Text view
kaz-16
View options
Tags:
Javascript seems to be turned off, or there was a communication error. Turn on Javascript for more display options.
Деканаттың функциялық міндеттері Деканат өзіне жүктелген міндеттерге сәйкес мынадай негізгі функцияларды атқарады : интернатура және жұмысқа орналастыру жөніндегі деканат туралы ережені дайындау ; интерндердің сандық және сапалық құрамы туралы және интернатура туралы деректер банкін құру және оны толтыру ; интерндерді жартыжылдық және қорытынды аттестациядан өткізуді ұйымдастыру , аттестация нәтижелеріне талдау жасау , комиссия шешімдерінің орындалу барысына үнемі бақылау жасау ; емдеу мекемелерімен тікелей байланыс орнату ; еңбек заңнамасына , университеттің ережелеріне , нұсқаулықтарына және ректордың бұйрықтарына сәйкес интерндерді қабылдау , ауыстыру жұмыстарын ресімдеу ; интерндер құрамының есебін жасау , бөлім бойынша белгіленген құжаттаманы жүргізу ; интерндерге талап ету орны бойынша берілетін куәліктерді , анықтамаларды ұабылдау , толтыру , сақтау және беру ; еңбек , өндірістік және орындаушылық тәртіптің , бөлімнің еңбек заңнамасының сақталуына бақылау жасау ; өз бөлімшесінің қызметкерлерін ынталандыру үшін материалдар дайындау ; жұмыс барысында қызметкерлердің кәсіби , іскерлік және моральдық қасиеттерін зерттеу ; бөлімнің еңбек демалысының графигін құру , қызметкерлердің еңбек демалыстарын пайдалануының есебі , қосымша еңбек демалыстары туралы бекітілген графикке сәйкес еңбек демалыстарын ресімдеу ; іссапарларды ресімдеу және олардың есебін жүргізу ; еңбек демалысын күшейту жөніндегі ісшараларды әзірлеу ; интеріндерді қабылдау және жұмысқа орналастыру мәселелері бойынша шағымдар мен өтініштерді қарау ; бөлімге сапа менеджменті жүйесін енгізуді және оның қалыптасуын қамтамасыз ету ; бөлімнің жұмысын жақсарту және жетілдіру жөнінде басшыларға берілетін ұсыныстарды әзірлеу және беру ; бөлім қызметкерлерін дирекциялық , нормативтік - құқықтық және өкімдік құжаттармен таныстыру ; университеттің Жарғысына , Ішкі тәртіп ережесіне және бөлімнің ережесіне сәйкес деканаттың жұмысын жүзеге асыру . А . С . Сыздықова
2009 жыл , 10 - қазан . Ресей Ғылым академиясының Өсімдіктер мен жануарлардың архе - озология және экология лабораториясының меңгерушісі ( Екатеринбург қаласы ) . биология ғылымдарының докторы П . А . Касинцев шақырылып , « Биология » мамандығы студенттеріне « Роль и значение остеологического материала в изучении древней истории » тақырыпта дәріс оқыды .
Имам Хомейнидің қайтыс болғанынан 22 жыл өтті . Бірақ осы кезге дейін ұлы тұлғаның идеялары күнделікті Исламның Батыс либерализміне қарсы тұруына ықпал етеді . Осыған орай Батыс пен сионистік режим алаңдаушылық білдіріп отыр . Басқа жақтан Ислам әтірінің барлық елдерге таралуы - мұсылмандардың беделдерін түсініп , өздеріне сенім артып , тәуелсіздік талап етулеріне әкелді . Имам Хомейни : " Иранның үлкен революциясының дауысы басқа елдерге таралады , " - деген .
Ауғанстандық саясаткер Ахмад ВАЛИ МАСУД : ШЕТЕЛДІК « ДЕМЕУШІЛЕР » ТәЛІБТЕРДІ ҚАЗАҚСТАН , РЕСЕЙ МЕН ҚЫТАЙҒА СЕС КөРСЕТУ ҮШІН ҰСТАП ОТЫР
Ақпанның 11 - інде Қазақстан - Ресей университетінде « Болашақ » қауымдастығы мүшелері студенттермен кездесіп , ҚР Президентінің Жолдауына түсіндірме береді .
Радио қабылдағыш нүктесінде өріс күшін есептеу кезінде үлкен қашықтықтарда кейде кейбір бекітілген қашықтықта d - Pr ( d ) қабылданған күштің мәні қолданылады . Сонда басқа ара қашықтықта d :
Кеңестiк қоғамда бұқаралық ақпарат құралдары толықтай мемлекет қарауында болғаны рас . Ал заман талабына орай ақпарат саласы өзгере бастағанда , мемлекет меншiгiндегi баспасөздiң саны азайып , жекеменшiк нысандағы газет - журналдар саны артты . Сараптамалық ұйымдар альянсы деген ұйым жақында 2010 жылдың есебiн жариялап , мынандай мәлiмет таратты : Қазақстанда қазақ тiлiнде шығатын басылымдар көлемi бар - жоғы 5 , 99 пайызды құрайды екен . Бүгiнгi таңда елде 2700 мерзiмдi баспасөз бар . Оның 453 - i мемлекеттiк тiлде , ал 2303 - i орыс тiлiнде шығады . Бұлардан бөлек республика аумағында 5 , 2 мың ресейлiк баспасөз өнiмдерi таратылады . Олардың 2 , 7 мыңы ғана кезiнде Мәдениет және ақпарат министрлiгiнде тiркелген . Жалпы , Қазақстанда баспасөз өнiмдерi 33 тiлде шығады . Осындай көлемдегi ақпарат кеңiстiгiнде қазақтiлдi басылымдардың үлесi 6 пайызға да жетпейдi . Осыдан соң , мемлекеттiк тiлде шығатын мерзiмдi баспасөзге мемлекеттiк қолдау керек емес деп көрiңiз ! Оның үстiне , қазақтiлдi басылымдардың денi елдiң тыныштығы мен бiрлiгiн сақтауда , ұлт мүддесiн қорғауда үнемi алдыңғы шепте жүредi . Дегенмен осы есепте мемлекеттiк тапсырыстың арқасында мемлекеттiк тiлде шығатын басылымдардың саны жыл санап көбейiп келе жатқаны айтылған . Қазақтiлдi басылымдардың 70 пайызы мемлекеттiк бағыт ұстанатындығы осының көрiнiсi болса керек . Ақпарат саласы нарық заңдылықтарына сай мемлекеттiк меншiктен алыстаған соң , 1998 жылдан бастап мемлекеттiк тапсырыс түрiнде баспасөзде материалдар жариялау тәртiбi енгiзiлдi . Мемлекеттiк тапсырысты меншiк түрiне қарамастан кез - келген бұқаралық ақпарат құралы жеңiп алуға құқылы . Үкiмет пен жергiлiктi мемлекеттiк органдар мемлекеттiң атынан БАҚ - тарда әлеуметтiк маңызы бар тақырыптардың жазылуын қаржыландырады . Республикалық және аймақтық ақпарат құралдарына мемлекеттiк тапсырыс беру ашық байқау нәтижесiнде берiледi . Алғашқы жылдары мұндай байқауға мемлекеттiк меншiктегi ақпарат құралдары қатысса , жылдан - жылға жекеменшiк БАҚ - тардың саны артып келедi . 