Text view
kaz-22
View options
Tags:
Javascript seems to be turned off, or there was a communication error. Turn on Javascript for more display options.
Бүгінгі күні ауылдық жерлердегі шағын және орта бизнесті қаржылай қолдау мақсатында жарғылық қоры 100 пайыз мемлекеттікі болып табылатын « ҚазАгро » ұлттық басқарушы холдинг » АҚ ( бұдан әрі - Холдинг ) арқылы жеңілдетілген қаржыландыру жасайды .
Мешіте ортақ бөлмеден басқа үш намазхана , және қосалқы бөлмелер бар .
Орталық Азия өңірінің ұлттық тағам дайындау дәстүрі мен ерекшеліктері қаншалықты бай болғандығына қарамастан , біздің дәл осы тақырып төңірегіндегі біліміміз соншалықты таяз екендігі белгілі .
- Рахмет , жақсы . Сенің түрін шаршаулы ғой , денсаулығын жақсы ма ?
23 . 07 . 2009 жылы бұрынғы Бесқұдық селолық округі әкімі Владимир Антонович Шадымовқа қатысты ҚРҚК 308 бабы 4 бөлімі « в » т . бойынша қылмыстық іс қозғалды және - де тағы да В . А . Шадымовқа қатысты ҚРҚК 307 бабы 3 бөлімі бойынша қылмыстық іс қозғалды .
Қарасу Өзенге айтты : « Ғажап мұның ! Мезгілің бар ма , сірә , табар тыным ? Тасисың бірде кеме , бірде салдар , Қайықтың есебі жоқ сансыз мыңын . Суыңда күндіз - түні тыныштық жоқ , Қалайша шаршамайсың , жарықтығым ? Бейнетім менің егер сендей болса , Бір күн де төзбес едім , нақ бұл шыным . Байқасам салыстырып саған қарап , Рақат , ұжмақ менің көрген күнім . Ол рас , сендей атақ - дабысым жоқ , Айбынды бұйраланған ағысым жоқ . Планда орынды да көп алмаймын , Қағазға сыймай тұрқым , онша ұзын боп . Сонда да мендей рақат көрмек қайда ! Бейне бір мамық төсек түбім майда . Жұмыс жоқ , уайым жоқ мен бір ханым , Салдырып белден төсек , жатқан жайға . Есепсіз рақатым , бейнетім кем , Дермісің көрген күнің менімен тең ? Үстімнен кемелер мен салдар түгіл , Жел қайық , тым болмаса , жүре ме екен ? Түседі жапырақтар кейде ғана , Айында екі - үш рет көп болса ең . Мазамды жел де алмайды төмен ойда , Қозғалмай ұйқылы - ояу жатқан бойға . Осынша әуре болып жүргеніңе Қаламын ғажаптанып қиял - ойға . Сол шақта Өзен айтты : « Тоқта , надан ! Сөзіңді шығын қылма жоққа , надан ! Ісімді әурешілік , пайдасыз деп , Білмесең , құр өтірік соқпа , надан ! Ағынмен су зораяр деген қайда ? Мұндай сөз хабарыңда жоқ па , надан ? Зорайып болдым өзен аққаныммен , Сендей боп текке қарап жатпадым мен . Толтырып сай - саланы жылда суға , Келтірдім көпке пайда тапқаныммен . Жайылса жер жүзіне дабыс - даңқым , Оны да қарап жатып таппадым мен . Бойыммен осы аққан алмай дамыл , Ағармын әлі де болса неше жүз жыл . Суалып оған дейін жатқан сенің Дүниеде атың қалмас , суың түгіл » . Айттырған періште ме , яки жын ба , Әйтеуір Өзен сөзі шықты шынға . Сол аққан қалыбынан жаңылмастан , Жүздерден асып алып , кетті мыңға . Суалып , қоқым тосып , балдыр басып , Қарасу құри берді жылдан жылға . Сарқылып он жыл болмай , дымы бітіп , Су деген жоғалды аты ақырында . Мысалы үлкен Өзен тынбай аққан - Халықтар миһнат шегіп , рақат тапқан . Жетісіп ғылым , өнер баршасына , Толып тұр қанасына қонған бақтан . Меңзеймін Қарасуды , қазақ , саған Талпынбай талап ойлап , қарап жатқан . Барады қатар жұрттың бәрі озып , Ілгері жылжымайсың жалғыз аттам . Оянып , жан - жағыңа сал көзіңді , Түбіңе жетпей қалмас қамсыз жатқан . Өткізіп уақытты , өкінерсің - Бәледен , басқа келмей , деймін сақтан . Қазағым , сал құлағың нақылыма , Түсініп айтқан достық ақылыма . Сөз емес еріккенде ермек еткен , Айтамын жаным ашып жақыныма . Қозғалмай бұл күйіңмен жата берсең , Боларсың Қарасудай ақырында .
« Тікелей желіге » түскен сұрақтарды қарау қорытындылары бойынша прокуратура органдары заңдылықты бұзуды жою туралы 57 ұсыныс , 3 ұйғарым , 2 наразылық енгізді , 10 жазбаша нұсқау берілді , 15 тәртіптік іс қозғалды , қылмыстық қудалау органдарының 9 заңсыз қаулысының күшін жойды , қадағалау сот инстанцияларына 13 наразылық білдірді , 10 қылмыстық іс қозғады .
Өкінішке қарай Жақсы гел дінің өмірден өткеніне көп жылдың көлемі болса да , оның атына не бір көше , не бір мәдениет ошағы беріл ген дігі туралы естімеппін . Әсем әндері әлі күнге дейін халықтың аузында жүрген талантты тұлғаға қандай құрмет те көптік етпес еді . Тіпті " Жезкиік " деген атаумен Жақсыгелді Сейілов ән дерінің фестивалі ұйым дас тырылып жатса , нұр үс тіне нұр емес пе ?
Табысы шаш етектен жеке шикiзат компаниялардың несиелерiне нелiктен мемлекет кепiлдiгi берiлетiнi түсiнiксiз . Iс жүзiнде оған әрбiр қазақстандық азамат жауапты болып шықпай ма . Оның үстiне осы компаниялардың жетекшiлерi өздерi үшiн шетелден ең қымбат жылжымайтын мүлiк сатып алғанымен ғана көзге түстi .
- Наурыз мейрамына қатысты салт - дәстүрлер жөнінде жиі жазып , қоғам назарын төл жаңа жыл мерекесіне аударуға күш салып жүрсіз . « Наурызнама » атты кітапта дайындап жатыр деп естідік . Наурыз тақырыбына қалай келдіңіз ?
Қазіргі заманғы технологиялар ақпараттарды жылдам және сапалы беру мен қайта өңдеуге мүмкіндік береді , бұл , өз кезегінде , елдің алдағы тұрақты дамуының маңызды факторы болып табылады .
Науша Мырзагерейұлы ( 1870 - 1944 ) Бөкейорда ауданының Шонай ауылында ( қазіргі Батыс Қазақстан облысы аумағы ) дүниеге келген . Халық композиторы Дәулеткерейдің күйшілік дәстүрін біздің заманға жеткізген . Ол Құрманғазы атындағы халық аспаптары оркестріне 30 күй берген . Дәулеткерейдің 50 шақты күйін тартқан .
Электронды - есептеуіш құралдарының дамуындағы үрдіспен және статистикалық ақпараттардың өңдеу көлемінің жоғарлауымен 70 жылдың басында Есептеуіш орталыққа үлкен Минск - 22 ( 1974ж . ) электронды есептеуіш машинасы , одан кейін аса қуатты техникалық көрсеткішті Минск - 32 машинасы келіп түсті , олар ақпаратты - статистикалық жинақтарды өңдеуде қолданылды .
Кейінгі кезде Ислам мен терроризмнің бірге айтылуы - тырнақ астынан кір іздейтін ислам дұшпандары үшін таптырмайтын олжа болды . Сондықтан қандай қиын жағдайға душар болса да мұсылмандар исламның атына кір келтіретін лаңкестік әрекеттерден аулақ болуы керек . Себебі , белгілі бір жағдайлар , дағдарыстар мен саяси ойындар күнде өзгереді . Ал діннің ұстаным , ереже - қағдилары мәңгілік . Өтпелі жағдайлармен діннің атына кір келтіруге болмайды .
Шетел инвестицияларын тиісінше қорғауды және пайданы кері қайтарып алу мүмкіндіктері бұрынғысынша назарда бірінші кезектегі мәселелер қатарында ұсталады . Экономиканың бірнеше секторы бар : табиғи ресурстарды игеру , инфрақұрылым , коммуникациялар және ақпарат , еліміз үшін бұлар тұрақты маңызға ие . Осы салаларды дамыту экономикалық өрлеуте ғана емес , әлеуметтік салаға да , сондай - ақ Қазақстанның халықаралық қауымдастыққа кірігуіне ықпал етеді . Бұлар капиталды қажет ететін салалар , оларды дамыту үшін шетел капиталымен қатар мемлекеттің қатаң стратегиялық бақылауы қажет . Бірақ тіпті Адам Смиттің де мойындағанындай , жекеше секторды қызықтырмайтын кейбір қоғамдық мұқтаждар да бар . Мұндай жағдайларда және осы мұқтаждарды қамтамасыз етудегі соңғы шара ретінде мемлекет оны өз мойнына алады .
" Компетентность , Инициатива , Творчество " Cайт создан как информационно - образовательный ресурс для поддержки учителя математики в повышении и развитии профессиональной компетентности в области применения ИКТ . От себя могу добавить - замечательный ресурс Алешко Наталий Ивановны . Жаль что только на русском языке . Администратор .
Дана халқымыз « Байлық - байлық емес , бірлік - байлық » деп бекер айтпаған . Барлық этностардың туған жер , өскен ел тағдырына деген жоғары жауапкершілігінің арқасында өз қаламыз да жаңарудың жаңа толқынын бастан кешуде . Біз бейбітшілік пен келісімді бұдан былай да нығайтуға тиіспіз . Атамекеннің көркін , ата - жұрттың абыройын асыру жолында күш - жігерімізді жұмсап , аянбай еңбек етеміз .
- Ондай күмәні бар екенін айтатындар да аз емес . Сүйегін отбасына қайтармай , ешкімге бермей , әдейі өртейтін пеште жағып , күлін сақтап қойған . Ол кісіге әйтеуір бір қастандықтың жасалғаны анық . Өйткені сол кездегі оқиғалардың желісі осындай ойға жетелейді . Тіпті қайтыс болғаны Қазақстанға хабарланбаған ғой . Газеттерге қазанама мәтіні берілмеген . Тек « Известья » газетінде ғана хабар шыққан екен . Онда өзінің бір топ жолдастары қол қойған . Сол қазанаманың соңында « Ұлт мәселесінде қателіктер жіберді » деген сөз бар . Оны сол кездегі саясат әдейі жаздыртып отыр . Смағұлды биліктің кешірмегені - оның ұлт мәселесін өткір қойғандығы . Халқымыз үшін өкініштісі - оның жарқын ғұмырының Мәскеуде қайғылы аяқталғаны .
Ал бұрынғы Кеңес Одағы кезінде ең дұрыс және мызғымас тәсіл болып есептелген диалектикалық - материалистік әдіс болатын . Ол табиғаттағы , қоғамдағы және санадағы құбылыстар мен процестерді бірімен - бірі тығыз байланыста және үздіксіз даму жағдайында болады деп санайды .
- Ең алдымен , малайзия лық тардың Қазақстанды біздің елі міздің Президенті Нұрсұлтан Назарбаев арқылы танитынын ай тып өткен жөн . Малайзияға біз дің Мемлекет басшымыздың яд ро лық қарусыздану , Еуразия құр лығындағы және басқа да аумақ тардағы интеграция мәселелері бойынша көтерген халықаралық бастамалары жақсы мәлім . Бұл ел Қазақстанның оң жетістіктерінен әркез хабардар . Еліміздің 2010 жылғы ЕҚЫҰ - ға төрағалы ғы , қазақ жерінде Қысқы Азия ойындарының өткізілуі , 2011 жылы ИКҰ - ға төрағалық ететіні , жақында Астана қаласында « Ис ламдық Давос » - 7 - ші Бү кіл әлем дік ислам экономи ка лық форумы өткізетіні жөнінде малайзиялық тар біледі .
Қазірде дәл осы химия зауытының негізінде қайтадан каустикалық ұнтақ пен хлор өнімдерін шығару қолға алынып отыр . Бірақ жергілікті тұрғындардың үрке қарауына еш негіз жоқ . Журналистерге берген сұхбатында « Каустик » АҚ Басқарма Төрағасы Ерлан Орынбековтың айтуынша , бұрынғы химия зауыты негізінде салынады демесеңіз , бұл түбірімен - тың өндіріс . Себебі каустикалық ұнтақ және хлор өндірістері сынап әдісімен емес , мембранды технология бойынша жұмыс істейді . Мұндай зауытты өзбек елі он жыл бұрын салған . Басқа да кезінде одақтас болған , бүгінде жақын шетел дейтін мемлекеттерде бұрынғы өндірістер модернизациядан өткізіліп , қоршаған ортаға да , денсаулыққа да әлдеқайда қауіпсіз осы мембранды технологияны қолданысқа енгізуде .
Бұл қалалар өздерінің ұзақ өмірлерінде не көрмеді ? Түркістан өлкесін қандай хан билемесін , тек одан өз пайдасын көздеді . Жан - жағы егіндікке бай , Түркістан шаһарларының михнатын диқаны тартса , қызығына бірінен соң бірі басқарған хакімдері батты . Еңбекші бұқараларға салынған алым - салық , қаржы - қаражат тек қаланы билеген бекзадалардың ғана дәулетін молайтты . Бай - манаптың үстемдігін асырды , қайда барса да тек кедейлер ғана сорлады . Қала - мединелерді басқарып отырған хакім , даруғалар мемлекетке деген көзқарастарын өздерінің жеке мүддесіне қарай белгіледі . Сол себептен де бұл шаһарларды билеген мықтылар ойына келгенін істеді , қарамағындағы елді өзінің меншікті мүлкі санады . Мединелерді билеген бекзадалардың асқандығы соншалық , қалаға таласып жатқан екі жақтың қайсысының қарамағына көшкісі келсе , соған өз еркімен көше берді . Егер қала мықтылары өз бастарына пайдалы көрсе , кешегі жауына бүгін өзі апарып қала қақпасының кілтін ұстатты . Осындай жағдайларды ойлаған Түркістанды жаулап алған хандар , әрқашан да бұл шаһарларға хакім етіп өздерінің сенімді жақындарын ғана қоюға тырысты . Бұл әдетті Әбілқайыр хан да қатты қолданды . Түркістан уәлиетін өзіне қаратқаннан кейін , осы уәлиетті жаулап алуда көп қаһар көрсеткені үшін , Сығанақтың хакімі етіп Манедан - оғланды , Үзкентке - Маңғыт руының биі Оқасты белгілеп , Созақ бекінісін немере ағасы Хызырханның баласы Бахтияр сұлтанға тартты . Яссы , Сауран , Сайрамдарды да осылар тәрізді Әбілқайырға өте сенімді не болмаса хан тұқымынан шыққан сұлтандар билеуде еді .
Оған дейін Абылай өз жолынан таймайды . Бұл жол қиын жол , бірақ тиімді жол . Түбі Абылайды үш жүздің алтын тағына жеткізетін жол . Кімде - кім осы ұстаған жолына бөгет болғысы келсе , өз обалы өзіне , ондайлардың басын Абылай алдаспанмен қағып түсіріп отырады . Осы үйдегі ақсүйегі бар , қара сүйегі бар , ешқайсысы Абылайдың ойлаған ойына бөгет болмауға тиіс . Өйтпесе … Өйтпесе бұлар да Батыр Баянның кебіне душар болады . Абылай оны жау шебіне тегін қалдырған жоқ , өйткені Алтынемелден бұның неге шегініп бара жатқанын Батыр Баянның түсініп қалғаны Абылайға да аян еді .
Мөшекеден - Қазанғап . Қазанғаптың 1772 жылы туғаны туралы мәлімет бар . Өлген жылы белгісіз , әркім әртүрлі айтып жүр , көзбен көрген құжатымыз жоқ , сондықтан қашан қайтыс болғанын айта алмаймыз . Қазанғаптан Тәттімбет туғанын бүкіл қазақ біледі . Қазақтың ұлы күйшісі Тәттекең туралы басқа сөз айтпайық , әңгіме Абайдың нағашылары туралы .
Ж . Аймауытов атындағы этнопедагогика және инновациялық технологияларды оқыту ҒПО - ның мақсаты мен
Биылғы жылы Қазақстанға да , Ресейге де кері әсерін тигізген бірқатар экономикалық проблемалардың бас көтергендігіне қарамастан , ресми Астана мен ресми Мәскеу екіжақты ынтымақтастықтың бұрын - соңды болмаған өсіміне қол жеткізді : үстіміздегі жылдың тек тоғыз айында ғана көршілес қос ел арасындағы тауарайналым 17 миллиард долларға жеткен . « Әлемдік қаржы дағдарысын тек аймақтық интеграциялану арқылы ғана еңсере аламыз » деп атап өтті осы орайда Елбасы . « Сіз айтқан сауда айналымы көрсеткіштері шынымен қайран қалдырады , сонша жоғары болып көрмепті ! - деп қоштай тіл қатты орыс елінің басшысы Дмитрий Медведев , - Тіпті экономикалық тұрғыдағы қиыншылықтар кезеңі екендігіне қарамастан , біздің осы алған қарқынымызды келер жылы да сақтауға мүмкіндігіміз бар » . Осы кездесуде екі мемлекет басшысы 2007 - 2008 жылдарға арналған Қазақстан және Ресейдің бірлескен іс - қимыл жоспары орындалғандығын мәлімдеді . « Бізде Қазақстан - 2030 , Ресейде - 2020 стратегиялық даму бағдарламасы бар . Енді осылардың негізінде екі елдің алдағы 10 жылға арналған ортақ бағдарламасын әзірлесек » деген ұсыныс айтты Елбасы . Ал , Ресей президенті Дмитрий Медведев үшжақты Қазақстан - Ресей - Беларуссия кеден одағын құру мәселесі де шешіліп қалғанын хабарлады . Осы күнге дейін кеден одағын құру туралы 20 құжатқа қол қойылса , алдағы жылы тағы 12 құжатқа қол қойылмақ .
Бұл жерде сайтқа кірушілердің Астана әкімі Иманғали Нұрғалиұлы Тасмағамбетовке жолдаған хаттарының жауабы жарияланады .
Краткая информация : Қиял туралы жалпы ұғым Қиял дегеніміз - сыртқы дүние заттары мен қүбылыстарының субъективтік образдарын қайтадан жаңартып , өндеп , бейнелеуде көрінетін , тек адамға ғана тән психикалық процесс : « . . . барлық жан қуаттарын ( рухани күштерді ) тек қиял ғана өзіндік сақталатынсөзімдік заттарды модельдендіре алады » ( әл - Фараби ) . Адамда қиял пайда болған кезде ми қабығында бүрын жасалған уақытша байланыстар түрлі комбинацияларға туседі де , жаңа нәрселердің бейнесі туып отырады . Уақытша байланыстарды қайта жасап , өндеу процесінде екінші сигнал жүйесі шешуші рөл атқарады . Адамдардың қиялына тән кейбір ерекшеліктерді төмендегіше топтастыруға болады : 1 ) әр адамның қиял ерекшеліктері оның жеке қызығулары мен қасиетгеріне , алдына қойған мақсатына байланысты болып келеді . Бүл арада суды аңсап шөлдеген жолаушының қиялы мен екі - үш күннен кейін емтихан тапсыратын студенттің машинасының тетігін жетілдіруді ойлап жүрген инженердің қиялын салыстырып көруге болады ; 2 ) қиялдың мазмүны мен формасы адамның жас және дара ерекшеліктеріне де , білім тәжірибесіне де байланысты . Мәселен , көргені де , түйгені де көп , өмір тәжірибесі мол , әр тарапты білімі бар ересек адамның қиялы мен енді ғана өмірге аяқ басайын деп түрған жеткіншектің қиялын бір өлшемге салуға болмайды ;
Конституция қолданыста болып , әр дәрежеде әлеуметтік қарым - қатынастар тізбегінің барлық заңды мәнісін қамтиды : « жеке тұлға - отбасы - меншік қатынастары - халық - егемендік - халықаралық құқықтық тәртіп » .
