылар туралы 1964 жылғы конвенцияға қоса берiлетiн 1980 жылы қайта қаралған кәсiптiк аурулардың тiзiмiн , сондай - ақ ұлттық саясат және қызмет принциптерi ұлттық деңгейде белгiленген , 1984 жылы Халықаралық еңбек бюросы жариялаған « Асбестi пайдалану кезiнде еңбектi қорғау жөнiндегi практикалық ережелердiң жиынтығын » 2 атап көрсете отырып , сессияның күн тәртiбiнiң төртiншi тармағы болып табылатын асбестi пайдалану кезiнде еңбектi қорғау туралы бiрқатар ұсыныстарды қабылдауға қаулы ете отырып , осы ұсыныстарға халықаралық конвенция нысанын берудi ұйғара отырып , бiр мың тоғыз жүз сексен алтыншы жылғы жиырма төртiншi маусымда Асбест туралы 1986 жылғы конвенция деп аталуы мүмкiн мына Конвенцияны қабылдайды . ________________________________________ 1Күшiне енген күнi : 1989 жылғы 16 маусым . 2Асбестi пайдалану кезiнде еңбектi қорғау : Халықаралық еңбек бюросы жариялаған Практикалық ережелер жиынтығы , ( Женева , ХЕБ , 1984 жыл ) .
- бұрын көріктендірілген ішкі кварталдық аумақтарда шағын балалар алаңдарын орнату ;
Алқын - жұлқын жетiп келдi . Көршi бала Нұржан . Қолында кiтап , бояуы әлi кеппеген . Мұқабасына көз тастадық . " Футболмен тыныстаған Испания " . Испан жерiнде кезектi мундиал аяқталғаны мәлiм , оған қазақ журналисi арнайы барып , " Лениншiл жас " бетiнде бiрнеше мақала жариялағаны да есiмiзде . Нес - ағаның қаламынан шыққан репортаждарды сүйсiне оқыдық та . КСРО құрамасы ойнаған Малага мен Севилья бұрыштарын түгел жаттап алғанбыз . Iрiктеу сындарынан iркiлмей өткендердiң тiзiмiн ұсын ғанда да өзiмiзше пiкiр жарыстырдық . Аргентина мен Италияның және Бразилияның бiр топта өнер көрсететiнiн естiгенде демiмiздi iштен алдық . Ол кездегi оқырманның жөнi бөлек . Үлкендер де Жүнiсбаев жазған дүниенi қалт жiбермей , өзгелерге жыр етiп шертедi . " Қалай - қалай сiлтейдi , ә " , - деп алып , " Лениншiл жастың " спорт бетiн қолға алғанда сiлтiдей тынатындардың талайынан газеттiң әлгi нөмiрiн әрең сұрап алатынбыз . Таумен таласатын тақырыптар ше . Есте қалыпты . " Қайрат емес , Қалмұрат ұтты " дептi бiрде . " Қайраттың " матчы кезiнде ұтысқа көлiк тiгетiн кезде . Ондаған тақырып , тiптi жүзi есiмiзде , ұтымды әрi тапқырлықпен қойылған . Бастапқы ойдан адасып қалмайық . Кiтап келдi дедiк қой . Ұстап көрейiк деймiз . " Ұстауға болады , алдымен мына бiр кереметке назар аудар " . Шынында да керемет . Қазақтың баласы , ол - автор , Бразилия құрамасының жей десiн киiп алыпты . Әлде Эдердiкi , әлде Сократестiкi , мүмкiн Фалькао сыйға тартқан киiм Нес - ағаның үстiнде . Және құйып қойғандай , екеумiз Қайратқа тарттық . Аяқдопқа ынтық досымыз да басын шайқады . Сосын былай дедi : " Мен бiлсем дүниедегi ең бақытты адам - Жүнiсбаев . Бразилия футболшысының жейдесiн көзбен көру арман , ал оны ұстап көру . . . ол қиялдың да қисындысы емес , автор кәдiмгiдей киiп алған . . . ендi ол бақыт туралы ойласа , онда бақыттың өзiнен мән кетедi . Әкелшi , кiтапты екi - үш күн тұсыма қойып қояйын , кейiн оқи жатармыз " . Бәрiмiз қызғанып тұрмыз . Қайрат бiрiншi алады . Ұсынысты сол айтты . Iшiндегi мазмұннан автордың Бразилия жейдесiн кигенi керемет болып тұр қазiр . Ендi Қайрат мықты . Оның кiтап сөресiнде Бразилия құрамасының жейдесiн киген автор фотосуретi тұрады . Көремiн деушiлерге есiк ашық . Демек ауылдағы барлық фанаттар суреттi көру үшiн Қайраттың үйiне қарай ағылады . Әзiрше ешкiмнiң оқуына рұқсат жоқ . Уақытша тиым салынады . Суреттi әбден көрiп аламыз . Содан кейiн ғана бетiн парақтауға болады . Рас , бiраз күннен кейiн бәрiмiз оқып шықтық . Алған әсердi бөлiсiп , ой жарыстырдық . " Сөз жоқ , Алматыға баруымыз керек . Автордың айтуына қарағанда , жейде оның өзiнде сақтаулы . Барамыз , " Лениншiл жастың " редакциясын тауып аламыз . Н . Жүнiс баевпен жолыққан соң жейденi ұстап көремiз " . Алтыншы сынып оқушыларын Алматыға жiбер салатын ата - ана қайдан табылсын . . .
Алғашында жасыруға қанша тырысқанымен , артынан жасыра алмайтын болып , интернет сайттардың бетіне шығып кетіп жатқан әр түрлі қастандық , « заговорлар » мен тұтқындаулар - соның айқын дәлелдері . Бұдан кейін амалсыздан Рахат ӘЛИЕВтің мемлекеттік төңкеріс жасағысы келген ісі мәңгі жасай береді » дегің келеді . Елімізде орын алып жатқан қастандық пен тұтқындаулар сияқты « түсініксіздеу » оқиғалардың бәрін тізіп жатпай - ақ , ҚР президенттің іс жүргізушісі Сарбай ҚАЛМҰРЗАЕВтың « комаға » түсіп , ауруханадан бір - ақ шыққанының өзі жоғарғы жақтағы саяси ахуалдың , дағдарыстың қаншалықты шиеленісіп кеткенін көрсетсе керек .
Сүтқоректілер Жер шарында кең тараған . Сүтқоректілерге гоминидтер де жатады . Қазіргі кезде сүтқоректілер класы 2 класс тармағынан : құрамында жұмыртқа салушылар отряды бар алғашқы аңдар класс тармағынан және құрамында қалталы жануарлар мен ұрықжолдастылар инфракласы бар нағыз аңдар класс тармағынан тұрады . Сүтқоректілердің 4 , 5 мыңнан астам түрі белгілі . Жылы қандылығы , ұрпағына қамқорлық жасауы , жоғарғы жүйке жүйесінің болуы сүтқоректілерге жер шарының Солтүстік полюсінен бастап , Антарктида жағалауларына дейінгі барлық жерді мекендеуге мүмкіндік берді . Қазақстанда сүтқоректілердің 8 отряды ( жәндік жегіштер , қолқанаттылар , кеміргіштер , қоянтәрізділер , жыртқыштар , жұптұяқтылар , тақтұяқтылар және ескекаяқтылар ) , 31 тұқымдасы және 180 - нен астам түрі кездеседі . Әсіресе , қосаяқ , аламантәрізділер , қуысмүйізділер , жертесерлер , т . б . тұқымдастарының түрлері өте көп . Жеке жүріп ( кірпі , жертесер , сусар , аю , т . б . ) , топталып ( шақылдақ , сарышұнақ , суыр ) , табын , үйір болып ( арқар , таутеке , ақ бөкен ) тіршілік етеді . Сүтқоректілердің кейбіреулері ( суыр , үлкен құмтышқан , т . б . ) қорегін күндіз , басқа түрлері ( тоқалтіс , кейбір жыртқыштар , т . б . ) іңірде не түнде , ал үшінші біреулері күндіз - түні аулайды . Аю , жанат , жанаттәрізді ит , борсық , т . б . қыста ұзақ ұйқыға кетеді . Көптеген сүтқоректілер ( қарақұйрық , ақ бөкен , түлкі , қасқыр , қолқанаттылар , т . б . ) маусым сайын қоныс аударып отырады . Сүтқоректілердің көпшілігі жылына 1 рет , кейбір түрлері ( кемірушілер , жәндікқоректілер , т . б . ) 2 - 3 рет балалайды . Буаздық мерзімі де әр түрлі , мысалы , тышқантәрізділерде - 12 күн , борсық пен жылқыда - бір жылдай . Кейбіреулері 1 айда ( сары тоқалтіс ) , ал кейбіреулері ( құлан , марал , бұлан ) жыныстық жағынан 2 жасында жетіледі . Тіршілік ету ұзақтығы 14 - 18 айдан ( тоқалтіс ) 20 - 30 жылға ( бұлан , марал , жылқы ) дейін созылады .
Елдос : да оныныз рас . биз баринде тусинип барынде билип отрык . биз мусылман болганнан кеин бизге бул мереке лайкыз мереке , бирак мемлекеттимиз тойлаганннан кейн бизде оган косыламыз . Иншала елизде мусылмандарымыз , потриотты ултшылдарымыз кобип жатса бул нарсе Алланын калауымен ози токталады
Қазақ даласының орта ғасырдағы ғұламаларының педагогикалық идеялары . Еліміздің сан ғасырлық өзіндік орны бар кезеңге орта ғасырлық түркілік мәдениетті жатқызамыз . Ал халқымыздың даналығын білдіретін ірі тарихи тұлғаларды . . .
- Біздің операторлар ұялы байланыстың бағасын арзандатуды қош көрмейді . Себебі , шығынға ұшыраймыз деп ойлайды . Меніңше , « интерконнект » тарифін 20 пайызға арзандатқаннан үлкен де , шағын да операторлардың ешқайсысы шығын көрмейді . Тіпті , қазіргі тарифті 19 , 98 теңгеден шамамен 5 , 04 теңгеге дейін түсірсе де ұтылмайды деп ойлаймын . Бірақ біздің ұсынысқа құлақ асатын олар жоқ қой . Естеріңізде болса , алғаш ұялы байланыстың құны бізде 1 доллардан жоғары еді . Бұған себеп , 90 - жылдардың басында арзан тарифті нарыққа енгізуге талпынған бірнеше ұсыныстар қабылданбай тасталды . Сол уақыттан бері Қазақстанда « сотка » ұстаған қауымның саны 15 , 2 миллионға жетіпті . Бұл аз ба ? Қарап отырсақ , тұтынушы саны бір жылда 1 миллионға көбейіп отырған екен . Алайда абонент санының көбейгеніне қарамай , байланыс операторларының құлқыны тыйылмай отыр . Меніңше , осы ұялы байланыс нарығына бір реттілік енгізіп , талапты барынша қатаңдату керек .
- Мамандану жасалған қылмыстың түп - төркiнiн , табиғатын бiлуге жәрдем беруде . Қазiрдiң өзiнде қылмысқа баратын балалар дың қарымын , пиғылын зерттеуге үйренiп қалдық . Судьялардан сұрайтынымыз - қыл мысқа барған бала жайында мамандардың , педагогтар мен психологтардың пiкiрi . Сондағы бiлуге тырысатынымыз , баланың қылмысқа жасағанға дейiнгi және одан кейiнгi жан - дүниесi . Бiр бала қылмыс жасағаны үшiн ата - анасы , ағайын - туысы алдына өкiнiштi екенiн бiлдiрсе , екiншi бала өзiн « батыр » санайтыны бар . « Бала өзiнiң қылмысты болғанын қаншалықты сезi недi ? » . Бұл мәселе де бiздi айрықша ойлан тады . Осының бәрi жаза тағайындау кезiнде ерекше ескерiледi . Балалар психология сының өзгешелiгiн көз көрiп , көңiлге тоқудамыз .
Мырзахметовтің басқаруы тұсында , алдағы уақытта да жүзеге асар игі мақсаттарға жету жолдарын айқындау үшін және соған сәйкес жоспарланған іс - шараларды жүйелеп алу үшін , " Қазақстан Республикасының агроөнеркәсіптік кешенін тұрақты дамытудың 2006 - 2010 жылдарға арналған тұжырымдамасы " әзірленді . « Үкімет қаулысымен мақұлданған бұл құжатта ведомоства басшылығына ендігі жерде , мынадай маңызды мәселелерді жүзеге асыру міндеті қойылып отыр :
Туризмдi кешендi дамытудың табысты iске асырылуын қамтамасыз ету саланы мемлекеттiк басқару әдiстерiн дұрыс таңдауға тiкелей байланысты . Қазiргi уақытта , саланы мемлекеттiк реттеу мынадай шараларды жүзеге асыруға бағытталуға тиiс :
16 - 17 ғғ . қазақ хандығы нығайып , оның шекарасы едәуір ұлғая түсті . Өз тұсында « жерді біріктіру » процесін жедел жүзеге асырып , көзге түскен хандардың бірі Жәнібектің ұлы Қасым . . Қасым ханның ( 1511 - 1523 жж . ) тұсында қазақ хандығының саяси және экономикалық жағдайы нығая түсті . Ол билік құрған жылдары қазақ халқының қазіргі мекен тұрағы қалыптасты . Бірсыпыра қалалар қосылды , солтүстікте Қасым ханның қол астындағы қазақтардың жайлауы Ұлытаудан асты . Оңтүстік - шығыста оған Жетісудың көп бөлігі ( Шу , Талас , Қаратал , Іле өлкелері ) қарады . Қасым ханның тұсында Орта Азия , Еділ бойы , Сібірмен сауда және елшілік байланыс жасалды . Орыс мемлекетімен байланыс болды . Ұлы князь 3 Василий ( 1505 - 1533 ) билік құрған кездегі Мәскеу мемлекеті еді . Батыс Еуропа да қазақ хандығын осы кезде танып білді .
Осыдан болашақ ақын Аманжоловтың өршіл үні , салмақты сөзі , байсалды мәнері атой беріп - ақ тұрған жоқ па ?
Жыл басынан бастап кәсіпкерлермен және ұйымдармен қаланың экономикасы мен әлеуметтік саласын дамытуға негізгі капитал 70 , 9 млрд . теңге немесе 104 , 5 % инвестиция пайдаланылды .
Мақтаншақтық - қазақтың қадірін қашыруда . Атақ ақшамен өлшеніп жатыр . Кейбір қулар қазақтарға бір жапырақ мақтау қағазын беріп : « Сен мықтысың , кереметсің , бәленсің , түгенсің , танымалсың » , - деп көпіртіп мақтап , өзінің шотына пәленбай долларды аудартып алады .
Кіндік шешенің қандай міндеттері болады осы жайлы жазсаңыздар және қалай кіндік шеше таңдау керек тб туралы толығырақ жазсаңыздар
Өнере тауының етегiнде бiрнеше үңгiр бар . Соның бiрi - Құрмаштың үңгiрi . Құрмаштың үңгiрi жырадан басталады . Қиыршық таспен жырадан төмен түскенде , жер астының тоннелi iспеттi екi жаққа қарай созылған үңгiр көрiндi . Сол жақтағы үңгiрмен бiресе еңкейiп , бiресе еңбектегендей болып 200 - 250 м - дей жүрдiк . Орта жолдан асқан соң үңгiр кеңейiп , төрт қанат үйдей төбесi биiктеп сала бердi . Суық күндерi бұл жерде алаңсыз демалуға болатындай . Одан әрi адам өте алмастай тар қуыс созылып жатыр . Ал екiншi үңгiр онша ұзын емес , әрi iшi де кең , еңкейiп жүруге болады . . . . Жерасты суы бар екендiгi байқалады
Пайдалануға берілген уақыты ( ҮИИДЖК - не сәйкес ) : 2010 жылдың бірінші жартыжылдығы . Жоба 2010 жылдың 28 маусымындағы телекөпірде Мемлекет басшысына танысты рылды . Жоба тұрақты жұмыс істеуде . Жобалық қуатына шықты .
Қазақстан жер көлемі жағынан әлем бойынша 9 - шы орынды иеленеді . Ғасырлар бойы кең байтақ жерін басқыншылықтар мен шапқыншылықтардан қорғап , аман сақтап қалған мемлекетқұрушы байырғы ұлт қазақтардың , жер үсті мен жер асты байлықтарынан өзіне тиесілі заңды сыбағалары бар . Заңды түрде ретін тауып , Қазақстанның барлық дүниесін , жерін әр қазаққа кезінде өркениетті жолмен тең үлестіріп бергенде , бүгін әр қазақ өзіне тиген мұрасын жүз есе көбейтіп , шылқып байып отырар еді . Азаматтары байыған мемлекет де байып , жаһанның алдыңғы қатарлы дамыған елдері қатарында жүрер еді .
2011 жылғы 12 ақпанда Солтүстік Қазақстан облысының Балалардың құқықтарын қорғау департаменті білім басқармасының қолдауымен « Бөбек » қорының негізін салушы және Президенті , адамгершілік - рухани құндылықтарды жандандыру бойынша жаңа білім жобасының авторы С . А . Назарбаеваның мерейтойына арналған фестиваль өтті . Жетім және ата - анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған мектеп - интернаттар , жасөспірімдер үйлері , балалар ауылының тәрбиеленушілері , қамқорлық және қорғаншылық , патронаттағы балалар ( барлығы 600 астам ) фестивальдің қатысушылары мен қонақтары болды .
8 сәуірде Қазақтың әл - Фараби атындағы ұлттық университетінің журналистика факультетінде Студенттік олимпиада өтеді .
Елбасы мәжілісте сөйлеген сөзінде , тәуелсіздік жылдары қазақстандықтардың бірлігінің , ұлтаралық және конфессияаралық келісімді нығайтудың , саяси тұрақтылықтың арқасында ел экономикасы сенімді дамып келе жатқанын , азаматтардың тұрмыс деңгейі өсіп , жан басына шаққандағы жалпы ішкі өнім көрсеткіші әлемнің жаңа тәуелсіз мемлекеттерінің арасындағы ең жоғары көрсеткіштің бірі болып табылатынын атап көрсетті .
" Ал бұдан кейін адамдар жаңбырға қанып онда жемістердің суын сығатын жыл келетін болады " деді . ( 49 )
22 . Әдiстеме iс - қимылдардағы мынадай кезектiлiгiн болжайды : жер учаскесiнен құрылатын жер рентасының есебi ; жер рентасын капиталдандыруға сәйкес коэффициентiнiң шамасын белгiлеу ; капиталдандыру арқылы жер учаскесiнiң нарықтық құнын есептеу . Жер учаскесiн капиталдандыру деп өзара тең немесе бiркелкi ағынмен жер рентасының бiрдей уақыт кезеңiнде өзгеретiн барлық болашақ шамаларды бағалау күнiне белгiлеудi айтамыз . Есептеу бағалау жүргiзiлгеннен кейiнгi кезеңдегi жер рентасының шамасын бағалаушы белгiлеген капиталдандырудың тиiстi коэффициентiне бөлу арқылы жүргiзiледi .
« Дала мен Қала » газетінің 18 - қазанда жарық көрген № 41 санында әріптесіміз Қалмаханбет Мұқаметқали « ЕСIМОВ ҮМБЕТОВТЕН НЕГЕ ҮЛГI АЛМАЙДЫ - 2 ? » деген сауал тосыпты . Алдымен аталған газеттегі автордың шолуына көз жүгіртіп шығайық .
