kaz-39
kaz-39
View options
Tags:
Javascript seems to be turned off, or there was a communication error. Turn on Javascript for more display options.
Оқу үдерісінде , ғылыми - зерттеу және басқару қызметінде жаңа ақпараттық - коммуникациялық технологияларды қолдану , әлемдік білім кеңістігіне толығымен еніп , халықаралық деңгейге көтерілуде білім беру үдерісіне ақпараттық - коммуникациялық технологиялардың жетістіктерін енгізу қоғамды дамытудың жоғары тиімді технологияларына сүйенген жаңа білім стратегиясына көшу болып табылады . Ақпараттық - коммуникациялық технологияларды оқу үдерісінде пайдалану - ғасыр талаптарына сәйкес тәрбие беруде тұлғаның танымдық ойлау қабілетін дамытып , шығармашылыққа ұмтылдырады . Оқу үдерісінде ақпараттық - коммуникациялық технологияны кең көлемде енгізу педагогикалық еңбектің тиімділігін жоғарылатып , әдіснамалық тәсілдерді қолданудың артуына алып келеді . Сондықтан тіл үйренушінің танымдық іс - әрекеттерін күшейтіп , өздік жұмыстарды сапалы және жылдам орындау мүмкіндіктерін арттыру мақсатында дыбыстық , графикалық , видео , мультимедиа элементтерімен оқытудың мүмкіндігі жоғары .
VII Халықаралық Жәутіков олимпиадасы өз мәресіне жетті 127
Мекеме Германияның белгілі « Краусс Мафай » компаниясының тәсілін қолданады . Өндіріс цехы үш тарапты жаңа технологиялық жабдықтармен қамтамасыз етілген .
Санжар аға тіл қатпады . Іздеп жүріп ол жазған кітапты әрең таптым .
1917 жылы тамыз айындағы бүкілқазақ құрылтайында « Алаш » партиясы мен « Алашорда » Халықтық кеңесі құрылды . Алаш - қазақ ұғымының баламасы . Сол кездегі ресми іс - қағаздарда қазақтар - « киргиз » деп жазылып жүргендіктен де , Қырғыз автономиясы - деген атаудан бойларын аулақ салып , ХIII - XV ғасырлар арасында атой атқа айналған : « Ұраным - алаш , керегеміз - ағаш ! » , - дегендегі « Алаш » ұранын мемлекеттің аты ретінде таңдап алды . Алаш идеясы мен « Алашорда » халық кеңесі қазақ тарихынан мәңгілік орын алатын көшпелі қоғамдағы тосын құбылыс боп қалды .
« Сонымен , қызметтік тексеріс қорытындысы бойынша ХҚО қызметін тұрақты бақылап отырмағаны үшін Комитет төрағасының бұйрығымен Алматы облысы ХҚО директорының орынбасарлары Р . Баетова мен С . Иманғалиевке сөгіс жарияланды . Дәл осындай жазаға Іле және Қарасай ауданы ХҚО басшылығы тартылды » , - делінген хабарламада . « Сондай - ақ Алматы қаласы Түркісіб ауданы ХҚО операциялық залының бастығы Б . Иманбаев сөгіс алды , осы Орталықтың инспекторы Р . Үсенбаевпен шарт бұзылды » , - деп толықтырылады хабарламада . Естеріңізге сала кетейік , аталған фактілер Алматы облысына қарасты Талғар , Іле , Қарасай , Еңбекшіқазақ аудандарының ХҚО мен Алматы қаласындағы Түркісіб аудандық ХҚО - дағы мемлекеттік қызмет көрсету Регламенттері мен Стандарттарын бұзуға қатысты болған еді .
Учаскелерді тазалағанда және түбірлерді қопарғанда топырақтың жоғарғы құнарлы қаба тының мұқият сақталуы қамтамасыз етіледі .
Жобаларды қаржыландыру қарыз алушылардың « Даму » Қоры атына банк тарапынан берілген Кепілдік міндеттемені тапсыру ретіне қарай және әр жоба бойынша белгіленген қол жетімділік мерзімі шеңберінде жүзеге асырылуда .
ақтамадың , Абылай ! Екеуі тағы біраз уақыт үндемей қалды . Күн батуға айналғанда , Абылай атының басын тартып , қолдың қонатын жерін көрсетті . Бұл бір құрақты қара судың жағасы еді . Жігіттерінің хан шатырын қалай тігіп жатқанын Абылай бір мезет қарап тұрды да тағы Бұқар жыраудың қасына келді . - Сен айтқан пәлсапаларды емес , басқа жәйттерді ойлаудамын , - деді ол бір түрлі қажыған кейіппен , - қиянат пен әділеттік , зұлымдық пен жақсылық . Бұның бәрі мен бастаған іс емес . . . Ойға қалдырған басқа дүние . Хандығың берік емес дедің - бұл сөзің шындық . Бірақ менің хандығымның осалдығы қанмен желімделгенінен емес . . . - Сонда неде ? - Орыстың Омбы тәрізді қалаларында талай рет болғанымды өзің де білесің . Сол қалаларға келісімен күзетшілерімнен бөлініп , көшелерін жеке аралайтынмын . . . Жан - жағыма қарап , көргенімді ойға сап ұзақ жүретінмін . Орыс қалалары біздің шығыс елінің көшелері қыңыр - қисық Бұхар , Хиуа , Самарқант секілді емес . . . Көшелері түп - түзу , кең , бірі мен бірінің арасы мөлшерленіп бөлінген . - Онда не тұр ? - деді Бұқар жырау . - Самарқанттың көшелері тар , қисық болғанменен Ақсақ Темір зиратының , Биби ханум мешітінің қайда екенін тауып баруға болады ғой . . . - Жоқ , мәселе онда емес , басқада . Шыңғысхан әскері несімен күшті боп еді , есіңде бар ма ? . . Өзінің тәртібімен , іріктеліп құрылған санымен күшті емес пе еді . Әр түменде он мың жауынгер болған . Әр жауынгер өзінің орнын білген . Бүкіл әскер сол қалпымен жүріп отырған . Әр сыпай жанындағы көршісі жа - йында жауапты еді . Осылай темір тордай боп қатып қалған қалың қол Шың - ғысхан тірі кезінде шебін бұзбай шабуыл жасап , бүкіл әлемнің тең жартысын жаулап алған . Ал ұлы хан өлісімен алдымен түмендер тәртібі бұзылды , біріне - бірі кесірін тигізе бастады . . . - Иә , сосын ? - Шыңғысханның тәртіпті , мызғымас түмендерінен қорыққан басқа халықтар енді өздерінің өмірін сол Шыңғысханның түмендеріндей қатал тәртіппен құра бастады . Тіпті көшелерінің арасына дейін өлшеп қойғандай . Міне , бұл елдердің күштілігі қайда жатыр ! Болашақтары да осында ! Барлығы белгіленген , мөлшерленген ! Егін еккен , қала салған . Қаласынан да , егінінен де ешкім қашып кете алмайды . Төрт тағандап жерге жабысып қалған . Жердің үстін былай қо - йып , астына да кіріп барады . Өскеменде көрдім , үстіндегі топырағын аршып , астынан темір мен қорғасын алып жатыр . Сол темірден зеңбірек пен соқа құяды . Ал біз болсақ малымыздың соңынан құла түзде қаңғып жүрміз . Даламыз үлкен деп мақтанамыз . Бірақ ол да қаншаға барады дейсіз . Көршілеріміз бізді жан - жағымыздан қысып келе жатыр . Егер егін егіп , қала салып , кен қорытып үйренбесек , түбі құрып кетуіміз де ғажап емес . - Ертегіге айналған сонау көне заманда қазақ жерінде де қала салынып , егін егілген , - деді Бұқар жырау . - Сосын сенің бабаң Шыңғысхан келді , көш соңынан шұбатылған шаңдай біз де соңынан ердік . Сол күннен бастап дүние әлем - тапырық боп , шатысып , кетті ғой . . . - Ұлы бабам қиратқан қалаларды , мүмкін , маған қайтадан тұрғызу керек болар ? - Орыс қалаларынан неге көзіңді алмайтыныңды енді түсіндім ! - деді Бұқар жырау . Оның көзқарасында әрі таңырқағандық , әрі қобалжығандық бар еді . . . . Үлкен Орда ханы Абылай , осы кезде Омбы генерал - губернаторы бұнымен келіспей хан ауылының жазғы жайылымдарының бірі Зеренді көлі мен Сандықтау маңында жаңа бекіністер салып жатқанын естіді . Және дәл осы кезде « Россия » империясының іші бұлқан - талқан боп бүлінуде екен ! » - деген хабар жеткен . « Өлді деген орыс патшасы Үшінші Петр тірі боп шығыпты . Ол қазір Жайық қазақ - орыстарын бастап Петербургке қарсы шығыпты . Петербургті алып , қайтадан таққа отырмақ екен . Оған башқұрт , мордва секілді бұратана ұлттар да қосылыпты » . Ақ патша басына күн туғалы тұрған осы аласапыран мезгілді хан пайда - ланғысы келді . Жаңа ғана ауыл - ауылдарына қайтарылған қазақ жігіттері қайтадан жиналсын деп , жан - жаққа ат шаптырды . Қол жиналысымен Көкшетау , Қызылжар қалаларына аттанбақ болды . Бұл хабарды естіген Орынбор гене - рал - губернаторы да өз әскерін қазақ даласының шетіне әкеп , тойтарыс беруге дайындалды . Бекіністердің қабырғаларына зеңбіректер орнатылды . Бұл зеңбіректердің біразы қазақ жігіттері шабуыл жасайтын далаға қарай қойылса , қалғанын бүгін болмаса ертең Пугачевтің барлаушылары келетін тұсқа бекітті . Ереуілге шыққан Пугачев жасақтары Жайық бойындағы , Орынбордан басқа бекіністерді түгел алған хабары естілді . « Жаңа патшаға башқұрт ауылдары да қосылып жатыр екен ! » деген « ұзын құлақ » бүкіл қазақ даласын шарлап кетті .
Қазіргі Батыс Қазақстан облысы Бөкей ордасы ауданында туған . Ұлы Отан соғысына қатысқан . А . Пушкин атындағы Орал педагогикалық институтын ( қазіргі Махамбет Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университеті ) , В . Ленин атындағы Мәскеу педагогикалық институтының аспирантурасын бітірген . 1936 - 1938 жылдары - Орал педагогикалық институты кафедрасының ассистенті . 1938 - 1941 , 1945 - 1947 жылдары - Мәскеу педагогикалық институтының аспиранты . 1947 - 1954 жылдары - Қызылорда педагогикалық институтының оқытушысы , кафедра меңгерушісі . 1954 - 1956 жылдары Шуя институтының доценті . 1956 - 1960 - жылдары Иваново тоқыма институтының доценті . 1960 - 1968 жылдары - КСРО Ғылым академиясының Сібір бөлімшесі Математика институтының аға ғылыми қызметкері , Новосібір мемлекеттік университетінің кафедра меңгерушісі . 1968 - 1970 жылдары - Қазақ КСР Ғылым академиясы физика - математика бөлімшесінің академик хатшысы . 1970 - 1971 жылдары - Қазақ КСР Ғылым академиясы Математика және механика институтының директоры . 1971 - 1990 жылдары КСРО Ғылым академиясының Математика институтының аға ғылыми қызметкері қызметтерін атқарған . Ғалымның негізгі еңбектері теориялық жиынтық топологиясына , үздіксіз бейнелеудің таралуына , борель жиынтығына , модельдер теориясына , эвклид кеңістігі элементтер теориясын зерттеуге , математикалық логикаға арналған . Тайманов Асан Дабысұлы Қазақстанда математикалық логика ғылымының дамуына сүбелі үлес қосқан . Ол оқытушылар мен студентерге арнап математикадан ғылыми семинарлар ұйымдастырып , математикалық конкурстар мен кештерді өткізуді енгізген . 1951 жылы тұңғыш рет республикада ғалымның ұсынысымен оқушылардың қалалық және облыстық математикалық олимпиадалары ұйымдастырылған . Асан Дабысұлы Қазақстанда математикалық ғылымды дамытуда көптеген еңбек сіңірді . Ғалымның бастамасымен Қазақ мемлекеттік университетінде ( әл - Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті ) алгебра және математикалық логика кафедрасы , Математика және механика институтында алгебра және математикалық логика зертханасы мен қолданбалы бағыттағы зертханалар , Республикалық физика - математика мектебі ашылған . КСРО Оқу ағарту министрлігі жанындағы Ғылыми - әдістемелік кеңесі Президиумының мүшесі және көптеген ғылыми кеңестердің мүшесі болып сайланып , математикалық логикадан Бүкілодақтық конференцияның ұйымдастыру комитетінің мүшесі болған . Асан Дабысұлы Тайманов Кеңес Одағы мен Қазақстан атынан Ниццада математика , Ганновердегі логика , әдістемелік және философия ғылымдары бойынша өткен Халықаралық конгресске , модельдер теориясы жөніндегі көптеген Халықаралық конференцияларға қатысқан . 1973 - 1984 жылдары үш дүркін шетел университеттеріне барып , математикадан дәрістер оқыған . Ғалымның 50 - ден астам ғылыми еңбегі жарық көрген І дәрежелі Отан соғысы орденімен , екі мәрте « Еңбек Қызыл Ту » орденімен , көптеген медальдармен және КСРО Оқу ағарту министрлігінің « КСРО оқу ағарту ісінің үздігі » құрметті белгісімен марапатталған . Батыс Қазақстан облысында Асан Тайманов атындағы облыстық техникалық олимпиада өткізіліп келеді . Орал қаласындағы бір көшеге академиктің есімі берілген . 2010 жылдың 23 сәуірінде Махамбет Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетінде физика - математика ғылымдарының докторы , Қазақ КСР Ғылым академиясының академигі Асан Дабысұлы Таймановты еске алуға арналған « Тайманов оқулары - 2010 » атты халықаралық ғылыми - тәжірибелік конференциясы өтті .
Ағымдағы жылы 16 тұрғын үй кешенін аяқтау және 4625 үлескерді тұрғын үймен қамтамасыз ету жоспарланып отыр - Алматы қаласының әкімі 24 Наурыз 2010
Ятай көкемізге ! Мұқанов өз ауылында есімдері белгісіз адамдарға көше атын беріпті дейсіз . Көшеге ат беруді бір адамның шешпейтіні белгілі , оныңыз енді өтірік . Ал , осы 20 жылда аудан көлемінде көшелерге ат беруде Сіздердің рушылдық саясаттарыңыздан қазақтың бетке ұстар талай Ұлыларының атындағы көшелер рулас туысқандарыңыздың есімдеріне ауысып кетті емес пе ? Соны неге айтпайсыз ?
« Pavlodar - Open » турниріне бірінші санаттың берілгені қуантуда - бұл жарыстың беделділігін көрсетсе керек » , - деді Павлодар әкімі Бақытжан Жоламанов турнирдің ашылу рәсімінде сөйлеген сөзінде .
Бұл күн 23 сәуір 1616 жылы өмірден қайтқан Мигель де Сервантес , Уильям Шекспир ( Юлиан күнтізбесі бойынша ) , Инка Гарсиласо де ла Веганы еске алу мақсатында бекітілген . Кітаптың арқасында ең алдымен білімге , ойға рухани моральдық құндылықтарға , адамзаттың шығармашылық жетістіктерімен әсемділікті түсінуіне жол ашылады . Кітап - бұл сан алуан мәдениетті әлемнің терезесі және де әр түрлі уақыттағы өркениетпен кеңістікті жалғастырып тұратын көпір .
6 топтың - инженер - экономисттер тобы . Еңбегінің сипатына қарай ол инженерлікке қарағанда әлеуметтікке жақын болады . Олар өндірісті қамтамасыз ету мақсатында әртүрлі есептер жүргізеді . Олардан ЭЕМ , электроника және өндірістік процестер туралы білімі талап етіледі .
Осының бәрі Қытайдағы бір қарттың бағасына тұратын шығар . Қытайларға соншама экономикалық және саяси артықшылықтар жасап бергенде де , 10 жыл бойына шешілмейтін неғылған мәселе өзі бұл .
11 ) жұмыс берушілердің өндірістегі жазатайым оқиғаларды уақтылы және толық тексеруін бақылау ;
- Соған ұқсас . Мынауымыз болып көрмеген қазақы поэзия сыны мен « ағайыншылықтан » ары аспайтын поэзия кеңесінің айналысуына тиіс мәселе боп барады . « Қой - ешкімізге » - « модный сұхбатқа » оралайық .
- Қазақстан Республикасының әуе шебін қорғауды қамтамасыз ету ;
Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев тың Беларусь еліне жасалатын ресми сапарын және осы ел аста на сында ЕурАзЭҚ - қа мүше елдер дің Мемлекет бас шыларының ке ңесі аясында өтетін Қазақстан , Бе ларусь және Ресей мемлекеттерінің Кеден одағын құру жөніндегі же ке леген келісім дер ге ( атап айт қан да , Кеден ко дексі мен Бірыңғай ке дендік та рифті бекіту және ке дендік әкім шіліктендірудің тиісті құжат тары на ) қол қою рәсімін ақ па рат тық тұрғыдан көрсету мақ са тын да біз , бір топ қазақстандық жур на лист , Минск қаласына бір күн бұ рын кел дік . Біз келген кезде Минскі ні қалың тұман басып тұр екен .
Тек Елбасы тікелей нұсқауымен салғызбаса , осылай миллиардтаған қаражатты судан келген зардапқа шығындап жатар едік . Биыл жауын - шашын көп болды . Соған қарамай , Шардара су қоймасы асып - тасыған жоқ . Бұл - Көксарай су реттегішінің арқасы .
Дж . Буш бұл заңды алып тастау үшiн АҚШ - та « жаңа » конгресс сайлануы тиiс деген сыңайда жауап бердi . « Жақында бұған да жететiн үмiтiмiз бар » - дегендi қосып қойды Ақ үйдiң иесi . Бiрақ оның үмiтi ақталмады , өйткенi республикашылар сайлау барысында өздерiнiң басымдығынан айрылып қалды . Төменгi палатаның спикерiне демократ Нэнси Пелоси сайланды , ол өзi республикашылардың iшкi һәм сыртқы саясатын аямай сынайтын . Демек , қырғи қабақ соғыстың сорақы сарқыты - « Джексон - Вэник » түзетуi екi жақты ынтымақтастың сау денесiн сыздатқан жарадай қала бермек . Бұл заңның Ресейге де қатысты қолданылуы көңiлге сәл де болса алданыштай көрiнедi , олар да бұған қарсы нәтижесiз күресуде . Ал , украиндықтарға Вашингтонның Киевпен арадағы саудада оны қолданбауға көзiн жеткiзу қолдарынан келдi . Шынына келгенде , бұл АҚШ - тың оң қабағына ие болған « қызғылтсары » төңкерiстен соң жүзеге асты .
Ол күні , әр үмметтен аяттарымызды жасынға айналдырғандардан бір топ жинаймыз . Сонда олар тостырылады . ( 83 )
1921 жылы Ақтөбеде 6 балалар үйі ашылды . Онда 250 бала орналасты . Бастапқы жылдары мұндағы жағдай қиын болды : ғимарат талапқа сай жабдықталған жоқ . Сондықтан жиһаз да , басқа мүлік те жетіспеді . Киім де жеткіліксіз болды . Балаларды тамақтандыру да басты проблемаға айналды . Жұқпалы аурулармен ауыратындардың саны көбейді . Дімкәс балалар үшін диета сақталған жоқ . Дегенмен жергілікті билік өкілдерінің ниеті түзу болатын . Сәбилердің өмірін жақсарту үшін қолдан келгеннің барлығын жасауға тырысты . 1921 жылы губернияда қараусыз қалған балаларды қамқорлыққа алу науқаны басталды . Бұл жұмыс 1932 жылы аяқталды . Бұл игі істі Ақтөбе губерниясының атқарушы комитеті жүзеге асырды .
Сондай - ақ осы тақырып бойынша данқты сахаба Са ' д ибн Абу Уакқастың ( оған Аллаһ разы болсын ) оқиғасын келтіріп , Али ибн Абу Талиб пен Му ' ауияның ( оларға Аллаһ разы болсын ) арасында орын алған бүлік кезіндегі іс - әрекеттері туралы баяндау орынды болады . Абдур - Раззақ жеткізушілердің сенімді тізбегімен Мухаммад ибн Сириннен мына оқиғаны жеткізеді . Бірде Са ' дқа : " Сен не үшін шайқаспайсың ? Өйткені сен Кеңесте қатысқандардан ( ахль аш - шура ) едің ғой , сондықтан да сен басқалардан гөрі көбірек соғысуға міндеттісің ! " - деп айтылды . Ол : " Сендер маған кәпірді мүміннен ажырата алатын , екі көзі , тілі және еріндері бар қылыш ұстатпағандарыңа дейін мен соғыспаймын . Мен Аллаһтың жолында шайқасқанмын , әрі мен джихадтың не екенін білемін » . Абдур - Раззақ 20736 , Абу Ну ' айм « Ма ' рифа әс - сахаба » 1 / 135 .
Ал , бұл нені аңғартады ? Бұл - хань әулетінің ұрпағы , яғни жұңго - қытай баласы , тап іргеңде ашық - шашық қазақ деген ел жатыр , қыздары сұлу екен , жат жұртқа сұраусыз ұзатыла береді екен , қарап жүрме , қамдан , « қатын алсаң - қазақтан алдың » ашық саясатын аңғартады , әрине !
Бірінші массондық партияға кіруі туралы : Конституциялық демократия партияның 1905 жылғы саяси мақсаты : патшаны құлату , конституциялық мемлекет орнату , барлық ұлттарға тең құқық беру , олардың өзін өзі басқаруына , автономия құруына мүмкіндік беру , сайлауға қатыстыру , Думаға депутаттыққа сайлану , дін , тіл еркіндігі , өз жазуын қолдану , оқу орындарын ашу , экономикалық дамуына еркіндік беру , жер реформасын жүргізу . Тура сол кезде қазақ арасында ондай саяси талаптар қоя алатын орта болды ма ? Жоқ . Сондықтан да , Әлихан Бөкейханов саяси қуаты күшті сол партияның мүшесі болып кіріп , қазақтың мүддесін қорғады . М . Тынышбаев « Автономияшылардың » құрамында сондай мақсаттар қойды . Сол партияның құрамында жүріп қазақ даласының әр тұсынан жиыны жетпіс мыңнан аса адамның қолын жиып , « Құзырхат » ( Петиция ) жазып , патшаға жолдады . Соңында Думаға сайлануға мүмкіндік алды . Сол партияның құрамында жүріп 1914 жылы Бүкілресейлік мұсылмандар құрылтайын шақыруға қол жеткізді . Сонда тәуелсіз автономия мәселесі көтерілді .