Қазақстанның археология мектебінің мәліметіне жүгінсек , Алматыда ЮНЕСКО - ның « Ұлы Жібек жолы - мәдениет диалог жолы » , « Ежелгі өркениет пен мәдениеттің сабақтастығы » атты отандық және Ресей , Италия , Франция , Германия , АҚШ , Оңтүстік Корея зерттеуші ғалымдарының қатысуымен халықаралық конференциялар өтті . Одан кейін INTAS гранты бойынша археологиялық ескерткіштерге Франция , АҚШ , Жапония , Ресей , Қырғызстан зерттеушілерінің қатысуымен « Көшпеліліктен қалаға дейін » , « Аралға араша » атты зерттеу жұмыс жұмыстары жүргізілген .
Бейімділік адамның белгілі бір әрекетпен айналысуға деген құлшынысы оянып келе жатқан қабілеттің алғашқы белгісі .
БҮГІНГІ КҮНГІ ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕНІҢ БІРІ - АЗЫҚ - ТҮЛІК БАҒАСЫНЫҢ ТҰРАҚТАМАУЫ БОЛЫП ОТЫР . АЗЫҚ - ТҮЛІК БЕЛДЕУІН ҚҰРУ . БҰЛ ТУРАЛЫ ЕЛБАСЫНЫҢ ТАПСЫРМАСЫНА ЖҮГІНСЕК , ЕЛІМІЗДЕГІ САЯЖАЙЛАРДЫ ҚАЛПЫНА КЕЛТІРІП , ӘРКІМ ӨЗ БИЗНЕСІН БАСТАУ ЖОЛЫНДА МІНДЕТІ ҚОЙЫЛҒАНЫ БЕЛГІЛІ . Біздің қаламыздың көкөніс пен жеміс - жидекке сұранымы негізінен еліміздің Оңтүстік өңірлерінен және Қытайдан әкелінетін өнімге қанағаттанып келеді . Ал бұл өнімдер жергілікті жерден болмаған соң оның бағасы артпаса , кемімейтіні түсінікті . Оны қолға алу өз қолымызда . Яғни , азық - түлік , соның ішінде жеміс - жидек пен көкөніс бағасын тұрақтандыруда өз жеріміздегі бар саяжайлардың маңызы зор болмақ . Қазіргі уақытта облыс халқының өздері өндіретін жеміс - жидекпен қамтамасыз етілуі жеткіліксіз болып келеді . Өндіріс көлемі тұрғындардың тұтыну сұранысының үштен бір бөлігін ғана қамтиды . Осыған байланысты жеміс - жидектер сырттан әкелінеді де , ол қымбат бағамен сатылымға шығады . Сөйтіп , бағаның тұрақтануына бөгет пайда бола береді . Сол себепті қаладағы және аудандардағы саяжайлардың санын арттырып , оларды қалпына келтіріп , жұмыс қабілетін күшейту керек - ақ .
Материалдық мектептерде адамның тәні ғана басты назарға алынып , дүние ләззәттарынан көбірек пайдалануға ұмтылыс жасалады . Алайда Ислам мен өзге аспандық мектептерде адамның рухани жағынан өсуі негізгі мақсат болып табылады да махаббат , жан кештілік , қанағат және әділет , адамгершіліктің биік мәртебелеріне қол жеткізудің жолдарына жатады .
Атап айтатын болсақ , облыстық ТЖД « Өрт сөндіру және авариялық - құтқару жұмыстары қызметі » мемлекеттік мекемесінің № 2 Өрт сөндіру бөлімінің радиобайланысшысы Ғабдуллина Ғалия Зұлхарнайқызы 14 жыл өмірін өрт сөндіру саласындағы қызметке арнады . Ол Атырау политехникалық колледжін бітіргеннен кейін , 26 жыл бойына өртке қарсы қызмет саласында еңбек етіп , мемлекеттік өртке қарсы қызмет басқармасының бастық лауазымына дейін қол жеткізген өзі өнеге тұтатын әкесі Зұлхарнай Ғабдуллиннің жолын қууға бел байлап , ол өрт сөндіру қызметіне келеді . Ғалияның әкесі Ғабдуллин Зұлхарнай да ішкі қызмет полковнигі 1993 - 1999 жылдары аралығында облыстық өртке қарсы басқарма бастығы қызметінен зейнеткерлікке шыққан . Өртке қарсы қызмет органдарында еңбек еткен жылдары Зұлхарнай ағамыз бірнеше медальдармен марапатталыпты . Соның ішінде ең атап өтерлігі 1985 жылы Теңіз мұнай - кен орнында № 37 скважинадағы өртті сөндіргені үшін « Өрт сөндірудегі ерлігі үшін » медалімен марапатталғаны . Сонымен қатар КСРО ішкі істер Министрлігінің бірнеше құрмет грамоталарымен және ІІМ төс белгісімен де марапатталған . Ал бүгінде әке жолымен белсенді еңбек етіп жүрген Ғалия туралы әріптестері « таңдаған кәсібі өз мамандығы бойынша болмаса да , ол жаңа кәсібін тез меңгерді , керек десең , радиобайланысшы кәсібі оның жанына жақын келіп , ойынан шықты » , - дейді . Міне , осылай жігерлі , мейірімді және еңбекқор , бастаған ісін соңына дейін жеткізуге талпынатын Ғалия ұжымдастары арасында үлкен беделге ие болады . Ол жұбайы Сариев Бекболат Бөкенбайұлымен ұл мен қыз тәрбиелеген үлгілі ата - ана . Ол да « Атма - Аэропорт және тасымалдау » АҚ өрт сөндіру бөлімінде өрт сөндіруші болып қызмет етеді . Еңбегі ерекше елеуді қажет ететін Мақсот Қарин Сағындықұлы да 1970 жылы Қызылқоға аудандық ішкі істер бөліміне өрт бақылау инспекциясының инспекторы болып еңбек жолын бастаған . 1975 жылы өрт бақылау инспекциясының бастығы лауазымына көтеріледі . Содан соң 1987 жылдан зейнеткерлікке шыққан 1996 жылға шейін ол өрт бақылау бөлімшесінің бастығы қызметін атқарады . Зейнетке шыққан соң да Мақсот Сағындықұлының еңбек жолы тоқтап қалған емес . Одан кейін де ол 1996 - 2002 жылдары № 10 өрт сөндіру бөлімінде бөлім бастығының орынбасары болды . Ішкі қызмет подполковнигі еңбек еткен жылдары бірнеше төс белгілерімен , құрмет грамоталарымен марапатталған . Бүгінгі ардагер өрт сөндірушінің ұлы Айбол Қарин 2000 жылы әскери борышын өтеп келіп , сол жылы қалалық № 5 өрт сөндіру бөліміне өрт сөндіруші болып жұмысқа қабылданған еді . Өртке қарсы қызметінің қиыншылығы мен маңыздылығын түсініп , ол өзінің бар ынтасын , күш - жігерін өртке қарсы қызметіне арнауға бел буып , 2000 жылы ҚР Төтенше жағдайлар агенттігінің Көкшетау техникалық институтының күндізгі оқу бөліміне түсті . Оқу бітіріп келген соң 2004 жылы облыстық өртке қарсы қызметтің нормативтік - техникалық бөлім инженер лауазымына тағайындалды . Міне , осылайша 2006 жылдан бері Қызылқоға аудандық № 10 өрт сөндіру бөлімінің бастығы лауазымында капитан шенімен қызмет атқарып келеді . « Атадан ұл туса игі , ата жолын қуса игі деп » дана халқымыз тегіннен тегін айтпаса керек . Сонау жетпісінші - сексенінші жылдары он бес жылға жуық өрт сөндіру саласында қызмет еткен Рапиғолла Қамиев осы саладан зейнет жасына жеткен болатын . Өрт сөндіру ісіне бар біліктілігі мен білімін арнаған Рапиғолла Қамиевтің еңбек жолы көпке үлгі боларлықтай . Өйткені өз кәсібіне деген сүйіспеншілігінің арқасында оның артынан ерген ұрпақтары да әке жолын жалғастырған сыңайлы . Ұлы Талғат Рапиғоллаұлының да 1983 жылы КСРО ІІМ жанындағы Алматы өрт сөндіру техникалық училищесіне оқуға түсіп , 1986 жылы аталмыш оқу орнын « Өрт қауіпсіздігі инженері » мамандығы бойынша тәмамдауы да өрт сөндіру саласының кәсіби маманы болсам деген арманының ақиқатқа айналғаны болса керек . Еңбек жолын № 58 мамандандырылған ішкі өрт сөндіру бөлімінде қарауыл бастығынан бастаған ол , көп жылдай Құрманғазы ауданында мемлекеттік өртке қарсы қадағалау , ішкі істер бөлімінде аға инспектор лауазымында тер төгеді . Осыдан соң ол 2000 жылы 45 жасында ішкі қызмет майоры шенінде зейнетке шықты . Ал , әке жолын асқақтатқан Салтанат Рапиғоллақызы Қамиева да 1993 жылдан бүгінгі күнге шейін Құрманғазы аудандық № 7 өрт сөндіру бөлімінде радиобайланысшы қызметін атқаруда . 2009 жылы Төтенше жағдайлар Министрлігінің Көкшетау техникалық институтын тәмамдаған Рапиғолла Қамиевтің немересі Қуанбек те бүгінде өрт сөндіру ісінің аға инженері , ауысым жетекшісі лауазымында еңбек етуде . Осылайша бізде атадан балаға шейін жалғасқан өрт сөндірушілер әулетінің жақсы дәстүрлері бар . Осынау патриоттықты , елге деген адал қызметті талап ететін салада ұрпақтар сабақтастығы жалғаса бермек . Міне , адам өмірін , қоғам тыныштығын жіті қадағалап , сол жолда бар ғұмырын сарп еткен өрт сөндірушілердің өнегесі осындай . Лайым да алапат өрттің бетін әрі қылсын . Ал , сол жолда тер төгіп жүргендердің еңбегі елене бергей …
Жетпіске жасы таяған , Намазхандарды « аяған » , Қастарын теріп тауысып , Қаламмен орнын бояған . Парик киіп басына , Итін ерткен қасына , Кемпірлерді көрсең де , Қарамайсың шошына . Мұсылмандығың осы ма ?
Кешенді тестілеуге қатысу үшін өтініштерді қабылдау 20 маусымнан 1 шілдеге дейін жоғары оқу орындарының қабылдау комиссиясында жүргізіледі .
Торғайым , алтын ардағым , Сандалып қайда бармадым . Ілініп талдың басына , Қалды екен қайда қармағым .
« Жер учаскесіне сәйкестендіру құжаттарының нысандарын бекіту , Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу және кейбір шешімдердің күші жойылды деп тану туралы » Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 6 маусымдағы № 511 Қаулысы
Бiрлiк қып iс етуге шорқақ , жұртым , Табылса оңай олжа ортақ , жұртым . Сияқты қара қарға шуылдаған Үрейсiз қоян жүрек қорқақ , жұртым . Бiлмейсiң жөнiң менен терiсiңдi , Ел болып iс етпейсiң келiсiмдi . Үмiт қып бәйге атындай талай қосып , Байқадық шабыс түгiл , желiсiңдi .
ЖСН - кодын беру туралы хабарлама көрсетілген мемлекеттік қызметтің аяқталу ( нәтижесі ) формасы
Қазақтың саяси күресінің европалық өркениетке сай бағыт алып айрықша дамыған кезеңі ХХ ғасырдан басталды . Сонау 1902 жылы қазақ мүддесін талқылауды көздеп , рұқсат етілмеген жиын өткізуге талпыныс орын алған еді .
Байқаудың қазылар алқасы үшінші орынға Халықаралық бизнес университетінің студенті Дидар Алмабековтің жобасы лайық деп ұйғарды . Ол өз жұмысында тіл туралы заңнамаға баса көңіл бөледі . Автор , атап айтқанда , « Қазақстан Республикасындағы Тілдер туралы » Заңның жекелеген нормаларын өзгертуді ұсынады . Сонымен қатар ол , өзінің ойынша , қазақ тілін пайдалану ауқымын айтарлықтай кеңейтуге көмектесетін бірқатар жаңалықтар дайындады .
Шулы , дулы пікір тастап артында , Бір - біріне қол созысқан қалпында , Біраздан соң екі бейне жатты үнсіз . Кемітпеген тіпті қорқақ күйеуінің нарқын да Ұлылық бар сол әйелдің даңқында …
ҚР Үкіметінің « Демалыс күнін ауыстыру туралы » N 167 Қаулысы шықты
Алла жар боп , таққа тағы міндіңіз Бас киімді маңдайшаға ілдіңіз . Бауырларын ақ кигізбен көтерді , Қолдай берсін ақ періште , піріңіз !
Кабдолина Хазима Насратбекқызы - 1973 жылы туған . Жоғары санатты бастауыш сынып мұғал ? м ? . 1991 жылы Щучинск педагогикалық училищес ? н , 2002 жылы Солтүст ? к Қазақстан университет ? н б ? т ? рд ? . Педагогикалық өт ? л ? - 15 жыл . Облыстық , аудандық б ? л ? м департамент ? н ? ң мақтау қағаздарымен наградталған . Қаз ? р Көкшетау мемлектетт ? к үниверситет ? н ? ң психолог мамандығына оқиды .
Маңызды Кездесудің , істес кісінің немесе тапсырманың егжей - тегжейіне басқа адамдардың кіруін алдын алу үшін жекенің мүмкіншілігіне үміттенбеуіңіз керек . Басқа адамдар сіз Жеке деп таңбалаған элементтерді оқи алмайтындығына сенімді болу үшін , Күнтізбе , ІСтес кісілер немесе Тапсырмалар қалталарын пайдалану рұқсаттарын бермеңіз . Оқуға рұқсаты және қалталарға қатынасы бар адам бағдарламалық тәсілдерді және жеке элементтерді көру үшін басқа электрондық пошта бағдарламаларын қолданады . Қалтаны сенімді адамдармен бөліскенде Жеке мүмкіндігін қолданыңыз .
асхана меңгерушісіне , аспазға , асхана жұмысшысына , диета бикешіне - қосымша ақы сомасынан 50 % - ға дейін ;
3 - баған бойынша - заңды тұлғаның толық атауы жазылады . Мұны жазуға бірнеше жол берілуі мүмкін . Шаруашылық жүргізудің ұйымдастырушылық - құқықтық нысандарының атауын жазуда қысқартуларға жол беріледі : шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік кәсіпорындар - ШМК , жедел басқару құқығындағы мемлекеттік кәсіпорындар ( қазынашылық ) - БМК , толымды серіктестіктер - ТС , коммандиттік серіктестіктер - КС , жауапкершілігі шектеулі серіктестіктер - ЖШС , қосымша жауапкершілікті серіктестіктер - ҚЖС , жабық тұрпатты акционерлік қоғамдар - ЖАҚ , ашық тұрпатты акционерлік қоғамдар ААҚ , акционерлік қоғамдар - АҚ , өндірістік кооперативтер - ӨК , өзге де қосалқы шаруашылықтар - ӨҚШ , мекемелер - М , қоғамдық бірлестіктер - ҚБ , тұтыну кооперативтері - ТК , қорлар - Қ , діни бірлестіктер - ДБ , ассоциациялар нысанындағы заңды тұлғалар бірлестіктері - ЗАБ , ауыл шаруашылығы серіктестіктері - АШС .
Солтүстік Қазақстан облысы Уәлиханов ауданында туған . Алматы көркемсурет училищесін , И . Репин атындағы Санкт - Петербор кескіндеме , мүсін және сәулет институтын бітірген .
Осыған байланысты бүгінгі күні ҚМ Кедендік бақылау комитеті төр ағасы қызметтен кетті , оның екі орынбасары және бір қатар бас қарма басшылары өз еркімен қыз метінен босаған . Олар дың кінә сі болмаса неге жұмыс та рын жа л ғас тыра бермейді ? Қып - қызыл ақша ның ішінде қалтаны әбден қалын дат қанша жү ріп , со сын әш кере бол ғанда өз ер кің мен тыныш қана кете алсаң қан дай жақсы ? Жем қорлардың қа шан жұ лыны үзіледі ? Алайда , бүгін де бұл сұрақ тарға қа нағаттанарлық жауап табу мүмкін емес . Мәселен , кеше ҚМ Кедендік ба қылау коми тетінің баспа сөз мәс ли хаты өтіп , онда осы кө кейтесті сұрақтар көте ріл ді . Бірақ , жоға ры да айт қа ны мыз дай , мар дым ды жауап жоқ .
Осынау игі кең жерге , Наурыз айы келгенде , Наурыз тойын бергенде , Көрмегендер де - арманда , Арманда - оны көрген де . Келіп ем өмір - орманға , Наурыз айы келгенде .
« Я , Сакен Сейфуллин , заявляю , что не выдержав физических пыток , приме нен ных ко мне , оговорил писательницу Галину Серебрякову . Никогда я не имел с ней никакого контрреволюционного разговора и не видел ее мужа Сокольникова » , деп жазғанын тебіренбей оқи алмай сың . Осындай зұлымдыққа барғандарға не деріңді білмейсің . Қаншама қаһар төккенмен , олар өз дегендерін істеп кеткенін соттың мынадай үкімінен білеміз .
Мұзафар Әлімбаев « Қос өзен » атты өлеңінде ұлы орыс халқы мен қазақ халқының тағдыры бір арнаға құйып , ұласып жатқандығын шебер суреттейді .
1 . Қызметкер денсаулық жағдайы бойынша медициналық қорытындыда көрсетілген мерзімге неғұрлым жеңіл жұмысқа уақытша ауыстырылады . Тараптардың келісімімен қызметкердің бұрынғы жұмысы бойынша жалақысы сақталуы мүмкін . 2 . Қызметкердің еңбек міндеттерін орындауға байланысты жарақаттануына , кәсіптік ауруға шалдығуына немесе денсаулығына өзге де зақым келуіне байланысты еңбекке қабілеттілігі қалпына келгенше немесе мүгедектік белгіленгенге дейін жұмыс беруші қызметкерді анағұрлым жеңіл жұмысқа ауыстыруға не Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасына , сондай - ақ еңбек шартының , ұжымдық шарттың талаптарына сәйкес залалдың өтемін төлей отырып , оны жұмыстан босатуға міндетті . 3 . Қызметкер еңбек міндеттерін атқаруға байланысты өндірістік жарақат алған , кәсіптік ауруға шалдыққан немесе денсаулығына өндіріске байланысты емес өзге де зақым келген кезде басқа жұмысқа ауысудан жазбаша түрде бас тартқан жағдайда қызметкермен еңбек шарты осы Кодекстің 59 - бабы 1 - тармағының 4 ) тармақшасында көзделген негіз бойынша тоқтатылады .
17 мамыр күні ҚР Парламенті Сенатында Халықаралық қатынастар , қорғаныс және қауіпсіздік жөніндегі комитеттің кеңейтілген отырысы болады .
Кангал төбетінің Анатолыда ғасырлардан бері шопанмен бірге үйірді қорғап келген ит тұқымы екенін білетін бе едіңіз ?
Бірде мектептегі достарммен басымыз қосылып , кішігірім кафеге барып сыра ішіп отырып әнгімені төбесінен түсіріп отырғанбыз .
Жасыл желектерді санитарлық және амалсыз кесуді , қайта отырғызуды , бөрікбастарды қалыптастыруды , санитарлық қырқуды , ландшафтық кесуді , сүңгегін тазалауды олар қолданыстағы « Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар туралы » заңмен реттелетін , республикалық маңызы бар ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды қоспағанда , өздерінің қарауынша жалпы табиғатты пайдалану тәртібімен рұқсатсыз жүзеге асырылады .
6 . Қайыртаев Амантай , Алматы қаласы , Абай атындағы мектеп - интернат
- Рас айтасыз , осындай рухсыздық қазақ қоғамының өнбойынан менмұндалап тұрады . Әсіресе , қазақ тілінің табанға тапталуы ұлтын сүйетін азаматтардың жігерін жасытуда . Бұл процес әлі де жалғаса берсе болашақта тіл тағдыры не болмақ ?
Бұл заң жобасы авиация қызметін тиісінше құ қық тық реттеуді іске асыруға бағытталған . Және де екі заңның , атап айтқанда , 1995 жылғы желтоқ сан ның 20 - сындағы " Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі туралы " Заң мен " Азаматтық авиацияны мемлекеттік реттеу туралы " 2001 жылғы желтоқсанның 15 - індегі Заң нормаларының ережелерін біріктіреді .
Тұқым : Аудан бойынша 2011 жылғы көктемгі дала жұмыстарына дайындалған барлық дәнді дақылдар тұқымы 5452 тонна немесе 100 % зертқаналық тексеруден өткен . Жердің құнарлығын арттырып , жоғары өнім алу мақсатында Үржар , Бестерек , Науалы , Көкөзек , Қарақол ауылдық округтерінен жеті шаруа қожалығы 773 тонна минералды тыңайтқыш алуға өтінім білдіріп отыр . Өткен жылдары мұндай көлемде тыңайтқыш алуға сұраныс білдірілмегенін атап айту керек .