2004 жылы тендерге 72 ( оның 46 - ы - газет - журналдар , 26 - ы - телевидение - радио ) , 2005 жылы - 85 ( 54 - i - мерзiмдi баспасөз , 31 - i - электронды БАҚ ) , ал 2009 жылы - 77 бұқаралық ақпарат құралы қатысқан . " Тендер " терминi ағылшынның tend қызмет көрсету сөзiнен шыққан екен . Бiр жағынан , мемлекеттiк тапсырыс беру iсi демократиялық қағидаларға сай ашық жол . Бұқаралық ақпарат құралдары белгiлi бiр деңгейде мемлекеттiк тапсырысты орындаса да , бас бұғауын бермейдi , сөз бостандығы құқығы сақталады . Жалпы , осындай жолмен мемлекеттiк тапсырыс беру үлгiсi АҚШ - та да , Еуроодақ елдерiнде де кең тараған . Мемлекеттiк тапсырыстың неге ресейлiк басылымдардың қазақстандық қосымшаларына берiлетiндiгi басқа мақаланың өзегiне лайықты . " Комсомольская правда " , " Известия - Казахстан " " Московский комсомолец " , " Аргументы и факты " газеттерi мұндай мемлекеттiк тапсырысты жыл сайын алып жүр . " Украiнськi новини " , " Уйғур авази " , " Дойче альгемайне цайтунг " , " Коре ильбо " сияқты ұлттық басылымдар да мемлекеттiк қаржыландырудан құралақан емес . Жалпы , мемлекеттiк сатып алу - қоғамның барлық саласында ұдайы дауға шатылатын мәселе . Себебi бұл салада әлi түйiнi тарқатылмаған мәселе көп . Ең үлкен түйткiл - мемлекеттiк сатып алуға байланысты мемлекеттiк органдардағы жемқорлық пен сыбайластықтың өршуiнде . Байқау түрiнде өткiзiлген тендер барысында белгiлi бiр топтың немесе белгiлi бiр мекеменiң мүддесiн қорғау жең ұшынан жалғасқан жемқорлықтың өзегi . Осы себептi , 2007 жылы қабылданған " Мемлекеттiк сатып алу туралы " Заңға сол уақыттан берi бiрнеше мәрте өзгертулер мен толықтырулар енгiзiлiп , жаңартылып келедi . Дүйсенбi күнi премьер - министр Кәрiм Мәсiмов Парламенттiң қос палатасының отырысында осы заңды тағы да қайта қарау керектiгiн мәлiмдедi . Жыл сайын Қазақстанда мемлекеттiк тапсырысқа орасан зор қаржы бөлiнедi . Мысалы 2009 жылы осы мақсатта 2 , 2 млрд . теңге бөлiнген ( 15 млн . АҚШ доллары шамасында ) . Оның 1 , 9 млрд . теңгесi газеттер мен журналдарға , ал 0 , 3 млрд . теңгесi электронды БАҚ - тарға берiлген . Соңғы екi - үш жылда ақпараттық саладағы мемлекеттiк тапсырыс көлемi орта есеппен 30 пайызға ұлғайған екен . Былтыр Алматыда өткен үшiншi медиақұрылтайда мемлекеттiк тапсырыс мәселесi талқыланған едi . Республиканың түкпiр - түкпiрiнен келген 150 - дей журналист өз ойларымен бөлiстi . Осы құрылтайда Қазақстан пресс - клубының президентi Әсел Қараулова ICC Business Advisors компаниясы жүргiзген сауалнама нәтижесiн жариялады . Оның қорытындысына сәйкес , қазақстандық БАҚ - тар бұрынғысынша iшкi рынокта да , сыртқы рынокта да бәсекеге шыдас бере алмайды . Мамандар мұның басты себебi ретiнде басқарудағы кемшiлiктер мен материалдық - техникалық базаның осалдығын атап көрсеткен . Материалдық базаның осалдығы журналистер жұмысының сапасына керi әсер ететiн болғандықтан , бұл саладағы мемлекеттiк қолдаудың әлi өзектi екенi анық . Әсiресе , мемлекеттiк тiлдегi БАҚ аяғынан нық тұруы үшiн мемлекеттiк тапсырыстың ықпалы зор болмақ . Осы жиында " Ақ жол " партиясының жетекшiсi Әлихан Бәйменов Байланыс және ақпарат министрлiгi жанынан мемлекеттiк тапсырысты ұйымдастыратын қоғамдық кеңес құруды ұсынды . " Мен Болат Берсебаевқа БАҚ - та мемлекеттiк тапсырыс құрылымын реттейтiн қоғамдық кеңес құруға кеңес берер едiм , себебi мемлекет пен БАҚ қожайындарының мүддесi әр уақытта сәйкес келе бермеуi мүмкiн " , - дедi саясаткер . Ал 25 мамырда Астанада Мерзiмдi баспасөз бен электронды БАҚ басшыларының жалпыұлттық басқосуы болып өттi . Бұл жиынды Бас редакторлар клубы мен Қазақстан Журналистер одағы бiрлесiп ұйымдастырған . 200 - ден астам делегат жиналған басқосуда Парламент пен Үкiметке арналған Мәлiмдеме қабылданды . Бас редакторлар БАҚ - қа мемлекеттiк қолдау көрсетуге байланысты жаңа заң қабылдау керектiгiн айтады . Осы мәлiмдемеде мемлекеттiк тапсырысқа қатысты мынандай жолдар бар : 1 - тармақтың б - тармақшасы . Барлық БАҚ - тарға олардың таралымы мен көрермен ( оқырман ) аудиториясын қамту ерекшелiгне орай мемлекеттiк субсидия бөлу . Ал осы құжаттың 8 - тармағы мемлекеттiк тапсырыс мәселесiне арналған . Сөзбе - сөз келтiрсек , " Мемлекеттiк органдар iс - әрекетiн насихаттау мен БАҚ - та мемлекеттiк ақпараттық саясатты жүргiзуге қатысты тендер өткiзудiң қазiргi тәртiбiн лоттардың тақырыбын , жарияланымдардың тиiмдiлiгi мен орындалу шеберлiгiне қатысты шарттарын нақтылай түсу , барлық БАҚ - тардың тендерге қатысуына мүмкiндiк беру арқылы реформалау . Заң жүзiнде " Ресми бұқаралық ақпарат құралы " деген тiркеске құқықтық анықтама беру және оған жұмсалатын шығын көлемiн анықтау " . 16 - тармақта былай делiнген : " Мемлекеттiк тапсырыс туралы " Заңнан бiр облыстағы ақпараттық қызмет көрсетуге қатысты тендердi басқа облыстағы БАҚ жеңiп алатын норманы алып тастау " .
