kaz-17
kaz-17
View options
Tags:
Javascript seems to be turned off, or there was a communication error. Turn on Javascript for more display options.
біліктілік разряды - жұмысшының атқаратын жұмыстарының күрделілігін көрсететін біліктілік деңгейі ;
Ассамблеяға өзінің жеке газетін шығару мәселесін қарасты рып , веб - сайтын жаңғырту қажет . Түрлі этностар өкілдерін , біздің этномәдени бірлестіктер мен олар дың жұмысын көрсететін арнайы телехабарлар керек .
« Омарды көп еске алыңдар . Өйткені ол еске алынғанда әділеттіліктің бейнесі елестейді » .
Сондай - ақ , жалпы білім беру қоры шығындарын 3 пайызға дейін көтеру арқылы балаларды ыстық тамақпен қамтамасыз ету бағытында жұмыстар жүргізіледі .
Ықтималдылық Теориясы - кездейсоқ бір оқиғаның ықтималдығы бойынша онымен қандай да бір байланыста болатын басқа бір кездейсоқ оқиғаның ықтималдығын анықтауға мүмкіндік беретін математика білімі . Ықтималдылық теориясында кездейсоқ құбылыстардың заңдылығы зерттеледі . Кездейсоқ құбылыстарға анықталмағандық , күрделілік , көп себептілік қасиеттері тән . Сондықтан мұндай құбылыстарды зерттеу үшін арнайы әдістер құрылады . Ол әдістер мен тәсілдер Ықтималдылық теориясында жасалынады . Мысалы , біркелкі болып келетін кездейсоқ құбылыстарды жан - жақты бақылай отырып қандай да болмасын бір заңдылықты ( тұрақтылықты ) , яғни статистик . заңдылықты байқаймыз . Ықтималдылық теориясының негізгі ұғымдары элементар ықтималдылық теориясы шегінде қарапайым түрде анықталады . Элементар ықтималдылық теориясында қарастырылатын әрбір сынау ( Т ) Е1 , Е2 , . . . , Еs оқиғаларының тек қана біреуімен ғана аяқталады . Бұл оқиғалар сынау нәтижесі ( қорытындысы ) деп аталады . Әрбір Еk нәтижесімен оның ықтималдығы деп аталатын рk оң саны байланыстырылады . Бұл жағдайда рk сандарының қосындысы бірге тең болуы керек . А оқиғасы тең мүмкіндікті бірнеше оқиғаларға ( Еі , Еj , … , Еk ) бөлінеді және олардың кез келген біреуінің ( не Еі , не Еj , … , не Еk ) пайда болуынан А оқиғасының пайда болуы шығады . Сынау нәтижесінде А оқиғасы бөлінетін мүмкін мәндері ( Еі E , j , … , Еk ) осы оқиғаға ( А - ға ) қолайлы жағдайлар деп атайды . Анықтама бойынша А оқиғасының р ( А ) ықтималдығы оған қолайлы жағдайлар нәтижелері ықтималдықтарының қосындысына тең деп ұйғарылады : P ( A ) = Pі + Pj + + Pk ( 1 ) Дербес жағдайда р1 = р2 = = рs = 1 / s болғанда Р ( А ) = r / s ( 2 ) болады . А оқиғасына қолайлы жағдайлар нәтижесі санының ( r ) барлық тең мүмкіндікті нәтижелер санына ( s ) қатынасы А оқиғасының ықтималдығы деп аталады . ( 2 ) формула ықтималдықтың классикалық анықтамасын өрнектейді . Бұл анықтама " ықтималдық " ұғымын дәл анықтамасы берілмейтін " тең мүмкіндік " ( тең ықтималдық ) ұғымына келтіреді . Тең мүмкіндік немесе тең ықтималдық ұғымдары алғашқы ұғымдарға жатады . Олар логикалық ( формалды ) анықтама беруді қажет етпейді . Егер жалпы сынау нәтижесінде бірнеше оқиғалар пайда болса және олардың біреуінің пайда болу мүмкіндігінің екіншісіне қарағанда артықшылығы бар деп айта алмасақ ( яғни сынаулар нәтижесінде симметриялы қасиеті болса ) онда мұндай оқиғалар тең мүмкіндікті делінеді . Элементар ықтималдылық теориясының негізгі формулаларының қатарына ықтималдылықтардың толық формуласы да жатады : егер А1 , А2 , , Аr оқиғалары қос - қостан үйлесімсіз болып әрі олардың бірігуі нақты бір оқиға болса , онда кез келген В оқиғасының ықтималдылығы : Р ( В ) = Р ( В / Аk ) Р ( Аk ) қосындысына тең болады . Ықтималдылық теориясының негізін құрудағы қазіргі ең жиі тараған логик . сұлбаны 1933 ж . кеңес математигі А . Н . Колмогоров жасаған . Бұл сұлбаның негізгі белгілері төмендегідей . Ықтималдылық теориясының тәсілдерімен қандай да болмасын нақты бір есепті зерттегенде ең алдымен U элементтерінің ( элементар оқиғалар деп аталатын ) U жиыны бөлініп алынады . Кез келген оқиға оған қолайлы жағдайлардың элементар оқиғаларының жиыны арқылы толық сипатталынады . Сондықтан ол элементар оқиғалардың белгілі бір жиыны ретінде де қарастырылады . Белгілі бір А оқиғалары мен олардың ықтималдығы деп аталатын Р ( А ) сандары байланыстырылады және олар мынадай шарттарды қанағаттандырады : 1 . 0 Р ( А ) 1 , 2 . Р ( U ) = 1 , 3 . Егер А1 , , Аn оқиғалары қос - қостан үйлесімсіз болып , ал А - олардың қосындысы болса , онда : Р ( А ) = Р ( А1 ) + Р ( А2 ) + + Р ( Аn ) болады . Толық матем . теория құру үшін 3 - шарттың қос - қостан үйлесімсіз оқиғалардың шектеусіз тізбегі үшін де орындалуы қажет . Теріс еместік пен аддитивтілік қасиеттері - жиын өлшеуінің негізгі қасиеттері . Сондықтан Ы . т . формалды түрде өлшеуіштер теориясының бөлігі ретінде де қарастырылуы мүмкін . Бұл тұрғыдан қарағанда Ы . т - ның негізгі ұғымдары жаңа мәнге ие болады . Кездейсоқ шамалар өлшемді функцияларға , ал олардың матем . үміті А . Лебегтің абстракт интегралына айналады , тағы басқа . Бірақ ықтималдылық теориясы мен өлшеуіштер теориясының негізгі мәселелері әр түрлі болып келеді . Ықтималдылық теориясының негізгі , өзіне тән ұғымына оқиғалардың , сынаулардың , кездейсоқ шамалардың тәуелсіздік ұғымы жатады . Сонымен бірге ықтималдылық теориясында шартты үлестіру , шартты матем . үміт , тағы басқа объектілер де зерттеледі . Ықтималдылық теориясы 17 ғ - дың орта кезінде пайда болды . Ықтималдылық теориясы 17 ғ - дың орта шенінде әйгілі ғалымдар Б . Паскаль ( 1623 - 62 ) мен П . Ферма ( 1601 - 65 ) , Х . Гюйгенс ( 1629 - 95 ) , Я . Бернулли ( 1654 - 1705 ) , Муавр ( 1667 - 1754 ) , Гаус ( 1777 - 1885 ) еңбектерінде пайда болып , әрі қарай дамыған . Қазір Лаплас ( 1812 ) пен Пуассон ( 1837 ) теоремаларының дәлелденуі осы кезеңге жатады ; ал А . Лежандр ( Франция , 1806 ) мен К . Гаусс ( 1808 ) ең кіші квадраттар тәсілін жетілдірді . Ықтималдылық теориясы тарихының үшінші кезеңі ( 19 ғ - дың 2 - жартысы ) негізінен орыс математиктері П . Л . Чебышев , А . М . Ляпунов және А . А . Марков ( үлкені ) есімдеріне байланысты . 19 ғ - дың 2 - жартысында Батыс Еуропада матем . статистика ( Белгияда А . Кетле , Англияда Ф . Гальтон ) мен статис . физика ( Австрияда Л . Больцман ) бойынша көптеген еңбектер жазылды . Бұл еңбектер ( Чебышев , Ляпунов және Марковтардың негізгі теор . еңбектерімен қатар ) ықтималдылық теориясы тарихының төртінші кезеңінде ықтималдылық теориясының шешілуге тиісті мәселелерінің аясын кеңейтті . Бұл кезеңде шет елде де ( Францияда Э . Борель , П . Леви , т . б . , Германияда Р . Мизес , АҚШ - та Н . Винер , т . б . , Швецияда Г . Крамер ) КСРО - да өте маңызды зерттеулер жүргізілді . Ықтималдылық теориясының жаңа кезеңі С . Н . Бернштейннің зерттеулерімен байланысты . Ресейде А . Я . Хинчин мен А . Н . Колмогоров ықтималдылық теориясының мәселелеріне нақты айнымалы функциялар теориясының тәсілдерін қолдана бастады . Кейінірек ( 30 - жылдары ) олар процестер теориясының негізін қалады . Қазақстан ғалымдары да ( І . Б . Бектаев , Б . С . Жаңбырбаев ) Ықтималдылық теориясы бойынша зерттеулер жүргізіп келеді .
- Фильмде Айдын есімді адамды өлді деп , оның денесін басқа бір өз ажалынан өлмеген адамның денесімен алмастырып қойған - мыс деген дерек келтірілген . Алайда менің қорғауымдағы азаматтарға қатысты қылмыстық іс 2011 жылдың 7 сәуірінде аяқталды . Онда мұндай дерек тіпті жоқ . Менің қорғауымдағы азаматтарға марқұм Айдын Тілеужановқа қатысты ешқандай айып тағылмаған » , - дейді адвокат Абзал Құспанов . - Сонда , « Ақиқат » « іздеушілер » көрерменді әдейі жаңылыстырып отыр ма ? !
Бірыңғай кедендік тариф шеңберінде Қазақстан 409 тауардың түрлерін өтпелі кезеңнің ішінде преференциалды режимде , яғни , 0 пайыз деңгейінде , кедендік бажды төлемей алып келе алады . Бұл тауарлардың тізімі дәрі - дәрмек , медициналық құрал - жабдық және химия , қағаз , және жиһаз шығаратын өндірістерге қолданылатын шикізаттар кіреді .
- Әй , осы байлардың жаны осыншама тәтті болатыны несі ? - деп сұрайды Мүңкір осы арада әңгімеге араласып .
Сол кезеңде Рахимжан ның шеберлігі мен іскерлігі инсти тут әкімшілігі мен өзі прорек тор болып , алып жүр ген ғылым бөлімі және қо ғам дық негізде атқарған пар тия ұйы мының және кәсіп одақ ко митеті жұмыстарының жүйелі жүруіне ықпалын ти гізді .
Марат : 23 Сәуір 2010 - 21 : 50 Азамат ! Сіз барлық оралманға тиіспеңіз ! Бекен Қайрат секілді оңбағанды өз жерлестері де айыптайтынын білем . Адам болған соң жексұрындар болады ғой . Олардың сөздері не , өздері кім ? Ол өзі елді бүлдіріп жүретін пасық біреу көрінген .
Ол 2008 жылдан бастап Атырау облыстық орман және аңшылық шаруашылығы аймақтық басқармасының бастығы , Атырау облысының Энергетика және коммуналдық шаруашылық басқармасының бастығы лауазымдарын атқарған .
- Иә . Бұл партия үшiн сотталдым да . Қазiр партияны таратып жiбердiк . « Ұйғырстан » Қазақстанның барлық заң талаптарына сай құрылды . Бiрақ Қытаймен Қазақстан достық қарым - қатынаста . Сондықтан бiр елде екiншi республиканың үкiметiне қарсы партия , ұйым құруға болмайды . Партия бiр жыл да жұмыс iстеген жоқ . Қазiр ұлттық татулық , бiрлiк туралы жастарға дәріс оқып жүрмiн . Өйткенi , қазiр ұйғырлардың көбi саясаттан қашып жүр .
Жасұлан Манап , Қостанай « Алаш айнасы » газеті 9 маусым 2009 жыл
Тазыны қазақтың аңшы иті ретінде әлемге таныту мақсатында әрі оны ұлттық бренд етіп бекіту үшін жанын салған азаматтардың атқарған істері аз емес . Мұны тазы жанашырларының бірі , ауыл шаруашылығы ғылымдары ның докторы , Павлодар мемлекеттік институтының кафедра меңгерушісі Тоқтар Бексейітовтің сөзінен ұғындық . Ол оқу бағдарлама сына " Иттану не гіздері " атты жаңа пән енгізіп , студент терге дәріс оқиды екен . Бұл - Қазақ стандағы алғашқы қадам .
Мәндер тізімі 10 000 аса мәннен тұруы мүмкін . Егер мәндер тізімі үлкен болса , жоғарыдағы ( Бәрін бөлектеу ) жанындағы құсбелгіні алып тастап , сүзу үшін мәндерді таңдаңыз .
« Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 10 жыл » мерейтойлық медалімен марапатталған .
Сондай - ақ , ең қолайлы реакторлық жағдайдағы іске қосылу автотрансформаторы , желіден тұтынатын токтың мәні аз кезінде , қайталама іске қосылудағы қозғалтқыштың жоғарғы моментіне ие болуы қажет .
- Оның бірден , бір жолы шетелге оқуға кеткен жастарды қадағалауға алу . Шетелдік университеттер мен Сыртқы істер министрлігінің арасында арнайы келіссөз жасалуы тиіс . Оған : « Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының ұсынысымен ғана қабылданады » деген бап енгізу керек . Сол жағдайда біз шетелдерге бұғанасы бекіп , қанаты қатаймаған балаларды жібермейміз . Әбден тәжірибеден өткен , өз медреселеріміздің түлектерін ғана жіберетін боламыз . Өзіміздің « Нұр - Мүбарак » университетін шетелдік университеттермен бәсекеге қабілетті деңгейге көтеруіміз керек . Ол үшін , біріншіден , ондай діни университеттерде оқу тегін болуы тиіс . Екіншіден , Египеттен Ханафи мәзһабын меңгерген беделді араб ұстаздарды көптеп тартуымыз қажет . Сосын оған тек діни медресені бітірген шәкірттерді ғана қабылдауымыз ләзім . Сол кезде университеттің деңгейі көтеріледі және шетелге бармай - ақ өз елімізде араб тілін толық меңгеріп , діни маман болып шығуға мүмкіндік жасаған боламыз . Діни медреселер мен университеттердің беделі артып , сауатты діни кадрлар көбейген сайын радикалды топтардың ықпалы өзінен - өзі азая береді . Бара - бара тіпті жойылады . Олардан құтылудың ең әуелгі жолы осындай діни ағартушылық жол болуы тиіс . Халықтың діни сауатын ашумен , ағартушылық жолмен ғана біз бұл күрделі мәселені шеше аламыз . Мұнымен қатар , әрине заң тарапынан да қатаң қадағалау қажет .
Құрылыс - монтаждау және жобалау жұмыстарымен айналысатын кәсiпорындардың материалдық - техникалық базасына талдау жүргiзу нәтижесiнде 253 кәсiпорынның лицензиясы қайтарылды . Бұл жұмыс алдағы уақытта да өз жалғасын табатын болады .
Ақтөбе облысының бірінші төреағалары болып 1936 жылға дейін М . Қожахметов , Жайлыбаев С . , 1953 жыл 16 наурызға дейін С . Жайлібаев , 1956 жылдың қазанына дейін М . К . акпанбетов табылды .
Ал енді Аллаға сыйыну және оған шын жүректен құлшылық ету іс жүзінде де көрініс беру үшін қолайлы іс - әрекетпен атқарылуы тиіс . Мәселен , Алланың алдындағы кішіпейілділік Сәждемен істелсе , Алланы ұлы деп санау және оған тағзым ету рукұғ және құрметтеу аяққа тік тұрумен көрсетіледі . Тазалық пен пәктік дәрет алу және ғұсыл құйынумен көрініс береді . Әрине жаратушы Иеге шын ықыласпен көңіл бөлу әр ғибадаттың рухы болып табылады . Сондықтан Құранның уәжіп сәждесінде Алланың ұлылығын тәніміз және жанымызбен түсінуіміз керек .
Сәуірде Ұлттық Банктің халықаралық резервтері ұлғайды . Бұл туралы бүгін баспасөз мәслихатында ҚР Ұлттық банкінің төрағасы Григорий Марченко мәлім етті .
Өйткені біздің ұлттық элита өкілдерінің басым көпшілігі Аллаға сәжде етіп ғибадат етсе де , бір кісіге бас ұра табынып , оның бұл пәнидегі салтанатын мәңгілік етуден ; Алланың жіберген қасиетті кітабын хақ екенін ауызбен айтсада , құлшылық қылатын тұлғаның « кітабын » ұлықтаудан ; пайғамбарлар секілді ерекше метафизикалық кереметтердің иесі етуден ; діни топтардың әр түрлі деңгейдегі диалогтары арқылы әзіздер мен әулиелер қатарына көтеруден ; қиялының шама - шарқы жеткенше оның есімімен жаңа дүниеге келген сәбилерді , университеттерді , саяси партияны , фирмаларды , қалаларды , ауылдарды , мекемелерді атап зікір етуден әзірге айығар емес .
Қалаға шоғырланудың кесірі мен зұлматын ақын « Кәрі бала » атты оксюморондық атауда жүрегі қан жылап жазады .
- Билікке бас ұрып , жағымпазданып өлең жазған ақын еш уақытта халықтың есінде қалған емес . Жамбылдың Сталин мен Ленинді , партияны мақтаған өлеңдерінің бірде біреуі іске алғысыз болып қалды . Бүгінгі таңда билік өзін мақтап өлең жазғандардың ғана жағдайын жасайды .
Аршат : Сайт жасауға пәлендей шығын кеткен жоқ , тек домен және хостингке ғана төледім . Ал уақыт тұрғысынан қарасақ жасау үшін 2 - 3 күн уақытым кетті , бірақ осы жобаны жүзеге асыру үшін көп уақытым кетті . 8 жыл бұрын ойлаған жобам еді , соны шын мәнінде жүзеге асырудың енді ғана сәті түсті . Бар мәселе менің еріншектігім және жұмыстан қол босамауынан деуге де болады . Ал қазір сайт ашылғаннан кейін күніне 1 сағат уақытымды осы сайтқа бөлудемін . Вордпресс алғашқыда жеке блог ашуға ыңғайлы жүйе болғанымен уақыт өте дами түсті , нәтижесінде жаңалықтар порталы істеу мүмкіндіктері бар . Read the full story »
Қ - дың шығу тегiне ежелгi жергiлiктi сақтардан кейiн ерекше негiз болған , әсiресе ғұндар , үйсiндер , қаңлылар . Ұзақ заманғы бұл этн . процесс б . з . б . жүз жылдың 1 - жартысынан басталып , б . з . 5 - 6 ғ - нда толық қалыптасып үлгердi . Қазақ халқының негiзiн құраған көп тайпалар 552 ж . Түрiк қағандығының құрамына кiрiп , чұмығұн , дай , ирки , чуре , чубан ( Шуманақ ) , дулу деген әр түрлi атпен белгiлi болды . 603 ж . құрылған Батыс Түрiк қағандығының этн . саяси негiзi " он тайпа " ( он оқ будун ) болды , олар Қаратау баурайынан Жоңғарияға дейiнгi аралықта жатқан ежелгi үйсiн жерiн жайлады . Шу өз - нiң шығыс жағында дулудың бес тайпасы , ал батыс жағында бес тайпалы нушебилер мекендедi . Оның орнына Түргеш қағандығы ( 704 - 756 ) , одан кейiн Қарлұқ қағандығы ( 756 - 940 ) орнап , жоғарыда аталған тайпаларға үстемдiк еттi . Бұл мемлекеттер дәуiрiнде отырықшылық бел алып , егiн ш . дамыды , қалалар өркендеп , сауда - саттық жанданды .
Бейбіт Жалелұлы , филология ғылымдарының кандидаты , доцент , Абай атындағы ҚазҰПУ « Әдебиеттану және тіл білімі » ҒЗИ - дың ғалым хатшысы
Қарадым сөйтіп далама , Жарты Айдың жарық көзімен . Айналған бітпес жараға Жарылыстарды сезінем .
75 жыл бұрын ( 1935 ) жазушы - сатирик , Қазақстанның құрметті журналисті , Халықаралық « Алаш » сыйлығының лауреаты ҚАБЫШҰЛЫ Ғаббас дүниеге келді .
2009 жылдың бірінші жартыжылдығында 164 өтініш түсті , ұқсас мерзіммен салыстырғанда 6 пайызға кем .
- Бұл - облыстық деңгейде жүзеге асырылып отырған үлкен шара . Соңғы жылдары облыс әкімі Елеусін Сағындықов жастарға ерекше қолдау көрсетіп жүр . Ел Тәуелсіздігінің 20 жылдығына орай « Қазақстанның болашағы үшін » патриоттық - азаматтық кең көлемді марафон - бастама аясында жүзеге асырылған мұндай шараның жастарға берер тәрбиелік мәні зор . Жастар тарапынан жасалған мұндай өнегелі істің әрмен қарай жалғасын табатынына сеніміміз мол , - деді Сырым Ізімғалиұлы .