2015 жылы қазақстандықтардың өмір сүру ұзақтығын - 70 жасқа , 2020 жылы - 72 жасқа дейін ұзарту көзделіп отыр . Елбасы өз Жолдауында жұмыссыздарға төленетін жәрдемақы оның мамандық алуына жұмсалуы қажеттігіне ерекше мән берді . Басты мәселе - жатыпішерлік пен масылдықтан арылту . Сондықтан да халықты жұмыспен қамтамасыз ету мәселесіне ерекше ден қойылып отыр . Сондай жобалардың бірі екі жыл бойы табысты жұмыс істеп келе жатқан « Жол картасы » бағдарламасы . Биыл зейнетақы мен шәкіртақыны , бюджеттік сала қызметкерлерінің жалақысын 30 пайызға өсіру жоспарланып отыр . Екі жыл қатарынан бұл төлемақылар 25 пайызға артқан болатын .
Мерейі асқақ , зарлы дастан секілді еді ол дегенмен ,
- Қызылорда облысының ішкі істер департаменті білім беру , денсаулық сақтау , « Нұр Отан » ХДП - ның өкілдерімен бірлесе отырып жыл басынан бері « Мектептегі құқықтық тәртіп » , « Есеп » , « Отбасы және мектеп » , « Құқықтық тәртіп » атты жедел - профилактикалық іс - шараларды бірнеше рет өткізді . Бұл іс жыл аяғына дейін әлі де жалғасын таба береді . Осындай келелі іс - әрекеттеріміздің нәтижесінде профилактикалық есепте қазір 440 жасөспірім , 318 қолайсыз отбасы тұрады . Сондай - ақ , құқық бұзушылыққа бейім 1068 жасөспiрiм әкелініп , олардың 1051 - не ескерту жасалды , 17 - нің ата - аналарына айыппұл салынды . 6 - ы девиантты мінез - құлықты балаларға арналған мектеп - интернатына орналастырылды , . Екі ата - ана бала тәрбиелеу құқықтарынан айырылды .
Болашақтың іргесін дамушы елдермен иық тірестіре алатын білімді ұрпақ қалайды десек , ондай шәкірттерді даярлайтын мектептердің материалдық - техникалық базасы да мықты болуы керек .
- Рақмет , құрбым , - деді Қабанбай , жүрегі кенет дүрсілдеп , - айдын көлдің аққуы аттандырды ғой , жолым болады екен ! -
Мәншүктің « Құпия дос » ойыны туралы жазбасын оқып , алдыңғы ойындардағы қызықты сәттер еріксіз еске түсіп отырғаны . 2 курс оқып жүрген кез . « Құпия дос » ойыны туралы группалас қыздар айтты . Әр факультетте әртүрлі атаумен ойналады екен . Қызығушылық білдіргендер көп болғасын , жеребе тастап , 17 бала ойынды бастап жібердік . 2 апта . Күн сайын өзіңіздің құпия досыңызға сыйлықтар аттандыруыңыз керек . Мейлі ол хат болсын , мейлі ол қолдан жасалған зат болсын , әйтеуір титтей болса да қуаныш сыйласа болғаны . Сонымен … Алдымен өзіме қатыстыларын жазайын .
Махмұд Қашқари - түркі тілтану ғылымының енгізін қалаған , әлемнің көне картасын , оның ішінде түркі халықтарының мекен - жайын белгілеген дөңгелек карта сызған ғалым .
2011 жылдың қаңтар - мамырындағы өнеркәсіп жұмысы туралы 29 Маусым 2011
Шоқай туралы қатаң тиым - шектеулердің қажала бастауы Кеңестер Одағы құлауға бет алған 1990 жылдардың басына дөп келеді . Бірақ бұл процесс бірден жүзеге аса қоймады . Шоқайды халық жауынан халық қаһармандығына көтерген процесс қазақ зиялыларының өте сақ және батыл әрекеттерінің арқасында жүзеге асты .
26 . « Ресей жинақ банкі » АҚ - ның еншілес банкісінен қарыздың жоқтығы туралы мәлiмет
Қазбасқазған Үстiрттегi құдық ( " Алан " мақаласын қараңыз ) . Орталық Үстіртте , Қарақалпақстанмен шекаралас тұста , Сүмбетемір - Алан өңірінен оңтүстікте , Сайөтестен шығыс - солтүстік - шығыста 190 км жерде .
Тарихта XVII ғасырдың ортасына дейінгі 1200 жылды орта ғасыр деп атайтыны белгілі . Оны ерекшелеп отыруымыздың өзіндік себебі бар . Дәл осы тұста әлем елдері шаруашылық жүргізіп келген ескі тәсілдерін жетілдіріп , әлеуметтік - мәдени салада ірі қадамдар жасаған . Олардың бәрі де алға қарай қарыштап даму , халқының жағдайын барынша көтеру жолында аянбай тер төкті . Негізі адам баласының бәрі де әу баста көшпенді болғаны күмәнсіз шындық . Ал , бізден басқасының бәрі тіршілікке қолайсыздығын , дамуға тежегіш күш болатындығын сезіп көшпенділік өмірден бас тартқан болса керек . Қолайлы бір жерді тауып , тұрақтаған әрі дереу отырықшылық тірлікке бейімделіп үлгерген . Олар сонысымен ұтыпты . Дүниенің сырын ерте танып - біліп , мәдени - ғылыми жетістікке бізден бұрын қол созыпты . Оны орта ғасыр тарихын парақтаған кез - келген көзі ашық жан пайымдай алады . Бірлі - екілі мысалдарға жүгінейік . Біздің ата - балаларымыз кезінде « қара қытай » деп менсінбеген мына іргелес көршімізде VIII ғасырда « Шуду Бао » ( астана жаңлықтары ) атты газет шығарылса , VII ғасырдың өзінде қытай императорының кітапханасында 90 мың кітап қоры болған . Орта ғасырдың біз менсінбеген « қара қытайыңыз » қазіргі сөзбен айтқанда экономиканың инфрақұрылымын қалыптастырып , Хуанхэ мен Янцзы дарияларын байланыстырған су жолы тасымалының алып құрылымы болып табылатын 1700 шақырымдық су арнасын салып , пайдаланған . Көшпелі тірліктен ерте бас тартқан Үндістандағы сәулет өнерінің ғажайып туындысы Тәжі - Махал да осы орта ғасырдың еншісінде . Қайсы бірін айтып тауысасың , көшпенділер сол баяғы мал соңында салпақтап , киіз үйімен әр таудың бір сайын алма - кезек аралап , өріс - қоныс іздеп азапқа түсіп жүргенде кәрі Еуропаның көптеген қалалары аяқтарынан тік тұрып , сәулет өнерінің таңғажайып үлгілері жасалып , беріктігімен , сапасымен талай жылды артқа тастап , жұртқа таңдай қақтырған 150 - 170 метрлік гот үлгісіндегі ғимараттар бой түзеді . Әлем елдерінің дамуы мен өрлеуі үрдісіне көз салып қарасақ , жалпы біздің көшпенді өмірдің артта қалушылығы тек орта ғасырға тіреліп те тұрған жоқ сияқты .
1 . Әрбiр адамның бостандыққа және жеке басының өмiрiне қол сұғылмауына құқығы бар . Ешкiм де ерiксiз қамауда немесе тұтқында ұсталуға тиiс емес . Әркiм өз бостандығынан тек қана заң негiзiнде және сол заңда белгiленген процедураға сәйкес айырылуы мүмкiн . 2 . Қамауға алынған әрбiр адамға қамалған кезiнде оның қамауға алынған себептерi мен өзiне тағылған кез келген айып жедел түрде хабарланады . 3 . Қамауға алынған немесе қылмыстық айыптау бойынша ұсталған әрбiр адам судьяның немесе заң бойынша сот билiгiн жүзеге асыру құқығы бар және ақылға қонымды уақыт iшiнде iстi сотта қарауға немесе босатуға құзыретi бар басқа лауазымды адамның алдына жедел жеткiзiлуi тиiс . Сотта iсi қаралуын күтiп отырған адамдарды тұтқында ұстау жалпыға бiрдей тәртiп болып саналмауы тиiс , бiрақ босату - сотқа келу , сотта iсiнiң қаралуының қай сатысында болмасын келу , керектi жағдайда үкiм орындалу кезiне келу кепiлдiгi берiлсе ғана жүзеге асырылады . 4 . Қамау немесе тұтқында ұстау арқылы бас бостандығынан айрылған әрбiр адамның , оның ұсталуының заңды - заңсыз екендiгi туралы сот кiдiртпей қаулы шығарып және ұсталуы заңсыз болған күнде оны босату туралы бұйрық беру үшiн iсi сотта қаралуына құқығы бар . 5 . Қамаудың , я болмаса тұтқында ұсталудың құрбаны болған әрбiр адам талаптық күшi бар өтемақы төлемдерiне құқылы . Конституцияға сәйкес әркiм өзiнiң жеке басының бостандығына құқығы бар . Қазақстан Республикасы Конституциясының 17 - бабына сәйкес адамның қадiр - қасиетiне қол сұғылмайды . Ешкiмдi азаптауға , оған зорлық - зомбылық жасауға , басқадай қатыгездiк немесе адамдық қадiр - қасиетiн қорлайтындай жәбiр көрсетуге не жазалауға болмайды . Қазақстан Республикасы Қылмыстық iс жүргiзу кодексiнiң 14 - бабына сәйкес : " осы Кодексте белгiленген негiздер мен тәртiп бойынша болмаса , ешкiмдi де қылмыс жасады деген сезiк бойынша ұстауға , қамауға алуға немесе өзгеше түрде бас бостандығынан айыруға болмайды . Осы Кодексте көзделген жағдайларда ғана және қамауға алынған адамға сотқа шағымдану құқығын бере отырып , тек соттың немесе прокурордың санкциясымен ғана қамауға алуға және күзетпен ұстауға жол берiледi . Адам прокурордың санкциясынсыз жетпiс екi сағаттан аспайтын мерзiмге ғана ұсталуы мүмкiн . Күзетпен ұсталмаған адамды сот - психиатриялық сараптама жүргiзу үшiн медициналық мекемеге мәжбүрлеп орналастыруға соттың шешiмiмен ғана жол берiледi . Күзетпен ұсталмаған адамды сот - медициналық сараптама жүргiзу үшiн медициналық мекемеге мәжбүрлеп орналастыруға соттың шешiмi немесе прокурордың санкциясы бойынша жол берiледi . Әрбiр ұсталған адамға ұстаудың негiзi , сондай - ақ ол жасады деп сезiк келтiрiлген немесе айыпталған қылмыстың заңдық сипаттамасы дереу хабарланады " . Бұған қоса , қылмыстық процестi жүргiзушi орган сезiктiге , айыпталушыға олардың құқықтарын тусiндiруге және олардың айыптаудан заңмен тыйым салынбаған барлық құралдармен қорғану мүмкiндiгiн қамтамасыз етуге , сондай - ақ олардың жеке және мүлiктiк құқықтарын қорғауға шаралар қолдануға мiндеттi . Сонымен бiрге Қазақстан Республикасы ҚIЖК - нiң 27 - бабына сәйкес : " Ешкiм өзiне , жұбайына ( зайыбына ) және ауқымы заңмен айқындалған жақын туыстарына қарсы айғақтар беруге мiндеттi емес " . Қазақстан заңнамасының көрсетiлген нормалары халықаралық стандарттармен танылған нормалар мен принциптерге сәйкес келедi . Жазылған нормаларды қамтамасыз ету және сақтау тиiмдiлiгiн қолданыстағы тәжiрибе көрсетiп отыр . Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының деректерi бойынша , 2006 жылы негiзсiз ұстау , күзетпен ұстап қамау фактiлерi орын алған . Егер 2005 жылы прокурорлар iшкi iстер органдары мен қаржы полициясының қызметтiк үй - жайларынан 571 адамды босатса , 2006 жылы 743 адамды босатқан , оның iшiнде 740 адам iшкi iстер органдарынан босатылған . Куәларды , оның iшiнде кәмелеттiк жасқа толмағандарды бас бостандығынан заңсыз айыру фактiлерi де орын алған . Мұндай шараларда қылмыстық қудалау органдарына тиiмдi айғақтар алу мақсатында оларға қысым көрсету тәсiлдерi қолданылғандығы жасырын емес . Жалпы , 2006 жылы прокурорлар 62 азаматтың заңсыз ұсталғандығын мойындады . Статистикаға жүгiнсек , 2006 жылы прокурордың тұтқындауға және тұтқындауды ұзартуға берген санкцияларына 756 шағым қарастырылған , олардың 129 - ы немесе 17 % - ы қанағаттандырылған . Конституциялық түзетулердiң нәтижесiнде азаматтардың конституциялық құқықтарын шектеу бойынша қылмыстық қудалау органдарының қызметiн соттың бақылау шектерi кеңейтiлдi . 2008 жылғы 1 қыркүйектен бастап қамауға тек сот санкция бередi . Бұл толық көлемде халықаралық стандартқа жауап бередi . Оларға бұлтартпау шараларын өзгеше қолдану мүмкiн болмайтын ерекше жағдайларда әйелдер мен кәмелетке толмағандарды қамауға санкция берiледi . Егер екi жыл бұрын прокурордың қамауға санкция беруiне байланысты әрбiр бесiншiсi қамауға алынса , кейiннiн қамаудан босатылды . Айына орташа есеппен прокурор қамауға 1900 санкция берген . Қамауға соттың санкция беруi енгiзiлгеннен кейiн берiлген санкциялардың саны 40 % - ға төмендедi ( бұл қамауға 1350 санкция ) .
- Малайзияда оқып жатқан қазақ студенттерінің өзіндік ортасы қалай қалыптасқан ?
Бүгін Астанадағы Тәуелсіздік сарайында Елбасы - Дүниежүзі қазақтары қауымдастығы Төралқасының төрағасы Нұрсұлтан Назарбаевтың қатысуымен Дүниежүзі қазақтарының IV Құрылтайы басталды .
Бай тарихы мен құнды мәдениетінің қалыптасуында Ислам діні маңызды орын алатын қазіргі таңдағы Қазақстан үшін мұсылман елдерімен ынтымақтастықты дамыту сыртқы саясаттың басты бағыттарының бірі болып табылады . Осыған сәйкес 2011 - жылы 28 - 30 маусым аралығында Астана қаласында өткізгелі отырған Ислам Конференциясы Ұйымы ( ИКҰ ) Сыртқы Істер Министрлерінің 38 - Сессиясы мен осы ұйымда біздің мемлекетіміздің төрағалық етуі мұсылман әлемінде Қазақстанның беделін арттыруға себепші болатын маңызды саяси оқиға болмақ .
- Олар - тумысынан дарындар . Топтан озып , жекеленіп , дараланып , талантымен « пәленбайдың » ішінен іріктеліп , өз еркімен , өз ұмтылысымен келген қазақ театры ның алғашқы алыптары ғой . Олардың мектебі дұрыс болды . Ол - халық мектебі . Алдау - арбау дегенді білмейтін еді . Ал сахнаға шындық керек . Тек сахнаға ғана емес , жалпы өнерге шындық керек . Олар дың әр басқан қадамынан , әр сөз саптасынан шындық пен шынайылық сезіліп тұратын . Шынайылықты мойындамайтын адам жоқ . Сондықтан да көрермен қауым , сахна ойынын былай қойғанда , үндемей отырса да , сүйсініп , рахаттанып қарап отырудан жалықпаған болар еді . Міне , сол тұлғалардың мектебінен өттік , қолына су құйдық , дастарқандас болдық , адамгершілік қасиетін аңғардық , содан үлгі алдық . Сол ақсақалдардан бір өтірік естіген емеспін . Не айтса да , шындықты бетіңе айтатын , тіптен ұрсып тастайтын . Біз енді жас тыққа салынып , кейде көзге түсіп қаласың ғой . Сонда олар : « Балам , олай болмайды . Сен өйтпе . Жақсы адам боламын десең , дұрыс актер боламын десең , шындықпен өмір сүр , шыншыл бол , өсектен , өтіріктен аулақ бол ! » - дейтін . Өнер адамдарының ішінде бықсық , өнерді тәлкекке айналдыратын адамдар кездеседі , бірақ олар жарты жолда қалады . Өйткені деңгейі төмен . Түсінігі төмен адам өнердің биігіне шыға алмайды . Серағаң , Қаллеки , Елағаң , Құр манбек , Шәкеңдер нағыз дарынды сахна шеберлері болатын және өмірде де таланттар еді . Қасында отырып , жай ғана әңгімесін тыңдаудың өзі - үлкен мектеп . Солар арамызда жүргенде қит етпей , сөзімізді уақытында жаттап , солар сияқты дұрыс сөз саптауға тырысып , талпынатынбыз . Ал олар әрбір сөзіңді , әр қимылыңды бағып , аңғарып отырады : « шырағым , мына жеріңді былай істесең , қалай болар екен , сөзіңнің астарын байқа » деген сияқты түзе тулерден кейін титтей де қате жібермеуге тырысасың . Әрқайсысының түр - тұлғасы , мінездері әртүрлі , бірақ барлы ғы ның тоқайласатын жері - шындық . Аздап болса да , сол кісілердің қасиеттері жұқ қан болуы керек .
Анарбек ОРМАН : Өздеріңізге жақсы мәлім , соңғы он жылда көктем шықса Сыр бойында су тасқыны болып , дабыл қағылып жататын . Өзеннің арнасын бекітіп , бөгеттер жасауға қыруар қаржы бөлінді . Елді мекендер көшіріліп , алашапқын болған кездер де есімізде . Жағдайды айтып , көршілерімізге қараймыз , олар шалқаяды . Су қабылдау қабілеттері болса да , әр мемлекеттің өз мүд десі бар . Енді бұл мәселе Елбасының тікелей тапсырмасымен салынған « Көкса рай » су реттегіші арқылы толық шешімін тапты . Құрылыс өткен жылы аяқталды . « Көксарайдың » су жинау қабілеті 3 млрд . текше метр . 2009 - 2010 жылдары 1 млрд . текше метр су жиналды . Осылайша Қы зыл орда облысының елді мекендерінде су тасқыны қаупі жойылды . Жуырда облыста болып қайттық , ешқандай қауіп жоқ . Барлығы қалыпты жағдайда . Елбасының тікелей тапсырмасымен жүзеге асырылған істердің нәтижесінде Кіші Аралға соңғы 5 - 6 жылдың көлемінде 26 млрд . текше метр су жиналды . Ақлақ су құрылысы торабы іске қосылды . Соның нәтижесінде ондаған қурап кеткен көлдерге былтыр су барып 1 млрд . 200 млн . текше метр су жайылды .
10 ) жеміс - көкөніс өнімдері үшін : тауар өндірушімен жасалған шарттың түпнұсқасын немесе нотариалды куәландырылған көшірмесін міндетті түрде ұсынумен , өтініш берілген өнім легінің көрсетілген аумақта өсірілгені туралы Қазақстан Республикасының тиісті аумақтық бірлігінің жергілікті атқарушы органының растау анықтамасының түпнұсқасы мен көшірмесі және өнімді өндірушімен жасалған шарт , тауарды сатып алу шарты .
Павлодар облысы прокурорының блогы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекет ету мәселелері
Ал осы алқа мәжілісі арқау болған мақала « Айқын » газетінде « Алаңдайтын нәрсе аз болмай тұр » деген тақырыппен басылған . Бәсекелестікті қорғау агенттігі басшысының мәліметінше , 2008 жылы мемлекеттік кәсіпорындардың қызметінен бюджетке түскен дивиденттер тек ащы күлкі ғана туғызады - бәрінің жабылып , құйған табысы бар - жоғы 1 миллиард 520 миллион теңге ғана ! « Бұл сол мемлекеттік кәсіпорындарды ұстап тұруға мемлекет шығындаған сомадан 57 есе кем ! » деді М . Есенбаев . Үкімет әлгілерге сол жылы « бір тиынын екі ет ! » деп 87 , 5 миллиард теңге беріпті . Сонша қаржының қайда жұмсалғаны , кімнің жұтқыншағына жұтылып кеткені беймәлім » , деп жазады басылым .
Қоғамдық резонанс тудырған және басқа да істер бойынша шығарылған шешімдер туралы еларасында дұрыс пікір қалыптасу үшін біздің қатысуымызбен байсалды да , ұдайы ақпарат берілу қажет . Бұны жасауға біздің толық мүмкіндігіміз бар , егер осы бағытта жұмыс жасамасақ қоғамның сот жүйесі туралы теріс пікірі жақын арада түзеле қоюы екі талай .
Осы бағыттағы негізгі міндеттер - АКТ саласындағы мамандардың номенклатурасын анықтау мен кеңейту , ақпаркоммуникациялық технологиялар саласындағы мамандар мен педагогтық кадрлардың фундаменталді даярлау білімін жетілдіру , АКТ саласындағы Қазақстанның ғылыми әлеуетін дамыту , АКТ саласындағы жоғарғы білім мен ғылымды біріктіру , ЖОО және мектептерде ақпаркоммуникациялық технологиялар жөніндегі оқу бағдарламаларын жетілдіру , ЖОО және мектеп оқушыларының өмірінде АКТ рөлін арттыру , білімі жоғарғы софтверлік компаниялармен және компьютерлік техниканы шығарушылармен кәсіби - техникалық мекемелердің ынтымақтастығы үшін қолайлы жағдайлар жасау .
2011 жылғы 7 - ші қысқы Азия ойындары Алау отының басты колбасын Халық Банкіне сақтауға тапсыру рәсімі Алау эстафетасының дирекциясы мен Қазақстан Халық Банкінің арасында бұған дейін бекітілген серіктестік туралы келісім шеңберінде жүзеге асырылды .
кез жүйесіндегі сәуленің сынуы . Офтальмологияда « клиникалық рефракция » деген уғым қолданылады , ол кез ішкі тор қабындағы ( сетчаткадағы ) фокустың орналасқан жерін білдіреді . Клиникалық рефракцияның үш түpi болады : эмметропия , миопия , гапермиопия .
- Не болды ? Бүгін гол соға алмадың ба ? - дейді .
Гитлер болса , КСРО - ны емес , бүкіл дүние жүзін жаулап алып , асыл текті неміс билігін дара жүргізуді көкседі және Германия өнеркәсібін сол мақсатқа жекті . Оның басқыншылық құпия кеңестерінің бірінен мағлұмат :
- Зауыт ісі жұрттың жалпы , шебер , көнбіс , ұста болуына байлаулы . Қазақ білетін атақты Зингер киім машинасы Америкадан келеді . Мұны біздің Ресейде істеуге қызмет атқаратын жұрт шеберлігі кем . Зауыт ісі мәдениет дәрежесіне байлаулы . Біздің қазақ анық білетін саудаға келелік . Сауда өнері де мәдениет дәрежесіне құл . Мәдениеті кем жұртта саудалық алдау , ұрлықтан қылдай жіңішке болып айырылады . 50 - 60 жыл бұрын біздің қазақ жерінде бір шай бір ат , бір түйе болған . Мұның ұрлықтан артық - кемі қанша . Орыс көпесі шығарған бір мақал бар : " Алдамасаң , сатпайсың " . Бұл мақалға біздің қазақ саудагер де құл . Мәдениет жалпы жұртқа жайылса , сауда тәртібі ұрлықтан шығады . Жұрт жалпы ұсталыққа айналғанда , зауыт , тәрбие қылу ісі жақсы дүкенге айналады . Біздің Ресейде мәдениет төмен . Жақсы нәрсе шығаратын зауыт , фабрика жоқ . істеген ісі сарт шегесі , сарт бөзі сияқты . Жақсы киім жақсы нәрсе ұстайтын адам бұларды Англия , Бельгия , Франция , Германиядан алғызады . Бұлардың саудасында ұрлық , ісінде қаяу жоқ , Зингер машинасы қалпы . … Біздің қазақтың көп терісі Тумен , Макаржа арқылы Вяткаға барып , былғары болып бізге қайтады . Үй іші - қатын , бала болып былғары илейді . Біздің қазақтың үйшісі , ұстасы қалыпты . Бір жағынан ағашын кесіп , егінін сала жүріп , былғары да илейді .