17 ғ - дан бастап тәжірибе мен матем . зерттеулердің жиынтығы Ф - ның негізгі тәсілі болып қалыптасты . Бірақ әр түрлі құбылыстар бір - біріне байланыссыз зерттелгендіктен , олар жекеленген « салмақсыз » материяның көрінісі ретінде қарастырылды . Жылу ерекше салмақсыз сұйық - жылу тегі түрінде _қалыптасты . Заттардың электрленуі - электр сұйығы , магниттік құбылыстар магнит сұйығы жайлы болжамның көмегімен түсіндірілді .
Мәмлүк мемлекетінің іргесін Мұхаммед пайғамбар мұрагерлерінің арасындағы көпжылдық қақтығыстар мен қызу тартыстардан кейін оның қызы Фатима мен күйеу баласы Ғали - Арыстан қалады . Өз мемлекетін жаудан қорғауда олар жергілікті халыққа емес , күшті де қайратты қыпшақ жігіттеріне иек артты . Ал 1271 жылдан бастап исламның сопылық бағытта көшуіне байланысты , әскерге түріктің ұлдары іріктелініп алына бастады , бұл әскери төңкерістердің алдын алудың қамы еді . Мысыр сұлтаны күзет үшін жігіттерді итальяндық көпестерден сатып алды . Осылайша Бейбарыс та Дамаскіде 800 дирхемға сатылған болатын . Мұнда ол өз жерлестерімен қауышты . Бейбарыс өзін әскери өнердің шебері ретінде таныта білді . Мысыр сұлтаны Аюби оны өзінің хатшысы етіп тағайындады . Сол кезеңде Бейбарыс басқарған Мәмлүк мемлекетінің әскері орта ғасырлардағы екі ірі қолға - " крестілер жорығы " мен моңғол басқыншыларына тойтарыс берді .
Одан кейін « Қазақ тілі » қоғамының төрағасы болған Сәрсембай Шектібаев облыстың ғалымдарын қатыстырып , қазақ тілінің қолдану аясын кеңейту бағытында көрнекті іс - шаралар ұйымдастырды . Ол фиология ғылымдарының кандидаты , профессор Жақсыбай Сарбалаевтың көмегімен қазақ тілін оқыту және іс - қағаздарын қазақ тілінде жүргізу жұмыстарын ілгері бастыруды қолға алды . Ерсайын Бимағановтың « Қазақ тілі » қоғамындағы төрағалық қызметінде « Қазақ тілі » қоғамының қалалық және аудандық жұмыстарын жандандыруға ерекше мән берілді .
21 шілде 2010 ж . « Интерфакс - Қазақстан » агенттігінің баспасөз орталығында « Даму » кәсіпкерлікті дамыту қоры » АҚ баспасөз мәслихатын ұйымдастырды . Онда Қор өкілдері биылғы жартыжылдықта атқарылған жұмыс нәтижелерімен таныстырды .
Конференция жұмысы барысында қазіргі қазақ тілі синтаксисі және коммуникативті грамматика мәселелері ; тіл біліміндегі жаңа бағыттар : мәдениетаралық қарым - қатынас және функционалды тіл білімі ; қазақ тілінің әлеуметтік мәселелері : мемлекеттік тіл мәртебесінің нығаюы , терминология , БАҚ тілі ; қазақ тілінің стилистикасы және тіл мәдениеті , қазақ тілін оқытудың лингводидактикалық мәселелері қаралатын болады .
3 . ТӨО / ГТО - ны заңсыз тасымалдаған жағдайларда генді - инженерлік қызмет саласындағы уәкілетті орган субъектіден оларды алып кетуді ( кері экспортты ) немесе халықаралық құқық нормаларына сәйкес өз есебінен жоюғды талап етуге міндетті .
Наурыз көже - « Наурыздың » ең қасиетті асы . Наурыз көже та ра туға баса мән беріліп , оның қадір - қа сиетін барынша арт тыруымыз қа жет . Оны айтып отырған себебім , жапондар барлық әдет - ғұр пын , дәс түрін сақтап , бір кесе шай ды құйып беруге жеті минөт уақытын жібереді екен . Ал біз жеті түрлі тағамнан жасалынған ас төресін бер генде « Ұлыс Күнге жеткен де бар , жетпеген де бар » дегендей , тәу бә ға келіп , Аллаға сыйы нып , дастархан ба сында отырғандар бір - біріне бе реке тілесе дейміз . Әри не , алдымен жеті шелпектен ауыз тиюді ұмыт пай , сосын үлкендер кө жеге қол соз ған нан кейін олар өздерінен кейінгілерге алып отырыңдар деген ишарат білдірсе , еш сө кет тігі болмас еді . Үл кен ге құрмет , жасы үл кен ді сый лау дастархан басында да көрініс тауып отырс а , тәрбиенің ең үлкені осы емес пе ?
БАӘ экономикалық үлгісі Қазақстан халқының саны 200 - 300 мың адам болған жағдайда ғана мүмкін 49
Сонымен қатар , ветеринария мамандарын ауылдық жерлерге бекіту жұмыстарын күшейту қажет . Бұл мәселеде ауылдық жерлерге жұмысқа орналасуы кезінде мемлекеттік қолдау көрсетілетін әлеуметтік сала мамандарының қатарына ветеринарларды енгізу жөнінде министрлік тарапынан ұсыныс дайындалды .
Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігінің 20 - жылдығына арналған іс - шарлар шеңберіндегі Жарқайың , Жақсын , Есіл аудандарының қатысуымен болатын « мемлекеттің нақты адамға дегн қамқорлығы » атты дөңгелек стол отырысы ( Атбасар ауданы )
2 . Наурыздың 27 , 28 күндері « Түркі әлемі » атты халықаралық ғылыми - практикалық конференция өтілді . Конференцияға Алматы қаласы Алатау ауданының оқытушылары мен оқушылары , Саха - Якутия республикасынан оқушылар , Қырғызстан Республикасынан оқушылар қатысты . Конференцияның қонақтары : Доктор , акадетик Б . Көмеков , Доктор , академик О . Исмағұлов , Доктор , профессор Е . Қажыбек , Доктор , профессор М . Оразбай , Доктор , академик Алтай Аманжолов , суретші С . Өтемісов , тарихшы М . Сембин , әдебиет танушы М . Әуезов . Алматы қаласы Білім беру жүйесі мамандарының біліктілігін көтеру және қайта даярлау институты директорының орынбасары Р . Ахмедова , Алатау ауданының « Ұстаз » кәсіподақ ұйымының төрайымы Д . Ғаббасова , Алатау ауданынң Білім бөлімінің бастығы С . Ж . Досматова , Венгер Республикасының Алматыдағы кеңесшісі Рока Янош . Халықаралық конференция 2 секцияға бөлінді . 1 - ші бөлім тарих - этнография , 2 - шісі мәдениеттану , философия , дін . Тарих - этнография секциясы бойынша 15 оқушы баяндама жасады . Қорытындысында І орынды № 156 мектептің 11 - сынып оқушысы Изиеева Ақмарал , ІІ орынды Саха Республикасынан келген 10 - сынып оқушысы Попова Валентина , № 149 мектептің 9 - сынып оқушысы Алиакпар Мадияр алды . ІІІ орындарды № 154 мектептің оқушысы Нұршанова Ботагөз , № 149 мектептің 11 - сынып оқушысы Ермағамбетова Динара , № 164 мектептің 11 - сынып оқушысы Қалымбекова Айгерім алды . Қалған оқушылардың барлығы сертификатқа ие болды . № 173 мектептің оқушысы Шәуен Азат қалалық институттың мақтау қағазымен марапатталды . Мәдениеттану , философия , дінтану секциясы бойынша 15 оқушы баяндама жасады . Қорытындысы бойынша бас жүлдені « Ең үздік баяндама » номинациясы бойынша Саха Республикасынан келген Парфенова Уйгулана иеленді . Саха Республикасынан келген Гуляев Станислав , ІІ орынды № 154 мектептің 9 - сынып оқушысы Қабыл Марат , № 154 мектептің 7 - сынып оқушысы Феранский Евгений иеленді . ІІІ орынды № 160 мектептің 10 - сынып оқушысы Айтуаров Алмат , № 154 мектептің 10 - сынып оқушысы Худайбердиева Лейла , № 154 мектептің 9 - сынып оқушысы Қайсаева Айзада алды . Қалған оқушылардың барлығы сертификаттармен марапатталды
Мiне , осындай жаңа жобалар мен мақтануымыз керек . Осы екi арнадағы ерекше жобалар ойлап тапқан жандарға айтар алғысым шексiз .
- Аса қадiрлi Зинаида Петровна ! Мен Сiздiң рухыңыздан бүкiл қазақ хал қының атынан басымды иiп кешiрiм сұраймын ! Кешегi алаңға шыққан қазақ жастарының шектен шыққан бұзақылығы , бейбастығы және ұятсыздығы үшiн ! - дедi . Дедi де , бiраз уақыт басын төмен иiп тұрып алды .
" Возрождение традиционного ислама - лучшая альтернатива религиозному экстремизму " . Резолюция научно - практического семинара в Институте стран СНГ , 14 июля 2011 г . , г . Москва . / / Институт стран СНГ .
- жоғары қосылған құнмен мұнай - химия өнімінің кең спектірін кейін қайта бөлу және өндіру үшін мұнай - химия шикізатын өндіру ( құрылыс , қаптау және орау материалдары , өндірістік және тұрмыстық тауарлар және т . б . ) ;
Университетте қай жерде спортпен айналысуға болады ? Университеттің екі үлкен , үш шағын спорт залы бар . Сабақтар өткізуге арналған жабық спорттық алаңдар көлемі 1547 шаршы метр , футбол алаңының ауданы 2800 шаршы метр ; ұзындығы 280 метрлік жүгіру жолы , 2 воллейбол , 2 баскетбол алаңдары тағы бар . № 2 ғимараттың спорт алаңы стационарлық , спорттық құралдармен қамтылған . Бас ғимаратта А . Н . Трунов атындағы Денсаулық орталығы , 3 корпуста Қ . Рысқұлбеков атындағы дайындық залы , « Чайка » бассейні , « Сібе » демалыс орны бар .
Электр қозғаушы күштің бағыты оң қол ережесімен анықталады : алақанымызды магнит индукциясының сызығы кіретіндей етіп қоямыз , ал үлкен саусақ өткізгіштің қозғалу бағытын көрсетеді , сонда созылған төрт саусақ электр қозғаушы күштің бағытын көрсетеді .
1992 жылдан 1993 жылға дейін - Солтүстік Қазақстан облысы Возвышен ауданы ТТБ техникалық түгендеу бөлімінің бастығы .
06 . 05 . 1998 ж . ҚР Президентінің жарлығымен Ақмола Астана қаласы болып аталды
… Станислав Лемнің фантастикасымен галактикаға да ұшып көрдім . Жуырда И . Буниннің Чехов туралы естелігін оқып шықтым . Үйретері көп . Достоевский ал пауыт Бальзакты түгел оқыған деседі . Мен үш - ақ романын еңсердім . Чеховтың « В овраге » атты әңгімесі жадыңда ма ? Енді , сұмдық ! Сондай ғажап дүниенің бар - жоғын білместен , Липа сықылды бейшара да әсем « қыздың » нала - мұңын сезбестен қалай жер басып жүргенмін : аз білгенімді көпсініп күмпиюмен болыппын .
Ұлы ғалым Махмұд Қашғаридің « Диуани лұғат әт - түрк » атты әйгілі кітабы 1910 жылға дейін аты бар , бірақ заты жоқ кітап еді . Басқаша айтқанда , оған дейін кітаптың тек аты ғана аталатын , бірақ кітапты көрген ешкім жоқ еді . Егер бүгінгі таңда бұл кітап бүкіл әлемде зерттеулер мен конференцияларға арқау болып отырса , бұл үшін біз кітапқұмар , ғылым мен мәдениетке жан - тәнімен берілген Әли Әмірі әпендіге қарыздармыз .
Жүздесу барысында қылмыспен күрес және азаматтар мен заңды тұлғалардың құқықтарын қорғауды бірлесіп жүзеге асыру мақсатында Астана мен Прага қаласының прокурорлары арасында ынтымақтастық пен түсіністік жөніндегі хаттамаға қол қойылды . Аталмыш құжат қол қойылғаннан бастап күшіне енеді және ол 5 жылға дейін күшінде болады . Құжат талаптарына сәйкес тараптар трансұлттық ұйымдасқан қылмыс , қылмыспен табылған қаржыны заңдастыру бағытындағы қылмыстарды іздестіру барысында екіжақты өзара көмек көрсететін болады . Сондай - ақ екі елдің прокурорлары тәжірибе мен ақпарат алмасады .
Аталмыш 2009 - 2011 жылдарға арналған ортамерзімді іс - шаралар жоспарын іске асыру үшін " Ішкі саяси тұрақтылық және қоғамдық келісім саласы бойынша мемле кет тік саясатты жүргізу " бюджеттік бағ дарламасы аясында республи ка лық қазынадан 30 млн . теңге және " Ген дерлік теңдікті қамтамасыз ету және отбасылық жағдайды жақ сар туды дамыту шаралары " бағдар ла ма сы негізінде 38 , 4 млн . теңге бөлінген .
« Оңтүстік » АЭА аумағында ( ОҚО ) қызмет түрлерін кеңейту арқылы кардтық және таралған мақта - қағаз тоқыма , мата мен дайын тоқыма бұйымдары , тоқыма мен матаны бояу және безендіру , сондай - ақ дайын тігін бұйымдары өндірісінің толық технологиялық циклын ұйымдастыру үшін , оның ішінде « Оңтүстік » АЭА қызмет түрлерін кеңейту есебінен мақтадан жасалған бұйымдар өндірісін ( жібек маталар шығару , маталық емес тоқыма материалдар , кілем бұйымдары мен гобелендер , мақта целлюлозасын және оның туындыларын , мақта шикізатынан өндірілетін жоғары сапалы қағаз және былғарыдан жасалған бұйымдарын шығару ) ;
243 . Ішкі әскерлердің әскери қызметшілеріне әскери қызмет міндеттерін орындаудан босату жетіден отыз тәулікке дейінгі немесе науқастануы бойынша демалыс отыздан алпыс тәулікке дейінгі мерзімге беріледі .
Тәжірибе барысы « Өзін - өзі тану » пәні тәрбиелеу мен білім берудің дәстүрлі және жаңа мазмұнын қайта қарауға , қоғамда жалпы адамгершілік құндылықтардың оң жүйесін қалыптастыруға әсер ететінін көрсетті .
Оппозиция бір нәрсені ұғынса ғана жеңіске жетеді : яғни менің « проводник » боп істеп жүрген Асқар деген кластасым не ойлайды , не үшін дауыс береді , нені қадірлейді , не үшін көшеге шыға алады , соны тап баса алуымыз керек . Міне , саяси квинтэссенция қайда !
бойындағы қазақтарға іргелес қоныстанған қазақтар , оңтүстік қарақалпақтар , өзбектер әлсіреген ауылдарға шабуыл жасап , жағдайды одақ да қиындатып жіберді . Әсіреесе , - қатты ойрандалған жер Жетісу өңірі еді .
АСТАНА . 22 шілде . ҚазАқпарат / Қанат Мәметқазыұлы / - 2011 жылғы 18 шілдедегі жағдай бойынша « ҚазАгро » ұлттық холдингі жалпы сомасы 7 млрд . 185 млн . теңгенің 16 жобасын пайдалануға берді .
« Аударма » сөзі жалпыға түсінікті , әрі көпшілікке белгілі болып табылады . Осыған қарамастан , бұл адам әрекетінің арнайы бір түрі және жемісі болғандықтан , ол ғылыми - терминологиялық анықтауды қажет етеді . Аудармашылардың өздері де « көркем аударма » ұғымына нақты анықтама беруге қиналады . Кейбір әдебиетшілер « аударма - түпнұсқаға негізделіп , түпнұсқаның басқа тілдегі көшірмесі » болу керек деген пікір айтады . Басқаша айтқанда , аударма түпнұсқаға толық сәйкес болу керек . Бұл арада « сәйкестік » деген ұғымға тоқталу керек деп ойлаймыз . Егер бір шығарма екі түрлі тілде , екі түрлі мәдени - тарихи жағдайда өмір сүрсе , онда « сәйкестік » тек шартты түрде ғана болмақ . Осындай тұжырымды белгілі армян сыншысы Левон Мкртчян айтқан : « Если одно и тоже произведение существует на двух разных языках , в контексте разных культур , то о полном соответствии можно говорит лишь в определенном смысле . Даже наиточнейший перевод не может во всем совпадать с оригиналом , быть « абсолютно точным » . Перевод и не должен полностью повторять оригинал - искусству противопоказаны повторения » .
1 . 1 . құжаттарды тапсырған сәттен бастап белгіленген мерзімде қызметті ұсыну оқиғаларының % ( үлесі )
Осы жаттығу - семинарларына қатысуға ниет білдірушілерді жаттығу семинарларына шақырамыз , ол үшін сізді алдынала тізімге жазылуыңызды сұраймыз .
« Мойнында құл ақысы болған адам өлмей тұрып ақысын өтеп , халалдассын ! Өйткені ахыретте алтынның , малдың қадірі болмайды . Ол күні ақыларын өтеп болғанға дейін өз сауаптарынан алынады , сауаптары қалмаса ақы иесінің күнәлары оған жүктеледі . » ( Бұхари )
Керей : Ашамайлы | Бахрам | Шынойлы | Байталақ | Жадық | Меркіт | Жантекей | Иделі | Молқы | Шұбарайғыр | Жастабан | Шеруші | Қарақаc | Кеңсадақ Қоңырат : Нағанай | Қотаншы | Жаманбай | Сүйеніш | Есқара | Мүлкіаман | Көккөз Қыпшақ : Қарақыпшақ | Құланқыпшақ | Торықыпшақ | Қытайқыпшақ Найман : Бағаналы | Балталы | Ергенекті | Қаптағай | Қаракерей | Матай | Садыр | Терістаңбалы
Абайдың көзі тірісінде жарық көрген шығармалары қатарында « Шоқпардай кекілі бар қамыс құлақ . . . » және « Қансонарда бүркітші шығады аңға . . . » деп басталатын екі өлеңі де ғылым үшін аса қымбат нұсқалар .
Еліміз егемендік алғалы алыс - жуық шетелдердегі қандастарымыз өзінің тарихи отаны - Қазақстанға орала бастады . Қазірге дейін сырттан келген қандастарымыздың саны бір миллионға жақындады десіп жүрміз . Десе де шетелде әлі де болса бес миллион қазақ отыр . Олай болса олардың бұдан кейінгі отанына оралу мәселесі қалай болады ? Орала алмаған қандастарымызға Қазақ мемлекеті қай деңгейде рухани көмек көрсете алады ? Көші - қон ісіне және шеттен оралған ағайындардың атажұртында өмір сүруіне қандай кедергілер жасалып отыр ?
Тілеукенов Қабдылқақ Қабдығалыұлы / Лебяжі ауданы Шақа ауылында дүниеге келді . Алматыдағы Қазақ Мемлекеттік университетін , Қарағанды Мемлекеттік университетін тәмамдады . Полиция полковнигі , әділет аға кеңесшісі дәрежесіне көтерілді .
Қараоба жер аты ; Баянды аулының шығыс бетінде 5 км - дей жерде .
Конституциялық Ке ңес тің нормативтік қаулысына тү сіндірмені қаперге алғандығын айта кеткен жөн . Өйткені , Конс ти туциялық Кеңес Парламент та ра пынан ұсынылған Президент өкі леттігін 2020 жылдың 6 жел тоқ санына дейін ұзарту жөнін дегі референдумды өткізу туралы заңдық құжатты Конституцияға сәйкес емес деп тапқан - ды .
« Әйелдерінің ылғи шаршап жүруіне ықпал жасаңдар , осылайша олар күйеулеріне деген сезімін көрсете алмасын , әрдайым бастары ауырсын . Әйелінен ілтипат - сезім көре алмаған күйеуі бақытты сыртта іздесін , бұл да шаңырақтың тез арада шайқалуына себеп болады » « Оларға мағынасыз нәрселерге толы хикая кітаптарын беріңдер , балаларына өмір сүру мен иманның маңызын түсіндірудің орнына осы кітаптарды оқып берсін »
Педагогтердің 70 % - ы ваучерлік қаржыландыру принципі бойынша біліктілігін арттырудан өтеді .