Аталған Заң жеке және заңды тұлғалар қатысатын азаматтық , еңбек , отбасылық және өзге де құқық қатынастарынан , сондай - ақ онша ауыр емес және ауырлығы орташа қылмыстар туралы істер бойынша қылмыстық сот ісін жүргізу барысында қаралатын дауларды шешуге қолданылады . Сонымен қатар медиацияны ұйымдастыру саласындағы қоғамдық қатынастарды реттеп , жүргізу қағидаттары мен рәсімін , сондай - ақ медиатордың мәртебесін айқындайды .
Талапбектің есімін көргенде жыл басындағы бір іс ойыма орала кетті . Дүниежүзі қазақтары қауымдастығының « Атажұрт » баспа орталығындағы өз кеңсемде отыр едім , сыйлас іні болып жүрген Талапбек кірді . Анда - санда бірдеме жазатыны бар . Ағалап - жағалап жүреді . Жақында үйлену тойы болып , шамамызша жәрдем жасап , үй болуына үлесімізді қосқанбыз . Аман - сәлемнен соң : « Аға , сізде өзіңіз шығарған « Ер Жәнібек кітабының электрондық нұсқасы бар ма ? » деп сұрады . Мен : « Оны қайтесің ? » - дедім . « Өзім жұмыс атқарып отырған М . О . Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институтының ежелгі әдебиет бөлімі ескі жырларды жинай жүр деп тапсырып еді . Соған Ер Жәнібек жайында жазылған дастандардың бірін кіргізейін деп ойлап едім » , - деді жай ғана . Мен қуана келісіп : « ондай игілікке бермегенде қайтем » , - деп , « Ер Жәнібек » кітабының қатесі қаралған ең соңғы нұсқасын компьютерден шығарып , ол ұсынған дискіге жазып бердім .
Салтанатты қақпа Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың идея сы нан туған құнды жоба . Демек , ол қаланың кезекті бір нысан дары қатарынан орын алып қана қоймайды , Салтанатты қақпа - 20 жылдық мерзім ішінде беделді әрі тұрақты мемлекет ретінде әлемдік саясат сахнасынан орын алған жас елдің эмблемасына да айналмақ . Осы орайда , бұл ны санда ұлттық нақыш үлгілері көрініс тауып , ол жаңа заманауи архитектуралық шешімдермен ше бер шендестірілуі тиіс , деді Мемлекет басшысы .
Тарихтағы Әнет баба , " Елім - ай " трило гия сындағы Ошаған би және Ш . Уәлиханов жазып қалдырған аңыздағы Жаңатай батыр басындағы осы үш оқиғаны өзара сабақтас , байланысты пайымдағанда , халықтың дәс түрлі ұғым - түсініктерінің , дүниетанымы ның , ойлау , әрекет ету мәдениетінің кейбір маңызды , мәнді қырлары көзге түседі . Әнет бабаның босқан елдің жұртында жалғыз өзі қала бергендігі туралы көріністің халықтың дәстүрлі рухани дүниесі мен танымына , мә де ниетіне сай пайымдалуы аса маңызды десем , оның себебін екі түрлі жағдаймен тү сін діруге болады . Оның бірі - қартайған би дің көшке еріп жүруге әл - қуатының жоқ ты ғы . Екіншісі - бидің өз сүйегінің туған жер топырағында қалуын мақұл көрген ішкі және соңғы тілегі . С . Сматаевтың трилогия сын да Ошаған бидің көшкен ауылдың жұр тын дағы төбе басында қалуының сыртқы емес , ішкі себеп - негізі , кейіпкердің қартай ған шағында кәрі сүйегін саудыратып бей та ныс жерге тасымай , өз жерінде , кіндік қаны тамған туған топырағында қалдыруға бекіген берік тілегі көрсетіледі . Мұның өзі шы ғарманың болмыс - бітіміне , кейіпкердің мінезіне айрықша мәнді , маңызды ұлттық рең дарытатын үлкен суреткерлік шешім еді . Қаламгер , осылайша құбылыстың , оқиға ның көзге көрінбейтін , жасырын , бүркеулі ма ғы на сын іздеп табады , сөйтіп тарихи дәуірдің , ұлттық тарихи сананың қайта лан бас дара лығын саралап ашып көрсетеді . Мұндай айрықша көркемдік шешім танымы бай , талғамы биік тамаша таланттан ғана тумақ .
Ең маңыздысы - сабырлы болып , үрейсіз әрекет ету . Бірақ жылдам қозғалуыңыз қажет . Ретсіз іс қимыл жасамағаныңыз жөн , өйткені осыдан үрей туындайды . Балалар мен егде адамдардың қамын ойлаңыз ( олардың кейбіреулері жылжуда қиыншылықтарға тап болуы мүмкін ) .
Аралас қоздырғышты генератордың сыртқы сипаттамасы параллеь және тізбектей қоздыру орамаларының ток шамасына байланысты .
Т . Әбдірахманованың еңбек жолы 1941 жылдан басталады . Ұлы Отан соғысы жылдарында мұғалім , мектеп директоры , Абай , Аякөз аудандық комсомол комитеттерінде бірінші хатшы , Шар аудандық партия комитетінде бөлім меңгерушісі болған .
Павлодар облысындағы әуе бомбасының жарылуы кезінде зардап шеккендердің жағдайы өте ауыр 99
Ол өзін қоршаған адамдардың тәуелдігіне түсіп қалады . Оған жақын ер адамдардың , арнайы қызметтің , оны ниетінің бұзықтығы үшін жазалау түрінде , күң ретінде өзіне әкелуін тапсырған диктатор Ниязовтың тәуелдігіне түседі . Оппозиционерлер де , құқық қорғаушылар да өз дегендеріне қол жеткізу үшін оны пайдалануға тырысады . Бірақ нәтижесінде , менің кейіпкерім оның үстінен үстемдігін жүргізгендердің барлығына қарағанда еркіндеу болып шығады . Айтпақшы , бұл жерде өздерін еркіндіктің туымыз деп жүрген батыс миссионерлері де құр қалмады .
Баспасөз мәслихатында Ел басы , " Нұр Отан " ХДП Төрағасы Нұр сұл тан Назар баев бұл әлеуметтік кесел мен белсенді күресу қажет тігін ұдайы айтып , тап сырма беріп келе жатқаны атап көрсетілді . " Сондық тан жемқор лықпен күрес пар тия мыздың негізгі бағыт тарының бірі деп айтуға болады . Осы мақсатта " Нұр Отанның " бастамасымен көптеген шаралар ұйымдас ты ры лып , бүгінгі күні олар өз нәтиже лерін беріп отыр . Әрине , жемқор лықпен кү рес бір адамның , бір ме кеменің жұмысы емес . Бұл ін детпен халық болып , қоғам болып күресуіміз керек " , деді Н . Нығматулин .
Агенттік Басқармасының сақтандыру ( қайта сақтандыру ) ұйымының ірі қатысушы мәртебесін иеленуге келісім беру ( келісім беруден бас тарту ) туралы қаулысы .
Ғ . Мүсірепов , Қ . Мұхамеджанов , О . Бөкеев сияқты драматургтердің спектакльдерінде басты рольдерді сомдаған дарынды актриса 1992 жылы Қазақстан Республикасы Мәдениет министрлігінде еңбек еткен .
Осындай жолдардың түрлі - түрлісімен жасалып жатқан лаңкестік әрекеттерді Ислам дініне жауып , оны « террористтік дін » етіп көрсету - оған жасалған тарихта бұрын - соңды болмаған ауыр қиянат . Терроризмнің діні , ұлты болмайды . Жапонияның Токио қаласындағы метрода бірқатар адамның өліміне себеп болған « Аум Сенрике » сектасының жасаған лаңкестік әрекетін ешкім « Будда терроризмі » деген жоқ қой . 2000 - 2004 жылдар аралығында болған Испанияның Мадрид қаласында орын алған бірнеше лаңкестік әрекеттерді « Христиан терроризмі » деп тірі жан айыптаған жоқ . Ендеше , мұсылманның атын жамылған кейбір лаңшыл адамдардың жасаған террорлық әрекеттері неге бейбітшілікті уағыздайтын Ислам дініне жабылуы тиіс ? Бұл тек күн санап көркейіп , өсіп келе жатқан дінімізге жаны қас дұшпандардың жапқан жаласы мен жаққан күйесі ғана .
Қызықты еді - ау , уақыт деген балдай жастық кезінің , Сол заманда бұлақ еді қайрат пенен төзімім . Жастық деген жалын екен « махаббаты мол жылдар » . Сұлу көрсем тершіп маңдай … Сел болатын сезімім .
Елімізде « Дипломмен ауылға » аталатын жоба іске асуда . Бұл жобаның басты мақсаты мамандардың ауылдық елді мекендерге барып , қызмет етуін ынталандыру . Осы ынталандыру шаралары барысында олардың бір реттік ақы , жалақысына үстемақы , жеңілдетілген несие алу ( 0 , 01 % ) мүмкіндігі қарастырылған . Осы ынталандыру шаралары туралы ақпаратты қарап отырып , мына бір жағдаятты байқадым . Бұл жағдайда жеке тұлғалар , пайызсыз несие ала алмайды екен . Енді осы жағдайды ашып көрейік . Read more of this post
Жүніс қажы Рақиұлы БҰЛҰТАЙ ( 1922 - ) Анкара / Түркия АЗ ҒАНА ЖЫР СӨЙЛЕЙІН ! Аз ғана жыр сөйлейін , Сексенге келдім селкілдеп , Көзімнен жас мөлтілдеп , Бір Алладан тілегім : « Аман - сау жүріп өлсем » , - деп , Екі тізем бастырмай , Әрең жүрмін еңкеңдеп , Бұған да шүкір айтамын , Жүре алмай қалсам , қайтем деп , Алланың қуатында жүреміз ғой , Ажал келсе бір күні , өлеміз ғой , Иман айтып Аллаға , өліп кетсек , Мұратқа сонда жетеміз ғой , Қабірдің азабынан аман болсақ , Сираттың көпірінен өтеміз ғой , Тумақ сүннет болғанда , өлмек парыз , Үмітпенен қауіптің арасында , Алладан иман тілеп , берем арыз , Қабірде Мүңкір , Нәңкір сұрақ алса , Раббым Алла , Пайғамбарым Мұхаммед , Дінім Ислам , Кітабым Құран деп , Тіліміз осыларға келіп қалса , Адамның зүрриятынан , Ибраһимнің мілләтінен , Мұхаммедтің үмбетінен , Иман айтып , өліп кетсек , Үмітім бар - Алланың « жаннатынан » , Бұл дүниеде байлық пенен кедейлік , Жақсылық пен жамандық , Жастық пенен кәрілік , Бәрін де көріп өткіздік . Екі қатын алдым , Тоғыз балам болды , 5 қыз , 4 ұл . Бәрін де үйлендірдім , Үйде ешкім қалмай , тәмәм болды . Алтай аулынан Анкараға келіп , Екі қабатты үй салдым . Сегіз қыз ұзатып , екі келін алдым . Тіршіліктен қолым тимей , Зейнетақы ала алмай , босқа қалдым . 1991 жылы туған жер , туыстарды көрейін деп , Үрімжі , Шонжы , Мори , Баркөл бардым . Қырық сегіз қой жеп , Жетпіс күн жүріп , қайтып келдім , Туыстардың сәлемін айтып келдім . 1992 жылы әйелім Әніш екеуміз қажылыққа бардық , Қағбаға тәуап қылып , зәмзәмға қандым . Арафат , Мұздалифа , Минаға барып , құрбан шалдым . Үш шайтанға тас атып , өшімді алдым . Мединеге барып , Рауза Мұтаһар , Пайғамбардың қабырына дұға оқып , Көзімнен жас шығарып , қайран қалдым . Қырық намазды оқып , Хамзаның шәһидтік қабіріне , Мешіт Құба , Мешіт Құбылатайын , Мешіт Жұма - жеті мешіт , Бұлардың бәрін көріп , риза - қош боп қалдым . 1993 жылы Ашқабат , Ташкент , Алматы бардым . Талдықорған , Қарағанды , Баянауыл , Қарабұлақта болдым , Монғолиядан келген Жұматай атамызды көріп , Әбден жақсы болып қалдым . 1998 жылы Мұртаза баламның үйіне барып , Алты айдан астам тұрып , Қонаевтың туған жері Бақанас , Нұрсұлтанның туған жері Шамалған , Жамбыл атаның қорғанын көрдім . Ұзынағашқа бардым . Жамбылда Айша бибінің қорғанын көрдім . Шымкенттен шығып , Түркістанға бардым . Арыстан бап , Гауһар ана , Қожа Ахмет Яссауи , Сахаба Хакашаға зиярат қылдым . 1999 жылы және Алматы барып , Алты ай тұрдым . Орталық мешіт , Тастақ мешіт , Ұйғыр мешіт , Ақсай мешіт , Мысыр мешіт , Бұларды көріп , намаз оқыдым . Көлсай көлі , Қапшағай көлі , Медеу сайы , Алмаарасан сайы , Алатау мен Жетісу , Жап - жасыл орман , Сарқырап аққан су , Түрлі - түсті бәйшешек , Табиғатқа қарасаң , Тамашалап отырсаң , Қайта кеткің келмейді . Атамекен жер көрдім , Туыс - туған ел көрдім , Алматыны аралап , Лағман мен бесбармақ , Ел берген соң жей бердім , Аман болсын халқымыз , Домбыраңды тарта бер , Ата дәстүр салтымыз , Арақ ішпе , қымыз іш , Денеңе келер сонда күш , Қайсыбірін айтамын , Анкараға қайтамын , Жасым келді сексенге , Үйге барып жатамын , Жатқанменен болмайды , Білгенімді айтамын , Батамды берем Қазағым : « Еш болмасын азабың , Сілкінген жерден , Аққан селден , Соққан желден , Жанған өрттен , Аллаһ Тағала халқымызды Аман сақтасын ! » Аумин ! 1999 ж . Анкара / Түркия
Ерлан Қарин : Соңғы екі жылда менде балбал тасқа деген әуестенушілік пайда болды . Балбалға неге қызыққанымды көп адамдар сұрайды . Мен бұған кәсіби тарихшы немесе археолог ретінде ден қойған жоқпын . Бұл тақырып турасында белгілі ғалымдар : Зейнолла Самашев , Қаржаубай Сартқожаұлы , Айман Досымбетовалар құнды еңбектер жазып , көптеген шәкірттер тәрбилеп жатыр . Ал мен балбал тастарды бейнетаспаға , фотоға түсіріп жүргеніммен оның түпкі төркініне жауап бере алмаймын . Мені Моңғолияға баруға жетелеген - мына бір аңызға бергісіз оқиға . Баян - Өлгейге барған Мұхтар Мағауин түннің бір уағында балбал тастарды құшақтап еңіреп жылапты . Ұрпағың азып барады , тұрыңдаршы деп балбалдарға тіл қатып жаңбырлы түннің астында өксіген көрінеді . Міне , осы бір әңгіме маған ерекше әсер етті . Мұндай көңіл - күйді мен де сезінгім келді . Көбінде біздер өзге елдің құндылықтарына сүйсінетін әдетіміз бар ғой . ЕРЛАН ҚАРИННІҢ бұл айтқаны маған да қатты әсер қалдырды ! Балбал көруге баратын шығармын . . .
Өлеңдері . Соғыстың алдында Қасым " Өз елім " , " Дауыл " , " Нар тәуекел " , " Талғар " тәрізді әдемі лирикалық өлеңдер жазды . Бұл өлеңдердің кейіпкері - өз елін , туған даласының табиғатын шексіз сүйген , " көк дауылдай кеуделі жігіт " болып өскен қайратты замандасы . Өмірге көзін ашпай жатып , " жетімдік тағдыр " желкелеген балдырғанды өз тәрбиесіне алған Отанын ақын ерекше сезіммен жырлайды :
Ең алдымен Институтта үш бағыт болу керек . Біріншіден , ол тіл саясаты мен қазақ жазу графикасын зерттеп тиақты ғылыми ұсыныс беру . Соңғы жиырма жылда қазақ тілі мемлекеттік тіл бола тұра тек де - юре мемлекеттік тіл болды . Ал мемлекеттік тіл тілді де - факто мемлекеттік статусына сай қылу қосымша зерттеу керек етеді . Үш тұғырлы тіл саясаты тақырыбы түбегейлі зерттеу қажет етеді . Қазақ тілін қалай өркендетеміз деген оймен қалың бұқара қазақтың ағылшын тілдік дүниежүзілік коммуникация ағымына қосу маңызды . Ағылшын тілі - алпауыт тіл ретінде бүгінгі күні Қазақстан мектебінде және жоғары оқу орындарында неміс пен француз тілдерін толық тықсырды . Енді аз уақыттың ішінде екінші тіл ретінде орыс тілінің орнын жаулап алмақ . Сонда Қазақстанның тіл приоритеті : алдымен мемлекеттік тіл - қазақ тілі , екінші тіл орнында ағылшын тілінің жұлдызы жанбақ . Орыс тілі белгілі коммуникативтік функцияларын сақтауы әбден мүмкін . Қазақ мемлекеті орыс пен ағылшын тілдерінің еркін конкуренциясына жағдай туғызуы жөн . Англосаксон әлемі мен орыс әлемі мен геосаясаты Қазақстан мемлекеті кеңістігінде өз тілдері мен руханият құндылықтарын орнықтыру үшін масс - медия мен коммуникацияда бақталасып көрсін . Қазақстанға керегі тіл дивесификациясы . Бізге ешбір бөгде тілге толық байланбай өзімізге керек болса ағылшынша , керек болса орысша , әйтпесе қытайша сөйлейтін , бірақ төл тілімізге берік қазақ зиялысы өтімді болуы заңды . Тек ағылшын тілінің дүниежүзілік тіл ретінде танымдылығы бар , орыс тілі , мәселенки , тек локалды тілдердің бірі , қытай , жапон , португал , араб , испан , неміс , француз , суахили , хинди , урду тілдерімен қатар . Латыншаға көшіргісі келетіндер мен көшкісі келмейтіндердің аргументтерін ғылыми жүйеге келтіріп , мәселенің геосаяси және руханияттық астарын терең қарастырып тиянақты шешім айтатын кез келді . Екінші бағыт - қазақ мәдениетін Қазақстанда төл ұлт мәдениеті , егеменді ел мәдениеті ретінде негізгі объект пен субъект ретінде мойындап заңды доминация беру . Дүние жүзінде мультикультурализм концепциясы абырой таппай жеңілген тұста қазақ мәдениеті Қазақстандағы аз этностар мәдениетінің біріктіруші және интегративті мәдениет ретінде таныту . Қазақ мәдениеті қазақ ұлтының рухани азығы бола тұра жаhандану заманыда жүздеген аз этностарды да сусындырады . Үшінші бағыт - діни төзімділік пен ұлттық діни руханиятты сақтау мен дамыту . Діни экстремизм мен араби - парсы - пушту исламизміне қарсы тұру оңай түспес , оған терең зерттеулер өзек болуы керек . Ғылыми зерттеулер төл руханиятымыздан , төл масхабымыздан тұрақ іздегені дұрыс .
Наша школа в энциклопедии " Лучшие люди Казахстана " : Смотреть
Кәмшат , бәрін әділ айтып отырсыз . Орекеңдер өз жерінде ешқашан басқа біреудің шашбауын көтермесі айдан анық . Маған әсіресе ұнағаны біздің қазақтардың саяси астарлары . Ұтымды бере білді деп ойлаймын .
Ел арасындағы « Смағұл өлімін естігенде Мағжанның айтқаны » деген өлеңде ( қайраткердің жолдасы Омар Сансызбайұлынан қарағандылық Шалқарбек Кәрібаев жазып алған ) мынандай бір үзік бар :
Краткая информация : Шоқан Уалихановтың ағартушылық идеялары . ( 1835 - 1865 ) Шоқан Уалиханов - ұлы ағартушы - демократ , қазақтың ғұлама ғалымы , шығыстанушы , тарихшы , этнограф , фольклорист Шоқан Шыңғысұлы Уалиханов қазақ мәдениеті мен әдебиетінің тарихында ерекше орын алады . Аса дарынды қазақ халқының ғалымы және ағартушының өмірі мен қызметі ерекше таң қалдырады . Өзінің қысқа өмірінің ішінде ғылым саласында орасан зор табыстары сол кездегі өзінің орыс достары мен жолдастарын , орыс ғалымдарын таң қалдырды . ХІХ ғасырда біздің отандық ғылым үшін Ш . Уалихановтың мәні ерекше белгілі болғандығы туралы академик Н . И . Веселовский былай деп жазды : « … Шоқан Уалиханов шығыстану әлемінің үстінен құйрықты жұлдыздай жарқ ете қалды . Орыстың Шығысты зерттеуші ғалымдарының бәрі де ерекше бір құбылыс деп танып , одан түрік халықтарының дағдыры туралы ұлы және маңызды жаңалықтар ашуды күткен еді . Бірақ Шоқанның мезгілсіз өлімі біздің бұл үмітімізді үзіп кетті » . Бұл Шоқанға берілген жоғары баға болып табылады . Белгілі ғалым және саяхатшы П . П . Семенов - Тян - Шанский Уалихановты « ұлттық аймақтардың ішінде ең оқыған , білімді адамдардың бірі еді » деп бағалаған болатынды .