Ұлы Отан соғысы орасан кесапатымен қатар ел тарихынан мәңгі орын тепкен , даңқы әлденеше буынға өнеге - үлгі боларлық батырларды шығарды , отансүйгіштік қасиетті сыннан өткізіп , одан әрі шыңдап кетті . Қазірде сол қиын - қыстау кезеңде Отан үшін от кешкен түбіт мұрт бозбалалардың ең жасының өзі сексеннің сеңгіріне шығып отыр . Ақ сақалды , қырау самайлы аталарымыздың уақыт өткен сайын азайып бара жатқаны көңілге алаң енгізетіні шындық . Сондай ардагердің бірі - Күршім ауылының Мерейтой мөлтек ауданында тұратын Қалитов Дүкен қариямен талай жүздесіп жүрсек те кең отырып сөйлесудің сәтін бір келтіре алмағанымыз шындық еді . Ақырында ыңғайы келіп , ол кісінің сонау қаһарлы кезеңдердегі бастан кешкен оқиғалары туралы әңгімесін өз аузынан есту мақсатында арнайы іздеп бардық . Ол Астанада өтпек Жеңіс шеруіне қатыспақ екен . - Мен 1923 жылдың 15 - наурызында осы кезде су астында жатқан « Қаражыра » атты ауылда дүниеге келіппін , - деп жай кезде көп сөйлемейтін Дүкен аға шын шешіле әңгіме бастады . - Ата - анам ерте қайтыс болып , өзімнен 16 жас үлкен ағайым Кәрімнің қолында өстім . Ол марқұм туған әкемдей болды , амал қанша , соғыстың алғашқы кезеңінде - ақ майданға аттанып , 1943 жылы Ржев қаласының түбінде опат болды . 1942 жылдың тамызында мені де әскерге шақырды . « Жарамды » деп танылғаннан кейін , өзімдей көкөрім жігіттермен бірге Камышенкадан ( бүгінде су астында жатыр ) пароходқа тиелдік . Өскеменге барған соң қайта тексеріп , денсаулығы мықты , орыс тілін жақсы меңгерген , сауатты жастарды бөлек жинап , ай бойы іріктеді . Сол сыннан сүрінбей өткен 30 жігіттің бірі болып мен де Мәскеу түбіндегі Тейково қаласына жөнелтілдім . Ол жерде қашанда ең жауапты да қатерлі тапсырмаларды орындайтын Әуе десанты әскерлерін даярлайды екен . Арнаулы лагерьде , жерден қазылған жертөле үйлерде тұрдық . Әр жауынгерге қойылатын талап - қатаң , тәртіп - темірдей еді . Күндіз - түні тынымсыз жаттығу , атыс - шабыс , айқас тәсілдерін үйренумен болдық . Тәжірибелі нұсқаушылар парашютті жинау , дұрыс қаттауға баулиды . Парашют дұрыс қатталмаса секірген кезде ашылмай қалуы мүмкін , сол себепті де бұған аса зор мән беріледі . Алғашқыда Әуе десанты дивизиясының құрамында Солтүстік - батыс майданда жаумен бетпе - бет шайқасқа түстік . Қолбасшымыз маршал Тимошенко болатын . Старая Русса бағытында болған қиян - кескі шайқастарда қатарымыз мүлде селдіреп қалды . Бұдан соң бізді ІІ Украин майданына қосты . Осы майданда соғыстағы аса бір маңызды да шешуші операция болған атақты Корсунь - Шевченко тобының шабуылына қатыстым . Айта берсек әңгіме көп , толарсақтан қан кештірген сұрапыл соғысты мен Чехословакияның астанасы Прагада аяқтадым . Осы уақыттардың барлығында ауылдасым , марқұм Зарыпхан Көлбаев екеуіміз бірге болдық . Бүгінде оның атына көше беру туралы әңгіме бар екен , бұл - өте дұрыс шешім деп есептеймін . . . « Аяқтадым » дегенін Батыс майданы туралы айтылған сөз деп ұғынған жөн , әйтпесе , Дүкен Жүнісұлының әскери жорығы бұдан әрі Шығыс майданда жалғасқан болатын . 1945 жылдың тамыз айында десантшылар дивизиясын маршал Малиновский басқарған Забайкал майданына , жапон самурайларымен шайқасқа салған екен . Мұнда да қаншама қиямет ұрыстарды бастан кешкен десантшы жауынгерлер әйгілі Үлкен Хинган асуынан өтіп , Монғолия мен Маньчжурияны азат ете отырып , Қытайдың Мукден қаласына табан тірейді . Жапония тізе бүккен соң , олардың бөлімдері Сібірдегі Нижнеудинск қаласына тұрақтап , сол жерде екі жыл қызмет атқарады . Дүкен аға сол қаһарлы жылдардың куәлігі , жанқиярлық ерліктің белгісі ретінде сақтап жүрген барша құжаттары мен наградаларын алдымызға жайып салды . Олардың арасында « Қызыл Жұлдыз » , « Даңқ » , « Отан соғысы » ордендері мен « Германияны жеңгені үшін » , « Жапонияны жеңгені үшін » медальдары ерекше көз тартады . Әскер қатарынан 1947 жылдың наурызында бірақ оралған Дүкен аға бейбіт еңбекке бел шеше араласты . Онда да өзін үнемі жақсы қырынан көрсете білген еңбекқор да тынымсыз азамат кейіннен « Тың жерлерді игергені үшін » медалімен марапатталып , « Еңбек ардагері » құрметті атағын иеленді . Басында Құмаш МТС - інде есепші , кейінірек « ВерхИртыш » , « Киров » колхоздарында парторг болып қызмет істеген ол Күршім кеңшарға айналғанда - зоотехник , соңынан Совет фермасында бригадирдің есеп - қисап жөніндегі көмекшісі болып 1985 жылға шейін еңбек етті . Сонау 1947 жылы көңілдері жарасып , отау тіккен тылдағы еңбек озаты , стахановшы еңбеккер Күлбаран шешей екеуі төрт бала өсіріп , олардың барлығының жоғары білім алуына күш салды , осы балаларынан 8 немере , 4 шөбере сүйіп отыр . Шешеміз біраз бұрын дүниеден қайтты , дегенмен , Дүкен аға қосағынан айырылғанына жасып , жүнжіп кеткен жоқ , ұрпағының амандығын тілеп , солардың қызығына қуанып отырған жайы бар . - Ең бастысы - ел іргесінің тыныштығы , - дейді қария , - тәуелсіз Отанымыз өсіп - өркендей берсін , осы берекені ұзағынан сүйіндіргей !
1 жыл бұрын ( 2009 ) Маңғыстау ауданының орталығы Шетпе кентіндегі орталық саябаққа облысқа танымал тұлға , ауданның шаруашылық саласын қалыптастырып , дамытуға еңбек сіңірген басшы Қыдырбай Жүсіповтың есімі берілді .
Ақын дастандарында екіұдай құбылыс , түсініктерді ұштастыра , шендестері беретін жолдар да кездеседі . Осы сөздерімізді дәлелдеу үшін тағы да поэмаларға үңілейік :
- Иә , Али , осы мен кейде түсінбей қаламын . Сен әрдайым алдымызда есеп күні келе жатыр , әрбір ісіміз үшін жауап беру бар деп намаз оқуға , ораза ұстауға және зекет садақалар беруге үндейсің . Және діннің шарттарын орындағандар үшін жәннат деген орын бар , оған тек Аллаһтың бұйрығын орындағандар кіреді . Сондай - ақ тозақ деген орын бар , оған тек қарсы болушылар кіреді дейсің . Бірақ мен бұған мүлдем сенбеймін . Өйткені сен секілді мен де өмір сүріп жатырмын , әрі сен ішіп - жеп жатқан нәрселерді мен де ішіп - жеп жатырмын . Мұның себебін маған түсіндірші , ендеше екеуіміздің айырмашылығымыз неде ? деп сұрақ қойғанды .
Жақында ғана болып өткен Бүкіл әлемдік Ислам экономикалық форумын алайық . Осы басқосуда Елбасы сөзін : « Өткен бір айдың өзінде ғана Астана он мыңнан астам қадірлі қонақтарды қа был дады . Елордамызда ІV Астана эко но ми калық форумы мен Еуропа Қайта құру және даму банкін басқарушылардың 20 - шы жыл сайынғы мәжілісі » өтті деп бастады . Бұл нені көрсетеді ? Бұл , әрине , еліміздің экономикалық әлеуетін шет мем лекеттерге танытып қана қоймай , со ны мен бірге , Қазақ елі жүргізіп отыр ған кө ре ген саясаттың қандай жетістіктермен жүзеге асып отырғанын да паш етеді .
Автор сол таныс емес техника заттарының іс - әрекеттерін алдымен өз өмірімізде бар нәрселермен теңеу арқылы ұғындырмақ болады . Айталық , ол паравозды « аты жоқ құр арба » деп бейнелесе , ал суда жүзген кемені кәдімгі нән балыққа балайды . Бұл біріншіден , жұмбақ шешіп үйренген қазақ балаларының ойлау қабілеті мен соған деген ықылас - ынтасын арттырса , екіншіден , жаңа заттың болмысы мен қызметінен хабардар болып , нақты түсінік алады . Сондықтан бұл жырлар танымдық сипаты жағынан теңдесі жоқ шығармалар болып саналады .
2 . Керек болған жағдайда ғылыми әдебиттер , мақалалар туралы кеңес алу .
- әкім қызметін ақпараттық - талдау , кадр және құқықтық қамтамасыз ету ;
« Түнгі қаладағы балалар » акциясы Қаңғыбастықпен , қараусыздықпен айналысатын және жағдайы төмен отбасылардың жүйелі түрде сабаққа қатыспайтын балаларды анықтау , бала еңбегін қанау деректерін анықтау мақсатында 2009 жылдың 23 желтоқсанында Қарағанды облысының аймағында « Түнгі қаладағы балалар » шұғыл - алдын алу іс - шарасы өтті . Акцияны үйлестірушісі Балалардың құқықтарын қорғау департаменті және Қарағанды облысы әкімдігінің жанындағы кәмелетке толмағандардың ісі жөніндегі және олардың құқықтарын қорғау комиссиясы болып табылады . Іс - шараға төмендегілер қатысты : балалардың құқықтарын қорғау , ішкі істер , әлеуметтік қорғау және қадағалау департаменттерінің , білім , денсаулық , халықты еңбекпен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармаларының , балалардың құқықтарын қорғау мәселелерімен айналысатын ҮЕҰ , қоғамдық ұйымдардың , ата - аналар қоғамының өкілдері мен БАҚ . Акцияға қатысушылардың жалпы саны - 671 адамды құрды . Осы іс - шараны нәтижелі өткізу үшін ОІІД мамандары және жоғарыда көрсетілген құрылымдардың мамандарынан топтар құрылып , әр топ өзінің тапсырма - жоспарларымен алдын - ала танысты . Акцияны өткізу барысында 940 рейдті іс - шара жүргізілді : соның ішінде , саяжай және саяжай шаруашылығы - 20 , дала және фермер шаруашылығы - 94 , тұрмысы нашар отбасылар - 309 , үйлердің жертөлелері - 207 , темір жол және автобус вокзалдары - 36 , көңіл көтеретін мекемелер - 163 , компьютерлік салондар - 35 , шағын аудандар - 70 . Рейдтік шаралар нәтижесінде 56 кәмелетке толмағандар анықталды : - жағдайы төмен отбасыларда тәрбиеленетін - 24 бала , - жағдай бар отбасыларда тәрбиеленетін - 32 бала , - оқушылар - 48 бала , - оқымайтындар - 8 бала , - КТІЖТ есебінде тіркелінген - 8 бала , - мас күйінде ұсталынған - 12 бала . Шұғыл алдын алу шара барасында ( көлік жуушылар , қайыр тілеушілер ) . Тексеріс барысында 21 жасқа толмағандарға алкогольдік ішімдіктер сату дерегі анықталды , видио түсіру жүргізілген . Сатышуға қатысты ҚР ӘК туралы 163 - 4 бабына сәйкес әкімшілік құжат толтырылды . Кафе , барлардың , компьютерлік салондардың , ЖМБ әкімшіліктерімен алдын алу әңгімелер жүргізілді , кәмелетке толмағандардың құқықтарына байланысты қылмыстық және әкімшілік нормаларды түсіндірді . « Түнгі қаладағы балалар » шұғыл алдын алу іс шара бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланды . Акцияның қортындысы қалалық , аудандық кәмелетке толмағандардың ісі жөніндегі және құқықтарын қорғау комиссияларында шара қолдану үшін қаралады .
Оң факторлармен қатар келең сіз факторлар да жоқ емес . Олар жол жөндеу сапа сының төмендігі , жобалау - сметалық құжат тарды әзірлеу дегі қателік тер , жұмыс техно логиясын бұзу , жол кәсіп орын дарының жарақ тану деңгейінің жеткіліксіздігі болып отыр . Жобалық шешім дерге иннова циялық техноло гия ларды ен гізу , жол жүру қозға лысына қатысушылардың қауіпсіздігі деңгейін қамтама сыз ету , ұзақ мерзімділік пен жол құры лы мы ның жөндеу жұмыс тары ның аралық мерзі мін ұзар ту бойын ша жұмыстар толық көлемде жүргізіліп отырған жоқ .
Автор : М . М . МҰХАМЕТЖАНОВА , Абай атындағы орта мектебі директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары , Панфилов ауданы
" Ойын - әңгiме ғой . Онда тұрған не бар ? " деуiңiз де мүмкiн . Ойынымыз осылып қап жүрмесiн , бiздiң орыстануымыз да әуелгiде дәл осындай суреттi кiтапшалардағы Володя , Саша , Даша , Маша , Шура деген сүйкiмдi ұл - қыздарды әспеттеуден бас талмап па едi ? !
Қысқасы , соңғы жылдары Алматыда спорт нысан дарының көптеп салынуы көңiл қуантады . Бұл дегенiң , бос уақытында не iстейтiнiн бiлмей , сенделiп , арақ - шарапқа үйiр болатын жасөспiрiмдерге таптырмайтын орын болатын түрi бар . Өйткенi , мұнда олар денелерiн шынықтырып , салауатты өмiр салтын қалыптастыруға дағды алатын үлкен мүмкiн дiктерге ие болады . Және сол арқылы ұлт денсау лығының жақсаруына жағдай жасалады .
БҰҰ Еріктілер Бағдарламасы ( БҰҰЕБ ) мемлекеттердің ұлттық приоритеттеріне жетуге көмектесетін БҰҰ агентіктері немесе ерікті адамдарды қатыстыру ұйымдарымен серіктестігінде ерікті адамдарды қатыстырады .
18 жыл бұрын ( 1992 ) Жамбыл облысы Шу ауданы Балуан Шолақ атындағы ауылда ақын , композитор Балуан Шолақтың ( 1864 - 1916 ) ескерткіші ашылды .
22 . Иса жерде болғанда немесе қайта тіріле салысымен Құдай Патшалығы орнамағанын біз қайдан білеміз ?
3 ) 2 - үдеріс - тұтынушының деректерінде бұзушылықтар болуына байланысты сұрау салынатын электрондық мемлекеттік қызметтен бас тарту туралы хабарламаны қалыптастыру ;
Сәлеметсіздер ме аға , әпкелер ! Мен сіздерге Райымбек ауданы , Кеген ауылынан хат жолдап отырмын . Мен Алла бұйыртса , журналистика саласына барғым келіп жүр . Сол үшін дайындалып жүрмін . Мен әр түрлі баспасөздерге мақала беріп жүремін . Бұл жолғы мақаламның негізгі идеясы оқушыларды өз бетінше кітап оқуға үндеу , тарту . Бұндай тақырыптағы шығармамды мен сіздерге жібергенді жөн көрдім . Менің анам - мұғалім . Сіздердің « Білім шапағаты » газеттеріңізді үзбей оқиды . Мен біраз қарап , көтеріп , . . .
Астана . 12 шілде . Елімізде арнайы тұрғын үй соттарының құрылуы жөнінде бір қатар БАҚ - та айтылған ақпарат шындыққа сәйкес келмейді . Қазақстан Республикасы Құрылыс және тұрғын үй - коммуналдық шаруашылық істері агенттігі қандай да болмасын арнайы тұрғын үй соттарын құру жөніндегі ұсыныстарды қарамайды және республикада олардың құрылуына бастама жасамайды .
Егер олар « Алланың қолы бар , бірақ біздің қол сияқты емес » деген кезде « біздің қолымыз сияқты ағза , ұстайтын құрал мағынасында емес » дегенді айтқысы келсе , онда оларды шатасып жүр демес едік . Алайда олар « иад » ( қол ) , « ъайн » ( көз ) сөздерінің тілдік тура мағынасын жоққа шығармаймыз , қандай мағынаны білдіріп тұр - ғанын да білеміз9 , тек сипаттың нендей кейіпте болатындығын ғана Аллаға тапсырамыз » дейді . Оларға айтар уәжіміз егер сендер өздерің айтқандай « Алланың қолы , көзі » дегендегі « қол » мен « көз » сөздерінің тура мағынасын жоққа шығармасаңдар әрі олар - дың мағынасын біліп , түсінген болсаңдар , онда бізге бұл сөздерден түсінген мағыналарыңды айтып беріңдерші . Ескерте кетейік , біз олардан Алланың қолы мен көзінің қандай кейіпте болатындығын айтып беріңдер деп отырған жоқпыз . Тек қол мен көздің өздері түсінген жалпы мағынасын айтып беруді талап етіп отырмыз . Олар бұл сұрағымызға « көру мен ұстауға арналған « ағза , құрал » мағынасында » деп жауап берсе , онда олардың адасқандықтарына басқа дәлелдің қажеті жоқ . 10 Себебі , Алланың көзі мен қолы біздің , тіпті ешбір жаратылыстың көзі мен қолына ұқсамай - ақ қойсын , оның жалпы ұғымы мұқтаждықты , денені әрі бөлшектерден құралғандықты білдіреді . Міне сондықтан көзі жоқ адам соқыр , қолы жоқ адам мүгедек болады . Ал , Алла еш бір нәрсеге мұқтаж емес , дене ұғымынан да пәк . Ол еш нәрсеге ұқсамайды . Алла көреді , бірақ көру үшін белгілі бір ағза мен құралға әсте мұқтаж емес . Алла жаратады , істейді , бірақ жарату , істеу үшін қолға да , ешбір құралға да мұқтаж емес .
Жошы ханға сән - салтанты келіскен зәулім ескерткіш орнату керек . Керей мен Жәнібек күте тұрса да ештеңе етпейді . Сонда ғана тарихи әділдік салтанат құрмақ керек .
Жамбыл , Оңтүстік Қазақстан , Қарағанды , түнде Қызылорда облыстарында тұман болжануда .
ДТҰ - ның ұсынымдарын ескере отырып жүргiзiлген талдау мен қазiргi тәжiрибенiң негiзiнде , қазақстандық турөнiмнiң екi базалық құрамдас бөлiгiн баса көрсетуге болады : Жiбек жолы бойындағы мәдени туризм ( зиярат ету және дәстүрлi ) және онымен тығыз байланысты экооқиғалы туризм ( сафари , рафтинг , орнитологиялық , треккинг , аңшылық , балықшылық ) . Бұл ретте экооқиғалы туризм үшiн Жiбек жолы бағытымен өтетiн ресурстары бар аймақтарды : Алматы , Жамбыл , Оңтүстiк Қазақстан , Шығыс Қазақстан , Ақмола облыстарын атап өткен орынды .
Туған топыраққа сағыныш тары ңыз ды арқалап жеткендеріңіз үшін шын жүректен алғысымды білдіремін .
Мақала Барлығын көрсету Барлығын жасыру Санды ең жақын бүтін санға кемітіп дөңгелектейді . Синтаксис INT ( сан ) Сан - бүтін санға кемітіп дөңгелектелетін . . .
Н . Назарбаев бұл мәселе бойынша бiздiң көзқарасымызды сенiмдi түрде мәлiмдей отырып , берiктiк пен мығымдық танытты . Ол ЕҚЫҰ - ға қатысушы елдердiң басым бөлiгi Қазақстанның ұйымға төрағалығына қолдауын бiлдiрiп қойғанын атап өттi . Бұл жағдайға мән бермеу , осы елдерге қатысты алғанда дұрыс болмас едi , бiздiң бұған саяси да моральдiк те қақымыз жоқ . Сондықтан АҚШ бұл арада анық азшылықта қалып отыр . Оның үстiне , мемлекеттердi төмен немесе жоғары санаттарға бөлуге болмайды , қазiр басқа уақыт , әлем өзгердi . Қазақстан өзiне қатысты мұндай терiс қарым - қатынасқа лайықты емес , өйткенi бiздiң елiмiз ядролық қарусыздануға , халықаралық терроризмге қарсы күреске елеулi үлес қосты , сондай - ақ нарықтық экономика мен демократияға еңбек сiңiрдi .
Штаб отырысын бастаған облыс әкімі Бердібек Сапарбаев Үржардан оралғанын , онда Егінсу су қоймасымен танысқандарын , Өскеменде де су басу қаупі бар жерлерді көргенін , қардың еруінен қауіпті жағдайдың орын алып отырғанын тілге тиек етті . Үржарда тұрғындардың апатпен күресі атап өтуге тұрарлық , әрбір адам әр көше , аулаларды қатаң күзетке алған . Судың көзін ашып , аулаларды шайып кетпеуін қадағалауда . Алайда , жағдай барлық жерде бірдей емес . Бүгінгі күні 33 мың қой - ешкі , 7 мың ірі қара , мыңдаған жылқы өлген . Жеті мыңнан астам адам басқа жерлерге көшірілген . Тарбағатайда тұрғындар мектептер мен клубтарда тұрып жатыр . Ыстық тамақ жеткізілуде . Бірақ халық алаңдаулы . . .
Қандай хабарламалар келеді ? Әрине , топ - жаңалықтар - халықтың барлық топтарына қызықты аса маңызды ақпараттар . Дәлірек айтқанда : биліктің жоғарғы эшелонындағы қызметтен босатулар мен тағайындаулар , маңызды үкіметтік шешімдер , бизнестегі жаңалықтар , қылмыстық істерді қозғау мен тоқтату , төтенше оқиғалар , ауа райының күрт өзгерістері және т . с . с . Бір күнде таңғы сағат 9 - дан кешкі 20 . 00 - ге дейін орташа есеппен осындай 3 - 5 жаңалық келеді . Жазылудың құны айына 3 500 теңге , ақша абоненттің депозитінен автоматты түрде алынатын болады ақпараттың мазмұнына байланысты мына e - mail - ге : assetms @ gmail . com жазсаңыз болады .