Ауыл шаруашылығында табиғи - климаттық жағдайы қолайлы аймақтарда жаңа жұмыс орындарының пайда болуы күтілуде және керісінше , жерінің кадастрлық бағасы 50 балдан төмен аймақтардан ауыл шаруашылығы өндірісінің ықшамдалу процесі және жұмыс орнының азаюы салдары ретінде халықтың көшіп кетуі орын алады .
Күз басталғаннан бері де бір ай өте шықты . « Жаз қашан … » деп асыға күткен әрбір пенденің сол жазда бітіретіні шамалы … күйбең тірлікпен қалай өткенін де білмей қалады . Жайдарлы жаз бізбен қимай қоштасқандай болды - ау … Жылдағыдай емес , жапырақтар да кеш сарғайды . Күннің көзі ашық , жылы болып тұр .
Ұлы Жеңістің 66 жылдығы қарсаңында Алматы әуежайы өз ардагерлерін құттықтады .
Инженерлік құрал - жабдықтардың тозу дәрежесі инженерлік коммуникациялармен жабдықталуға байланысты , « Mobil Realty » басқарушы компаниясы объектілерді күтудің әр түрлерін ұсынады . Техникалық эксплуатацияның негізгі өзгешелігі ескерілген , үнемі инженер - диспетчерлер және объектіде тәулік бойы қызмет ететін компанияның мамандары жұмыс істейді .
Қоғамның ақыл - ойы тоқырауға ұшырап , алты бақан ала - ауыз болғанда , құмырадай кеудедегі Тәңіри рух бұлқынып , « қуатты оттай бұрқырап » көтеріліске шығады . Бұл көтеріліс сарсаң күйге түскен саналарға сапар шеккен қантөгіссіз , қарусыз бейбіт шеру сияқты . Ашық түйсік пен сергек сананың иесі ғана ғана ол шеруді жүрегімен қарсы алмақ . Қарсы алмаса , түсінбесе , айтқан сөзге құлақ түрмесе , көтерілісті бастаған ұлы рух иесі « қайғы шығып ілімнен , ыза шығып білімнен , зар шығарып тілінен » аласұра - алқынып , асанқайғыланған ойыменен ала - құла даланы адақтап кезіп , түк шықпаған соң , « ашуы - ашыған у болып , ойы кермек » татып , ақыры « моласындай бақсының жалғыз қалады » . Ал , Пірге ермеген , оны ұлттың рухани көсемі ретінде сезінбеген халық - надан болып қала береді , оның көкжиегі ешқашан кеңеймейді , көсегесі де ұзақ уақыт көгермек емес . Толығырақ …
- Қарғам - ай , онда жылқы дірдектеп қорқып тұрады да сүттің маңызы тамырда қалып қояды . Жақсы қымызға биенің өз еркімен иіп берген сүті бап келеді .
Мұнан да бөлек , интернетте қазақ тілін дамыту жолында техникалық проблема лар дың ішінде бағдарламалық өнімдер азды ғын , шетелдегі қазақстандықтармен хабарласу үшін шрифтті кириллицадан латын әр піне , араб жазбасына транслитерациялайтын бағдарламаның жоқтығын белгілеуге бола ды . Кейбір қолданушылар арасында жазуы на қарап қазақ тіліне арналған кириллицаны ауыстырмай латын алфавитін құруға болады деген ой бар . Қазақ тілін латын алфавитіне көшіру интернет - қауымында әр түрлі пікірлер туғызып жүргені баршамызға аян .
● техникалық және жоғары білім бе рудің деңгейлері үшін бүгінде Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі ипотекалық құрылыста жүзеге асырып отырғанға ұқсас жинақтау жүйесін әзірлеу .
1 . Объектіге және көлік құралына санитариялық төлқұжат беру , есепке алу және жүргізу ережесін белгілеу туралы 2009 жылғы 18 қарашадағы № 731 бұйрығы
Мұнда - ликвидус , - солидус сызығы . В - компоненті - дан кіші , - үлкен болатын қорытпаларда кристалдану процесі жеке таза α және β - қатты ертінді кристалдарын береді .
Іс Тізімі барлық Outlook көріністерінде әдепкіде пайда болады . Сізге Іс Тізімін қосуға немесе өшіруге болады . Сізге сондай - ақ аз бейнебет ауқымын қолданатын Іс Тізімінің қайырылған нұсқасын таңдауға болады . Іс Тізімін қосқаныңызда немесе өшіргеніңізде немесе оны арнайы көріністе қайырғанда , параметр сол көрініске ғана қолданылады . Мысалы , Хабар көрінісіндегі Іс Тізімін өшіргенде , ол сіз Хабар көрінісінде болған сайын сөндірулі тұрады , келесі рет Outlook бағдарламасын жегу кезін қоса . Алайда , ол Күнтізбе , Жазбалар және Тапсырмалар сияқты басқа көріністерде қалады .
Өнер туралы жалпылай мәлімдеп , көркем сөз өнерінің тарауларын жеке - жеке ерекшелеп көрсетіп , сөз өнері , шығарма сөздің ақылға , қиялға , көңілге беретін әсерін анықтап алып , ұғыну , тану , ойлау , ұқсату , бейнелеу , суреттеу , түю , талғаудың айырмасын анықтап , тақырып , жоспар , түр дегендерді түсіндіріп , мазмұн алуандығын әуездеу , әліптеу , пайымдау деп үшке бөледі . Бұларды түсіндіру үшін Абай , Мағжан өлеңдері , М . Әуезовтің " Еңлік - Кебек " трагедиясы , " Жәнібек батыр " аңыз әңгімесі мысалға алынған .
« Мұнай - газ секторын дамыту саясатын жүзеге асыру үшін және онымен қандай да бір нақты министрлік шұғылдануы үшін біз Мұнай және газ министрлігін құрамыз » , деді отырыста Президент .
Ет жинауға арналған 1 - айлық жүйе төменде келтірілген , бірақ алдымен терминдерге қысқаша тоқталып өтейін : Штанга - зілтемір Гантель - ұстауға ыңғайлы кіртас Гриф - Штанганың өзегі Рет - Жаттығудың жүйесінің кіші бірлігі . Мысалы 1 рет жатып көтеру . Сет - Жаттығудың бірнеше реттен тұратын өлшем бірлігі . Мәселен , 3 сет 10 рет дегеніміз - 10 рет үздіксіз жаттығу жасап , бірер минут үзіліс жасайсыз . Тағы 10 рет үздіксіз қайталайсыз да , тағы бірер минут демаласыз . Сөйтіп үш рет үзіліс жасап , үш рет қайталайсыз . НЕГІЗГІ ЕТ ӨСІРЕТІН ЖАТТЫҒУЛАР МЫНАЛАР : ( База ) : Штангамен отырып тұру / Приседания - Арнайы темір жақтауда тұрған штанганың астына еңкейіп кіресіз , иінағаш салғандай етіп мойныңыздан сәл төмен жерге әкеп тірейсіз де , екі қолыңызбен ұстап жақтаудан шығарасыз . Алға сәл еңкейіп , арқаңызды мейлінше тегіс ұстап , жамбасыңызды төмен түсіресіз . Толық отырмайсыз , сандарыңыз еденге паралленль болғанға дейін ғана отырасыз , одан терең түссеңіз тізеңізге күш түседі . Бұл жаттығу сіздің төменгі арқа еттерін және беліңізден төменгі барлық бұлшық етіңізді дамытады . Жамбас , сан , балтыр еттеріне бұдан артық жаттығу жоқ . Жатып штанга көтеру / Жим лежа - Арнай жайдаққа жатып , көлденең тұрған штанганы қос қолдап құлашыңызды кеңірек керіп ұстайсыз да тіреуден үзіп , асықпай төсіңізге түсіресіз . Төменгі нүктеде көп ұстамай , бірден жоғары итересіз . Деміңізді шығарып , қайта түсіресіз . Маңызды : Штанганы төмен түсіретін кезде , грифті төсіңізге соғып , серпіп көтеруші болмаңыз . Ол сіздің төс сүйегіңізді біртіндеп зақымдайды . Асықпай серпіліс күшімен емес , бұлшық ет күшімен ептеп көтеріңіз . Бұл жаттығу ең алдымен төс еттеріңізді , және қолыңыздың артқы бұлшық еттерін , иық еттеріңізді шынықтырып , күшейте түседі . Тұра тарту / Становая тяга - Аты айтып тұрғандай , жерде жатқан штанганы қос қолдап ұстайсыз да тұра тартасыз . Бірақ барлығы соншалықты оңай емес . Арқаңызды барынша тік ұстау керек . Бүкірейіп , бүкшеңдеп көтерсеңіз бел шойырылып , екінші залға кірмейтіндей боласыз . 1 ) Алдымен тізеңізді сәл бүгіп жартылай отырып жердегі штанганы ұстайсыз . 2 ) Көзіңізбен жоғарыдағы нүктеге қарап , еңсеңізді көтеріп , беліңізді мейілінше тік ұстайсыз . Жамбасыңызды сыртқа шығарасыз . 3 ) Жердегі штанганы белдің күшімен емес , аяқтың күшімен үзесіз . 4 ) Үзген соң белдің күшін іске қосып , артқа шалқая тартасыз . 5 ) Беліңізді сол бойы тік ұстап , асықпай зілді тізеңізден сәл ғана төмен түсіріп , қайта кері шалқая тартасыз . Тұра тарту ең алдымен арқа , бел , жамбас , мойын еттерін , содан кейін аяқ , қол мен иықтың еттерін нысанаға алады . Денеңіздің жалпы күші мен қуатын арттыратын бірден бір жаттығу . Басқа да кешенді жаттығулар : Румынша тарту - Тұра тартудың бір түрі , бірақ бұнда аяғыңыз аса бүгілмейді , тек белдің күшімен тартасыз . Белге , жамбасқа жақсы , санның артқы бұлшық етін де керемет шынықтырады . Еңкейіп тарту / Тяга в наклоне - Бұнда сәл алға еңкейіп , жерде жатқан штанганы қос қолдап ішіңізге тартып , қайта түсіресіз . Бары сол , бірақ арқаның ортанғы бөлігін , жауырынды жақсы шынықтырады . Турникке тартылу - кәдімгі турникке тартылу . Бірақ қолыңыздың арасын әдеттегіден кеңірек қылған дұрыс . Жауырын , қол , иықты дамытады Алға басу - қолыңызға жеңілдеу салмақ алып , аяғыңызды алма кезек алдыңызға қойып , тізеңізді бүгіп , кері қайтасыз . Аяқ , жамбас , балтыр еттері . Брусьяда серпілу - брусья деген снарядты құрылғын білетін болсаңыз , түсіндіріп қажеті жоқ . Екі тігінен орналасқан темір жақтаудан ұстап , аяғыңызды салбыратып , өз салмағыңызды жоғары серпіліп көтересіз . Төс , қолдың үшбасты бұлшық еті . Бицепске тарту - Қолыңызға зіл алып , екі алақаныңыз алға қарап тұрады , шынтағыңызды бүгіп , зілді алдыңызға тартасыз , қолдың жұмыр екі басты еттерін шынықтырасыз . Көтергенде денеңізді шайқалтпай , аяғыңызбен демемей , артқа шалқаймай тартасыз . Егер еріксіз шайқалып кете беретін болсаңыз , аздау салмақ алыңыз . Зілді толық меңгере алмасаңыз жеңілдетіңіз . 1 - апта Дүйсенбі : Штангамен отырып тұру , 3x10 Румынша тарту , 3x12 Алға басу , 3x12 Штангамен еңкею , 3x8 Сәрсенбі : Жатып штанга көтеру , 3x10 Тұрып штанга көтеру , 3x10 Брусьяда серпілу , Зх макс . Бицепске штанга тарту , 3x12 Жұма : Тұра тарту , 3x12 Еңкейіп тарту , 3x12 Тартылу , Зх макс . Аяқтың ұшына тұру , 3x15 2 - апта Дүй : Штангамен отырып тұру , 3x10 Румынша тарту , 3x12 Алға басу , 3x12 Штангамен еңкею , 3x8 Сәр : Жатып штанга көтеру , 3x8 Тұрып штанга көтеру , 3x8 Брусьяда серпілу , Зх макс . Бицепске штанга көтеру , 3x12 Жұма : Тұра тарту , 3x12 Еңкейіп тарту , 3x12 Тартылу , Зх макс . Аяқтың ұшына тұру , 3x15 3 - апта Дүй . : Штангамен отырып тұру , 3x6 Румынша тарту , 3x10 Алға басу , 3x10 Штангамен еңкею , 3x8 Сәр . : Жатып штанга көтеру , 3x6 Тұрып штанга көтеру , 3x6 Брусьяда серпілу , Зх макс . Бицепске штанга тарту , 3x10 Жұма : Тұра тарту , 3x12 Еңкее тарту , 3x12 Тартылу , Зх макс . Аяқтың ұшына тұру , 3x15 4 - апта Дүй . : Штангамен отырып тұру , 3x4 Румынша тарту , 3x8 Алға басу , 3x8 Штангамен еңкею , 3x6 Сәр . : Жатып штанга көтеру , 3x4 Тұрып штанга көтеру , 3x4 Брусьяда серпілу , Зх макс . Бицепске штанга тарту , 3x18 Жұма : Тұра тарту , 3x12 Еңкее тарту , 3x12 Тартылу , Зх макс . Аяқтың ұшына тұру , 3x15 • Жаттығулардың алдында минимум 20 - 30 реттен жеңілдеу салмақпен бір қыздыратын сет жасауыңыз қажет . • Аптасына минимум бір мәрте қарын прессін жаттықтырыңыз . 20 - 40 реттен тұратын 2 - 3 сет жасасаңыз болады . Бұлшық ет шынықтыруда жетістікке жету үшін құнарлы тамақ ішіп , түнде кемінде 8 сағат ұйқтап , жаттығу күнінен кейін кемінде бір күн тынығу керек . Бұлшық еттер демалыс кезінде өсіп , қалпына келеді . Күнде шынықсаңыз , ет жинай алмайсыз , оның үстіне тәніңіз қалпына келіп үлгермейді . Әзірге осы , " әуп - піссіміллә " деп бастап кетуге жеткілікті . Басты шарты көтеретін салмақтарыңызға апта сайын 1 , 5 - 2 кг қосып отыруға тырысыңыз . Басқа сұрақтарыңыз болса жаза отырыңыздар . Ізгі ниетпен , Асқар Базарбай ( Gastarbaiter )
Беке ! Сәлеметсіз бе ! Менің мынадай сауалдарым бар еді . Бүгінгі күні ұлт сахнасында жүрген жас буын мен аға буын арасында белгілі бір " қақтығыс " бар сияқты . Өткенде " Жас Алаш " газетінің бетінде Мұхтар Шаханов ағамызды қорғаған , сізді даттаған бір топ мақала жарық көрді . Соған қандай баға берер едіңіз ? Дінислам
деп өзі айтқандай , елеңдегі Қасым мінезі кең дүниеге кеудесін көлегейлемей сөйлейтін азаматтық батылдық , адамзат болмысының өрелі де еркесті сипаттарын тапжылтпай танитын суреткерлік көрегендіқ өжеттік пен өткірліқ сергектіқ суреттің айқындығы мен сөзім шынайылығы қазіргі қазақ лирикасына түгел тән ортақ мінез , ортақ қасиетке айналды
Алайда , ғалымдардың бұл еңбегі қаржыландыру болмағандықтан пайдаланылмай тұр .
Елбасының Жолдауын жүзеге асыруға бағытталған жалпыұлттық шаралардың орындалу барысына көз жүгіртсек , Маңғыстау облы сын да ғана емес , бүкіл Қазақстан бойынша маңызы бар ірі 12 жо баның индустрияландыру картасы на енгізілуі қуанышты жәйт екені даусыз . Облыста аймақтық индус трияландыру картасы аясында - 7 , республикалық индустрияландыру картасы бойынша 5 жобаны іске асыру қолға алынды .
Павлодар облысының Баянауыл ауданында туған . Петропавл орыс педагогикалық техникумын , Қоғамдық ғылым оқытушылары коммунистік университетін бітірген .
Маңғыстау облысының ең тартымды туристік бағдарларының бірі Ұлы Жібек Жолы бойымен саяхат , ол Маңғыстаудың бүкіл аумағынан оңтүстіктен солтүстікке , әрі қарай солтүстік батысқа , Үстірт даласы , Шетпин қақпалары арқылы Каспий жағалауына келген . Осы жерде керуен сарайлар , шағын қалалар : Сарташ , Алта , Кетік сақталған . Аңызға бай қасиетті тау Шерқала , ал одан жақынырақта - Шыңғысхан ұлы Жошының қорған орны . Осы мекенде тарихи - сәулеткерлік ескерткіштер көп : шыңнан қашалған Бекет - Ата , Шақпақ Ата жерасты мешіттері және Есет Батырдың мемориалдық кешені .
" 1 ) Конституциялық Кеңестің екі мүшесін қызметке тағайындайды ; Орталық сайлау комиссиясының екі мүшесін , Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің үш мүшесін бес жыл мерзімге қызметке тағайындайды ; " ;
Әнді сүйсен , менше сүй , - деп Абай атамыз айтқандай кезекті бір тамаша әнге берейік .
Керемет ! Өте әдемі жазылған шығарма . Туынды маған ұнады . Шығарма жазу автордың шеберлігі . Оған жай қарай салуға болмайды . Сізге шығармашылық табыстар тілеймін ! ! !
Иә , шынында зер салып қарайтын болсақ , мұнда көптеген ғибрат , өнегелер бар .
- Нағыз хас сұлудың кім екенін өнер адамы ретінде мен ғана білемін . Ал , сенде эстетикалық талғам жоқ . Сен етегін түргеннің бәрін ару деп ойлайсың . Өйткені , сен оларға бұқаның көзімен ғана қарайсың ғой .
Қайрашева Мира Владимирқызы Қаржы және экономика бойынша атқарушы директоры
2 . Пайдалану режимi құстар мен су жануарлары жаппай мекендейтiн жерлерге әсер ететiн су қоймаларын , көлдердi және басқа да су объектiлерi мен су шаруашылығы құрылыстарын , сондай - ақ су объектілерінің акваториясында орналасқан құрылыстарды пайдалану кезiнде сулы - батпақты алқаптардың қажетті гидрологиялық режимінің сақталуы және аңшылық шаруашылығын жүргiзу мүдделерi ескерiлуге тиiс .
Енді бір санаулы күндерден соң 2009 жылдың есігін жабады екенбіз . Бұл жыл кімге не сыйлады ? Кім қандай ой түйді ? Қазақ қоғамына осы жыл не берді ? Жеткен жетістігіміздің мәресі не болды ? Кері кеткен тұсымыздың кемшілігі неде ? Бұл сауалдардың сыртында күнделікті күйбең тірліктің өзі адам баласын он ойландырып , тоқсан толғандырады емес пе ? Ендеше , өмір , тұрмыс деген тақырыптан да көрген түйгеніміз болса ортаға салып ақтарылайық , сыр бөлісейік . Ал , ең бастысы әр пікір білдіруші 2009 жылдағы тоғыз саяси немесе төтенше оқиғаны , тоғыз саяси немесе мәдени тұлғаны , тоғыз шығарма мен авторды , жылдың ағымында айтылған тоғыз афоризмді , жылдың үздік тоғыз әні мен әншісін , тоғыз спортшысын атаса бір - бірімізді жан жақтан толықтыра түсер едік . Сүйтіп , « тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйінін » жасар едік . Сіздерден белсенділік күтеміз , құрметті оқырман ! ( Ескерту : сауалға жауап ретінде әлемдегі қым - қиғаш оқиғалар мен сол оқиғаларға қатысты тұлғаларды , әншілер мен спортшыларды да , т . б . мысал етіп алуға болады )
Социологияның танымдық қызметі әлеуметтік дамудың заңдылықтарын және әлеуметтік құбылыстар мен процестерді өзгерту бағытында болды , зерттеу де соған бағытталады .
Ормантай көке ! Байпақ мамама үлкен болғандықтан табанына қабаттап ескі дәптердің мұқабасын салғам , егер алып тастамаса сол болуы керек ! деді ол зар қағып .
Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2008 жылғы 10 желтоқсандағы № 335 бұйрығы , Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2010 жылғы 30 наурыздағы № 91 Бұйрығына сәйкес күші жойылған
« Қорытындылау » - мұғалімнің өзі немесе балалармен бірлесіп сабақтың өзіндік логикалық қорытындысын шығаруға және құрылымдық элементтерінің орындалуына қол жеткізуге бағытталғаг әдістемелік тәсіл .
Об итогах работы здравпункта колледжа в 2009 - 2010 учебном году .
АСТАНА . 1 ақпан . ҚазАқпарат . Бүгін ҚР Парламенті Мәжілісінің Төрағасы Орал Мұхамеджановтың жетекшілігімен Палатаның жалпы отырысы өтті . Онда Мәжілістің Заңнама және сот - құқықтық реформа комитетіне « Қазақстан Республикасының кейбір конституциялық заңдарына толықтырулар мен өзгерістер енгізу туралы » Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының жобасы бойынша қорытынды әзірлеу міндеті жүктелді .
Бірінші сатыда үй егесі Ибрагим , екінші мен . Жол жобасына қарай үлкен ұлымыз Сәкен , қыздарымыз Меруерт , Гүлден , Ая . Қыздан екі жиеніміз , ұлдан екі немереміз бар .
Мен мемлекеттер мен халықтардың даму жолын еркін таңдау құқығын , егемендігі мен территориялық тұтастығын айтып отырмын .
1 . 6 . Бөлім қызметкерлерінің штаттық санын басқарма ұсынысы бойынша Қызылжар ауданының әкімі бекітеді .
« Осының барлығы « Астана ның өркен деуі - Қазақстанның өркендеуі » деген ұран мен салы нып жатқан жас астана мыздың мерекесіне - елорда күніне орай барлық өңірлердің үлкен тартуы , үлкен сыйлығы болып сана ла ды » , деген Елбасы биыл Қазақ стан ның Тәуелсіздігінің 20 жыл дығы атап өтілетіндігін , соған байла нысты осы жұмыстың бар лығы жасалып жатқандығын , сол ұлы дүбірлі мерекеге тарту ретінде Қазақстанның әр өңірінде атқарылатын жұмыстардың аз емес екендігін жеткізді .