Патша үкіметінің Жайық бойында мал жаюға тыйым салынған үкімі жарық көрген жыл : 1742 ЖЫЛЫҚАЗАН
Жедел жұмыстың топтамалық қайталатын элементтері , сондай - ақ дайындау - қорытынды жұмыстарының немесе жұмыс орнына қызмет көрсету жөніндегі жұмыстардың элементтері зерттелетін бақылау түрі хронометраж деп аталады .
- Бүгінгі парадты Астана күніне арнадық . Еліміздегі әр отбасы бақытты болсын . Көше бойлай спорттық шаралар да ұйымдастырылды . Бүлдіршіндер өнерлерін көрсетіп , жеңістерін мерекеге арнап жатты . Мерекеде әркім барын көрсетуге тырысып бағуда . Әсіресе , 1932 жылы зауыттан шыққан БМВ автокөлігіне қызығушылық ерекше . Ретрокөліктерді айналшықтаған тұрғындар қатары қалың . 1949 жылғы « Победа » да еріксіз көз кідірткізеді . 20 - шы ғасырдың алғашқы жартысында шыққан автокөліктер сонау Астанаға да әлі талай рет барып келе алады . Ұйымдастырушылар шалғайға тілек жеткізудің де жолдарын қарастырыпты . Азаматтық альянс өкілдері мереке күндері тұрғындардың жақындарын , достарын мерекемен құттықтауларына мүмкіндік жасады . Мереке күндері 2000 - нан аса ашық хат таратылмақшы . Жібек Еспенбетова осы мүмкіндікті пайдаланағандардың бірі . Жібек Еспенбетова :
Минскіде « Н . Назарбаев және Қазақстанның жасампаздығы » атты кітаптың тұсаукесері өтті 145
Ақтөбе политехникалық колледжі оқу - әдістемелік кабинетінің меңгерушісі Жанат Қожаниязованың айтуынша , бұл еліміздің 2008 - 2012 жылдарға арналған техникалық және кәсіптік білім беруді дамытудың мемлекеттік бағдарламасын , сондай - ақ 2011 - 2020 жылдарға арналған Қазақстан Республикасының білім беруді дамытудың мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру аясында өтіп отырған шара .
Ақмола , Оңтүстік Қазақстан , Қостанай , Солтүстік Қазақстан , Қарағанды , Шығыс Қазақстан және күндіз Павлодар облыстарының кей аумақтарында желдің екпіні 15 - 22 м / с - қа дейін күшейеді деп күтілуде .
1 жыл бұрын ( 2010 ) Елбасы Шымкентте « Азия Керамик » ЖШС - нің керамогранит зауытын ашты . Бұл - үдемелі индустриялық - инновациялық даму бағдарламасының жобаларының бірі .
Осы Заң тірі өзгертілген организмдер мен генетикалық түрлендірілген объектілерді жасау , сынау , тұйықталған жүйелерде және / немесе ашық жүйелерде пайдалану , қоршаған ортаға шығару , трансшекаралық орнын ауыстыру , кәдеге жарату және жою кезінде туындайтын қоғамдық қатынастарды реттейді .
Ардагер ағаға қол беріп қош тастық . Бірақ ол қолымызды уысы нан босатпай тұрып :
Осы аптаның басында Таулы қырат мешітіне намаз оқуға барғанымызда біздерге осындай бір - бір кітаптан сыйлады . Бір адамға бір ғана кітап беріледі екен . Бұның алдында Құран кітабын да үлестірген . Құрбан айтта " Құрбандыққа " байланысты шағын кітапшалар таратты . Сосын аракідік " Ислам және өркениет " газетін де тегін үлестіреді . Соңғы кітап тегін . Сатуға болмайды екен . Маған бәрінен де ішінде дискісі қоса болғаны ұнады . Соңғы кезде " Көкжиек " баспасы осындай дүниелерді жақсы қолға алып жүр . Кітап сапалы қағазға басылып шыққан , әрі дизайны да ұнады . Ішінде жай ғана намаз қалай оқитыны турасында құрғақ деректер ғана емес , сонымен қатар ғұсыл , дәрет , намазға қатысты қосымша сұрақтарға да жауап берілген . Намаз қалай оқитынын , дәрет қалай алатынын бейнелейтін суреттер бар . Дискісі де жақсы . Ішін ашқанда бірнеше кішкентай терезе қатар шығады . Сосын ер балалардың және қыз баланың қалай намаз оқу керектігі тәптіштеліп түсіндіріледі . Ер бала мен қыз баланың үстіндегі киімдері де қазақы нақышта тігілген . Аллаһ ризалығы үшін жасалған екені көрініп тұр . Бұл кітап пен дискіні жасаған адамға да , оның ішіндегі пайдалы мәліметті игілігіне жаратқан адамдарға да Аллаһ разы болсын !
№ 11 Семияр сайлау округінің депутаты . Әбішева Райхан Әрмияқызы Семей облысы , Бесқарағай ауданы , Семияр ауылында туды . 1981 жылы Семияр орта мектебін бітіре салысымен « Қаламқас » комсомол жастар бригадасына шопан болып жұмыс істеді . 1982 жылы Н - Крупская атындағы Семей педагогикалық институтының филология факультетіне оқуға түседі осы аталған оқу орнын 1988 жылы бітіреді . 1988 жылдан бастап Семияр орта мектебінде мұғалім , 1994 жылдан мектеп директорының оқу ісі жұмысының орынбасары , 2005 жылдан казіргі кезге дейін Семияр орта мектебінің директоры . Сайлау бағдарламасы
14 наурызда Қазақстандық баспасөз клубында « Қазақ және мажар халықтарының тарихи және мәдени байланыстары - тәжірибелер мен проблемалар » тақырыбына арналған баспасөз мәслихаты болады .
Өзінің зардабы жағынан жоңғарлардың « Ақтабан шұбырындыдан » кем түспейтін шабуылы қай жылдары болды ? 1741 - 1742 ЖЫЛ
Наурыз 29 , 2011 жіберуші Байназаров Талғат 6 пікір
Шардара аудан көлеміндегі бірнеше мектептерде « Кері тартпа діни ағымдар мен Суицид ( өз - өзіне қол жұмсаудың ) алдын алу мақсатында мектеп жоғарғы сынып оқушыларымен кездесулер өтті . Құдіреті күшті Алла Тағала қасиетті Құранда : « Өз … Толығырақ »
Кешенді сақтау қағидатына мемлекеттік басқару органдарының жұртшылықпен және мемлекеттік емес сектормен серіктестік қарым - қатынастарды дамытуда бастамашы , қадағалаушы және үйлестіруші функциялары да енеді . Мәдени мұраны барлық қолжетімді ресурстарды пайдалана отырып сақтау ісіне деген ведомствоаралық көзқарасты да қолдау қажет . Сақтау міндетін тек орталық атқарушы органдар ғана емес , жергілікті атқарушы билік органдары да шешуге тиіс .
Ақтөбе . 21 сәуір . ҚазТАГ - Ақтөбе облысында дәрі - дәрмек жеткізуге қатысты жағдай тұрақтандырылды , деп мәлім етті медициналық және фармацевтикалық қызметті бақылау жөніндегі облыстық департаменттің бастығы Рахымжан Арыстан .
Еңбек ардагері , еңбегі сіңген қоғамдық қайраткер Е . Көшербаевты еске алуға арналған 1993 - 94 ж . т . туылған жасөспірімдер арасында грек - рим күресінен республикалық турнир
Жоғары ендіктегі анизотропияны өлшеу желісі , ғарыштық сәулелердің қысқа мерзімді оқиғаларымен байланысты . Ол энергетикалық бөлшектер мен Форбуш эффектісі . Егер станциялар шамамен бір ендікте орналасса , олардың қарқындылығы бойынша табалдырығы бір - біріне жақын , ал олардың санау жылдамдығының профилі бойынша , кез келген айырмашылығы , келген бірінші ретті ғарыштық сәулелердің бағытына байланысты . Бұның айқын көрінісі ретінде 20 қантар 2005 жылғы бақылаулар нәтижесін айтуға болады . Онда екі бірдей НМ қаттылдық табалдырығы бойынша айырмашылығы шамалы болған . Бастапқы шың « Teррe Aдeлие » , станциясында әлдеқайда көбірек , « Keргуелеп исланд » станциясына қарағанда , өйткені осы спецификалық оқиға кезінде , бірінші ретті ғарыштық бөлшектер жер магнитосферасына оңтүстіктен кірген , ол болса планетааралық ғарыштық өрістін ерекше бағдары .
Үстіміздегі жылдың 14 - мамыр күні Алматы қаласындағы Студенттер сарайында есімі әлемге әйгілі айтулы ақын М . Шахановтың шығармашылық кеші өтті . Кеште тек М . Шахановтың әндері ғана орындалды . Сағат 15 . 00 - де және кешкі 19 . 00 - де екі рет өткен шығармашылық кешке қатысқан көрермендер сарайда ине шаншар орын қалдырмады . Сахнада бой көрсеткен ақынды халық орындарынан тік тұрып қарсы алды . Мұндай жәйт кеш барысында бірнеше рет қайталанды . Көпшілікті әсіресе экран арқылы көрсетілген « Желтоқсанның асықпаған ақиқаты » атты деректі фильмнен берілген үзінділер тәнті етті . Онда М . Шахановтың азаматтық болмысы жан - жақты көрініс тапқан . Сондай - ақ жеті жасар жас талант Жамбыл атты бала ақынға берген М . Шахановтың ақтілек батасы да көпшілікті бір серпілтіп тастады . Халық кештен рухани қуат алып шықты .
Оңтүстік Қазақстан облысы Сайрам аудандық прокуратурасымен Қазақстан Республикасының « Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы » Заңының қолданылу заңдылығына тексеру жүргізілді
Көріп тұрып , үндемеуге дәтіңіз шыдамайды . Себебі , олар қазір түнді былай қойып , күндіздің өзінде көше бойында , аялдамаларда тұратынды шығарды . Ер жеткен ұлдарымызға да құрық салып , оларды да азғырып , тұзаққа түсіруден тайынбайтын болды . Ал , көзі қарауытқан еркексымақтар ұры иттей сумаңдап , көше бойында немесе аялдамада қол көтеріп , такси тосып тұрған бойжеткен қыздарымызға « жұмыс істейсің бе ? » деп сұрақты төтесінен қояды . Көзіміздің ағы мен қарасындай болған ұл - қызымыздың намысына тиетін осындай оқиғалар күн өткен сайын жиілеп барады . Анадай жерде қыздарды қорғап , қарауылдап тұрған тепсе темір үзетін , соқталдай - соқталдай « сутенерлерді » көргенде , оларға « бұларың не ? » деп айтпақ тұрмақ бірдеме деп ауыз ашуға қаймығасың . Қазақ менталитетіне , мұсылмандық қағидаларға , ұлттық болмысымызға , салтымызға , дәстүрімізге қаншалықты жат құбылыс десек те , мұртын балта шаппайтын « интим бизнестің » тұтқасын « кім ұстап отыр екен ? » деп ойлайсың да қоясың . Қаншама « адам тән саудасын жөнге саламыз деп белін буып , білегін түріп кіріскенімен , жеме - жемге келгенде әлі келмейтін әлдекімнен бұғып қалатын сияқты болып көрінеді маған . Бәрін де ішіміз сезгенімен қолдан келер шара жоқ . Оның үстіне ұсталмаған ұры емес . Ол дөкейлер оларға қарындасымыз , қызымыз деп қарамайтынына қынжыласың . Кірістің көзіне , лас істің өзіне айналған өрімдей қыздардың айтуға ауыз бармайтын « қызметіне » малданып күн көріп жүргендерге « Неге қатаң шара қолданбайды ? » деген сұрақ мазалай береді . Біреуді кінәлап , сыртынан ғайбат айтқан да күнә . Бірақ « жел соқпаса , шөптің басы қимылдамайтыны » сияқты , халық айтса , қалт айтпайтыны белгілі . Оның үстіне күнде көріп жүргендіктен « тән саудасы » белгілі бір жүйеге негізделгенін байқау қиын емес . Олардың бойында да , санасында да ар мен ұяттың сынықтай сүйемі қалмаған болар . « Қайтсек клиенттің көзіне түсеміз , қайтсек ішіп қаламыз ? » деп құрақ ұшқан қыздарға бәрінен де қымбат ар емес , ақша . Олардың осы тірлігін , жүрісін көріп , сұлулық атаулыдан түңілесің , жиіркенесің . Сондықтан да қоғамдық ортаға қауіп төндірмейтін , ашықтан - ашық « тән саудасына » жол бермейтін , мүмкіндігінше , оңтайландырылған өркениетті формасына көшкеніміз жөн шығар . Қаншама жезөкшелер ұстайтын жасырын үйлер де бар екенін білгендер де ауыз ашпайды . Көптеген қыздар сол үй иелерінің құлақ кесті құлына айналып , қорлық пен зорлықтың неше түрін бастан кешіріп , амалсыз айтқандарына көніп , көбісі еріксіз « тән саудасымен » айналысып жүр . Құқық қорғау органдарының тұрақты бақылауында , құзырлы орындардың үнемі назарында , дәрігерлердің қадағалауында болатын арнайы әзірленген , белгілі бір ережелерге бағынатын үйлерді ашам деушілерге рұқсат беріп , олардың қызметін заңдастыратын уақыт жетті . Бұл мұсылмандыққа , салт - дәстүрімізге жат болуы әбден мүмкін . Бірақ біз өмірдің шындығымен санасуымыз керек . Оның үстіне бұл іске өздерінің қалауымен баратындықтан оларды құқық қорғау органдары жауапқа да тарта алмайды . Бұл олардың жеке шаруасы , оған қол сұғуға ешкімнің құқы жоқ . Көше бойында « тәнін саудалап » тұрғандарды батыс үлгідегі үйлерге тарту арқылы реттемесе , тыйым салар ешкім табылмайды . Аталған « кәсіппен » шұғылданатын жандардың азаматтық құқықтары қорғалса , олардың арасында орын алған әр түрлі жыныстық аурулардың басқаларға жұғу мүмкіндігі жойылар ма , еді ? Ағаттық па , осы ? Ұлтымыздың арына дақ , дінімізге жат , салтымызға жараспайтын әбден жауыр болған , жанға батқан « дертті » айтпай , жасырып қойсақ , ертең кері келіп жүрмей ме .
Құрманғазы ауданында қазірде 28 орта , 1 орта білім беретін мектеп - жатақхана , 5 негізгі , 3 бастауыш , 1 сырттай оқыту мектебі , 13 балабақша және қосымша білім беретін 2 өнер мектебі мен 1 оқушылар үйі бар . Сонымен қатар аудан орталығында облыстық мекеме болып табылатын педагогикалық - психологиялық түзету кабинеті мен спорт мектебі жұмыс жасайды . Аудандық білім беру бөлімінің меңгерушісі Болатбек Шуриннің айтуы бойынша аудан бойынша 37 мектептің 36 - сында 56 мектепалды дайындық тобы ұйымдастырылып , оған 780 бала қамтылған және 6 балабақшада 7 мектепалды дайындық тобы ұйымдасқан . Оларда 140 тәрбиеленуші бар , яғни ауданда мектепалды дайындықпен 920 бала қамтылып отыр . Ауданда мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту қызметіне халықтың сұранысы жылдан - жылға артып келетіні анық . Осы бағытта ауданға қарасты 16 округте 19 балабақша жұмыс жасап , онда 1039 бүлдіршін тәрбиеленуде . « Айжан » және « Айбөбек » балабақшаларының күрделі жөндеуіне 34 миллион 680 мың теңге қаражат бөлінді . Ал балабақшасы жоқ елді мекендерде бұл қызметті жүзеге асыруда 7 мектептің жанынан балалар толық және жарты күн болатын 12 шағын топтары жұмысын жүргізіп келеді . Онда 235 бала тәрбиеленуде . 2009 - 2010 жылдың қорытындысына сай мектеп жасына дейінгі балалардың қамтылуы 45 , 5 пайыз құрап , өткен жылмен салыстырғанда 3 , 7 пайызға өсіп отыр . Қазіргі таңда ауданда 1464 бала балабақшамен қамтылмаған . Мемлекеттік « Балапан » бағдарламасын жүзеге асыру мақсатында Сафон , Кудряшов және Дәшін селолық округтерінде балабақшалар ашу жоспарланып отыр . Оған республикалық бюджеттен 6 миллион 330 мың теңге бөлінді және бес мектептен шағын орталықтар ашу үшін 9 миллион 580 мың теңге қаралған . Аталған 5 шағын орталық қыркүйектен бастап жұмыс жасаса , балабақшалар қазан - қараша айларында өз бүлдіршіндерін қабылдайды деп жоспарлануда . Бірқатар балабақшаның материалдық базасының өте төмендігі де алаңдатып келеді . Кей балабақшаның құрал - жабдықтары мен жұмсақ және қатты мүліктерінің ауыстыратын уақыты жеткен . Бұл жұмысқа көмек көрсету мақсатында аудан мекемелері , жеке кәсіпкерлер , демеушілердің көмектері өте төмен . Өткен жылдың қорытындысымен аудан бойынша 37 мектепте 10462 оқушы білім алды . Олардың қатарында 1362 - сі озаттар болса , 3452 - сі оқу екпінділерін сараптай келе , ауданның білім сапасы 46 , 1 пайызды құрады . Бұл өткен жылмен салыстырғанда 1 , 8 пайызға артқандығын көрсетеді . Білім сапасының тұрақтылығы мен өсуі білім ошақтарының материалдық базасының жақсаруына тікелей байланысты . Аудандағы 37 мектептің 25 - і , ал 19 балабақшаның 9 - ы жаңа типтік үлгіде ыңғайластырылған . Биылғы жылы Сафон селолық округіндегі Энгельс орта мектебінің жаңа ғимараты және « Жол картасы » бағдарламасымен Ақкөл орта мектебіне 59 миллион 457 мың теңгеге күрделі жөндеу жұмыстары жүргізіліп , шәкірттерін күтуде . Оқушы білімінің сапалы болуы мұғалімнің біліктілігіне , оның жұмысты ұйымдастыру сапасына байланысты . Ауданның білім беру ұйымдарында 1761 педагог жұмыс істейді , олардың ішінде жоғары білімдісі - 1401 , аяқталмаған жоғары білімдісі - 59 болса , 293 - і арнаулы орта білімді . Қазіргі таңда Сүйіндік , Үштаған сынды шалғай ауылдар мектептерінде физика , химия сынды техникалық пәндерді жүргізуге маман кадрлары жетіспейді , ал қолдарына диплом алып келген жас мамандар бұл жақтарға барудан бас тартады не болмаса пәтермен тегін қамтамасыз ету мәселесін шешуді сұрайды . Міне , осы мәселе аудандық білім беру бөлімі қызметкерлерін алаңдатып отыр . Аудан бойынша ҰБТ - ға 28 мектеп қатысып , 872 мектеп бітірушілердің 672 - сі тестіге қатысу тілектерін білдірген болатын . Тест қорытындысы бойынша аудан көрсеткіші 73 , 1 ұпай болып , өткен жылмен салыстырғанда 11 , 6 ұпайға өсіп отыр . Жақсы көрсеткіштерге жеткен Абай , Ломоносов , Еңбекші , Ақкөл , Бегалиев , Крупская мектептерін ерекше атап кетуге тұрарлықтай . 22 « Алтын белгіге » үміткер түлектердің 12 - і , « Үздік аттестатқа » ие 3 үміткердің 1 - уі ғана өзі көздеген дәрежесіне жетсе , қалғандары ақтай алмай шықты . Ал 8 үміткерге « Алтын белгі » атағына қол жеткізуде 1 балл ғана тағдырларын шешіп кетті . Өкінішке орай , биылғы шығарылымның арасында « 2 » алғандар саны да көбейіп , 52 - ге жетіп отыр . Соның 37 - сі математика пәнінен түскен . Бұл , оқушылардың осы пәнге деген білімдерінің нашарлығын көрсетеді . ҰБТ қорытындысымен Құрманғазы ауданы облыс бойынша соңғы орынға ілігіп отыр . Осы мәселеге аудан әкімі Аманжан Тәкешев баса назар аударды . Кеңес соңында бала тәрбиелеуде үздік жетістіктерге ие болған мектептер мен ұстаздар , сондай - ақ , мектепке дейінгі мекемелер мен олардың қызметкерлері марапатталды .
а ) жеке адамдардан куәгерлiк жауаптар немесе өтiнiштер алу ;
Татарстанские « татары » , если вы отдадите на растерзание Эльмиру , то далее админитрацию нашей газеты просим слово « татары РТ » писать толька в ковычках .
• Іздеу шарттарын анықтау және тапсырыс бойынша жинақтар жөніндегі ақпаратты картотека , каталогтар , тізімдер түрінде алуға ;
2007 жылдан 2009 жылдың мамыр айы аралығында Қарағанды облысының прокуроры қызметін атқарды .