1 ) депутат конституциялық заңға сәйкес өзін сайлаған саяси партиядан шыққан немесе шығарылған ;
- Тақсыр , қаладағы жұрттың көбі өзімді біледі , біреуі кітабымды оқыған , келесісі мешітте , тойханада ұшырасқан , қалай олардың көзінше арам су - арақ сататын дүкенге кіремін , көрген жұрт « арамның жолына түскен екен » деп аузы - басы жыбырлап өсек өрбітпес пе ! Ту сыртымнан топырақ шашып әйкәпір атандырмас па , ұстазым !
Соғыстың салдарынан ең үлкен өзгеріске ұшырайтын да адам психикасы . Соғыс майданында адамның атқан оғының нысанасы да адам баласы болғандықтан , соғыс құбылысын жүйелі һәм ғылыми тұрғыдан зерттеп , ұғынған жөн . Әйтпесе адамзат соғыстың зардабынан құтыла алмайды . Соғыста шаңырақтар құлап , әйелдер жесір , балалар жетім жандарға айналып , эономиканың қалыпты жүйесі бұзылып , елдің әлеуметтік жағдайы күрт төмендейді . Есесіне базар қожайындары мен делдалдардың қалтасы қалыңдай түседі . Қоғамда жұмыссыздық жайлап , бұзақы топтар қоғамның шырқын бұза бастайды . Қоғамдағы бейбірекетсіздіктен адамдар келешекке сенімсіздікпен қарайды , ал , ол өз кезегінде қоғамдық үрейдің өрши түсуіне себеп болады .
Тексеріс барысында , спирттік ішімдіктердің оқушылар мен жасөпірімдерге сатылмайтындығы анықталды . Спирттік ішімдіктер мен түн мезгіліндегі тәртіп сақтау мәселесі бойынша учаске инспекторы алдын алу іс - шараларын жүргізіп отырады .
ҚР ҚО БОЙЫНША ( 5 БАҒЫТҚА ДЕЙІН ) БАЗАЛАРДЫ ІРІКТЕУ
24 . Жауапты хатшы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзіне жүктелген міндеттердің орындалуына жауап береді .
Қазақстан Республикасы Президентінің 2011 жылғы 27 қаңтардағы № 1144 « 2011 жылды « Қазақстан Республикасы тәуелсіздігінің 20 жылдығы » деп жариялау туралы » Жарлығын орындау , сондай - ақ отандық суретшілерге қолдау көрсету , олардың жаңа шығармаларын ынталандыру мақсатында Қазақстан Республикасының Мәдениет министрлігі
23 маусымда « Рэдиссон » қонақүйінде АҚШ Сауда палатасының ұйымдастыруымен форум өтеді .
Ол 1963 жылғы 28 наурызда Атырау облысы , Мақат ауданында дүниеге келген . 1982 жылы экономист мамандығы бойынша Астрахань қаласындағы байланыс электротехникумын бітіріп , кейін 1993 жылы Приволжский байланыс және ақпарат электротехникалық институтында инженер - экономист мамандығы бойынша білім алған .
Келесі аптада болатын ойын біз дің түріктермен бірінші рет бет пе - бет келуіміз емес . Оның дебютін біздер 2005 жылғы 8 маусымда Ал маты да өткізіп , масқара болғанда , 0 : 6 есебімен ұтылып қалған едік . Оның қарымта кездесуі келесі , 2006 жылғы 9 қазанда Ыстамбұлда өтіп , 0 : 4 есебімен тағы да күйрей жеңілдік . Жалпы есеп жиынтығы - 0 : 10 ! Бұл аз ба , көп пе , оны әркім өзі шамалай жатар . Сондықтан осы жолы түріктерге лайықты қарсылас бола алатындай ойын көрсетудің маңызы зор . Ол , айналып келгенде , қазақ футболының көкірегі көтерілуіне әсер еткен болар еді .
Тақталарды құлау ( өрлеу ) бағытында лавалар арқылы қазған кезде , оның су ( қойылтпа немесе балшық ) тасқындауынан қауіптi учаскелерiнде , әрбiр тазалау қазбасынан жоғары жатқан деңгейжиекке шығу қамтамасыз етілуге тиiсті .
Содан ол төрге жайғасып шалжиып жатқан шақырусыз қонақтарына барыпты да : « Ақыл - кеңестеріңді беріп , біраз жөн үйреттіңдер . Сендерден көп нәрсені естіп , көп нәрсені түсіне бастадым » деп өз білімін ортаға сала келе : « Енді өз ақылыммен өмір сүргім келеді , қажет болсаңыздар сендерді өзім шақырып алармын , ал , енді айып болмаса , үйлеріңізге қайтсаңыздар қайтеді » депті .
Ақмола облысының барлық филиалдарында тұрғындарға сапалы және уақытылы қызметті ұсыну үшін барлық техникалық және материалдық жабдықтар орнатылған . Барлық аудандар электронды кезекке , « Жылжымайтын мүлік регистрі » Мемлекеттік деректер базасына және « Контроль ЦОН » ортақ портал жүйесіне қосылған . Осымен атап өткіміз келеді , біздің аудандық орталықтар техникалық және бағдарламалық қамтамасыз ету бойынша облыстық орталықтан еш кемшілігі жоқ .
Біздің осы кезең ішінде қол жеткен табыстарымыз холдинг пен мемлекет тарапынан жасалған қолдаудың , « ҚазАгроҚаржы » АҚ серіктестері мен клиенттерінің бізге артқан сенімінің , сондай - ақ , барлық қызметкерлердің аянбай еңбек етуінің арқасында мүмкін болды . Құрметті , ханымдар мен мырзалар , барлықтарыңызға үлкен ризашылығымды , сондай - ақ , келешекте бірлескен күш - қуатымыздың арқасында өркендей береміз деген сенімділігімді білдіремін !
Ғылымға дүниеде тең кеп пе еді , Біліммен қиындықты жеңбек те еді . 18 томдық « Хаңды Нцз узин » мен , Атақты Ибн - Сина еңбектері .
Сонымен қатар , жаңа жылда құрылған жоспарлар болашақта да өте сәтті аяқталмақ . Жарқын болашақтың іргетасын биыл бекітсеңіз , өкінбейсіз .
2есептеулер бағыты көрсетілген картаның , БС орналасқан жері , сонымен қатар БС үшін екі тәсілмен , ал МС үшін бір тәсілмен алынған бүркеу аумағының кескінінің қағазға шығарылған түрі болуы керек .
Биыл жазда басталған Қазақстандағы құқық қорғау орындары мен сот жүйесіндегі реформалау жұмыстары кезең - кезеңімен өткізіліп келеді . Дегенмен , құқық саласындағы реформалау шаралары әлі де босаң . Оған статистикалық мәліметтерге қарап көз жеткізуге болады . Мысалы , сенімді ақпарат көздеріне жүгінсек , республикадағы әр жетінші кісі өлімі ашылмай қалады екен . Тонау мен ұрлық оқиғаларының да жартысына жуығы ашылмай қалатын кездер болады . Бұл [ . . . ]
Сәуірдің 7 - сінде Астана қаласында Қазақстан - грузин сауда - экономикалық ынтымақтастығы жөніндегі үкіметаралық комиссиясының кезекті отырысы өтеді .
- Мұндай жағдай тарихта мың мәрте қайталанған . Бұл режимнің тоталитарлық немесе авторитарлық болуына ғана қатысты емес . Бұл билік өкілдерінің азаматтық позицияларының жоқтығынан . Ертең билік ауысқан кезде осылардың қалай сайрайтынын қазір - ақ болжауға болады . Олар : « Мен ол жүйені ішінен ірітіп жүрдім » , - деп сайрайтын болады . Атасының басы , біз олардың іс - әрекетін көріп , біліп жүрміз . Өкінішке орай , бүгінгі биліктің табиғаты сондай . Билікке жақсы адамдар келмейді деп айта алмаймын . Келеді . Бірақ ол ортаның , жүйенің дегеніне көнеді . Әйтпесе , қызметінен кетеді .
Бірақ , араққұмарлықпен күрес жүйелі түрде және ұзақ мерзімді негізде ғана тиімді бола алады . Бұл орайда , бір жағынан , шектейтін , екінші жағынан , түсіндірмелік , саламатты өмір салтын насихаттайтын кешенді шаралар керек . Ең маңыздысы , адамдарда саламатты қалыпты өмір сүруге ниет болуы қажет .
" Жангелдин ауданының Амангелді ауылдық округі әкімінің аппараты " мемлекеттік мекемесі
жеңілсулы реактор , мұндағы су оның қайнауын болдырмайтын және сонымен қатар жылутасымалдағыштың жоғары температурасын ( 300 ° С - тен астам ) қамтамасыз ететін қысымда болады . Реактордың белсенді аймағында өндірілетін жылу энергиясы жылубөлгіш элементтерден бірінші контурдың жылутасымалдағышына ( судағы ) беріледі . Жылутасымалдағыш жылуалмастырғыштарға ( бугенераторлары ) түсіп , сол жерде энергияны екінші контур суына өткізеді . Екінші контурда пайда болған бу турбогенераторды қозғалысқа келтіреді . Батыс елдерінде реактордың бұл түрін PWR деп белгілеген . Ресейде қолданылатын су - сулы энергетикалық реакторлары ( ВВЭР ) қысымдағы су реакторлары түріне жатады .
Дегенмен , соңғы кездері сайтқа кірушілердің тексерілмеген немесе шындыққа жанаспайтын хабарламаларды қалдыру жағдайы жиіленіп кетті . Осындай « сигналдарды » тексеруге көп уақыт , қаражат және күш кетеді . Сондай - ақ мұндай хабарламалар Қоғамның жұмысына нәтиже бермейді , керісінше кері әсерін тигізеді .
- Біз бүгін бірінші кезекте көкірегіне трактордың күрегін тіреп тұрып , Сейітқұл әулиенің қабірін сақтап қалған Сейітқожалар әулеттеріне , бүгінгі имам Насреддин қажының әкелеріне алғыс айтып , мың тағзым жасауымыз керек . Әруақтарыңнан айналайын , жатқан жерлері жарық болсын !
Сатып алушы ( СА ) : Техникадан көп түсіне бермеймін . МАХАББАТты жүктеуім үшін не істеуім керек түсіндіріп жібересіз бе ? Сатушы ( С ) : Ең алдымен , ЖҮРЕК атты файлды ашуыңыз керек . Ашылды ма ? СА : Иә . Бірақ оған қоса ӨТКЕН ӨКПЕ . EXE , ОЙЛАҒАН САЙЫН . EXE , СЕНБЕУШІЛІК . EXE және РЕНІШ . EXE атты программалар да қосылды . Осы программалар қосылып тұрғанда МАХАББАТты жүктей аламын ба ? С : Мәселе емес . Жүктеген сәтте МАХАББАТ автоматты түрде жүйеңізден ӨТКЕН ӨКПЕ . EXE ' ны өшіріп тастайды . Бір мүддет memoryboard ' та қалуы мүмкін бірақ басқа программаларға ешқандай зиян келтіре алмайды . МАХАББАТ уақыт өте СЕНБЕУШІЛІК . EXE ' ні СЕНІМ . EXE атты модульмен алмастырады . Алайда , сіз ОЙЛАҒАН САЙЫН . EXE және РЕНІШ . EXE ' ні міндетті түрде жауып тастауыңыз керек . Бұл программалар МАХАББАТ ' тың дұрыс жүктелуіне кедергі жасайды . Оларды жауып тастаңыз . СА : ОК , жаптым . МАХАББАТ автоматты түрде жүктеле бастады . Дұрыс па ? С : Ия , бәрі де дұрыс . Бірақ мынаны ұмытпаңыз - бұл тек қана программаның негізі . Жетілдірілген версиялармен таныс болғыңыз келсе басқа ЖҮРЕК ' термен байланыс құруыңыз керек . СА : Ой … Қазірден бір қате шығып тұр . Не істеуім керек ? С : Қандай қате шықты ? Не деп жазылып тұр ? СА : ҚАТЕ 412 - Программа ішкі жүйе ішінде жұмыс істемейді . Бұл не ? С : Қорықпаңыз . Бұл үлкен мәселе емес . МАХАББАТ программасы басқа ЖҮРЕКтермен жұмыс істеуге дайын , алайда СІЗДІҢ ЖҮРЕГІҢІЗДЕ әлі орнатылмағанын айтады . Яғни , қарапайым тілмен айтқанда " Программаның басқаларды ЖАҚСЫ КӨРУ үшін ең алдымен сіздің өз системаңызды ЖАҚСЫ КӨРУІ керек " . СА : Сонда не істеуім керек ? С : " ӨЗ - ӨЗІН ТҮСІНУ " атты папканың ішінде ӨЗ - ӨЗІН КЕШІРУ . doc , ӨЗ - ӨЗІНЕ СЕНІМ . TXT , ҚАДІРДІ БІЛУ . TXT және ЖАҚСЫЛЫҚ . doc атты файлдарды таңдап , ЖҮРЕГІМ атты папкаға көшіріңіз . Енді СЫНАУ . EXE ' ні барлық папкалардан өшіріп тастаңыз . СА : Өшірдім . Ура ! ЖҮРЕГІМе расында да тап - таза файлдар орнатылуда . КҮЛІМДЕ . AVI қазір қосылып тұр және ЖЫЛУЛЫҚ . COM , БЕЙБІТ . EXE мен БАҚЫТ . com ЖҮРЕГІМЕ көшірілді . С : Ондай болса МАХАББАТ толығымен жүктелді және жақсы жұмыс істеп тұр . Енді қандай да болсын қателердің алдын ала аласыз . Айтпақшы , ұмытпай тұрғанда тағы бір нәрсе … СА : Тыңдап тұрмын ? С : МАХАББАТ программасы ақысыз . Оны және оның басқа да модульдерін таныстарыңызға да таратыңыз . Олар да басқалармен бөліссе тап - таза модульдер сізге қайтып келеді . Бақытты болыңыз ! СА : Рахмет !
2 жыл бұрын ( 2009 ) Астанадағы « Дипломат » қонақ үйінде « Халықаралық бағдарламалар орталығы » АҚ мен « Самұрық - Қазына » Ұлттық әл - ауқат қоры » АҚ арасында өзара ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды .
Әлем тарихында алтын әріптермен жазылып қалатын ауқымды шарада ЕҚЫҰ - ға мүшелік ететін елдердің атқарған жұмыстарының қорытындысы шығарылады . Сондай - ақ , әлемдік деңгейдегі белді ұйымның қауіпсіздік пен ынтымақтастық саласында жасайтын жүйелі жұмыстары талқыланып , ЕҚЫҰ - ның беделін биік белестерге шығарары сөзсіз . Мемлекетке қажет ресурстарды мобилизациялау , қазақстандық ұлттық әлеуетті тиімді пайдалану , сонымен қатар « Қазақстандық жол » қозғалысындағы тәжірибе мен шеберлікті алға қою және мемлекетаралық сенімнің қайта қалыптасуына қазақстандық мемлекеттік және дипломатиялық тұрғыдан алға ұмтылу ЕҚЫҰ - ның басты мақсаттарының бірі болмақ .
Сюрюуню да жолгъа кеси бураракъ , Ногъайчыкъ да , артдан жете тураракъ :
Оқыту 3 аптаға ( 162 сағат ) созылды . Оның ішінде дәріс оқу 6 сағат , тәжірибелік сабақтар - 46 сағат , семинар сабақтар - 52 сағат , тыңдаушылардың өзіндік жұмысы - 54 сағат және емтихан алу 4 сағатты құрады .
Біздің теңгеміз Тәуелсіздігіміздің басты белгілерінің бірі екені ақиқат . Ол елмен бірге нығайып келеді . Бүгін біз теңге күні мерекесі қарсаңында « ҚР Ұлттық Банкі » Атырау филиалы директоры Қ . Ә . ҚҰЛБАРАҚОВ мырзамен арадағы әңгімені ұсынып отырмыз .
Брянск және Орел түбінде , Белоруссияны азат етуде , Кенигсберг пен Данцингті шабуылмен алуда ерлік және батылдығымен көзге түсті .
Еліміз Азаматтық кодексінде қызметкердің денсаулығына келтірілген зиянды өтеу тәртібі нақты белгіленбеген - ді . Осы мәселенің көтеріліп келе жатқанына да біраз болғаны белгілі . Үкімет тарапынан Парламент депутаттары бастамашылығымен әзірленген « Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексіне ( Ерекше бөлім ) өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы » заң жобасының қолдау табуы үлкен жетістік . Валерий КОТОВИЧ , Мәжіліс депутаты . Мүгедектер мемлекет тарапынан қолдауға ие десек те ол түбегейлі шешімін таппай келді . Егер кәсіпорын жұмыс істеп тұрған болса , онда аталған жұмыс орны жапа шеккен қызметкері үшін ай сайынғы төлемін төлеп тұрады . Егер аталған кәсіпорын банкроттыққа ұшыраса , онда оны мемлекет өз мойнына алады . Осы ретте денсаулығына келтірілген зиян үшін төлем қызметкер 70 - ке келген соң тоқтатылатын . Міне , бұл мәселе депутаттар алдына өткір қойылып келген еді . Осыған орай біз заң жобасына банкроттық салдарынан таратылған заңды тұлғалардың өмірі мен денсаулығына келтірілген зиянды өтеу жөніндегі капиталдандырылған төлемдерді алған қызметкерлерге жасын шектемей жүзеге асы руды қарастыруды ұсындық . Енді жас жағынан шектелмейтін болды . Тағы бір мәселе , төлемдердің индексацияланбауы . Соның салдарынан , мәселен 2000 жылы тағайындалған төлемдер сол жылдардағы жалақыға сәйкес есептелсе , одан бергі уақытта ол ешқандай өзгеріске ұшырамай келген . Енді заңдық құжатта ол жыл сайын қайта қаралатын болып көрсетілді . Шынтуайтына келгенде , бұл мәселемен айналысып келе жатқанымызға да 4 - 5 жылдай болып қалыпты . Бірқатар кәсіпорындардың банкроттыққа ұшырағанына байланысты бюджет есебінен капиталдандыруға қол жеткізіп , олардың құқын қорғап қалған болатын быз . 2008 жылы тіпті осы мәселемен Конституциялық Кеңеске де жүгінген едік . Өкінішке қарай , Конституциялық Кеңес 40 - қа тарта депутаттың қолы бар үндеуді қайтарып берді . Сондағы уәждері : Азаматтық кодекстегі норманы Конституцияға таңа алмаймыз . Ал біз өз тарапымыздан азаматтарымыздың конституциялық құқын аяқасты етіп отырмыз деген ойымызды жеткізген болатынбыз . Артынан Үкімет тарапынан ведомствоаралық комиссия құру қажеттігі жөніндегі шешімнің шығуына түрткі де болдық . Үш жыл қатарынан осы мәселе төңірегінде әр түрлі есептеулер жүргізіліп , оған қажетті қаржы қарастыру жан - жақты пысықталды да . Қарағанды , Степногор қалаларынан келген делегациялар өз ұсыныстарын да ортаға салып жатты . Негізінен бұл проблемалар осы екі өңірге ғана тиесілі емес . Бұл мұнай - газ , тау - кен , тіпті минералдық тыңайтқыш өндіретін кәсіпорындардың қызметкерлеріне де қатысты мәселе . Осы жерде ерекше айта кетерлігі , егер Елбасының өзі араласпағанда бұл мәселе шешімін табар ма еді , таппас па еді . Саяси шешім қабылданғаннан кейін барып аталған мәселе бойынша сең қозғалды десе де болады . Осы мәселеге 1 490 , 6 миллион теңге қосымша мемлекеттік шығыс Республикалық бюджеттік комиссияның 2010 жылғы 28 тамыздағы шешімімен мақұлданды және ол « 2011 - 2013 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы » Заңда көрініс тапты . Яғни , 2011 жылы 436 , 6 миллион теңге қарастырылса , 2012 жылы - 497 , 9 , 2013 жылы 556 , 1 миллион теңге қарастырылған . Қорыта келгенде , Парламент депутаттарының бастамашылығымен өмірге келген « Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексіне ( Ерекше бөлім ) өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы » Заң Үкімет тарапынан мойындалды . Осының өзі үлкен жетістік екенін айта келіп , бұл депутаттардың талабын арттыра түсеріне кәміл сенемін .
танертен 40 рет оджимание . Кешке 40 рет тағы қайталап , қосымша елу рет пресс качать етем . Бұлшық ет шығатын түрі жоқ . Ет өсе ме десем , одан сайын тарамыстанып бара жатырмын . Соған қарағанда , маған жақпай жүр ау деймін .