Менің ойымша , университет тарихында болған үш ректордың үшеуі де дер кезінде болған ректорлар . Кенжеғали Кенжебаевтың университетті басқаруы нарықтық заманмен тұспа - тұс келді . Осы кезеңге шын мәнінде сөздің емес , істің адамы керек еді . Нарықтық қатынастар оңай емес . Университеттің материалдық базасын күшейту , спорт кешенін , Жастар сарайын , үлкен аудиториялар салу , оларды заман талабына сай жабдықтап , техникалар алу , кітапхананы оқулықтармен байытуда Кенжеғали Кенжебаевтың еңбегі ерекше . Оқытушылардың ғылыммен айналысуына , ғылыми атақты қорғауына жол ашуда да университет ректорының үлесі зор . Осы кісінің арқасында қазір
- Бүгінгі жас дәрігерлердің білімі мен даярлығына көңіліңіз тола ма ?
Балаларды мектепке дейінгі оқыту және тәрбиені қамту үлесі 2015 жылға қарай 74 пайызды , 2020 жылға қарай - 100 пайызды құрауы тиіс .
Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінде әскери қызметшілер арасында суға жүзуден тұңғыш рет Чемпионат өткізілді . Жарыс Қорғаныс министрлігі Орталық аппараты құрылымдық бөлімдері мен Қарулы Күштер басқармалары басқолбасшыларының және әскер түрлері мен тектері арасындағы Спартакиадасы шеңберінде өткізілді . Чемпионатты ұйымдастырушы Қорғаныс министрлігінің орталық спорт клубы . Осыған қарамастан АОСК әскери қызметшілері жарысқа қатысып өз өнерлерін көрсетті . Әдеттегідей , әскери қызметшілер жеке және командалық есепте сайысқа шықты . Әстафета бойынша төрт адам қатысқан жарыста жас айырмашылығына шектеу қойылмады . Ал жекелей жарыста жас ерекшеліктері есепке алынды . 30 және 40 жас аралығындағы дәрежеде суда күш сынасқандар арасында АОСК - ның спортшыларына тең келер ешкім болмады . Бірінші орынды да солар иемденді . Тағы бір айта кетер нәрсе 40 - тан асқан жігіттер арасындағы сайыста Қорғаныс министрлігі АОСК бастығы - Спорт комитетінің төрағасы полковник Ерлан Таласбаев ең үздік жүзгіш атанды . Армияшылардың бас спортшысы спорттық даярлығының жоғары деңгейде екендігін көрсетіп қана қоймай , жас офицерлердің дене тәрбиесіне баса назар аударуы керектігін анықтап берді . Қазақстан Әскери - теңіз күштерінің бас қолбасшысы контр - адмирал Жандарбек Жанзақов та өз қаруындағыларға үлгі бола білді . Ол жүз метрлік жүзу жолынан жеңіл өтіп , үздік нәтиже көрсетті 40 жасқа дейінгілер арасында Тыл Басқармасының бастығы бірінші орын алды . Аталған құрылымдық бөлім , Армияшылардың Орталық спорт клубы және ӘТК басқолбасшысының басқармасы барлық бағыттар бойынша басты орындарды иемденді . Әйелдер арасындағы жарыста АОСК - ның әскери қызметшісі лейтенант Татьяна Соловьева үздіктер қатарынан орын алды . 50 метрлік жеке жүзу қашықтығы бойынша ол қарсыласын артқа тастап 53 . 34 секундта мәре сызығын бірінші болып қиды . АОСК басшылары атап өткендей , енді чемпионат жыл сайын өткізіліп тұратын болады . Бұл жеңіс туын желбіретемін деуші әскери қызметшілер үшін қазірден бастап жаттығып , жоғары нәтиже көрсетулеріне әлі де уақыттың бар екендігін айғақтайды .
Бүгінде әлем жұртшылығын өзінің әсем сәулетімен тамсандырған « Нұр Астана » орталық мешітінің құрылысы 2002 жылы басталып , 2005 жылы пайдалануға берілді . Мешіт Астана қаласы Қабанбай батыр даңғылы , 36 мекен - жайында орналасқан . Кадастырлық нөмірі 21 : 318 : 000 : 000 . Бұл мешіт Қатар мемлекетінің Әмірі шейх Хамад бин Халифа әл - Сәнидың қайтарымсыз сый ретінде бөлген қаржысына тұрғызылды . Мешіттің жобасын ливандық сәулетші Чарльз Хафиза жасаса , құрылысының бас мердігері - Түркияның « Пасинер » компаниясы . Ішкі әрлендіру жұмыстарына отандық сәулетшілер мен дизайнерлер атсалысып , жазулар ислам каллиграфиясы мен араб графикасына сәйкес өрнектелген . Әрлендіріп , безендіру кезінде ұлттық нақыштармен астастырылып , оған ашық жасыл түсті бояулар пайдаланылған . Безендіру және көркемдеу жұмыстарының авторы Қазақстан Суретшілер одағының мүшесі Ғазиз Ешкенов . Қажетті материалдар мен бояулар Санкт - Петербург , Испания және еліміздің өз кәсіпорындарынан алынды . Ал енді ою - өрнектерге келсек , мұнда өсімдік оюлары мен ғарыштық оюлар таңдалды . Сол ою - өрнектер ұлттық нақыштармен астастырылды . Қаланың қай бұрышынан қарасаң да менмұндалап көрініп , тұратын « Нұр Астана » орталық мешіті әсіресе , Астана әуежайынан қалаға кіріп келе жатқанда ерекше көзге түседі . Бұл ғибадат үйі есілдің сол жағалауындағы қала көркіне көрік қосып , ажарын ашуда . Бұл еліміздегі сыйымдылығы жағынан ең үлкен мешіт болып саналады . Мешіт құрылысы аяқталғанға дейін Елбасы Н . Ә . Назарбаевтың назарынан тыс қалған емес . Дінбасы Ә . Дербісәлі хазрет те мешіттің ішкі - сыртқы жұмыстары мен безендіру жұмыстарын мұқият қадағалап , безендіру жұмыстарындағы бояу түстері мен жазуларға ерекше көңіл бөліп , өз бақылауында ұстады . Михраб жақтауларына « Бақара » сүресінің 255 - ші аяты , яғни « аятул курси » жазылса , ал маңдайшасына « Бақара » сүресінің 144 - ші аяты нақышталған . Бұл мешіттің айрықша ерекшелігі - михрабы . Мешіт михрабы балкон тәрізді жасалған . Мешіттің ішінде көздің жауын алып адамзат баласының жан дүниесіне шапағат шуағын шашып тұратын басқа да қасиетті жазбалар бар . Михрабтың ең үстіндегі шаңырақ төбеде : оң жақтағы үлкен шеңберде « Аллаһ . Алла ұлық » , сол жақтағы үлкен шеңберде « Мұхаммед . Алланың оған сәлемі мен салауаты болсын » , одан төмендегі төрт шеңберде Ислам халифалары Әбубәкір , Омар , Осман , Әли ( Алла ол кісілерден разы болсын ) есімдері жазылған . Михраб маңдайшасының екі жағындағы алты шеңберде ( оңнан солға қарай ) төмендегі сөздер жазылған . Бірінші шеңберде : « Аса қамқор , ерекше мейірімді Алланың атымен бастаймын ! » . Екінші шеңберде « Тақуалық пен игі істерде бірігіңдер » . Үшінші шеңберде « Алладан басқа тәңір жоқ ! » . Төртінші шеңберде « Мұхаммед ( с . а . с . ) Алланың елшісі » . Бесінші шеңберде « Кеңшілік деген тақуалыққа тән нәрсе . Демек , өзара кешірімділікті де ұмытпаңдар . Алла сендердің істеріңді көріп тұрады » . Алтыншы шеңберде « Барлық мақтау әлемдердің раббысы Аллаға тән » . Михрабтың оң жақтауынан солға қарай « Алладан басқа еш тәңір жоқ . Ол тірі , толық меңгеріп тұрушы , Ол қалғымайды да , ұйықтамайды . Көктегі және жердегі нәрселер Оған тән . Оның құзырында Өзінің рұқсатынсыз кім шапағат етеді ? Олардың алдындағысын ( дүниедегі ) да , кейінгісін ( қияметте ) де біледі . Оның қалауынан басқа еш нәрсе білмейді . Оның күрсісі ( білімі ) көк пен жерді сыйдырады . Оған ол екеуін қорғау ауыр келмейді . Және Ол өте биік , аса зор » , - делінген Аятул күрси жазылған . Тіреу діңгектерді бір - бірімен байланыстырып тұрған арқалықтың Қыбла жақ бетінде « Әл - Имран » сүресінің 133 - 135 - ші аяттары жазылған . Есіктен кіргенде оң жақ бетте « Тәубә » сүресінің 18 - ші аяты жазылса , сол жақ бетте « Әл - Имран » сүресінің 189 - 192 - ші аяттары өрнектелген . Елбасы Назарбаев Нұрсұлтан Әбішұлы мешіттің ашылу салтанатында барша мұсылман халқын елордадағы үлкен имандылық үйінің ашылуымен құттықтай келе , 1994 жылы Сауд Арабияға арнайы жасаған сапарында құтты елдің Әмірі Фаһд бин Әбдел Азиз сыйға тартқан қасиетті Қағбаның жабуы қисуаның бір бөлігін және қасиетті құран кәрімді мешітке сыйға тарту етті . Ол қисуа бүгінде мешітіміздің төрінде дәлірек айтсақ , михрабта ілулі тұр . Қисуада « Хаж » сүресінің 27 - ші аяты жазылған . Аятта « Адамдарды қажылық етуге шақыр . Олар жаяу және көлік үстінде әрбір алыс жолдардан саған келеді » , - делінген . Есілдің сол жағалауындағы « Нұр Астана » мешітінің алтынмен апталған бас күмбезінің биіктігі 43 метр болса , одан өзге 25 кіші күмбездері бар . Мешіттің іргетасы бетоннан , қабырғасы пеноблоктан тұрғызылған . Ішкі қабырғалары жартылай табиғи мәрмәрмен көмкерілген бұл мешіттің биіктігі 63 метрлік төрт мұнарасы бар . Оның күмбездерін тіреп тұрған 8 тіреу діңгектері бар . Мешіт орналасқан жердің көлемі 6 , 7 гектар . Төрт жолдың торабында орын тепкен ғибадатхананың жалпы алаңы 3631 , 5 шм . Мешіттің 58 , 8 шаршы метрлік кіреберіс дәлізінде ҚМДБ - ның сараптау комиссиясы мақұлдаған әдебиеттердің бірқатары таныстыру мақсатында шынылы тақтаға ілінген . Сондай - ақ , мешітке келуші қыз - келіншектер осы кіреберістен арнайы қойылған ұзын көйлектерді киіп кіреді . Мұнда бір мезгілде 10000 адам намаз оқи алады . Жоғарғы қабатта әйел кісілерге арналған 290 шаршы метрлік , 2000 кісіге арналған балкон бар . Әйелдер ғибадатханасында 9 люстра , 93 жарық шамдары бар . Оған мешіттің кіреберісінің оң жақ және сол жағымен баспалдақ арқылы көтеріледі . Жоғарғы қабатта әйел кісілерге қатысты ислам ғылымхалы мен түрлі тақырыптарда уағыз ілінетін тақта орнатылған . Мешіттің негізгі есігінен бөлек қосалқы қоңыр түсті 4 есігі бар . Қосалқы есіктердің мешітке кіргенде сол жақтағысы жоғары лауазымды қызметкерлер мен құрметті қонақтарды қабылдауға арналған . Мешіттің алдыңғы жағында Бас имамның 28 , 90 шаршы метрлік кабинеті және 28 , 10 шаршы метрлік қабылдау бөлмесі бар . Сондай - ақ , наиб имамдар үшін 29 шаршы метрлік кабинет пен 28 , 80 шаршы метрлік азаншы бөлмесі де жасақталған . Барлық дыбыс күшейткіш қондырғылар мен мекрофондар азаншы бөлмесінен іске қосылады . Бас имам мен наиб имамдар кабинеттері екі қабатты болып орналасқан .
Қазақстан Республикасының халықаралық ұйымдармен ынтымақтастық мәселелерi жөнiндегi комиссия туралы ереже
Шаңырақ әлемнің біртұтастығын , мемлекеттің бастауы отбасы ошағын бейнелейді . Қанатты тұлпар мәңгілік өмір , шексіз даму және Қазақстан секілді бір шаңырақ астында өмір сүріп жатқан халықтардың рухани байлығының белгісі . Қанатты тұлпар болашаққа үміт артар жас ұрпақтың арманы , самғау биігі
Ұлт көсемі Әлихан Бөкейхан бір сөзінде : « Әр ұрпақ өзіне артылған жүкті жетер жеріне апарып тастағаны дұрыс . Әйтпесе , болашақ ұрпағымызға аса көп жүк қалдырып кетеміз . Кейінгі ұрпақ не алғыс , не қарғыс беретін алдымызда зор шарттар бар » , деген еді . Расында , ХХ ғасыр басындағы алаш қайраткерлері « өздеріне артылған жүкті » мойымай көтерді . Олар нысанаға алған ұлттық тәуелсіздік мәселесі ұлттың жадында өшпей маздап тұрды .
- Кімнің ішіне кіріп шықты деп ойлайсың , халыққа жетті . Бірақ , байқауымша , журналистердің біразы ойланып қалды . Негізі қоғамда көбіне ойлай білетіндер - журналистер мен жазушылар . Сырттан келіп жатқан исламның бағыттары жазушы , журналистерге аса әсер етпейді . Өйткені олар ой қорыта біледі , күніне қаншама ақпаратты , материалды саралап отыр . Ал өнер саласы адамдары оларға тез икемделетін сияқты . Ой еңбегінен тыс салаларды әлгі ағымдар тез қамтып жатыр . Ал , жазушылар мен журналистерге олардың тісі батып отырған жоқ . Өйткені , олар - қоғамды алға жылжытатын негізгі қозғаушы күш . Егер де жазушы , журналистердің миы уланатын болса , онда ертеңгі мемлекеттің , ұлттың да болашағынан үміт , жақсылық , даму күту қиын . Ең бастысы , жазушы , журналистерге біздің жазған хатымыз , содан кейін билік басындағы ( ойлай білетін азаматтар билікте де көп ) көптеген азаматтарды ойлантты - ау деп ойлаймын .