Гамбург - Эппендорф клиникасының өкілі РИА Новости тілшісімен сұхбатта Наразбаевқа қатысты БАҚ - тың хабарламаларын растаған да жоқ , жоққа да шығармады . оның айтуынша , клиника қызметкерлері қазіргі ережелерге сәйкес өз науқастары туралы ақпаратты жарияламайды . « Мен клиникада қауіпсіздік шаралары күшейтілмегендігін ғана айта аламын » , - деді ол .
Ал Жәкiшевтiң адвокаты Нұрлан Бейсекеевтiң барлық айыптаулар бойынша өзiнiң қорғауындағы Мұхтардың құқығы сақталмағанын айтады . " Ол тергеу iсiнде өзiнiң кiнәсiздiгiн толық дәлелдеуге мүмкiндiк ала алмады . Менен бөлек Жәкiшевтiң жеке өзi Бас прокуратураға бес өтiнiш жазды . Бiрақ соның бiрiн де қадағалау мекемесi қараған жоқ . Прокуратураның айыптау құжаттарымен толық танысуға жеткiлiктi уақыттары болды дегенiне байланысты мынаны айтқым келедi . Мен 16 қарашада дене қызуымның өте жоғары болғанына байланысты еңбекке жарамсыз деп табылып , ауырып жаттым . Iске тек 25 қарашада кiрiстiм . Ал осы уақыт аралығында тергеу органдары менi құжаттармен танысты деп қаулы қабылдап қойған . Ал iстермен танысу уақытын математикалық есеппен келтiретiн болсам , маған бiр бетiне 23 секунд ғана уақыт берген . Осы заңдылыққа жата ма ? " - дейдi Нұрлан Бейсекеев .
Краткая информация : Ақша қаражаттарының жалпы сипаттамасы . Есеп айырысу нысандары Барлық шаруашылық жүргізуші субъектілер өз ақша қаражаттарын банкі мекемелерінің тиісті шоттарында сақтап және міндеттемелері бойынша төлемдерін , әдетте , осы мекемелер арқылы ақшасыз нысанда , ал қажет жағдайда Қазақстан Республикасының Ұлттық банкісінің нормативтік құжаттарымен белгіленген шегінде нақты ақшамен есептеуді жүзеге асырады . Егер де заңды тұлғалардың арасындағы төлем сомасы 4000 айлық есептік көрсеткіштен ( АЕК ) асып түссе , онда олар тек ақшасыз тәртіпке айырысуларды жүзеге асырады . Бұл келтірілген мәлімет заңды тұлғалардың арасындағы әрбір мәміле ( контракт , келісімшарт ) бойынша шартты түрде пайдаланылады . Егер де контракт сомасы көрсетілген лимиттен асатын болса , онда төлем ақшасыз тәртіпте орындалуы керек , тіптен олар жартылай орындалса да , әрбір төлемнің сомасы 4000 АЕК - тен аспауы керке .
- Ана жақтан домалап келіп , мына пышақтың үстінен өтіңдерші , - дейді екен . Үлкен баласы домалап келуін келіп , дәл пышаққа жақын келгенде , тайқып , жалтарып аунайды екен . Екіден соңғысы пышақпен жұмысы жоқ , жалтармай , бұлтармай аунайды екен . Пышақтың өзі жалтарады екен . Өзін жау өлтірерін білген соң , жолдасына айтқан екен :
Жастайынан атын естiп , шығарма ларын жата - жастана оқып өскен жазушы ағасы кейiнгi кездерi күндiз есiнен , түнде түсiнен шықпайтын болды . Екеуi бiр ауылдан . Ол орта мектептi бiтiрi сiмен арман қуып Алматыға аттанып , оқуға түсiп , оны үздiк тәмамдағаннан кейiн бiлдей бiр баспаға редакторлық қызметке орна ласып , дәм - тұз бұйырып , астанада тұрақтап қалып қойған .
Хадистің мағынасы : кімде осы сипат болса , ол жаннат иелерінен болады . Абу Һурайра адамдардың жүрегінде не бар екенін біледі дегені емес , бірақ кім жүрегімен айқын сенсе , ол жаннатқа кіреді дегенді білдіреді .
« Союз » аппараты 24 қырқүйекте Мәскеу уақытымен 8 . 55 - те Қазақстанда Жезқазғанның оңтүстік - шығысында 145 шақырым жерге қонуға тиіс болатын Росавивция басшысының кеңесшісі Андрей Прянишниковтың мәлімдеуінше , « Росавиацияның іздестіру - құтқару күштері дайын тұр . Аппараттың қонуын үш ұшақ - екі Ан - 24 және бір Ан - 12 ( бәрі Қарағандыда ) , 12 Ми - 8 тікұшағы ( екеуі резервте ) қамтамасыз етеді , олар Қарағанды мен Жезқазғанда орналастырылды , сондай - ақ , алты іздестіру - эвакуациялық көлік тағы бар ( біреуі резервте ) »
Көрсетілген қызмет нәтижелерімен келіспеген жағдайда шағым байланыс деректері арқылы ( ресми сайт , мекенжайлар мен телефондар ) облыс ( республикалық маңызы бар қалалар , астана ) әкімдігі басшысының атына беріледі
_ атомдық орбиталдағы бүркескен электрон бұлттары тығыздығының шамасы улкен болуы ;
- сіздің кәсіпорныңыз минералдық шикізатты қайта өңдеуден өткізетін металлургиялық өндіріс қатарына жатса және ҚР Үкіметі 2008 жылдың 31 желтоқсанында қабылдаған Қаулысына сәйкес мониторингке жататын ірі салық төлеушілердің тізімінде болса , несие бойынша кепілдік ала алмайсыз ;
Ой , қамшының сабындай ғана қысқа өмір - ай ! Жалт еттің де жоқ болдың ! Тым - тым алдамшы екенсің ғой ! Қандай өкінішті , ә ! … .
Әр халықтың басты байлығы , баға жетпес қазынасы - ана тілі . Қазақстан Республикасының негізгі тілі - мемлекеттік тілді , яғни қазақ тілін құрметтеу , оны білу - біздің әрқайсымыздың асыл парызымыз . Ана тіліне салғырт қарау - өз халқының өткеніне , бүгініне , болашағына немқұрайды қарау деген сөз .
Басқарушы директор , энергетика және табиғи қорлар бизнес - тобы , ЕБРР
Ху Цзиньтаоның бұл сапары 15 маусымда Астанада болатын ШЫҰ - ның мерейтойлық саммитіне жалғасады . Ал Ақордадағы кездесу барысында Қазақстан Президенті Н . Назарбаев атап өткеніндей , бұл Қытай басшы сы ның Қазақстанға жасаған 7 - ші сапары , ал екі жақты 25 - ші кездесу екен . Осы фактінің өзі - ақ Қа зақ стан мен Қытай арасындағы екіжақты қарым - қатынастардың қызу қарқынмен дамып келе жатқанын көрсетеді .
Homebank . kz порталындағы авторизациялаудың қалыпты процедурасынан кейін ( қажетті тілді таңдау және пароль енгізу ) жоғарғы қызмет көрсетілім тізімінен « Қызметтер » - « Салық төлеу » пункттерін таңдаңыз .
Садақаның абзалы - жетерлік байлығы болғанда берілген садақа . Төмендегі алушы құлдан жоғарыдағы беруші құл жақсы . Қайыр - садақаны өз айналаңа беруден баста .
Халықаралық фашистік концлагерлер тұтқындарын босату күні . 1945 жылғы сәуірдің 11 - інде Бухенвальда концлагерінің астыртын комитеті қарулы көтеріліс ұйымдастырып , тұтқындар азаттық алды . Сол кезден бастап барлық елде Халықаралық фашистік концлагерлердегі тұтқындарды босату күні атап өтіледі .
Ногъайчыкъ да келген жауну сакълады , Эмеген да Ногъайчыкъны жокълады .
« Кеше Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Ислам Конференциясы Ұйымы Сыртқы істер министрлері кеңесінің 38 - ші сессиясы аясында ИКҰ Бас хатшысы Экмеледдин Ихсаноғлымен кездесті » , - деп жазады « Казахстанская правда » газеті . Тараптар екіжақты ынтымақтастықты одан әрі дамыту және нығайту мәселелерін , сондай - ақ ИКҰ СІМК 38 - ші сессиясының күн тәртібін талқылады . « Біз Президент мырзамен Ислам Конференциясы Ұйымының болашақ қызметін талқыладық . Биылғы жылы Қазақстан Ұйымның төрағасы болды . Біз жемісті өзара іс - қимылға сенім артамыз » , - деді Э . Ихсаноғлы .
1940 жылы аймақтық Ұлттық клубтың шымылдығы Ақтан Бабиұлының " Ермалай " пьесасымен ашылып , бұл туынды драма жанрының алғашқы қарлығашы болды . Оның " Жамал " ( 1941 ) , " Еріншек пен екпінді әйел " ( 1942 ) , " Қалқаман - Мамыр " , " Ақайша " секілді драмалық туындылары өлкедегі театр өнерінің қалыптасып дамуына септігін тигізді .
Ертеде бір еріккен хан « Кім де кім есекті сөйлетсе соған екі қап алтын беремін , ал сөйлете алмаса басын шабамын » деп жаханға жар салыпты . Еcекті кім сөйлете алсын . Көпке дейін ешкім келмепті . Бір күні Алдар көсе ханның алдына барыпты . Өзінің есегін көрсетіп , Мына есегімді сөйлете аламын , . Ол үшін сіз маған 20 жыл уақыт және алтындарыңызды алдымен беріңіз депті . Ешекті сөйлетемін дегенге таң қалған хан шартына көніп екі қапты алтынды есегіне артқызып егер сөйлете алмасаң басыңды аламын деп Алдарды жіберіпті . Алдарды көрген адамдар оны аяп , О ақымақ ешекті қалай сөйлетесің , ертең басыңды алады ғой . - депті .
Осылайша жеке тұлғалардың қолдан қиюластырған өмірбаянын сипаттайтын тұтас кітаптар да шығарылатын . Оған дәлел - кеңестік арнаулы қызмет офицері Серік Шәкібаевтың " тек қана құжаттар негізінде " жазылған " Үлкен Түркістанның " күйреуі " кітабы , оны орыс тіліне Павел Косенко аударған .
Құтты болсын айт ! Епті байымайт ! Айт бідерге бақ берсін Деп ел - жұртқа айт .
Әдетте махаббатты түр - түрге бөліп жатады . Соның ішіндегі ең зорларының бірі - Отанға , туған жұртыңа деген сүйіспеншілік сезімі . Пайғамбарымыз Мұхаммедтің ( с . ғ . с . ) хадисінде бар : " Мен егер адам өз жақынын жақсы көрсе , халқын да сүйген болып шыға ма деп сұрағанымда , Алланың елшісі : " Жоқ , олай емес . Жамандықтарына қарамай , халқына көмектескендер ғана соған лайық " деп жауап берді " . ( Убада Ибн Катир ) .
Өткен қысқы жылу беру маусымы біршама жүйеге келгенімен , биылғы жылы да осы бағытта кезек күттірмейтін шаруалар жетерлік . Осы мәселелер қала әкімі аппаратының жанынан құрылған арнайы штаб отырысында апта сайын қаралады . Осындай штабтың отырысы қала әкімі Ғ . Әшімовтың төрағалығымен өткен аптаның сәрсенбісі күні өтті .
белгіленген іс - шаралардың уақтылығы , жоспарлылығы мен жан - жақты қамтамасыз етілуі ;
Шет елде қалай жүрү , қалай Отанды сағыну , Отан үшін күю деген маған өте мәлім . Өйткені , 2007 жылы , оқуга Америкаға аттандым . Барғаннан бастап , танысу басталды , ол жерде менімен бірге Австралиядан , Великобританиядан , Франциядан , Польшадан , Румыниядан және Россиядан студеттер болды . Көбінесе , мен Қазақстаннанмын дегенімде , Саша Коэннін киносын айтып , маған қарап күлген болатын . Мен ол кезде , сол кино жайында ештеме білмейді екенмін , кейіннен маған қасымдағы Россияның қыздары , мағынасын түсіндірді . Мен сосын , алып барған , сүреттерімді көрсеттім , Қазақстан жайында коп ангиме айтып бердим . Достарымның менің еліме және маған деген көз қарастары өзгерді . Сосын , бір күні әр елден келген студенттер , өз жерлерінің тарихын , мәдениетін , тамағын жасап көрсетуге тиіс болды . Россиядан келген құрбыларым , маған бізбен бірігіп Россияны көрсетейік деді , өйткені әр елден келгендер кем дегенде екі - үштен болды , Қазакстаннан жалғыз мен екенімді сонда ғана түсіндім , мен көп ойланып , неге мен өз елімді айтпасқа дедім де , дайындыққа кірістім . Ең алдымен , киім жағын ойластырдым , шашымды екі жаққа өрдім , қазақша сырға тактым , басыма жігіттер киетін " тюбитейканы " кидім ( қолымда болғаны тек сол болған ) , сосын киіз үйді ойландым , бірақ жасай алмадым , керек заттарды көп таба алмадым ( уақытта аздау болды ) , Алматыдан кетер алдында , сувенир ретінде алып барған , киіз үй , домбыра , камшыны әдемілеп бөлменің бір бұрышына стол койып заттарымда орналастырдым , кей заттардың суреттерін қойдым . Осылай , мәдениет , тарих жайындағы дайындығымды тамамдадым . Ендігі ісім , ас әзірлеу болды . Мен тұрған штатта , ет , ұн табу өте киын , ол үшін көрші тұрған кішкентай қалаға бару керек болды , мен барлық мән жағдайды айтып , американдық мұғаліміме айттым , ол қуана көмектесетінін айтты да , екеуміз басқа қалаға кеттік . Ол жерден мен , бешбармаққа , бауырсаққа керек тағамдардың бырлығын алдым . Солай , келгеннен соң лезде етті астым ( Әлі байқаудың басталуына 3 сағаттай уақыт бар еді ) , бауырсақпен , еттін қамырларын дайындадым , қыздардың барлығы тамақтарын әзірлеп , өз бөлме бұрышын дайындауға кіріскен екен . Солай , ақырындап ет пісіп жатты , қамырда дайын болды , бауырсақта піспі үлгерді . Осылай , байқау басталды , менің де асым дайын болды , үлкен табаққа салып жюридің алдына қойғанымда , барлығы маған таңырқап қарады , бұл не дегендей . Мен қалай болғанында білмеймін ( үйде мамам жасағанын көргенім болмаса , бешбармақты да , бауысақты да жасап көрген емеспін ) . Сосын , дәм татып болғаннан кейін , жаңағы дайындаған бөлмелерімізді көруге кірісті , сөйтсем киінген мен ғана екенмін , барлығы маған қол соғып , менімен суретке түсті . Сосын , конкурстың ең ақырғы сайысы , музыка болды , мектепте оқыған сәтімде би қатысқаным бар еді , тездетіп интернеттен Асылбек Еңсеповтің " Әке түралы " күйін жазып алып , есіме биді тезірек түсіріп билеп бердім ( тек қазақ көйлегі болмады ) . Ең соңында , жюри өз бағаларын қойып , мен жеңімпаз атандым . Солай , бүкіл бір қалаға менің атым жария болды ( штат ішіндегі кішкене , суда орналасқан қала Миноква ) . Солай , өзімді басқа елден келген құрбыларм одан бетер маған жақын болып , жақсы дос болдық . Өкініштісі , суреттерімнің барлығы өшіп қалды . Өзім қуаныштан жарыла , үйге телефон соғып барлығын айтып бердім .
Сонымен қазақ хандығының құрылуына ұйтқы болған себептер - саяси және этникалық процестер болды . Оның басты этапы - Керей мен Жәнібектің қол астындағылармен бірге көшпелі өзбектердің басшысы Әбілхайырдан кетіп , Моғолстанның батысына қоныс аударуы . Мұндағы маңызды оқиға - Керей мен Жәнібекті жақтаушылардың өзбек - қазақтар , кейін тек қазақтар деп аталуы . Әбілхайырдың өлімінен кейін Керей мен Жәнібектің Өзбек ұлысына келіп , үкімет билігін басып алуы . Жаңа мемлекеттік бірлестік Қазақстан атана бастады .
Зауыттардың жүктемесі мен тапсырыстың жеткізілу кестесіне бақылау қою компаниялардың мұнайды және мұнай өнімдерінің ағымын қайта бағыттау жөніндегі мүмкіндігін нарықтағы жағдайға байланысты төмендетеді , бұл тағы кәсіпорындардың табыстылығының төмендеуіне әкеліп соғады .
Қазақша айтқан кезде « даладан артық . . . тек қана даланың өзі » екендігін түсіну керек . Менің ойымша бүгін осы ұғымды билік өкілдерінен бастан , ауылдағы қарапайым қазақ , еңкейген қариядан бастап жас жеткіншектердің барлығы түсінеді .
ELSERK блогы « Айтыс - әдебиет емес , поэтикалық дебат »
10 . Мемлекеттiк органдардың мамандары , консультанттары мен сарапшылары сараптаманы сапалы және уақытылы жүргiзудi , сараптамаға ұсынылған құжаттардың және құпиялықтың сақталуын қамтамасыз етедi .
Қыркүйектің 30 - ында Парламент Мәжілісінде әлеуметтік - мәдени даму комитетінің мәжілісі болады .
Ана жылдары Атырауда бір топ бейүкіметтік ұйым « Азаматтық Құрылтай » құрған болатын . Олардың мақсаты - әрбір қазақстандыққа мұнда игеріліп жатқан жер қойнауындағы табиғи байлықтан алар үлесі бар екенін ұғындырып , игеруші компаниялардың қоршаған ортаға әсерін бақылауда ұстау болатын . Жақында ауданымызға осы « Азаматтық Құрылтай » белсенді тобы келіп , өздерінің Каспий теңізін қорғау бағытындағы жобасымен таныстырып , семинар өткізді . Оған ауданымыздағы бір топ ҮЕҰ басшылары қатысты . Семинардың негізгі мақсаты туралы өз әңгімесін « Каспий Табиғаты » ҮЕҰ төрағасы Махамбет Хакимов төмендегідей өрбітті .
Зайсан аймағы Шығыс Қазақстан облысының әкімшілік ауданы . Аймақтың негізгі саласы ауылшаруашылығының , мал шаруашылығының , өсімдік шаруашылығының дамуы . Соңғы уақытта мұнай - газ саласы дамып , ашық тәсілмен көмір өндіру жүргізілуде .
Әуесеріктер аққұба келген , сары шашты шетелдік қыздар . Көптен күткен құдасын көргендей қуана күліп амандасып , асты - үстіңе түсетіні жақсы екен . Зуылдап тұр бәрі .
2 . 1822 - 1824 жылдардағы Жарғылардың қабылдануымен Орта және Кіші жүзде хандық билік жойылды . Авторы Сібір әскери губернаторы М . Сперанский болған « Сібір қырғыздары туралы » ( 1822 ж . ) Жарғы бүкіл Орта жүздің жерін қамтыса , авторы Орынбор әскери губернаторы П . Эссен болған « Орынбор қырғыздары туралы » ( 1824 ж . ) Жарғы Кіші жүз территориясына таралды .
« Сторожевойды » қуғындап , оның соңына соғыс кемелері мен әскери ұшақтар түсті . Бас қолбасшы Л . Брежнев қажет болса бүлікшілердің кемесін суға батырып жіберуге рұқсат берді . Алайда , мұның қажеті бола қоймады . Теңіз кемесі әуелі атқыланды , сосын басып алынды . Саблин осы ұрыста тапанша оғынан жарақат алады . Александр Шеин деген матроспен екеуінің ісі сотқа тапсырылады . Отанын сатты деп табылған В . Саблин ату жазасына кесіледі , ал А . Шеин - сегіз жылға бас бостандығынан айырылады .
Адам жайлы отырған жерінен үдере көше ме ? Ел аман , жұрт тынышта жасалып жатқан бұл не тірлік ? Меніңше , бұндай қарекеттер - постназарбаев кезеңі алдындағы алғашқы дайындықтар . Өйткені , бұған дейін көп нәрсеге көзі жете бермеген қоғамдық пікір , оның ішінде қазақи қоғамдық ой , бүгінде көп нәрсеге қанық . Кімнің қалай , не себепті « Форбс » журналының миллиардерлер тізіміне еніп жатқанын қарапайым халық білмейді емес , біледі ! « Неге тумысынан Қазақстан азаматтары емес , көлденең көк аттылар басымызға секіріп жүр ? » , - деген сауалдар қойыла бастағаны қашан ! Міне , кеше Израильдің Абсорбция министрілігінде Машкевич алған « тошав хозер » ( « оралман азамат » ) куәлігі - осынау тенденцияның өршу түсуінен туған үрейдің бергі белгісі !
Дыбыс - бейнежазу туындысын жасаушы бұл туынды кез келген жағдайда пайдаланылса да өз есiмiн немесе атауын көрсетуге , не солай көрсетiлуiн талап етуге құқылы .
Сонымен қатар ГТС 13 - ке қосымша бөлшектенетін аналогтық РАТС 12 абоненттерінің он мыңдық тобы қосылады . Сандық қатынасу станциялары « әрқайсысы әрқайсысымен » қағидаты бойынша сандық жолдар арқылы байланысуы тиіс .
Ең бірінші қолға іліккені жас күнінде арыстарымыздың арасында жүріп , солардың аманатын арқалап қалған ұлы жазушы Мұхтар Әуезовтің небәрі 20 жасында жазған « Жапония » атты ма қаласы болды . Алаш көшбасшылары сол тұста қазақтың бойындағы қай сар лық рухын түртіп ояту үшін ешқандай езгіге жаншылмай , өз ұлттық ерекшелі гін сақтап қалған елді іздеді . ХІХ ғасыр со ңы мен ХХ ғасыр басында Еуразия ке ңіс тігінде Батыстың экспансиясына ұшы ра маған бірден - бір ел Жапония еді . М . Әуезов күншығыс елінің 1861 жы лы жүзеге асырған әйгілі « Мэйдзи » ре фор ма сын талдай келе , соның ішіндегі бі лім ге қатысты тұсына баса назар ау дарады . Сол бойынша жапон жұрты ХІХ ғасыр соңында өздерінің жас талант ты да талаптыларын жаппай Германияға не сол сияқты Еуропаның басқа да озық елдеріне оқуға жіберуді жіті қолға алған болатын . Нәтижесінде ХХ ғасыр баста лысымен - ақ жапондар кімді де болсын өздерінің ұлттық мүддесіне қызмет еткізе алатын ең мықты ұлтқа айналды . Алашорда үкіметін құрып , аяқтан тік тұрғызуға бізге сондай тәжірибе қажет еді .
Бұл сөздерді пайғамбар ( оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын ) Меккені бағындырғаннан кейін , мұсылмандарда күш те , билік те болған кезде айтты , бірақ бұған қарамастан , пайғамбарымыз ( оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын ) пайда мен зиянды ескеріп , пайдадан гөрі зиян келтіруі мүмкін болғандықтан , ондай әрекетті істеуден бас тартты .