Көпвекторлық саясат ұстанған еліміз алыс - жақын шет мемлекеттермен дипломатиялық , сауда - саттық қарым - қатынас орнату үшін экономика саласында өзара көмек қолын созып келеді . Елімізде жүргізілген " Мәдени мұра " бағдарламасының аясында талай оң істердің атқарылғанын жоққа шығаруға болмас . Алайда шекарадан тыс жерлердегі , әсіресе , Моңғолия аумағындағы арғы ата - бабамыздың асыл мұрасын қорғауға қаржы салуға қимауымыз елдігімізге сын , мемлекеттігімізге мін . Бұл біле білгенге төрүк ұлысын ел қылған , мемлекет қатарына қосқан , шекарасын бекіткен , төрүктің өсіп - өніп , өрісі Еуразия құрлығына тарауына " қызыл қанын төгіп , қара терін ағызған " алып қағандарымыздың мәңгі тыныстаған қасиетті мекені . Сондай дана тұлғаның бірегейі Тонұқұқ абыздың құрметіне қойылған тасбітік ұстын Ұланбатырдан 50 шақырым жерде орналасқан екен . Түрік Үкіметі Тонұқұққа мұражай ашып , мемлекеттік күтімге алған , қызметкерлері мен күзетшісіне айына 100 мың төгрүк жалақы төлеп отырғанын естігенде қатты толқыдық . Бұл ретте Түркияның күллі төрүк тектес ұлт пен ұлыстар алдында бағзы мәдени мұрамызды қорғауға қосқан үлесі мен отаншылдық сезімді қозғайтын рухының биік тұрғанын мойындауға тиіспіз . Ал " төрүктану ғылымының орталығы біз боламыз " деп өз қазанында қайнап , төсін соққанда алдына жан салмайтын қазақтардың баға жетпес мәдени жәдігерімізге тигізген құрметін көре алмай , салымыз суға кеткендей күй кештік . Ең болмаса елдігімізді танытып , Ұланбатыр іргесіндегі Тонұқұқ бабамызға баратын жолды асфальттауға жарамағанына арландық . Демек , Моңғолиядағы Қазақстан елшісі Көктөрүк қағанатының бас кеңесшісі Тонұқұқ дананың рухына тағзым етіп , ат ізін салмаған , жағдайға жаны ауырмаған . Біздің алдымызда болған " Нұр Отан " партиясының басшылары Тонұқұқ тасбітігін тамашалап , " Түркия Республикасының туымен қатар біздің елдің де туы бірге тұруы тиіс " дегенді шегелеп айтыпты . Әрине , ол үшін рухани құндылығымыздың азып - тозбауына Түркия сияқты қаражат - қаржы құйып , қажетті инфрақұрылым , жол салу , шынайы ғылыми ізденушілерге мүмкіндік туғызу , мемлекеттік қамқорлыққа мүдделік таныту керек - ақ . Қызыл сөзден іске көшу ләзім .
Сәуірдің 18 - де футболдан Қазақстан кубогы үшін жарыс басталады .
Тоқты ( 21 . 03 - 20 . 04 ) Бұл аптада тоқтылардың көп еңбектенуіне тура келеді . Барлық күш - жігеріңізді шын ықыласыңызбен жұмысқа арнағаныңыз жөн . Өзіңізге деген сеніміңіз арта түседі . Сіздің беделіңіз бен еңбексүйгіш қасиетіңіз болашағыңыздың жарқын болуына өз әсерін тигізеді .
Бисмилләһир рахманир рахим . Құл һууал - лаһу ахад . АллаҺус - самад . Ләм ялид , уә ләм йуләд . Уә ләм йәкул - ләһу куфууән ахад .
Қазақта « жақсы сөз - жарым ырыс , жаман сөз - ауыз садақасы » деген сөздер бар . « Адамның аузындағы Алланың құлағына шалы нады » дегенді тағы айтамыз . Аталарымыз сол үшін де « жаман сөзбен ауыз былғамауды » , « жақсы лепестің жарым ырыс » болаты нын құлағымызға құйып отырды . Мұхаммед ( с . ғ . с . ) пайғамбар бір хадисінде : « Адамның діні - қашан тілі жаман сөзден тыйылған ша толық бола алмайды » деген болатын .
Мұндай пирамидалар MLM ( көп деңгейлі маркетинг ) принципі бойынша ұйымдастырылады . Әрі хат мәтіні пирамиданың құжаттар жиынтығына енгізіледі , сондықтан да ол сирек өзгертіледі . Көбіне грамматикалық , синтаксистік , пунктуациялық және басқа да қаталерімен қоса бір спамшыдан екінші спамшының қолына көшіп жүреді . Хат тақырыбына басқа тілдерде « Бұл хатты өшірмеңіздер ! » деп жиі жазады .
Қайран , Мөлдір … ! Балалығым , менің ! Өзіңді мәңгі сағынумен жүрмін … Мені есейткен - өзіңсіз өткен , ойын ауылымен қош айтысқан күндер деп білемін . Жылдан да ұзақ жылжымас уақыттай көрініп , тезірек есейтуге асық қылған сол жылдарда өзіңмен аңсаған қанша арманым қалды десеңші ? " Үлкен қыздар сияқты болғанда мына қуыршақтар сияқты кішкентай бөпеміз болады … " дейтін қиялшыл сөздерің әлі есімде . Сәтсіздіктер шырмап , көңілім жадау күндерде ойыма жиі ораласың . Өмірде жоқтығыңа жылағым келсе де , өткен күндердің көңілді көктемін ойлап , еріксіз жымия еске аламын . Кейде түсіме енесің . Қып - қысқа шашыңды артқа ысырып тастап " бұйра шашты қуыршағыңды берші " , - деп жүгіріп жүресің … Алыстасың . Мөлдірім , менің , балалығым , мәңгіге қош … !
- Өзіңіздің мектебіңіз туралы айтып кетсеңіз . Қанша шәкірт тәрбиелеп жатырсыз , қандай жаңа өнер үйретіп жатырсыз ?
Жөн сұраған кісі адаспайды , Жол сұраған кісі жаңылыспайды .
- Есептердің статистикалық үлгілерін қалыптастыру ; - Мәліметтерге заңсыз қол жеткізуден қорғауды қамтамасыз ету ; - Пайдаланушының құқықтарын қол жеткізудің бапталатын деңгейлері бойынша шектеп бөлу ; - Жұмысты көп - пайдаланушылық режимде сақтап тұру ; - Алыстатылған пайдаланушыларға орталықтандырылған әкімшілік ету ; - Басқа АЖ - мен ( ЖТ МДҚ , ЗТ МДҚ , « Халық » ДҚ , ХҚО АЖ )
Бұл үдерістің осылайша кете беруі мүмкін емес еді . Өйткені , ел тағдырын ойлайтын , халық қамын жейтін азаматтар осы мәселенің қайткенде де бір шешім табуы жолында ой сабылтты . Сөйтіп , « Қазақ әдебиеті » , « Ана тілі » , « Ақиқат » , « Жұлдыз » , « Мысль » , « Простор » , « Уйгур авази » секілді алды 70 - 80 жылдық тарихы бар басылымдардың басын мүліктік негізде біріктірген бір шығармашылық қауымдастық құру керектігі айқын байқалды . Сөйтіп Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың арнайы нұсқауымен Қазақстан Республикасы Мемлекеттік мүлік жөніндегі комитет төрағасының бұйрығымен « Қазақ газеттері » деп аталатын жабық акционерлік қоғам дүниеге келді . Бұл жаңалыққа қаламының ұшымен күн көріп жүрген қарапайым журналистер бөркін аспанға ата қуанса , кейбір секемшіл әріптестеріміз осы қауымдастықтың ертеңі қалай болар екен деп әліптің артын бақты …
Францияның тізе бүгуінен кейін Ұлыбритания Германияның жалғыз қарсыласы болып қалды . Германия оған бітім жасасуға ұсынды , бірақ Ұлыбритания бұл ұсынысты қабылдамай тастады . 1940 жылғы шілденің 16 - сында Һитлер Ұлыбританияның жеріне басып кіруді ұйымдастыру туралы директиваға қол қойды ( « Теңіз арыстаны операциясы » ) . Бірақ герман Әскери теңіз күштерінің басшылығы британиялық теңіз күштерінің қуатының зор екендігіне және вермахтта десанттық операциялар тәжірибесінің жоқтығын тілге тиек етіп , Әскери әуе күштерінің әуеде басымдылыққа ие болуын талап етеді . Ұлыбританияның әскери - экономикалық әлеуетін әлсірету үшін , халқының сағын сындыру үшін , басып кіруге дайындық үшін және британиялықтардың қарсыласуға деген еркін жою үшін 1940 жылдың тамызынан бастап немістер британиялық қалаларды әуеден бомбылау науқанын бастайды ( Британия шайқасы ) .
* іс - шараларды іске асыру мерзімі тиісті бағанда « Х » белгісімен көрсетілсін
3 . Жўмыс берушi - жеке кјсiпкердiѕ қызметi тоқтатыләан немесе заѕды тўләа таратыләан жаәдайда , жўмыс берушiнiѕ кiнјсiнен жўмыста мертiгуге ўшыраәан немесе кјсiптiк ауруәа шалдыққан мїгедектерге протездiк - ортопедиялық кґмек , техникалық кґмекшi ( орнын толтырушы ) қўралдар , арнаулы жїрiп - тўру қўралдары осы баптыѕ 1 - тармаәына сјйкес берiледi .
Еңбек жолын құрылысшы болып бастаған . 1984 - 1986 жылдары - Зайсан аудандық « Достық » газетінің тілшіcі . 1986 - 1988 жылдары - Зайсан аудандық комсомол комитетінің хатшысы . 1988 - 1989 жылдары - Зайсан аудандық баспахананың директоры . 1989 - 1990 жылдары - Зайсан аудандық партия комитетінің нұсқаушысы . 1990 - 1991 жылдары республикалық « Жас қазақ » газетінің бөлім меңгерушісі , бас редакторы қызметтерін атқарған . Кейінгі жылдары « Ана тілі » - « Жалын » бірлескен басылым бас редакторының орынбасары болып жұмыс істеген .
Сараптап қарасақ , елiмiздiң кең байтақ даласындағы табиғи жайылымдарды тиiмдi пайдалану және де мал шаруашылығын өнеркәсiптiк негiзге көшiру арқылы бiздiң әлемдiк нарыққа мал өнiмдерiн көптеп шығаратын елдердiң қатарына қосылуға толығымен мүмкiншiлiгiмiз бар . Айналамыздағы көршiлес елдердiң көп шiлiгi мал өнiмдерiне өте мұқтаж және де өздерiндегi iшкi сұранысты қамтамасыз ету мақсатында оларды басқа елдерден әкеледi . Мәселен , Ресей мемлекетi жыл сайын шеттен , негiзiнен Аргентина мен Бразилиядан 1 , 5 млн . тоннадай еттi сатып алады . Осы жерде көршiлес жатқан бiзден неге алмайды деген сұрақ туындайды .
Рысқұлов Тұрар ( 1894 - 1938 ) - қазақ халқының көрнекті перзенті , белгілі қоғам және мемлекет қайраткері . Бұрынғы Жетісу облысы , Верный уезінің Шығыс Талғар бекетінде туған . 1910 жылы Рысқұлов Пішпектегі 1 - ші дәрежелі ауылшаруашылық мектебіне қабылданып , оны 1914 жылы қазан айында бау - бақша өсіруші мамандығы бойынша бітіріп шығады . 1918 жылы шілдеде Әулиеата уездік кеңесі атқару комитетінің төрағасы болып сайланды . Уездік кеңестің сан түрлі қызметін ұйымдастыра отырып , Рысқұлов бұрынғысынша негізгі күш - жігерді ашаршылықпен күрес ісіне бағыттады . Сырттан келер көмектің жоқтығы оны тек ішкі резервтерді тиімді пайдалана білуге мәжбүр етті . Рысқұлов Әулиеата қаласының 52 орыс капиталисіне ашаршылыққа ұшыраған халықтың пайдасына 3 миллион сом салық төлеттірді . 1918 жылы қыркүйекте Рысқұлов Түркістан АКСР - інің денсаулық сақтау халық комиссары болып тағайындалды . Бұл комиссариатқа денсаулық ісімен шұғылданумен қатар аштықпен күресу міндеті де тапсырылған еді . Аштықпен күресуге Денсаулық сақтау халық комиссариатының күш - қуаты мүлдем жеткіліксіз болатын . Сондықтан да ол аштықпен жүйелі түрде күресу үшін , құрамына түрлі комиссариаттардың өкілдері кіретін арнайы ұйым құруды талап етті . Осыған орай 1918 жылы қарашаның 28 - інде ерекше Орталық Комиссия ұйымдастырылып , оның төрағасы болып Рысқұлов тағайындалды . Комиссия Түркістан АКСР - інің 19 уезінде 923 мың адамға арналған тамақтандыру орындарын ашты . 1919 жылы наурыздың 14 - інде Түркістан АКСР - і Орталық атқару комитеті төрағасының орынбасары болып сайланды . Осы жылы наурыздың 14 - 31 - і аралығында Ташкент қаласында өткен Түркістан Компартиясының 2 - ші конференциясында Орталық комитет жанынан Мұсылман бюросын құру туралы шешім қабылданды . Оның жетекшілігіне сайланған Рысқұлов Мұсылман бюросы қызметін жандандыра түсу мақсатымен ұйымдастыру , редакция - баспа , мәдени - ағарту және әскери бөлімшелерін құрды . 1920 жылы қаңтардың 21 - інде Түркістан АКСР - і орталық атқару комитетінің төрағасы болып сайланды . Ол атқару комитетін Түркістанның тарихи - объективті жағдайы мен ерекшелігін басшылыққа алып жұмыс істейтін органға айналдырды , сондай - ақ оны жергілікті халықтардың құқын қорғайтын ұйым дәрежесіне көтерді . Төраға ретінде ол орыс шаруаларының қарусыздандырылуына , жергілікті халықтың әлеуметтік - экономикалық жағдайларының теңестірілуіне , орыс шаруалары мен қазақтардың көшпелі халықтардан тартып алған жерлерін кері қайтаруына қол жеткізді .
БҰҰ - ның жанындағы « Халықтар қоры » жер тұрғындарының 2050 жылға қарай 7 , 8 млрд . адамға өсуіне орай , күрделенуі мүмкін азық - түлік мәселесіне қатысты 61 , 2 млрд . дол ларға бағаланған арнайы бағдарлама ұсын ды . Оның ішіне ауыл шаруашылығы ғылымын дамытуға 5 млрд . доллар , егістік жерді сақ тау ға 24 млрд . доллар , ормандарды қалпына келтіруге 6 , 8 млрд . доллар бөлуді көздеп отыр .
36 . Нәжәсәт - нәжіс сөзінің көпше түрі . Намаздың дұрыс болуына кері әсер ететін нәрселер .
Компанияда атқаратын қызметтік міндеті : газ жобалары қызметін үйлестіру және Қазақстан Республикасының ішкі рыногына газ жеткізуді қамтамасыз ету жөніндегі іс - шараларға бақылау жасау ; барлық инвестициялық газ жобаларында Қоғам мүдделерін білдіру , сондай - ақ газ жобаларының іске асырылуының барлық деңгейінде оларды жүзеге асыру кезінде кешенді және жүйелі қатынас қамтамасыз ету .
А . Шамкеновтың тұңғыш жинағы « Студент сыры » деген атпен 1951 жылы басылып шықты . 40 шақты кітабы жарық көрген . « Табамын сені » , « Сен жалғыз емессің » , « Уәкілдер » , « Майор Майданов » атты актілі пьесалары сахнада қойылған . Көптеген ән мәтіндерінің авторы .
1 жыл бұрын ( 2010 ) Қазақстанның Француз Республикасындағы Елшісі Нұрлан Дәненов француздың Лез Ансиз қаласында « УКАД » қазақстан - француз бірлескен металлургиялық кәсіпорнының іргетасын қалау рәсіміне қатысты .
Денеге сурет салу ( татуировка ) қазір Еуропаға еліктеуіш кейбір қытайлықтардың , әсіресе мұндағы жастар арасында біршама сәнге айналған . Ал ес тоқтатқан жандар мұндай жылтырақ дүниеге көп қызықпайды . Қытай блогтарынан осы тату жайында талқыланған жазбалар да кездестірдім . « Мен кеше қыдырып жүріп денесін тұтас суретпен « татулап » тастаған әжені көрдім . Сонда сексен жыл бұрын да денеге сурет салдыру Қытайда керемет сән болған ба ? » деп , осында жүрген шетелдіктер де қытайлықтардың бұл қылықтарына таңдана қарайды . жалғасы »
4 ) туристік қызмет мониторингінің әдістерін әзірлеу , сондай - ақ ерекше қорғалатын табиғи ау мақ қызметкерлерінің болуы және жұмыс режимі ;
Ресей баспасының күні . 1703 жылы қаңтардың 13 - де Ресейде І Петрдің жарлығымен « Ведомость » газетінің алғашқы саны жарық көрді . 1917 жылы бұл мереке « Правда » кеңес газетінің шыққан күніне , яғни мамырдың 5 - не ауыстырылып , « Кеңес баспасы күні » деп өзгертілді . Тек 1992 жылы Ресей Федерациясы Президентінің жарлығымен « Ресей баспасының күнін » тойлау күні қайтадан өзінің тарихи күніне - қаңтардың 13 - не қайтарылды .
Бозоқ қаласы оның көне тарихының дәлелі ретінде Қазақстан астанасы үшін бірегей мәнге ие . Мыңдаған жыл бұрын қазіргі заманғы Астана орнында әскери орданың болуы геостратегиялық фактормен негізделеді - Далалық Жібек қолының керуен бағдарларын бақылау мүмкіндігі беріледі . Бозоқ қаласы оның аумағында кесенелердің жинақталуына қарай Нұра - Есіл өңірінің орта ғасырлық халқы үшін рухани Мекке болуы да мүмкін .
Берілген мәліметтер отбасының өмір сүру деңгейі туралы ақпаратқа маңызды деректер болып табылады және оны көтеру үшін пайдаланылады .
Кеңістіктегі екі жазықтықтың орналасуы . Жазықтықтардың параллельдігі . Жазықтықтардың параллельдік белгісі . Екі параллель жазықтықтың үшінші жазықтықпен қиылысу түзулері туралы теорема . Екі параллель жазықтықтың біреуін қиятын түзу туралы теорема . Берілген жазықтықта жатпайтын нүкте арқылы сол жазықтыққа параллель жазықтық жүргізу туралы теорема ; мұндай жазықтықтың біреу ғана екендігі . Кеңістіктегі жазықтықтардың параллельдігінің транзитивтілігі туралы теорема . Екі параллель жазықтықтардың біреуін қиятын жазықтық туралы теорема . Параллель түзулердің параллель жазықтықтар арасындағы кесінділері туралы теорема . Кеңістіктегі Фалес теоремасы .
Анологты абоненттік комплектер модулі ( МААК ) аналогты абонент жолдарын станцияға қосуға арналған және ол келесі негізгі қызметтерді атқарады :
Облыстың негізі 1932 жылдың 10 наурызында қаланған . 1962 жылдың 3 мамырынан 1992 жылдың 6 шілдесіне дейін Шымкент облысы деп аталған . 1992 жылы облыстың бұрынғы - Оңтүстік Қазақстан атауы қайтарылды . Облыс орталығы - Шымкент қаласы .
Бүгін кешкісін облыстық қазақ драма театрында С . Қажымұратовтың шығармашылық кеші өткізілмек . Онда театр майталманын батысқазақстандықтармен қатар қарағандылық , атыраулық , қызылордалық және ақтөбелік әріптестері де құттықтамақ .
4 . 4 . Анықтама - библиографиялық қызмет ақпараттық бөліммен және арнайы бөлімдердің библиографтары қызмет
Республикалық маңызы бар жобаларды іріктеу мынадай сипатта жүзеге асырылатын болады :
Соңғы кезде әлемде жиі көтеріліп жүрген өзекті мәселелердің бірі - ел арасында « жеңіл өлім » аталып кеткен эвтаназия мәселесі . Эвтаназия - айықпас дертке шалдыққан науқасты өзінің және туған - туыстарының келісімі бойынша медициналық тәсілмен өлтіру болып табылады ( яғни дәрі егу , т . б . арқылы ) . Турасын айтқанда , адам өмірін қолдан қию деген сөз .
Қызылорда облысында - ұйытқыма жел мен 15 - 20 м / с жылдамдықта жел болады .
Иран СІМ Алиакбар Салеһи журналистер алдында Иран мен Кувейт елшілерінің жұмыстарын қайтадан бастауын бір күндік сапардың нәтижелерінің бірі деп тауып : " Бұл кездесуде екі елдің елшілерінің жақын арада жұмыс жерлеріне аттанатыны айқындалды , " - деді .