Баян - Өлгийдегі қазақ отбасын Қазақстанда шығатын мерзімді басылыммен қамтамасыз ету , Ұланбатыр маңайына қазақ теледидарын қосып беру , меніңше , Қазақстанның қолынан келеді . Тіпті , өзге емес , түріктердің өзі Күлтегін мен Білге қағанға арнап керемет Орхон музейін салыпты . Бізді қатты таңқалдырды . Бірақ , біздің шеттегі қазақ диаспорасына көмектесуге ынтамыз аз .
Экономиканың әр түрлі салаларында , республиканың қорғанысында елді мекен туралы ақпарат маңызы аз емес , ақпарат геодезиялық және картографиялық өнімнің сапалы қызметіне сұраныс өсімі байқалады , көптеген жағдайларда бұл өнімдер заңды құжат болып табылады . Біріккен ұлттар ұйымының мәліметтері бойынша қолдау жүйесінде кеңістіктік ақпарат үлесі жалпы осы жүйе бойынша ақпарат көлемінің 80 % құрайды .
« Періштелер ұялатын кісіден мен де ұяламын ғой » , деп жауап берді . Хадис имам Мүслим еңбегінде жазылған .
Мешіт . Мешіт б ө лмесі Оңтүстік Батысқа қарай созылыңқы кел е тін дәліздер ар қ ылы қабырхана мен қазандықпен , кітапханаме н жалғасады . Мі н ажат ү шін п айдаланылған . Солтүстік Батыс жағында шағын б ө лмеде құра н жайнамаздар , шыра қ дандар сақталған . Төбеге көтерілетін баспалдақтары ба р . Бөлменің о н алты терезесі бар , терезелер бөлмеге ерекше жарық беріп т ұ рады . Қабырғаның т ө менгі жағы көкшіл қыш пен ө ріліп , майоликалы белд е у бағаналарымен к ө мкерілген панельмен қа п талған . Осындағы к е йбір б ө лшектері н е алты н жала нғ ан , жеті түсті б ұ рын на н құ растырма лы - Орта ғасырдағы сәнді к ө н е рі нің аса көр нек ті т уынд ы сы болы п табылады .
С . Савченконың айтуынша , форум ойын түрінде өтеді . " Бұл сьезд емес , іскерлік ойын іспетті бас қосу болады . Біз кәсіпкерлерді топтарға бөліп , белгілі бәр мәселелер бойынша өз ұсыныстарын ортаға салуды сұрайтын боламыз " , - деді ол .
Құдай қаласа , ақсарбас айтатын күн алыс емес сияқты ! . .
Олар - халықаралық танымал діни қорлар , сол құрылымдар арқылы әрекет етіп жатқан сырт елдердің өкімет өкілдері . Өйткені халықаралық тәжірибеде биліктегі патшаның жақын жұрағатын пайдалану арқылы заңды билікті құлату - белгілі сценарий . Мысал үшін осы үлгідегі билік алмасуы Сауд Аравиясы корольдігінде де жүзеге асырылды . Мұндай мысалдарды көптеп келтіруге болады . Қайраттың сырттағы қолдаушыларының басты мақсаты да сол сценариді жүзеге асыру .
Ташкент халық ағарту институтын , Мәскеудің бірінші музыкалық техникумын , Мәскеу консерваториясы жанындағы татар опера студиясын бітірген . Қазақтың халық аспаптар оркестрінің дирижері болып , Қазақтың Петр Чайковский атындағы музыкалық училищесінде , Қазақ консерваториясында ұстаздық еткен . Композитордың Ұлы Отан соғысы жылдары жазған « Аттаныңдар майданға » , « 8 - гвардия дивизиясының әні » , « Батыр қыз » , « Нүркен » әндері тыңдарманын қаһармандық сезімге бөледі . Ол қазақ музыкасына тұңғыш вальс жанрын енгізіп , « Қазақ вальсі » , « Бұлбұл » әндерін шығарған . Сондай - ақ оның әсем әуенімен ерекшеленетін вальстері , хорлары , симфониялық оркестр , халық аспаптар оркестрі үшін камералық - аспаптық шығармалары , қойылымдар мен кинофильмдерге арналған музыкалары бар .
АЭС - тің қалыпты пайдалану кезінде және қалыпты пайдалану бұзылған , апатты жағдай орын алғанда қызметкерлерге , тұрғындарға және қоршаған ортаға радиациялық әсерді белгіленген шегімен шектейтін қасиеті бар . АС қауіпсіздігі түсінігінің құрамдас элементтері - техникалық , ядролық , радиациялық , экологиялық қауіпсіздік .
Он тоғыз жыл . . . Көп емес , аз да емес шығар . Еліміз сансыз ереуілдер мен толассыз тағдыр азабын кешіп , бірақ егемендігін еншіледі . Иншалла , тәуелсіздіктің тұғырында нық тұрмыз . Елбасымызды көп елдер елеп , Астанамыздың аты жер - жаһанға мәшһүр бола бастады . Бұл - біздің баршамызға ортақ қуаныш пен жетістік .
Ертай Айғалиұлы , халықаралық « ҚАЗАҚСТАН - ZAMAN » газетінің Бас редакторы : Қиын - қыстау кезде көптеген оқымыстылар базарларға кетіп қалып , ғылыммен біржола қош айтысты . Алайда қаржылық қиын - дыққа қарамай , ғылымда қалған көптеген ғалым - зерттеушілеріміз өздерінің ғылыми жұмыстарын табандылықпен жалғастырып жатты . 17 мың адам болсын , 5 мың болсын бұл - адам тағдыры . Бүгінгі көтерейік деп отырған тақырып осынысымен өзекті .
Аңқылдаған , ақ - жарқын адамды ұнатпайтын жан жоқ . Олардың аңқылдаған мінезі төңірегіндегілерді де елітеді . Парасатты , білімді адамдармен ғана емес , ақкөңіл жайдары да белсенді адамдармен де достаса білу керек . Уайымшыл қамкөңіл адамның жанында жарым сағат бірге болсаңыз , бойдағы бойдағы қайратыңыздан жұрдай болғаныңзды білмей қаласыз .
18 жыл бұрын ( 1991 ) алғашқы пунктінде « КСРО одақтық - республикалық органы Мемлекеттік Қауіпсіздік Комитетінің республикамыздағы құқықтық мирасқоры болып Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Қауіпсіздік Комитеті деп танылсын » деп көрсетілген Министрлер Кабинетінің « Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қауіпсіздік комитеті туралы » Қаулысына қол қойылды . Бұл егеменді мемлекеттің қауіпсіздік органдары жүйесінің құрылуының алғашқы қадамы болды .
1 ) Қазақстан Республикасының Конституциясын және заңдарын бұлжытпай сақтауға , судьяның антына адал болуға ;
Міне , осыдан кейін Қазақстанда патшалық әкімшілік жүйелердің нығаюына байланысты көшпелі халықтың құнарлы , шабынды - жайылым алқаптары күшпен тартып алынып , ол жерлерге Ресейдің шаруаларын , орыс - қазақтарын жаппай қоныстандыру процесі басталады . Бұл қоныс аудару қозғалысының қазақ халқын жалпы ресейлік тарихтың бірыңғай арнасына тартуына байланысты , біріншіден , Қазақстанда капиталистік өндіріс қатынастарының дамуы тездеп , көшпелі өмірдің тынысы тарылса , екіншіден , жеріміздегі мол пайдалы кен байлықтарды игеруге ынтыққан орыстың тіміскі тау - кен өндірісшілері қазақ даласына ағылып келе бастайды . Сондай арзанға түсетін пайда іздеуші өнеркәсіпшілердің бірі - Томск губерниясының көпесі Степан Иванович Попов Баянауыл өңіріне келіп , жергілікті байырғы тұрғындарына шамалы сыйлықтар беріп , олардың көмегімен алтын , күміс , қорғасын және мыс кендері бар жерлерді іздестіреді . Соның арқасыңда 1863 жылы Баянауыл өңірінде пайдалы қазбалар шығаратын 24 кеніш пен күміс , мыс қорытатын Алексаңдровск ( бүгінгі Сұлтанмахмұт Торайғыров атындағы совхоздың жерінде ) және Иоанно - Предтеченск ( Жүсіпбек Аймауытов атыңдағы совхоздың жерінде ) мыс қорыту зауыттары жұмыс істеді . Бұл зауыттардың алғашқысы 1838 жылы Қазақстан көлемінде түңғыш рет ашылған , бүгінгі Майқайың поселкесінің оңтүстік жағында 18 шақырымдай қашықтықтағы Талдыкөл кенішінде өңдірілген көмірмен жұмыс істесе , ал екінші зауыт сол жердегі Қызылтаудың солтүстік - шығыс етегінен табылған көмірді пайдаланады .
Осы сериалдың бірінші сериясын ғана көрдім , одан кейін үзіп - үзіп қарағаным болмаса , уақыт болмады . Rain - ның түрі күлкімді келтіреді . Неше түрлі физиономиялар жасап . ) ) Былайынша қызық сериал сияқты . Түсірілім Сеулде , Пусанда , Токио , Осака , Йокогама , Шанхай , Пекин , Макао және Гонконгта да жүріпті . Бәрінен бұрын музыкасы керемет . Кейде ойлаймын , осы корейлер сюжеттен бұрын музыканы бірінші жасай ма деп , өте үлкен жауапкершілікпен таңдайды ғой саундтректерін . Сериалдан бұрын әндерін іздеп әуре боласың .
Қазақстан Республикасы заңнамасына сәйкес тұрғын үйді сатып алу - сату туралы алдын ала келісім - шарт .
Сол кезеңде прокуратураға мемлекеттік мекемелердің , қоғамдық және жеке меншік ұйымдары іс - әрекетінің заңдылығына , сонымен қатар жеке адамдардың , тергеу органдары , анықтау және т . б . органдары қызметін қадағалауды жүзеге асыру жүктелді . Алайда прокуратураның тарихында қалыптасқан күрделі жағдайларға байланысты өзінің құқық қорғау міндеттерін толық көлемде жүзеге асыра алмаған кезеңі де болды . Кеңес үкіметіне қарсы және ұлтшыл деген айып тағылып , саяси қуғын - сүргін құрбаны болған республиканың прокуроры болған сегіз арысымыз бар . Олар Нығмет Нұрмақов , Нұртаза Ералин , Сәдуақас Мәмбеев , Жанайдар Сәдуақасов , Боран Айтмағамбетов , Қанай Боранбаев , Мырзағұл Атаниязов және Сүлеймен Есқараев . Тек 1937 жылдың өзінде ғана прокуратура органдарынан 40 - тан астам қызметкер негізсіз жұмыстан шығарылды , солардың бірқатары революцияға қарсы және ұлтшыл топтарға қол ұшын берді деген желеумен қамауға алынды . Бұл жаппай саяси қуғын - сүргін кезеңі еді . Сол қысталаң шақтың өзінде прокуратура органдарында өз жұмысына адал жандар , заңдылықтың мүлтіксіз орындалуы үшін жан аямай күресіп жатты .
Осы ретте айта кетерлік тағы бір жайт , әлемдік дағдарыс жағдайында миллиондаған жандардың ұлы жаратушы ие - Құдай тағалаға деген сенімі артады . Осынау діни үдерісті тиімді пайдаланып , екі жеп , биге шыққысы келетіндердің де жаңбырдан кейінгі саңырауқұлақтай қаптайтыны шамамен осы мезгілдің қауіпті белгілеріне жатады . Әйтпесе , жер шары тұрғындарының басым бөлігі ұстанатын үш әлемдік діндер - ислам , христиан , иудаизм өкілдері бейбітшілік пен тұрақтылықты уағыздай отырып , қатыгездік пен зорлық - зомбылыққа жол бермеуге шақырады .
Махамбет Өтемісұлы - күрескер ақын , жаужүрек батыр , балкөмей жырау , дәулескер күйші . Исатай Тайманұлы бастаған көтерілістің көсемі әрі жалынды жыршысы , өз қоғамының идеялық күрескері . Махамбет ! Бұл есім - өмірдегі қайсарлықтың синониміне , өнердегі қасиеттің символына айналған аса аяулы әрі ардақты ат . Көзі ашық , көкірегі ояу қазақтың бір де бірі бұл есімге бейтарап қарай алмайды : « Ереуіл атқа ер салмай , Егеулі найза қолға алмай , Еңку - еңку жер шалмай . . . - дей бастасаңыз - ақ болғаны , алдымен мейірімін төгеді , содан соң мерейленіп кетеді . Махамбет өлеңі - қазақ сөзінің қайталанбас құдіреті . Әрбір буыны мен бунағы , тармағы мен шумағы мұншалық тап - таза қорғасыннан құйылған ап - ауыр асыл сөз қазақтан басқа жер бетіндегі ешбір елдің өлең - жырында жоқ . Қазақ әдебиетінің ұлы материгіндегі өзгеше бір сырлы арал болып тұрған Махамбет поэзиясының тақырыбы біреу - майдан . Не үшін болып жатқан майдан ? Қазақ елінің елдігі , еркіндігі мен егемендігі үшін болып жатқан ерлік майдан . Махамбет тек осы тақырыпты ғана толғады . Оның барлық өлеңін бір жерге топтағанда « Жорық жыры » болып шығатыны сондықтан . Бір ғана идеяда - Қазақ халқының азаттығы мен бостандығы жолында туған , қалыптасқан , дамыған Махамбет шығармашылығы , тұтастай алғанда , автордың « сегіз қырлы , бір сырлы » автопортретін жасап , мұның өзі тек біздің ғана ұлттық менталитетімізге тән ерлік пен елдіктің өшпес рухына айналып отыр . Махамбет жырларының үлкен тақырыбы - халық , шаруа , солардың феодалдық - хандық құрылыс тепкісінен құтылуға бағытталған бостандығы мен арманы болған еді . Яғни ақын поэзиясының халық тағдыры туралы жыр екенін оның « Ереуіл атқа ер салмайынан » өзге де « Соғыс » , « Толғау » деген алғашқы өлеңдері дәлелдей алады . Жәңгір хан ордасының үстіне халық қаһарының бұлты төнген күндерді ақын өзгеше шабыт , ынтамен жырлайды . Тебінгі теріс тағынбай , Темір қазық жастанбай , Қу толағай бастанбай , Ерлердің ісі бітер ме ? ! - деген сөздер бір ғана батырларды емес , өзінің бостандығы үшін қолына қару алып аттанған бүкіл халық ерлігін жырлау болатын . Бір ауыз сөзбен айтқанда , елің егемен , халқың азат болмайынша « ерлердің ісі бітпейді » дейді ақын . Д . Мәсімхан
- Жоба авторы сіз екенін білеміз . Осындай шоу идеясы қалай пайда болды ?
Біз қару - жараққа бақылау жасау режімі мен сенім шараларын жандандыру , нығайту жөніндегі ортақ күш - жігерге жаңа серпін қостық , трансұлттық қыр көрсетулер мен Ұйымнан тыс жерлерден , ең алдымен , Ауғанстан аумағынан төндіріліп жатқан қатерлерге қарсы тұрудың көп жақты ынтымақтастығын жаңа деңгейге шығаруды қамтамасыз еттік .
Саммиттің өтуіне байланысты қолдау білдірмейтіндер саны елеусіз ғана . 1 , 8 % жауап берушілер бұл шараны қарапайым адамдар үшін қолайсыздық туғызатын , қаржыны қажетсіз жұмсау деп санайды
1989 - 1991 жылдары - Қазақстан КП ОК бiрiншi хатшысы , 1990 жылғы ақпан - сәуір аралығында Қазақ КСР Жоғары Кеңесiнiң төрағасы болды .
Бұл Жиынтық кесте құралдарын бейнелейді , Параметрлер және Жасақтама қойындысын қосады .
Мамыр айының 13 мен 14 күндері « Дастан » бизнес орталығының мәжіліс залында , « Даму » кәсіпкерлікті дамыту қорының Ақтөбе облыстық аймақтық филиалы , Ақтөбе қалалық кәсіпкерлік бөлімімен бірлесе отырып , жұмыс жасап жүрген және әлеуетті мүмкіндігі шектеулі кәсіпкерлерге арналған , « Кәсіпкерліктің жедел курсы » атты екі күндік оқыту курстарын ұйымдастырды . Оған Ақтөбе қаласында тұратын 30 - ға жуық мүгедек жандар қатысып , кәсіпкерлік тақырыбында дәріс алды .
2006 жылы кәмелет жасқа толмаған азаматша Л . есірткі заттарды заңсыз өткізгені үшін 7 жыл бас бостандығынан айрылған , 2010 жылы оны шартты түрде уақытынан бұрын бостандыққа шығарған . Алайда , азаматша Л . бұдан дұрыс қорытынды шығармай , дүзелу жолына түспей өзінің қылмыс бизнесін қайтадан жалғастырды . Ол есірткі бизнесімен күресу басқармасының қызметкерлерінің ескертулеріне құлақ аспай , өте ірі мөлшерде героин есірткі заттарды сатып алып , заңсыз түрде өткізу мақсатында үйінде сақтаған .
Солтүстік Кореяда ұлттық мейрам - елдің құрылғанына 62 жыл толуын атап өтуде . Осыған орай Солтүстік Корея басшысы Ким Чен Ир халық алдына қайта шығып , әскерилермен бірге Мемлекеттік Құрметті оркестрдің концертіне қатысты . Концерт басында Мемлекеттік әнұран ойналып , артынан белгілі өнер қайраткерлері отансүйгіштік әндер айтты . Кореяның еңбек партиясының бас хатшысы , Мемлекеттік қорғаныс комитетінің төрағасы және бас қолбасшы ұйым мүшелеріне керемет қойылым үшін алғысын білдірді . Бұл күндері Пхеньянда сондай - ақ , 1980 жылдан бері алғаш рет Кореяның Еңбек партиясы құрылтайының делегаттары бас қосуда .
81 - бап . Су қорын пайдалану мен қорғау , сумен жабдықтау және су бұру саласындағы нормалау
Енді Қоянды ауылындағы мектеп жасындағы 1200 баланың тағдырына көз салайық . Олар жылдағы дағдысымен биыл да Астанаға қатынап оқиды . Жазда шаң жұтып , алысып - жұлысып барар - ау , сақылдаған сары аязда жас жеткіншектерге тіпті обал . Осы жағдай биліктің жүрегін ауыртпай тұрғанына қынжылады халық . Әйтпесе 100 пайыз қазақ тұратын ауылға 1 қазақ мектебі салынар еді ғой . Елбасының « 100 мектеп , 100 аурухана » бағдарламасына қалай енбей қалды екен бұл ауыл ? Халықтың « зарына » құлақ түріп , мектеп салынбауына не себеп екенін білмекке ауыл әкімі Сүгірәлиев Дәулет Байділдәұлына кірдік . Әкімнің айтуынша , мектеп салуға жер 2008 жылы бөлініпті . Сметасы дайын . Жоба бойынша 960 балаға арналған үлкен мектеп салынбақ . Қолды байлап тұрғаны - қаржы бая - ғы . Ұққанымыз - республикалық бюджеттен ақша бөлінбейінше , қазақ мектебі салынбайды . « Әкесі өлгенді де естіртеді » деген нақыл сөзді осы жерде пайдаланғым келіп тұр . Басқаша айту мүмкін емес . Мектепке бөлінген жер жата - жата әбден « сүрленіпті » . Сүріні сүйіп жейтін халықпыз ғой , сүрленген жерді сүбелі мектепке айналдырып , ел игілігіне тартар күн қашан туар екен ?
Бүгін социал утопист француз социолог ойшылы Шарль Фурьенің туған күні ( фр . François Marie Charles Fourier ; 7 сәуір 1772 , Безансон - өлген жылы 10 қазан 1837 , Париж ) .
« Тайыр ақын халқының жүрегінде » ( Тайыр Жароковтың 100 ж . т )
Көкшетау ( қазіргі Ақмола ) облысы Келлеров ауданында туған . Қарағанды политехникалық институтын бітірген . Еңбек жолын Қарағанды қаласы « Карагандажилстрой » тресінің ҮСК конвейер учаскесінің шебері болып бастады . 1980 - 1989 жылдары - Көкшетау қаласында өндірістік - техникалық ұйымдарында басшылық қызметте жұмыс істеді . 1989 - 1992 жылдары - Көкшетау облыстық атқару комитетінің Күрделі құрылыс басқармасының бастығы . 1992 - 2004 жылдары - Көкшетау қаласындағы « АГВА » агрофирмасы ЖШС бас директоры . 2004 - 2005 жылдары - Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданының әкімі , Солтүстік Қазақстан облысы әкімінің Экономикалық дамыту департаменті бастығының орынбасары . 2005 - 2008 жылдары - Солтүстік Қазақстан облысының Мемлекеттік сәулет - құрылыс бақылау басқармасының бастығы қызметтерін атқарған . Қазіргі қызметінде 2008 жылдың қазан айынан бастап істейді .