Үйлене алмағандар , Алла өз кеңшілігімен байытқанға дейін суық жолдан сақтансын . Қолдарыңдағылардан ( құл , күң ) хат тілегендерге , егер оларда бір қайыр білсеңдер , хат келісімін жасаңдар . Әрі оларға Алланың өздеріңе берген малынан да беріңдер . Өздері абыройлы болуды қалаған күңдеріңді дүние тіршілігінің пайдасы үшін жамандыққа зорламаңдар . Кім оларды зорласа ; онда Алла , ол зорланғаннан кейін аса жарылқаушы , ерекше мейірімді . ( 33 )
- Әбіш Кекілбаев - заманымыздың бір заңғар тұлғасы . Кекілбаев туралы сөз айту кімге болса да оңайға түсе қоймас . Өйт кені , Кекілбаевтың өзі бір әлем … Кекілбаевтай шешендікпен сөйлеп , Кекілбаевтың шеберлігіндей жазу - тек сол Әбекеңнің үлесіне тиген жеке тұлғалық ерекше қасиет … Кекілбаевты біздің қазақ оқушысы , қазақ қоғамы ең алдымен ақын , жазушы ретінде таныды . Кекілбаев толғанса - ро ман , көсілсе көсемсөз туады . Өндіріп , өнімді жазатын суреткер . Туындылары ның көрінісі көркемдігімен , кейіпкер бейнелері шежірелі шешендігімен , оқиға сы тарихи деректілігімен қатар өріліп , астарлы сөз , ой дариясының тұңғиығына шомылдырады .
Инновациялық қызметті дамытуға көмек көрсету мақсатында тұрақты негізде ЖОО , ҒЗИ және тәжірибелік - конструкторлық әзірленімдер мен инновациялық жобаларды қаржыландырумен айналысатын « Ұлттық инновациялық қор » АҚ , « Ғылым қоры » АҚ қаржылық даму институттарының қатысумен ғылыми - техникалық даму ( ынтымақтастық үшін келіссөз алаңдарын құру ) бойынша комиссия отырыстары өткізіледі . Бұдан басқа құрылыс материалдарын өндіру , машина жасау , жиһаз жасау саласында қазіргі заман технологияларының көрмелері мен конкурстарын өткізу жүзеге асырылады .
Қазір енді жағдай ептеп оңалып келеді . Ең бастысы , мемлекет мал шаруашылығының да му ы на үлкен мән беруде . Осы жағдайды пай да лана отырып Ауыл шаруашылығы ми нис тр лі гінің жа уапты қызметкерлері ғалымдардың қол дауы жә не көмегімен аталған істі қайтадан қол ға алды .
Елiмiзде биометриялық құ жат тар жасайтын өндiрiстi ке ңейту үшiн қосымша құралдар сатып алынған . Ендi өнiмдi шы ғаруды 1 , 5 есе кеңейтуге болады .
Лиро - эпостық жыр . Шамамен XVII ғасырда жазылған . Жырды тұңғыш рет 1880 жылы Е . А . Александров Мұсабай ақыннан жазып алып , мазмұнын орысшаға қара сөзбен аударған . XIX ғасырдың екінші жартысында татар мұғалімі Фалиолла Тухватуллин Зайсанда ел арасынан « Қыз Жібек » жырын жинап , 1894 жылы Қазан қаласында бастырған . Ал Жүсіпбек Шайхысыламұлы Қазан қаласында 1900 , 1903 , 1905 , 1909 , 1911 жылдары қазақ тілдерінде жариялаған . « Қыз Жібектің » Тухватуллин жинаған нұсқасы 1925 , 1933 , 1939 , 1957 , 1967 жылдары басылып шыққан . 1958 жылы « Қазақ эпосы » , « Казахский эпос » жинақтарында , 1963 жылы « Қыз Жібек » деген атпен қазақ , орыс тілдерінде жарияланған . Сондай - ақ орыс тілінде 1988 жылы жеке кітап болып жарық көрген . Қазіргі орталық ғылыми кітапхананың қолжазба қорында жырдың бірнеше нұсқалары сақтаулы . Оның ішінде Қ . Мырзағалиев , Ә . Дәнікеров , Ж . Қалмағанбетов , Е . Рахметов , Р . Мәзқожаевтардың нұсқалары бар . Жырдың нұсқалары арасында айырмашылық аз . Жырдың мазмұнында Базарбай деген байдың Төлеген атты ұлы 14 жасқа толғанда өзіне жар іздеп , 210 қыздың арасынан Сырлыбай ханның Жібек атты қызын ұнатады . Үш ай бірге болған соң , Төлеген еліне барып келмек болып сапарға шығады . Бірақ Жібекті қызғанып , жол тосқан Бекежан қапыда Төлегенді өлтіреді де , оның қазасын Жібекке өзі келіп естіртеді . Сол үшін Бекежан өлім жазасына кесіледі . Жырдың екінші бөлімінде хабарсыз кеткен Төлегенді іздеп шыққан оның інісі Сансызбай қалмақ ханы Қоренді өлтіріп , Жағалбайлы елін жаудан азат еткендігі айтылады . Д . Мәсімхан
Ежелгі Грецияда Олимпия ойындары кезінде өзінің " Тарих " атты кітабын дауыстап оқыған адам : Геродот
Академик Қ . Т . Тәшенов - ауыл шаруашылығы жануарларының физиологиясы саласындағы ірі ғалым , оның зерттеулері ТМД елдерінде де , одан тыс жерлерде де кең таралған .
Мақала Абайдың қарасөздері сияқты әсер береді екен . Қазіргі қоғамның бүкіл болмысы , дерті , қайшылығы көрініс тапқан . В то же время оқырманын « загружать » етпей , жеңіл баяндалады .
Аталған басты құжаттарға қосымша 2009 жылы облыста 17 салалық бағдарламалар аясында да тиiстi жұмыстар атқарылды .
Ел ішіндегі балшылық ашатын ( жауырыншы , тамыршы , есепші , алақан - саусаққа қараушы т . б . ) және болжайтын - дардың түрінің көптігіне қарамастан , халық күнделікті өмірінде көбінесе құмалақшыларға , оның қырық бір құмалағының болжамына ерекше баға берді . Көнеден сақталып , бүгінге жетіп өз орнын тауып отырғаны сондықтан да болар . " Қырық бір құмалақ - Данияр Пайғамбардан қалған мұра " , - дейді Ш . Уәлиханов ( " Таңд . шығармалар " , Алматы , 1985 , 159 - бет ) . Қырық бір ( кей жерлерде қырық төрт ) құмалақпен бал ашу Орта Азия мен Кавказ , Үнді мен Иран , Тибет пен Корея , Жапония мен Америкада болғандығын әлем тарихы растайды . Ел егемендігі орнағалы қазақ елінде де бұл өнерге ғалымдар мен жазушы және оқырман халық мән бере бастады . Құмалақ ашу жөніндегі зерттеулер құпиясын академик марқұм Ақжан Машанов ашса , одан кейін тоқсаныншы жылдар басынан зерттеп кітап жазғандар тілші - этнограф Тоқтасын Мыштайұлы Өмірзақов пен жа зушы Мағира Қожахметова ( Марал Зерен - дина ) болды .
Кеңес барысында Байланыс және ақпарат министрі Асқар Жұмағалиев , " Зерде " ұлттық инфокоммуникация холдингі " АҚ - тың басқарма төрағасы Нұрлан Измайлов , ІТ - компа ниялардың Қазақстандық ассо циациясының президенті Нұр лан Исин , " Зерде " ҰИХ " АҚ бас қарма төрағасының орын басары Биекеш Нұрғалиева , " Қазақтелеком " АҚ - тың бас қар ма төрағасы Қуанышбек Есекеев , " Логиком " АҚ - тың бас директоры Сергей Швалов және басқалар сөз сөйледі .
Шамамен осы кезде поэзияда уақыт идеясы пайда бола бастады . Енді Еуропалық поэзияда бәрін Уақыт өлшемінің аясына әкелу дағдысы қалыптасты . Соған сәйкес періштеліктің де уақыт заңдарына бағынатын ахуал екені пәтуа болды . Еуропаның жаңа әдебиеті осы пәтуадан негіз алған . Болмыстың өтпелі ахуалдардан тұратыны бейнелеудің ақиқатына айналды . Бір ақынның өлеңінде Періште , " мен періште болудан жалықтым , енді бір уақыт Адам болғым келеді " дейді . Бір романда Шайтан " Мен Шайтан болғым келмейді , біраз уақыт адам болғым келеді " дейді .
Ең бастысы - ұлттық ойдың өзегi үзiлмедi . Олар партияның мүшесi қатарында қала жүрiп ұлттық нысананың ұйытқысына айналды . Дербес қазақ мемлекетi құрылып , оның ұлттық ұйытқыда дамып , өркениетті ел қатарына қосылуына барынша бағытталып отырды . Әрине , бұл кезеңде саяси еркiндiк , толық бостандық туралы мәселе қозғау мүмкiн емес едi .
Бұл түсінікті жәйт . Мұсылман дінін ұстанған барлық муминдер үшін күн көріс үшін адал жолдармен қарекет ету , өнер үйрену , білім қуу , қолдан келгенше басқаларға жақсылық жасау басты парыз есебінде саналса , суфийлер үшін бұл жолдан таймай , ұстану басты міндет . Ислам діндарларының ойынша Хз . Мұхаммедтің жолында , Ислам дінінде " ең игі , пайдалы , Тәңірге тура бастайтын іс , яғни ғибадат ол - адамға қызмет қылу , басқаларға жақсылық жасау . Әсіресе басқа адамдарға жасалған жақсылық , ең алдымен мұқтаж адамдарға , ғаріптерге , пақырларға , жетім - жесірлерге жасалса , мың да бір сауап " .
Саяси жүйенің үшінші бөлігі болып саяси ережелер ( нормалар ) есептеледі . Олар саяси институттардың өзара бірлесіп әрекет етуін қамтамасыз етеді және саяси жүйенің ережелік негізін құрайды . Олардың ішіндегі ең маңыздысына Конституция және соған сүйенетін заңдар мен басқа нормативтік актілер жатады . Оларға белгіленген тәртіпті бұзғаны үшін мемлекет тарапынан шаралар қолданылады . Сонымен қатар саяси қызметті атқару үшін қоғамдық ұйымдар жасаған және солардың ішіндегі қатынастарды реттеуге арналған ережелердің де маңызы зор . Оларға ең алдымен сол ұйымдардың жарғылық ережелері жатады .
Жігіттер кв - Ақ босаға Ақ босаға Ақ босаға аттады , ашылды гүл бақтары Іздеп жүріп бақыт қандай бірін - бірі тапқаны Қос өзен боп аққаны бақытты бұл шақтары Күн нұрындай төгіледі махаббаттың шуағы Шырайлы шырағы , тек мәңгі . . . Қайырмасы : Болыңдаршы бақытты , арнадым ақ тілекті Айрылмас қос аққулардай жол болсын құтты Махаббаттың көлінде , тойдың бүгін төрінде Бақыт қонсын өмірде Жиналған жұрт , ағайын шырқап әнге салайын Екі жасқа әнді арнап , жақындап мен барайын Бақыттарың бүгінгі , аялаңдар гүліңді Құтты болсын бүгінгі екі жастың тойлары 3 Қайырмасы : Болыңдаршы бақытты , арнадым ақ тілекті Айрылмас қос аққулардай жол болсын құтты Махаббаттың көлінде , тойдың бүгін төрінде Бақыт қонсын өмірде
6 . 07 . 2011 күні Зайсан ауданынан 35 оқушы облыс әкімінің бастамасымен ұйымдастырылған « Туған ел алтын бесігім » акциясының аясында Елордамыз Астана қаласына 3 күндік саяхатқа аттанды . Зайсан қаласының кіреберісінде орнатылған қақпаның ресми тұсаукесер салтанатты шарасы жас саяхатшыларды жолға аттандыру рәсімімен жалғасын тапты . Балаларды аудан әкімі - Зайнулдин Серік Зинабекұлы ақ тілегін білдіре отырып шығарып салды .
« Эйр Астана » веб - сайтында немесе әуекомпанияның сату офистерінде несие картасы бойынша жұмсалған әрбір 200 теңге үшін 1 Nomad Club бонус ұпайы беріледі .
Қазіргі іс басындағы Президентті кандидат ретінде съездің қатысушылары бірауыздан қолдады .
Енді оның төңірегіндегілер , оны жақсы білетін жандар Нұр сұлтан Әбішұлының жанына топтаса бастады , ақыл сұрады , сыр лас ты , кеңесті . Сөйтіп , тағдыр ха лық басшылығына алып келген адам ның тұлғалық қасиеті қа лып тасты .
1 . Заң мен сот алдында жұрттың бәрi тең . 2 . Тегiне , әлеуметтiк , лауазымдық және мүлiктiк жағдайына , жынысына , нәсiлiне , ұлтына , тiлiне , дiнге көзқарасына , нанымына , тұрғылықты жерiне байланысты немесе кез келген өзге жағдаяттар бойынша ешкiмдi ешқандай кемсiтуге болмайды . 15 - бап 1 . Әркiмнiң өмiр сүруге құқығы бар . 2 . Ешкімнің өз бетінше адам өмірін қиюға хақысы жоқ . Өлім жазасы адамдардың қаза болуымен байланысты террористік қылмыстар жасағаны үшін , сондай - ақ соғыс уақытында ерекше ауыр қылмыстар жасағаны үшін ең ауыр жаза ретінде заңмен белгіленеді , ондай жазаға кесілген адамның кешірім жасау туралы өтініш ету хақы бар . 16 - бап 1 . Әркiм өзiнiң жеке басының бостандығына құқығы бар . 2 . Заңда көзделген реттерде ғана және тек қана соттың санкциясымен тұтқындауға және қамауда ұстауға болады , тұтқындалған адамға шағымдану құқығы берiледi . Соттың санкциясынсыз адамды жетпiс екi сағаттан аспайтын мерзiмге ұстауға болады . 3 . Ұсталған , тұтқындалған , қылмыс жасады деп айып тағылған әрбiр адам сол ұсталған , тұтқындалған немесе айып тағылған кезден бастап адвокаттың ( қорғаушының ) көмегiн пайдалануға құқылы . 17 - бап 1 . Адамның қадiр - қасиетiне қол сұғылмайды . 2 . Ешкiмдi азаптауға , оған зорлық - зомбылық жасауға , басқадай қатыгездiк немесе адамдық қадiр - қасиетiн қорлайтындай жәбiр көрсетуге не жазалауға болмайды . 18 - бап 1 . Әркiмнiң жеке өмiрiне қол сұғылмауына , өзiнiң және отбасының құпиясы болуына , ар - намысы мен абыройлы атының қорғалуына құқығы бар . 2 . Әркiм өзiнiң жеке салымдары мен жинаған қаражатының , жазысқан хаттарының , телефон арқылы сөйлескен сөздерiнiң , почта , телеграф арқылы және басқа жолдармен алысқан хабарларының құпиялылығы сақталуына құқығы бар . Бұл құқықты шектеуге заңда тiкелей белгiленген реттер мен тәртiп бойынша ғана жол берiледi . 3 . Мемлекеттiк органдар , қоғамдық бiрлестiктер , лауазымды адамдар және бұқаралық ақпарат құралдары әрбiр азаматқа өзiнiң құқықтары мен мүдделерiне қатысты құжаттармен , шешiмдермен және ақпарат көздерiмен танысу мүмкiндiгiн қамтамасыз етуге мiндеттi . 19 - бап 1 . Әркiм өзiнiң қай ұлтқа , қай партияға және қай дiнге жататынын өзi анықтауға және оны көрсету - көрсетпеуге хақылы . 2 . Әркiмнiң ана тiлi мен төл мәдениетiн пайдалануға , қарым - қатынас , тәрбие , оқу және шығармашылық тiлiн еркiн таңдап алуға құқығы бар . 20 - бап 1 . Сөз бен шығармашылық еркiндiгiне кепiлдiк берiледi . Цензураға тыйым салынады . 2 . Әркiмнiң заң жүзiнде тыйым салынбаған кез келген тәсiлмен еркiн ақпарат алуға және таратуға құқығы бар . Қазақстан Республикасының мемлекеттiк құпиясы болып табылатын мәлiметтер тiзбесi заңмен белгiленедi . 3 . Республиканың конституциялық құрылысын күштеп өзгертудi , оның тұтастығын бұзуды , мемлекет қауiпсiздiгiне нұқсан келтiрудi , соғысты , әлеуметтiк , нәсiлдiк , ұлттық , дiни , тектiк - топтық және рулық астамшылықты , сондай - ақ қатыгездiк пен зорлық - зомбылыққа бас ұруды насихаттауға немесе үгiттеуге жол берiлмейдi . 21 - бап 1 . Қазақстан Республикасы аумағында заңды түрде жүрген әрбiр адам , заңда көрсетiлгеннен басқа реттерде , оның аумағында еркiн жүрiп - тұруға және тұрғылықты мекендi өз қалауынша таңдап алуға құқығы бар . 2 . Әркiмнiң Республикадан тыс жерлерге кетуiне құқығы бар . Республика азаматтарының Республикаға кедергiсiз қайтып оралуына құқығы бар . 22 - бап 1 . Әркiмнiң ар - ождан бостандығына құқығы бар . 2 . Ар - ождан бостандығы құқығын жүзеге асыру жалпы адамдық және азаматтық құқықтар мен мемлекет алдындағы мiндеттерге байланысты болмауға немесе оларды шектемеуге тиiс . 23 - бап 1 . Қазақстан Республикасы азаматтарының бiрлесу бостандығына құқығы бар . Қоғамдық бiрлестiктердiң қызметi заңмен реттеледi . 2 . Әскери қызметшiлер , ұлттық қауiпсiздiк органдарының , құқық қорғау органдарының қызметкерлерi мен судьялар партияларда , кәсiптiк одақтарда болмауға , қандай да бiр саяси партияны қолдап сөйлемеуге тиiс . 24 - бап 1 . Әркiмнiң еңбек ету бостандығына , қызмет пен кәсiп түрiн еркiн таңдауына құқығы бар . Ерiксiз еңбекке соттың үкiмi бойынша не төтенше жағдайда немесе соғыс жағдайында ғана жол берiледi . 2 . Әркiмнiң қауiпсiздiк пен тазалық талаптарына сай еңбек ету жағдайына , еңбегi үшiн нендей бiр кемсiтусiз сыйақы алуына , сондай - ақ жұмыссыздықтан әлеуметтiк қорғалуға құқығы бар . 3 . Ереуiл жасау құқығын қоса алғанда , заңмен белгiленген тәсiлдердi қолдана отырып , жеке және ұжымдық еңбек дауларын шешу құқығы мойындалады . 4 . Әркiмнiң тынығу құқығы бар . Еңбек шарты бойынша , жұмыс iстейтiндерге заңмен белгiленген жұмыс уақытының ұзақтығына , демалыс және мереке күндерiне , жыл сайынғы ақылы демалысқа кепiлдiк берiледi . 25 - бап 1 . Тұрғын үйге қол сұғылмайды . Соттың шешiмiнсiз тұрғын үйден айыруға жол берiлмейдi . Тұрғын үйге басып кiруге , оны тексеруге және тiнтуге заңмен белгiленген реттер мен тәртiп бойынша ғана жол берiледi . 2 . Қазақстан Республикасында азаматтарды тұрғын үймен қамтамасыз ету үшiн жағдайлар жасалады . Заңда көрсетiлген санаттағы мұқтаж азаматтарға тұрғын үй заңмен белгiленген нормаларға сәйкес мемлекеттiк тұрғын үй қорларынан олардың шама - шарқы көтеретiн ақыға берiледi .
Падишалар немесе олардың өкілдері шатырлары мен төңірегінде өз сарайларындағы ықпалдылығын жалғастырған . Миньятюраларда көрсетілген қабылдау сахналары , қонақасылар мен мерәсімдердегі көркем сахна ықпалы көздің жауын алады .
Қызылорда қаласының № 2 аумақтық бөлімінің мемлекеттік сот орындаушысының өндірісіне Қызылорда қалалық сотының 05 . 03 . 2011 жылғы жауапкер Еспосынова Рая Ақжігітқызының Қызылорда қаласы , Саулет тұрғын ауданы , 37 квартал , 10 жер учаскесіне заңсыз салынған 8мх8м көлемді құрылысты бұздыруды міндеттеген атқару парағы орындау үшін түскен болатын .
Қ . Қари : Сіз еліміз Тәуелсіздік алғаннан кейін Сыртқы істер министрінің орынбасары қызметін атқардыңыз , елдің сыртқы саясат тұжырымдамасы авторларының бірісіз . Еліміз Тәуелсіздігін жариялаған соң , дипломатиялық қатынас орнату шаралары алғаш неден басталды және алғаш дипломатиялық қатынас орнатқан елдер жайында айтып өтсеңіз .
Міне , « Ой толы » өлеңінің сыйқы . Өлеңде ой мен сезім , ақындық тіл бірдей келуі керек ; біреуі жоқ болса , ол өлең - жарымжан . Ал біздің кейбір ақындарымыз осы үш қасиеттен түгел безіп , саудыраған сөздерді жіпке тізіп жүрген болса , - өзін - өзі алдағандығы деп білу керек .
Мұны неге жағымпаз жыр деп отыр деулеріңіз кәдік . Расында мен бүгінгі Астанамызбен мақтанамын , оны жақсы көремін . Алайда , базбір " пилосоптар " Астанаға арнау жазған ақындардың сыртынан ғайбат айтуға ынтық . Жағымпаз дейді , басқа дейді . Кім не десе о , десін . Бұл өлең облыстық тілдерді дамыту басқармасы ұйымдастырған мүшәйрада жеңімпаз атанған еді . Жағымаз деп қабылдасаңыз да , ақын деп қабылдасаңыз да өз еркіңіз … Пышақ сіздің қолда … Үкім де … More
Негізгі карточка - Сіздің карточкалық шот бойынша ресімделген төлем карточкаңыз .
Біз Бошанның баласы Таздан тараймыз . Таздан Наманай мен Бұлбұл өрбиді . Бұлбұлдың үшінші бәйбішесі Құбакемпірден Алдияр , Күшік , Шаншар , Үсен , Құдайберлі туады . Құдайберліден Есенгүл - Өмір - Омар Омардан Құланқадыр , Айташ , Ғали , Әсия , Мәрия , Темірғали туады . Әрі қарай оқу
« Ақтау Теңіз Порты » мен « Казмортрансфлот » компаниялары арасындағы өзара ынтымақтастық туралы Меморандумдарға қол қойылуы
Кадрларды бекiту тетiктерiнің болмауы ( материалдық ынталандырулар , қажетті әлеуметтiк - тұрмыстық жағдайлар , жеңiлдiктер бeру ) медициналық ЖОО бiтiрушілердiң орташа 50 % - ке жуығының ғана бөлiнген орындарға баруына әкеп соқтырады .
Шәкірт бала ауылға асыққан , лепірген күйіне қайта келіп , тағы да тебіне жөнелді .
Өкінішке орай , үстіміздегі жылы атышулы , қасақана жасалған қастандықтар да аз болмады . Елордада белді компаниялардың басшысының әйелін және үш бала - шағасын кейін белгілі болғандай Евлоев деген азамат бауыздап кетті . Бұдан кейін парламенттегі бір топ депутат арнайы үндеумен Нұрсұлтан Назарбаевқа сәбилерді қасақана өлтіруші қаскүнемдерге қарсы өлім жазасын қайта қалпына келтіруді сұрап жүгінді .