РУСЛАН КЕШЕ РУССКОЕ РАДИОДАН , МАРЖАННЫН СИЗДИ ТУГАН КУНИНИЗБЕН КУТТЫКТАГАНЫН ЕСТИП , МЕН ДЕ КУТТЫКТАЙМЫН ! ! ! СИЗДИН СУРАГЫНЫЗ БОЙЫНША , МЕНИН ОЙЫМ , КАЗИРГИ БАТЫРЛАРДЫ КЕЛЕСИ УРПАК ШЕШЕДИ . МЫСАЛЫ СТАЛИН ОЗ ЗАМАНЫНДА БАТЫР АТАЛГАН . БАРИН УАКЫТ КОРСЕТЕДИ . АЛТЫН КОЛДА БАРЫНДА КАДИРИН БИЛМЕЙМИЗ , СОЛ СИЯКТЫ БАТЫРЛАР , УЛЫЛАР ДА .
Өзіме тігілген үйге келген соң мен аттарды ерттеуге бұйрық еттім , қара қырғыздарды көрсем деген мақсатым орындалды .
Ел Конституция сы ның 17 - бабында атап көрсетілгеніндей , адам ның қадір - қасиетіне ешкімнің қол сұ ғуына жол берілмейді . 2007 жылғы 25 қазанда өткен БҰҰ Бас Ассамблеясының 62 - се ссия сын да Қазақстан Республи ка сының Мем лекет басшысы 1984 жылдың 10 қаза нында қабылданған Азаптауға және өзге де ауыр , адамгершіліксіз не ме с е адамның қадір - қасиетіне қол сұға тын жазалау түрлеріне қарсы конвен цияға қосымша Факультативтік хаттама ға қол қойған болатын . Биылғы жыл дың ақпан айында Қазақстанның құқық қорғау органдары өзара , сонымен қатар , азаптауды шектеу мәселесіне қатысты аза маттық қоғам институттарымен бірле сіп әрекет жасасу жөнінде құжат қабыл дады . ІІД арнайы мекемелерінің қыз мет керлеріне арналған семинар - кеңес өткі зіліп , бұл шара кезінде жалпыға міндетті оқу бойынша семинарға қатысушылар ІІБ арнайы мекемелерінің регламент жүргізу қызметі , сонымен қатар , Еуропа мемлекеттерінің әдебиеттерімен және басқа да азаптауға қарсы , азаматтардың қа дір - қасиетіне нұқсан келтіретін іс - әре кеттерге жаза қолдану туралы Қазақстан Республи касының қайта қабылданған нормативтік актілерімен танысты . Қандай кезде де полиция қызметкері конститу ция лық нормаларды жүзеге асыруы ке рек . Ол қылмыс жасағаны үшін ұсталған күдіктілерді азаптауға , зорлық - зомбылық көрсетуге және басқа да адамдық қадір - қа сиеттеріне қол сұғатын қарым - қаты нас қа баруға немесе жазалауға жол бере алмайды .
Философиялық көзқарасы жағынан Эпикур ( б . з . д . 341 - 270 жж . ) Демокриттің атомистік иілімдерін жалғастырушы болды . Самос аралынан шыққан ол мүғалімнің отбасында дүниеге келді . Кейіннен Афиныға қоныс аударған Эпикур шәкірттерді шағын топқа бөліп ( оның ішінде құлдар да болды ) өзінін жеке бағына жинап алып , оқытты . Демокриттың атомдық теориясын негізге алған ол шешім дүниесінің мәні мен заңдылығын түсіндірді .
Ақсу Жабағлы Қазақстанның ең көне қорығы , сонымен қатар Орталық Азиядағы ЮНЕСКО биосфера қорығы дәрежесін алған ең алғашқы қорық теңіз деңгейінен 1 , 000 - нана 4 , 280м биіктікте Тянь - Шань тауларында орналасқан . Негізгі биік аймақтары өзінің таңқаларлық бейнелерімен жартылай шөлейттер ылғалды жазықтармен алмасып аршалы ормандарына өтеді . Ылғалды даладағы бай жазықтар аршалармен астасып жатқан жіңішке бұталардың өсуіне қолайлы жағдай туғызған . Көздің жауын алатын қатаң қарлы шыңдардың бөктерінде түрлі түсті альпі гүлдері жайқалып өскен . Ақсу жабағалы сирек кездесетін , тек осы аймақтарға ғана тән өсімдіктер мен жануарлардың отаны . Бұл жерден тау қойын , ешкісін , маралдарды және еліктерді , сілеусіндер мен қар қабыландарын , қасқырлар мен түлкілерді , аюлар мен тағыландарды , ақкүмістерді таба аласыз . Осы жерлерді сарышұнақтарды да көруге болады .
- Қайтсін бейшара , соғыс көрмегенін айтып тұр ғой ! - десіп жатыр . - Ел басына күн туғалы тұрғанда , қазір төре - қара дейтін дым да жоқ , кім жұртты жауға қарсы бастай алса , біз соның соңынан ереміз !
Әбдірахманов Ерлан Сламқұлұлы - Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Сарапшылар палатасының мүшесі , « Энергия көздерін жандандыратын өнеркәсіптік архитектура саласындағы жаңа технологиялар » Сұрақтар : Колесов П . П . 4000С деген не ? Жауап : Бұл жобадағы кешеннің көтере алатын температура . Ол кезде металл бір мезетте балқиды . Сәрсембаев З . С . Мұндай кешеннің құны қанша ? Жауап : Жай өнеркәсіптік технологияларға кеткен шығындармен бірдей . Бұл технологияларда бүкіл аумақ қолданылады .
Краткая информация : Қазақ хандығының құрылуы және нығаюы Қазақ хандығының құрылуы және нығаюы ( 15 - 17 ғғ . ) Қазақ хандығының пайда болуы Қазақстан жерінде 14 - 15 ғғ . болған әлеуметтік - экономикалық және этникалық - саяси процестерден туған заңды құбылыс . Өндіргіш күштердің дамуы , көшпелі ақсүйектердің экономикалық қуатының артуы , феодалдық топтардың тәуелсіздікке ұмтылуы , осы негізде Әбілхайыр хандығы мен Моғолстан арасындағы тартыстың өршуі , әлеуметтік қайшылықтардың үдевІ 15 ғ . 2 жартысында бұл мемлекеттердің құлдырап ыдырауына апарып соқтырды . Әсіресе Әбілхайыр ( 1428 - 1468 ) Жошы - Шайбан - Дәулет - Шайх оғланның ұлы хандығы өте нашар еді . Территориясы батысында Жайықтан бастап , шығысында Балқаш көліне дейін , оңтүстігінде Сырдың төменгі жағы мен Арал өңірінен , солтүстігінде Тобылдың орта ағысы мен Ертіске дейінгі жерді алып жатты . Бір орталықа бағынған мемлекет болмады . Көптеген ұлыстарға бөлінді . Олардың басында Шыңғыс әулетінің әр тармақтағы ұрпақтары , көшпелі тайпалардың билеушілері тұрды . Әбілхайыр билік еткен кезде халық өзара қырқыс пен соғыстан шаршады . 30 жж . ол Тобыл бойында Шайбани ұрпағы Махмұт Қожаханды талқандады . Сыр бойындағы далада Жошы әулетінің Махмұтханы мен Ахметханын ( Тоқа Темір тұқымы ) жеңді . 1446 жылы Әбілхайыр Темір ұрпақтары мен Ақ Орда хандары ұрпақтарынан Сыр бойы мен Қаратау баурайындағы - Сығанақ , Созақ , Аққорған , Өзгент , Аркүк сияқты қалаларды басып алады . 1457 ж . Үз - Темір тайшы бастапан ойраттардан ( жайылым жер іздеген ) Түркістан өңірінде жеңіліп қалды . Масқара ауыр шарт жасасып , ойраттар Шу арқылы өз жерлеріне кетті . Ал Әбілхайыр өз ұлысында , қатал тәртіп шараларын орнатуға кіріседі . Бұл халық бұқарасының оған деге өшпенділігін күшейтті . Нәтижесінде халықтың жартысы Шығыс Дешті Қыпшақтан Түркістан алқаптарына және Қаратау бөктерлерінен Жетісудың батыс өңіріне көшіп барулары еді . Оны Жәнібек пен Керей басқарды .
Алматыда 13 - 15 маусым күндері « Ер Төстік » деп аталатын анимациялық фильмдердің І қазақстандық фестивалі өтеді . Оны Шәкен Айманов атындағы « Қазақфильм » АҚ - ы ұйымдастырып отыр .
Көпдінділік - қолында билігі барларға сыбайлас жемқорлыққа жол ашудың бір жолы есебінде ұнайды . Себебі , көпдінділік идеясы « Құдайдан қорықпайтындардың » санын арттырады .
" Жас Алаш " газетiнiң 2010 жылдың 17 маусымындағы № 48 санында " Су дауы құм дауынан да мықты " атты мақала жарық көрiп , Жамбыл облысы , Талас ауданы , Үшарал ауылындағы ауызсу мәселесi айтылған - ды . Жақында облыстық прокуратура арнайы брифинг өткiзiп , Үшарал ауылына ауызсу жүйесiн жүргiзген " Нұрбах " ЖШС директорының үстiнен қылмыстық iс қозғалғанын жеткiздi . Бұл компания 16 миллион теңгеден астам қаржының жұмыстарын атқармаған көрiнедi . Нәтиже сiнде облыстық прокуратура " Нұрбах " ЖШС директоры Б . Фазыловтың үстiнен ҚК - нiң 177 - бабының 3 - бөлiгi , " б " тармағы бойынша қабылдау комиссиясының мүшелерiне қатысты 307 - бабының 2 - тармағына сай қылмыстық iс қозғапты . Сондай - ақ " Жас Алаш " газетi бұл мақалада Үшаралдағы ауызсу құбырларының сатылып кеткенiне алаңдаушылық бiлдiрген - дi . Жақында редакциямызға арнайы келген Үшаралдағы Ә . Сағынтаев атындағы ЖШС директоры Жүнiс Ахметов сатылып кеткен ауызсу құбырларының құжаттарын көрсетiп , бұл iсте ешқандай да заң бұзушылық жоқ екенiн айтты .
7 Нау 2011 - Экспорттағы арту Шығыс Қаратеңіз аймағында да айқын байқалды .
Жезқазғанда жаңа мешіт салу мәселесі жиі көтерілуіне байланысты қала әкімі Берік Әбдіғалиұлы бұл ізгі ниетке ең әуелі жамиғатты жұмылдыру мақсатында
« Универ » : Азамат аға ! Біздің ұсынысымызды қабыл алып , сұхбат бергеніңіз үшін сізге оқырмандар атынан рахмет айтамын . Ал бүгінгі әңгімемізді сіздің студенттік өміріңізден бастасақ …
1 . АМТГ АҚФ « Орталық жол ауруханасы Астана қаласы »
Серігі мен маған кезектесе қараған . Есіне түскен болуы керек , дереу жүгіріп келді де есікке беліндегі ақ жайманы тұтты .
Ақсу - Жабағылы - Қазақстанның ескі , сондай - ақ ЮНЕСКО биосфералық қор мәртебесін алған Орталық Азиядағы бірінші қорлардың бірі , ол Батыс Тянь - Шань сілемдерінде теңіз деңгейінен 1000 - 4280 метр биіктікте орналасқан . Бұл жерде негізгі биіктік белдіктері берілген : шөлейттер құрғақ түрлі шөпті далалармен , шөптесін орындардың ғажайып телімдері аршалардың қалың нуымен алмасады . Түрлі альпілік гүлдерден құрылған қызыл - жасыл әлем ақ қарлы шыңдар мен көгілдір тілді мұздақтар баурайын көмкереді . Ақсу - Жабағылы анда санда кездесетін , құрып бара жатқан және эндемикалық жануарлар мен өсімдіктердің бай қоймасы . Бұл жерлерде арқарлар мен тау ешкілері , маралдар мен еліктер , қабыландар мен қар сілеусіндері , қасқырлар мен түлкілер , аюлар мен кірпішешендер , тас сусарлары мен ақ тышқандар мекендейді . Қанаттылар әлемі де өте бай . Жоғары биікте күшігендер , ақ бас қарлығандар мен бүркіттер қалықтайды . Тас баурайларда кекіліктер , мәңгі қар әлемінде ұларларды кездестіруге болады . Жапырақты ормандардың көлеңкелі саясында жұмақ құсының қанаттары тірі от секілді көрінеді . Көгілдір құс әуені сырнай дыбысын білдіреді . Күн түскен алаңқайларда түрлі көбелектер , кезқұйрық , кептерлердің сирек түрлері кездеседі .
Бизнеске неғұрлым қолайлы ахуал жасау жөніндегі әлемдік рейтингте Қазақстан 183 елдің арасынан 59 - шы орынды иеленеді .
Авторы - « Барбанг » күрттер қауымдастығының президенті Князь Мирзоев .
4 - 5 қараша күндері Астанада қазақ - австрия бизнес форумы өтеді .
25 жастағы Ерубай Асанов Қазығұрт аудандық ауруханасына жұқпалы құтырма дерті әбден асқынғанда келіп , араға апта салғанда көз жұмды .
Мысалы , Кеңес Одағы Маршалдары Р . Малиновский , И . Баграмян , К . Москаленко және М . Захаров екінші « Алтын жұлдызды » соғыстан соң әртүрлі мерейтойларына байланысты алды .
« Атырау облысының дамуы Махамбетке қарай келе жатыр . Күндердің күнінде Махамбет пен Атыраудың ортасы қосылады . Исатай ауданының жері сорланып , мұнайды алып - алып , жер астынан тұз шығып кеткен . Сондықтан ол жердегі халық көшкісі келіп отыр . Қазір ондағы халық тек малмен күн көреді . Осы ауылда салынып жатқан каналды көреді . Бізде полиэтилен зауыты бар . Үлкен каналмен су айдап , суымызды жерге тұншықтырып , бүкіл каналды толтырып , майлы балшық қылып , каналды жылма - жыл ашқаннан көрі жайылымға , егіске су айдайтын полиэтилен құбырларынан жасалған тұрақты жұмыс істейтін су қондырғыларын және су жүйелерін іске асыру сайып келгенде жайылымдық , егістік жерлерді суғаруға өте тиімді . 1960 - 1970 жылдары Жайықтан , Махамбет , Исатай аудандарынан жайылымдық және шабындық жерлерге , егістікке су айдау үшін Сарөзек , Бақсай , Нарын , Соколок , Чернореченская каналдары салынған . Оның барлығы мал жайылымдарын суландыру үшін бәлен текше метр суды балшықтап айдап , жердің бәрін тұздандырып бітті . Полиэтилен зауыты Ақтөбе , Батыс Қазақстан , Маңғыстау облыстарын қамтама - сыз етіп отыр . Полиэтилен құбыры арзан әрі суды үнемдейді . Тамшылатып суғару да осы полиэтилен құбырына байланысты . Оның үстіне бізде егін пісіп болмайды . Бәрі пісіп , Қырғызстан мен Өзбекстаннан көкөніс пен жеміс - жидектерді тасып , базарды толтырғанда барып , біздің жуамыз піседі . Кеш піскен соң оны ешкім алмайды да » , - дейді Кеңес Темірұлы .
Дайындық курстары Дайындық курстары Сіздер үшін құрылған . « Тұран - Астана » университетінің оқытушылары Сізге биология , математика , Қазақстан тарихы , физика , қазақ ( орыс ) тілі , география пәндерінен ҰБТ және комплекстік тестілеуге дайындалуға көмектеседі .
Көп нәтиже жолдаудың көздеген мақсатын көпшілікке дұрыс жеткізуге байланысты болмақшы . Оны да қасаң қағидаға айналдыру қиын емес . Қандай стратегия да тек осылай нақтыланғанда ғана іске аса алады . Бұл арада біз өзіміздің де , өзгелердің де пайдалы тәжірибесіне көп жүгінуге тура келеді . Әсіресе , өзіміздің есепке алынбай жатқан ішкі мүмкіндіктерімізге айрықша назар аударғанымыз жөн .
88 . Кен қазбаларын жүргізгенде және қайта жөндегенде қазба бекітпесі артында бос қуыстар пайда болуына жол берілмеуі керек .
- Эстрада саласында жүрген мамандардың сөзіне сүйенсек , " жанды дауыспен " айтылатын концерттерге халық көп барады екен . Сен әнші ре - тінде бұған қалай қарайсың ? ! Өзің жанды дауыспен ән айтасың ба ? !
Дарынды болашағынан зор үміт күтетін , өнері бойынан тасып тұрған , терең білімімен , ой ұшқырлығымен көзге түскен мектептің мақтанышы . Қалалық , облыстық экономикалық пән олимпиадасында I орын , республикалық « Әлемдік бизнес этика » сайысында I орын және республикалық ғылыми жарыстарының II дәрежелі диплом иегері . « ҚР ең таңдаулы оқушылары » атты кітап ж . . .
Ақордада Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысы - Сыртқы істер министрі Қанат Саудабаевтың төрағалығымен Президент жанындағы Азаматтық мәселелер жөніндегі комиссияның кезекті мәжілісі болып өтті . Комиссия отырысында Қазақстан азаматтығын алуға ұмтылған 15 мыңнан аса адамның , солардың ішінде тарихи Отанына табан тіреуге талпынған бауырларымыз бен ТМД , алыс шет елдерден тілек білдірген басқа ұлт өкілдерінің құжаттары қаралды . Мемлекеттік хатшы - [ . . . ]
Ғимараттың салыну тарихына кіріспес бұрын Ахмет Иасауидің өз өміріне қысқаша түсінік берейік .
Namba . kz ақырғы кезде дұрыс істемей Глюктар шығып тур ! одан да IBOX . KZ - тан жүктеп көр !
Қазанның үшінші онкүндігінің басында Ас та нада Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назар баев тың қатысуымен Қазақстан халқы Ассам блея сының кезекті ХІV сессиясы өтеді деп жоспар ланған . Әлемде баламасы жоқ осы қоғамдық институттың еліміздегі ұлттар мен ұлыстар бірлігін нығайтуда атқарып келе жатқан қызметі өте жоғары . Мұны бүгінгі таңда бүкіл әлемдік қоғамдастық мойындап отыр .
Әлбетте , сіздікі дұрыс , сіздікі бұрыс деп айта алмадық . Басымызды изеп , үнсіз тыңдап отыра бердік . Дегенмен көкейімізде « кезінде өзіміз керек қылмай тастап шыққан Азия футбол конфедерациясына қайта оралуымызды басқалар қалай қабылдар екен , ә » деген ой сайрап жатты . Жеңілтек қыздар секілді бір жерден екінші жерге секіре бермей , ел футболының дамуына тосқауыл болып отырған басқа тетіктерді жамағанымыз әлдеқайда дұрыстау емес пе ? ! *
3 . Заңнама саласында - Қазақстан Республикасының Зандарьн және өзге де нормативтік құқықтық кесімдерін қабылдау .
Осы ақпараттық Картаны мақұлдауды және үкіметтің сайтында орналастыруды сұраймын . Мемлекеттік органдар Мемлекет басшысының барлық тапсырмаларын бақылауға алсын . Қолдауыңызды сұраймын .
Алаш қозғалысының көрнекті басшыларының бірі Міржақып Дулатов сол кезде « Қазақ » газетіне " Қайтсек жұрт боламыз ? " деген мақала жазып , " Жауап біреу - ақ , әскеріміз бол са ғана жұрт боламыз " - деп өзі жолын көрсетеді . Алаштың көрнекті қайраткерлерінің бірі Жақып Ақбаев « Әскер құрамы 26 , 5 мың адам болуы қажет » деген ұсыныс жасай ды . Алаш әскерінің атқаратын басты міндеті : ақтар мен қызылдардың арасындағы соғысқа бару емес , елінің тыныштығын сақтау , сырттан келген жауға қарсы тұрып , еліне қорған болу , делінген . Әскердің түрі - атты һәм тұрақты әскер принципімен құрылады . Патшалық Ресей қарулы күштерінің құрылымы үлгі ретінде алынады .
2010 жылдың қорытындысында ши кізаттық емес секторға тартылған тікелей шетелдік инвестициялар көлемі 1 , 7 миллиард доллар болса , бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыс тыр ғанда 25 пайызға артық . Қазақ стан ның инвестициялық тартымдылығын арт тыру мақсатында өткен жылы Индустрия және жаңа технологиялар ми нистрлігі 28 маңызды іс - шара өт кізді . Осының нәтижесінде , әртүрлі шет ел компанияларымен 150 - ге жу ық ын ты мақтастық туралы екіжақты келісімдер аясында 9 , 6 миллиард АҚШ дол лары шамасындағы инвес тиция лар ға негіз қаланды . Өңірлер бой ын ша деректерге жүгінсек , негізгі капи талға салынған инвестициялар көле мінің ең жоғары өсімі Қызыл орда облысында ( 40 , 6 пайыз ) , Ақтөбе об лысында ( 12 , 1 пайыз ) және Маң ғыс тау облысында ( 11 , 4 пайыз ) бай қа лып отыр .