- 80 жастың ауылына да келіп қалыпсыз , аға . Үлкен - үлкен қызметтерде болдыңыз . Үлкен адамдардың алдын көрдіңіз . Бұл туралы кейінірек айтармыз . Әңгімеміздің әлқиссасын балалық шақ , өскен ортадан бастасақ . - Мен 1929 жылы Шығыс Қазақстан облысы , Ұлан ауданы Балғабай ауылында дүниеге келдім . Сонда оқып , үш сынып бітірдім . Төртінші сыныпты Өскеменге келіп оқыдым . Қаладағы жалғыз қазақ мектебі Жамбыл атындағы мектепте білім алдым . Оқуымды бітіруге аз қалғанда әкем қайтыс болды . Содан институтқа оқуға баруға жағдайым болмады да жұмыс істеуге тура келді . Күршім ауданындағы " Социалистік еңбек " деген газетте жауапты хатшы болып қызмет еттім . Мен де басында сендер секілді журналист болғам . Ол жерде үш - төрт ай қызмет істегеннен кейін аудандық комсомол комитетінің конференциясы өтіп , мені Күршім аудандық комсомол комитетінің екінші хатшысы етіп сайлады . Онда бір жыл қызмет істегеннен кейін Өскеменге облыстық комсомол комитетіне нұсқаушы қызметіне алды . Нұсқаушы болып қызмет істеп жүрген кезде әскерге шақырды . Владивостокта әскери борышымды өтедім . Сол жердегі әскери теңіз мектебінде оқып , әскери теңізші мамандығын алдым . Содан кейін мені осы мектепке сабақ беруге қалдырды . Бір күні мені саяси басқармаға шақырды . Ол кезде жасы келген адамдар әскерден қайтып жатқан . Жас маман - кадрлар аз . Сондықтан мені әскери теңіз мектебі саяси бөлімнің орынбасарларын даярлайтын курсқа оқуға жібереміз деді . Ол үшін комиссиядан тексеруден өту қажет екен . Бірақ маған өкпеңде ақау бар деп медициналық комиссия өткізбеді . Ондай адамдар флотта қызмет етуге жарамайды деді . Шынында , теңізде қызмет ету оңай шаруа емес . Дымқыл ауа . Үнемі тұмшаланған тұман . Бұған шыдайтын да , шыдамайтын да адам бар . Ақыры курстың орнына әскери теңіз госпиталіне барып түстім . Үш айдан кейін елге қайттым . Үйге келгеннен кейін Ұлан ауданындағы " Қызыл әскер " ( қазіргі Шымқора ауылы ) колхозындағы мектепке жұмысқа тұрдым . Мектепте біраз жұмыс істеп , енді оқуға кетейін деп отырғанда бір күні аудандық партия комитетінің екінші хатшысы келді . Менің бұрын аудандық комсомол комитетінде , әскерде жүргенде комсомолда істегенімді жақсы білетін . " Жұмағұлов , сен аудандық комсомол комитетіне келсең қайтеді " деді . " Бармаймын . Оқуға барамын " дедім . Ол кезде аудандық партия комитетінің бірінші хатшысы Махмұтов деген кісі . Екінші хатшыдан кейін сол кісі шақырды . Маған айтты : " Болмасаң , сені партиядан шығарамыз " . Көнуге тура келді . Содан не керек , аудандық комсомол комитетіне емес , партия комитетіне насихатшы қылып қызметке алды . Келесі жылдың күзінде Ұлан аудандық комсомол комитетінің бірінші хатшысы етіп сайлады . . - Ол кезде қанша жаста едіңіз ? - Ұмытпасам 21 - демін . Сол жылы қараша айында облыстық партия комитетінің екінші хатшысы ( бірінші хатшы ол кезде оқуға кеткен ) мені өзіне шақырды . " Жұмағұлов , сен облыстық комсомол комитетіне екінші хатшы болып жұмысқа келсең дұрыс болар еді " деді . Сөйтіп , желтоқсан айында облыстық комсомол комитетіне екінші хатшы болып сайландым . Алматы мен Мәскеуге барып , жоғары жақтың келісімін алдым . Бұл қызметте үш жыл табан аудармай еңбек еттім . Сол кезде қызық жағдай орын алды . Ғабдолла Қаржаубаев деген облыстық партия комитетінің бірінші хатшысы болды . Сол кісі мені өзіне шақырды . " Мен оқуға кетемін . Сенің бастығың да оқуға кетеді . Сен енді маған келе бергенді қой . Облыстық партия комитетінде екінші хатшы болып қызмет істейтін Устенко деген кісі бар . Сен сол кісіге барып жолық . Сені білсін . Істеп жүрген жұмысыңды сол кісіге айт " деді . Устенкоға барып жүрдім . Ол уақытта Қаржаубаев пен Филиппенко Мәскеуге оқуға кетті . Бір күні Қазақстан комсомолы Орталық Комитетінің екінші хатшысы Шалов телефон соқты . " Шәкен , мен ертең келем . Сен мені қарсы ал . Содан кейін облыстық партия комитетіне барамыз " деді . Ертеңінде қарсы алдым . Устенкоға звондап айттым . " Жақсы , ертіп кел " деді . Ертіп бардым . Содан не керек , сол кездесуде мені облыстық комсомол комитетіне бірінші хатшы қылу жөнінде сөз болыпты . Қысқасы , облыстық комсомол комитетінде алты жыл бірінші хатшы болдым . Ол кезде комсомол күшті болатын . Сендер білмейсіңдер . Жассыңдар ғой . Көп жұмыс жасадық . Өскемендегі ГЭС менің уақытымда салынды . Мен соның құрылысына қатысқан адаммын . Одан кейін Бұқтырма ГЭС - ін салдық . Оған комсомолдық жолдамамен келген 4200 жас қатысты . Олардың жататын жері , тамағы мен қауіпсіздігіне құрылыс басшыларымен қатар облыстық комсомол комитеті жауап беретін .
Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2010 жылғы 30 қыркүйектегі № 327 - ө бұйрығы . Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2010 жылдың 30 қыркүйектегі № 6514 тіркелген .
« Астана қаласының әкімі Иманғали Тасмағамбетов пен Денсаулық сақтау министрі Жақсылық Досқалиев елордалық медицина саласының қызметкерлерін кәсіби мерекелерімен құттықтады » , деп жазады « Астана ақшамы » газеті . Басылымның атап өтуінше елордадағы 34 медициналық мекемеде істейтін 5300 адам күн сайын 16 мыңнан астам тұрғынға қызмет көрсетеді екен . Соңғы екі жылдың ішінде қалада заманауи құрал - жабдықтармен жарақтандырылған 14 медицина нысаны бой көтеріліп , тағы 8 нысанның құрылыстары жүргізілуде . Ағымдағы денсаулық саласына қала бюджетінен 12 миллиард қаржы бөлінсе , 2012 жылы ол 14 млрд . теңгеге дейін көтерілмек .
Мұражайдың жалпы ауданы - 900 шаршы метрді , университет тарихының галереясын қосқанда ( өткел ) - 540 шарша метр , Даңқ залы - 120 шаршы метр , « ҚазҰУ - бүгін , ертен » залы - 240 шаршы метрді құрайды .
« Тіршілік қауіпсіздігі » бөлімінің мазмұны негізгі шығарылатын жұмыстың тақырыбына сәйкес болуы және екі немесе үш тапсырмаларды қамту керек :
- Иә , жақында Алматы қалалық сотта өткен процесс . Бюджет қаражатын жымқырған деп айыпталып отырғанның анасы Ақтөбеден үкімге аппеляция беріп , соттың қалай өтетіндігін көзімен көргісі келіп келген . Сөйтіп , адвокат өзінің көзқарасын айтып болғанша , отырысқа шақырылған прокурор барлық назарын өзінің ұялы телефонына қаратып , ал өзінің қорытынды сөзінде үкімді өзгеріссіз қалдыру туралы жаттап алған екі сөзін ғана айтты . Бұл жай ғана немқұрайлық емес , әдейі көрсетіліп отырған әсіре немқұрайлық . Сіздің бұған араласатындай неңіз бар , бәрі де шешіліп қойылған ! , - дегендей .
ҚР Үкіметінің № 627 Қаулысымен " Қазақстан Республикасы мен Азия Даму Банкі арасындағы Қарыз туралы келісімге ( Жай операциялар ) ( ОАӨЭЫ 1 көлік дәлізі [ Жамбыл облысындағы жол учаскесі ] [ Батыс Еуропа Батыс Қытай халықаралық транзит дәлізі ] Инвестициялық бағдарлама 4 - жоба ) қол қою туралы " ҚР Президенті Жарлығының жобасы шықты
Чебоксары діни училищесінде , Қазан діни академиясында оқыған . 1889 - 1894 жылдары Торғай облыстық халық мектептерінің Ыбырай Алтынсариннен кейінгі инспекторы болған . 1894 жылдан Орынбордағы Торғай облыстық басқармасының кеңесшісі қызметін атқарып , 10 жыл бойы « Торғай » газетінің редакторы болды . Ол қазақ халқының ауыз әдебиеті , тілі жөнінде көптеген зерттеулер жүргізіп , жинаған ауыз әдебиеті үлгілерін « Торғай » газетінде жариялаған . Торғайдағы ағарту ісінің тарихымен , өмірінің соңғы жылдары нумизматикамен шұғылданды . Қазақ мектептерінде пайдаланылатын орыс тілі оқулықтарын жазды . Онда қазақ балаларын орыстандыру мақсаты айқын көрініс тапқан . « Исторический очерк русского образования в Тургайской области » ( 1896 ) , « Материалы к характеристике взаимных отношений татар и киргизов » ( 1898 ) , « Образцы киргизской народной словесности . Выпуск второй - « Киргизские загадки » ( 1900 ) , « Народные способы врачевания у киргизов Тургайской области » ( 1902 ) атты еңбектері жарық көрген . 1906 жылы « Киргизская хрестоматия » басылымын шығаруға қатысып , « Қырғыздарға арналған әліппе » кітабының екінші шығарылымының авторы болған .
- Странно , странно ! - деп , Әлімқанға қарап , Ленин қайта - қайта таңдана беріпті . . . Ол кезде қазақ зиялысы « Жер жүзінің бейнетқорлары , бірігіңдер ! » деген ұранға елпілдей қоймаған . Әлиханның екі жыл бұрын айтқан : « Ленинге сенбеңдер , ол үшін демократия . .
« 3 » ететін әуе көпірін ұйымдастырмақ болған әрекеттерін кеңес авиациясы іске асырмай тастады . 1943 жылы 2 ақпанда генерал - фельдмаршал Паулюс қалған әскерімен тұтқынға алынды . Осы зор шайқас 200 күн мен түнге созылды . Жау өлгені , жараланғаны , тұтқындалғаны , хабарсыз кеткендері бар 1 , 5 млн . - ға жуық солдат пен офицерінен , ал Қызыл Армия 1 млн . 130 мыңға жуық адамынан айрылды . Оған қоса фашистер 32 - дивизиясынан және 3 - бригадасынан айрылып , 16 - дивизиясы соққыға ұшырады . Сталинград шайқасы екінші дүниежүзілік соғыстың барысындағы түбірлі бетбұрыстың басталуына негіз жасады . Неміс - фашист әскерлерінің Сталинград түбіндегі жеңілісі неміс халқына моральдық - саяси жағынан қатты әсер етті . Германия одақтастарының шығыс майданда соғысқа деген ықыласы болмады . Сталинград түбінде Венгрия , Италия және Румыния әскерлерінің жойылуы бұларға қатты әсер етті . Италия мен Венгрия соғыстан шығу жолдарын жоспарлады . Түркия бейтараптығын сақтап қалды . 1942 - 43 жылдары антигитлерлік коалицияның құрамы өсіп , жау басып алған елдерде Қарсыласу қозғалысы күшейді . Қазақстан Сталинград майданының ең жақын тылы болды . Батыс Қазақстан станциялары мен елді мекендерінің кең көлемді бөлігі соғыс қимылдарының аумағына таратылды . 1942 жылы 1 қыркүйекте Атырау қорғаныс комитеті құрылды . 15 қыркүйекте облыстың мемлекеттік қорғаныс комитеті соғыс жағдайын енгізді . Сталинград майданы әскери кеңесінің нұсқауы бойынша 1942 жылы 16 қазанда Орал майдан өңіріне , ал 10 күннен кейін КСРО ХКК - нің арнаулы қаулысымен әуе шабуылынан қорғану пункттерінің қатарына енгізілді . Чапаев , Умаков , Тайпақ , Зеленов аудандарында 10 әуежай салынды . Ақтөбе облысының Байғанин , Жұрын , Шалқар , Ключев аудандарында қорғаныс құрылыстары іске қосылды . Сталинград түбінде қарсы шабуылды әзірлеу кезеңінде майданның тыл қызметі 600 км ішкері орналасты . Сайхан , Жәнібек және Шұңғай станцияларында авиация бөлімдерінен басқа 1 - танк армиясы мен 57 - армияның қоймалары орналасты . Орал қаласында ірі әскери - оперативтік байланыс торабы құрылды . Атыраудан бастап , Жайық өзенін
Бүгінде Баршаға ортақ ядролық қарусыз әлем декларациясын болашақта қабылдау туралы мәселені талқылауды бастайтын уақыт жетті .
Жоғары білімнің ғылыммен және сая сатпен ұштасуы , өзара байланыстары мен қарым - қатынастары жаңа реформаның әрқашанда негізі болып табылатыны тарихи тәжірибеде дәлелденген . Бұл үшеуін әсі ресе , тарих ғылымында дербес бағыттар ре тінде жеке дара дамытуға талпыныс өзінің нә тижесін бере қоймайтындығы ХХ ға сыр дағы Кеңес Одағының тарихи тәжіри бе сінде айқындалғанын жақсы білеміз .
- Жармахан Айтбайұлы , « Азат » Жалпыұлттық социал - демократия лық партиясының басшылығы бұл күндерi ел iшiн аралап жүр ғой , қандай көңiлге түйген жағдайларыңыз бар ? Дағдарыстың ауыл жақтағы салмағы қандай екен ?
« Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан әлеуметтік төлемдер тағайындау үшін өтініштің нысанын бекіту туралы » Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2004 жылғы 15 маусымдағы № 136 - ө бұйрығына толықтырулар енгізу туралы »
• таза зейнетақы активтері мен ондағы өзгерістер туралы ;
" Әттең , қара жыландай нәпсі ! . . Не күйге ұшыратасың ? Қайда апарасың ? " дей түсіп , Қарагөз бұлбұлды тыңдап , тоғайдың ішіне кіріп қалыпты . Бір мезгілде бағанағы естілген ашық күлкі тағы естілді . . . Бұл уақытта жақыннан шықты . . . Екі күлкі . . . Бірі - жас әйел , бірі жігіт болуға керек .
• мемлекеттiк , қоғамдық , ғылыми және басқа ұйымдарда жас ғалымдардың мүдделерін қолдау ;
Л . Дүйсенбекова . Қазақ тілі : іс қағаздарын жүргізу : Оқу құралы . - Алматы , 2011ж . 400 бет , мұқабасы қатты . Оқу құралы қазақ ресми - іс қағаздар стилін меңгертуге , іс қағаздарын қазақ тілінде жүргізуді үйретуге негізделген . Оқу құралы жеке іс қағаздарының тілін , құрылымын талдай отырып , қазақ ресми - іс қағаздар стилінде жаза білуге қажетті лексикалық қор қалыптастыруға , стандарт тілдік бірліктердің санада қалыптасып , жатталуына ықпал етеді . Еңбек мемлекеттік қызметшілерді оқытудың екінші деңгейіне , жоғары және арнайы оқу орындарындағы « Іс қағаздарын қазақ тілінде жүргізу » пәніне , колледждер мен кәсіптік - техникалық мектептерде « Іс қағаздарын жүргізуші » , « Хатшы - референт » мамандықтары бойынша мамандар даярлауда , сондай - ақ орта мектептерде қазақ тілі пәніне қосымша өткізіліп жүрген « Іс қағаздарын қазақ тілінде жүргізу » сабағында , мемлекеттік тілді оқытудың , аудармашылардың , іс қағаздарын жүргізушілердің біліктілігін арттыру курстарында оқулық қызметін де атқара алады .
1982 ж . - Қостанай облыстық атқару комитеті әділет бөлімінің бастығы .
Ресейлік ақын , философ Эдуард Балашов сөзінің негізгі желісі адамзат өркениетінің болашағы үшін жас ұрпақ тәрбиесінен ма ңыз ды ештеңе жоқ дегенге сайды . Адам гершілігі мықты адам ғана биік рухты отбасын құрады , сондай рухтағы балалар тәрбиелейді , осын дай мемлекет құрады . Мемлекеттің өзі негізге алатын конституцияның өзі сол мемлекеттегі халықтың ділімен санасуы қажет . Ал тәртіп де геніміз - ардың бұйрығын орындаушы болуы тиіс . Өзінің ары алдында тайсалмай тура қарайтын жан тәртіпсіздікке , қиянатқа , әділетсіздікке бармайды , деді ол .
2 . Балаға тиесiн алимент , жәрдемақы және басқа әлеуметтiк төлемдер оның жеке шотына аударылады және Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен төленедi .
Кеше Өскемен қаласындағы Республика алаңында « Жас ұландар шеруі » шарасы болып өтті . Осымен алтыншы рет ұйымдастырылып отырған шеру Ұлы Жеңістің 65 жылдық мерекесіне арналды . Оған қаладағы 37 мектептің 952 оқушысы қатысты . - Бірнеше күннен кейін халқымыздың Ұлы Отан соғысындағы Жеңісінің 65 жылдығын тойлағалы отырмыз . Бұл Жеңіс біздің халқымыз үшін өте қымбатқа түсті . Адамзат тарихында бұрын - соңды болып көрмеген жойқын соғыс болды . Миллиондаған адамдардың өмірі қиылып , мыңдаған қалалар мен елді мекендер қиратылды . Сол соғыста біздің 7 199 өскемендік бауырымыз опат болды , - деді жиында сөз алған қала әкімі Ислам Әбішев . - Бүгінгі күні біздің ұрпаққа ұлы міндет жүктеліп отыр . Ол - ата - бабаларымыздан Жеңіс эстафетасын қабылдап алып , оны әрі жалғастыру . Ұлы Отан соғысының ардагері , қалалық ардагерлер кеңесінің төрағасы И . Скворцов , Шығыс Қазақстан облыстық қорғаныс істері жөніндегі департаментінің бастығы А . Сәрсенбинов та жас ұландарға жақсы тілегін арнады . Одан кейін салтанатты шеру басталып кетті . Әне , жас әскерлер сап түзеп келе жатыр . Үстеріндегі киімдері де өздеріне құйып қойғандай жарасып тұр . Отанымызды ертең жаудан қорғайтындар - осылар . Сәбилердің тыныш ұйқысын күзететіндер де - осылар . Жас ұландардың шеруін тамашалаған жанның жүрегіне шынында да қуаныш сезімі ұялайды екен . Ұрпақты Отанды сүюге тәрбиелейтін мұндай шараның маңыздылығын да осындайда айырықша түсінесің . Жас шерушілердің шырқап салған әскери әндері де Республика алаңында асқақ естілді . - Қазіргі күні оқушылардың алғашқы әскери дайындық пәніне деген қызығушылықтары өте жоғары . Пәнді қызықты өткізу үшін біз де барымызды саламыз . Бейнефильмдерді пайдаланып , әр түрлі әскери шаралар ұйымдастырамыз , - деп өз тәжірибесімен бөлісті бізбен әңгімесінде № 43 мектептің мұғалімі Мәуілхан Исаханов . Десе де , бұл салада шешімін таппаған мәселелер де баршылық екен . Өскемен қаласы білім бөлімінің алғашқы әскери дайындық бойынша бас маманы Виктор Хромцовтың айтуынша , ол - осы пәннен сабақ беретін мұғалімдердің тапшылығы . Қазіргі күні қаладағы 43 мектептің 8 - інде бұл пәннен сабақ беретін арнайы мамандар жоқ . Пән мұғалімдерінің дені зейнетке шыққан әскерилер көрінеді . - Бір жағынан жас мамандарды түсінуге де болады . Мұғалімнің аз ғана айлығымен олар қай жыртықтарын жамамақ . Сондықтан да олар мұғалім болғаннан гөрі милиция болып жан баққанды тәуір көреді , - дейді В . Хромцов . Иә , ата - баба ерлігі - ұрпаққа қашан да үлгі . Ендеше сол ерлікті жалғастыратын да осы ұрпақ . Сондықтан олардың жүрегіне отаншылдық ұрығын егу , туған ел мен туған жерді сүюге баулу өте маңызды . Шара соңында жүріс - тұрысымен , әнімен көзге түскен жас шерушілерді қалалық білім бөлімінің бастығы А . Кузнецов грамоталармен марапаттады . 1 - орынға № 31 , 2 - орынға № 16 , № 24 , 3 - орынға № 8 , № 30 , № 26 мектептердің жас ұландар отряды ие болды . Сондай - ақ тағы бірқатар мектептердің жас әскерлер отряды « Саптық әннің жақсы орындалуы » , « Жас әскерлер отрядының үздік командирі » , « Отанға қызмет етуге дайындалып жүрміз » , « Даңқты Жеңіс мұрагерлері » аталымдарына ие болды .