Оңт . Қазақстан облыстарының климатын зерттеуде Түркiстан метеорол . ин - ты елеулi үлес қосты . Түркiстан ( 1924 ) және Қазақстанның ( 1925 ) климаттық жағдайлары туралы еңбектер жарық көрдi . Республика аумағын климаттық аудандастыру алғашқы қадамы [ 1927 ж . шыққан М . Д . Пономарев пен В . Н . Барсуктың " Климатический очерк Казахстана " ( " Қазақстанның климаттық очеркi " ) еңбегi ] жасалды .
Кеше , кеңседе жалғыз болдым . Бухгалтерия мен бастықтар жеке отырады . Телефонға жауап бересің - дым қиындығы жоқ . Бір клиент кеп шу шығарды … Өзі қазақша сөйлейді екен . Жерден алып , жерге тықты . Менеджерге хабарласам , бәрі дайын екен , кеп алып кетуі ғана қалыпты . " Уф ! " деп үлгермедім , клиент тауарын алып кетуге келді . " Құжаттарын дайындамаймын " деп бухгалтерша қыз қырсықпайды ма … Ана клиент одан сайын қызарып , дауысы жер жарып , кеңсені басына көтерді . Менеджерге телефонмен айғалайлап жатқанда бухгалтерша қыз ыспокойно кете берді . Амал который , соңына дейін тыңдадым . " Ертең дайындап қоямыз " деп біз қалдық , " енді сендерге келмеймін " деп ол кетті .
Саяси реформалардың жалпыұлттық бағдарламасының талқылануын үйлестіруді Демократияландыру және азаматтық қоғам мәселелері жөніндегі ұлттық комиссияға жүктеймін . Бұл комиссия осы Жолдауда өзім баяндаған саяси бастамалар негізінде :
Қазақстан Республикасының « Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне норма шығармашылық қызметті жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы » N 425 - IV Заңы шықты
1 ) Парламентке кезектi және кезектен тыс сайлау тағайындайды ;
Ілмек : алқаш пұдболшылар , байғұс Хиддинк , Оршавен , Ресей құрамасының әшкереленуі
1 жыл бұрын ( 2009 ) Л . Н . Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде Райерсон университетінің Роджер байланыс орталығының бас директоры ( Канада , Торонто қаласы ) доктор Майкл Дж . Мерфимен кездесу болды . Доктор Мерфи « Телевизия мен радионың мәдениетке әсері » және « АҚШ пен Канаданың спутниктік радиосы : мәдени тәуелсіздікке ықпалы » деген тақырыптарда дәріс оқып , студенттер мен оқытушылардың сұрақтарына жауап берді . Northern Telecom ( Nortel ) - сандық жүйесін , мультиплекс , мобильді телефон және интегралды сандық қызмет желісі стратегиясын жүзеге асырушы профессордың дәрісі оқытушылар мен студенттер тарапынан үлкен қызығушылық тудырды . Кездесу соңында ЕҰУ журналистика кафедрасының меңгерушісі Қайрат Сақ профессор Мерфидің Райерсон университетімен әріптестік байланыс орнату туралы ұсынысын қолдады . Профессор Мерфи Канадада сандық аудио және бейне техниканың негіздері және коммуникациялық байланыс технологиялары курсы бойынша дәріс оқиды . Роджер байланыс орталығы « Канаданың сандық мәдениет орталығы » немесе радио , телевизия , журналистика және компьютер ғылымдары орталығы ретінде танымал . Оның қызметкерлері жаңа БАҚ - тарды зерттеуде белсенділік танытуда .
421 қоршаған ортаға эмиссияларға рұқсат беріліп , 34 өтінім материалдары қайтарылды . 26 кәсіпорынның қоршаған ортаға эмиссияларға рұқсат алу үшін тапсырылған өтінім материалдары қаралуда .
2011ж . 08 . 07 Ерейментау қ . тұр . , жұмыс істемейітін 1962 ж . т . В . азаматы Ерейментау қ . тұр . , 1954 ж . т . С . бутигінен киім заттар мен сөмкенін ашық түрде тонағаны ашылды . Зиян сомасы 10 000 теңге . Дәлел заттар тәркіленді . Кінәсін мойындады .
Жаңа елорда тарихындағы ірі дерек Президент Нұрсұлтан Назарбаев 2001 жылғы көктемде бекіткен2005 жылғы дейінгі кезеңге арналған « Астананың гүлденуі - Қазақстанның гүлденуі » Мемлекеттік бағдарламасы болып табылады . Оның негізгі мақсаты еліміздің бас қаласын дамытып қана қоймай , мультипликативтік тиімділік есебінен барлық республикада өнеркәсіптік және құрылыс секторларындағы өндіріс көлемін ұлғайту , өңіраралық интеграциялық байланысты кеңейту болды .
Қаламыздағы 50 жыл тарихы бар білім ордасы - № 3 орта мектеп биылғы жылы күрделі жөндеуден өтіп , жаңа келбетке ие болмақ . Бұл жұмыс үшін қалалық бюджеттен 46 миллион теңге бөлінген . Тендерді ұтып алған қарағандылық « Секторстрой » компаниясы 30 мамырдан бастап қызу жұмысқа кірісіп кетті . ( далее … )
Бірақ алғашқы сынға біздің лайықты төтеп бере алғанымыз - еңсемізді тік ұстап , иілмегеніміз бүгін - ақ айқын . Барлық қиындықтарға қарамастан біз бейберекетсіздік пен жөнсіздік шыңырауынан шыға білдік .
2 . Транскаспий жүйесі / жобасы ( ТКЖ ) , оған кіретіндер : Каспий теңізінің қазақстандық жағалауындағы мұнай құю терминалы ; мұнай тасымалдауға және көмекші операцияларға арналған танкерлер мен кемелер ; Каспий теңізінің әзірбайжандық жағалауындағы мұнай ағызу терминалы ; Баку - Тбилиси - Джейхан жүйесімен қосу құрылыстары .
Қасымжомарттың әкесі Кемел Тоқаев - өмiр қиындығын көріп , соғыс ауыртпалығын белшеден тартқан тұлға еді . Ағайындарынан ерте айырылып , қашан да қайғы - қасіреттің ортасында жүргендіктен шығар , қолына қалам алып ақиқат пен адалдықты насихаттады . Қазақ әдебиетіндегі детектив жанрын жандандырды . Осындай әкенің тағылымын алған Қасымжомарттың ұлтына өгей болып кетпегені түсінікті , әрине . Бұл - Тоқаевтың сәтті тұсы .
Түлектер мектеппен қош айтысар салтанатты кешке дайындалуда . Әсіресе , қыздар қауымы өмірлеріндегі аса маңызды шараға үлкен жауапкершілікпен қамдануда . Кештің басты сәні - көйлек алу арманы ойдағыдай орындалды . Енді шаш пен бетті әдемілеу ісінің соңғы үтір - нүктесі қойылуда .
Қарағанды облысының Ақтоғай ауданында туған . Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетін бітірген . 1934 - 1951 жылдары - Абай атындағы Қазақ педагогикалық институтының ассистенті , аға оқытушысы , деканы , директордың орынбасары , доценті , математиккалық талдау кафедрасының меңгерушісі . 1945 - 1965 жылдары - Қазақстан Ғылым академиясы Математика және механика секторының аға ғылыми қызметкері , меңгерушісі . 1965 - 1989 жылдары - Қазақстан Ғылым академиясының Математика және механика институты директорының орынбасары , зертхана меңгерушісі , бөлім меңгерушісі . 1970 - 1985 жылдары - Қазақстан Ғылым академиясы физика - математика ғылымдары бөлімшесі академик - хатшысының міндетін атқарушы , академик - хатшы қызметтерін атқарған .
« Әуелі саясат , экономика сосын ғана » деген қасаң қағидатты қасқиып ұстанатын заман келмеске кетті . Ақпараттық тасқын басталды деп жүргенімізде , заман ағымы тұтасымен көз ілеспес жылдамдықпен өзгеріп сала берді . Күллі әлемге ортақ ұлы өзгерістердің ішінде қаржылық жүйе , экономика саласы да бар . Қазақ елі біртұтас мемлекет боп құрылғалы бері , бір емес , салқыны үш қайталап сезілген ғаламдық қаржы дағдарысы ( Кеңес одағының ыдырауы тұсында отандық экономиканың тоқырауы , Оңтүстік - Шығыс Азия дағдарысы және дүние жүзіндегі барлық елдердің дамуына тікелей әсер еткен жуырдағы жаһандық дағдарыс - Авт . ) саясатты экономика емес , экономиканың саясатты билейтіндігін көрсетті . Қалай десек те , кез - келген ел үшін экономика бәрінен маңызды . Сол елдің одан әрі дами түсуі үшін , әріптес мемлекетпен келісім жасар алдында қай басшы да әуелі елі үшін экономикалық тиімділікті санамалап алып барып қана , саяси іс - қимылға көшетін болды . Мұның бәрін текке тізіп отырғанымыз жоқ . Жуырда ғана әлемнің сексен елінен үш мыңнан астам өкілдің қатысуымен Астанада өткен халықаралық экономикалық форумның басты мақсаты - ғаламдық экономикада қатталып қалған проблемаларды заманауи тетіктермен шешудің жолын табу , аузы дуалы сарапшылар дабыл қағып отырған күллі әлемге ортақ қаржы дағдарысының қайта айналып соғуының алдын алу , ең құрығанда оның салдарын азайту - тұғын . Форум мақсатына жетті ме , жетпеді ме , ол туралы бірдеңе дей қою қиындау әзірге . Өйткені , бұл уақыт өте келе көрінетін нәтиже . Біздің айтпағымыз Президент Нұрсұлтан Назарбаев көтерген мәселе . Дұрысы , Президент көтерген мәселенің мәнісіне үңілу . Халықаралық қауымдастық алдында әлемдік экономикалық дағдарыстың жаһанға берген сабақтарын максималды тұрғыда объективтілікпен және жан - жақты талдау қажеттігіне ерекше тоқталған Мемлекет басшысы бүтін әлемге ортақ мәнді әңгіме айтты . « Дағдарыстың басты сабағы - экономикалық саясатта теңгерімсіздіктерге жол бермеу . Осы ретте ауыр болса да бақылаусыз бетімен кеткен қаржы рыноктарын төтенше бақылауда ұстаудың маңызы мен пайдасы зор . Реттелмеген қаржы секторына үйлестірілген ашық капитал - бұл баяу жарылатын бомбамен тең . Ол бұған дейін де бір рет жарылды , әлі де талай жарылуы мүмкін » деген Президент мұны дағдарыстың бірінші сабағы деп түсіндірді . Президент айтқан дағдарыстың екінші сабағы , дамушы елдер үшін индустриялық және инновациялық саясаттың маңызының артуы болды . Үшінші сабақ - жеткілікті дәрежедегі әлеуметтік саясаттың қажет екендігіне түсініктің артқандығымен ерекшеленеді . « Соңғы кездері әлеуметтік саясаттың рөлі негізсіз төмендетілді . Араб елдерінде , соның ішінде дамыған бірқатар елдердегі соңғы оқиғалар халықтың әлеуметтік жағдайын тұрақты назарда ұстаудың өткірлігін көрсетіп берді . Өкінішке қарай , нарықтық күштер жұмыспен және азық - түлікпен , әлеуметтік қорғаумен және тұрақтылықпен қамтамасыз етудің сайма - сай міндеттерін барлық жерде бірдей шеше алған жоқ . Осының салдарынан дамыған және дамушы экономикалардың арасында айырмашылық ұлғайып , сауда даулары , валюталық кикілжіңдер , мемлекеттік қарыздар көбейіп , жұмыссыздар мен аз қамтылған халық саны өсті . Әлемде бірінші рет бүтіндей мемлекеттердің банкроттық жағдайға тап болуы пайда болды » деген Президент сөзінің астарында , ендігі міндет дағдарыс сабағынан нәтиже шығарып , экономикалық қыспақтан қиналмай өтудің жаңа моделін жасау керек деген емеуріннің жатқаны анық . Форум барысында Нобель сыйлығының иегерлерінен бастап , әр елден келген өкілдер өздерінше ой айтқан болды . Сол кезде Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың макроэкономикалық саясат , қаржылық реттеу , тиімді валюталық жүйе енгізу туралы ұсыныстары бір біздің ғана емес , халықаралық сарапшылар назарын аударған еді . « Астанада өткен халықаралық экономикалық форум барысында Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев үш мәселені көтерді . Макроэкономикалық саясатты үйлестіру , жаһандық нарықты шикізаттан қаржылық реттеу және тиімді валюталық - қаржылық жүйе енгізу . Әлемге ортақ бірың - ғай валюта енгізу сарапшылар айтып отырған қаржы дағдарысын айналып өтуге қаншалықты әсер етеді ? Президент Назарбаевтың бірыңғай валюта құру мәселесін көтеруінің мәнісі неде ? » деген төңіректе экономикалық тақырыптарда салиқалы ой , нақты ұсыныстарымен көрініп жүрген Қазақстанның Ұлттық банкі мемлекеттік мекемесінің Атырау филиалының директоры Қозыбақ Әбуұлы Құлбарақовпен ой бөліскен едік . Макроэкономикалық саясатты үйлестіру , жаһандық нарықты шикізаттан қаржылық реттеу және тиімді валюталық - қаржылық жүйе енгізу бір - бірімен тығыз байланысты мәселелер екендігін айтқан ол , « түсініктілеу болу үшін валюта - қаржылық қатынастар тарихынан деректер берейік . Бірінші дүниежүзілік валюта жүйесі алтын монеталық стандартқа негізделген еді және 1867 жылы Парижде алдыңғы қатарлы елдердің конференциясында мемлекетаралық келісіммен заңды рәсімделген . Бірінші дүниежүзілік соғыстан кейін 1922 жылы Генуядағы халықаралық экономикалық конференция келісімімен мақұлданған - екінші дүниежүзілік валюта жүйесінің құрылуымен аяқталды . Біріккен Ұлттар Ұйымының Бреттон - Вудстағы 1944 жылы болған валюталық қаржылық конференциясында дүниежүзілік сауданы , валюталық , несиелік және қаржылық қатынастарды ұйымдастырудың ережелері бекітіліп , үшінші валюталық жүйе дүниеге келді . Алпысыншы жылдардың аяғынан бастап , Бреттон - Вудс валюталық жүйе дағдарысқа ұшырады . Оны 1976 жылғы қаңтардағы Халықаралық валюталық қорға мүше елдердің Кингстондағы келісімі бекіткен төртінші әлемдік валюталық жүйе алмастырды . Оның негізгі ерекшеліктері : алтын - девиз стандарты орнына арнайы алу құқығы ( СДР ) стандарты енгізілуінде және жеке елдерге кез - келген валюталық бағам режимін таңдау құқығы берілуінде болды . Бүгінде әлемде пайдаланылып келе жатқан резервтік валюталардың бірде - бірі тауарлар мен қызметтердің шынайы құнын нақты бағалай да , өлшей де алмайды . Дүниежүзілік валюта - доллардың өзі ақаулы , оны Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев бейнелі түрде « дефектал » деп атаған . Соңғы жүз жылда доллар он еседен астамға құнсызданған . Бұл үрдіс соңғы жылдары үдей түсті . Мысалы , АҚШ - та инфляция деңгейі 2008 жылы бес пайызға жетіп , соңғы он жеті жылдың ең үлкен деңгейі болды . Әлемдік валюта - қаржы қатынастарын долларландырудың келеңсіз факторлары қаржы дағдарысы барысында айрықша көрінді . Жаһандану жағдайында мұның өзі американдық ақша бірлігінің рөлін әлемдік резервтік валюта , жалпыға ортақ балама ретінде сақтауға ұмтылыс пен жаңа ойыншылардың пайда болуы - еуро , иена , юань , рубльдің арасындағы қарама - қайшылыққа соқтырды . Жаһандық дағдарыстан шығудың мәні осынау өздерін әлдеқашан түгесіп болған әлемдік валюталардан жаңа саладағы жаңа қаржы құралдарына көшу болып отыр . Әлемдік жаңа қаржы құралының бірнеше нұсқалары ұсынылуда . Бірақ , олардың қай - қайсысының да өзіне тән кемшіліктері бар . Ел Президенті Нұрсұлтан Назарбаев ескі валюталардың орнын басуға келетін өңірлік және әлемдік қаржы құралдарының жаңа санатының мынадай жеті өлшемді қамту қажеттігін атап көрсетті : Біріншіден , бұл - ескі , заңға дейінгі неме ¬ се тіпті заңсыз әлемдік резервтік валютаға қарағанда жаңа заңды әлемдік валюта болады . Екіншіден , бұл - бүкіл адам ¬ заттың мүддесі үшін жаңа демократиялық эмиссиялық орталық эмитациялайтын жаңа демократиялық валюта болады . Үшіншіден , бұл - жалған құнды ескі иллюзиялық бағалауға қарағанда шынайы құнды нақты өлшеудің құралы . Төртіншіден , бұл ¬ - бақылаусыз қор ¬ ланудың ескі құралдарына қарағанда пай ¬ да өндірісін бақылаудың жаңа қаржылық құралы . Бесіншіден , бұл - өзімшілдікке , дүниеқорлыққа және ашкөздікке қызмет ететін бәсекелестікпен пайда табудың емес , елдердің , халықтардың , әлем мен адамзаттың біртұтас ұзақ мерзімді даму мақсаттарына қызмет ететін бәсекелестік пен пайда табудың тұтас , мүдделес , жаңа қаржылық құралы . Алтыншыдан , бұл - барлық арқаулық дәстүрлі құндылықтарды қирататын құн ¬ дылықтардан тыс бәсекелестік пен пайда табу емес , елдердің , халықтардың , әлем мен адамзаттың дамуының ортақ құнды ¬ лық ¬ тарын нығайта түсетін мақсатқа ба ¬ ғыт ¬ талған бәсекелестік пен пайда табудың жаңа қаржылық құралы . Жетіншіден , бұл - мән - мағынасыз дүние жиюшылық пен тұтынушылықтың ескірген құралдарына қарсы тұратын , ел ¬ дер мен халықтардың , әлем мен адамзат ¬ тың дамуының асқақ мұраттарына толы пайымдалған пайда табудың , бәсеке ¬ лестік пен дамудың жаңа қаржылық құралы . Нақты экономиканың проблемаларын терең түсінетін Елбасы жаһандық экономиканы біртұтас валютаға көшіру үшін қажетті тұтас ұсыныстар шоғырын назарға салған . Мұндағы сындарлы ұсыныстар қатарында оның жұмыс істеуіне қажетті құқықтық базаны құру , тиісті эмиссиялық орталықтардың , тиімді жұмыс істейтін әлемдік қаржы жүйесіне басқа да қажетті элементтер қалыптастыру бар . Бұл ретте Нұрсұлтан Назарбаев орынды түрде жинақталған бүкіләлемдік тәжірибені барынша пайдалану , мәселені шешуге Біріккен Ұлттар Ұйымы , Халықаралық валюта қоры , Бүкілдүниежүзілік сауда ұйымы және басқа құрылымдарды тарту қажет деп біледі . Нұрсұлтан Назарбаевтың ұсыныстары әлемдік үрдістің арнасында болып отыр . Олардың айырмашылығы бұл ұсыныстардың практикалық тұрғыда қойылуы болып табылады » деді . « Бүгінде әлем экономиканы қайта жаңғыртуға ерекше мән беріп жатыр . Сіздің көзқарасыңызда , басталып кеткен ел экономикасын модернизациялауды қай салада алдымен қолға алған жөн ? » деген сауалымызға Қозыбақ Әбуұлының жауабы қысқа болды . « Ел экономикасын модернизациялау басталып кеткен процесс . Оның ішінде экономика салаларын әртараптандыру шаралары қаржылық дағдарыс кездерінде де күн тәртібінен түскен жоқ . Модернизациялау процесі экономиканың барлық саласына да қажет . Бірақ , ең негізгі бағыт - ел экономикасының шикізат өндірісіне тәуелсіздігіне және индустриалдық - инновациялық өрлеуге , азық - түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етуге және еңбек өнімділігін еселеп өсіруге қол жеткізу » . Америка долларының ықпалын әлсірету мақсатында аймақтық валюта ретінде халықаралық қаржы нарығында өмірге келген еуроның құны күн санап құбылып тұр . « Доллар әлемдік валюта болып қалыптасқан тұста мұның ақыры неге әкеліп соғатынын аңғармаған АҚШ одан қазір құтылғысы келген күнде де , оны қалай залалсыз жүзеге асыруға болатынын білмейді . Өйткені , доллардың бұл артықшылығы жоғалатын болса , онда қазір төрткүл дүниенің түкпір - түкпіріне тарап кеткен төрт жүз триллионнан ( ! ) аса « көк қағазды » тұтынатын Азия мен Америкадағы небір дамыған экономикалардың бәрі бірдей залал шегіп , ұзақ уақыт естерін жия алмайтындай дәрежеде есеңгіреп қалатыны сөзсіз » деген жанды пікір . Екінші жағынан , әлем Назарбаев ұсынып отырған ұлттық валюталардан жоғары тұратын бірыңғай валютаны ертерек қабылдамаса , қаржылық қиындықтар күн санап қыртыстанып , жаһандық экономика жазылмас дертке шалдығудың аз - ақ алдында тұр . Оның үстіне , әлемдік қоғамдастықтың жаңа ғасырдың жаңа онжылдығына қадам басқандығын , қазіргі процестердің дүние дамуының жаңа қарсаңында тұрғандығын ескерсек , қазақ мемлекеті басшысының бастамасы - шұғыл шешілуі тиіс ғаламдық мәселе .