Тарихта ұлы адамдар аса маңызды оқиғалар мен өте күрделі бетбұрыс кезеңдерде айқын көрінетіні белгілі . Өйткені олар белгілі бір тарихи дамулардағы ірі өзгерістерге белсене қатынаса отырьп , оқиғалардың даму барысының жетегінде кетпейді , керісінше , өзгерістердің тез немесе баяу дамуына , оқиғалардың объективті барысына , өрбу бағытына өзіндік жеке рөлін қосады . Олардың қоғам дамуына қосқан үлесі неғұрлым ауқымды , неғұрлым терең болса , соғұрлым олардың есімі халықтың тарихи санасында өшпестей болып сіңіп , уақыт өте ұрпақтар алдында биікке көтеріле береді . Қазақ халқының тарихында , әсіресе , хандық дәуірдегі кезеңде мұндай ұлы адамдар өте көп . Олардың қатарында 1511 - 1521 жылдар ішінде Қазақ хандығын билеген Қасым ханның алатын орны ерекше .
Мамырдың 26 - сы мен 30 - ы аралығында Алматы қаласында Орталық Азия мемлекеттерінің ІІІ Халықаралық театр фестивалі өткізіледі .
ДЕРБІСӘЛІ ӘБСАТТАР ( 15 . 09 . 1947 ж . т . , бұрынғы Шымкент обл . , Түлкібас ауд . ) - шығыстанушы , дінтанушы , әдебиет зерттеуші , жазушы , сыншы , М . Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университетінің филология факультетін үздік бітірген ( 1969 ) . 1970 - 1975 ж . КСРО Ғылым академиясы Москва Шығыстану институтында біліккер , аспирант . 1975 - 1976 ж . Марокко Корольдігі , 1985 - 1986 ж . Тунис Араб республикасы университеттерінде араб тілі мен әдебиеті бойынша біліктілік арттырудан өтті . 1976 - 1977 ж . ҚР ҒА - ның М . О . Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институтының ғылыми қызметкері . 1977 ж . әл - Фараби атын . Қазақ . мемл . ұлттық ун - тінде ассистент , аға оқытушы , доцент , филология факультеті деканының орынбасары , Шығыс филология кафедрасының меңгерушісі . 1986 - 1988 ж . КСРО ҒА Москва Шығыстану ин - тының докторанты . 1989 ж . Шығыстану факультетінің деканы , 1991 - 1997 ж . тілдер және халықаралық байланыстар жөніндегі проректор . 1997 - 2000 ж . Қазақстан Республикасының Сауд Арабиясы Корольдігіндегі елшілігінің кеңесшісі , 1 - сыныпты кеңесші дипломатиялық лауазым иесі . 2000 және 2005ж . Қазақстан мұсылмандарының ІІІ және ІҮ Құрылтайларында Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы , Бас мүфти , 2007ж . Орта Азия мүфтилер кеңесінде бірауыздан осы кеңестің төрағасы , 2000 ж . тамызында Босния мен Герцеговинаның астанасы Сараевода және 2002 жылы сәуірде Кипрде өткен Еуразия Ислам Шурасының IV - V халықаралық конференцияларында осы ұйым төрағасының бірінші орынбасары болып екі рет сайланды . 1977 ж . « Араб тілді Марокко әдебиетінің даму дәуірлері » деген тақырыпта ( ғыл . жетекшісі - проф . Ю . Н . Завадовский ) кандидаттық , 1998 ж . « ҮІІІ - ХХ ғ - дағы араб тілді Марокко сөз өнерінің эволюциясы » атты тақырыпта докторлық диссертация қорғаған . 1989 ж . профессор . 1995 ж . ҚР Жоғары Мектеп ҒА - ның академигі . Қазақстан ғылымының өкілі ретінде Бағдад ( Ирақ ) , Сана ( Солтүстік Йемен ) , Аден ( Оңтүстік Йемен ) , Мекнес ( Марокко ) , Токио ( Жапония ) , Кашмир ( Индия ) , Пешавар ( Пәкстан ) , Мадрид ( Испания ) , Колумбия ( Нью - Йорк ) уни - ттерінде лекция оқыды . Бірқатар халықаралық ғылыми - теориялық конференциялар мен симпозиумдарға ( Душанбе - 1985 , Москва - 1989 , 2000 , 2004 , Александрия - 1992 , Сеул - 1995 , Мадрид - 1996 , Дели , Кашмир - 1999 , Берлин - 2002 , Каир - 2003 , Афины - 2004 ) , ЮНЕСКО - ның діни - мәдени конгрестеріне ( Ташкент - 2000 , Доха - 2001 ) қатысып баяндамалар жасады . ҚР халыққа білім беру министрлігі жанындағы шығыстанушылардың Оқу - әдістемелік кеңесінің төрағасы , КСРО Шығыстанушылар Ассоциациясы Қазақ бөлімінің бюро мүшесі , КСРО ҒА Шығыс әдебиетін үйлестіру кеңесінің , ҚР Ұлттық ҒА - ның қоғамдық және гуманитарлық ғылымдар бөлімінің , ҚР Жазушылар және Журналистер Одағының , Қазақстан халықтары Ассамблеясы кеңесінің , ҚР Президенті жанындағы адам құқығын қорғау жөніндегі комиссия мүшесі . Қазақтың шет елдермен достық қоғамы Қазақ - Араб бөлімі төрағасы болды . КСРО Халыққа білім беру мемл . комитетінің Құрмет Грамотасымен ( 1984 ж . ) марапатталған . ҚазМУ - дің әл - Фараби атын алуына үлкен еңбек сіңірді , Республикамыздың мемлекеттік 10 университеттерінің « Құрметті профессоры » , Халықаралық « Араб тілі » ғылым Академиясының ( Каир ) академигі . Ә . Дербісәлі республикамыздағы жас арабтану ғылымының негізін салушылардың бірі . Арабистика саласы бойынша еліміздің тұңғыш ғылым докторы , тұңғыш профессоры , тұңғыш академигі . Ол алғаш рет әл - Фараби атындағы ҚазМУ - де араб бөлімі мен шығыс тілдер кафедрасын және шығыстану факультетін ұйымдастырып , оның тұңғыш меңгерушісі және тұңғыш деканы болды . Оның басшылығымен республикамызда тұңғыш рет урду , парсы , түрік , қытай , жапон , кәріс тілдері мен әдебиеті мамандықтары ашылып , кафедралары ұйымдастырылды . Сөйтіп республика өте зәру шығыстану ғылымы саласының ұлттық мамандарын даярлауға белсене атсалысты . Ә . Дербісәлінің қаламынан араб тілі мен әдебиеті , тарихы мен мәдениеті және қазақ әдебиетінің ежелгі дәуірлері мен мәдениетінің мәселелері , сыртқы Шығыс мұсылман елдерімен рухани байланыс , ол жұрттың ой дүниесі мен Ислам тарихы , қасиетті Құран , пайғамбарымыздың хадис шәріптері туралы 600 - ден астам теориялық және практикалық мәні бар ғылыми және ғылыми - көпшілік еңбектер туған . Араб тілді Марокко әдебиетінің тұтас тарихын жазып шықты . Ол тек КСРО ғана емес , сол елдің өзінде де жазылған жоқ еді . Қожа Ахмет Йасауи кесенесі мен ондағы құлыптастардағы жазуларды ана тілімізге аударып , зерттеді . Шығармаларын араб , парсы , шағатай тілдерінде туындатқан , еңбектері әлем кітапханалары мен қолжазба қорларына шашырап кеткен даламыздың Х - ХҮІІІ ғ . өмір сүрген Әбу - л Қасым әл - Фараби , Исмайыл әл - Жауһари әл - Фараби , Әбу Ибраһим Ысқақ әл - Фараби , Бурһан ад - Дин Ахмад әл - Фараби , Махмұт әл - Фараби , үш Кердери , үш Сайрами ( Исфиджаби ) , жеті Түркістани , 31 Таразилер , Байлақ Қыпшақи , Хасан Әли Жалайыри , Гийас ад - Дин Женди , Хусам ад - Дин Сығнақи және т . б . барлығы 100 - ге жуық ғалымдары мен ойшылдарын тауып , еңбектерін ғылыми айналымға енгізді . Олар жайлы шығыстану және филология факультеттерінде дәрістер оқыды . Студенттер мен магистрлердің диплом жұмыстарына басшылық етті . Ә . Дербісәлінің жетекшілігімен докторлық және кандидаттық диссертациялар қорғалды . Мұхаммед Хайдар Дулатидің өмірі мен шығармашылығын зерттеуде де соны қадамдар жасады . Қашғария ( 1994 ) , Пәкстан ( 1995 ) , Индияға ( 1998 ) арнайы барып , Кашмир өлкесінен ғалымның зиратын тапты . Құлпытасының эпитапиясын шешті . Берлин және Қашғар қолжазбасы бойынша ғұламаның « Жаһан наме » атты поэмасын шағатай тілінен тәржімалап жариалады ( « Білім » Алматы , 2006 ) . Ол жайлы бірқатар зерттеулерін жариялады . Сондай - ақ ол Нұр - Мүбәрак Египет Ислам мәдениеті университетін , Имамдардың білімін жетілдіретін республикалық Ислам институтын , қасиетті Құранды мәнерлеп оқу бойынша республикалық тұңғыш конкурсты , рамазан айларында Алматының орталық мешітінен қазақ теледидары арқылы қадір түнін насихаттау секілді тағы да басқа көптеген діни - руханият , діни - ағартушылық шараларын ұйымдастырды . 2003 және 2006 жылдары қыркүйекте Астанада әлемдік және дәстүрлі ұлттық дін лидерлерінің съездерін өткізуге үлес қосты . Әбсаттар қажы Дербісәлі Қазақстанда араб тілі мен әдебиеті ғылымын қалыптастырғаны және Ислам тарихы мен мәдениеті , дініне байланысты көптеген сүбелі еңбектері үшін 2002 жылы Египет Араб республикасының 1 - дәрежелі « Ғылым және өнер » орденімен , Қазақстан ғылымы мен білімі , әдебиеті мен мәдениетіне қосқан қомақты үлесі үшін 2004 жылы « Парасат » орденімен және 2001 жылы « Қазақстан республикасының тәуелсіздігіне 10 жыл » , 2005 жылы « Қазақстан Республикасының конституциясына 10 жыл » , 2008 жылы « Астанаға 10 жыл » мерекелік медалдерімен және 2007 жылы ҚР Білім және Ғылым министрінің « Қазақстан республикасының ғылымын дамытуға қосқан үлесі үшін » белгісімен марапатталды , 2005 жылдың қарашасында Оңтүстік Қазақстан облысы , Түлкібас ауданы маслихының шешімімен « Түлкібас ауданының құрметті азаматы » және сол жылы Оңтүстік Қазақстан облысы маслихатының шешімімен « Оңтүстік Қазақстан облысының құрметті азаматы » атақтары берілді . Ол Қазақстан халықтарының достығы мен ынтымағы , діндер аралық түсіністік пен сыйластықты арттыруда да игілікті істер атқарып келеді . Ә . Дербісәлінің басты еңбектері : Шыңырау бұлақтар ( зерттеулер мен мақалалар ) . « Жазушы » , А . , 1981 ; Араб әдебиеті . Классикалық дәуір . « Мектеп » , А . , 1982 ; Арабоязычная литература Марокко . Изд . « Наука » , А . , 1983 ; « Мың бір түн » елінде , А . , 1986 ; Ежелгі араб жерінде . А . , 1992 ; Литература Марокко . Изд . « Наука » , М . , 1993 ( телавторлары С . В . Прожогина , О . А . Власова ) ; Қазақ даласының жұлдыздары . Тарихи - филологиялық зерттеу . « Рауан » , А . , 1995 ; Мұхаммед Хайдар Дулати . Өмірбаяндық - библиографиялық анықтамалық . А . , 1999 ; Ислам және заман ( Сұхбаттар мен мақалалар , жолжазбалар мен әдеби зерттеулер ) . А . , 2003 ; Исламның жауһарлары мен жәдігерліктері . Тарихи - филологиялық зерттеулер , эсселер мен очерктер , А . , 2008 . Ә . Дербісәлі жайлы : Элита Казахстана , Алматы , 1997 , 116 - бет ; Әбсаттар Дербісәлиев . Шығыстанушы - ғалым - ұстаз . Алматы , 1997 , 65 бет ( Биобиблиографиялық көрсеткіш . Қазақ , орыс , ағылшын тілдерінде ) ; Қазақ ССР . Қысқаша энциклопедия . Алматы , 1988 , 3 - том , 150 - бет ; Ф . Оразаев . Қазақ әдебиетін зерттеушілер . « Рауан » , Алматы , 1991 , 67 - 68 беттер ; Қазақ әдебиеті . Энциклопедия , Алматы , 1999 , 150 - бет ; Высшая школа Казахстана в лицах , Алматы , 2000 , 177 - 178 беттер ; Түркістан , Халықаралық энциклопедия . Алматы , 2000 , 275 - бет ; Кто есть кто в Казахстане , Алматы , 2001 , 136 - бет ; Қазақстан . Ұлттық энциклопедия , А . , 2001 , 3 том , 201 - 202 беттер ; Қазақстан жазушылары . ХХғ . Алматы , 2004 , 99 - бет ; « Отырар » . Энциклопедия , Алматы , 178 - 179 беттер ; Әбсаттар Дербісәлі және шығыстану мен руханият мәселелері . Халықаралық ғылыми - теориялық конференция материалдары . А . , 2007 .
55 жыл бұрын ( 1955 ) философия ғылымдарының кандидаты , саясаттану ғылымдарының докторы , Маңғыстау облысының әкімі КӨШЕРБАЕВ Қырымбек Елеуұлы дүниеге келді .
Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің Техникалық реттеу және метрология комитеті биылғы жартыжылдықта азық - түлік саласындағы кәсіпорындарға 585 тексеріс жүргізіп , соның нәтижесінде 371 заң бұзушылықты анықтады . Бұл туралы бүгін Астанада болған баспасөз мәслихатында ҚР Мемлекеттік стандарты Мониторинг және талдау мемлекеттік қадағалау басқармасының бастығы Асхат Хасенов айтты , деп хабарлайды ҚазАқпарат . Оның сөзіне қарағанда , аталған тексеру барысында санитарлық нормаларға [ . . . ]
Сондықтан бұл тарих сахнасына жаңа шығып отырған мәселе емес . Бұрын болған істі жаңа заман тұр ғысынан саралап , шешім қабыл дауы мыз тиіс . Бір мәселе анық , ол осы мәселені саясаттандыру - дұ рыс емес , бұл бұрыс шешімге апа ратын жол . Дүниежүзілік өркениет нені қаласа , соны істеу - мін де тіміз . Саясат - белгілі бір уақыт тың ғана өлшемі .
Тапсырыс берушімен жаңа домен атауын тіркеуге тапсырысты толтыру барысында барлық қажетті шарттарды сақтаған жағдайда , Орындаушымен Тапсырыс беруішінің электронды адресіне осы тапсырысты қабылдау туралы растама хат жіберіледі .
правила сайта | карта сайта | партнёры | служба поддержки | безопасность в интернете | реклама
Құдабай бабам : " Үйренгендерің өздеріңе жақсы , істегендерің маған жақсы " дейтін . Біріміз қолымызға балта алып , екіншіміз - балға , үшін шіміз - қол ара алып , бір топ бала іске қызу кірісіп кетуші едік . Мұндай сәттерде бабам біздерге анадай жер ден сүйсіне қарап тұрып : " Ә , бәре келді , өздерің үндемей жүріп , нағыз шебер екенсіңдер ғой " - деп мақтап қоятын . Ал біз үйге қайтып бара жатқанымызда өзіміз жасаған ағаш бұйымдардан бір - біреуден сыйлайтын . Біздер бұл бұйымдарды әке - шешемізге көрсетіп : " Мынаны мен өзім жасадым " деп мақтану шы едік . Оған үйдегілердің бәрі мәз - мейрам болып , кәдімгідей қуанып қалатын .
Бағдарламаны іске асырудың екінші бағыты экономиканың шикізат емес секторының кәсіпорнын сауықтандыруға бағытталған .
50 жыл бұрын ( 1961 ) « Тұран - Астана » университетінің даму жөніндегі директоры МАДЕЕВ Сабыржан Маратұлы дүниеге келді .
Отбасылық жұп : САРЫШАЯНДАР Тауешкі , Бикеш , Шаян мен Балықтармен жақсы жұп болады . Сұқұйғыш , Арыстан мен Тоқтылармен құрған неке бақытсыздықпен аяқталады . САРЫШАЯНДАР мен Тоқтылар ортақ бір тақырыпта әңгімелесе алмайды . Ал , Тоқпақтармен мінездері мен темпераменті жағынан ұқсас болғандықтан , ұрыса береді . Алайда , осы жұптағылардың балалары дарынды сұлу болып келеді . Ал , Егіздермен рухани үйлесімділік орнайды . Әлбетте , САРЫШАЯНДАР - дың ауыр мінезі Егіздердің тұрақсыздығын көтере алмайды . САРЫШАЯН мен Шаяндар құрған отбасы бақытқа толы болады . Өйткені , Шаяндар САРЫШАЯНДАРҒА қажет интимді жайлылықты қалыптастыра біледі . САРЫШАЯНДАР мен Арыстандар арасыда күш үйлесімді болғанымен , бұлар ұзақ уақыт бір баспананың астында тұра алмайды . САРЫШАЯНДАР Таразылармен жұмыс бабында мықты серіктес , дос бола алады . Алайда , отбасын сәтті құра алмайды . САРЫШАЯНДАР Таразылардың жеңіл мінезін ұнатпаса , керісінше Таразылар оның ынтықтығынан қорқады . САРЫШАЯНДАР мен Бикештер бірін - бірі толықтырып , бақытты ғұмыр кешеді . САРЫШАЯНДАР мен Суқұйғыштар құрған шаңырақ ұрыстан көз ашпайды , алайда өздерін байсалды ұстаса дәм - тұздары жарасып кетуі де мүмкін . САРЫШАЯНДАР мен Балықтардың құрған жұптың бағы барлық жағынан жанып тұрады .
Егер өзiне Бас директор ұсынған тиiстi ақпаратты зерделеу негiзiнде , Кеңес осы Келiсiмге сәйкес кепiлдемеге қойылуға тиiс ядролық материалдың ядролық қару немесе ядролық жарғыш құрылғы өндiруге ешқандай да ауыспағанын тексеруге Агенттiктiң жағдайы жоқ деген тұжырымға келсе , онда ол Агенттiк Жарғысының ( бұдан әрi " Жарғы " деп аталады ) XII бабының " С " тармағында көзделген хабарлама жасай алады , сондай - ақ осы тармақта көзделген басқа да шараларды , оны қолдануға болатын жерде қолдана алады . Осындай iс - қимылды қолдана отырып Кеңес кепiлдеме бойынша қабылданған шараларды қамтамасыз ететiн сенiмдiлiк дәрежесiн ескередi және Қазақстанға кез келген қажеттi дәлелдемелердi Кеңеске ұсынудың ақылға қонымды кез келген мүмкiндiгiн бередi .
66 . Рекреациялық пайдалану аймағы шегінде туристік және рекреациялық қызметтің қарқын дылығы функционалдық аймақтау кезінде белгіленген рекреациялық сыйымдылық деңгейімен және табиғат пайдалану режимімен реттеледі . Туризм түрлерінің барынша көп шоғырлануы мен сан алуандығы қауырт рекреациялық пайдалану және шектеулі шаруашылық қызмет аймағында , сондай - ақ ерекше қорғалатын табиғи аумақтың күзет аймақтарында орын алған .
2010 жылды қарсы ала отырып , дастарханға сары , немесе сары жолақты ( екі түрлі түске боялған ) шырақ қойған дұрыс . Ал дәмге еттен дайындалған кез келген тағамды қоюға болады . Сусындардың мүмкіндігінше , сары , қызыл түсті , яғни жарқын болғаны дұрыс . Апельсин немесе мандарин шырыны болса тіпті жақсы .