жоқ , рамазан айында некеге тұруға тыйым салынбаған . Рамаз уақытында мешітке келіп некеңізді қидырсаңыз болады .
2 кезенде : қызметтің қандай да бір ерекшеліктерінде арнайы белгілері қарастырылады . Осы кезде қызмет келесідей анықтамаға ие болды : Материалдық емес сипатқа ие болатын нәтиже яғни қызмет түрі .
Жобаның осы екінші бағытын сәтті жүзеге асыру үшін малдың тектік түрлерін асылдандыра отырып қайта құрудың ( сіңіре будандастырудың ) екі әдіс - тәсілін пайдалану көзделген : Олар - өндіруші бұ қаларды пайдалану және қолдан ұрық тандыру .
Үй жинауға асқан құлшыныспен қайта кірістім . Бір сағаттан кейін қайыра телефон шалды . Тағы да сол дауыс . « Мен Айтматовпын ғой » . Тағы не боп қалды екен деп алаңдап тұр мын . « Аға , тыңдап тұрмын , тың дап тұрмын » , дей беремін абдырап . « Кім дер бірге болады ? » , деді бұл жо лы . Мен оны ойламаппын . Аң тарылып тұрып қал дым . « Сен екеуміз ғана отырмаймыз ғой . Сөй ле сетін кісі бар ма ? » , деді сосын . Мен әлі ойланып тұрмын . « Е , онда мен бір - екі кісіні ертіп барар мын » , деді . Сағат алтының шамасында сол кездегі Баспа комбинатының дирек торы Тұрғын бек Суанбердиевті , жазу шы Қазат Ақматовты , ауыл шаруашы лығы институтының ректоры Жамин Акималиевті ертіп кіріп келді . Күтіп алдым .
Ұсыныс : Ол үшін мемлекетіміздегі републикалық ғылыми журналдардың сала бойынша рейтингісін шығарып , жоғарысын алып тағайындау . Ғалымдар өзінің бағыты бойынша жұмыс жасаған 1 немесе 2 мақаласын осы тағайындалған ғылыми журналға міндетті түрде шығару талабы қойылу керек . Яғни , талаптардың арқасында ғалымдардың еңбектері бір ағынға жиналар еді . Бекітілген сала бойынша ғылыми журнал барлық жоғарғы оқу орнының кітапханасында болса , келешектегі жас ғалым өзінің мамандығына қатысты мемлекетіміздегі барлық ғалымдардың еңбегін көреді . Осылай біздің жас ғалымдардың және аға буындардың мамандық бойынша мақаласы біріксе , сонда ғылым әлде қалай жоғары жылжитын еді ( бізде осындай ғылыми журналдар бар болғанымен , міндетті түрде сол журналға шығару талабы жоқ ) . Менің ойымша осылай жұмыс жасасақ шет елдің импакт - фокторлы журналы сияқты біздіңде ғылыми журналдардың дәрежесі көтерілетін еді .
ПАВЛОДАР . 29 наурыз . ҚазАқпарат / Вера Ливинцова / - Кеше Павлодарда ҚР Парламенті Мәжілісінің Экономикалық реформа және аймақтық даму комитеті өзінің көшпелі отырысын елдің индустриялық дамуы мәселесіне арнады .
Жә . Сөзімді қорытын дылайын . Бірде Ғарекеңнің әнін тың дап отыр ғанымызда бәйбішем айтады , " Енді осындай әншілер туа ма екен " деп . Мынаның көңілі қалмасын деп айтпадым , бірақ Ғарекеңдей әнші енді тумайды . Өйткені қазіргі заманның барлығы батыстың , Еуропаның ән айту мәнеріне , кәсіби өнерге көшіп кетті ғой . Ондай ашық дауыс , былайша айт қанда табиғи дауыс , ананың сүтімен келген дауыс болмайды енді . Оның барлығы өңделеді , жөнделеді . Жастар училищеге , консерваторияға , аспиран тураға , докторантураға барады . Жақсы әншілер , Әлібек Дінішев сияқты мә дениетті әншілер көп болады . Бірақ Ғарекең сияқты , Жүсіпбек сияқты , ке шегі Манарбек сияқты әншілер , ондай кісілер енді қайталанбайды тарихта . Бұлар - қазақтың біртуар азаматтары , Алла тағаланың қазақ халқының арқа сында азап жүргенін көріп , солардың бір қуанышы болсыншы деп бере сал ған сыйы ғой . Кешегі кеңес заманын пәлен - түген дегенмен , сол заман басып қалған топырағынан , тасынан тазартып , қазақтың талантының , мәдениетінің талай қайнар көздерін ашып кетті емес пе .
- Биыл тәуелсіздігімізге жиырма жыл толады . Тіл туралы заңның қабылданғанына да жиырма жылдан асты . Бірақ мемлекеттік тілдің мәртебесі де , оның заңмен берілген құқығы да әлі күнге дейін толық жүзеге аспай жатуының себебі неде ?
Зылиха " Зылиха " қонақ үйі Алматының іскерлік орталығында орналасқан . Республика алаңы , " Самал " ауданы , Ауезов театры , Балуан Шолақ атындағы спорт сарайы , барлығы осы бір ауданда орын алған . Теміржол бекеті 8 шақырымда .
Ақын 1941 жылы армия қатарына шақырылады . Сол қарсаңда " Мазасыз музыка " , " Қоштасу " , " Бейсекештің бес ұлы " секілді әсерлі , сыршыл сезімге толы , лепті өлеңдерін жазады . 1941 - 1943 жылдары Қиыр Шығыста болған Қасым 1943 жылы батыстағы майданға ауыстырылады , содан соғыс аяқталғанға дейін " қанды қырғын , қып - қызыл өрттің ішінде " болады . Намыскер , өр , қайсар Қасым жауынгерлік міндетін жан аямай атқарады , абыройлы болады . Қиыр Шығыс пен батыстағы майдан аралығындағы ұзақ сапар , атамекен - Қазақстанын қақ жарып өтетін жол әсершіл , ұшқыр қиялды ақын жанын қатты тебірентеді . Соның нәтижесінде " Орал " , " Сарыарқа " , " Байкал " , " Өтіп бара жатырмын " тәрізді тек Қасымның ғана емес , сол кездегі бүкіл қазақ поэзиясының жетістігі болып саналатын өлеңдері дүниеге келеді . Ақын рухының бұл қуатты серпілісі майдан жырларына ұласып , мазмұн , тақырып , түр , көркемдік бейнелеу кұралдары , ой мен сезім тереңдігі жағынан жаңа сапа тауып , биік белеске көтеріледі . " Елге хат " ( бес бөлімнен тұратын ұзақ толғау ) , " Ұлы күтіс " , " Үстімде сұр шинелім " , " Подполковник Әлпинге " , " Қапанға " , " Сәбитке " , " Ғалиға жауап " , " Қызғалдақ " , " Сен фашиссің , мен қазақпын " , " Дариға , сол қыз " сияқты хрестоматиялық өлеңдері мен әйгілі " Ақын өлімі туралы аңыз " поэмасы - соның айғағы .
3 жыл бұрын ( 2006 ) Қазақстанда тұңғыш рет « Журналистика Казахстана » энциклопедиясы шықты . Авторы - Қазақстан журналистика академиясының президенті Сағымбай Қозыбаев .
ЮНЕСКО - ның Алдын - ала тізіміне енгізілген мәдени және аралас мұра объектілерін қорғау аумақтары мен аймақтарының шекараларын анықтау жұмыстарын жүргізуді қарастыратын , казак халқының мәдени мұрасын әртүрлі бағыттарда зерделеу жүйесін құру , тіркелген есепте және қарастырылуда тұрған Қазақстанның тарих және мәдениет ескерткіштерінің қолдағы бар тізімін нақтылау және қайта қарау .
Үндістанның Қазақстан Республикасындағы Елшісі Ашок Кумар МУКЕРДЖИ ҚазАқпарат тілшісінің екі елдің рухани жақындығы , мәдени - экономикалық байланыстары турасындағы сұрақтарына жауап береді . АЛМАТЫ . Ақпанның 8 - і . ҚазАқпарат / Раушан Төленқызы / - Елші мырза , бүгінгі қазақ - үнді мемлекетаралық қарым - қатынасына қандай баға бересіз ? Мұны ежелгі Жібек жолының заңды жалғасы , екі ел арасында қайтадан жаңғыртылған байланыс деп есептеуге бола ма ? - Бүгінде Үндістан мен Қазақстан арасындағы ізгі байланысты тек мемлекет басшылары деңгейінде ғана емес , сондай - ақ екі ел халқының өзара қарым - қатынасының жан - жақты , әрі қарқынды сипат алып отырғандығынан көруге болады . Біздің қарым - қатынасымыз бен барыс - келісіміздің екі мың жылдық тарихы бар . Алайда екі елдің де даму құбылысының әрбір кезең , әр дәуірінде осы байланыс ұзақ жыл бойы үзіліп қалып , бірнеше буын ұрпақ пен қоғам мүшелерінің есінен шығарып та жіберді . Қилы заман , әр алуан саяси - қоғамдық және тұрмыстық ахуалдарды бастан кешкен , бүгінгі күнге жетіп , өз мемлекеттілігін қалыптастырған Үндістан мен Қазақстан бұрынғы - соңғы құндылықтарын түгендеп , рухани әлуетін тереңдетуде . Кезінде Ұлы Жібек жолы мәдениеті мен ілім - білімін қатар игеріп , бірге байытқан Үндістан мен бүгінгі Қазақстан қоғамындағы өзара сәйкестіктеріне қарап , біздің елдердің айырмашылығынан гөрі , ұқсастығы көп екендігін тануға болады . Мәселен , Қазақстан да Үндістан сияқты көп ұлтты ел . Бірақ біз Үндістанда өмір сүретіндердің бәрін бірдей ұлт деп атамаймыз . Біздің қоғамдық өлшем бойынша « Үндістанда бір ұлт бар » , өңгесі ? « этникалық топтар » . Ал сіздер « Қазақстанда көп ұлт , көп дін , көп тіл бар » деп танытасыздар . Алуан түрлі мәдениет топтасқан , жер бетіндегі барлық дін тоғысқан Үндістанның қазақ елінен айырмашылығының бірі осы тұста ғана . Біріншіден , екі елдің өкілдері бір - бірімізбен ә дегеннен түсінісе кететініміз , біздің дүниетанымымыздың ұқсастығынан болса , екіншіден , қоғамдық құрылысымыздағы кей белгілердің ортақтығынан деп білген жөн . Демек , үнді - қазақ қатынасының бүгінгі сипаты ежелгі Жібек жолының үрдісін жаңғыртып , нығайтуға негізделген . Осы нышандар екіжақты аралас - құраластықты одан әрі нығайтуға сеп болмақ . Үндістанда да , Қазақстанда да Тәуелсіздік күні және Республика күні мемлекеттік мереке ретінде белгіленгендігін де басты ерекшелік ретінде тануға болады . Біз үшін 1947 жылы тәуелсіздік алып келген тамыздың 15 - і мен өз Конституциямызды қабылдаған күн , қаңтардың 26 - сы ыстық сезіледі . Міне , екі елдің мемлекеттік құрылым тарихында осындай да ұқсастық бар . Ақиқатында , екі ел де отарлық құрсаудағы кездің өзінде мемлекеттілік сипатқа , мемлекеттіліктің нышанға ие болғаны тарихтан мәлім . - Қазақстан мен Үндістандағы және бір ұқсастық мұнда қоғамдық келісім мен діни тұтастық орныққан . Біздің елде де , қателеспесем , үнді жерінде де қандай да бір діндер қақтығысы , шиеленіс болған емес . Сіздіңше , діни алауыздықтың орын алмауы үнді жері өте ертеде пайда болған діндердің « түп отаны » болғандықтан ба , әлде онда біздегідей қоғамдық тұрақтылық мемлекеттік саясат ретінде қолға алынған ба ? - Ол рас , бізде діни қақтығыс болып көрген жоқ , діни алауыздық орын алған емес . Жалпы , біздің елде адамдардың көпшілігі арнаулы және жоғары білім ала алмағанымен , олар мәдениетті , діни сенімді , руханиятты қадірлей біледі . Тәуелсіздікке дейін Үндістан тұрғындарының көпшілігі кедей болған . Үнді көсемі Махатма Ганди халықтың еңсесін ізгілік жолымен , адамгершіл жолмен , ұждан бостандығы арқылы көтеруді мақсат тұтты . Біздің елде діни қақтығыстың болмауына осы ізгі құбылыс айтулы ықпал етті . Үндістанда көп діннің қатар өмір сүруін мемлекеттің ерекшелігі деп таныған Махатма Ганди өз аяғымен жүріп , ауыл - ел , қала - қалаларды аралап , ондағы ахуалды өз көзімен көру үшін кедей - кепшік , жалшы адамдармен жүзбе - жүз кездескен . Сондықтан оны қарапайым халық жанына балап , өте жақын тұтты . Оны тек бір ғана емес , барлық діннің өкілдері қуаттаған . Егер ол барша халықтың қолдауына ие болмаса , британ отаршылығына қарсы тұра алмас еді . Сондай - ақ , Махатма Гандидің « Сіздердің әрқайсыларыңыз өз құдайларыңызды Аллаһ деп , немесе Ишвар деп атасыңыздар да , өз еріктеріңіз . Өйткені , Жаратушы Ие жалғыз . Бірақ оны сіз бен біз өз таным - сенімімізге қарай , әрқалай атаймыз » деген сөзі үнділіктер жүрегінен әлі күнге дейін өшірмей , сол қағиданы ұстанып , дінаралық төзімділікті сақтап , құрметтеумен келеді . Бірақ біздің мемлекет секулярлы , яғни діннен еркін мемлекет . Мұнда белгілі бір дінге басымдық беріліп , немесе қандай да бір дінді тұтынуға тоқтау салмайды . Өйткені діннің қай - қайсысы да бейбітшілікті , адамдар арасындағы ізгілікті насихаттайды . Демек , барлық діндердің құндылықтары бірдей , бәрінің де көксейтіні ? бейбітшілік , ынтымақтастық . Соны бағалап , жақсы түсінген барша дін өкілдері , қарапайым халық бірін - бірі құрметтеп , төзімділікпен ғұмыр кешуде . - Астана қаласында Қазақстанда ресми тіркелген діндердің басын қосатын ортақ ғимарат салынып жатқаны әмбеге аян . Ғалымдардың айтуынша , мұндай үй Орталық Азия аумағында өткен ғасырдың бірінде болыпты . Қырғыз Ғылым академиясының вице - президенті , академик Владимир Плоскихтің көрсетуіне қарағанда , ол Ыстықкөлдің бойынан табылған . Демек , Азия құрлығының шығысы да , орталығы да о бастан рухани келісім ошағы болғаны ғой . . . - Ертеде елдер арасында бүгінгідей ресми шекара , әскери - саяси шектеу болмағандығын ескерсек , адамдар саяхаттап немесе басқалай мүдделерге сай , бір елден бір елге өтіп , тіршілік кешкен . Жат пиғылды біреу болмаса , алғаш кездесіп , жөн сұрау әдебінен - ақ бір - бірінің мәдениетіне , салт - дәстүріне ден қойған . Бір - бірінің сөзінен , ісінен , әдет - ғұрпынан ұқсастық , жақындық табуға тырысқан . Жекелеген сөздер , ұғым - таным , ілім - білім ауысып , бір - бірінен үйреніп , өзінің ұлты мен халқын рухани байытқан . Бүгінгі кей мемлекеттер арасындағы байланыста ежелгі заманғы қарым - қатынастың белгілері бар . Әр дәуірдің , әртүрлі қоғамның ықпалымен амалсыз алыстап кеткендер де бір кезде араларында мәдени - рухани және діни ынтымақтастық болғанын еске түсіріп жатыр . Сол уақыттағы құндылықтар бір елден болмаса , бір елден табылып , бүгінгі игіліктердің дені ежелгі заманда - ақ жолға қойылғандығын көріп - біліп отырмыз . ХVІ ғасырда әлсіреп барып , ХХІ ғасырда қайтадан жандана бастаған біздің Жібек жолы мәдениеті секілді әлі қаншама ортақ қазынамыз табылатыны сөзсіз . Демек , ерте заманда Орталық Азия аймағында болған , көп дінді біріктіретін ортақ үйдің арада сан - мың жылдар өткен соң Қазақстан жерінде қайта жаңғырып , бой көтеруі осы елдегі адамдардың татулығы мен ынтымақты ниетіне оралғаны шығар , бәлкім . Былтыр шілде айында Астанада Үндістанның Сыртқы істер министрі Натвар Сингха Президент Нұрсұлтан Назарбаевпен кездесуінде осы жобаға қатысуға мүдделілік танытқан болатын . « Ғимарат іске қосылған кезде оны дамытуға біз де атсалысамыз » деді . Министрдің бұлай деуінің жөні бар . Себебі жер бетінде қандай іргелі дін болса , соның барлығы да бізден табылады . Адамзат тарихындағы іргелі сегіз діннің төртеуі - буддизм , хиндуизм , джайенеизм , сикхиизмнің пайда болған , өркен жайған жері ? Хиндустан , яғни Үндістан . Ислам Үндістанға Мұхаммед пайғамбардың тұсында - ақ елдің оңтүстігіндегі Керала қаласына жетіп , алғаш рет сол арадан таралды . Ислам бізде соғыс , қақтығыспен емес , сауда арқылы , яғни бейбіт жолмен орнықты . Христиан діні Иисус Христос өмірден озған соң 52 жылдан кейін келген . Үндістанға христиан дінін таратқан Иисустың әулие Томас деген шәкірті Мадрас қаласында өмір сүріп , сонда дүние салды . - Елшілік қызметінізде дінге , руханият пен мәдениетке қатысты қандай да бір жаңалыққа немесе қызықты сәтке кез болдыңыз ба ? - Рухани байланыс туралы айта келгенде , мынадай оқиғаны өз басымнан кештім . Мен 1991 жылы Ташкент қаласында Бас консул болып тұрғанымда адамдар Үндістанға баруға виза алуға келетін . Сондай күннің бірінде Тәжікстанның оңтүстігіндегі Харок деген жерден бір топ адам виза сұрады . « Үндістанға нендей мақсатпен бармақсыздар ? » деген сауалға : « Үндістанда зәрдүш ( зороастр ) дінін ұстанатын парсы этникалық тобы мүшелерімен кездеспекпіз » дегенде мен қатты таңғалдым . Бомбей қаласында тұратын , парсы этносының арасында өмір сүретін , отқа табынатын адамдар зәрдүштіктер болып шықты . Міне , бұл , шындығында , мен естіп - білмеген , дипломатиялық қызмет бабында ғана ұшырасқан тың жаңалық еді . Көне замандарда адамдар арасындағы рухани ынтымақтастық әртүрлі діндер арқылы да нығайған . Әдетте , әртүрлі діндердің өркениетке тиісінше оңды ықпал етумен келе жатқандығын айту керек . Бірақ отаршылдық кезінде және жекелеген аумақтарда қоғам алмасқан кезде дінді , оның ағымдарын ел мен елдің , ұлттар мен өзара туыстас халықтарды ажырату үшін теріс мақсатқа пайдаланғаны өкінішті . Сөйтіп , діннің қызметі белгілі бір деңгейде әлсіреп кеткен . Менің көкейімде әрдайым мына мәселе тұрады . Әлем елдерін аралап жүріп , мен Орталық Азия тұрғындарының үнді фильмдерін ерекше ден қойып , ықыласпен көретініне көзім жетті . Мұның себебі неде ? Себебі олар дәстүрлі үнді фильміндегі өнер мен мәдениетті , тұрмыс - тіршілік , өмір сүру дағдысын , әдеп - салтты , үлкенге деген ізеті мен отбасы мүшелерінің бір - біріне деген құрметін , қыз бен жігіттің сыпайы қарым - қатынасын , әуен мен музыканы , би өнерін , қол өнерін оны өздері өмір сүретін қоғаммен салыстырып , бәр - бәрін айнадан көргендей болып отырады . - Азия халықтары осы уақытқа дейін бір - бірімізді алыстан тануды қанағат тұтумен келеміз . Ал біздің елдердің өнерінде , ауызекі тілінде сәйкестіктер көп . Кейбір қазақ әнінің иірімінен үнді әуеніне ұқсас табуға болады . « Елдестірмек ? елшіден » , ендеше , суалған тамырларды жалғап , кейінгі ұрпаққа танытып кету үшін не істеу керек ? - Таяуда қазақстандық музыка мамандарының бірі Үндістанға барып , ән әуенін , яғни музыкасының