Үлгі : Қазақстан ЕҚТА - ларырұ : Западно - Алтайский заповедник
17 ) бағынысты қызметкерлердi құқыққа қайшы терiс қылықтар немесе жалпы қабылданған моральдық - этикалық нормалармен үйлеспейтiн iс - әрекеттер жасауға мәжбүр етпеуге ;
ҰТО әзірлеген бағдарламалық қамтамасыз етуге сәйкес аудиториялар корының жоспарын ұсынсын ;
09 . 07 . 2011 - Судан Республикасының үкіметі Оңтүстік Суданның тәуелсіздігін мойындайтынын жариялады
Әкем үйдегі тірліктің бәрін біледі . Көрсе де көрмейді , естісе де естімейді . « Мылқау » . Ешкімге ештеңе айтпайды . Нағашыларым да хабарсыз қалды . Сен болмаған соң бата алмайтын шығар … Мен сені сағындым , мама , сен ше ?
Жер бстіндегі 1500000 жануарлардың 50000 жуығы паразиттік тіршілік етеді , сонын ішінде 500 - дей тұрі адам паразиті болып есептелінеді Адам паразитеріннің иесінің денесінде тамақ керек болғада ғана пайда болады . Оларға : сүліктер , кенелер , масалар , бүргелер жатады . Ал тұрарақты паразиттердің иесі тек азық үшін ғана емес , олардың тіршілік ететін ортасы болып табылады . Оларға безгек аскаридалар , қышыма қоздырғыштары жптады Микробтардың ауру қоздыруына қажетті бірден бір шарт - адам организмнің әлсіреуі , оның қорғансыз қалуы .
Әбу Идрис әл - Хауләни былай деп айтатын : " Әмірді балағаттаудан сақ болыңдар , өйткені бұл - опат ! Ақиқатында , балағаттаушылар - жамандардың жамандары ! " Ибн Занджәуәйх " әл - Әмуәл " 1 / 78 .
- Сіздің көзқарасыңызша , төрағалық кезеңінде Қазақстан үшін қандай қыр көрсетулер негізгілер болды ?
Біріккен Ұлттар Ұйымы қарарында айтылғандай , бұл халықаралық күн 1984 - інші жылы қабылданып , 1987 - нші жылғы маусымның 26 - сында күшіне енген « Азаптауға және адам абыройын кемсітетін өзге де қатігез , рақымсыз немесе солардың басқа да түрлері мен соған сәйкес жазалаулар конвенциясының » азаптауды толықтай жою және тиімділігін қамтамасыз етуге бағытталған күн .
Жұқпа жұқтырылған күнінен бастап ағзада өзінің бұзушылық жұмысын атқарады , иммундық жүйенің жасушаларын жаулап алады . ЖИТС диагнозы осы жасушалардың 80 пайызын бұзылуын білдіреді .
63 ) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорының басшы қызметкерлері үшін біліктілік талаптарын айқындайды , оларды тағайындауға келісім береді ;
Әлем жұртшылығының назары Қазақстанға ауатын сол кезеңде қазақстандықтардың жанарында Вена болатыны сөзсіз . Соған орай " Егемен Қазақстан " газетінің Вена қаласындағы өкіл тілшісі Талғат Жұмағұлов қызметіне кірісіп , бүгін тілшіміздің алғашқы таныстыру мақаласын жариялап отырмыз . Еліміздің келесі жылы атқаратын ЕҚЫҰ - дағы төрағалығы Елбасының сипаттауы бойынша стратегиялық ұлттық жоба болып табылады . Бұл Қазақстанның тәуелсіздік жылдарындағы өте маңызды жетістігі және елдің артып отырған беделін көрсетеді . Қазіргі таңда ресми Астана алдағы жауапты міндетке қызу дайындық үстінде .
Егемен еліміздің жаңа негізгі заңының қабылдануы Қазақстан тарихындағы атаулы оқиға болып , тәуелсіз мемлекеттің конституциялық дамуының жаңа сатысына негіз салды . Тап осы Конституцияны ел тарихындағы идеялар көрініс тапқан әрі халықаралық деңгейге сай биік межедегі заң деуге толық негіз бар .
Бортының ұзындығы 15 метр және биіктігі 10 метр , он екі мың тонна су ығыстырғыш танкер Каспий теңізінің тайыз суында жүзе алады . Сонымен қатар қызмет көрсетуші қызметкердің қатысуынсыз машиналарда және орталық басқару портында пайдалануға мүмкіндік беретін жоғарғ ы - де ңгейдегі автоматтандыру қасиетіне ие . Сондықтан , жеткілікті күрделі құрылым салыстырмалы үлкен экипажымен - 12 адаммен операция жасауға мүмкіндігі бар .
Copyright © 2011 Ш . ЕСЕНОВ атындағы КАСПИЙ МЕМЛЕКЕТТІК ТЕХНОЛОГИЯЛАР ЖӘНЕ ИНЖИНИРИНГ УНИВЕРСИТЕТІ написать вебмастеру www . kguti . kz 73578 бірегей қонақтар
« Расында , біз адамды нағыз ( сүзілген ) балшықтан * жараттық . Сосын оны шәуеттің бір тамшысы күйінде мықты жерге орналастырдық . Сосын ол тамшыны алақаға ( жабысқақ ұрық танған клеткаға ) сосын оны мудғаға ( бір тістем ет бейнесіндегі жаратылысқа ) сосын мудғаны сүйектерге айналдырдық , сосын сүйектерді етпен қаптадық , сосын оны басқа бір жара тылыс жасадық . Аллаһ - ең керемет Жаратушы » . [ 2 ]
Сенбі күні « Бурабай » Мемлекеттік - ұлттық саябағында « Нұр Отан » партиясы өкілдері мен Президенттің іс басқарушы мекемесінің қызметкерлері бірлесіп , Абылай хан атындағы экспозициялық кешеннің тұсауын кетті . Салтанатты шараға « Нұр Отан » партиясының өкілдері , Президенттің іс басқарушы мекемесінің қызметкерлері , Парламент депутаттары және саябақ қызметкерлері қатысты . Көлемі 288 шаршы метрді алып жатқан жаңа кешен Абылай хан алаңында орналасқан . Экспозициялық кешеннен Қазақ хандығының қалай қалыптасқаны жайында сыр шертеді . Жаңа нысан Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың еліміздегі туризм саласын дамыту бастамасы аясында бой көтергенін айта кетуіміз керек . Қазіргі таңда кешеннің барлық құрылыс жұмыстары аяқталған . Туристерге арнап жалғыз - аяқ жол мен демалатын орындықтар орнатылыпты . Бұдан бөлек Абылай хан экспозициялық кешенінің жанынан қымызхана да ашылған . Мұнда келген туристер ұлттық сусынымыздан дәм татып , Қазақ хандығы жайындағы тарихи мәліметтерден хабардар болып қайтады . Н . ӘУБӘКІР .