Шын , адал дос айна сияқты мөлдір болуы керек . Айна адамның бет - бейнесі қандай болса , сол күйінде көрсетеді . Дос та сол сияқты шындықты бүкпей , ашық айтуы керек . Жақсыны жақсы , жаманды жаман деуі керек . Қиыншылықта қасыңнан табылуы керек .
Хатиже Сұлтан сарайына келетін болсақ . Сұлтан 3 - ші Мұстафаның қызы , Сұлтан 3 - ші Селимнің қарындасы Хатиже сұлтан тұрмысқа шыққан соң , немере ағасы Сұлтан 1 - ші Абдулхамит Ортакөй мен Куручешме арасында Дефтердар мүйісіндегі мекенді жиеніне берді . Осындағы Нешетабад жағалау сарайының жөнделуі мен қосымша бөлімдер салуы неміс сәулетші Меллингке берілді . Меллинг пен Хатиже сұлтан арасында бір байланыс , қатынас бар еді . Тәуелсіз өмір сүруді ұнататын Хатиже сұлтан үшін Меллинг осы жағалау сарайын салды , бахшасын реттеді . Айырықша Сұлтан Селим үшін бір кішігірім сарай , анасы үшін гарем ғимаратын салды . Осында батыс сәулеті мен дәстүрлі азаматтық сәулеттің түрі мен әшекейлерін көреміз . Меллинг Хатиже сұлтанның киімдерін де жобалап , сарайдың суретін де салған еді .
Фильм жайында : Аспергер синдромымен ауратын Ризван Кхан Америкаға шешесі қайтыс болған соң , өзінің інісінің қасына тұруға келеді . Басында інісінің қасында косметика сатушысы болып жұмыс жасайды . Дүкендерге тауарларын ұсынып жүрген кезде шаштаразда жұмыс жасайтын қызға ғашық болады . Екеуі үйленіп балдары Сэммен бірге бақытты күн кешеді . 2001 жылдың 11 қаңтарында Америкада болған террористік жағдай американдықтардың мұсылмандарға деген көзқарасын өзгертеді . Мұсылман дінін ұстанған Ризван Кхан жанұясын халық шеттете бастайды . Жоғарғы сынып оқушылары балдарын өлтірген соң әйелі Ризван Кханмен ұрысып қалуы , екеуінің айырылысуына әкеп соқтырады . Өзінің торрерист емес екендігін дәлелдегісі келген Ризван Кхан АҚШ президентімен кездескісі келеді . Президентпен кездескісі келген оның басынан бірнеше оқиғалар өтеді .
1 ) Егер он сегiз жасқа толғанға дейiн мүгедек болып қалса , он сегiз жасқа толмаған және осы жастан асқан балалары ( оның iшiнде асырап алған балалары , өгей ұлдары мен өгей қыздары ) , аға - iнiлерi , апа - сiңлiлерi және немерелерi есептеледi , бұл орайда аға - iнiлерi , апа - сiңлiлерi және немерелерi - егер олардың еңбекке жарамды ата - аналары болмаса , өгей ұлдары мен қыздары - егер олар ата - аналарынан алимент алмайтын болса есептеледi . Асыраушысынан айрылу жағдайы бойынша жәрдемақы алуға құқығы бар кәмелетке толмағандар бұл құқықты өздерiн асырап алған кезде де сақтайды ;
2010 жылғы 1 шілдеден бастап ішкі кедендік шекараларда кедендік ресімдеу , ал 2011 жылғы 1 шілдеге дейін кедендік бақылау жойылады . Осылайша , әкімшілік кедергілерді жою және біздің елдер арасында тауарлардың еркін қозғалысын қамтамасыз ету арқылы кеден одағының сыйымдылығы шамамен 165 млн . адам болатын ішкі нарығы бар бірыңғай кедендік аумағы құрылады .
Белесем тауынан әрi қарай Қарашық тауын iргелей отырып , Қыдырбердi әулиеге келдiк . Оң жағында қарауытып Қарамая тауы көрiнедi . Алда атақты Қараған Босаға . Босаға десе - Босаға . Сонау тiлiм - тiлiм болып , бiр - бiрiмен жалғаса жатқан аңғарлардың көптiгінен болса керек , Ебелектiң елу аңғары деп атайды . Шығысқа қарай шығып жатқан Бесқаланың жолы .
үлгердім бе ? блогосферада бәсекелестік деген сұмдық , иә ? ! Тіпті , алдын орау да бар … : )
4 ) ұйым таратылған немесе жұмыс берушінің қызметі тоқтатылған , қыз мет керлердің штат саны қысқартылған немесе қызметкер әскери қызметке ша қы рыл ған жағдайларда еңбек шарты бұзылған кезде Қазақстан Рес пуб ликасының заңнамасында белгіленген мөлшерлерде төленетін өтемдер ;
" Астана - Арландары " мен " Лос - Анжелес - Матадорлары " арасындағы алғашқы бәсеке сәуірдің 8 немесе 9 күні Астанада өтеді . Аталмыш серия аясындағы жекелей чемпионтқа тоқталсақ , ақтық сынға жолдама алған он боксшының ішінде біздің Қанат Әбутәліпов пен Ержан Мүсәпіров бар . Лондон олимпиадасының жолдамалары сарапқа түсетін жеке сындағы бәсекелер мамырдың 27 - 28 күндері Қытайдың Гуянг қаласында өтеді . 54 келіде бақ сынап жүрген Қанат француз Нордин Оубаалимен , ал 61 келідегі мықтымыз Ержан қытай боксшысы Жимин Вангпен қолғап түйістіреді . Бір өкініштісі , жеті кездесудің тек бірінде жеңілген Бейжің олимпиадасының чемпионы Бақыт Сәрсекбаевқа бұл тізімнен орын тимепті . Бірақ әлі де үміттіміз . Олимпиониктің жеке чемпионатқа қатысты мәселесі сәуірдің 4 - 5 күндері белгілі болмақ .
Ол ауыл шаруашылығы малдарынан ауру жұқтырғанда өкпе туберкулезінің даму ерекшеліктерін зерттеген . Оның диагностикасы мен емдеу тәсілдерін медицина тәжірибесіне енгізген .
- Оншалықты жақсылық хабар айтатындай емес , естігісі келмеген соң :
30 тамыз күні елімізде Ата Заңымыз - Конституцияның қабылданғанына 15 жыл толуына орай үлкен мерекелік шаралар ұйымдастырылуда . Өйткені , мұны ұлы мереке десек , қателеспейміз . Осыдан 15 жыл бұрын , яғни 1995 жылы 30 тамызда өткен рес пуб ликалық референдумда бүкіл ха лықтың дауыс беруімен Қазақ стан Республикасының қолданыс тағы Конституциясы қабылданды . Онда референдумға қатысқан ха лықтың 90 пайызы Ата Заңымыз дың қабылдануын жақтап дауыс берген [ . . . ]
Ерте заманнан құндылығы төмен монета ақшаларды соғу ( салмағы мен металлдың сапасы жағынан ) , алтын монеталарды қырнап жонып алу , күміс монеталарды мыспен алмастыру , яғни тауар айналысын құнсыз ақшалармен толтыру сияқты әрекеттер тарихта белгілі . ұғымдар . Инфляцияны кредиттік ақшаның « сырқаты » ден айтуға болады . Ерте заманда ( алтын монетамен сауда - саттық кезінде ) инфляция өте сирек кездесетін құбылыс болған ( тосын жағдайларда , мысалға , соғыс кезінде немесе жоғарыда айтылғандай құндылығы төмен ақша айналымға түскен жағдайда ) , яғни бағалар ұзақ уақыт тұрақтылығын сақтаған .
- Әбілмәмбет хан : « Әбілқайырға орыс патшасының жәрдемі жоқ » дейді . Сөйтіп менің жұртым алдында абыройымды түсіруде . Ал өзі Барақпен , басқа да сұлтандармен бірігіп , Жоңғар қонтайшысының жағына шықпақ . Аманат та бермек . Тек менен қауіптеніп мұндай іске бармай жүр . Біле білсеңіз , Әбілмәмбет хан , Абылай , Барақ сұлтандар Россия патшалығына қарсы .
Оқыту тiлi , бейiндiк оқытудың бағыттары бойынша оқулықтар мен ОӘК әзiрлеп , сараптамадан өткiзу және алдағы 2009 - 2018 оқу жылына арналған кезеңiнде бiлiм беру процесiнде пайдалануға ұсынылған оқулықтар мен ОӘК тiзбесiн анықтау
d . Солай жалғастыра берсек , ең соңында қалған цифр сөз жоқ бірге бөліну керек .
Зайсан қазаншұңқырынан оңт - ке қарай созылып жатқан тауларда [ Сауыр , Тарбағатай , Жетiсу ( Жоңғар ) Алатауы ] марал , елiк , арқар , сiбiр таутекесi , қоңыр аю , сiлеусiн , барыс , ұзынқұйрық саршұнақ мекендейдi . Жетiсу ( Жоңғар ) , Iле Алатауы мен Талас Алатауында көкшiл суырдың орнына қызыл суыр және өте сирек кездесетiн Мензбир суыры жерсiндiрiле бастады . Қазақстанның оңт . - шығыс тауларында жыртқыш құстардан қозықұмай , тазқара , бүркiт тiршiлiк етедi .
1942 жылдың 22 мамырында 17 - 18 жас аралығындағы жүз жиырма алты қыз эшелонға отырып , Қызылорда қаласынан батысқа қарай жол тартты . Солардың қатарында Рәзия Сыздықова мен оның құрбысы Қалзия Асанова да бар еді . Еріктілер әртүрлі әскери бөлімдерге жіберілді . Рәзия - Тамбов облысындағы парашютшілер дайындайтын алты айлық курсқа жіберілді . Оны үш айда үздік бағамен бітіріп шықты . 1942 жылдың желтоқсанында авиация полкінің құрамында тұңғыш рет ұрысқа қатысты . Рәзия әскери тапсырмалардың қандайын болсын абыроймен орындап , кейін Брянск , екінші Прибалтика және Ленинград майдандарында батыл әрекеттерімен майдандас достарының алғысына бөленді .
Сан ғасырдан бері тып - тыныш , бейбіт өмірді насихаттап келген асыл дінімізді соңғы жыл дарда лаңкестік , экс тремистік секілді небір жағымсыз ұғымдармен бай ла ныстыратын пікірлер пайда бо луы жүрегімізге ауыр тиетіні рас . Негізінде , Ислам еш уа қытта адамдарды бүлікке , бұза қы лық қа , тәртіпсіз дік ке немесе біреудің жазықсыз қанын төгуге шақырған емес . Керісінше , ол өзгенің ақысына қылдай қиянат жа самауға үйрететін үлкен тәр бие қайнары .
- Мен ең алдымен кәсіби дирижермін . Консерваторияны және аспирантураны Шамғон Қажығалиевтен бітіргем . Ұзақ жыл көркемөнерпаздардан бастап , балалар мен кәсіби музыканттардың үлкен оркестрлерін басқардым . Оркестр - жалпы бірнеше аспаптан тұрады және олардың басын қосып ойнатқан кезде дирижер қай аспаптың дыбысының күштілігін және тембрін бірден байқайды . Оркестрлер симфониялық , үрлемелі , халықтық , деп аспаптарының түріне қарай бірнеше топқа бөлінеді . Бізде барлығы бар да қазақтың сіз айтқан 42 музыкалық аспабын біріктіретін ұлттық үлкен « қазақ оркестрі » жоқ . Олар зерттелмей , халық аспаптары деңгейінде ғана қалып қойған . Егер оны жан - жақты зерттеп қарастырсақ , олардың үні мына классикалық аспаптардың үнінен кем болмас еді . Ал скрипка , фортепиана , гитара сияқты аспаптардың акустикасы сан ғасырлар бойы зерттеліп , ғылыми негізде дамытылып содан кейін барып классикалық деген атауға ие болған .
Әр бір тапсырманы шешу , анық бір қаржылай қолдауды қажет ететіні бәріне мәлім , жүйелік инновациялық өзгерістер барлық қорларды шоғырлауға және бір уақытта оларды тиімді қолдануды талап етеді .
Мекемеңіз торабын немесе серверін қосымша немесе аздап өзгеше қадамдарды орындауыңыз қажет болу үшін теңшеген болуы мүмкін . Егер сұрақтар туындаса торап әкімшісіне немесе торап иесіне жолығыңыз .
3 - бап . Қазақстан Республикасының ұлттық қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету принциптерi
Орыс тілімен ауызданғандарға келсек , мәселе барынша тереңде . « Жұт - жеті ағайынды » дейді қазақ . Басқа республикаларға қарағанда , біздің ел қызыл империя тұсында ерекше бақылау мен қысымда болды . Мысалы , қалаға пропискаға тұру қазақ үшін аса үлкен кедергілердің бірі болып , Қазақстан қалаларының қазақтанбауы бақылауда болған еді . Сөйтіп , ірі қалалардағы жиырма пайыздан аспаған қазақтар ешқашан қазақтілді орта құрай алмайтыны әбден ескеріліп , олардың орыстануы жоспарланған саясат еді . Әрбір ірі қалаларда тек қана бір бірден қазақ мектептері болды . Демографиялық бұл « установканы » бұзған Шымкент , Атырау , Қызылорда қалаларының инфрақұрылымы мейлінше төмен болатын да , үлкен ауылға көбірек ұқсайтын , есесіне ол қалалардың көркеюіне қаржы аз бөлінетін . Осы жағдайды көріп өскен қазақтың бір буынының бойына қазақ болу сенімі азайып , кембағалдық мінез қалыптастырып үлгерді . Оның астарында егемен ел бола алмау психологиясы жататын . Осындай жағдайда , тіпті , астанамыз Алматыдағы зиял қауымның өз балалары да орыстілді ортаның құрбаны болып , ана тілдерінен мақұрым қалды . Тек қана № 12 жалғыз қазақ мектебін бітіргендері болмаса .
Орта арнайы , Тор ғ ай аграр лық - техни калық колледжі .
Өз кезегінде Қазақстанның демократиялық " Нағыз Ақ жол " партиясының тең төрағасы Болат Әбілов партия ұзақ уақытқа құрылып жатқанын мәлімдеді . " Біз кез келген деңгейдегі кез келген сайлауға қатынасып және ең бастысы жеңіп шыға аламыз деген ойдамыз " , - деді Болат Әбілов .
ОСИ индикаторы ПОЗ - Т құрамының ( ПЭК - Т индикаторы ) қысқыштың жылжымалы бөлігіне ақ жағымен тіркеледі . ПОЗ - Т құрылғысы немесе ПТЭК - Т индикаторымен тірелгенше сағат тілінің айналымына қарсы бұрама тұтқасын айналдыруымен 7 - 10 сек ағысында сынама сыйымдылығынан банкі , ( сынама іріктеушіден ) авиакеросиннің сорылуы орындалады . 3 - 5 сек . ағысында ұстану істелінеді . Ауа соруынан аулақ болу үшін сору барысында қысқыш отынға толайып түсуі керек .
1 жыл бұрын ( 2008 ) Оралда генерал - майор Асылбек Жаманбаевтың тұрған үйіне ескерткіш тақта орнатылды . Асылбек Жаманбаев ( 1946 - 2007 ) М . Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетін бітірген , еліміздің ішкі істер органдарында көп жылдан бері жұмыс істеді . Атырау , Жезқазған облыстарының ІІБ әр жылдары басқарды . 1995 жылы Қазақстан Республикасы Президенті Н . Назарбаевтің Жарлығымен оған генерал - майор атағы берілді . Соңғы жылдары А . Жаманбаев қалалық маслихаттың депутаты және Оралдағы еңбек және әлеуметтік қатынастар академиясының профессоры болды .
Жәңгір тұтқында бір жылға жуық жатады . 1636 жылдың жазында Батыр қазіргі Нарынқол , Текес маңайын жайлайды . Қарасай мен Ағынтай батыр ол кезде Сапы - Саты , қазір Саты деп қана аталатын жерде Жәңгірді қалай құтқару жөнінде жоспар құрады . Есім ханды алдымызға келтіріп , бас игіземіз деп күткен қалмақтар Жәңгірді қина май , аяғына кісен салып қана жеке үйде ұстапты . Соның бәрін алдын ала біліп алған Қарасай тобы Жәңгір жатқан үйге түн іші жақындай бергенде , үйлердің бірінен әлдекім шыға келген . Оның кім екенін білмеген Қарасай күре тамырын баса қойып , талдыра салады . Содан кейін күзетшіні де талдырып тастап , екі жігіт үйдің іргесін көтеріп жіберіп , ішінен Жәңгір сұлтанды шығарып алған . Сол арада Ағынтай батыр үйден шыға келген бір сұлуды қалмақ қызы деп ойлап , аузын баса қойып олжалап әкетеді . Кейін білсе , Қарасай есік алдын да талдырып тастаған адам Батыр қонтайшының өзі болып шығады , ал Ағынтай көтеріп әкеткен сұлу далаға шығуға кеткен күйеуін іздей шыққан тоқалы екен . Өзін талдырып , әйелі мен ханзаданы дәл иегінің астынан қазақтардың масқаралап алып кетуі , сөз жоқ , Батыр үшін аса үлкен намыс еді . Тарихшы И . Я . Златкиннің зерттеуінше , 1630 жылы ғана дербес мемлекет құрып , оған тұңғыш қон тай шы болған адамға бұл жағдай беделден жұр дай қылатын оқиға еді . Міне , осының бәрін жи нақ тай қарағанда ғана Батырдың қазаққа неге соншама қаһарланғанын түсінуге болады . Әкесінің қазақ тұтқынында болып қайтқаны ескі кек болса , өзін масқаралап , әйелі мен тұтқынын тартып әкеткені ел намысына да , өз намысына да тиетін жаңа кек еді . 50 мың қолмен аттанып , қазақты жер бетінен біржола құртып жібермек болғанына бұл себептер сендіреді .
3 . Микроскоптың денені үлкейтіп көрсететін үстеліне , қышқылмен өңделген кептірілмеген денені қоюға ;
" Туындылардың " төртінші тобы " ауызша дәлелдемелердегі " ой - пікірлерден күш алады , яғни белгісіз , күмәнді , екі жақты мағынасы бар терминдерді қолдануға негізделген және шындықпен келіспейтін дәлелдемелер " . Осылардан барып мынадай қорытынды шығаруға болады . Паретоның түсіндірмесіндегі " туындылар " жалпы алғанда белгілі бір " тұнбалар " мен соларға сәйкес " сезімдерге " қатынасында екі қарама - қарсы функция атқарады : біріншіден , олар осы " тұнбалар " мен " сезімдерді " тауып , көрсетіп отырады , екіншіден , туындылар оларды жасырып отырады . Белгілі бір жағдайға байланысты бірінші орынға не алдыңғы , не кейінгі функция шығып отырады .
Әнші репертуарында Мариям Жагорқызының « Дударайымы » , Динаның күйіне жазылған « Қара қасқа ат » әні , Шуберттің « Аве Мариясы » , Л . Дунаевскийдің « Лунный вальс » сияқты классикалық туындыларымен толысып , басқа да көптеген романстармен , джаз әндерімен байып , аудио - кассеталарға да жазылып жүр . Сонымен бірге , қазіргі жаңа толқындағы ақын - сазгерлермен етене жұмыс жасап , жемісін көрсетуде . Жеке шығармашылық кештерін республикамыздың үлкен мәдени ошақтарында өткізіп , көрерменнің жүрегіне жол тапқан өнер иесі .
Бүгiнде егемендi елiмiздiң мәртебесiн көтерiп , мерейiн асырған жетiстiктер мен ортақ табыс толағай . Қазақстанның тәуелсiздiк алған жылдардан берi қарай мемлекет мүддесi мен ел игiлiгi үшiн жасаған ауқымды iс - шаралары дүниежүзiнде үлгiге алынып отырғанын айтуымыз керек . Болашақтың еншiсiнде де бағыт - бағдары айқын қыруар iстер бар , бiрақ елiмiз жүрiп өткен сүрлеуге үңiлмей өту жаңсақтық болар . Әлемдiк қаржы дағдарысының дүниежүзi мемлекеттерiн шарпыған жалыны Қазақстанды да айналып өткен жоқ . Сондықтан дағдарыстан кейiнгi экономиканың бас көтерiп , нық қадаммен алға басуы - негiзгi мiндет . Және мемлекетiмiздiң әлеуетiн арттырып , дамыған елдермен иық теңестiруге мүмкiндiк беретiн жағдаят .