ЕЖЖ диапазонында радио байланыс каналдарында сенімді алыстық тура көріну мен жақындаудың шектеулі аймағы мына формулада бағалануы мүмкін :
а ) Алматы қаласы Еңбек биржасына ( мекен - жайы берілген ) хабарласып жастар тәжірибесіне қатысуға жолдама алу .
30 жыл бұрын ( 1980 ) дзюдодан спорт шебері , халықаралық дәрежедегі спорт шебері , Қазақстанның бірнеше дүркін чемпионы ҚАЛИЕВА Шолпан Сейдоллақызы дүниеге келді .
Жат орта , бөтен ел қанша үй ренді десе де адамға то бынан жырылып , адасып қал ған ақсақ киіктің Бетпақ да ласындай бо лып көрінетін бол са керек … ( Қауқылдаған қа зақтың шалы шынында да тобынан жы рылған ақсақ киіктей болып көрінді бізге ) . Сондықтан да адамның жаны шырылдап : « ел қайда ? » деп қиналатындай , бірақ « ел алыс та … » деп на литын секілді шерлі жүрек . Әннің сөздері мен мұңлы сазы қарт тың жүрегіндегі жара сын дәл басқандай .
Ақынның « Ре уақыты » атты жинағына 2001 - 2008 жылдары жазылған он жеті поэмасы мен екі эсселер топтамасы кірген . Ал « Желдің көлеңкесі » атты романында Алматы қаласындағы адамдардың тағдыры баяндалады .
Белгілі бір мейрамға орай ұйымдастырылған іс - шараға шақыру алып , көрмедегі картиналарды қарап жүрсем , " Сіз қазақсыз ба ? " - деген сауалды естігенім . More
Республиканың машина жасау кешенiнiң өнiмi өнеркәсiп өнiмiнiң жалпы көлемiнде 3 % - ға жуық . Оңт . аймақта Станок жасау з - ты , Алматыда Ауыр машина жасау з - ты жұмыс iстейдi , олар түрлi станоктар шығарады . Солт . аймақта " Шағын литражды двигательдер зауыты " , " Дизель " , " Ротор " ЖШС - терi , " ЗИКСТО " , " Мұнаймаш " , " С . М . Киров атынд . зауыт " , Петропавл " Ауыр машина жасау зауыты " АҚ - дары сияқты iрi машина жасау кәсiпорындары жұмыс iстейдi . Олар а . ш . машиналары үшiн босалқы бөлшектер , жабдықтар , двигательдер , көшпелi электр ст - ларын , тамақ өнеркәсiбi үшiн жабдықтар , газ бен электр энергиясының шығынын есептейтiн есептеуiштер шығарады . Қазақстанда құрылыс индустриясының дамуына ел ордасының Астана қ - на көшiрiлуi жаңа серпiн бердi . Құрылыс материалдары өнеркәсiбi өнiмiнiң көлемi республика өнеркәсiп өнiмiнiң жалпы көлемiнде 4 % - ға жуық .
Отбасындағы бос уақыт ( өмiрлiк қиын жағдайда жүрген адамның бос уақытта / демалыс кезiнде отбасының басқа мүшелерiмен бiрге қатысуы )
ҚР Президенттiк мәдениет орталығында « Күлтегiн » күнiне орай орталық директоры , ғалым Мырзатай Жолдасбековпен кездесу жиыны өттi . « Мәңгiлiк мұраның рухани жанашыры » атты басқосуға « Асу » гуманитарлық - техникалық колледжiнiң оқытушылары мен студенттерi қатысты .
Елемесов Құрыштың аудандық Халықтық бақылау комитетінің аға інспектор ( заведующий сектором районного комитета народного контороля ) , СССР журнали стер Одағының мүшесі , аудандық « Ленин жолы » газетінің әдеби қызметкері , Коммунистік партиясының ( ЛКСМ ) жастар Одағының штаб басшысы болғандығын осы күнге дейін сақталып келген куәліктері дәлелдейді .
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министірінің бірінші вице - министрі , Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің ішкі саясат бөлімінің меңгерушісі , Қазақстан Республикасы Үкіметінің әлеуметтік - мәдени даму бөлімінің меңгерушісі ( 2001 - 2005 жж . ) қызметтерін атқарған . Республикалық саяси еңбек партиясының « Отан » РСП құрамына енгенше төрағасы қызметін атқарды . 2005 жылдың сәуір айында « Отан » партиясының төрағасы Н . Ә . Назарбаевтың тағайындауымен « Отан » РСП партиясының төрағасы міндетін атқарушы болып тағайындалды . 2005 жылы Қазақстан Ресупбликасының Прзиденттігіне үміткер Н . Ә . Назарбаевтың Республикалық қоғамдық штабын басқарды . 2007 жылдың маусым айында « Нұр Отан » ХДП төрағасының бірінші орынбасары қызметіне тағайындалды . 2007 жылдың 18 тамызында депутаттыққа сайланып , ҚР Парламенті Мәжілісі төрағасының орынбасары , Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінде « Нұр Отан » халықтық - демократиялық фракциясының жетекшісі қызметтерін атқарды . 2008 жылдың сәуір айында ҚР Президентімен әл - Фараби атындағы Қазақ ұлтттық университетінің ректоры болып тағайындалды .
- Атамандар көп , Дутов , Семенов , Корнилов , атаман Анненков бар , бұлар қызылдарды қуады . Сталиннің керегі жоқ , - деп көнбеді .
оте куаныштымын , Мен Албаннын Айты болам , Мангыстау обл . Жанаозен каласынан
85 жыл бұрын ( 1925 ) дәрігер - хирург , Социалистік Еңбек Ері , Қазақ КСР - нің еңбек сіңірген дәрігері , Қостанай қаласының Құрметті азаматы ЫСМАҒҰЛОВ Нариман Ғазизұлы дүниеге келді .
Абай осы ойының ұшығын " Қыран бүркіт не алмайды , салса баптап " атты өлеңінде нақты берген :
- Қайта тағайындалғаныңызға қатты куанып отырмын . Құттықтаймын сізді . 2 - 3рет хат жазып едім бірак жауаб болмаған сон қайта жазып қөмек сұрап отырмын . Мен Хаймульдина Алматай жасым 75 - те . Менім қызым Жабаева Казинаш Нақысбек қызы 2005 - 2007жж мемлекеттік тұрғын ұй құрылысы бағдарламасы бойынша ұш бөлмелі пәтерге өтініш өткізген , бірақ комиссия мүшесі бір бөлме беруге шешіп отыр . Өтініште өзін ғана көрсеткен жалақысына және жасына қарап . Ал негізінде онын қолында мен және немерем ( кәзір ол 10 - шы сынып оқиды ) екеуміз тұрып жатырмыз . Сізден сұрайтыным тым болмаса екі бөлме алуға көмек берсеңіз деп жазып отырғаным ғой , менде көп жыл енбек сінірген аға мүғаліммін , Қазақстанға енбек сінген мүғалім деген атағым бар . Сізден дұрыс жауаб қүтудемін .
- Аллаһ тағаламен ант етемін , мен оны қаламаймын ! Жаным Сіз үшін құрбан ! Ешбір адам біреу оның жиен әпке - қарындасымен ойнастық жасағанын қаламайды .
Тізімнің екінші бөлігіне ғаламдық және аймақтық деңгейде қауіп төндіретін , мысалы , « әл - Каида » мен « Талибан » қозғалысы сынды , Қазақстанда тікелей жоқ болса да , орталық - азиялық әріптестерімен белгілі бір байланыстары бар болуы мүмкін ұйымдар кіреді .
Жалпы , Іле өлкесінің климаты - далалық . Ауа райының ауытқушылығы мен тұрақсыздығы - оның ерекшелігі ; даланың солтүстік бөлігіне қарағанда едәуір тұрақты болса да , қыста аяз болып тұрады ; жазда ыстық 400 - қа дейін жетеді . Суық 50 тан төмендеуі сирек . Жалпы климаты жанға жайлы , жазда күндізгі аптап тау басынан соққан түнгі салқынмен жайлы алмасып тұрады . Көктем тым жаңбырлы және жауын - шашынды болып келеді .
Осыдан кейін әділ сөз дің алдаспаны Әй теке бидің , жаланған жау дың бетін қайтарған Сартай батыр бастаған өмірі өнегеге толы жан дардың ескерткішіне гүл шоқ тары қойылды . Бұдан бөлек жинал ған жұртшылық Тәуелсіздік алаңы на қарама - қарсы бетте бой көтер ген " Қанағат " жабық базары мен жолаушылар көзайымына жараған автобекеттің көгілдір лентасын қиып , ашылу рәсіміне қатысты . Осы кезде еліміздің бірлігін , ынты мағын сақтауға сүбелі үлес қосқан дардың атына құран бағышталып , жиналған әлеумет бабалар аруағына ас берді . Әр жерде ақжарма тілек тердің тиегі ағытылып , жүздеріне қуаныш үйірілген жамағат 21 метр биіктіктегі аттылы батырға тамсана көз тігіп , оны айналдыра қойған басқа да ескерткішке жұртшылық тағзым етіп жатты .
Иә , Наурызды тұрмыс - салт немесе діни нанымдар деңгейінде қал ды рып қоюға мүлде болмай ды . Ендеше , Наурызды бесіктегі баладан , еңкейген қариямызға дейін асыға күтетін дә режеге жеткізу өз қолы мыз да .
Ғылыми еңбектері фаунистика , кәсіби мақсатпен ауланатын Қазақстан аңдарын қорғау және пайдалану мәселелеріне арналған .
Тiкелей зауыттан алын ған бұл ұшақ тың iшiндегi отыратын орындығына дейiн жайлы . Борт серiктердiң жолаушыларға ұсынған сервистерi де ерекше . Тамсанып отырып , үш жарым сағаттың қалай өткенiн де байқамай қалыппыз . Бiр топ алматылықтар Еуропа дағы ең үлкен Волга өзенiнiң бойында орналасқан ең iрi бес порттың бiрi - Самара қаласының « Курумоч » халық аралық әуежайына да келiп жеттiк .
Кеше Ақордада Мемлекеттік хатшы Қанат Саудабаевтың төрағалық етуімен Президент жанындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері жөніндегі комиссияның мәжілісі болып өтті .
Қазіргі кезде өңірде түлік санына шаққанда асыл тұқымды малдың үлесі артып , қолда бар тұқымның генофондын сақтауда да нәтижелі жұмыстар қолға алын ған . Атап айтқанда , өңірде 152 асыл тұқымды мал шаруа шы лығы жұмыс істейді . Саланы да мы туға мемлекеттен жанды көмек көрсетіліп , биылғы жылы аталған салаға республикалық бюд жеттен 302 , 3 млн . теңге көлемінде субси дия бөлу көзделіпті . Оның 242 , 1 млн . тең ге сі асыл тұқым ды мал сатып алуға , 42 , 4 млн . теңгесі асыл тұқымды бала пан шығаратын жұ мыртқа алуға , 17 , 8 млн . теңгесі ірі қара малын ұрықтан ды руға жұмсалмақшы .
Ана тілін қорғау - Отанды жаудан қор ғау мен пара - пар . Өйткені жау еліңді ша ба ды , же ріңді тартып алады . Ана тіліңді та банына салып таптайды . Бодан елге өз тілін үстем етеді .
Қазіргі кезде облыста 290 ауыл шаруашылығы кәсіпорындары , 6238 фермерлік және шаруа қожалықтары , 1155 халықтың жеке қосалкы шаруашылықтары бар , олар ауыл шаруашылығы өнімдерін өндірумен айналысады . Агробизнесті тиімді жүргізуі мақсатында 6 мыңнан астам ауыл шаруашылық құрылымдарына 2 млрд . 180 млн . теңге көлемінде нақты мемлекеттік көмек көрсетілді , оның ішінде 299 , 6 млн . теңге - облыс бюджетінен . Мемлекеттік инвестициялау , демеуқаржылар және бюджеттік кредиттеу жолымен бюджеттік бағдарламалар ар - кылы ғана емес , сонымен катар жаңа нысандары - ауылдық кредиттік серіктестіктер ( АКС ) және Ауыл шаруашылығын қаржылық қолдау қоры арқылы да жүргізілді . Облыста жұмыс істейтін 7 АКС 2005 ж . 80 жоба бойынша 191 , 3 млн . теңге жеңілдікті кредит берді , ол 2004 жылмен салыстырғанда 3 , 7 есе артық . Ауыл шаруашылығын қаржылық қолдау Қорының филиалымен бірге осы қор арқылы республикалық бюджет есебінен пилоттық микрокредиттеу үшін ауылдық аудандар анықталды . Ақтоғай , Қарқаралы , Осакаров , Бұқар жырау , Шет және Жаңаарқа аудандарының үй шаруашылықтары 34 , 2 млн . теңгеге 434 кредит алды .
Ал енді осының Кузнецов аударған орысшасын жолма - жол аударсақ дәл былай болып шығыпты :
Ислам - тұнып тұрған рақым діні . Сөздікте сәлем - есендікке жеткізу , бейбітшілік , адамдардың бір - біріне сенім көрсету , бейбітшілік орнату деген мағынаны береді . Алла тағаланың бір есімі де - сәлем . Әлемді сүйіспеншілікпен жаратқан Жаппар Иенің ақырғы пайғамбары да жер бетіне бейбітшілік орнату үшін жіберілген .
Әрбір үшінші әйел үйінен макияжсыз шықпайды . Қыз - келіншектер бет - әлпетін , негізінен , ер адамдар үшін емес , өзге әйелдер үшін әрлейді екен . QVC телеарнасы жүргізген зерттеудің нәтижесі осыны көрсетті .
Ғаламтордағы қазақ тілін дамыту - жаһанды шырмаған желілерде кәдімгі қаймана қазақы ортаны дамытумен қатар өрілетін өзекті мәселе екенін көзі ашық адам қазір біледі . Бүгінгі таңда интернетте ешкімге де еліктемей , өз ресурстарымызды жасауға , мемлекеттік тілдегі мазмұнды ұлғайтуға ұмтылып жатқан топтар , қоғамдық ұйымдар , елжанды азаматтар пайда болуда .
Әбілқайыр қазақ жерінің бүтіндігін сақтауға , бір орталыққа бағынған қуатты қазақ хандығын құруға тырысты . Оның барлығын сол замандағы өз танымы , өз пайы мы тұрғысынан , Ресей көмегі арқылы жүзеге асыруға әрекеттенді . Бірақ ол оқиғалар шырғалаңынан шыға алмады , бір халық келіп екін ші халыққа жұмақ орнатпайтын ды ғы туралы философиялық ой - пікір болашақтың сыбағасында қалды . Әбілқайыр ханның мысалы ел тәуел сіздігін күмәнді есептерге негіз делген саяси ойын құралына айналдыруға болмайтындығын көр сетеді . Тарих мемлекет егемендігіне балама жоқтығын дәлелдейді .
- « Бұрынғы студенттер жақсы еді » деп әріптестерім айтады , өз басым бұрын олай еді , қазір нашар деп айта алмаймын . « Әр заманның тұсында бір сұрқылтай » демекші . Заманына қарай адамы шығар . Өзінің елінің тарихын , баспасөзінің өткенін , білмекке құштар студенттер әлі де жетерлік . Бұрын қазақ баспасөзі 1949 жылы Қ . Бекқожиннің диссертациясынан кейін 1988 жылдан « Дала уалаятының газетінен » басталады деп келді ғой . 1962 жылы жас ғалым Ү . Субханбердина Петербург кітапханаларынан « Түркістан уалаятының газетінің » қазақ тіліндегі сандарын тауып алады . Зерттей келе тұңғыш басылым « ДУГ » емес « ТУГ » екеніне көз жеткізеді . Бірақ тоталитарлық жүйе қазақтың қаршадай қызының жаңалығын мойындауға асықпады . Қазақ журналистикасының тарихын негізгі пән ретінде оқыту сөзсіз тәуелсіздігіміз ұсынған баға жетпес байлық . Дегенмен қазақ баспасөзі тарихын оқытудың , зерттеудің өзекті мәселелері жетерлік . Бұл өзі баяу дамып келе жатқан сала . Жеткен жетістіктерімізге тоқмейілсуге әлі ерте . Баспасөз тарихы арқылы өзгелерге бай мәдениетімізді , нәрлі әдебиетімізді , салт - дәстүріміздің інжу - маржандарын таныстыруға болады . Баспасөз өмір айнасы десе дегендей . Мен журналистика кафедрасының түлектерінің эфирден өткен сюжеттерін көргенде , басылымдардағы мақалаларын оқығанда , олардың мазмұнынан өз қолтаңбамды көремін , сол кезде шексіз бақытқа кенелемін . Ұстаз бақыты деген осы шығар . Әрине , орыс топтарында қазақ баспасөзін мойындамау , мұрын шүйіре қарау сарыны әуелде байқалып қалғанымен , оқу барысында түсінісіп , кейін тіпті олар « қазақ баспасөзі осыншалық бай болған екен - ау » деп таң қалып жатады . Талап , қазақ орыс топтарына да ортақ .
С үйікті оқырманыңыз кім ? Блогыңызды үнемі оқитын , пікір қалдыратын оқырман емес пе ? Солай болса , осы оқырман жайлы сөз етсек …
Тараптардың өзара уағдаласуы бойынша осы Келісімге жеке хаттамалармен ресімделетін өзгерістер енгізілуі мүмкін .
1876 жылы Омбының әскери - топографиялық бөлімі Екібастұз көлінің жан - жағын топографиялық картаға түсіріп , оның күнбатыс жағынан , Қосым көмір кенін алғаш тапқан жерден , бірнеше шурфтар салды . Мұның бәрі бұл жерде тас көмір қорының барлығын анықтайды . Осы жұмыстардың нәтижесіңде Омбы округінің 1876 жылғы әскери картасыңда Екібастұз көлі маңында « Поповтың тас көмір кені » деген белгі түсіріледі .
Бисембі Әріпұлы , Қазақстанның ауыл шаруашылығына еңбегі сіңген қызметкер , Ұлы Отан соғысының ардагері ; Дүйсембі Әріпов , Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қызметкері , облыс әкімі жанындағы ардагерлер кеңесінің мүшесі
Қазақтың кең даласының құдіретін бойына сіңіріп , көзбен көріп өскен соңғы ұрпақ біз шығармыз бәлкім . Сар далада ақ бауыр ақбөкендердің табынымен жайылғанын , шаңырақтап түскен күн сәулесінің танауды қыттықтай оятатынын сезінген де біз болармыз мүмкін .
Фильмнің авторлары Шахимарден Құсайынов және Рүстем Әбдіраш . Фильмнің сценарийі Н . Назарбаевтың « Әділеттің ақ жо . . .
- Интернет арқылы балаларды жы ныстық қатынасқа , қылмысқа итер мелейтiн адамдар психология тiлiнде « ауру адамдар » деп аталады . Бұл адамдар қайдан шыққан ? Бала кезiнде дене жарақатын немесе психологиялық соққы алғандар , азап көргендер бейiм келедi . Олар бiреудiң жылаған даусы , жалынышты үнi арқылы өздерiн жақ сы сезiнедi . Әлгi азамат осындай соққы көргендердiң бiрi болуы мүмкiн . Жас өс пiрiм кез келген сұрақтың жауабын бiлгiсi келедi . Кейде ата - анасы жауап берудi қиынсынып , кейiнге ысыра салады . Ал бала көз алдында тұрған интернеттен өзiне қажетiн , толған дырған сұрақтың жауабын бiлуге ұмтылады . Жеткiншектiң бiлсем деген ниетiн психологиялық ауытқуға ұшыраған , ауру адамдар терiс жолға пайдаланады . Ал ата - ана интернет желiсiн бүкiл әлем қолданатынын бiлуi тиiс . Сол үшiн баланы тым еркiне жiбермеу керек . Тағы бiр мәселе , бiздiң елде барлық ақпараттың есiгi айқара ашық . Мәселен , әдепсiз сайт тарға бала да , ата - ана да еркiн кiре алады . Егер мемлекет осы сайттарды жабу туралы шешiм шығарса , « басқа » әлемдегi ниетi қара адамдарға есiк те жабылар едi .
Аймақ басшылығы әуежайда қарсы алып , жұмыс мәселелерінің біразын сол жерде талқылап , қалғанын жергілікті баспасөз орталығының жетекшісі , белгілі ғалым , ақын Сұраған Рахметұлының үйіне барып ақылдастық . Қысқасы , елден жіберілген кітаптар мен басқа да құнды дүниені Өлгейдегі бір Мәдени орталықта шоғырландырмай , аймақ бойынша үлестіруге келістік .
Ашық су көздерінен ( өзендерден , ағыстардан және т . б . ) жоғары орналасқан учаскелерге суды гидравликалық соққымен көтеретін гидравликалық таран жасалынды .
Краткая информация : Қылқобыздың шығу тарихын сонау атам заманнан белгілі бақсы балгерлерді жебеп жасқаушы түркілердің бабасы тұңғыш қобызшы Қорқыт ата есімімен байланыстырып аңыз етіп айтады . Халық арасына кең тараған аңызда былай дейді : « - Қорқыт 20 жасқа толғанда түс көреді . Түсіне кірген адамдар оған 40 жасқа келіп қыршыныңнан қиыласың - депті - мыс » . Бұдан кейін Қорқыт өлмеудің қамын ойлап өзінің Желмаясына мініп жер шарлап ел аралап өлімнен қашып жолға шығады . Бірақ Қорқыт қайда барса да кебін киіп өзіне көр қазып жатқан ақ киімді адамдарға тап болады . Міне содан кейін ол қайда барсаңда « Қорқыттың көрі » екен - ғой деп жер ортасы Сырдарияға қайтып оралады да желмаясын құрбандыққа шалып шанағының жоғарғы жақ үстін Желмаяның терісімен қаптап қобыз жасап Дарияның үстіне кілем жайып қайық етіп отырып алып қыл қобызын ойнап аңыратып « өмір күйін » тарта береді . Қорқыт қобыз күйін тарта берсем ажал келмейді , өлмеймін , өлімді қобыз күйінің күшімен арбаймын , ажал маған жақындай алмайды деп сенеді . Күндердің күні болғанда әбден шаршап қалжыраған Қорқыт қалғып кетеді де , ажал оған Қайрақ - жылан бейнесіне кіріп келіп шағып өлтіреді . Бұл аңыз - әңгіме бізге « Қорқыт » күйінің мазмұны арқылы жеткен тарихи шежіре . Аңыз - құдіретті музыка күшімен күңіренген қасиетті қобыз үнімен өлімді де жеңе білген дегенді білдіреді .