- « Жиын көп , пайда жоқ » дегенмен келісе алмаймын . Себебі , жиын кезінде негізгі мәселелер көтеріліп , шешімі де табылып жатады . Ал , енді биылғы жылы еліміз Ислам Конференциясы Ұйымына төрағалық етеді . Бұл - әлемдегі 57 елдің басын қосатын екінші ұйым . Сол себепті , біздің еліміз мұсылман елі болғандықтан , осы ұйымды біздің елде ұйымдастыру үлкен мәртебе . Күллі мұсылман елдеріне ортақ пікірлер мен проблемалар көтерілетіндіктен , ортақ шешімге келіп жатса , бізге де пайдалы емес пе ? Еліміз осы ұйымға төрағалық кезінде көптеген күрмеуі шешілмеген мәселердің шешілуіне ұйытқы болады деген үміттемін . Өйткені , бұл - мұсылман әлемінің ортақ мәселесі . Мысалы , 2001 жылғы АҚШ - тағы терактіден кейін Елбасымыз мұсылман басшылардың ішінен бірінші болып « Ислам - терроризм діні емес » , - деп исламды арашалады . Иншаллаһ , бұл ұйымға төрағалық біз үшін , мұсылман әлемі үшін пайдасы мен маңызы зор деп сенемін .
Абай хайуанда бар жан мен тән дейді . Ибн Сина өсімдік жаны , хайуан . Демек , Шәкәрім Құдайбердіұлының дүние танымындағы жан және тән проблемалары дегенде сөзді бұл мәселелер туралы тыңнан бастап отырғанымыз жоқ , әңгімені жалғастыру . Шәкәрім де жан мен тән туралы айтылған мол ойларды жинақтап ақиқатын саралауға тырысқан .
Әлеуметтік байланыстың маңызды құралына айналып , әлемнің 629 , 982 , 480 қолданушыны біріктіріп шыдыған сайт facebook . com екенін білеміз .
ҚАЗАҚ қауымы арасын қақ жарып шыққан ең алғашқы кәсiби дәрiгер , ғұмырының 40 жылын өмiрi мен өлiмi арасына салған , елмен бiрге ауырып , жүртпен бiрге сауығып өткен қазақ ақ халаттыларының атасы , қаһарман дәрушi Мұхамеджан Қарабаев - еңбегiнен есiмi қалыс келе жатқан тұлғалардың бiрi . Көп жылдар бойы Ленин атында болып келген облыстық аурухананың тұңғышқы дәрiгерi болған бұл есiм жайлы баспа беттерiнде аз жарияланбады . Алайда облыс жұртшылығы дара тұлғасын есiне кјп алады деп айту қиынға соғыңқырайды . Тұтастай қазақ халқына еңбегi сiңген , ел тарихына қолтаңбасын қалдырған Отан ұлының айырықша ардақтауға әбден лайық екенiн қашанда дәрiптеп отырғанды жөн танимыз әрi парызымыз көремiз . подробнее . . .
Осы Заңда адамды сот тәртiбiнде немесе заңмен белгiленген басқа тәртiпте саяси қуғын - сүргiндердiң құрбаны немесе саяси қуғын - сүргiндерден зардап шеккен деп тану , оның бұзылған құқықтарын қалпына келтiру , ол шеккен моральдық немесе материалдық залалдың орнын толтыру ақтау деп ұғынылады .
" Қазақта төбе көп , бірақ , Мәртөбе - жалғыз " деген қанатты сөз ел арасында ертеден - ақ таарса керек . Себебі , оңтүстікті мекен еткен ру - тайпалар өз араларындағы дау - жанжалды осы Мәртөбеде шешкен екен . Кейіннен Қазақ хандығы құрлып , хандықтың бірнеше құрылтайы осы Мәртөбедегі сыйлы орында өткізілген . Мәртөбені сыйлы орын ретінде таныған халық , ол жерде мал жаюға тыйым салыпты .
Аталмыш шара Қазақстан Үкіметі бекіткен 2010 - 2014 жылдарға арналған ҚР үдемелі индустриялық - инновациялық дамудың Мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асырудағы ақпараттық жоспарының бір бөлшегі болып табылады . Зауыт цехында отандық локомотивтердің қаусырма қаңқалары құрастырылып , оған кабинасы , тепловоз корпусы орнатылады . « Локомотив құрастыру зауыты » АҚ фирмалық логотипін жазу және Қазақстанның Елтаңбасын бекіту - темір жолдың жылжымалы құрамын дайындаудағы күрделі жұмыстардың қорытындысы болып табылады . Бүгінде Evolution сериясындағы зауыттың 72 - ші өнімі қазақстандық логотиппен және Елтаңбамен мөрленді . 2010 жылы зауыт қабырғасында 30 тепловоз құрастырылған болса , биылғы жылы оның 79 - ын шығару көзделіп отыр . Оның бірқатары экспортқа шығарылады . Бүгінде « Evolution » тепловоздарының 52 пайызы қазақстандық өнімнен тұрады . Отандық кәсіпорын мұнымен тоқталып қалмай өндіріске қажетті жаңа бөлшектер мен құрал - жабдықтарды игеруге ұмтылуда . 2014 жылы зауыттағы қазақстандық үлес 70 пайызға дейін жеткізіледі . « Локомотив құрастыру зауыты » АҚ « ҚТЖ » ҰК » АҚ - ның еншілес кәсіпорны болып табылады . Зауытты 2009 жылы шілденің 3 - інде Мемлекет Басшысы Н . Ә . Назарбаев ашты . Сол жылы желтоқсанда алғашқы тепловоз пайдалануға берілді . Бесінші буынды тепловоз шығару - ҮИИДМБ - на кіретін Қазақстанның ірі индустриялық жобасы . « Қазақстан темір жолы » ҰК » АҚ машинақұрастыру саласында « Тальго » жолаушылар вагондарын жасау зауытының жобасын бастап кетті . Зауыттың жобалық қуаты жылына 150 вагон шығару . Өндіріс орны 2011 жылғы желтоқсанда іске қосылатын болады . « Қазақстан темір жолы » ҰК » АҚ басқа да ірі индустриялық жобаларды жүзеге асыруда . Шілденің 4 - інде Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев Екібастұздағы жүк вагондарын шығаратын « ҚВК » зауытының тұсауын кесті . Өндірістің автоматтандырылған жүйесі жылына 3000 - нан 5000 - ға дейін жүк вагонын құрастыруға мүмкіндік әпереді . Биылғы жылдың аяғында « Өзен - Түркменстанмен мемлекеттік шекара » темір жол желісінің бірінші кезегі пайдалануға беріледі . Бұл темір жол телімі Қазақстан , Түркменстан мен Иран бағдарындағы « Өзен - Горган » халықаралық жобасының бөлшегі болып табылады . Бұл телім арқылы Қазақстан Парсы шығанағы арқылы нарық айдынына шыға алады . « ҚТЖ » ҰК » АҚ құрылысын жүзеге асыруды бастаған « Жетіген - Қорғас » темір жол магистралі Қытаймен Қазақстанды , іргелес Орта Азия мемлекеттерін жақындата түседі . Оның жалпы ұзындығы - 293 шақырымды құрайды . Желіні пайдалануға беру 2011 жылдың желтоқсанына жоспарланып отыр .