Л . С . Әубәкірова , Е . А . Калашникова Ағаш көшеттерін өсіруді қарқындату
Р . Абтихалова - Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университеті
Тақырып 4 . Мүдделер және Саяси Өкімет билігі 12
Краткая информация : ЖӘҢГІР ХАН ЖӘНЕ ҚАЗАН УНИВЕРСИТЕТІ " Қараңғылық халден шығатын кез жетті . . . " 1826 жылдың күзіне таман Бөкей ордасының ханы Жәңгір Мәскеуге барып , І Николай императордың тәж кию салтанатына қатысты . Ағасы Шөкі Нұралиевті , немере ағасы Қайыпқали Есімовті , арқа сүйер сенімді адамдары Сүйінішқали сұл тан мен Қарауыл қожаны және үш кеңесшісін жанына нөкер етіп ерітті . Қазақ хандарынан бірінші болып зайыбы - Фатима ханшаны бірге ала барды . Ресейдің қол астында отырып , сырт мемлекет деңгейіндегі депутациямен келген Жәңгірді үкімет хаттамалық дерлік рәсіммен қабылдап , Еуропа билеушілеріне лайықталған сый - құрметтің бір ұшығын көрсетуге мәжбүр болды . Мәскеудің ресмилігі мен салтанатын түгесіп , еліне қайтқан Жәңгір қазанның 13 күні Қазан қаласына жетті . Император ағзамның қазақ ханын шетелдік мәртебелі меймандар дәрежесінде қабылдағанынан хабардар Қазан қауымы Жәңгірді өз үстерінен елеусіз өткізіп жібере алмады . Хан алыс жолдан аяқ суытпай жатып қаланың азаматтық губернаторы барон Розен әдейілеп сәлем бере келді . Сәтті сапарымен құттықтап , енді ежелгі Қазанға қош келдіңіз деп қол қусырды . Жәңгірдің жол бойы ойлаған өз мақсаты болатын . Сөйтіп , келесі күні Қазан университетінің табалдырығын аттады . Ректор Карл Фукс қазақ ханына өзі басқаратын білім ордасының аудиторияларын аралатты . Алдымен физика кабинетіне бастады . Дәліздегі есігінің реті солай болғанына ректор қынжылғандай . Қырдан келген әміршіні физика құралдары тым қызықтыра қоймас деп ойлаған . Ал хан кейбірінің не үшін қолданылатынын білмесе де , өзін қараңғы етіп көрсетпеуге тырысып бақты . Сұрағын сақтықпен қойып , алды - артын ойлай сөйлеп , оқымыстылардың іштей мазағына айналмауды ойлады .
Магистратураға түсушілер шет тілі мен арнайы пән бойынша қабылдау емтихандарын тапсырады .
Тоқсаныншы жылдары Қазақстандағы жағдай мүлдем басқа , өте күрделі еді . Дәл бүгінгідей жағдай тіпті түсімізге де кірмейтін . Өмір тез өзгерді . Өзгергенін көзі көрді . Бүгін Қазақ намысқа тырысып , әлем халықтарымен бәсекеге түсіп отыр . 1991 жылдан бастап Елбасыны әлем тани бастады , Президентіміз арқылы бүгінде елімізді бәрі таниды . Дүниежүзі қазақ дейтін халықтың бар екенін білді . Әлем картасынан Қазақстанды , оның елордасы - Астананы жазбай танитын болды . Сол кездері Елбасы « Біз үйренетін ұлттан үйрететін ұлтқа айналуымыз керек » , « Тәуелсіздікті күн сайын қорғау керек , ай сайын қорғау керек , жыл сайын қорғау керек , нығайту керек , өркендету керек » , деп айтқан болатын қазақ газеттеріне берген сұхбатында . Сондықтан ата бабаларымыз армандаған Тәуелсіздігіміз ұзағынан болсын деп тілейік . Еліміз асықпай , нық қадаммен жүріп , жасай берсін !
- Қайырлы таң Асқар аға ! Сіз қазақтың сақалын сипап сазға отырған мына кейпіне ең алдымен жөн сілтей алар кабілеті жоқ енжар зиялы қауым кінәлі екеніне екіншіден , ез , енжар һәм жалқау қазақ халқының өзі кінәлі екеніне менімен келісесіз бе ? Келіспесеніз неге ? Неге қазақтар өркениет деп айтатын дүниетаным денгейінде өте төмен орналасқан ? - Жалқаулар қазақта бар . Жалқаулар қазақ еместерде де бар . Бұдан қазақ халқының өзі кінәлі деген қорытынды шықпайды . Қазақтар дүниетаным деңгейінде төмен орналасқан деген қате пікір . Қазақ демей - ақ коялық , өйткені , қазақ әзірше бар потенциалын ашып үлгермеген жас ұлт , қазақтың бабалары - көшпенділер делік , олар , мысалы , өркениетке мынадай үлес қосқан : 1 . Бұтқа шалбар киюді үйреткен . 2 . Үзеңгіні ойлап тапқан 3 . Көбейту таблицасын үйреткен - Сіз математика саласында әлемдік деңгейде қызмет етесіз . Математика саласын мықты меңгере отырып және де ең бастысы - қоғамның жай - күйін талдай білетін қабілетке ие бола отырып , не себептен мемлекетке экономика саласында тұщымды кеңес яки қонымды жоспар құрып бере алмайсыз ? - Математика мен экономика екеуі екі бөлек ғылым . Екеуінің ортақ бөліктері болуы мүмкін . Мен математиканың өте кішкентай бөлігін ғана білемін . Оның да экономикаға қатысы жоқ . - Сіз қызмет еткен , мен оқып бітірген Сүлеймен Демирел атындағы университетте сіз туралы « Жұмаділдаев - математиканын бір саласында әлемдік рейтингте 1 - ші орында тұр » деген аныз бар . Осы қаншалықты рас ? - Бұл өтірік . - Сіз Сүлеймен Демирел атындағы университеттің экономика факультетінде индивидуалды зерттеу , экономикалык зерттеу орталықтарына , мұғалімдердің сабақ беру сапасы төмен , ойдың , пікірдің алуан түрлілігіне ондағы көп адамдардың мақұрым екенін білесіз бе ? Математикпін деп ақтала алмайсыз , себебі сіз онда проректорсыз . - Білмеймін . - Экономикада қазіргі заманға сай білім береді деген СДУ , КИМЕП , КБТУ - университеттерінде шын мәнінде Батыстың экономикалық кұлы болуға ғана жетелейтін , мемлекетіміздің физикалық түрде емес , сонымен қатар сана ретінде құл болуға итермелейтғн экономика үйрететінін сіз білесіз бе ? Білсеңіз нендей ойларыңыз бар ? - Батыстық экономика дұрыс болмаса жетпіс жыл өмір сүрген Совет Одағы неге өзінен - өзі бір - ақ күнде құлап қалды ? Сырттан танк келген жоқ . Аспаннан бомба түскен жоқ . Себеп экономикасының дұрыс болмауынан болар . - Студенттерге жақсы сабақ оқығаны үшін өз қалтаңыздан ақша бергеніңізге өз басым куә , ең бай ғалым ( KZ ) екенініңізде белгілі . Менің экономикадан жазған бір кітабым бар , егер ол жаңа ой талабына сай болса , оның шығарылуына көмектесе аласыз ба ?
" Адам өлмес " дегенінің мағынасын өзі өлсе де , кейінгіге сөзі , айтқан ойы қалады деген пікірге саяды .
Ал , Сайын болса сіздің жазған хатыңызды тұмар салатын былғары қалтаға тігіп , жүрегінің тұсына іліп жүреді .
77 . Оқуға жарамсыз деп танылған әскери ( арнайы ) оқу орындарының курсанттарына ( офицер атақтары жоқ тыңдаушыларға ) , он сегіз және одан жоғары жастағы кадеттерге қатысты бір уақытта Талаптарға сәйкес олардың әскери қызметке жарамдылығы туралы мәселе шешіледі .
2006 жылдың 3 - ші тоқсанында 102 азамат резервке қойылды , солардың ішінде 24 азамат « СО » санатына , 43 азамат « CR » санатына , 6 азамат « ДО » санатына , 5 азамат « Е » санатына , 19 азамат « ER » санатына және « EG » тобына 5 азамат тіркелді . Мемлекеттік қызметкерлер аттестатция қорытындысы бойынша жоғарғы лауазымның кадрлық резервіне ұсынылғандар болған жоқ . Мемлекеттік тапсырыс негізінде мемлекеттік бағдарламалар бойынша қайта даярлау оқуын өткен бір азамат кадрлық резервке қабылданған .
2004 жылы полиграфилық өнім , темірден , ағаштан және металлопластикадан жасалатын бұйымдар , сусындар өндіретін , сүт өнімдері және т . б . бойынша 44 жаңа өндірісі енгізілді .
Әңгіме « Ғақлиат - тасдиқат » жайында болғандықтан , Құран мен хадистерге сілтемелер жасап отырамыз . Мұхаммед , оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын , хадисінде : « Менің ең жақсы ізбасарларым - менмен жүргендер , одан кейінгі ұрпақ ( ат - таби ' ун ) және одан кейінгі ұрпақ ( атба ' у ат - таби ' ин ) » деген .
3 ) балаларәа арналәан жјрдемақыны таәайындау мен тґлеу жґніндегі ујкiлеттi орган - республикалық маѕызы бар қаланыѕ , астананыѕ , ауданныѕ ( облыстық маѕызы бар қаланыѕ ) жергiлiктi атқарушы органы ;
Егер тек қорытындыларды ғана көрсеткіңіз келсе ( қысқаша , үстіңгі және төменгі дерек атауы жолақтарындағы мәліметті ) , Пішімдеу қойындысындағы ( немесе құрастырушы көрінісіндегі Құрастыру қойындысындағы ) Топтау және Қорытындылар тобын ашып , Егжей - тегжейлерді жасыру пәрменін таңдаңыз . Бұл амалды орындау арқылы , топтаудың келесі төменгі деңгейлеріндегі деректерді жасырып , шағын деректерден тұратын неғұрлым ықшам көрме қалыптастыруға мүмкіндік береді . Деректер жасырылып , жасырылған бөлімдердегі басқару элементтері жойылмайды . Егжей - тегжейлі жолақтарды қайта есепке қосу үшін Егжей - тегжейлерді жасыру түймешігін қайта басыңыз .
ХХІ ғасырда білімін дамыта алмаған елдің тығырыққа тірелері анық . Біздің болашақтың жоғары технологиялық және ғылыми қамтымды өндірістері үшін қадрлар қорын жасақтауымыз қажет . Осы заманғы білім беру жүйесінсіз әрі алысты барлап , кең ауқымда ойлай білетін осы заманғы басқарушыларсыз біз инновациялық экономика құра алмаймыз .
Индер ауданының Елтай , Құрманғазы ауданының Ақкөл және Махамбет селосының Өткел мөлтек ауданында орта және төменгі қысымды газ құбырларының құрылысы аяқталады .
Қазекем барлық мәселелерді шешіп тастап , кем - кетiктің орнын түп - түгел толтырып болғандай - ақ , ендi орамал тартқан қызд . . .
Алып оқи беріңіздер . Құжат * pdf форматында . Құрметпен , Ереуілү
Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері жөнiндегi агенттігі Шығыс Қазақстан облыстық тәртіптік кеңесiнiң құзырына өткен жылы барлығы 239 арыз - шағым келiп түскен . Мұның 38 пайызы жергiлiктi қалалар мен аудандарға тиесiлi болып шықты .
Қазақстан әскерінде Бүкіләскери сержанттар кеңесі құрылып , оның құрамына аймақтық әскери басқарманың әскери қай түрінен болмасын сержант деңгейіндегі әскерлер жатады , деп хабарлайды Қазақстан қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі .
Қазақ АКСР - і Кеңестердің ІІІ съезіне қатысып , Қазатком мүшелігіне сайланады . Содан алғашқы сесияда - ақ Ж . Сәдуақасов ҚОАК - тің жауапты хатшылығына бекітіледі . Екі жыл ішінде Қазақстанның тұңғыш заң жобаларын жасады .
Баспасөз қызметі жеке автокөлігі барлар тиісті рұқсат құжаттарынсыз Астананың вокзал маңы мен басқа да аудандарынан Қарағанды , Көкшетау мен республиканың оңтүстік аймақтарына жолаушылар тасымалдаумен айналысатынын атап көрсетеді . ККМ мәліметтері бойынша аталған маршруттарда қаңтар - маусымда 73 ЖКО орын алды .
Ежел ден еркіндік аңсаған ер қа зақ тың ең асыл мұраты еңселі ел болу еді . Елім деп еңіреген ақын да рымыз " Егемен болмай ел бол мас , етектен кесіп жең болмас " деп жырлайтын еді . Арғы замандарды айтпағанның өзінде , тек кейінгі екі ғасырдың ішінде халқымыздың өз бостандығы жолында екі жүзден астам ұлт - азаттық көтерілістерге шыққаны осының дәлелі . Мұнан 18 жыл бұрын қазақ жерінде атқан тәуелсіздік таңы Алтай мен Аты рау дың арасын алып жатқан мына дархан даланың төсін қанымен , терімен суарған ата - бабалары мыз дың қасиетті күресінің заңды жемісі , нақты нәтижесі дейміз .
Шоқан Уәлиханов 1861 жылы жазған « Орта Азия хандықтары : Хиуа , Бұхар мен Қоқан және олардың Ресеймен қарым - қатынастары » деген белгілі еңбегінде : « 1858 жылғы күзде Қоңыратта кек қайтаруға құлшынған Мұхаммед Фенаның басшылығымен бүлік бұрқ ете түсті . Оған Қоңырат төңірегінде көшіп - қонып жүрген қазақтар , оның ішінде белгілі бүлікші Есет Көтібаровтың туысқаны Әзберген би қосылды . Хиуалықтарға қарсы төтеп беруге шамасы жетпейтінін сезіп Мұхаммед Фена көмекке түрікмендерді шақырмақ еді . Алайда Әзберген кейін бұл адуын асау қарақшылардан құтыла алмай жүрерсің деп жан - тәнін салып бұған қарсы шықты . Әйткенмен , Мұхаммед Фена шамасы түрікмендермен , олардың ханы Атамұратпен астыртын анттасып , одақ құрып қойса керек » , - деп көрсеткен . Осы үзіндідегі Әзберген би - Әзберген Мұңайтпасұлы . Мұның айғағы ғалымның « бүлікші Есет Көтібаровтың туысқаны » деген сөзі . Ғалым бұл жерде патша үкіметінің ыңғайына қарап Есетті « бүлікші » деп отыр . Әзбергенге де тереңдеп бармайды , алайда Мұхаммед Фенаның жеңіске жетуіне оның айрықша ықпалы тигенін шебер жеткізеді .
Менинше адамдар немесе кулли адамзат жана жылды жана жылдын келуне орай емес керисинше Кыстын ызгарлы кундеринин биринде отбасымен бирге откизетин жануялык бир мереке деп билем . Когамда карама кайшы пикир тугызгысы келетин адамдар коптеп кездесетиндиктен бул мерекеге дини наным сенимди араластырып жиберип отыр . Айтпесе 2010 жылын дини наным сенимсиз де карсы алуга болады билумше . Мысалга Исламнын ен жаксы дамыган елдери деп билинетин Сауди Арабистанда , Буддизмнин ошагы Индияда да жана жыл кап кадимгидей жогаргы дарежеде тойланады . Олар дини сенимге катысты деп емес жана бир жылдын келгени деп атап отеди . Казактарда сонау кошпенди кезеннен бастап - ак жана жыл мерекеси болган деген накты деректер бар . Сонда биздин бабаларымыз жана жыл тойлатты деп санасыз бола ма алде биз тойламадык деп санасыз боламыз ба ? Жане тагы бир жайт Кейбир жерлерде Исламнын жана жылы наурыз дегендер де бар . Дал сол адамдарга атакты Сатыбалды Бауырдын нагынан биреу устатар едим . Наурызда ежелги турктерден калган бир мереке , бирак атам казак оны жаксыга жорып наурыздын тойлану максатын озгерту аркылы бизге жаксы касиеттери келди . Айтпесе али де болса Наурыз куни Оттан секирип алау шашып тойлататын кауымдар баршылык . Ар мерекеден кина издегенше ар мерекени жана бир достастык татулык деп билген жон сиякты .
Аз қамтылған азаматтарға тұрғын үйді ұстауға , коммуналдық қызмет көрсету үшін тұрғын үй жәрдемақыларын беру және қалалық телекоммуникация желілерінің абоненттеріне телефон үшін абоненттік ақы тарифтерінің арттырылуына өтемақы беру Қағидалары
10 ) Төлем карточкалары арқылы « Қазақстан тұрғын үй құрылыс жинақ банкі » АҚ - на депозиттерді толықтыру және қарыздарды өтеу
[ 16 ] Хауәридждерді кәпір деп санаған атақты имамдардың арасында имам әл - Бухәри , Әбу Бәкр ибн әл - ' Әраби , әс - Субки және әл - Қуртуби болған . Қараңыз : « Фәтх әл - Бәри » 12 / 300 . Олар хауәридждерді , олар Аллаһ және Оның Елшісі ( оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын ) харам еткен нәрсені халәл еткені үшін және олар діннен шығып кетеді деген хадистерге сүйеніп , кәпірлер деді .
Ответ . Мы постараемся опубликовать Ваши материалы вне очереди .
- Жасыратыны жоқ , Саят Ыбырайды туған інімдей көремін . Неге ? Ұлт , қоғам , мемлекет туралы ойымыз ылғи бір жерден шығады . Тарих тақырыбына көшсең , төрт аяғынан тең көсіліп жорғалайды . Қоғам туралы әңгімелесіп кетсең , ағып тұрған шешен , ұлттың болашағы , жастар жайлы айтсақ , оның жүрегі елжіреп тұрады . Елін , жерін сүйеді , адам баласына жаны ашиды , бәріне ет жүрегі елжірейді . Қайран ұлтым , қайран жұртым деп қуанады , қайғырады . Саятқа деген құрметім , сыйластығым ерекше . Ол жігітті ешбір жаманшылыққа қимаймын . Басқа басқа , ал ұлтқа , мемлекетке қарсы Саят бірнәрсе істеді , істейді дегенге еш сенбеймін .
« Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі » АҚ 2011 жылғы 16 мамырдан бастап 15 шілдені қоса алғанда Банк салымшыларынан Қазақстан Республикасындағы тұрғын үй құрылысының 2011 - 2014 жылдарға арналған бағдарламасы аясында салу жоспарланатын үйлерден « таза әрлеумен » пәтерлер сатып алуға өтініштер қабылданатыны туралы хабарлайды .
Басты партияларда ҚР халық әртісі Нұржамал Үсенбаева , ҚР Еңбек сіңірігін қайраткерлері Жәмилә Баспақова , Шахимардан Әбілов , Болат Бөкенов , Бейімбет Қожабаевтар , халықаралық конкурстардың лауреаттары Дина Хамзина , Дина Дютмагамбетова , Халид Нұралиев , Жанель Түкеева , Нұрлан Қонақбаев , Әмір Жексенбек , Гүлвира Құрбанова , Фархад Бөриев және т . б .
Бұл қаражат шикізаттық емес секторға жұмсалып , индустриялық бағдарламаның , инфрақұрылым мен бірлескен кәсіпорындардың ондаған нысандарын іске қосуды қамтамасыз етеді .