- Қанша уақыт керек ? - деді . Ол кезде жас кезім :
Боздақтар . 1941 - 45 ж . : Ұлы Отан соғысы жеңiсiнiң 50 жылдығына арналады / Бас ред . Р . Н . Нұрғалиев . - Алматы : Қазақ энциклопедиясы , 1994 . - 496 б . Сіздердің қолдарыңызда Ұлы Отан соғысының ұрыс даласында қаза болғандардың , гитлершілердің қасап лагерлерінде азаппен жан қиғандардың , соғыстың алғашқы айларында фашистердің айбарлы танктерімен құр қол алысқандардың қанымен жазылған қастерлі 3 - томдық " Боздақтар " кітабы .
Бородино шайқасында көрсеткен ерлігі үшін қай қазақ жауынгеріне көгілдір ленталы медаль берілді Қарынбай Зындағұлұлы
Сондықтан қарады ма ата - текке , Өздерінше салды ма бәрін ретке . Ерліктің болғаны рас , отырған жоқ , Жазып берер туысы алғы шепте .
Ал Абайға қатысты айтарым , ХХ ға сырдың басында Семейде « Семипалатинские областные ведомости » атты газет шығып тұрған . Сол газетке Семей облысы статистика комитетінің 1903 жылы атқар ған жұмыстарының есебі шыққан . Есептің соңында облыстық статистика комитетіне мүше болған кісілердің аты - жөндері де жарияланыпты . Тізімнің ішінде Ибраһим Құнанбаев , Әлихан Бөкейханов деген есімдер бар . Соған қарағанда Әлихан мен Абай кездесуі мүмкін . Дегенмен де нақты кесіп айту қиын . Бір анық дүние , бұл - Әлиханның Абай шығармашылығымен жақсы таныс болғандығы , бала кезінен жаттап өскендігі .
Дүниежүзілік электр байланысы және ақпараттық қоғам күні . Дүниежүзілік электр байланысы және ақпараттық қоғам мақсаты қоғамдар мен елдердің интернет пен ақпараттық - коммуникациялық технологияларды ( АКТ ) пайдалануы , сондай - ақ « сандық алшақтықтан » арылудың жолдары туралы мүмкіндіктері жайындағы хабардарлық деңгейін көтеруге жағдай жасауында .
Наурыздың 6 - сында К . Байсейтова атындағы Ұлттық опера және балет театрында 8 - ші наурыз - Халықаралық әйелдер күніне арналған мерекелік концерт өтеді . Іс - шараға Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің басшылары қатысады деп күтілуде . Концертті « Қазақстан халқының рухани даму қоры » АҚ ұйымдастырады .
Ханафия мәзһабының басты ерекшелігі неде ? Бұл бағыттың кең таралып , ата - бабаларымыздың осы жолды таңдауы неліктен ? Әбу Ханифаның құрған мәзһабының ең әуелгі ерекшелігі ақылдасу , кеңесуге негізделуінде . Діни үкімдер « фиқх академиясы » деп аталған қырық ғалымнан құралған арнайы бір топтың талқысына ұсынылатын . Бұл алқаға басқа шәкірттер мен халықтың қатысуына рұқсат берілмейтін . Пікірлер әбден талқыланып , пісірілгеннен кейін барып қана бір үкім шығарылып жазбаша бекітілген . Әбу Ханифа мен ханафи мәзһабы жайлы көп еңбектер жазған кейінгі ғасырдағы ғалымдардың бірі Зәхид әл Кәусәрий : « . . Әрине , негізін бір ғана адам қалаған , соның ғана көзқарасына сүйенетін мазһабқа қарағанда , бұл мазһаб ұстануға ең лайықты , ең дұрыс , ақиқатқа ең жақын және көңілге қонымды болары сөзіз » деп осы бір ерекшелігін атап өткен . Біле білсек , бұл ақылдасу - бастауын Құраннан алған және Пайғамбарымыз бен сахабалардың ұстанған дәстүрі . Ханафи мәзһабының тағы бір ерекшелігі жергілікті халықтың шариғатқа қайшы келмейтін әдет - ғұрыптарына да мән беруінде . Құран мен сүннеттің құқықтық нормалар бекітуінде қоғамдық ерекшелік пен адамдардың әдеттерін назарға алғандығы , түбегейлі өзгерістерде сатылай бірте - бірте өзгерту әдісінің қолданғандығы , аят - хадиске қайшы келмейтін дәстүрлердің жалғасын тапқандығы байқалады . Пайғамбарымыздың осындай ұстанымдарын негізге алған ханафи ғалымдары кейбір мәселелерге қатысты үкім берерде халықтың әдет - ғұрпына мән берген . Міне арабтардан басқа ұлт өкілдерінің де Исламға кіруіне ықпал еткен себептердің бірі осы болса керек . Сонымен қатар діни мәтіндерді сөзбе - сөз , тек тікелей түсінуден бұрын оның астарындағы себептерін зерттей отырып , ақылмен шешуге тырысуы , дініміздегі жеңілдікті ту етіп ұстануы да басқа дін өкілдерінің соның ішінде ата - бабаларымыздың осы мәзһабты қабылдауына жол ашты деуге болады . Ханафи фиқһы - жүйелі ойлаудың аят - хадистермен сусындауы , адам баласының сенім , ғибадат , ахлақ , жан - дүниесі мен сыртқы көрінісі арасында тепе - теңдікті негізге алып , уақыт өте келе бір жүйеге түсіп үлкен мектепке айналып , әлемнің түкпір - түкпіріне тараған , төзімділікті негіз еткен кең түсінік . Төзімділік пен мейірімділік Ислам дінінің негізі екенін көптеген аяттар мен Ардақты Пайғамбарымыздың өмірінен айқын көреміз . Ханафи мәзһабы Исламнан бөлек емес , исламның уызымен қоректенген жол .
Мысалы , егер Астана Саммитінде қауіп сіз діктің жаңартылған архитектурасы ту ралы уағдаластыққа қол жеткізілетін болса , онда ядролық қарулану мен оларды қыс қартуға бақылау саласында сезінер лік тей про греске жетеміз деп батыл есептеуге болады .
Сондай қарсы болғандар : " Оған Раббыңнан бір мұғжиза неге келмейді ? " - дейді . Шын мәнінде сен бір ескертушісің . Сондай - ақ әр елдің бір жолбасшысы бар . ( 7 )
Кеше Өскемендегi Халықтар достығы үйiнде Елбасының « Жаңа онжылдық - жаңа экономикалық өрлеу - Қазақстанның жаңа мүмкiндiктерi » атты Жолдауында көтерiлген басым мiндеттердi жүзеге асырудың жолдарын талқылаған қоғамдық кеңестiң отырысы болып өттi .
Мен біраз сұрақтар жібердім . Оқырмандарға қызық болсын деп .
Мақталы мата , құлпы - альпак , түрлі мулине жіп , біз кесте және машина тігісі .
Медициналық мекемелерін дәрі - дәрмектермен уақытылы қамтамасыз ету бойынша 2011 жылға арналған шаралар жинағы әзірленді , деп хабарлады Қазақстанның денсаулық сатқау министрі Салидат Қайырбекова . > >
Егер қыс айларында бұлт желге қарай көшсе , кешікпей қар жауады . Егер бұлт тұтасынан ыдыраса ауа райының бұзылайын дегені , ал ол шетінен кесіліп ыдыраса ауа райы оңалайын дегені .
Қасиетті рамазан айы жақындағанда кәсіпкерлердің бағаны төмендеткені жақсы бастама , Алла разы болғай ! Бірақ менің айтар ойым бар , Алла Тағала біздерді тек қана Рамзан айында ғана емес , барлық кезеңде толық бақылап , көріп тұрушы . Рамзан айында бағаны төмендеткені қалған айларда да бағаны төмендете алуға болатындығының белгісі , сондықтан Рамазан айында ғана бағаны төмендетіп , қалған айларда бағаны аспандатпай , барлық мезгілде бағаны бір деңгейде ұстағандары жөн . Қазіргі кезде халықтың ақшасы тамағын алса , киімін алуға жетпейді , қиын кезең . Тірі жүрсең де ақша керек , ауырсаң да ақша керек , өлсең де ақша керек . Менің түсінбейтінім , осы антимонополия бағаны қарамай айға қарап отыр ма , неге базардағы , сауда орындарындағы бағаны тексермейді ? Алдағы келе жатырған қасиетті Рамазан айындағы барша мұсылман баласының Алла ризалығы үшін тұтқан оразаларын Алла Тағала қабыл еткей ! Алла Тағала биліктегі кейбір шенеуніктер мен қалтасы қампайған кәсіпкерлерге қанағат беріп имандарын күшейте көргей ! Еліміз аман , жұртымыз тыныш болғай ! Әмин !
Түні бойы тыным таппай шыққан Қамбар түс болмай теңізге барып , жағасын бойлай отырып , Ольганы іздеді . Таппады . Телефонын да сұрамағанына қатты қапаланды .
Сыныптық шен : аға әділет кеңесшісі . Туған күні және туған жері : 05 қараша1955 жылы , Қостанай облысы , Қоржынкөл селосы . Білімі : Қарағанды жоғарғы милиция мектебі , қарағанды ІІМ жоғарғы мектебі . Мамандығы : құқықтану . Қарағанды жоғарғы милиция мектебін бітіргеннен кейін еңбектік қызметін ішкі істер органдарында және Қостанай облысының тергеу Комитетінде бастаған . 1997 жылдан 2003 жылға дейін Қостанай облысының прокуратурасы жанындағы құқықтық статистика және ақпарат Орталығының бастығы ретінде қызмет атқарды . 2003 жылдың мамыр айынан 2010 жылдың қыркүйек айына дейін Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі Комитетінің Қостанай және Ақмола облыстары бойынша басқармасының бастығы ретінде қызмет атқарды . 2010 жылдың қыркүйек айынан Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі Комитеті Төрағасының бұйрығымен Қостанай облысы бойынша басқарманың бастығы лауазымына тағайындалды . Мемлекеттік марапаттары : « 2 дәрежелі Прокуратура озаты » ( 2002 ж . ) және « 1 дәрежелі Прокуратура озаты » ( 2007 ж . ) .
Сәуірдің 7 - сінде Санкт - Петербордағы Таврия сарайында 1941 - 1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 65 жылдығына арналған Халықаралық парламенттік конференция өтеді . Конференцияда ҚР Парламенті Мәжілісінің Төрағасы Орал Мұхамеджанов сөз сөйлейді .
Топтарға немесе санаттарға бөлінген жазбалар арасында ең ерте немесе ең соңғы күндерге ие болғандарды табу үшін қорытынды сұрау пайдаланылады . Қорытынды сұрау Min , Max , Sum , First және Last сияқты статистикалық функцияларды пайдаланып , нақты өріс үшін мәндерді есептейтін іріктеу сұрауы болып табылады .
Қазақстан Республикасының Еңбек кодексі 125 - бабына сәйкес орындалатын жұмыстың біркелкілігін , белгілі бір күрделілікке дұрыс жатқызу және жұмысшыларға біліктілік разрядтарын беруді қамтамасыз ету мақсатында БҰЙЫРАМЫН :
- Бұл жерде ең алдымен ортақ тіл , ұлттық дәстүр емес , саяси - экономикалық мәселелерді бірінші нысанға қоюымыз керек . Біздің университетімізде түрік тілі және әдебиеті мамандықтары бар . Ол жерде қазақ тілі мен әдебиетінен де білім береміз . Арнайы курстар бар . Әдебиетімізде ортақ тақырыптар мен мәселелер бол ған ы мен әл - Фараби атындағы Қа зақ Ұлттық университетінде тү рік тілі мен түрік әдебиетін оқыту бөлімі жоқ . Мәселен Қорқыт ата , Ахмет Ясауи , әл - Фараби секілді тұлғаларымыз түркі халықтарына ортақ данышпандарымыз . « Диуани лұғат ат - түрік » , « Диуани хикмет » те солай . Бірақ та факультетімізде оларды ортақ етіп емес , белгілі бір ұлттың ғана мұрасы ретінде қарастырамыз . Солай оқытамыз да . Мәселен кеше сабақта Гаспринский жайлы әңгіме өрбігенде бұл есімді тіпті де білмейтін студенттер болды . Ал Гаспринский дегеніміз осы түркі халықтарының тілі біреу болу керек деп , осы теорияны алға тартқандардың бірі еді . Оның шығармалары қазақшаға аударылмай тұрып ортақ тіл туралы толғанған адам .
М . Әбусейітова жетекшілік ететін бұл бағдарламаның « Шығыстану » секциясы бірнеше халықаралық ұйымдарды , ғылы ми орталықтарды , университеттерді , мұрағаттарды , кітапханаларды , көрнекті ғалымдар - сарапшыларды қамтитын кең көлемді байланыстар жүйесін құрды . Шетелдік ғылыми - зерттеу орталықтарымен халықаралық ынтымақтастық қазақстан дық шығыстану ғылымы туралы мәлі меттердің электрондық базасын қалып тастыруға мол мүмкіндік береді .
1974 жылы С . М . Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетін бітірген . Мамандығы - заңгер .
1 . « Фатиха » сүресін оқу . Ъибада ибн ас - Самит , Аллаһ тағала оған разы болсын , Аллаһтың елшісінің ( саллаллаһу алайһи уа саллам ) былай дегенін айтты : ( لا صلاة لمن لم يقرأ بفاتحة الكتاب ) « Құранның « Фатиха » - сі оқымаған кісінің намазы жоқ » . Бұл хадистегі « намазы жоқ » деген сөз « Фатиха » - сыз оқылған намаздың затын емес , кәмілдігін теріске шығарады . Сондықтан « Фатиха » сүресін оқымаған адамның намазы дұрыс . Негізінде , бұл хадис « ахад » дәрежесінде болғандықтан , Құрандағы : « Құраннан жеңілдеуін оқыңдар . Араларыңда науқастардың бар екенін Аллаһ біледі . Тағы біреулер Аллаһтың кеңшілігін іздеп , жер кезіп жүр . Енді біреулер Аллаһ жолында күресіп жүр . Сондықтан Құраннан жеңілдеуін оқыңдар » үкімін жоя алмайды . Сондай - ақ имам Әл - Бұхари Әбу Һурайрадан , Аллаһ тағала оған разы болсын , Аллаһтың елшісінің ( саллаллаһу алайһи уа саллам ) былай дегенін жеткізді : « . . Сосын жадыңдағы Құраннан жеңілдеуін оқы . . » .
Алайда , әлемдік тәжірибеге қарасақ , қазақ тілі сөз ұзындығы жағынан далада қалатын түрі бар екен .
Дәмеш Бейсенқызы Қарағандыда туып , осында педагогикалық институтты бітірген , партия - кеңес қызметтерінде болған . Ол көп жыл бойы Қазақ ССР Сауда министрінің орынбасары қызметін атқарған .
85 жыл бұрын ( 1926 - 2008 ) заң ғылымының кандидаты , тарих ғылымының докторы , профессор , Қазақстан Республикасы Әлеуметтік ғылымдар академиясының академигі , КСРО Жоғары мектебінің үздігі ЖОЛАМАН Қабидолла Досмағанбетұлы дүниеге келді .
12 жылдық бiлiм берудiң педагог кадрларын қайта даярлау бойынша Астана , Алматы қалаларының , облыстық БАИ , БҚБАРИ жұмыстарының жоспар - кестесiн әзiрлеу
1990 - 2011 жылдары аралығында Атырау станциясындағы желілік ішкі істер бөлімінде кәмелетке толмағандардың ісі жөніндегі бөлімше инспекторы , патрульдік полиция бөлімшесінің бастығы , бөлім бастығының орынбасары қызметтерін атқарған .
Ертесін жұмысқа келген « Қазпочта » бөлімшесінің қызметкері ашық қалған есікті көреді . Іштегі сейф те ақтарылып қалған . 9 миллион теңге қолды болса керек . Оқиға орнына облыстық , аудандық ішкі істер органдарының жедел тергеу топтары жеткен . Бұл жолы оқиғаның ізін суытпай ашудың сәті түспеді . Тергеу амалдары жүргізіліп жатыр . Өз міндеттерін толық атқармау және ұрлық фактілері бойынша екі қылмыстық іс қозғалған .
АЛТЫНДЫ ҚАЙДА КӨМСЕҢ ДЕ , АЛТЫН БОЛЫП ҚАЛА БЕРМЕК ! ! !
Оңтүстік Қазақстан облысы Түлкібас ауданында туған . Қазақ драма театры жанындағы театр студиясын бітірген .
Ақынның 1990 жылы 13 томдық шығармалар жинағы , 2004 жылы 14 томдық шығармалар жинағы жарық көрді . 1992 жылы Физули атындағы Халықаралық түркі дүниесі ақындары сыйлығы тапсырылды . Тұманбай Молдағалиев шығармашылығының ең басты ерекшелігі - оның өлеңдері сезімге толы . Ақынның « Қош көктем » , « Жаңа дәптер » , « Жүрек ояу қашанда » , « Махаббат оты сөнбейді » , « Жүрегім менің сапарда » , « Мен де жиырма жаста едім » , « Жүректегі жазулар » т . б . жыр - жинақтарын жазды .
Еңбек рыногындағы қатаң бәсекелестік білім беру менеджменті жүйесінің ұтқырлығы мен серпінділігін талап етеді .
38 . « АК « Қазақстан жолдары » АҚ - ның өндірістік қызметі туралы ұсыныс пікірі , көшірме .
1930 жылы Е . Вахтангов атындағы Мәскеу театры жанындағы мектепті бітіріп , осы театрда 20 жылдан астам уақыт актер және режиссер болып жұмыс істеген . Сонымен қатар Ленинград музыкалық комедия театрының көркемдік жетекшісі , Лениндік комсомол атындағы Ленинград театрының бас режиссері болған .
Өз кезегінде депутат Нұртай Салихұлы барлық сұрақтарға төмендегідей жауаптар қайтарды .
Охо , пәлі , өртейді десейші иә Бұлай нетерін білгенде … Қап …
2 . Заңдардың , Қазақстан Республикасы Президентiнiң нормативтiк құқықтық жарлықтарының , Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң нор мативтiк құқықтық қаулыларының жобаларын , ал қажет болған жағ дайда - басқа да уәкiлеттi органдардың нормативтiк құқықтық актi лерiнiң жобаларын дайындауға әртүрлi бiлiм салаларының мамандары , ғылыми мекемелер мен ғылыми қызметкерлер , қоғамдық бiрлес тiк тердiң өкiлдерi тартылуы мүмкiн .
" Үй ішіндегі жылу - біздің қамқорлығымыз ! " атты " Ө ЖЖ " АҚ және Өскемен қаласының ПИК - тарының біріккен I форумы өтті 2005 ж 6 қазанда Рабочая 6 / 1 , ЖЖОА ғимаратында " Өскемен жылу жүйелері " АҚ және қала ПИК - ның бірлескен I форумы өткізіледі . Анығырақ .