қалай жазылатындығын зерттеп қайтты . Оның айтуынша , « академиялық білімге әбден дағдыланып алған композиторлар батыстың музыка жазу үрдісіне барынша бой ұрып , әуенді алдымен нотаға , яғни қағазға түсіріп алып , әншіге , яки орындаушыға содан кейін ұсынады » . Туындының жүректен жүрекке жетпейтіндігі , немесе оның ғұмырының ұзақ болмайтындығы содан . Өте ежелгі , дәстүрлі халық әндері неге осы уақытқа дейін ел аузында ? Осыларды зерттей келіп , қазақ пен үнді әндерінің әуезділігі , жан - жүректі баурайтын саздылығы ? ән шығарушылар әуеннің сазын , иірімін алдымен өзі екшеп , елге содан кейін барып таралатындығына көз жеткізген . Құлаққа жайлы тимеген ән жүрекке жетпейді . Профессор екі елдің музыка тарихында осындай ұқсастықтарды танып , таң - тамаша болып қайтты . Өз басым қазақ пен үнді арасындағы ұқсастықты дәлелдеу үшін кәсіби музыка маманымен , музыкатанушымен бірігіп бір жобаны қолға алсам деген ойым бар . Сәті туса , екі елдің ұқсас әуендерінен және ән - күйлерінің компакт - дискісін шығартсақ . Екі елдің ән ырғағындағы ұқсастықты таныту , дәлелдеу үшін осы жылдың соңында концерт өткізбекпіз . Оған қазақтың домбырасы мен қобызын және үндінің сантур мен сарод аспаптарын арнайы қатыстырамыз . Осы құндылықтарымызды күні бүгінге дейін толық білмей келгеніміз ? бұрын - соңды дәл осындай жақын таныс - білістің жолға қойылмағандығынан . Және екі ел мәдениеті мен тұрмысын бөгде елдің , басқа мәдениеттің өкілдері танытып , бейтаныс ілімдер арқылы білгенімізден . Мәселен , бізді әлем Индия деп біледі . Ал біздің еліміздің шынайы аты ? Хиндустан . Екі елдің атының дыбысталуына назар аударып көріңіз : Қазақстан және Хиндустан ! Біздің елдердің атының ұқсас келуі бекер емес , мұнда бір сыр бар , заңдылық бар . Мұны екі елдің тарихы мен болмысын зерттеген мамандар жақсы біледі . Ал қарапайым адамдар ше ? Күні бүгінге дейін Үндістан туралы Орталық Азияға , Қазақстанға немесе бізге сіздер туралы екі елге де тікелей қатысы жоқ , бар болғаны , зерттеуші ғалымдар , сарапшылар немесе саясатшылар сөйлеп келді . Оларға , әрине , екі елдің мәдени - рухани және басқа да тиімді жақтарды мәлімдегеннен гөрі , геосаяси , саяси - әскери немесе саяси - әлеуметтік ахуалды сөз еткен тиімді . Мысалы , Мәскеудің , Лондонның , Вашингтон мен Бейжіңнің мамандары Үндістан жайында өздеріне пайдалы , ұтымды жағынан танытуға мүдделі . Әрине , ол үшін кінәлі емес , себебі олар өздерінің кәсібі тұсынан сөйлеуі керек . Олар үнді адамын не толғандырып , қандай құндылықтарды артық көретіндігін , халықтың ғасырлар бойына басынан өткерген азабы мен сүйінішін , арман - мүддесін , дәстүр - салтын , тіршілік заңын жете білмейді . Сондықтан , туыстас елдер арасындағы тарихи тұтастық пен жақындықты сол ұлттың өз өкілдері болмаса , қандай шебер сарапшы болса да , жеріне жеткізе , өзегін жарып баяндап немесе танытып бере алмайды . Қазақ пен үндінің тек әуені , өнері ғана емес , сөз өнерінде ұқсастық көп . Мысалы « нан » , « таза ауа » , « махаббат » , « дүние » , « егер » , т . б жекелеген сөздердің мағынасы да , дыбыстық ұқсастығы да ортақ . Бұл біздің танымымыз бен тамырымыздың кей тұстарда , тіпті тіліміздің де жақындығын дәлелдейді . Ал танымы мен түсінігі ортақ елдердің жан - дүниесі бөтен болуы мүмкін емес . Бірақ , отаршылдықтың екі мың жылдық тарихтың есігін жауып тастағаны өкінішті . - Тіл демекші . . . Сіз бір сөзіңізде « сіздерде қазақ тілі мен Үндістанда хинди тілінің тағдыры ұқсас » дедіңіз . Миллиард тұрғынды державаның да тілден залал шегетіндігі біз үшін таңғаларлық құбылыс . . . - Иә , солай дегенім рас . Мұнда мен Үндістанға отаршылдықпен бірге ағылшын тілінің үстемдік еткендігін айтқым келген . Хинди ? ұлттық тіліміз . Оның сыртында , біздің елде 17 негізгі тіл бар . Мысалы Бенгал штатында бенгал тілі , Пенджаб штатында пенджаб тілі қолданылады . Солайша , ел аумағындағы 29 штатта 17 тіл мемлекеттік тіл мен 844 диалектика адамдар арасындағы қарым - қатынас құралы ретінде тұтынылады . Үндістан біртұтас ел болғанымен , ондағы әр штаттың өз әліпбиі бар , сөздерінде айырмашылық көп . Хиндиді сөйлеген кісі бенгалша сөйлеп тұрған адамды түсіне алмайды . Сондықтан , біз үшін ағылшын тілі ? үндістерді біріктіретін тіл . Ағылшын тілі бизнестің тілі болғандықтан , біз ол тілден бас тартпақ емеспіз , керісінше , кеңінен қолданылуға мүдделіміз . Хиндустанның ұлттық тілі хинди тілін халықтың 45 пайызы ғана тұтынады . 45 пайыз дегеніміз ? Үндістан бойынша , цифрға шаққанда , 1 миллиард 200 миллион адамның 540 миллионы . Меніңше , Қазақстан халқының 50 пайызынан астамы қазақ тілінде сөйлейді . Қалғандары орыс тілінде , оның ішінде тұрмыста , отбасында өз ана тілінде сөйлейді . Демек , Қазақстан өлшемімен алғанда , қазақ тілінің өз еліндегі тағдыры біздегі хинди тіліндегідей . Қазақ тілін сіздер өздеріңіздің ұлттық дәстүр - салттарыңызды сақтауда , діндеріңіз бен мәдени мұраны сақтау үшін тұтынасыздар . Бірақ , ресми қарым - қатынаста орысшаға ауып кетеді екенсіздер . - Оңтүстік Қазақстан аумағында , ежелгі Жібек жолының бойында сақталған үнді текті тарихи - мәдени ескерткішін қорғауда Үндістан немесе үнді елшілігі не қарекет жасауда ? - Ол ескерткіштер ЮНЕСКО - ның қамқорлығында . Өйткені , сол ескерткіштер әлемге танымал мәдени жәдігерліктің бір шоғыры . Осыған байланысты мәдениеттанушы Мұрат Әуезов мырзамен кеңесіп , ауқымды жұмысты қолға алмақ болып келістік . Себебі оның ар жағында талай сыр жатыр . Кезінде Ұлы Жібек жолының бойында тек қана сауда керуендері ғана емес , ағартушылар , озық ойлы азаматтар өткен . Бұл ескерткіштер ? екіжақты байланыстың куәсіндей қалып кеткен мәдени мұра . Сол жолмен Қытайға Қазақстан арқылы буддизмді насихаттаушылар жүріп өткен . - Ұлттық кітапханадағы Үндістантану орталығы о баста кімнің бастамасымен ашылды ? - Бұл идеяның туындауына Мұрат Мұхтарұлы басқаратын Ұлттық кітапханадан оның әкесі Мұхтар Әуезовтың Үндістан туралы 1955 жылы жарыққа шыққан кітабын әдейі көруге баруым себеп болды . Бұл Үндістан туралы қазақ тілінде жазылған ең бірінші кітап . Сол жолы 6 миллиондық қоры бар іргелі кітапхананың кәсіби деңгейде жасақталғандығы , қызметкерлердің біліктілігі тәнті етті . Бұл жердегі жұмыстың өте сапалы жүріп жатқандығына қызығып , Үндістантану орталығын ашу туралы айтқан ойымды Мұрат Мұхтарұлы қолдады . Сонымен , бүгінгі таңда бұл орталық тек оқушылар , студенттер үшін ғана емес , Үндістанды танимын , білемін деген адамдар үшін өте пайдалы . Олар сол жерден әртүріл мағлұматтар алып , үнді фильмдерін де тамашалай алады . Мұндай орталық Қазақстаннан басқа Орталық Азия аймағында жоқ . Бүгінде екі ел арасында Стратегиялық зерттеу институттары деңгейінде және академиялық Әл - Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті мен Джавахарлал Неру атындағы университеттер арасындағы ынтымақтастық нығайтылуда . Бастамашылар арасындағы қарым - қатынас үкімет деңгейіндегі ынтымақтастыққа қарағанда анағұрлым тиімді . Өйткені , үкімет тарапынан қолға алынған жұмысты іске асыру бюрократияға айналып кетеді . Ал өздері ынта білдірген адамдар арасындағы әріптестіктің нәтижесі ылғи да жоғары , тиімді және пайдалы болмақ . - Осыдан екі - үш жыл бұрын Ресей ? Қытай зерттеу институтының директоры Камал Бұрханов « Үндістанның әлуеті Орталық Азия үшін әлі толық таныла қойған жоқ » деген - ді . Осы пікірден мынадай екі сауал туындайды . Айтыңызшы , Орталық Азия үшін Үндістанның маңызы қандай ? Сондай - ақ Шығыс Азиядағы үнді елі үшін Еуразия кіндігіндегі Қазақстанның орны , ролі нендей ? - Мен бұл сұраққа мойныма үлкен жауапкершілік ала отырып жауап бермекпін . Орталық Азия мемлекеттері осыдан 15 жыл бұрын тәуелсіздік алғанда мен Орта Азия аймағында консулдық қызметте едім . Маған осынау , әлемдік географияда айтуылы орны бар аймақтағы тарихи - мемлекеттік құбылысқа куә болғаным ? маған тағыдырымның тартқан үлкен бір сыйы , тартуы деп санаймын . Осылайша , мен Орталық Азия елдерінің егемендікке қол жеткізгендігін өз көзіммен көргенмін . Біз 1993 жылға дейін , Орталық Азия елдерін КСРО - ға бағынышты кезінде көрші мемлекет ретінде санамадық . Үндістан бүгінгі таңда Орталық Азия аймағы елдерін Үндістанның көрші мемлекеттері ретінде қарастырып таниды . Бұл ? өте маңызды , әрі салмақты пайым . Себебі 1991 жылға дейін Үндістанға келген топтар сол кездегі Қазақстан және Орта Азия туралы және осы аймақтың маңызы туралы басқаша айтатын . Бірақ біз сонау Жібек жолы тұсындағы тарихты есімізден бір сәт те шығарған жоқпыз . Оның үлкен себебі бар . Алдында атап өткенімдей , арадағы 2 мың жылдың басты куәсі ? Үндістанға Қазақстанның оңтүстік аймағынан сақ тайпасы өкілдерінің келгендігі . Сол күндердің белгісіндей бүгінде біздің елімізде ресми сақ күнтізбесі қолданылады . Атақты « Бабырнаманы » тудырған Заһир ад - дин Мұһаммед Бабыр және Орта Азиядан шыққан ғұламалардың жекелеген еңбектері де үнді жерінде кеңінен танымал . Сондай - ақ бүгінде ежелгі қазақ жерінде буддизмнің болғандығы жөніндегі белгі , нышандарды қазақстандық археологтар тауып жатыр . Буддизм Қытайға Қазақстан арқылы таралған . Будданың және бір аты ? « сакке муни » , яғни қазақшалағанда « сақтың данагөй басшысы » деп аталады . - Қазақстан Үндістан арасындағы ресми байланысты нығайтуға арналған шаралардың негізгілері қайсысы ? - Мемлекетаралық , үкіметаралық қарым - қатынас қарқынды дамып келеді . Өткен жылы екіжақты байланысты нығайтуға арналған өте көп жұмыс жасалды . Мамыр айында Нұрсұлтан Назарбаев пен Үндістанның Премьер - министрі Манмохан Сингх Мәскеуде кездесті . Одан кейін шілде айында Қазақтанның Сыртқы істер министрі Қасымжомарт Тоқаев Үндістанның Сыртқы істер министрі Натвар Сингхпен жүздесті . Ақпан айында Үндістанның Мұнай - газ министрі Мани Шанкар Айяр мен Қазақстанның Энергетика және минералдық ресурстар министрі Владимир Школьник өзара келіссөз жүргізген болатын . Қазақстан делегациясы былтыр екі конференцияға қатысып қайтты . Біріншісі « Оңтүстік ? солтүстік көлік дәлізі » халықаралық конференциясына , және екінші топ қараша айында Азиядағы энергетиканы дамыту мәселесіне арналған басқосуға қатысты . Осы жылдың екінші жартысында Қазақстанда өтетін « Оңтүстік ? солтүстік көлік дәлізіне » арналған жиынға қатысуға Үнідстаннан үлкен делегация келмекші . Сауда саласында да екіжақты байланыстар ширап келеді . Өткен 2004 жылы екіжақты сауда айналымы 96 миллион доллар болған . Бұл шама 2005 жылы 23 пайызға өсіп , шамамен , 120 миллион долларға жетті . Былтырғы ақпан айынан бастап , екі елдің ірі компаниялары ? Қазақстанның « ҚазМұнайГаз » ұлттық компаниясы мен үндінің « ONGC » арасында Қазақстанға инвестиция тарту жөнінде келіссөз жүріп жатыр . Бұл жоба « ҚазМұнайГаз » бен « ONGC » - дің біріккен тұңғыш жобасы . Биылғы жылғы ақпан айында сол жобаның іске асыру шараларынның қорытындысы жария етілмек . Қазіргі таңда Үндістан делегациясы Астана қаласында жүріп жатқан келіссөздерге қатысуда . Халықарлық қарым - қатынастың тағы бір толымды қыры ? екі ел арасында қорғаныс - техникалық саладағы ынтымақтастықты жолға қою болмақ . Қазақстан мен Үндістан мамандары өзара делегация алмасып , тәжірибе жинақтау үстінде . Екі елдің жұмыс тобының алғашқы біріккен мәжілісі Астана қаласында ақпанның 9 - 10 - ы аралығында болады . Онда қорғаныс - техникалық салада инвестиция тарту және екі елдегі қорғаны - өндіріс зауытына жаңа қондырғылар орнату жайы келісіледі . Зауыттарды жаңартудағы біздің мақсатымыз ? екі елде де жаңа жұмыс орындарын ұйымдастырып , екі елге де жаңа технология әкелу . Сонымен қатар , қаңтардың 31 - інде Нью - Делиде жыл сайын өтетін 70 мемлекет қатысатын « Дефенс Экспо - 2006 » халықаралық көрмесіне Қазақстан тұңғыш рет қатысып қайтты . - Қазақстандық сарапшылар мен саясаткерлер Үндістанды Азия құрлығындағы Қытайдан кейінгі держава ретінде танып , оған әлемдік деңгейде назар аудару керектігін алға тартады . Үндістанның әлемдік қауымдастықтағы ролі қандай ? Бұған ресми Бейжіңнің пікірі қандай ? - Қытай мен Үндістанды туралы айтқанда , мына мәселені есте тұту керек . Қытай ел экономикасын дамыту мен экономикалық реформаларды жүзеге асыруды 1979 жылы бастады . Ал Үндістан экономикалық реформаны 1991 жылы қолға алды . Арада осындай үлкен алшақтық , үзіліс бар . Бұл жөнінен , әрине , Қытай озып кетті . Саясаттанушылар мен сарапшылардың бұл арада екі ел экономикасының әлемге ықпалын алға тартып отырғанында дау жоқ . Қытай өндіріс жағынан әлемге айтулы ықпалын жүргізіп отыр . Әлем өндірісінде Қытайдың үстемдігі басым . Ал соңғы жылдары Үндістанның әлемдік білімге негізделген экономикасының қарқын алып келе жатқандығын дүние жүзі мойындап отыр . Үндістанның ақпараттық технология , интернет және телекоммуникация жағынан алдыңғы лекте тұрғандығы әрі оның әлемге ықпалы осы тұста өте жоғары екендігі көпке мәлім . Қытайдың Премьер - министрі өткен жылы « Біздің өндіріс саласындағы озығымыз бен жетістіктерімізді Үндістанның білімге негізделген экономикасымен біріктірсек , онда біздің әлемге деген ықпалымыз одан сайын өсе түсер еді » деген сөзінің де жаны бар . Меніңше , мұны екі елдің әлемдік қауымдастықтағы орнына берілген әділ баға деп қабылдаған жөн . ( Автор Үндістан Елшісімен әңгімелесуге көп көмектескен , қазақ , ағылшын , орыс тілдеріне жүйрік аудармашы Рита Тілеубаеваға өз алғысын білдіреді ) .
Ұлы халықтың хас өнері - күй . Алпыс екі тамырыңды идіретін күйдің құдіретін сезіну мен түсіну қазақ баласының ғана пешенесіне жазылса керек . Өзгелері тамсанады . Өлмес өнердің заманына сай жаңа тынысы мен кеңістігі ашылып , жаңа медиа арқылы әлемге насихат жолын ашып отыр . Ұлттық өнерді атасы күй туралы сайттан авторлар мен орындаушылардың өнерін , күй ноталарын , күй үйренудің видеосын тамашалай аласыздар . Әрқашан ұлт өнеріне жанашырлығыңыз жүрегіңізде болсын !
1 . 1999 - 2006 - Өскемен қаласы Шығыс Қазақстан мемлекеттік университетінің тағылымдамадан өтуші - зерттеушісі , аспирант , аға оқытушы , кафедра меңгерушісі , оқу ісі жөніндегі проректор . 2 . 2007 жылдан Өскемен қаласындағы Шығыс Қазақстан аймақтық университетінде .
Қаратұран жер аты ; Ұланақ аңғарының оңтүстік жағы тұсындағы Оңтүстік Ақтау жотасының бір пұшпағының атауы , бүгiнгi Жыңғылды аулынан батыста 8 - 12 км жерде . Үзінді - Ұланақтың алдындағы Ақбас , Қызылжол , Қоңырой жерінде жайылыста болып , көздеп тұрады екен . Сол кісі жүріп - тұрған Бәйтілеу жолы әлі күнге солай аталады . Шығыс бетінде Қаратұранның түпсіз аңғар жарығы бар . Сол аңғар жарық Бұзықтамға дейінгі 10 км - ге созылады деседі . Қаратұранның үстінде көлемді су қоймасы болған .
Ауданның әкімшілік орталығы - Шәуілдір ауылы Халық саны - 54700 адам Аудан территориясы 18100 шаршы километр жерді құрайды Индустриалды - экономикалық профиль Ауданда мал шаруашылығы және қоза мен жүгері өсіру дамыған . Кәсіпорындардан Маяқұм мақта зауыты , глицерин , крахмал және өсімдік шырындарын өндіретін жүгері зауыты , және минералды су шығаратын « Божбан су » жұмыс істейді .
Тараудың басында тергеу барысынан жалпылама мағлұмат , айыптау актісі , айыпкердің алғашқы жауабы толық берілді . Содан кейін айыпкерлерді тергеу кезіндегі оған қарсы жазылған көрсетінділер , тыңшылардың мәліметтері жарыстырыла ұсынылды . Ол айғақтар мен көрсетінділер Қ . Мұхамедханов , Ж . Бектұров , С . Бөкейхан , К . Нұрпейісов , С . Бурабаев , Б . Байғалиев , Д . Досжан , М . Қойгелдиев , Т . Омарбек , М . Әбдешев , М . Құлмұхамед , М . Әбсәмет , Б . Қойшыбай , Е . Сыдық , С . Аққұл , Д . Қамзабек , Д . Махат сияқты тағы да басқа мұрағаттанушылардың , зерттеушілердің жарияланымдарымен , өмірлік деректермен салыстырылды . Шығарма әфсаналық сипатта жазылғандықтан да , пайдаланылған мұрағат құжаттары мен әдебиеттердің көрсеткіші екінші томның соңына жинақталып берілді . Тағылған айыптардың жалғандығы , тергеу барысы мен шығарылған үкімнің заңсыздығы туралы пайымдауларға Қазақ КСР Жоғары сотының 1988 жылғы 4 қарашадағы шешімі басты негіз етіп алынды .