Қазiргi кезде қабылданатын заңнамалық шараларды реттеу және басқа да елдердiң , халықаралық ұйымдардың оң тәжiрибелерiн және жалпыға танылған халықаралық стандарттарды , сондай - ақ қабылданған халықаралық мiндеттемелер мен ұлттық мүдделердi ескере отырып , ұлттық заңнаманы жетiлдiрудiң перспективалық бағыттарын айқындау мақсатында Үкiмет мемлекет Басшысының қарауына енгiзудi жоспарлап отырған Құқықтық саясат тұжырымдамасының жобасын әзiрледi . Мiндеттi тиiмдi құқықтық қорғау құралдарын беруге жауапты ұлттық билiк , бiрiншi кезекте сот болып табылады . Әкiмшiлiк органға жүгiну де тиiмдi болатындай жағдайда жеткiлiктi болуы мүмкiн . Жоғарыда " Жалпы ережелер " тарауында көрсетiлген органдардың құзыретi , соның iшiнде адам құқықтарын сақтауға және қорғауға байланысты азаматтар мен заңды тұлғалардың өтiнiштерiн қарау тәртiбi мен мерзiмдерi бөлiгiнде Қазақстан Республикасының заңдарымен қатаң реттеледi . 2007 жылғы қаңтарда жеке және заңды тұлғалардың құқықтарын , бостандықтары мен заңды мүдделерiн iске асыру және қорғау мақсатында мемлекеттiк органдарға өтiнiштерiн беру мен қарау тәртiбiн реттейтiн " Жеке және заңды тұлғалардың өтiнiштерiн қарау тәртiбi туралы " Қазақстан Республикасының Заңы қабылданды . Заңда азаматтарды шағымдарымен , сауалдарымен , өтiнiштерiмен қарау тәртiбi де , осы хабарламаларға ден қою тәртiбi де барынша нақты жазылған . Соттан , мемлекеттiк органдардан басқа адам құқықтары жөнiндегi мамандандырылған мекемелер жұмыс iстейдi . Атап айтқанда , ҚР Президентiнiң жанындағы Адам құқықтары жөнiндегi комиссия және Адам құқықтары жөнiндегi уәкiл . Уәкiл мекемесi 2002 жылдан бастап жұмыс iстейдi . Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2002 жылғы 19 қыркүйектегi Жарлығымен бекiтiлген Адам құқықтары жөнiндегi уәкiл туралы ереженiң 17 - тармағына сәйкес өз қызметiн жүзеге асыру барысында Уәкiл Қазақстан Республикасы азаматтарының , сондай - ақ шетел азаматтарының , азаматтығы жоқ адамдардың , олардың Қазақстан Республикасының Конституциясымен , заң актiлерiмен және халықаралық шарттарымен кепiлдiк берiлген құқықтары мен бостандықтарын бұзатын лауазымды тұлғалардың және ұйымдардың iс - әрекеттерi мен шешiмдерiне жасаған арыздарын қарайды . Уәкiл келiп түскен өтiнiштер негiзiнде де , және егер оған ресми көздерден немесе бұқаралық ақпарат құралдарынан аталған жолсыздықтар туралы мәлiм болған жағдайда , сондай - ақ өз бастамасы бойынша да адамның және азаматтың құқықтары мен бостандықтарын бұзу фактiлерi туралы мәлiметтердi тексередi . Өтiнiштерде көрсетiлген фактiлердi тексеру кезiнде Уәкiлдiң заңнамада белгiленген тәртiппен : 1 ) лауазымды тұлғалар мен ұйымдардан шағымдарды қарау үшiн қажеттi мәлiметтер сұратуға ; 2 ) мемлекеттiк органдардың , өзге де ұйымдар басшыларының және басқа да лауазымды тұлғалардың кiдiрiссiз қабылдауында болуға ; 3 ) Қазақстан Республикасы азаматтарының , шетел азаматтарының және азаматтығы жоқ адамдардың шағымдарын қарау нәтижелерi бойынша , сондай - ақ олардың құқықтары мен бостандықтарының бұзылуы туралы ақпаратты өзге жолмен алған кезде осы мәселелер бойынша парламенттiк тыңдаулар өткiзу ұсынысымен Парламент палаталарына жүгiнуге ; 4 ) адамның және азаматтың құқықтарының бұзылуымен байланысты анықтауға жататын мән - жайлар бойынша қорытынды дайындау үшiн сарапшылық және консультативтiк жұмыстарды орындауға шарт негiзiнде ұйымдар мен мамандарды тартуға ; 5 ) адамның және азаматтың бұзылған құқықтары мен бостандықтарын қорғау жөнiнде шаралар қолдануға ; 6 ) қызметтiк куәлiгiн көрсетiп мемлекеттiк органдар мен ұйымдардың , соның iшiнде әскери бөлiмдер мен құрамалардың аумағына және үй - жайларына кiруге және ол арада болуға , сондай - ақ бас бостандығынан айыру орындарына баруға , оларда ұсталатын адамдармен кездесiп , әңгiмелесуге ; 7 ) адамның және азаматтың құқықтары мен бостандықтарын бұзған лауазымды тұлғаға қатысты тәртiптiк немесе әкiмшiлiк iс жүргiзудi не қылмыстық iс қозғау туралы қолдаухатпен уәкiлеттi мемлекеттiк органдарға немесе лауазымды адамдарға жүгiнуге ; 8 ) жүргiзiлген тексерулер нәтижелерi бойынша бұқаралық ақпарат құралдарында ресми хабарламалар жариялауға құқығы бар . Мекеменiң қызмет уақыты кезiнде 8758 жазбаша және ауызша өтiнiштер түскен . 1993 жылғы Париж қағидаттарына ( БҰҰ қағидаттары ) сәйкес адам құқықтары жөнiндегi ұлттық мекемеге оның құрамы мен оның жүргiзу шеңберiн айқындайтын конституциялық немесе заңнамалық актiде нақты жазатын барынша кең өкiлеттiктер берiлген . Уәкiлдiң мәртебесiн заңнамалық тұрғыда бекiту туралы мәселенi жақын арадағы екi жылда қарастыру жоспарланып отыр . Егер Республикадағы құқықтық қорғау құралдарының қол жетiмдiлiгiн бағаласақ , онда Қазақстан азаматтары Конституция мен өзге де нормативтiк құқықтық актiлерге сәйкес ұлттық мемлекеттiк органдар мен , мамандандырылған мекемелерден , сондай - ақ халықаралық мекемелер мен органдардан бастап , субъектiнiң кең ауқымына өз құқықтары мен бостандықтарын қорғау үшiн жүгiнуге құқылы . БҰҰ Бас Ассамблеясының 62 - сессиясында мемлекет Басшысы Азаматтық және саяси құқықтар туралы халықаралық пактiге Факультативтiк хаттамаға , Азаптауларға және басқа да қатыгез , адамгершiлiкке жатпайтын және ар - намысты қорлайтын iс - әрекеттер мен жазалау түрлерiне қарсы конвенцияға Факультативтiк хаттамаға қол қойды . Қазiргi кезде көрсетiлген Хаттамалар ратификацияланды және ұлттық заңдардың алдында басымдыққа ие . Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2007 жылғы 19 желтоқсандағы Жарлығымен 1984 жылғы 10 желтоқсандағы Азаптауларға және басқа да қатыгез , адамгершiлiкке жатпайтын және ар - намысты қорлайтын iс - әрекеттер мен жазалау түрлерiне қарсы конвенцияның 21 - 22 - баптарында көзделген Азаптауларға қарсы комитеттiң құзыретiн тану туралы Қазақстан Республикасының Мәлiмдемесi мақұлданды . 1997 жылғы 13 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Қылмыстық iс жүргiзу кодексiнiң ( өзгерiстермен және толықтырулармен ) 1 - бабына сәйкес Қазақстан Республикасы аумағына қылмыстық сот iсiн жүргiзу тәртiбi Қазақстан Республикасының Конституциясымен , конституциялық заңдарымен , халықаралық құқықтың жалпы жұрт таныған принциптерi мен нормаларымен айқындалады . Қазақстан Республикасының халықаралық шарттық және өзге де мiндеттемелерi , сондай - ақ Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесi мен Жоғарғы Сотының қылмыстық сот iсiн жүргiзу тәртiбiн реттейтiн нормативтiк қаулылары қылмыстық iс жүргiзу құқығының құрамдас бөлiгi болып табылады . 1994 жылғы 27 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексiнiң 3 - бабы 8 - тармағында егер Қазақстан Республикасы қатысушысы болып табылатын халықаралық шартта Қазақстан Республикасының азаматтық заңдарындағыдан өзгеше ережелер белгiленген болса , аталған шарттың ережелерi қолданылатындығы көзделген . Халықаралық шарттан туындағандай , оны қолдану үшiн республика iшiнде акт шығару талап етiлген жағдайлардан басқа Қазақстан Республикасы қатысушысы болып табылатын халықаралық шарттар азаматтық қатынастарға тiкелей қолданылады . 1999 жылғы 13 шiлдедегi Қазақстан Республикасы Азаматтық iс жүргiзу кодексiнiң ( өзгерiстермен және толықтырулармен ) 2 - тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының аумағында азаматтық iстер бойынша сот iсiн жүргiзу тәртiбi конституциялық заңдармен , Қазақстан Республикасының Конституциясына және халықаралық құқықтың жалпы жұрт таныған принциптерi мен нормаларына негiзделген Қазақстан Республикасының Азаматтық iс жүргiзу кодексiмен айқындалады . Қазақстан Республикасының халықаралық шарттық және өзге де мiндеттемелерi азаматтық iс жүргiзу құқығының құрамдас бөлiгi болып табылады . Сондай - ақ 2001 жылғы 30 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы кодексiнiң 2 - бабында Қазақстан Республикасының әкiмшiлiк - деликттiк құқықтық қатынастарды реттейтiн халықаралық шарттық және өзге де мiндеттемелерi әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы заңдардың құрамдас бөлiгi болып табылатындығы көзделген . Халықаралық шарттардың және республиканың өзге де мiндеттемелерiнiң нормасы Қазақстан Республикасының қолданыстағы құқығы болып табылады . Республика бекiткен халықаралық шарттар оның заңдарының алдында басымдыққа ие болады және халықаралық шартты қолдану үшiн заң шығару қажет болатын реттердi қоспағанда , тiкелей қолданылады . " Қазақстан Республикасының сот жүйесi мен судьяларының мәртебесi туралы " Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес Қазақстан Республикасында сот билiгi тұрақты судьялар , сондай - ақ заңда көзделген жағдайларда және тәртiппен қылмыстық сот iсiн жүргiзуге тартылған алқа билер арқылы соттарға ғана тиесiлi . Қазақстан Республикасында сот төрелiгiн тек сот қана жүзеге асырады . Соттың ерекше өкiлеттiгiн басқа органдарға берудi көздейтiн заң актiлерiн шығаруға тыйым салады . Ешқандай өзге органдар мен тұлғалардың судья өкiлеттiгiн немесе сот билiгi функцияларын иеленуге құқығы жоқ . Сот iсiн қарау тәртiбiмен қаралуға тиiс өтiнiштердi , арыздар мен шағымдарды басқа ешқандай органның , лауазымды немесе өзге де адамдардың қарауына немесе бақылауға алуына болмайды . Әркiмге мемлекеттiк органдардың , ұйымдардың , лауазымды және өзге де адамдардың Республиканың Конституциясында және заңдарында көзделген құқықтарға , бостандықтар мен заңды мүдделерге нұқсан келтiретiн немесе оларды шектейтiн кез келген заңсыз шешiмдерi мен iс - қимылдарынан сот арқылы қорғалуға кепiлдiк берiледi . Ешкiмдi де оның iсiн заңның барлық талаптары мен әдiлеттiлiктi сақтай отырып құзыреттi , тәуелсiз және алаламайтын соттың қарау құқығынан айыруға болмайды . Сот билiгi азаматтық , қылмыстық және заңда белгiленген өзге де сот iсiн жүргiзу нысандары арқылы жүзеге асырылады . Адамның және азаматтың конституциялық әрi өзге де құқықтары мен бостандықтарын бұзғаны үшiн ұлттық заңнамада Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексiнiң ( ҚК 3 - тарау ) бiрқатар баптарында қылмыстық жауапкершiлiк көзделген : 141 - бап . " Азаматтардың тең құқықтылығын бұзу " , 142 - бап . " Жеке өмiрге қол сұғылмаушылықты бұзу " , 143 - бап . " Хат жазысу , телефонмен сөйлесу , почта , телеграф хабарларының немесе өзге хабарлар құпиясын заңсыз бұзу " , 144 - бап . " Дәрiгерлiк құпияны жария ету " , 145 - бап . " Тұрғын үйге қол сұғылмаушылықты бұзу " , 146 - бап . " Сайлау құқығын жүзеге асыруға немесе сайлау комиссияларының жұмысына кедергi жасау " , 147 - бап . " Сайлау құжаттарын , референдум құжаттарын бұрмалау немесе дауыстарды қате есептеу " , 148 - бап . " Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасын бұзу " , 149 - бап . " Ар - ождан және дiни наным бостандығы құқығын жүзеге асыруға кедергi жасау " , 150 - бап . " Қоғамдық бiрлестiктердiң қызметiне кедергi жасау " , 151 - бап . " Жиналыс , митинг , бой көрсету , шеру өткiзуге , пикет жасауға немесе оларға қатысуға кедергi жасау " , 152 - бап . " Еңбектi қорғау ережелерiн бұзу " , 153 - бап . " Ереуiлге қатысуға немесе ереуiлге қатысудан бас тартуға мәжбүрлеу " , 155 - бап . " Журналистiң заңды кәсiптiк қызметiне кедергi келтiру " . 27 . 12 . 1994 жылғы Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексiнде ( өзгерiстермен және толықтырулармен ) азаматтардың жеке мүлiктiк емес және мүлiктiк қатынастарын қорғау реттеледi . Осы Кодекстiң 144 , 145 , 146 - баптарында жеке бастың құпиясын сақтау құқығы , өз бейнесiне құқық , тұрғын үйге қол сұғылмау құқығы көзделген . Азаматтық құқықтарды қорғау құқықтарды тану ; құқық бұзылғанға дейiнгi болған жағдайды қалпына келтiру ; құқықты бұзатын немесе оның бұзылу қаупiн туғызатын әрекеттерге тыйым салу ; мiндеттi заттай орындатуға ұйғарым шығару ; залалдарды , төленетiн айыпты өндiртiп алу ; мәмiленi жарамсыз деп тану ; моральдық зиянның өтемiн төлету ; құқық қатынастарын тоқтату немесе өзгерту ; мемлекеттiк басқару органының немесе жергiлiктi өкiлдi не атқарушы органның заңдарға сәйкес келмейтiн құжатын жарамсыз немесе орындауға жатпайды деп тану ; азаматтың немесе заңды тұлғаның құқыққа ие болуына немесе оны жүзеге асыруына кедергi жасағаны үшiн мемлекеттiк органнан немесе лауазымды адамнан айыппұл өндiртiп алу арқылы , сондай - ақ заңнамалық актiлерде көзделген өзге де әдiстермен жүзеге асырылады . 2001 жылғы 30 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Әкiмшiлiк құқық бұзушылықтар туралы кодексiнде ( өзгерiстермен және толықтырулармен ) адамның денсаулығын , санитариялық - эпидемиологиялық салауаттылығын , қоршаған ортаны , қоғамдық имандылықты , меншiктi , қоғамдық тәртiп пен қауiпсiздiктi , әкiмшiлiк құқық бұзушылықты бұзғаны үшiн әкiмшiлiк жауапкершiлiк көзделген , атап айтқанда , 89 - бап - Жұмыс берушiнiң немесе лауазымды адамның еңбектi қорғау заңнаманы не еңбектi қорғау ережелерiн бұзғаны үшiн , 221 - бап - Жұмыстарды қауiпсiз жүргiзу жөнiндегi ережелердi бұзу , 241 - бап - Экологиялық ластану зардаптарын жою жөнiнде шаралар жүргiзуден жалтару , 323 - бап - санитариялық - гигиеналық және санитариялық - эпидемияға қарсы ережелердi бұзғаны үшiн әкiмшiлiк жауапкершiлiк көзделген .
Біз алғаш рет « Мемлекеттік бақылау мен қадағалау туралы » Заң қабыл дадық .
5 ) темір жол жылжымалы құрамына арналған техникалық паспорт .
Айналамызда жасы жетсе де , тұрмысқа шықпаған қыздарды көріп ойланасың . Заман жақсы , материалдық жағдай ойдағыдай десек те , отбасы құру кейбіреулерге ұнай бермейтін сыңайлы . Қазақ қандай қиыншылықта жүрсе де , баласын үйлендіруге асыққан . Жастық кезде қызметке деген белсенділігін бірінші орынға қойып , 30 жастан асқаннан кейін барып отбасы жайын ойлайтындар қазір көбейіп тұр . Тұр мысқа шықпай жүрген кей қыздардың өмір туралы айтқан әңгімесіне зер салар болсақ , бақыт - тек қана байлық , атақпен ғана өлшенетіндей . & # 1052 & # 1072 & # 1179 & # 1072 & # 1083 & # 1072 & # 1090 & # 1086 & # 1083 & # 1099 & # 1171 & # 1099 & # 1084 & # 1077 & # 1085 …
- Ол мақала мен әскерде жүргенде шық ты . Кей - кейде Алма тыға соғып кетуге рұқ сат ететін . Сондай күн дердің бірінде үйге келсем , келіні жұмыста , екі баламен үйде отыр ған анам етегіне сү рі ніп , алдымнан шық ты . Сағынышымды басып , енді сабыр таба бергенімде : « Ойбай , ұмытып ба ра ды екем ғой » , деп анам төргі бөлмеге жүгіріп кетті . Қайтып келіп : « Мана үйге Мұқағали келіп кетті . Сен сөйлессе , телефонымды айтыңдар , ха бар лассын » , деп , бір жапырақ қағаз беріп кетті , деді .
23 мамырда Алматыда « Эйр Астана » АҚ жаңа ұшақтары мен жаңа бағыттарының тұсаукесері өткізіледі .
Егер сіздің алған угги етігіңіз сапасыз , арзан болса , зиянды екендігіне күмәніңіз болмасын . Арзанның сорпасы татымайды . Таза қой терісінен тігілетін етіктердің бағасы базардағы Қытай етіктеріне қойылған бағалармен шамалас болмайды . Арзанқол етіктер синтетикалық материалдардан тігіледі .
Африканың Гвинея елінен шыққан Нафиссатоу Диалло Newsweek журналына берген сұқбатында , Нью - Йорктегі қонақ үйде Доминик Стросс Канның өзіне қарсы жасаған әрекеті үшін түрмеге жабылғанын қалайтынын айтты . 32 жастағы Диалло өзінің бұл мәселені қоғам алдында талқылауына мәжбүр еткен көпшіліктің оның айтқандары шындыққа келмейді деген мәселені көтеруі болды . Стросс Канның адвокаттары Диаллоның сұқбатын теріске шығарып , ол қоғамдық пікірді қоздырмақшы деді . Бұл сұқбаттар Стросс Канның әйел зорламақ болды деген айып бойынша өтетін сот тыңдаулары қарсаңында болып отыр .
Сәбит Мұқановтың зайыбы Мәриям апамыз « Сағынышым Сәбитім » деген Сәбең туралы естелік кітабында : « Ерте кезде Мәшһүр Жүсіптен хат келді деп әбігер болғанын білем . Мен ол кезде тым жаспын , ол кісінің кім екенін қайдан білейін . Мәшекеңнің тапсырмасын орындау керек деп жан - жаққа сұрау салып жүргенін ұмытпаппын » . Бұл хат 1931 жылы жазылған хат екен . Яғни қайтыс болар жылы . Сол хатта Мәшһүр Жүсіп :
Семейдегі Абай атындағы кітапханада « Әлемге танылған тұлға » атты кітап көрмесі ашылды . Бұл шара кемеңгер ақынның 165 жылдығына арналып отыр . Көрмеге кітапхананың сирек қорынан алынған , заманында Абай Құнанбайұлы оқыған кітаптар қойылыпты .
Ардагерлермен , мәслихат депу тат тарымен , ауыл - қала активімен , тұрғындармен кездескенімізде бай қағанымыз - елдің көңілі көте рің кі , Президентке , оның жүргізіп отырған саясатына дән риза . Олар ондаған жылдар қордаланып келген мәселелердің қиын дағдарыс ке зінде шешімін тапқаны , жұмыс сыз дарға жұмыс беріліп , әлеуметтік кө мектің артып жатқаны Президенті міз дің сара саясаты мен көреген ді гінің арқасында екенін айтады .
… Дөң тау - кен байыту комбинаты « Қазхром » ТҰК » акционерлік қоғамының хром рудасын өндіретін ірі бөлімшелерінің бірі болып табылады . Ол сондай - ақ алпауыттар қатарындағы ENRC холдингінің құрамдас бөлігі де болып саналады . Дерек үшін айтыла кететін бір дерек , өткен жылы комбинаттың екі шахтасында төрт жарым миллион тонна руда өндірілген . Осынша өнім өндіріп отырған жұмысшылардың жалақысы туралы жоғарыда айтылды .
Жақында Екібастұз қаласы әкімдігі жанында құрылған арнайы комиссия аталмыш түзеу мекемесіне барып , жазасын өтеушілердің ахуалымен жақынырақ танысты .
2010 жылғы 7 сәуірде конкурс өткізілді , ауылшаруашы - лығы айналымына 9405 га жыртуға жарамды және жайы - лымдық жерлер тартылды .
2 . Экономиканы әртараптандыруға , ШОБ - тың нақты секторын дамытуға бағытталған салалық бағдарламалар . Бұл бағыт шеңберінде қор « Даму - өндіріс » , « Даму - Қолдау » , әйелдер кәсіпкерлігін микроқаржыландыру және Жаңаөзен қ . ШОБ қаржыландыру бағдарламаларын жүзеге асырған . Аталған бағдарламалар бойынша 29 млрд теңгеден асатын 300 жоба қаржыландырылыпты . Жаңадан құрылған және сақтап қалынған жұмыс орындарының саны 5 мыңнан асады .
Егерде , заңды тұлға ( инвестор ) инвестициялық преференцияларды алуға мүдделі болса , Комитетке жоғарыда аталған құжаттармен қоса инвестициялық преференцияларды беруге арналған өтінімді беру қажет . Өтінімнің және инвестициялық жобаның бизнес - жоспарын жасау жөніндегі ңұсқаулықтын нысандары Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің Инвестиция комитеті төрағасының 2003 жылғы 8 наурыздағы № 18 - б бұйрығымен бекітілген .
- Телебағдарламалар дың 99 пайызы өз теле өнім деріңіз . Бұл тұсауы жаңа кесілген телеарна үшін өте үлкен көрсеткіш екен !
" Қазтелерадио " АҚ биыл қазақстандықтар үшін маңызды жобаны жүзеге асырды . Енді жаппай ауыл - ел барлық аймақтағы телеарналарды бір мезгілде көре алады . Қызылқоға өңірі екі облыспен , атап айтқанда Ақтөбе және Батыс Қазақстан облыстарымен шектеседі . Ағайындас - бауырлас , құда - құдандалы ел - жұрт сол жердің жаңалықтарын көргісі келер . Сондай - ақ , арысы Жетісу , берісі Қызылорда аймақтарының да телеарналарын басқа жаққа шықпай - ақ , үйден көруге мүмкіндік бар . Осы тұрғыда " Қазтелерадио " АҚ Атырау облыстық телерадиохабарлар тарату дирекциясының директоры Досжан Хайруллинмен сұхбаттасудың сәті түскен еді .
Download XML • Download text