Бұйра шаш балаң жігіт қарындасы Рысқалға қарап : " Етік аяғыңа шақ па ? " деп сұрады . Қыз көзі мөлдіреп : - " Жақ сы " , - деп күлімдеді . Кісінің қа ба ғына қарап тәртіп , тәрбие сақтаған ұрпақ , бұл ауыл " Қаракөлдің " бәрі бір атадан тараған адамдар болған соң қыз алыспайды . Қатқыл сөз , салқын жүз ділік кездесе бермейді . Бір қызығы - жазда осындағы елушақты үйдің қуыс - қуысына , су ағардың астыңғы жарына қарлығаш ұя салып , балапандарын өр гі зеді . Содан ба , жігіттер аузында ән бар .
Облыста , тек облыс көлемінде емес , республикада түбегейлі шеші мін таппай келе жатқан мәселенің бірі - науқандық жұмыстар кезінде жанар - жағар майдың қымбаттауы . Бұл - жылда қайталанатын жыр . Оңтүстікте тамыз айында диқандар өсірген өнімдерін жинап алуға қызу кіріскенде бензин мен дизель оты нының бағасы тағы да 25 - 30 пайыз ға қымбаттап кетті . Оның себеп тері : біріншіден , әлемде мұнай бағасының өсуі , шикі мұнайға деген ішкі рыноктағы сұраныстың толық қамтамасыз етілмеуі , екін шіден , облыстағы мұнай өнімдерін өңдейтін " ПетроҚазақстан Ойл Продакс " ЖШС өз қуатының 75 пайыз көлемінде ғана жұмыс істеуі . Осының салдарынан ішкі рынокты мұнай өнімдерімен қамтамасыз ету 25 пайыз төмендеген . Ал , сыртқы рынокқа сату 60 - 80 пайызға өскен . Әрине , мұнай өнімдерінің қымбат тауы на мұнай өңдеуші зауыт пен жанар май құю бекеттері ара сын дағы делдалдардың көп болуы да әсе р етеді . Облыста болған кез десулерде " Елімізде мұнай көп өн ді ріледі , неге өз халқымызды арзан мұнай өнімдерімен тұрақты қам тамасыз ете алмаймыз . Үкіметке осы туралы мәселе қоймайсыздар ма немесе заң шығару тетіктері ар қылы осы мәселені шешетін уақыт жеткен жоқ па ? " - деген сауал дарды естігенде не айтарымызды білмей , төмен қарап қалған кезде рі міз болды . Шынында орынды сұрақ .
Облыс прокуратурасынан хабарлағандай , фермер 8 гектар жеміс бағын отырғызуға мемлекеттен 3 , 4 миллион теңгеден астам демеуқаржы алған . Құжаттар бойында ол жерге апорт алмасының 2400 көшеті отырғызылған . Бірақ прокуратура жұмысқа тартқан облыстық жерге орналастыру бөлімінің мамандары фермердің бағынан небәрі 1000 көшет тапқан . Бақтың ауданы да шындыққа сай болмай шыққан . Есепшілер құжатта көрсетілгендей 8 гектар жердің орнына , небәрі 7 , 5 гектар жерді көре алған .
Махамбет Өтемісұлы ( 1803 - 1846 ) Махамбет Өтемісұлы - 1803 жылы Ішкі Бөкей ордасы , қазіргі Батыс Қазақстан облысы Жәнібек ауд . Нарын құмының Жанқұс жерінде туған . - 20 . 10 . 1846 , Қараой өңірі , қазіргі Атырау облысы Махамбет ауданында жерденген - қазақтың көрнекті ақыны , сонымен бірге 1836 - 38 ж . Исатай Тайманов бастаған шаруалар кетерілісінің жалынды жыршысы ретінде де мәлім , қозғалысты ұйымдастырушы тарихи қайраткер тұлғалардың бірі . Кіші жүздің Байұлы бірлестігі ішіндегі Беріш руының Жайық бөлімінен шыққан . Атасы Құлмәлі , әкесі Өтеміс те өз заманында айтулы тұлғалар болған . Құлмәлінің тұқымынан билер де , шешендер де шыққан . Халықтың азатығын көксеген күрескер , ел бастаған батыр , өр рухты ақын . Бекетай елді мекенінде ( Бөкей ордасы , Орал облысы , Жөнібек ауданы ) дүниеге келді . Махамбет ақын жастайынан ақындық өнерге кұмартып өсті . Асқан дарындылығына қалың жұртшылық бас иген . Махамбет тек от ауызды сөз шебері ретінде ғана ел кұрметіне бөленген жоқ , сонымен бірге , өзінің батырлығы , даналығы мен адамгершілігі . . .
Бұрын хабарланғандай , бүгін мәжілістің пленарлық отырысында депутаттар мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевқа оның президенттік өкілеттіктерін ұзарту мәселесі бойынша референдум белгілеу өтінішімен шықты .
Ей , адамдар ! Дұшпандарыңмен соғысыңдар . Мешіттеріңді , ғибадат орындарыңды жөндеңдер . Имандарыңды пәк етіңдер .
7 июня 2011 года в г . Астане в Сеть Обществ Красного Полумесяца Центральной Азии по вопросам трудовой миграции состоялась региональная заключительная конференция . На конференции принял участие главный врач Центра СПИД Мусин Е . М . Общая цель конференции : Положение трудовых мигрантов независимо от их правового статуса улучшено в регионе через развитие Сети Обществ Красного Полумесяца Центральной Азии по вопросам трудовой миграции и укрепление сотрудничества между Национальными Обществами .
Бұл облысымыздың тарихы мен мәдениетін түгелдей көрсететін облыстық мұражай болды . Коллекция едеуір көбейіп , сирек кездесетін экспонаттар пайда болды . Археология бөлімі келушілерді адамдардың еңбектенуінің басынан бастап таныстырады . Мұнда Қаратау тауларынан табылған алғашқы адамдардың еңбек құралдары көрсетілген . Адам қалдықтары қола дәуірің 2 мың жылдығының соңғы кезеңі көрсетеді . Біздің дәуірімізге дейінгі IV - XIII ғасырлардағы сақтардың қола қазан , сақ жауынгерінің дулығасы , қола мүсіндері ерекше қызығушылық тудырады .
Шәміл Серіков атындағы турнирдің алғашқы екеуі чемпионның жұмыс істеген жері ретінде Қапшағай қаласында ұйымдастырылды . Үшінші турнир былтыр Алматыда жоғары деңгейде өтті . Бұл игі шараны ұйымдастыруда Шәміл ағаның достарының үлесі зор . Осыған дейін Бақыт Мырзахметұлы Өтегенов Шәміл Серіковтың атындағы турнир ұйымдастырған , бірақ кейін оған жоғарыдағылар « өзіне өзі қол салған адамға өткізбейсің » деп тоқтатып тастаған болатын . Бірақ осыдан үш жыл бұрын Жақсыбай Бәзілбаев Шәмілге біреулер қастандық жасады деп дәлелдеп шығып , турнир қайта жанданды .
2011 жылғы маусымда жұмыспен қамту органдарында ресми тіркелген жұмыссыздар саны - 972 адам ( экономикалық тұрғыдан белсенді халық санына шаққанда - 0 , 2 пайыз ) , ал өткен жылғы маусымда бұл көрсеткіш ( 0 , 5 пайыз ) екі есе көп еді .
- Менiң долбарым далада қалсын - ақ , бiрақ сол қимылдарымыздан оң нәтиже күте алмаймын . Себебi , мен - Нұрсұлтан Назарбаевқа сенудi қойған кiсiмiн . « Қазақстанның демократиялық таңдауы » қозғалысын әуелi құптап , iле - шала оны Тоқаевтың тоқпағымен талқандаған соң , бiзге демократияның ауылы алыс екенiн түсiнгенмiн . Демократиясыз ел - маңында ел - жұрт жоқ иен көл .
Ассамблея қызметі этносаралық қатынастар мәселелерін тиімді шешіп келе жатқан ел ретінде Қазақстан Республикасының халықаралық беделінің өсуіне ықпал етуде .
Советтік биліктің Орталық Азия және қазақ шекарасын межелеу үрдісі ұзақ әрі қайшылықты түрде жүргізілді . Дегенмен , Советтік биліктегі қазақ зиялыларының қай - қайсысы болсын , Ә . Бөкейханның әу баста ұсынған « ұлттық - территориялық » деген теориялық негізді идеясын шекара межелеудің темірқазығы етіп ұстады . Сонымен , 1924 жылдың күзінде Түркістандағы қазақ пен Қырғыз автономиясындағы қазақ бүгінгі Қазақстан территориясының аумағындағы мемлекеттілік құрылымға бас біріктірді . С . Мұқанов « Өмір мектебі » романында шекара бөлісуде үлкен ерлік көрсеткен , саяси билікте ең ықпалды адам сол кезде Орынборға көшіп келген « алашордашыл » Сұлтанбек Қожанов деп жазады .
Осыдан 2 - 3 жыл бұрын сіз Астанадағы ЭРА телеарнасында " Замана " деген ток - шоу жүргізетінсіз . Сондай хабар неге жүргізбейсіз ? Қазір ток - шоулар тақырыпты аша алмайды , сипақтатып бұлғалақтатып жөндеріне кетеді . Жалпы , Қазақ ток - шоуы қалай дамуда ? Жауап : « Эра » телеарнасының 7 - арнаға айналуына байланысты барлық өнімі доғарылды , тұжырым мен ауқым өзгерді . Елдік өндірістегі ахуал секілді отандық телеарналар да шетелдік өнімді импорттаумен айналысуда . Кейбір тоқпағы бар азаматтарды айтпағанда , байсалды көрсетімдерге біздің телеарналарда жастар тартылатындықтан , сақа журналистер шетке ығысты . Бірақ қалыптасқан тәжірибе жас буынға сіңірілді деуге болмайды , үзіліп жатыр . Ал , ток - шоу қоғамның даму деңгейіне де қатысты , бірақ негізінен бұл тележанр білікке , өре мен деңгейге , мәдениетке көбірек тәуелді . Біздің түрді меңгеріп , мазмұнды жайына қалдырып жатқан жайымыз бар . Шоуды шоуменнің жүргізуі керектігін ескермейміз , бізде сұрақ беруші болса , жеткілікті деген тұжырым қалыптасқан . Жалпы , ток - шоу - демократиялық ортаның телеөнімі , сондықтан бізде әзір шарықтап кете қоюы да қиындау . Біз әзір балабажыр мен сайқымазақты шоумен шатастырып жүрміз - ау деймін .
Халықаралық мүгедектер құқын қорғау күні . 1992 жылы Бас Ассамблея Біріккен Ұлттар Ұйымының Мүгедектердің онжылдығы соңында ( 1983 - 1992 жылдары ) Халықаралық мүгедектер күнін жариялады . Халықаралық мүгедектер күнін атап өту олардың мәселелеріне көңіл бөлуге , қадір - қасиетін , құқығы мен аман - саулығын қорғауға , мүгедектердің саяси , әлеуметтік , экономикалық және мәдени өмірге қатысуынан қоғамға келетін басымдылыққа назар аударуға бағытталған .
" Өз алаңыңда қабырға да көмек те седі " деген қанатты сөз шеберлікке жүрмейді екен . Мектеп оқушылары мен ұстаздары жақ болып тұрса да осы мектептің футболшылары № 64 мектеп оқушыларының асуынан өте алмады . 3 - 0 есебімен жеңілді .
Информационный портал акимата Карагандинской области 1994 жылғы 6 шілде күні еліміздің Президенті Н . Назарбаев Қазақстан . . . сумен , жабдықтаудың барлық мәселелерін Ертіс - Қарағанды - Есіл каналының қысқа ғана үзігін салу шешіп береді . . . . www . karaganda - region . kz / kaz / news / 2435
Ұрлық . 175 бап 2 б . 2010 . 12 . 10 « Құқықтық тәртіп » ЖПІШ барысында ЖІШ өткізу кезінде 2010ж . қараша айында , Астрахан а . тұрғыны , 1992 жылы туған аз . А . , « Шишов » К / Х күзету бөлмесінен « МР - 512 » маркелі пневматикалық винтовкасын ұрлау дерегі анықталды .
Біз осыдан үш ғасыр бұрын өмір сүрген Абылай ханды бүгінгі билікке теліген телпең саясаттың түбіне бойлай алмадық . Абылайды айту үшін , Ақорданы орынсыз қыстырудың не қажеті бар еді ? Неге екенін білмедік , биліктің атын тықпайтын жеріміз қалмады ғой . Асаба жаққа қаратып естірте сөйлеген бір жігіт : « Сексендегі шал өлсе де , бес жастағы баланы сүндетке отырғызса да , бұл қазақ бәрін биліктің арқасында атқаратын болды . . . » - деп күледі . Қисыны бар , жұрт та езу тартты . . .
3 - 3 ) елді мекендердің су бұру жүйелеріне сарқынды суларды қабылдау ережесін әзірлейді ;
16 мамыр күні Лев Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде Қазақстандағы Францияның Төтенше және Өкілетті елшісі Жан Шарль Бертонэ « ЕО және ЕҰУ достастық көпірі » жобасы аясында " Еуропа , Франция және Қазақстан бір - бірінен не үйрене алады ? » атты тақырыпта ЕҰУ студенттері алдында дәріс оқиды .
Атақты спортшы Алматыда өткен салтанаттың қонақтары арасында болды . Оның сөзіне қарағанда , Кері есеп таболсын ашу рәсімі - спорттық қысқы түрлерін таратуда және алдағы жарыстардың барлық жұртшылықтың көңілін аударуда өте маңызды іс - шара болып табылады . « ҮІІ қысқы азия ойындарының басталуына дейін аз уақыт қалды , егер біз Қазақстанға осындай ойындарды өткізу не беретінін қарастырсақ , онда ең алдмен - спорттық мемлекеттің имиджін деп айтуымыз керек . Біз Азиададан кейін де Әлем кубогы , Әлем чемпионаты сияқты басқа да ірі жарыстарды өткізе алатындай етіп осындай масштабты спорттық нысаналарды саламыз , яғни Азиададан кейін біз үшін жаңа спорттық өмір басталады » , - деді В . Смирнов .
« Мүмкіндіктері шектеулі балаларды әлеуметтік , медициналық - педагогтік оңалту туралы » Заңына сәйкес ауданда « Шапағат » аумақтық әлеуметтік қызмет көрсету орталығы жұмыс істейді . Орталықта 40 мүгедек балаларға қызмет түрлері көрсетіледі . Осыған қоса құрамында 27 әлеуметтік қызметкерлері бар мүмкіндері шектеулі балаларға үйде қызмет көрсететін әлеуметтік көмек көрсету бөлімшесі арқылы 139 балаға қызмет көрсетеді . « Үйде оқып , тәрбиеленетін мүгедек балаларға материалдық көмек көрсету туралы » Ережесіне сәйкес мүгедек балаларға жергілікті бюджеттің есебінен материалдық көмек көрсетіледі , 2009 жылдың 3 айында 96 балаға 2 175 мың теңге көмек тағайындалып , төленді . Төлемдер ай сайын жүргізіліп отырады .
Харамды халал деп сатып жатқандардың өнімдерін білу қиын емес . « Халал » стандарты комитетінің төрағасы Марат қажы Ағыбайұлының айтуынша , олар өнімдерінің сыртына өздерінің мекен - жайлары мен телефондарын жазбайды .
2 ) екінші аумақ - оңтүстік көліктік жолайрығынан темір жол мен Алматы көшесі аралығындағы автобекетке дейінгі ; одан әрі - Қапшағай қаласындағы темір жол өткелінен Сейфуллин көшесі бойымен солтүстік бағыттағы , яғни Сейфуллин көшесінің шығыс жағымен ені 300 метр , ұзындығы 3000 метр « Рауан » шағынауданындағы КНС бұрылысына дейінгі аумақ . Одан әрі - су қоймасының оңтүстік - батыс жағалауы бойымен темір жол көпіріне дейінгі ( « Рауан шағынауданының , мұнай базасы және өзен порты жерлерін қоспағанда » ) , яғни Сейфуллин көшесінің батыс жағымен ені 300 метр , ұзындығы 3 600 метр элеваторға дейінгі аумақ ;
- Оларды жаңа инвестициялық жобаларға орналастыруды жоспарлап отырмыз , - деді облыс әкімі . Бұл біздің қатаң бақылауымызда .
Ш . Уәлиханов көшесінде су құбыры жартылай жүргізілген , су құбыры көшенің соңына дейін өтткізіле ме ?
Бұл бағдарлама отандық компанияларды сыртқы нарықтарға жылжытуға бағытталатын болады , оны іске асырудың негізгі бағыттары : экспорттаушыларға гранттар ; саудалық қаржыландыру және сақтандыру ; экспорты сервистік қолдау .
- Қаламызда мұндай шара жыл сайын ұйымдастырылады . Мақсатымыз - салауатты өмір салтын қалыптастырып , жастарды спортқа баулу . Сайыста қатысушылардың шапшаңдығы мен төзімділігі ескеріледі . Әр команда бойынша 8 адам қатысады , - дейді сектор меңгерушісі Жанболат Дәрімбетов .
Қабыл ДҮЙСЕНБИ , ОҚО тілдерді дамыту басқармасының бөлім бастығы , облыстық ономастика комиссиясының хатшысы .
Төменде Access 2007 қауіпсіздік жүйесіндегі жаңалықтар тізімі берілген :
Енді , Shinmoedake деп аталатын жанартаудың « оянғаны » туралы ақпарат таратып жатыр әлемдік БАҚ . Қаза тапқандар мен із - түзсіз кеткендердің саны мыңдап саналады .
News of the World газетінің ең соңғы саны алдағы жексенбі күні шығатын болды . Сосын газет біржола жабылмақ . Басылым қызметкерлеріне " қылмыстың құрбаны болған адамдардың , әскерилердің және мыңдаған өзге де адамдардың телефон диалогтарын рұқсатсыз тыңдап келді " деген айып тағылды . Басылымның иесі австралиялық медиа - магнат Руперт Мердок еді . Оның ұлыбританиялық филиалын басқарып келген ұлы Джеймс Мердок бұл жағдайды " жан түршігерлік және өте өкінішті " деп сипаттады . Елдің премьер - министрі Дэвид Кэмерон оқиғаны " жиіркенішті " деп бағалады . Газет журналистері телефон сөздерін тыңдаған адамдардың ішінде баласы кісі қолынан қаза тапқан ата - аналар да , соғыста өлген британдық солдаттардың туыстары да бар . Басылымды этикаға жат қылық жасады деп айыптаған саясаткерлермен қатар ірі жарнама берушілер жексенбі күнгі шығатын соңғы нөмірінен бас тартып жатыр . Газеттің ұлыбританиялық филиалының басшысы Джеймс Мердок " Газеттің осы күнге дейін жасап келген игі істерін бір ғана қате әрекет жоқ қылды " деп мәлімдеді . SKY News телеарнасына берген сұқбатында ол журналистік кәсіпқойлыққа дақ түсірген кейбір адамдардың қылығы үшін зор өкініште қалғанын айтқан .
Әрбір мұсылман өзін және өзгелерді салдары бұл дүниеде де , Ақыретте де оларға қарсы келіп тиетін опат етуші істерді жасауға тастаудан және жамандықтың кілті , жауыздықтың жетекшісі әрі насихаттаушысы болудан қорқуы қажет .
2 жыл бұрын ( 2009 ) Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев « Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттердің мәдени құндылықтарды ұрлауға қарсы күрестегі және оларды қайтаруды қамтамасыз етудегі ынтымақтастығы туралы келісімді ратификациялау туралы » , « Кеден одағында тауарлардың , жұмыстарды орындаудың , қызмет көрсетулердің экспорты мен импорты кезінде жанама салықтарды алу қағидаттары туралы келісімді ратификациялау туралы » Қазақстан Республикасы Заңдарына қол қойды .
Ақпанның 26 - сы мен наурыздың 1 - і аралығында Швейцарияның Женева қаласында Біріккен Ұлттар Ұйымының Нәсілдік кемсітушіліктің барлық түрлерін жою туралы комитетінде Қазақстан Республикасының жұпталған төртінші және бесінші ұлттық баяндамалары тыңдалады . Аталған шарада Қазақстан делегациясының баяндамасы және Комитет мүшелерінің сауалдар қою мен ұсыныстар енгізуі күтілуде .
1 . Үйіңе құрығанда штаңгінің бір жинағын , отырып - тұруға ( приседание ) арналған жақтауымен қоса гантелдерін түгел алу үшін үш - төрт мыңнан аса АҚШ доллары керек .
« Министрге оғаш қылық жасағаннан гөрі әнтек сөйлеу қауіптірек » . Жан Франсуа де Рец
- « Жоғары сапалы техникалық және трансмиссиялық майлар өндiрiсi »
- Тәуелсіздік - біздің ең үлкен байлы ғымыз , баға жетпес құндылығымыз . Тіл тағы басқа мәселелер шешімін таба қойма ды деп кейде ренжіп жатамыз . Бірақ мен ойлаймын , ең бастысы , осы Тәуелсіздігіміз бар болса , баянды болса , бәрі де біртіндеп жөнге келеді . Тіл мәселесі де шешіледі .