- Бүгін барлығымыз үшін аса маңызды күн . Жылдар бойы бірлесіп атқарған жұмыстарыңыз үшін барлық Үкімет мүшелеріне алғыс білдіремін . Қолдан келгенше бәрін істедік , бәлкім , енді тағы біреу бұдан жақсы жетістікке жетер .
Джулиан Ассандждың қитұрқы тірлігі бірінші кезекте АҚШ - тың Ливиядағы елшісі Джин Кретцтің тағдырына теріс әсерін тигізетіні сөзсіз . Себебі , өзінің хаттарында Кретц Ливияның басшысы Муамар Каддафидің саясатымен қатар , оның жеке өміріне қатысты ақпараттарды да басшылығына жеткізіп отырған . Мысалы , оның жазбаларында « Ливия революциясының көсемі шетелдерге барған сайын қасына украиналық кәнизәгін үнемі ертіп жүреді » деген ақпараттар болған .
Алматы қаласының халқы 1 404 , 3 мың адамды құрайды . Оның 54 пайызы әйелдер , 46 пайызы - ерлер . Соңғы бес жыл бедерінде төрт жасқа дейінгі балалар саны 50 пайыздан астам көрсеткішке дейін өсті . Алматы байырғыдай Қазақстан қалалары ішіндегі « көпұлтты қала » мәртебесіне ие . Этникалық жағын ескерсек , бұл қалада 100 - ден астам ұлт өкілдері тұрады . Қазіргі кезде Алматыда 51 , 1 пайыз қазақтар , 33 пайыз орыстар , 5 , 7 пайыз ұйғырлар , 2 пайызға жуық корейлер және дәл осы мөлшерде татарлар мен 0 , 5 пайызға дейін өзбектер , сондай - ақ 0 , 4 пайызға дейін түріктер тұрады . Қалада сонымен қатар , 0 , 5 немістер де тұрып жатыр .
Дегенмен , Алматының сәулет құрылысын космополитті деп айтуға толық негіз бар . Өйткені мұнда ұлттық колорит басым . Оның бір қызығы , Алматының негізі қалана бастаған кезде - ақ мөлтек аудандар салына бастады , мұнда басқа жақтан келіп , қоныс аударушылар да көбейді Ұлттық диаспоралар қоныстанған жердің сәулет құрылысы солардың мәдениетіне , тұрмысына , ұлттық дәстүрі мен сеніміне қарай салына бастады .
- алдын ала терминнің нақты түсіндірмесінің жария болуы ( көбіне , термин қазақшалау , әлгі терминнің түпкі мағынасын топшылаудан басталып жататыны бар ) ;
Мәдениеттің ерекшелігі сол - ол тек объективті шындық түрі ғана емес , шығу тегі жағынан алғанда , оның объективті мазмұны . Мәдениеттің материалдылығының өзі , оның шығу көзі адамға байланыстылығында . Адамның өмір сүру әдісі мен объективті қызмет негізінде ғана мәдениет материалдық сипат алады . Маркстің сөзімен айтқанда , мәдениет туындысы дегеніміз - адам тұрмысының затқа айналған мәні . Бұдан мәдениет дайын зат ретінде , заттық түр ретінде өмір сүреді деген қорытынды жасауға болады . Шынында да , материалдық мәдениет өндіріс құрал - жабдықтары , сәулет өнерінің мұралары арқылы білінсе , рухани мәдениет кітаптар , қолжазбалар , қылқалам шығармалары ар қылы , сондай - ақ өлең , жыр , ертегі , терме , жұмбақ , жаңылтпаш , әңгімелерден мәлім болады . Заттың мәдени бағаға ие болуы үшін ең алдымен адамдық сипат алуы керек .
Баланың тамақтану ұзақтығына басқалардың араласуы , ықпал етуі бала ағзасындағы зат алмасудың бұзылуына әкеп соғуы мүмкін .
Әрине , ақынның алғашқы жинағының жаряиялануының бас - қасында Әлихан Бөкейханов сынды Алаш көсемінің , Абайдың өз балалары мен жақын туыстарының жүргендігі ақиқат , оның ішінде Кәкітай Ысқақұлының ардақты есімі алдымен ауызға түсетіндігі белгілі . Өткен жылы жинақтың 100 жылдық мерейтойына орай республика көлемінде түрлі іс - шаралардың өткізілгені көпшілік қауымға аян . Біздің мақсатымыз осы жинақтың жариялануы тарихына байланысты әлі де ашық айтылмай келе жатқан факторлар тұрғысында болмақ .
Ибн Усәймин , Аллаһ оны рахым етсін , былай деген : « Иман , Әһлю - Суннаның пікірі бойынша - бұл жүрекпен растау , тілмен айту және дене мүшелерімен тиісті амалдарды орындау » . [ 41 ]
Ақтөбенің адамдары туралы айтқаның қатты ұнап кетті ей құрдас !
ҚМГ БӨ - өзінің қызмет ету аймағындағы ірі жұмыс берушілердің бірі . Компанияның өндірістік филиалдарында 14 000 адам жұмыс істейді .
ҚР Мемлекеттiк қызмет iстерi жөнiндегi агенттiгi Астана қаласы бойынша Тәртiптiк кеңесi жылдың соңғы отырысын өткiздi . Әдетте ҚР « Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы » , « Мемлекеттiк қызмет туралы » және « Мемлекеттiк қызметкердiң Ар - намыс кодексiнiң » орындалуын негiзге алатын кеңесте бұл жолы мемлекеттiк қызметкерлердiң бiлiктiлiк деңгейi сөз болды .
Мемлекеттік тілдің мәртебесін артыру туралы бағдарлама да іске қосылды , қаулы - қарар , өкім - шешімдер де қабылданып , шығарылып жатыр . Заң да бар . Алайда , шын мәнісінде бұл бағыттағы жұмыс өте баяу жүріп жатқан сияқты болып көрінеді .
Көктем келіп , күн жыли бастасымен облыс орталығының ескі әуежай аумағын , Кеңдала , Жақсы ауыл , Арман ауылдарын және Зашаған кентінің бірқатар көшелерін мекен еткен тұрғындардың мазасы қаша бастайды .
1954 - 1956 жылдары - Абай атындағы Қазақ педагогикалық институтының оқытушысы . 1956 - 1976 жылдары - Қазақ КСР Ғылым Академиясының Тіл білімі институтының ( 1961 жылға дейін Тіл және әдебиет институты ) ғылыми қызметкері . 1976 - 1978 жылдары - Абай атындағы Қазақ педагогикалық институтының қазақ тілі кафедрасының меңгерушісі .
- Жылама ! Бұрышқа бар ! Бір аяғыңды көтеріп тұр . « Сенің не жұмысың бар ? » деп тіліңді шығарғаның үшін !
Өзіндік идеялар мен жобалар болмағандықтан , біздің биліктегілер сол ресейлік тәжірибені қолданбақшы .
КСРО НКВД лагерьлерінің Бас басқармасына ( ГУЛАГ ) қарасты қапастар мен түрмелерде жалпы саны 4 миллионға жуық сотталғандар отырса , олардың 1 - 1 , 5 миллионнан астамы ( Д . Шаймұханов , С . Шаймұханова « ҚарЛаг » , 19 - бет ) ҚарЛагтан өткен . Жалпы , ГУЛАГ - тың құрамында 61 лагерь болса , ҚарЛаг - соның ішіндегі ең ірілерінің бірі . 1953 жылдың желтоқсан айындағы есеп бойынша саяси айыппен ГУЛАГ лагерьлерінде қамауда болған 474 950 сотталушының 57 989 - ы Қазақстанда отырған ( оның ішінде Қарағанды облысында - 56 423 адам ) . Осы зобалаң ең алдымен ұлт қаймағының , оқыған азаматтардың басына түсті . Мәселен , 1934 - 1941 жылдар аралығында сотталғандар ішінде жоғары білімі бар азаматтардың үлес салмағы үш есе , орта арнаулы білімділердің үлесі екі есеге артқан . Ал сан жағынан шаққанда , бұл кезеңде жоғары білімі барлар 8 есеге , орта арнаулы білімі барлар 5 есеге өскен . ҚарЛаг құрылғанға дейін ол аумақта қазақтардың , орыстардың , украиндардың , немістердің ерікті тұрақтары болатын . Кейіннен ҚарЛагтың орталығына айналған Долинка селосы 1909 жыл 10 желтоқсанда жеке кенттік бірлік құқығына ие болады . 1911 жылы мұнда 2630 адам тұрған . Кеңестік тоталитарлық жүйенің мызғымас бір бөлшегіне айналған жаппай қуғындау , террор , халықты жер аудару үшін арнайы жазалау органдарының күші кеңінен қолданылды . ҚарЛаг 1931 жылы 19 желтоқсанда құрылды . ҚарЛаг басқармасы тек тікелей Мәскеудегі ОГПУ - ге ( НКВД ) қарасты ГУЛАГ - қа ғана бағынды . Республикалық , облыстық орган дардың оған ешқандай ықпалы жүрмейтін . Ол мемлекет ішіндегі жеке мемлекет еді . Дұрысырақ айтсақ , мемлекет ішіндегі құлиеленуші мемлекет пошымында ұйымдастырылған . ГУЛАГ жүйесіндегі тәртіп сотталғандарды қорлап , тұқыртып , жәбірлеп , адамдық ар - намысын таптап , ерік - жігерін мұқалтып ұстауға бағындырылған . ҚарЛаг лагерьлерінде де осы тәртіп орнатылды . Оның өз нақты өкіметі , көлігі , өз пошта және телеграф байланысы болды . Лагерьдің аумағы солтүстіктен оңтүстікке қарай - 300 шақырым және шығыстан батысқа қарай 200 шақырымға созылып жатты . Бұл тұтас Францияның территориясына тең . ҚарЛагтың мұнан басқа 2 бөлімі болды - орталықтан 350 шақырымда жатқан Ақмола және 650 шақырымда жатқан Балқаш бөлімшелері . ҚарЛагтың негізгі шаруашылық орындары Қарағанды және Ақмола облысы аумағында орналасқан . 1953 жылдары ҚарЛагтың 26 бөлімі , 192 лагерьлік нүктесі бар еді . Әр бөлімдер , өз алдына учаскелер , нүктелер , фермалар деп аталатын шаруашылық бөлімшелерге бөлінді . Лагерьде 106 мал шаруашылық фермасы , жеті бақшалық учаске мен он жер жырту шаруашылығы болды . ҚарЛаг ұйымының басты бағыты - Орталық Қазақстанның қарқынды дамып келе жатқан көмір - металлургия өнеркәсібін ірі азық - түліктік базасын қамтамасыз ету . Сонымен бірге осы өнеркәсіп салаларын құру және дамыту үшін арзан жұмыс қолы керек болды . Міне , сотталғандар мен жер аударылған тұтқындардың басым бөлігін Орталық Қазақстан аумағына орналастырудағы басты себептердің бірі де осы . Ал уақыт өте ҚарЛагқа этаппен келушілер қатары өскен сайын , оларға бақылау да күшейе түсті . Орташа есеппен ГУЛАГ - та 1940 жылы 1 қаңтарда 16 тұтқынға бір жасауылдан келсе , 1954 жылдың 1 сәуіріндегі есеп бойынша тоғыз сотталушыға бір жасауылдан келген . Осы жылы барлық лагерь мен колониялардағы күзет қызметіндегілердің саны - 148 049 ( Оның ішінде 98 863 - і - қатардағы жауынгер , 37 668 сержант және 11 498 офицер болған ) . ( В . Земсков . ГУЛАГ ( историко - социологический аспект ) / / Социологические исследования . 1991 , № 6 . )
Аталмыш шараның мақсаты - ауыл жастарына , нашар отбасынан шыққан балаларға , жетiмдер мен мүгедек балаларға техникалық және кәсiби бiлiм беруде қолдау көрсету . Салтанатты шараны СҚО бiлiм беру басқармасының бастығы Әбiлмәжiнов Темiрғали Текебасұлы ашты . Ол , қазiргi Қазақстанға , оның динамикалық дамуының маңызды көрсеткiшi - бұл сауаттылар деңгейi , бiлiктi бiлiмдi мамандар екенiн жеке атап өттi . Облыстарда да , - деп куәландырды Т . Т . Әбiлмәжiнов , жақсы , сұраныстағы мамандарды дайындау бойынша көптеген жұмыстар жасалып жатыр .
Ну здеь все понятно ! Когда играешь большой игре у нет друзей и родины тоже нет , потому что среди волков идет игра без правил и как толька ты хочешь играть по правилам ты проиграл !
2010 жылдың бас шенінде Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің 2010 - 2014 жылдарға арналған стратегиялық жоспары бекітіледі .
Келісім - шарт қызметіне үміткерлерді іріктеу жүйесі үш кезең бойынша өтеді :
Пресс - конференцияға қатысқандар : « НұрОтан » халықтық демократиялық партиясының « ЖасОтан » жастар қанатының атқарушы хатшысы , қалалық мәслихаттың депутаты , балалардың құқықтарын қорғау департаменті Адамның адамгершілік - рухани дамуы бөлімінің бастығы , департамент волонтерлері . Пресс - конференцияға қатысушылар негізгі мақсаты - мүмкіндігі шектеулі балаларға , қиын жағдайда қалған балаларға көмек көрсету болатын « Көктемгі ізгілік аптасы » акциясын өткізу мәселелерін талқылады .
Институт баспа өнімдерін шығарады . Бізде кез келген тапсырысты қолжазбадан бастап баспа өнімдеріне дейін жеткізетін білікті мамандар жұмыс істейді . Қолжазбаны теру , редакциялау , беттеу , корректорлық тексеруден өткізу , дизаиндік жұмыстар , мұқабасын дайындау сияқты жұмыстарды сапалы әрі жылдам орындап береді және мұқабасы әртүрлі ( қатты , жұмсақ ) кітаптардың таралымын 1000 данадан 10000 данаға дейінгі көлемін аз ғана уақытта шығарып бере алады . Институт 2009 жылы 10 сәуірде Алматы қаласы Медеу ауданына қарасты Шағын және орта кәсіпкерлікті өркендету қауымдастығына мүше болып қабылданды . ( № 5 сурет ) Институт жеке адамдардың бастамасымен құралғандықтан Қазақстанда шағын және орта кәсіпкерлердің өркендеп дамуына аса мүдделі . Сондықтан мемлекеттік сатып алуларға қатысып , алған тапсырыстарын уақытылы әрі сапалы орындауға барын салып келеді .
Жаугашты Баюбаев родился в городе Шалкаре , славным своими мамбетскими устоями . Учился в Актобе в элитной гимназии , где его , как он говорит , недолюбливала некая г - жа Ордабаева . Закончив сельхозтехникум , по направлению был направлен в Кызылкугинский район Атырауской области , где по настоящее время вполне успешно занимается разведением овец едильбаевской породы . Участвовал в нескольких межрайонных выставках животноводства .
ҚР Әділет министрінің орынбасары Әмірхан Аманбаев Қазақстанның Әділет министрлігі заңды тұлғаларды және жылжымайтын мүліктерді тіркеу рәсімдерін оңтайландыру жөніндегі жұмысты , артық әкімшілік кедергілерді алып тастау және азаматтар мен бизнес үшін қолайлы жағдай жасау жөніндегі жұмыс жалғасын тауып отыр деп атап өтті .
Бухгалтерлерді к ә сіби сертификаттау ж ө ніндегі ұ йымды аккредиттеу туралы ку ә лік алу ү шін мыналарды ұ сыну қ ажет :
Автордың ойынша , екі ел арасындағы массмедиа және коммуникация саласындағы серіктестік пен ынтымақтастықтың ақпараттық - коммуникативтік процестерге тигізер ықпалын мынадай факторлармен айқындауға болады .
2 ) « Мүсін » , « Сәндік - қолданбалы өнер » номинациялары бойынша жұмыстардың аңдатпасында шығарма авторы , өлшемі , атауы , салған жылы мен идеясының қысқаша сипаттамасы көрсетілуі тиіс .
- Өскемен ауаның ластығы жағынан Қазақстандағы бес қаланың қатарында . Неге ?
Ия , алдында осы туралы тақырып жазып едім ғой . Оларда өмір сүру жастары ұзақ . Сол үшін үйленуге кеш кіріседі . Алайда бір жерлерден естуім бойынша әке - шешесі 60 - жасқа толғанға дейін олар үйлену керек . Әйтпесе сыйламайсың деп айтады екен .
Ойымызды және бір дәлелдеу мақсатында Әзірейіл ( ғ . с . ) періштенің өлім алдындағы пендеге қорқынышты , не ұнамды кейіпте көрінуін қарапайым ғана айнаны мысал ете отырып түсіндіріп көрейік . Бөлмедегі жүз айнаның біреуі шағылысқан затты қара , екіншісі көк , үшіншісі ұзын әрі жіңіше , ал енді бірі толық , қысқа етіп көрсететін болса , бөлмеге кірген бір ғана адам жүз айнада жүз түрлі кейіпте көрінеді . Міне , сол сияқты Әзірейіл періште де рухын алатын кісінің иман , ғибадат , мінез - құлықтарының рухани айналарындағы жағдайына қарай әртүрлі бейнеде көрінеді . Күнәһар адамға үрейлі , ал тақуа адамға ұнамды кейіпте көрініп , рухын майдан қыл суырғандай оп - оңай алуы мүмкін . 20
Өскемен қаласының әкiмi Ислам Әбiшев алаңға жиналған өскемендiктер мен қала қонақтарын Жеңiс мерекесiмен қызу құттықтады .
Косово 1999 жылдан Сербия ға бағынудан бас тартса , 2008 жы лы өзінің тәуелсіздігін жария лады . Оны БҰҰ - ға мүше 192 ел дің 75 - і тәуелсіз ел деп таныса , 69 ел ресми түрде қарсылығын білдірді . Басқа лары - бейтарап пікірде . Мәскеу Косовоны танысаңдар , басқаларды да ( Приднестровье , Абхазия , Оң түс тік Осетия ) таныңдар дейді .
Гүлмира Тасболатқызы - Солтүстік Қазақстан облысындағы тілші Алматыда туып , Қызылордада өсті . Көпбалалы отбасынан шыққан . 1993 жылы Қазақ қыздар педагогикалық институтын , 2003 жылы М . Қозыбаев атындағы СҚМУ заң факультетін бітірді . Тұрмыста , екі қыздың анасы . Арманы - әлемді аралап шығу . Әдебиетті , поэзияны жақсы көреді . Фитнеспен , шығыс биімен айналысады . Көлік жүргізгенді ұнатады . « Машинамның ішіндегі саймандардың әрқайсысы қандай қызмет атқаратындығын білгім кеп тұрады . Көлігім сынып , СТО - ға бара қалсам , көлік жөндейтіндердің миын ашытып , ананы - мынаны сұрап , тыныштық бермеймін » , - дейді . Жұмыс телефоны - 8 ( 7152 ) 36 09 45 ; 36 55 79 ; эл . поштасы - saulebekova @ mail . ru
Елбасымыз ауылға келген мамандардың тұрақтап жұмыс жасауы үшін оларға қажетті тұрмыстық жағдай жасауды жергілікті әкімдерге мықтап тапсырғаны мәлім . Бұл тапсырманың өзіміз көшіп келген Жаңақала ауда нында толық жүзеге асып жатқанына куә болып жүрмін . Құс та жайлы жерге ұя салады ғой , менің осында тұрақтап қалуым - жағдайымның табылғандығы .
Бағыт Алматы қаласының орталығында басталады . Жолы бұрын керуендердің өтетін жолдарында Еуропаға шығыстан - Қытайдан және Үндістаннан келетін болған .
ТЮТЕНЬКОВ АНАТОЛИЙ ПАВЛОВИЧ , 1950 жылы туған - 30 жылдан астам стажы бар педагог , гобой класы бойынша оқытушы , музыкадан бастауыш , қосымша , орта кәсіптік білім беру мекемелерінде жинақтаған мол тәжірибесі бар .
- Елші мырза , міне , Гер мания ның Қазақстандағы жы лы да өз мәресіне жетті . Осы уа қыт ішінде 100 - ге тарта түрлі ша ралар өткі зіл ді , соның арқа сын да біздің ел дің азаматтары Германияның бү гін гі тынысын , неміс жұртының қа зіргі даму жолын біле түсті . Өзі ңіз жыл қорытындысы туралы не айтар едіңіз ?
Download XML • Download text