Санкт - Петербургте ШЫҰ - ы мүше - елдерінің Жоғарғы сот төрағаларының кезекті кеңесі ашылды .
Р . Джованьолидің « Спартак » романында фракиялық көшпелі тайпадан тұтқынға түскен Спартак , Рим халқының ермегі үшін Колизейде күнде болып жатқан қантөгістердің кезінде осы таңғажайып тактиканы қолданады . Қашып жүріп алдымен қуып жеткен гладиаторды өлтіріп , ақырында жауының бәрін қырып бітіреді . Бұл мыңдаған жылдар бойы Еуразияның даласын дүбірлеткен , қандай жау болса да , бет қаратпай жеңген көшпенділердің ең әйгілі тактикасы .
Жоғары сапалы байланыс үшін байланыстың нашарлану уақытының рұқсат етілген мәнінің нормасы
Алматы қорығында Қазақстанның Қызық Кітабына енген 22 жануар мен 28 өсімдіктің түрлері бар . Сондай - ақ , қорық аумағында 200 - ге жуық құстардың түрлері , 38 сүтқоректілердің түрлері , 7 бауырмен жорғалаушылардың түрлері және бірнеше мың түрлі жәндіктер мен буынсыз жәндіктер кездеседі .
Бұл екі арада Мағжан елдегі туысқандарын аралап мауқын басуға тырысты . 1936 жылдың шілде айында ол атасы Жұмабайдың нағашылары Жауыр Атығайлардың еліне барады . Бұлар қазіргі Омбы облысы Москаленко ауданындағы 4 ауылды мекендейді екен : Тұма , Саға , Қызылағаш , Қарағаш деген . 1989 жылы осы ауылдарға іздеп барып Мағжанды көрген екі адаммен сөйлескенім бар . Солардың бірі - Сахузада деген Атығай аулының тұрғыны былай деген болатын : « Шамамен 1936 жылдың шілдесі болса керек . Бір күні атақты ақын Мағжан осында келетін болыпты деген хабар дүңк ете түсті . Біз Қарауылдың ішіндегі Жауыр деген ел боламыз . . .
« Қазақстан » қонақ үйін « Қазақстан » гостиницасы » деп жазып қойыпты . « Агит пункт » дейсіңдер , ол кәдімгі үгіт үйі ғой . « Бөлімше » деудің орнына « учаске » дейсіңдер . Сіресіп қалған ештеңе жоқ , өздеріңнің тілдеріндегі аудармасын қолдануға болады . Мысалы , біз аз бола тұра , әр башқұртша сөз үшін таласып , қырқысып қаламыз . Бәйгі алаңының аты - « Ақбоз ат » . Ұлттық - мәдени бірлестігіміздің аты - « Ақ Еділ » . « Нұрлан » деген дүкеніміз бар . Ал сендер бізден гөрі көпсіңдер , бірақ ұтылмайтын жерден ұтылып қалып жүрсіздер ! » деді .
Жоғарыда шолу - пікір білдірген кітаптардан да басқа , әр кезде газет - журналдарда жарияланған " Әл - Фараби , Кеплер , Галилей және Ислам " , " Әл - Фарабидің Нұрнамасы " тәріздес жарияланған қыруар мақалалары да ғылыми публицистиканың негізгі миссиясын айқындай түсері хақ .
18 жыл бұрын ( 1993 ) Қазақстан Республикасы Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың қаулысымен Алматы шет ел тілдері педагогикалық институты Қазақ мемлекеттік әлем тілдері университеті болып қайта құрылды . ( Қазір « Абылай хан атындағы халықаралық қатынастар және әлем тілдері университеті » АҚ )
« Өзен - Атырау - Самара » құбыры еліміздің екі облысы - Атырау мен Батыс Қазақстан аумағын көктей өтіп , көрші Ресейдің Самара қаласына барып тіреледі . Жалпы ұзындығы - 1500 шақырым . Құбыр арқылы Атырау облысындағы Өзен және Жетібай кен орнынан өндірілген мұнай Самара қаласына тасымалданады . Жасалған жобаның алғашқы нұсқасында желінің басталатын нүктесі Атырау мұнай айдау стансасы болып белгіленген . Одан әрі құбыр Атырау облысындағы Карманов , Индер , Батыс Қазақстан облысының аумағындағы Калмыков , Сахарный , үлкен Шаған мұнай жылыту стансалары арқылы Ресей Федерациясының аумағына кіреді . Яғни бұрынғы қолданыстағы құбырмен қатарлас салынады . Құбырдың жалпы ұзындығы 535 шақырымнан аспайды . Ал екінші нұсқада құбырдың басталатын жері - Сахарный мұнай жылыту стансасы . Осыдан Самара қаласына дейін бұрынғы қолданыстағы құбырмен қатарлас тартылады . Жалпы ұзындығы бірінші нұсқадағыдан екі есеге жақын қысқарып , 219 шақырымды құрамақ . Бірінші жобада мұнайдың сұйық ( жеңіл ) және қою ( ауыр ) сұрпы екі желі арқылы екі бөлек тасымалданады . Ал екінші жобада Сахарный мұнай жылыту стансасына дейін сұйық және қою сұрып арасына айырып тұратын құрал салу арқылы кезек - кезек айдалады . Содан кейін Сахарныйдан Ресейге дейін екі желімен бөлек - бөлек бір мезгілде тасымалданбақшы . Осы екі жобаның қайсысы тиімді ? Біз бұл сұрақты алдымен " Мекенсақ " ғылыми өндіріс орталығы " ЖШС - нiң бас директоры Ерік Аязбаевқа қойған едік . Ол өз пікірін былайша өрбітті : - Бір айта кетерлігі , екі жобада да құбыр Жайық өзеніне жақындамайды . Ара қашықтығы 15 шақырымнан асады . Яғни Жайық бойын мекендейтін аң - құсқа , өзеннің суына құрылыстың зияны тимейді . Бірақ басқа өзендердің суына айтарлықтай әсері болуы мүмкін . Бірінші нұсқада құбыр бес өзеннің үстінен өтетін болса , екіншісінде Деркүлді қосқанда алты өзенді кесіп өтеді екен . Егер табиғатты қорғау шараларын талапқа сай атқарса , өзен - көлдерге тигізетін зияны азаяды . Тек құбыр бойында , соның ішінде су қабатындағы құбырда апатты жағдай орын алатын болса , өзендегі тіршілік атаулыға үлкен қауіп төнеді . Жаппай қырылу орын алуы мүмкін . Сондықтан өзеннің екі жағалауына апатты жағдайда арнайы бригадаға бірден белгі беретін автоматты қондырғы орнату қажет . Өзен - көл арқылы құбыр тартқанда , Жайық - Каспий экологиялық департаментінің жағалаудағы жарларды құлатпау жөніндегі нұсқауы міндетті түрде ескеріледі . Ал « екі жобаның қайсысы тиімді ? » деген мәселеге келсек , мен екінші жобаны мақұлдаймын . Өйткені экологиялық талап қанша жерден