Абылай сұлтан өзінің ақылды , са бырлы мінезі мен адамгершілігінің арқасында тек бір орда емес , үш ор даның сыйлы ханы атанды . Әрине , біраз тарихшылар , жазушылар Абылай сұлтанды Әбілмәмбеттің тірі кезінде хан болды дейді . Олай емес . Әбіл мәмбет 1765 жылы қайтыс болды . Ол Түркістанның ( Қалдан Серен нің қол астында 1743 жылдан ) , әрі Орта Орданың ханы болып есептелді . Ол өлгеннен кейін оның ұлын сайлады . Шындығында басқару тізгінін Абы лайға берді . Қытай жазба ла рында оны 1742 жылдан хан болды деуі осыдан . Олар ешқандай құжатқа сүйеніп хан болды деп жүрген жоқ . Халық ара сындағы әңгімеге сүйенді .
Ауданда телекоммуникация саласы және пошта байланысы жағдайын сараптай келе , жағымды нәтижелер бар екенін айта кету қажет .
Фракция жетекшісі Ә . Р . Жолшыбеков бұл жыл басындағы алғашқы отырыс екенін атап өтті . Ол өткен жылдың қорытындылары туралы айта келіп « біз елімізді одан әрі әлемнің мейлінше бәсекеге қабілетті 50 елінің қатарына жылжыту үшін қажетті заңдарды талқылап , қабылдай отырып , партиямыздың басшылығының тапсырмасын орындадық » деп атап көрсетті . Парламенттік көпшілікке ие бола отырып және өзіне заң шығару қызметінің барысы және нәтижелеріне жауапкершілік ала отырып , парламенттік фракция мейлінше әрекетшіл және жинақы бола түсті . Оның жұмысының негізгі нысаны фракцияның бірыңғай ұстанымын қалыптастыру және тұтастай , партия мен мемлекеттің стратегиялық міндеттерін орындауға бағытталған ұсыныстар әзірлеу мақсатында өңірлік проблемаларды , әлеуметтік - экономикалық салалардағы мәселелерді талқылау жөніндегі отырыстар болды .
- « Қазақтың , ұлттың жағдайы » дегенде , сары қарын бәйбіше мен қарадомалақ баланың ахуалын айналып өте алмаймыз . Қараңызшы : күн емес - ау , сағат сайын қымбатшылық қысып , қазақтың тынысы тарылып барады . Мұнайға бөккен елімізде жанар - жағар майдың бағасы да аспанша шапшыды . Саланың уәзірі Сауат Мыңбаев жанар - жағар майдың қымбатттауына орыс мұнайын кінәлап отыр . Орыстан қашан іргемізді ажыратамыз ? Жалпы , бұл мүмкін нәрсе ме , өзі ?
. . . Арғын , Қыпшақ ағасы ! Жыртылмасын , жарқыным , Еліміздің жағасы . Қанғандай - ақ болды ғой Бұл қазақтың таласы , Ойда Қоқан , қырда орыс , әкім болды қаласы . Кімнен таяқ жегендей Біздің қазақ баласы . Быт - шыт болып жүргені - Аузының аласы . Тізгін берсе Кенеге , Қанат қосса жебеге , Қырмақ түгіл жауыңды Дал қылмасқа немене ! -
Пайда алушы : Сіздің балаңыз келісімшарт мерзімінің аяқталуы барысында 18 - ден 23 жас аралығында болса сақтандыру келісімшартына сәйкес сақтандыру төлемін алушы болады .
1943 жылы Алматыда КСРО Ғылым академиясының Қазақ бөлімшесінің гылыми сессиясында жоғарыда аталган шығармалар талқыланды . Сонымен қатар , одақтық Ғылым академиясының президиум мүшелері , елімізге танымал ақын - жазушылар М . М . Зощенко , К . С . Паустовский , С . Н . Сергеев - Ценский , К . С . Симонов ол материалдармен таны - стырылды . Қазақ тарихшылары М . Әбдіхалықов пен Е . Бекмаханов Кенесарының жеке басына баға беруде көп еңбек сіңірді . Оның қызметіндегі жетістіктері мен кемшіліктері талданып объективті баға берілді . 1947 жылы профессор М . П . Вят - киннің жетекшілігімен Е . Бекмаханов - тың " XIX гасырдың 20 - 40 жылдарын - дағы Қазақстан " атты еңбегі жарыққа шықтьг . Қазақстан Ғылым академиясы профессор Е . Бекмахановты арнаулы медальмен наградтады . Кейін белгілі болғанындай ғалымның бұл табысын көре алмайтындар да бар болып шықты . 1950 жылғы 26 желтоқсанда " Прав - да " газетіне Т . Шойынбаев , X . Айдаров және А . Якушиннің " Қазақстанның та - рихи мәселелерін маркстік - лениндік тү ргыдан көрсету үшін " деген мақаласы шықты . Онда автор өз еңбегінде хандар - дың еңбегін асыра бағалап , орысқа қарсы , буржуазиялық - ұлтшылдық идео - логияны уағыздайды деп бөсті . Мақаланың нәтижесі белгілі болғанын - дай , кейін ВК ( б ) П Орталық Коми - тетінің арнаулы қаулысы шықты . Онда республика Ғылым академиясын " Қазақ КСР " тарихының 1 - томын қайта қарап , жіберілген саяси қателерді түзету , сөйтіп , Кенесары Қасымов қозғалысы жайлы мәселені реакциялық қозғалыс деп қарастырылсын деді . Институттар - дың директорларына , газет - журналдар - дың редакторларына мақаланы қолдау талап етілді . Обком , аупартком , кәсіпорындар парторгтарынан " Правда " газетіндегі мақаланы талқылау талап етілді . Нәтижесінде Е . Бекмаханов пен М . Әуезов таяқ жеді . Қ . И . Сатбаев пре - зидент қызметінен аластатылды . Кітап бүкілдей жойып жіберілді . 10 мың дана - лық кітаптан бірнеше данасы гана сақталып қалды .
Тапсырыс беруші мемлекеттік сатып алу қорытындылары туралы хаттамаға қол қойылған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру ережелерінде айқындалған үлгілік шарттарға сәйкес жасалған мемлекеттік сатып алу туралы шарттың жобасына қол қояды және оны әлеуетті өнім берушіге жібереді . Конкурс тәсілімен мемлекеттік сатып алу қорытындылары шығарылған жағдайда , тапсырыс беруші конкурс жеңімпазына қорытындылар туралы хаттаманың бір данасын және конкурстық құжаттамаға сәйкес жасалған мемлекеттік сатып алу туралы шарттың жобасын жібереді . Қазақстан Республикасының резиденті емеспен мемлекеттік сатып алу туралы шарт жасасқан жағдайларда мемлекеттік сатып алу туралы шартты Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарын ескере отырып , ол ұсынған нысанда ресімдеуге жол беріледі . Осы Заңның 31 - бабының 11 - тармағында көзделген мемлекеттік сатып алу туралы шарт жасасу мерзімін қоспағанда , мемлекеттік сатып алу туралы шарт жасасу мерзімі мемлекеттік сатып алу туралы шарттың жобасын әлеуетті өнім берушіге жіберген күннен бастап , күнтізбелік отыз күннен аспауға тиіс . Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асырудың ережелерінде көзделген жағдайларда өнім беруші мемлекеттік сатып алу туралы шарт жасасқан күннен бастап он жұмыс күні ішінде мемлекеттік сатып алу туралы шарттың орындалуын қамтамасыз етуді енгізуге міндетті . Тапсырыс беруші мемлекеттік сатып алу туралы шарттың орындалуын қамтамасыз етуді мемлекеттік сатып алу туралы онымен жасалған шарт бойынша өз міндеттемелерін уақтылы , толық және тиісінше орындауға кепілдік ретінде енгізеді . Өнім беруші мемлекеттік сатып алу туралы шарттың орындалуын қамтамасыз етудің мынадай түрлерінің бірін : Тапсырыс берушінің өнім беруші енгізген кепілдік ақшалай жарнаны осы Заңда көзделмеген мақсатқа пайдалануына жол берілмейді . Мемлекеттік сатып алудың орындалуын қамтамасыз етуді енгізу туралы талап тауар биржалары арқылы баға ұсыныстарын сұрату тәсілімен мемлекеттік сатып алу қорытындылары бойынша айқындалған өнім берушілерге , сондай - ақ осы Заңның 8 - бабының 8 - тармағында көзделген жағдайда , оны берген өнім берушілерге қолданылмайды . Мемлекеттік органдар , мемлекеттік мекемелер мен жедел басқару құқығындағы мемлекеттік кәсіпорындар бір қаржы жылынан асатын мерзімге : Шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік кәсіпорындар , сондай - ақ дауыс беретін акцияларының ( үлестерінің ) елу және одан астам проценті мемлекетке тиесілі заңды тұлғалар және олармен аффилиирленген заңды тұлғалар даму жоспарында ( бизнес - жоспарда ) белгіленген , басқару органдары немесе аталған тұлғалардың жоғары органдары бекіткен келесі ( кейінгі ) қаржы жылында ( жылдарында ) аяқтау мерзімімен іс - шаралар жоспарын орындау үшін қажетті тауарларды , жұмыстарды , көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алу туралы ұзақ мерзімді шарт жасасуы мүмкін . Жылдық қаржы есептілігінің аудиті бойынша көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алу туралы шарт үш жылдан аспайтын мерзімге жасалуы мүмкін . Бәсекелестік негізде өткізілген мемлекеттік сатып алу қорытындылары бойынша айқындалған өнім берушілерге ғана осы баптың 6 және 7 - тармақтарында көзделген жағдайларда қолданысы бір қаржы жылынан асатын мерзімге мемлекеттік сатып алу туралы шарт жасасуға жол беріледі . Мемлекеттік сатып алу туралы шартта мынадай : Отандық тауар өндірушілермен және жұмыстарды , көрсетілетін қызметтерді отандық берушілермен жасалған мемлекеттік сатып алу туралы шартта тауарларды бергені , жұмыстарды орындағаны не қызметтерді көрсеткені үшін алдын ала ақы төлеу және толық ақы төлеу туралы талап қамтылуға тиіс , бұл ретте толық ақы төлеу мерзімі осы шарт бойынша міндеттемелер орындалған күннен бастап күнтізбелік отыз күннен аспауға тиіс . Тапсырыс беруші және өнім беруші мемлекеттік сатып алу туралы шарт бойынша қабылдаған міндеттемелерін толық орындаған жағдайда аталған шарт орындалды деп есептеледі . Мемлекеттік сатып алу туралы шарт жасасудан жалтару Егер әлеуетті өнім беруші мемлекеттік сатып алу туралы қол қойылған шартты осы Заңда белгіленген мерзімде тапсырыс берушіге бермесе немесе мемлекеттік сатып алу туралы шартты жасасып , осы Заңның 37 - бабының 4 - тармағында көзделген жағдайларда мемлекеттік сатып алу туралы шарттың орындалуын қамтамасыз етуді енгізбесе , мұндай әлеуетті өнім беруші мемлекеттік сатып алу туралы шартты жасасудан жалтарды деп танылады . Әлеуетті өнім беруші мемлекеттік сатып алу туралы шартты жасасудан жалтарды деп танылған жағдайда , тапсырыс беруші : Мемлекеттік сатып алу туралы шарттың күшіне енуі Мемлекеттік сатып алу туралы шарт оған тапсырыс беруші мен өнім беруші қол қойғаннан кейін не конкурстық құжаттамада көзделген шарттың орындалуын қамтамасыз етуді өнім беруші толық енгізгеннен кейін күшіне енеді . Егер мемлекеттік сатып алу туралы шарт тіркелуге жататын болса , онда ол Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес тіркелгеннен кейін күшіне енеді . Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес тіркеуге жататын мемлекеттік сатып алу туралы шартты тапсырыс беруші оны жасағаннан кейін не өнім беруші конкурстық құжаттамада көзделген шарттың орындалуын қамтамасыз етуді толық енгізгеннен кейін бес жұмыс күнінен кешіктірмей мемлекеттік сатып алу туралы шарттарды тіркеу жөніндегі уәкілетті органға ұсынады .
2003 жылдан « Қазақконцерт » өнер бірлестігінде концерт ұйымдастырушы қызметін атқарады .
Сондықтан , жерді тыңайтатын әрі экологиялық жағынан таза , консер вантсыз өсіруге қол жеткізетін МЭРС - тің болашағы үлкен . Бү гінде тыңайт қыш тың осы түр леріне Өзбекстанда да қызығу шы лық туып , сатып алуда .
Аудан әкімі Теміржан Хамитов осыған дейін де біраз басшылық қызметтер атқарып әбден ысылған , тәжірибелі , айқын мақсаттарды алға қоя отырып жұмыс істейтін адам екен . Оны біз ауданда жүріп жатқан жұмыстардың ауқымынан байқадық . Өзі облыс орталығына аудан шаруасымен сапарлап кетіпті . Бізді әкімнің орынбасары Шыңғыс Омаров қабылдап , біраз ақпараттармен таныстырды . Сонда бір назар аударғанымыз үстіміздегі жылдың сегіз айында өнеркәсіптік өнімдер көлемінің өткен жылдың осы мерзімімен салыстырғанда 2 миллиард 718 , 1 миллион теңгеден 3 миллиард 122 , 7 миллиард теңгеге ( 114 , 8 пайыз ) өскендігі болды . Аталған мерзім ішінде тұрғын үйлердің іске қосылуы 8 есе артқан . Жұмыссыздық азайып , ол 0 , 58 пайызды ғана құраған . Ал негізгі сала ауыл шаруашылығындағы көрсеткіштер егін орағы аяқталып , оның есебі жүргеннен кейін ғана белгілі болатындығы түсінікті . Дегенмен , соған қарамастан осы мерзімде ірі қара малдың саны 8 , 8 пайызға , қой - ешкі саны 4 пайызға , құс саны 246 , 4 пайызға өсуі бұл салада да жақсы табыстардың барлығын дәлелдейді .
Осы реформаның ықпалымен қазіргі күні елімізде зейнетақымен қамтудың төрт деңгейі қа лыптасып отыр .
Ақмола облысы , Көкшетау қаласы , С . Б . Нұғманова « Өзін - өзі тану " оқытушысы АДАМ БОЛУ Тақырыбы : « Табиғат - баға жетпес сый » Мақсаты : Адамға қажетті табиғаттың құндылығы мен табиғаттың байлығын сақтаудағы адамның ролі туралы ұғымды терендету , табиғаттың эмоциялық сезуді дамыту , табиғатқа деген қамқорлық қатынасын дамыту . Әдістері : бағытты сурет салу , түрлі сезімдерді , ойын - тапсырмаларды топпен әңгімелеу , шығармашылық жұмыс , « тыныштық мезеті » , практикалық жұмыс . Ресурстары : музыкалық фрагменттері бар магнитофон , қағаз парақтары , түсті қарындаштар . Сабақтың барысы . Қуаныш шеңберіОқытушы мен балалар қуаныш шеңберіне тұрады . Оқытушы балалардың қолдарынан ұстап Н . Бромлейдің өлең шумағын барлығы дауыстап айту қажет . « Табиғат тілі » шығармашылық тапсырмалар Сабақтың эпиграфынан оқытушы Федор Тютчевтің дәйексөзін оқиды . Содан кейін теңіз шуы , құстардың ән салуы , жапырақтардың сусылы деген табиғатқа арналған музыкалық шығарма ойналады . Балалар тындалған жазулар бойынша табиғаты көркем бейнелейді , содан кейін оқытушылармен кімнің суреттері жарқын және табиғаттың тілін түсінуге үйрену қажет екенін әңгімелейді . Адам - табиғаттың патшасы деген ұғымы бар . Осы ұғымымен сіз келісесіз бе ? Табиғатты сүю және түсіну деген не ? Табиғатпен кездесуден қалған жарқын мезеттерді есіне түсіріңіз . Ол туралы әңгімелеп беріңіз . Сіздің ойыңызша , табиғат адамды сезе және түсіне біле ме ? Оқулықтармен жұмыс Оқу ақпаратының мәтінің оқу , осы мәтіннің әр ережесін қысқаша талқылау , оларды шын мысалдармен дәлелдеу ( оқулықтың 116 парағы ) .
- Мен өзім сайлауға түсіп отырған Әуезов ауданында 10 жылдан астам тұрып келем . Өзім Алматы қаласында туып - өстім . Сондықтан өзімнің ауданымдағы әр түрлі мәселелерді жақсы білем . Бұл аудандағы бар мәселелер - қаладағы ең өзекті , ушығып тұрған , бірінші кезектегі мәселелер . Әсіресе , мына Қалқамандағы тас жолдың болмауы , ауыз су мәселесі , газдың тартылмауы , " Алты Алаш " пен " Алтын бесікте " заңсыз тұрғызылған үйлердің болуы мен оларды заңдастыру мәселесі . Бұл " Шаңырақ " оқиғасы секілді жағдайға апаратын мәселенің бірі . Бұл жерде де адамдар биліктің қысымын көрді . Бірақ " Шаңырақ " оқиғасынан кейін бұл жердегі мәселелер кейінге жабылып қалды . Ол жердегі халық не ауруханаға не балаларын мектепке дұрыс бере алмайды . Өйткені , құжат жоқ . Не өздері емделе алмайды . Қарапайым жағдайлары жоқ . Осы мәселелерді шешудің бірден бір жолы - осы мәслихатқа бару арқылы депутаттық мандатты пайдалану арқылы , депутаттық сауал жолдау арқылы халықтың мұң - мұқтажын , мүддесін әкімшілікке , билікке , әкімнің өзіне тікелей қоюға болатын мінбер екенін түсіне отырып , осындай себеппен барып отырмын , - деді ол .
ИЫҰ негiзгi қағидалары : толық теңдiк ; халықтардың өзінің мемлекеттік құрылысын өзі шешу құқығын құрметтеу ; iшкi iстерге араласпау ; елдердің егемендiгін , тәуелсіздігін және аумақтарының тұтастығын құрметтеу ; ИЫҰ - ға мүше мемлекеттерiнiң арасындағы даулы мәселелердi бейбiт жолымен келiссөздер , делдалдық немесе төрелік сот арқылы шешу ; мүше мемлекеттердiң аумақтарының тұтастығына қарсы , елдердің саяси тәуелсіздігіне қарсы күш қолданбау .
1 . Қазақстан Республикасын қорғау - оның әрбiр азаматының қасиеттi парызы және мiндетi . 2 . Республика азаматтары заңда белгiленген тәртiп пен түрлер бойынша әскери қызмет атқарады . 37 - бап Қазақстан Республикасының азаматтары тарихи және мәдени мұралардың сақталуына қамқорлық жасауға , тарих пен мәдениет ескерткiштерiн қорғауға мiндеттi . 38 - бап Қазақстан Республикасының азаматтары табиғатты сақтауға және табиғат байлықтарына ұқыпты қарауға мiндеттi . 39 - бап 1 . Адамның және азаматтың құқықтары мен бостандықтары конституциялық құрылысты қорғау , қоғамдық тәртiптi , адамның құқықтары мен бостандықтарын , халықтың денсаулығы мен имандылығын сақтау мақсатына қажеттi шамада ғана және тек заңмен шектелуi мүмкiн . 2 . Ұлтаралық татулықты бұзатын кез келген әрекет конституциялық емес деп танылады . 3 . Саяси себептер бойынша азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қандай да бiр түрде шектеуге жол берiлмейдi . Конституцияның 10 ; 11 ; 13 - 15 - баптарында ; 16 - бабының 1 - тармағында ; 17 - бабында ; 19 - бабында ; 22 - бабында ; 26 - бабының 2 - тармағында көзделген құқықтар мен бостандықтар ешбiр жағдайда да шектелмеуге тиiс .
Гүл өсіп тұр темірге де , Шын гүл емес , қырау ғана . Мұнша қатал өмір неге ? Тағдыр деген - жылау ғана .
Атбасар уезіндегі Бағаналы болысының қазақтары оңтүстікке , Түркістан өлкесіне ауа көшіп жатқаны туралы мағлұмат та осында . Олар қазіргі әкімшілік бөлісі бойынша Қарағанда облы - сына қарайтын Ұлытау өңірі , Сарысу өзенінің бойындағы наймандар , тарақты рулары болатын .
50 жыл бұрын ( 1961 ) Қазақстан Республикасы Президентінің Қазақстан Республикасы Парламентіндегі өкілдігінің басшысы БЕЙСЕНБАЕВ Асқар Асанұлы дүниеге келді . Оңтүстік Қазақстан облысы Түлкібас ауданында туған . Жамбыл жеңіл және тамақ өнеркәсібі технологиялық институтын ( М . Х . Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университеті Технологиялар және ақпараттық жүйелер институты ) , Ресей - Қазақстан Қазіргі заманғы Гуманитарлық университетін бітірген . 1983 - 1988 жылдары - Түлкібас консерві зауытының ауысым инженер - технологы , « Ленин жолы » кеңшарының консерві цехының бас технологы , бастығы , ЛКЖО Сайрам аудандық комсомол комитетінің екінші хатшысы . 1988 - 1994 жылдары - Түлкібас консерві зауытының бас инженері , директоры , Түлкібас нантағамдары комбинатының директоры . 1994 - 1998 жылдары - президент АО « Көктерек » акционерлік қоғамының президенті . 1998 - 2001 жылдары - Оңтүстік Қазақстан облысы Түлкібас ауданының әкімі қызметтерін атқарған . 2001 - 2004 жылдары - Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің екінші шақырылымының депутаты . 2004 - 2007 жылдары - Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің үшінші шақырылымының депутаты - Аграрлық мәселелер комитетінің мүшесі , Қазақстан Республикасы Парламенті жанындағы « Отбасы » депутаттық тобының мүшесі , Қазақстан Республикасы Парламенті жанындағы « Ауыл » депутаттық тобының мүшесі . 2007 - 2008 жылдары - Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің төртінші шақырылымының депутаты - Аграрлық мәселелер комитетінің мүшесі болған .