Бiз деп отырғанымыз - қазақ баспасөзiнiң ұстаханасы ( Ж . Бейсенбайұлы ) « Жас алашқа » сексенiншi жылдардың орта тұсында келiп , аты аңызға айналған бас редактордың тәрбиесiн аз ғана уақыт көрген , сол себептi « Әттең , Сейдахмет ағаның басқару мектебiнде тағы бiрер жыл болғанымызда ғой … » деп өкiнген , бүгiнде қырықтың қақпасын еркін ашқан орта буын . Бұл буын сәл кеш туғаны себептi « Шерханның шекпенiнен шықтық » деп мақтана алмайды . Бiз журналистикаға келген тұс Шерағаңның шекпенiнiң iшi шәкiртке толып кеткен кез . Бiрақ , оның есесiне әлi де жастар басылымының тiзгiнiн ұстап отырған Бердiқұловтың шамалы уақыт болса да тәрбиесiн алу бақыты бұйырды . Алғаш рет бiз оны үшiншi курста оқып жүрген жылы көрдiк . Елуге келiп , мерейтойын тойлап жатқан Бердiқұловты университет әкiмшiлiгi студенттермен кездесуге шақырды . Жұрт дегенің ағылып келдi . Өйткенi , бұл факультетке оқуға түскендердiң iшiнде « Лениншiл жастың » редакторы Сейдахмет Бердiқұловтың есiмiн бiлмейтiнi жоқ - ты . Әсiресе , спорт десе iшкен асын жерге қоятын жастар қауымы залға сыймай кеттi . Сауал дегенiң есепсiз болды . Журналист - жазушы сөзден тосылған жоқ . Сол жолы деканымыз , қадiрлi ұстазымыз Темiрбек Қожакеев айтты : « Мына Сейдахметтiң бармаған жерi , баспаған тауы жоқ . Глобусты айналдырып жiберiп , саусағыңмен түртiп тоқтатсаң , сол сен ұстап тұрған нүктедегi елдiң топырағына Секеңнiң табаны тиген боп шығады . Қайда барсаң да , Сейдахметтiң iзi сайрап жатыр » . Бесiншi курсты бiтiретiн жылы есіктен төрге дейін жететін қабырға газетiн шығаратын болдық . Ұзындығы он екi метр қарабайыр « бұқаралық ақпарат құралының » редакторы - курсымызда көп жазу жағынан ешкiмге ұпай бермей тұрған Мұратбек Тоқтағазин . Бұл сол жылдардың студенттерi түгел бiлетiн « Қобыратып түнiмен көп қағазын , Отырады Мұратбек Тоқтағазин » деген шымшыманың өмiрге келетiн кезi . Өзi керемет пысық . Бiр ұйықтап оянады да ғаламат идеяларды өмiрге әкеледi . « Қызық болсын » , - дедi бiр күнi , - Қазақстанның ең мықты басылымдарының бас редакторларына сол мекеменiң фирмалық бланкасына бiздiң газетке арнап тiлек жаздырып әкелейiн бе ? » . - Олар сенi қайтсiн ! Жаздыра алмайсың ! - Жаздырам ! Дүниеде қайраудан артық қуат беретiн нәрсе жоқ . Оның үстiне бұл Мұратбек - iстеймiн дегенiн iстейтiн жұлымырдың жұлымыры . Тiптi сол тұста « Мұратбектi КПСС Орталық Комитетiнiң Бас хатшысы етiп қойса да бiр - екi күн қиналып iстеп кетер едi » деп қалжыңдайтынбыз . Содан Мұратбек сабақты жиып қойып , танауы шуылдап , газет - журналдардың шоғырланған жерi Максим Горький көшесiндегi 50 үйдi бетке алып тартып отырды . Кешке қарай сол екпiнiмен бесiншi жатақхананың баспалдақтарының бес - алтауын бiр - ақ аттап , бөлмемiзге оралды . Келе сала бiрнеше басылымның фирмалық бланкасын көз алдымызға көлбеңдеттi . « Өй , мына жынды шынымен алып келiптi » , - деп , бүгiнгi белгілі журналист , ол кездегi ботатiрсек бозбала Талғат Батырханов оның қолындағы қағаздарға жармасты . Былай болыпты . Бiздiң « Алып келе алмайсың » деген қайрау сөзiмiзге намыстанған Мұратбек салып отырып « Социалистiк Қазақстаннан » бiр - ақ шығады . Сырттан бiр құшақ жел ала кiрген құйынқұйрық досымызға байсалды Балғабек Қыдырбекұлы : « Айналайын , ниетің дұрыс , бiрақ iстеп жүргендерiң баланың ойыны ғой , жарайды , бара ғой … » , - дейдi . « Қой , үлкенiнен бастағаным дұрыс болмады , ендi кiшкентайына барайын » . « Қазақстан пионерiнiң » бас редакторы Уәлихан Қалижанов сөзге келмейдi . Сойдақтатып жазып бередi . « Бiлiм және еңбектiң » бас редакторы Ақселеу Сейдiмбеков : « Газеттерiңнiң аты « Эпилог » дейсiң бе , iм - м - м … орысшалау екен . Дегенмен тiлек жазып берейiн » , - дейдi . Ендiгi бағыт - қай кезде де қаламы мұқалып көрмеген « Лениншiл жас » . Атақ - даңқы дүрiлдеп тұрған Сейдахмет Бердiқұлов қабырға газетiнiң адуынды редакторын сыпайылықпен қабылдайды . Бұл сыпайылықа бойы үйренген соң Мұратбек : - Аға , Уәлихан аға да , Ақселеу аға да жазды . Ендi сiз де жазыңыз , - дейдi батылданып . Бердiқұлов басын көтерiп алып , бiр қарайды . - Аға , жаңағы сөзiмдi Ақселеу ағаға айтпай - ақ қойыңызшы , - дейдi Мұратбек ұялған тек тұрмастың кейпiн танытып . Бердiқұлов жақтырмай тағы бiр қарайды . Сосын қағазына қайта үңiлiп жазып жатып : - Оған барып айтып жүруге уақытым жоқ , - дейдi . Кейiн Бердiқұловтың осы сөзi студенттер арасында жиi айтылатын мәтелге айналып кеттi . Сондағы Сейдахмет Бердiқұловтың « Лениншiл жастың » қызыл ала бланкасына жазып берген тiлегi мынау едi : « Эпилог » қайта « Прологтан » бастауына үшбу тiлекпен . Кеудеге ромбаны таққан күнi кейбiреуiмiз бiр күн , ендi бiреу бiр апта , баз бiреулер жылдап ханға сәлем бермеген қайран күндер … Қос атпен қусаң да жоқ ендi ! ? « Эпилог » газетiн шығарушыларды да сол биiктен тауып тұрғандаймын . Оның еш ерсiлiгi жоқ . Бұйырса , 1986 - ның шiлдесiнен кейiн Пролог қайта басталады . Соның Эпилогiне ентiкпей жетiңiздер . Ол - ұзақ жол , ұзақ еңбек , ұзақ қызықтар мен шыжықтар . Ал « Прологты » шығаратындарға « iшiң бiлсiн әлу - ай … » демекпiн . Бұл тiлектi айтушы - отыз жыл журналистиканың құлақкестi құлы , әрiптестерiң Сейдахмет Бердiқұлов » . Сол кезде бұл тiлектерге аса мән бергенiмiз жоқ . Тоғыз құлаш қабырға газетiнің жоғарғы жағына жақсылап желiмдеп жапсырып , көрнектi жерге iлдiк те , той тойлап болған соң жөнiмiзге кеттiк . Кейiн өзiм журналистика факультетiне оқытушылық қызметке келген соң бұл газеттi кездейсоқ тауып алдым . Бүгiнде байыбына барып оқысақ , Сейдағаң көп нәрсенi аңдатыпты . Шынында сексен алтының шiлдесiнен кейiн қоғамда алапат өзгерiстер басталды . Желтоқсанның желi тұрды . Журналистика бұрынғы үрдiстерге жалын ұстатпай кеттi . Бердiқұловтың бiздiң курсқа арналған тiлегiн алып келген қаламы жүйрiк Мұратбек қазақ журналистикасынан қазақ бизнесiне ауысты . Сейдахмет ағамыз сәт сапар тiлеген сол жылғы түлектердiң iшiнен алтауымыз « Жас Алашқа » қызметке келдiк . Жалпы , « Лениншiл жасқа » ( « Жас алаш » ) қызметке қалу университеттiң журналистика факультетi студенттерiнiң бәрiнiң арманы болды . Өйткенi , олар күн сайын құлаш - құлаш мақалалары жарияланып жататын , еркiн жазатын , батыл пiкiр айтатын журналистермен бiрге қызмет iстегiсi келдi . Солардың бәрiн басқарып отырған , басылымның өзгеше стилiн , бөлек бет - бейнесiн қалыптастырған , атағы жер жарған редактор Сейдахмет Бердiқұловтың басқару мектебiнен тәлім алуды қиялдады . Университет бiтiре сала осы басылымның табалдырығын аттап жатқан қыз - жiгiттерге жұрт қызыға қарады . Бiз де қызықтық , армандадық . Содан бiрiншi курстан бастан газеттi жағаладық . Студент кезiмiзден Бердiқұловтың сайыпқыран шәкiрттерi томағамызды алып , топқа салды . Киелi шаңырақтың босағасынан сығалап жүрiп қасиетiне қаныға бастадық . Берекелi басылымға оның дәстүрiн ұғынып , сипатын сезiнiп бардық . Бiрақ бiз « Жас алашқа » қызметке келген жылдың аяғында осы басылымды он алты жыл басқарған Сейдахмет Бердiқұлов басқа мекемеге ауысып кеттi . Майталман бас редактордың қарамағында бар - жоғы жетi - сегiз - ақ ай ғана жұмыс iстедiк . Бiрақ сол жетi - сегiз ай « Жас алаштың » қабырғасында жүрген жетi - сегiз жылымызды он орап алады - ау деймiн … Несiмен ? Жастар газетiне бiздiң буын келгенде басылымда « Қоштасу вальсiн » шырқап жүрген аға буын : « Сендердiң көргендерiң сабасына түскен , шаршаған Бердiқұлов қой . Нағыз Бердiқұловты бiз көрдiк . Қуырды ғой , бiздi қуырды … » , - дейтiн . Сол « шау тартқан » Бердiқұлов ( ол кезде жасы елу үште ғана ) басқаратын басылымдағы аз ғана уақытта көп нәрсеге көз жеттi . Қазiр Сейдахмет Бердiқұловтың өмiрден өткенiне он бес жылға жуықтады . Осы уақыт iшiнде журналистика адам айтқысыз дәрежеде дамыды . Бiр кездегi идеологиялық өлшемге сай кесiлiп - пiшiлетiн басылымдардың бет - бейнесi мүлде басқаша қалыптасты . Еркiн ой , айқын пiкiр салтанат құрды . Қысқасы , Бердiқұлов армандаған заман ендi туды . Ендi бүгiнгi күннiң биiгiнен зер салып , оның қаламгерлiк , редакторлық болмысы туралы әңгiмелеп көрелiк . Барған басылымы жайнап сала беретiн бас редактор Бердiқұловтың құдiретi неде ? Ол - құрсаулы жүйенiң өзiнде еркiн тыныстаған адам . Ақиқатты тайсалмай айта бiлдi . Бас редактор Бердiқұлов өте батыл болды . Жастар ұйымының басшылығы әркез онымен санасты . Көктем мерекесi деген желеумен әр жылғы 22 наурыз күнi жасыл немесе көгiлдiр түстермен безендiрiп , арнайы нөмiр шығарып тұрды . Бұдан да зор басылымдар тырп етпей жатқанда Наурыз күнi жасандырып газет басуға рұқсат алу оңай емес - тi . Сол жасыл түс кейiн дiнiмiзге мойын бұрғызды , көпшiлiгiмiздiң иманымызды оралтты , көгiлдiр түс жалауымыз болып көгiмiзде желбiредi . Қатал цензураның тұсында да Бердiқұлов басқарған басылым ұлтқа пайдалы дүниелердi жариялап отырды . Сейдағаң өте сергек болатын . Сонысымен бiздiң қатарластарымызға қатты ұнайтын . Бiз көгалда волейбол ойнаған , қиыс кетiп бара жатқан допты аунап барып қағып үлгерiп , жоғары серпiп жiберген Бердiқұловты көрдiк . Әйгiлi спорт журналисi үнемi спорттық бабында жүретiн . Ол газеттiң қабырғасында қазақ спорт журналистикасының мектебiн қалыптастырды . Бүгiнде жер шарының қойны - қонышын түгел шарлап шыққан танымал қаламгер Несiп Жүнiсбаевты бiр тақырыпқа бейiмделiп жазуға баулыды . Ал Несiп аға ол дәстүрдi ары қарай жалғайтын тағы бiр талантты журналистi iздеп тапты . Абай атындағы Қазақ педагогикалық институтында ұлттық спорт ойындары пәнiнен дәрiс беретiн Несағаң тарих факультетiнде тоғызқұмалақ ойнап отырған тарамыс қара баланы қолынан жетектеп , Бердiқұловқа алып келдi . « Ат болар тай құлыннан » демекшi , Сейдағаң көзiнде от ойнап тұрған бұл ұланға үмiт артты . Сөйтiп , Алматыға қазақ тарихын зерттеймiн деп құлшынып келген бала Сейдахмет пен Несiп ағаларының жолын қуып , спорт журналистикасының соқпағына түстi . Бердiқұлов мектебiнiң белдi өкiлi Қыдырбек Рысбекұлы кейіннен республикалық спорт мектеп - интернатының директоры болды . Кезiнде өңкей қазақ балаларынан « Намыс » футбол командасын құрып , көзсiз ерлiк жасаған Несiп ағасы сияқты Қыдырбек те елдiң ойы мен қырын аралап , бойы сырықтай , жауырыны қақпақтай ұландарды iздеді . Тапса , жетелеп мектебiне әкелдi . Тумысынан құралайды көзге атқан халықтың бүгінде атқыштардан ада екені жанына батқан соң қазақ ұландарын жинап , садақшылардың сапын түзді . Олары мерген болып , нысанасын дәлдеп атты . Бұл тәлiмдi олардың зердесiне Бердiқұлов ұялатты . Сейдағаң нағыз ұлтжанды азамат болатын . Бәйгенiң кез келген саласынан қазақ баласының оза шапқаны туралы мәлiмет түсе қалса , титiмдей хабар түрiнде болса да шығып жатқан нөмiрге үлгертiп жiберуге тырысар едi . Ал сол жағымды жаңалықты Бердiқұлов естiп , тиiстi бөлiмнiң қызметкерлерi хабарсыз қалса , сол күнi редакцияның iшiнде дүлей дауыл тұрады . Сондықтан газеттiң қызметкерлерi үнемi сергек , құлақтары түрiк жүретiн . Сейдағаң мақалаға тақырып қоюдың шеберi еді . Ол кез келген дүниенiң қазақылық сипатына үңiлетiн . Мәселен , сол тұста үрдiс болған балалардың « Былғары доп » бәйгесi туралы репортаж даярлап апарсаң , тақырыбын қолма - қол « Алматыда футболдың тай жарысы » деп өзгертер едi . Несiп ағаның Жақсылық Үшкемпiровтiң спортпен қоштасу сәтiнде жазған очеркiне « Кiлемнен кетiп барады … » деп тақырып қойғаны есiмiзде . Бас редактордың ешкімге ұқсамайтын мінез - құлқы да талайды қайран қалдыратын . Жастардың жер - жебіріне жетіп , қатты зекігенін көрген емеспіз . Бірақ сұсты жүзімен саған бір рет зер салғанының өзі жеткілікті еді . Сесі мысыңды басады . Өзі сөйлемейді , көзі сөйлейді . Ол мәжіліс өткізіп отырып , жағалай жайғасқандарды жайлап бір шолып өтеді . Оның көзі түскенде төмен қарайсың , жанары сенен ауғанда жарыққа арбалып тұрған қояндай басыңды көтере бастайсың . Редакцияның босағасын кеше ғана аттаған шикіөкпе сен ғана емес , жастар газетінің қабырғасында жүргеніне жиырма жылға жуықтаған ағаларыңның өзі демін ішіне тартып , Бердіқұловтың қас - қабағына қарап отырады . Екі иығын жұлып жейтін атышулы даукестердің өзі бас редакторымыздың алдына жалы күдірейіп кіріп , жүні жығылып шығады . Ауыздығымен алысып келген шу асаулар бетеген биік , жусаннан аласа болып , жөніне кетіп бара жатады . Кейде « Бердіқұлов бөлмелерді аралап келе жатыр » , - деген хабар жетеді . Мұндайда әр бөлімнің қызметкерлері парад қабылдайтын генералды күткендей жаппай әзірленеді . Бөлмелер апыл - ғұпыл ретке келтіріледі . Еркектер алқам - салқам киімдерін жөндейді . Әйелдер айнаға қарайды . Бір күні бас редакторымыз біздің бөлмемізге кіріп келді . Бөлім меңгерушісі екеуміз көз ілеспес жылдамдықпен орнымыздан атып тұрдық . Сейдағаң сәлемімізді алды да , « Мына баланың жұмысқа келгеніне жиырма күн болды . Бірақ бөлімдеріңде жаңалық жоқ . Жас жігіттің қызметке келгені сезілмейді » , - деді менің бастығыма қарап . Маған назар салған да жоқ . Қаралай қысылып барам . Қазір енді бастығым мені іреп соятын шығар . Бердіқұлов шығып кетті . Бастығым да үндеген жоқ . Бірақ бұдан кейін өзімізді қамшылау қажеттігін түсіндік . Содан кейін « Осы менің жасымда бас редакторымның өзі не бітірді екен ? » деген ой келді . Демалыс күні кітапханаға барып , сарғайған газеттерді парақтадым . Сейдахмет ағам елуінші жылдардың аяғындағы « Лениншіл жастың » бетінде жасын ойнатыпты . Мақалаларының тақырыбы еріксіз еліктіреді . Мұздай сірескен сол кезең жазу стилі үшін мүлде тосын . Түйдек - түйдек төгіліп түскен тіркес . Санаңа сең жүргізетін оқшау ойлар . Екі шоқып , бір қарайтын сауысқан - саясатқа қиыннан әкеліп қиыстырсаң да үйлесе қоймайтын батыл байыптамалар . Кейде тұспалдап , астарлап айтады . Енді бір тұста тұспалды қойып , туралап тартады , айтатын сөзінің астарын сөгіп кеп жібереді . Қысқасы , ол қазақ журналистикасына лықсыған бұла күшпен келіпті . Соны көрдік те , Сейдахмет ағамыздың тұлпарлығы тай күнінен танылғанын ұқтық . Содан соң Бердіқұлов болудың оңай еместігін , ол үшін Бердіқұлов болып туу керектігін бірден түсіндік . Бір күні ол тікелей шәкірті Қыдырбекке былай депті : « Жақсы мақала жазсаң , мен сені Қыдырбек деймін . Көңілімнен шықпасаң , Қыдырбай деп атаймын » . Содан Қыдырбек қараптан қарап жүріп Қыдырбай атанып кетпеу үшін барынша күресіп бақты . Бас редакторымыздың тағы бір қасиеті оның онсыз да биік бейнесін одан сайын тұлғаландырып тұратын . Сейдахмет аға ауыр науқасқа ерте шалдыққан Күләтай жеңешемізді газет ұйымдастыратын мерекелерге жетелеп ертіп келетін . Үнемі көңілін көтеріп , жанынан шықпай , әзілін айтып , еркелетіп отыратын . Дерт меңдеген Күләтай тәтеміз Сейдахмет ағаның жан жылуының арқасында жүзі жадырап , сергек жүрді . Қайтадан қуаттанды , тіпті Сейдағаң өмірден өткеннен де он шақты жыл ғұмыр кешті . Ағамыз сол арқылы өзгеге сыйлы болғың келсе , өз отыңның басын қадірлеу керектігін ұқтырды . Бірде жігіттер редакцияның залындағы тақтаның алдында ұйлығысып тұр екен . Тақтаға « Известия » газетінің бір жапырақ қиындысы жапсырылыпты . Газет шолушысының базар нарқы туралы мақаласы көрінеді . Мақаланың төбесіне Бердіқұлов қара сиямен сойдақтатып , былай деп жазып қойыпты . « Осындай мақала жазудың не қиындығы бар еді ? Базарың іргеңде тиіп тұрған жоқ па ? ! Әй , жігіттер - ай … » . Бас редактор сарбаздарын ара - тұра осылай қайрап - қайрап алатын . Бердiқұлов редакцияның қызметкерлерiне қорған бола бiлдi . Оларды өктем жүйенiң тықсыруына жол бермедi . Бiрде газетке жаңа келген өңкей шикiөкпе жас журналистер комсомол өмiрiне қатысты материал әзiрлеу барысында өрескел қате жiберiп алдық . Жезқазған облыстық комсомол конференциясына қатысқан облыстық партия комитетiнiң хатшысы Сапарғалиевтiң қызметi « бiрiншi хатшы » деп жазылып кетiптi . Дәл қазiргi күнi мұндай қате жiберген журналист тыныш ұйықтай бередi . Ал ол кезде осындай жәйт бүкiл тағдыр - талайыңды өзгертiп жiберетiн . Ертеңгiсiн газеттi ала сала түнде оншақты адам жабыла оқып жүрiп байқамаған қарғыс атқыр қатенi көзiмiз шалып , бөлмемiзде үкiм күтiп үрпиісіп отырмыз . Әсiресе , Сапарғалиевтi өз қолымен « бiрiншi хатшылыққа тағайындаған » Әнуарбек Әуелбеков тiптi мазасыз … Бәлкiм , ешкiм байқамай қалар … Қайдан , мұндайды байқамаушы ма едi . Сағат оннан бастап комсомол тұрмысы бөлiмiнiң сары телефоны тынымсыз зырыл қақты . Жезқазғаннан … Басқа емес , Сапарғалиевтiң нақ өзi . « Жiгiттер , не iстегенсiңдер , масқара болдық қой . Бердiқұловты таба алмай отырмын … » . Әншейiнде байсалды қалып танытуға тиiс обкомның хатшысы қолды - аяққа тұрмай тызалақтайды . Өзiмiздiң жанымыз мұрнымыздың ұшына келiп тұрса да , бұл кiсiнiң жағдайын түсiнемiз . Өзiң жай хатшы болсаң , соған қарамастан жастар басылымы бiрiншi хатшының кабинетiне зорлап кiргiзiп жiберiп жатса , оның үстiне облыстың бiрiншi хатшысы азуы алты қарыс Давыдов болса , аттандамағаныңды көрер ем … « Бiттiк ! » дедiк iштей . Бердiқұлов Әнуарбектi , оған қосып бәрiмiздi « Лениншiл жастан » еңiретiп отырып қуып шығады . Айтпақшы , Бердiқұлов қалада жоқ па , әлде бiр жұмыстармен кiдiрiп жатыр ма , сол күнi редакцияда көрiнбедi . Түске дейін қабылдау бөлмесiндегi телефонды дамылсыз ойбайлатқан Сапарғалиев ағамыздың аттандауы түс ауа сап тиылды . Мүлгiген өлi тыныштық . Мұндайда қарап қалмайтын үлкен ЦеКа - ның өзiнен өтiп кеткен мазасыз « iнiсi » кiшi ЦеКа - дан да хабар жоқ . Әнуарбектiң шашының жартысын ағартқан , бiздiң де мазамызды алған бiр түн өттi . Ертеңiне Бердiқұлов жұмысқа келдi . Бiзбен шаруасы болған жоқ . Келесi күнi де , одан арғы күнi де солай . Бердiбек Соқпақбаевтың « Балалық шаққа саяхат » атты повесiнде басты кейiпкердiң мектептегi бiр қызға « М . С . С . » деп хат жазуын жазып алып , оны әлгi қыз мұғалiмге апарып беретiн шығар деп үрейленiп жүретiн кезi бар . Бiз де құдды соның күйiн кештiк . Ату жазасын күткен айыпкердей екi - үш күн өткiзген соң жайбарақат тыныштыққа бойы үйренген Әнуарбектiң тiлi шығып , ел - жұртқа анекдот айта бастады . Кейiн бiлдiк , Алматының талай қиырына телефон шалған обком хатшысы сол күнi түстен кейiн Бердiқұловты ақыры тауып алыпты . « Лениншiл жастың » өзiнiң қызметiне байланысты жiберген қатесiн айтып шағыныпты . Сонда Сейдахмет аға : « Болар iс болды ғой ендi . Қайтесiз , жас балалар қызметiңiз өссiн деп жақсы ырым бастаған шығар » , - деп басу айтыпты . Сапарғалиевтiң сабасына түскенi де содан екен . Сiрә , өзi де жақсы адам болса керек , өршеленiп тұрып алса қайтер едi . Сөйтiп , бас редактор Бердiқұлов бiр сөзбен тiлшiлерiн жазадан аман алып қалды . Және өзi мұны есiмiзге салып мiндетсiген емес . Тiптi бұл туралы ләм - мим демедi де . Қазiргi күнi бiреуге жасаған жақсылығын елу жыл есiне салып отыратын ағайынды көрiп , мәрт мiнездi , кесек тұлғалы Сейдахмет ағаны ерiксiз еске аласың . Ал , бұдан бiрер жыл кейiн КПСС Орталық Комитетiнiң қаулысынан үш - төрт абзацтың кем басылғаны үшiн газеттiң бiр қызметкерi жұмыстан босап кетті . Сол кезде Бердiқұлов болса қайтер едi деп ойладық . Қай кезде де қарамағындағы қызметкерлерiне қалқан бола бiлгенiн еске түсiрдiк . Сейдахмет Бердiқұловтың сол қолымен жазылған бұйрығымен « Лениншiл жасқа » қызметке алынғандардың бiр несiбесi артық болды . Олардың арасынан ұстаздың дәстүрiн жалғаған бас редакторлар өсіп шықты . Сөздiң қадiрiн бiлетiн , стилi жатық Бердiқұлов мектебiнiң шәкiрттерi қайда да қарымды екенiн көрсеттi . Кейiнгi жылдарда Сейдахмет аға ауыр дертке шалдықты . Ұстаз қатты күйзеліп , аурумен арпалысып жатқанда тiкелей шәкiртi Қыдырбек екеумiз үйiне жиi барып тұрдық . Ешкiмге бас имеген тәкапбар Сейдахмет ағаның ауру меңдеген қалпын көру қиынның қиыны едi . Жiлiншiктен басталған iсiк қара санды кеулеп , кеудеге қарай өрлеп келе жатты . Талайға намысты бермеген өр кеуде дертке бой алдырмау үшiн күресiп бақты . Соның өзінде аурудың жанын батқанын білдіргісі келмей , бізбен әңгімелесуге уақыт бөлетін . Журналистиканың жай - күйі жөнінде ой бөлісетін . - Осы публицистика дегенді көсемсөз деп жүрміз ғой , - деді бір күні . - Жазған дүниеңнің бәрі көсемнің сөзіндей болып шыға берсе жақсы ғой . Олай болмаса , қайтеміз ? Меніңше , беделсөз деген дұрыс . Бердіқұлов дертпен дамылсыз алысып жатқанына қарамастан қазақ журналистикасының күрмеуі көп мәселелерін ойынан шығарған жоқ . - Әттең , көктемге бiр жетсем … , - дейтiн Алатаудың қарлы басына терезеден қарап отырып . Сөйтiп , зарыға күткен көктемiне де жеттi . Бiрақ келесi көктем келгенде Қасым ақын айтқандай , қыр үстiнде көрпесiн қымтап жатты …
Download XML • Download text