Миссионерлік қызметті жүзеге асыру үшін Қазақстан Республикасына келген шетелдік азаматтар
- Бiздiң есептеуiмiзше , дүние жүзiнде 20 миллионға жуық ұйғыр бар . Қытайдың ресми статистикасы Шыңжаң ауданындағы ұйғырлардың саны 10 миллионнан асты дейдi . Ал Қазақстандағы ұйғырдың саны - 300 мыңға жуық . 1991 жылы 200 мыңның төңiрегiнде едi . Ұйғырлар Алматы облысы және Алматы қаласында көп шоғырланған .
Біріншіден - Азия футболы Еуропа футболына қарағанда көш кейін . Бұған дәлел іздеп жатудың қажеті жоқ шығар . Сондықтан , футболы әлі даму үстіндегі " аймаққа " қайтқаннан тек ұтылам ыз . " Мерседестен " түсіп , " Москвичке " мінген сияқты . Иә , рас , біз қазір Еуропа алаңдарында тек масқара боп ұтылып жүрміз . Мейлі , есесіне , Германия , Англия сияқты футбол державаларымен кездесулер - үлкен сабақ , тәжірибе . Ал Азияда қалай болар еді ? Әрі кетсе Жапнония , Қатармен ойнайсыз . Немесе Кореямен . Кәрістер қайда , немістер қайда ? Тек қазіргі ащы жеңілістердің пайдалы жақтарын үйрене жүру керек . Футболы озық елдердің жеңіске жеткізетін тактикаларын , жаттығу ерекшеліктерін , доппен жұмыс істеу өнерін үйрене жүру керек . Ол үшін ұлттық құрамада орыстың өнерін үйренгісі келген Абай сияқты , от қарулы болғысы келген Ораз - Мұхаммед сияқты қазақ жігіттері көп болса , шіркін ! Сосын … Өзбекстан сияқты елдер УЕФА - да болуды армандайдыі . Бәс тіге аламын .
Бірі , майя халқының өзінің өткен тарихын , заманында керемет өркениетті ел болғанын , сон дағы көсемдерін , тарихи тұлғаларын , ғалым дарын мүлдем ұмытқандары .
- Қазіргі жас ақындар бір атақ алса болды асып - тасып кетеді . Көздерін шел басады . Мен мықтымын деп ойлайды . Ал жазып жүргендері қара бастарының қамы , мұңы ғана . Жастар пессимист болып алған . Жылай берсем бірдеңе боп қалар деп есек дәмеленеді . Сол жастарға қандай ақыл айтасыз ?
Сондықтан , жоғарыда аталған мә се лелерді қорытындылай келе айт қан да , Ауыл шаруашылығы министрлігі ОҚО - ның суармалы егіншілік аймақтарында өсімдік зиянкестеріне қарсы био логиялық әдісті қолдану мен дамытуға қатысты қандай іс - ша ра лар жоспарлауда екенін , егер атал ған жоба ми нистрліктің жоспарында болса , оның қашан іске асырылуы қарастырылып жатқанын білудің ар тық шылығы жоқ . Өйткені , бұл мәсе ле мақта ша руашылығымен айналы са тындар үшін өте - мөте маңызды . Сондай - ақ және ең бастысы - өсімдіктерді зиянкестерден қорғауда биологиялық әдісті қолдануды мемлекет тарапынан субсидиялау қашан қолға алынатынының да мәні аса жоғары .
Есілдің екі жағында баяғының батырларындай сағат санап өскен Астана күні биыл тәуелсіздігіміздің 20 жылдығымен орайласып отыр . Осын дай айтулы оқиғаға еліміздің оқу шы лары да өз үлестерін қосып , өнерлерін тарту етуде . Сондай бір әдемі кеш « Тәуелсіз елдің өнерлі ұрпақтары » деген тақырыпта елор дадағы Президенттік мәдениет ор та лығында өтті . Оған ұйытқы болған Алматы қаласы Медеу ауданындағы № 172 жалпы білім беретін мектеп оқушылары еді .
- Оспанов Руслан Рамазанұлы , « Хабар » агенттігінің Солтүстік Қазақстан облысы бойынша меншікті тілшісі
Ол маған нәзік , қаны қашқан қолдарын ұсынды … ал мен тұрпайы дөрекілікпен оны кері итердім . Сүйкімді , балғын жүзден аңтарылу байқалды , жайнаған , мейірімді көздер кінәлай қарайды , оның мөлдір , пәк жаны мені түсінбейді .
Мұражайға ұжыммен келуге тапсырыс , экскурсия жүргізуші және дәріскер қызметтері алдын - ала қазақ және орыс тілдерінде 26 - 19 - 81 телефоны бойынша іске асырылады . Төлем қолма - қол және қолма - қол ақшасыз есебі бойынша жүргізіледі . Тегін қызмет көрсету санатына жататын тұлғалар : балалар үйінің , интернаттардың тәрбиеленушілері ; Ұлы Отан соғысына қатысушылар және оған теңестірілгендер ; шұғыл қызметтің әскери қызметшілері .
Екі күн - ай арасындағы уақыт аралықтарының санын анықтау үшін DateDiff функциясын пайдаланыңыз . Мысалы , DateDiff функциясын екі күн - ай арасындағы күндер санын есептеу немесе бүгінгі күн мен жылдың соңғы күнінің арасында қалған апталар санын есептеу үшін пайдалануы мүмкін .
Үлгінің қаттылығын Роквелл аспабында өлшеңіз . Әр үлгінің қаттылығын үш рет өлшеп , орташа шамасын жазыңыз .
Шағын бизнесті дамыту және микроқаржы ұйымдарын көлеңкелі сектордан алып шығу мақсатында , 06 марта 2003 жылы 06 наурызда « Микронесиелік ұйымдар туралы » ҚР заңы қабылданды . Оның басты мақсаты Заңның бірінші редакциясында анықталғандай , микроредитті алушылар шағын кәсіпкерлік субъектілері болуы керектігіне байланысты , кәсіпкерлікпен айналысуға тілек білдіруші тұлғаларды қаржы ресурстарымен қамтамасыз ету болатын . Қазіргі уақытта осы шектеулі талаптар заң жүзінде алынып тасталды .
2010 жылы мемлекет басшысының бастамасымен құрылған және әлемде ұқсастығы жоқ Қазақстан халқы Ассамблеясының 15 жылдығы аталыпп өтті . Ассамблеяның қызметі арқасында Қазақстан ұлтаралық келісімнің , қоғамның тұрақты дамуының куәсі болды .
Қазақстан Республикасының Президенті Н . Назарбаев Астана , Ақорда , 2011 жылғы 11 сәуір , № 10
Әуебилеттерді брондау үшін Алматы қаласындағы Бондау және ақпарат орталығына + 7 ( 727 ) 244 44 77 нөмірі бойынша немесе Қазақстанның басқа қалаларында 58 44 77 ( Семей қаласында 33 57 49 , Жезқазған қаласында 76 85 51 ) нөмірі бойынша хабарласып орынға тапсырыс беріңіз .
Құрылыс жұмыстары төрт учаскеде қатар жүргізілді . Құрылыстың қарқынды жүргізілгендігі соншалықты , бір жылдың ішінде 750 шақырым мұнай құбыры тартылды . Ал бір учаскеде , тіпті бір күнде 100 торап жасалды . Бір мезетте теңіз терминалы объектілерінде де жұмыстар жүргізілді . Аз уақыт ішінде жағалаудан сегіз шақырым қашықтықта әрқайсысы 100 мың текше метр 10 резервуарға лайықталған резервуар паркі салынды . Қара теңізде көмекші кемелерге арналған тұрақ - пана іске қосылды .
Шығыс Қазақстан облысының Шемонаиха ауданында туған . Семей зоотехникалық - малдәрігерлік институтын бітірген . Шемонаиха ауданына қарасты « Белокаменский » кеңшарының аға , бас мал дәрігері болып жұмыс істеген . 1996 - 1997 жылдары - Шемонаиха ауданы әкімі аппаратының ауыл шаруашылығы бөлімінің меңгерушісі , аудандық ауыл шаруашылығы басқармасының бастығы . 1997 - 2002 жылдары - Шемонаиха ауданы әкімінің бірінші орынбасары , оынбасары . 2002 - 2008 жылдары - Шығыс Қазақстан облысы Шемонаиха ауданының әкімі . 2008 жылдың наурызынан бастап Шығыс Қазақстан облысы Шемонаиха аудандық ауылшаруашылығы бөлімінің бастығы қызметтерін атқарған . 2010 жылдың сәуірінен бастап - қазіргі қызметінде .
Көзіқарақты , көкірегі ояу Иса қажы қызыл қырғынға ашық қарсылық білдірген адамдардың бірі болды . Сол кезеңде ел ішіндегі аштыққа шыдамаған көптеген адамдар арғы бетке Үржар арқылы жаяу жалпылай көшті . Орта жолда жол азабына шыдамай аштықтан қырылып қалғандар да көп болды . Тіпті үдере көшкен бейбіт халықты қызылдар тоқтамыз деп шекара түбінде қырып та тастады . Арғы бетте де ешкім құшақ жая қарсы алған жоқ .
Ғылыми әзірлемелерді коммерцияландыру және инвестицияларды тарту мақсатында жеке бизнестің белсенді қатысуы қажет , бұл үшін мемлекеттік кредит және мемлекеттік тапсырыс түрінде бастапқы мемлекеттік қолдау көзделетін болады .
Жеңімпаз монеталарды құрамына ғасырлық тарихы бар монета сарайларының өкілдері , əлемдік нумизматика жəне монета соғу саласында консультанттардың жоғары мəртебесіне ие шақырылған сарапшылар кіретін конкурстық комиссия айқындайды .
1 жыл бұрын ( 2009 ) елордада Қазақстан Республикасының Парламент Мәжілісінің депутаттарымен жаңа парламенттік аллея салынды . Олар белгіленген орынға 155 түп ағаш көшеттерін отырғызды .
- Үйіңізді құдды бір шетелдегі мұражайлардай етіп жасап қойыпсыз . . .
Жерлес әнші Гүлмира Жұмабекованың есімі облыс тұрғындарына жақсы таныс . Кішкентай кезінен бастап өңіріміздің өнерсүйер қауымын бойындағы дарынымен түрлі байқауларда топ жарып жүрген ол жуырда « Жас қанат - 2011 » республикалық ән байқауының қола жүлдегері атанды . Бұл - Павлодар аймағының мәдени өміріндегі ерекше жетістік ! Естеріңізге сала кетсек , тоқсаныншы жылдардың аяқ шенінде « Жас қанат » байқауының жеңіс тұғырынан павлодарлық әншілер Жанар Доғалова мен Ангелина Александрова , 2000 - шы жылдардың басында Индира Мукина көрінген болатын .
Новоникольск селосында ең жақсы клуб ғимаратына облыстық шығармашылық эстафета өттi , оған Қызылжар ауданының ең жақсы ұжымдары мен барлық өнер мектептерi қатысты .
Бағдарламада тәрбиешілер , дәрігерлер , дене тәрбиесі жөніндегі нұсқаушылар , музыканттар , мұғалімдердің ынтымақтаса еңбек етуі белгіленген .
Сол ауыр соғыс жылдары 1944 жылы мен де 7 - сыныпты бітіріп , училищенің бірінші курсына түсіп оқи бастадым . Қазақ тілі мен әдебиетінен бізге Рәбиға апай дәріс оқыды . Оның мәпелеп сөйлеген әрбір сөзі , көкірегімізге науадай құйылып жататын . Сол кездің өзінде - ақ , Рәбиғаның тіл ғылымына аса икемділігі байқалатын . Менің есімде апайдың мына сөздері қалыпты : « Қазақ тілі - жалғамалы тіл , ал орыс тілі - қопармалы тіл . Мысалы , қол - рука деген сөзді алсақ , қол - ға , қол - мен т . с . с . жалғау - жұрнақ қоссақ та , түбір сөз « қол » өзгермейді , орысша - « рука » - рукой , в руке , руками и . тд - қопарылып кетеді » .
« Қазақстан Республикасының патенттік сенімді өкілдерді аттестаттау жәнетіркеу ережесін бекіту туралы » Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі Санаткерлік меншік құқығы жөніндегі комитеті төрайымының 2002 жылғы 4 қарашадағы № 188 бұйрығы ( 2005 . 30 . 12 . берілген өзгерістер мен толықтырулармен )
Ағарып ақ таң атқаны үшін , Жарық нұр жерді жапқаны үшін . Ғаламның мынау ақтарып ішін , Қызарып күннің батқаны үшін - Аллаға мадақ ! Жалғасы …
Ғұмар Қараш ұлт баспасөзінің қоғамдық қозғаушы күш ретіндегі әлеуметтік маңызын ерекше бағалай отырып , оның қандай да болмасын түйінді мәселелеріне қатысты сергек үн қатып отырды . Ұлт игілігі үшін атқарылар маңызды істердің ұраншысы , ұйытқысы болуды азаматтық парызы деп білді . Мысалы , 1919 жылы Ордада жарық көрген қазақтың тұңғыш ғылыми - педагогикалық « Мұғалім » журналын шығарушылар алқасын басқарды . Ал , осы жылы « Дұрыстық жолы » газетінің жандануына үлес қосты , өзекті тақырыптарды қамтыған « Екеуі екі басқа » , « Ұлт һәм туған тіл » атты мақалаларымен көрінді . . .
Бүгін KIMEP - те құрылтайға дайындық өткіздік . Жаңа ғана Жанарбек ағаны күтіп алдым . Ол кісі де қатты қуанып жүр . Бәрімізге де осы бір қуаныштың ортақ екені белгілі , көңілдегі алаң мен үміт ақыры сейіліп , бәрі де қуанышқа айналатын күн жетті . Келе жатқан мерекемен құттықтай отырып , Блог Құрылтайдың сәтті өтегініне сенім білдіре барлық блогерлерді құттықтаймын . Тағы бір игі жаңалық , " Қазақсофт " ( төте жазудағы сайт ) сайтының құрушысы осы Блог Құрылтайдың ашылуын құттықтай отырып сый ретінде қазақша - қытайша интернет сөздігін тегін іске қосыпты ( жоба туралы түсіндірме ) . Оны жаңа ғана маған хабардар етті . Тәліп Нүсіпұлы ағамыз және басқа да келмекші болған қытайдағы блогшы ағайындар виза берілмеуі себебінен бұл жолғы дүбірлі жиынымызға келе алмады . Блогшы қауымға дұғай сәлем жолдады .
Семей ет және сүт өндірісінің технологиялық институты ; « Бухгалтерлік есеп , шаруашылық жұмысты бақылау және талдау » , 1991 ж .
13 . 2014 жылға қарай кемелер қозғалысын және теңізде құтқару операцияларын басқару жүйесін құру .
Шілденің 24 - і Норвегия халқы бір минут үнсіздік жариялап , өткен жұма күнгі атыс пен жарылыс құрбандарын еске алды . Бір сағаттан кейін Ослода шабуыл жасады деген күдіктінің жабық соты басталды .
Алматы . 21 маусым . Төменгі Саксония делегациясы Алматыда болды Алматы әкімі Ахметжан Есімов Экономика , еңбекпен қамту және транспорт министрі Йорг Боде басқарып келген Төменгі Саксония делегациясын қабылдады . Әкім Қазақстанның Германиямен іскерлік байланысқа үлкен мән беретіндігін атап өтті . « Германия экономикасы әлемдегі жетекшілердің бірі болып табылады . Біз бұған әлемдік дағңдарыс пен одан шығу барысында көз жеткіздік . » »
Жұмыс аяқталғанан кейін баслық босаған 405 адам , 295 әрі қара жұмысқа тұғзылды . Сонмен қатар екуі қоғамдық жұмысқа жіберілді , үшеуі әлеуметтік жұмыс орнына жіберілді .
Сөйтiп , 2009 жылдың желтоқсан айын да негiзi капиталға салынған инвестиция көлемi соның алдындағы қараша айына қарағанда 25 , 4 пайызға өстi , ал құрылыс жұ мыс тарының көлемi 19 , 9 пайызға жоға ры лады . Және көтерме сауда салыстыр малы бағада 2008 жылмен салыстырғанда бiр жарым есеге , бөлшек тауар айналымы желтоқсан айында 13 пайызға өстi .
1 ) арыз - адамның өз құқықтары мен бостандықтарын немесе басқа адамдардың құқықтары мен бостандықтарын iске асыруда жәрдем көрсету туралы өтiнiшхаты не заңдардың және өзге де нормативтiк құқықтық актiлердiң бұзылуы , өтiнiштердi қарайтын субъектiлердiң , лауазымды тұлғалардың жұмысындағы кемшiлiктер туралы хабарлама не олардың қызметiн сынау ; 2 ) иесi бүркемеленген өтiнiш - ол бойынша авторын белгiлеу мүмкiн емес , қолтаңбасы , оның iшiнде электрондық цифрлық қолтаңбасы , арыз берушiнiң почталық мекен - жайы жоқ өтiнiш ; 3 ) қайта жасалған өтiнiш - бiр тұлғадан бiр мәселе бойынша кемiнде екi рет келiп түскен : осының алдындағы өтiнiш бойынша қабылданған шешiмге шағым жасалған ; егер бұрын жiберiлген өтiнiш келiп түскен уақыттан бастап белгiленген қарау мерзiмi өтiп кетсе , алайда арыз берушi жауап алмаған болса , оның уақтылы қаралмағаны туралы хабарланған ; осының алдындағы өтiнiштi қарау және ол бойынша шешiм қабылдау кезiнде жiберiлген басқа да кемшiлiктер көрсетiлген өтiнiш ; 4 ) өтiнiш - өтiнiштi қарайтын субъектiге немесе лауазымды тұлғаға жiберiлген жеке немесе ұжымдық жазбаша , ауызша не электрондық цифрлық қолтаңбамен расталған электронды құжат нысанындағы ұсыныс , арыз , шағым , сауал немесе үн қосу ; 5 ) өтiнiштердi қарайтын субъектiлер ( бұдан әрi - субъектiлер ) - мемлекеттiк органдар , жергiлiктi өзiн - өзi басқару органдары , мемлекеттiң қатысуы жүз проценттi құрайтын не мемлекеттiк тапсырыс және ( немесе ) мемлекеттiк сатып алу шарттарына сәйкес тауарлар ( жұмыстар , көрсетiлетiн қызметтер ) ұсынатын , өздерiнiң құзыреттерiне сәйкес жеке және заңды тұлғалардың өтiнiштерi бойынша шешiмдердi қарауға және қабылдауға құқылы заңды тұлғалар ; 6 ) өтiнiштi есепке алу - өтiнiштi қабылдау және қарау жөнiндегi мәлiметтердi тiркеу және оларды мемлекеттiк құқықтық статистикалық есептiлiкте көрсету ; 7 ) өтiнiштi қабылдау - субъектiнiң , лауазымды тұлғаның жеке және заңды тұлғалардың өтiнiштерiн қабылдау жөнiндегi iс - әрекетi ; 8 ) өтiнiштi қарау - субъектiнiң , лауазымды тұлғаның тiркелген өтiнiш бойынша қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өз құзыретiнiң шегiнде шешiм қабылдауы ; 9 ) өтiнiштi тiркеу - ақпараттық есепке алу құжатында өтiнiштiң мазмұны бойынша қысқаша деректердi тiркеу және келiп түскен әрбiр өтiнiшке тiркеу нөмiрiн беру ; 10 ) сауал - адамның жеке немесе қоғамдық сипаттағы қызығушылық туғызатын мәселелер бойынша ақпарат беру туралы өтiнiшi ; 11 ) ұсыныс - адамның заңдарды және өзге де нормативтiк құқықтық актiлердi , мемлекеттiк органдардың қызметiн жетiлдiру , қоғамдық қатынастарды дамыту , мемлекет пен қоғамның әлеуметтiк - экономикалық және өзге де қызметi салаларын жақсарту жөнiндегi ұсынымы ; 12 ) үн қосу - адамның мемлекет жүргiзiп отырған iшкi және сыртқы саясатқа , сондай - ақ қоғамдық сипаттағы оқиғалар мен құбылыстарға өз көзқарасын бiлдiруi ; 13 ) шағым - адамның өзiнiң бұзылған құқықтарын , бостандықтарын немесе заңды мүдделерiн қалпына келтiру , лауазымды тұлғалардың заңсыз iс - әрекеттерiн немесе әрекетсiздiгiн жою , сондай - ақ субъектiлердiң заңсыз шешiмдерiнiң күшiн жою туралы талабы .
Download XML • Download text