қатал орындалғанымен , құрылыс тың аты құрылыс , қоршаған ортаға белгілі бір деңгейде бәрібір зияны тиеді . Ұзыннан - ұзақ ор қазылады . Оған жүгірген аң - құстың баласы түсіп , мертігіп өлуі мүмкін . Қаншама техника , адам улап - шулап жүреді . Қатты дауыстан сол аймақты мекендейтін аң - құс безінеді . Сондықтан мен екінші нұсқаны қолдаймын . Біріншіден , тартылатын құбырдың ұзындығы алдыңғы жобадағыдан екі есе қысқа - 219 шақырым . Екіншіден , жұмысқа тартылатын адам саны да көп болғалы тұр . Мәселен , бірінші нұсқада құрылысқа 1548 адам тартылса , екіншісінде 2243 адам жұмыспен қамтылмақ . Техникалық - экономикалық негіздемеге сәйкес , жұмыс күшін құбыр тарту жұмысы жүріп жатқан аймақтағы елді мекен тұрғындарынан жасақтау көзделген . Әрине , мамандардың басым бөлігін жабдықтаушы компанияның өзі тартады . Ал қалған жұмыстарға жергілікті тұрғындар қабылданады . Нәтижесінде Атырау мен Батыс Қазақстан облысының біраз тұрғыны жұмыспен қамтылады , табысы артады . Былайша айтқанда , бұл жобаның екі облыстың әлеуметтік жағдайын оңалтуға тигізер әсері мол . Жергілікті эколог - мамандардың айтуынша , Жайық өзені қойнауында , әсіресе , құс келіп - кететін мезгілде қос қанаттылардың 25 түрі кездесетін көрінеді . Соның бесеуі « Қызыл кітапқа » сирек кездесетін , жойылып бара жатқан ұсақ қоректілер ретінде енгізілген . " Бұл сирек кездесетін құс атаулы ертең құрылыс басталғанда мүлдем безініп кетпей ме ? " Облыстағы экологиялық ұйымдарға ең алдымен қоятын сұрағымыз осы . - Құбыр Жайықтың бойына көп жақындамайды . Сондықтан аң - құс безіп кетеді деп дабыл қағудың қажеті жоқ . Қайта облыс тұрғындары үшін осы жобаның тезірек қолға алынып , құрылыс басталғаны керек . Облысымыздың экономикалық дамуына да айтарлықтай үлесі болады , - деп түйіндеді сөзін « Атырау - Самара » мұнай құбырының қуатын арттыру мәселесінен хабардар " Батыс Қазақстан экологиялық ұйымдары " қауымдастығының төрағасы Ғазиз Хаймуллдин . " Терра " қашықтықтан бақылап көру және географиялық ақпараттық жүйе орталығы " ЖШС - нің жоба менеджері Татьяна Шмелева , керісінше , бірінші нұсқаны қолдайды екен . Оның айтуынша , құбыр Атыраудан бастап сонау Самараға дейін жаңадан тартылады . Кейінгі кезде шыққан құбырлардың бұрынғыларға қарағанда сапасы жақсы . Сондықтан апатты жағдайлар да жиі бас көтере қоймас . Ал ескі құбырдан апат шығып , мұнай бірнеше сағат бойы далаға ағатын болса , оның зардабы біраз жылға созылуы мүмкін . Рас , екінші нұсқаның техникалық экономикалық негіздемесінде Атыраудан « Сахарный » мұнай жылыту стансасына дейінгі бұрынғы құбырды қайта жөндеуден өткізу қарастырылған . Жөндеу қанша сапалы жүргенімен , ескінің аты ескі , апат болмайды деп ешкім кепілдік бере алмайды . Оның үстіне , « Сахарныйға » дейін мұнайдың екі түрі ( сұйық және қою ) бір құбырмен кезек - кезек тасымалданбақшы . Арасына екі сұрыпты айырып тұратын құрал салынады . Техникалық ақаудың салдарынан екі мұнай бір - біріне қосылып кетуі де мүмкін . Сондықтан ең дұрысы - қосымша құбырды бастан - аяқ жаңадан салу . Мамандардың пікірін саралағанда байқағанымыз , екі жобаның да экологияға тигізер пәлендей зияны жоқ екен . Әлеуметтік жағынан алғанда , әрине , екінші жобаның тиімділігі жоғары . Ауыл - аймақтардан жұмыс күші көптеп тартылады , табыс табатын отбасылардың саны артқаннан кейін ел - жұрттың әлеуметтік жағдайы жақсара түсері сөзсіз . Екі жобада да жоспарланған құрылыс мерзімі үш - төрт жылдан кем болмайтын сияқты . Демек , бұл жобаның тағдырын тым ұзаққа созбай , ары тарт та , бері тарт етпей , тезірек қолға алынғаны жақсы .
Мақсатты индикатор : Орта білім беру ұйымдарының 90 % - ында электронды оқыту жүйесі қолданылады
Индустриялық - инновациялық дамуды қамтамасыз ету мақсатында жоғары білім беру жүйесін жетілдіру мынадай бағыттар бойынша жүзеге асырылады :
2 ) сот практикасын зерделейдi және оны жинақтаудың қорытындылары бойынша Республика соттарының сот төрелiгiн iске асыруы кезiндегi заңдылықтың сақталу мәселелерiн қарайды ;
Солтүстік - Қазақстан филиалы . 2011 жылдың 1 жартыжылдығында мемлекеттік экологиялық сараптама бөлімінің қарастырылуында 185 жобалық және жоба алдындағы материалдар болды , оның ішінде 172 материал қарастырылды , оның ішінде 17 материал қайталанып қаралды . Жоблық матераилдардың 13 қарастырылуға қалдырылды .
- Пайғамбарымыз « бесіктен бейітке дейін білім ізде » деген ғой . Демек , діннің қуаты - білімде . « Иман негіздері » атты еңбегіңізден көзі қарақты оқырманға көп нәрсе табуға болады деп ойлаймын . Тағы қандай құнды кітаптарыңыз бар ?
Автор « Қарадан ( Қарабатыр ) - Мұқанбет , Жаубатыр , Жолбатыр , Құлмеден , Қубатыр , Сарықұл , Жәкен , Нұртаза , Қобыланды , Бөкенбай тарайды » деп өте дұрыс , тарихи шындыққа сай дерек келтіріледі . Ақтөбеден 2009 жылы Қалдыбай Құттымұратовтың авторлығымен жарық көрген « Тарақты табын шежіресі » деген кітапта да Қара батырдың Кедейғұлдың баласы екендігі анық жазылған .
Талдау нәтижелері бойынша операцияны орындауға арналған қажетті уақыт белгіленеді .
Тоқтатпай секунд , минутты , Қасымнан талай жыл өтті . Көрсем бе деп ем уақытты , Сағаттың тілі дір етті .
Бір жағынан фильмнің осындай пікір туғызғанына қуанамын . Демек , бұл киноға көңіл бөлінді деген сөз . Бұрыннан келе жатқан екі проблема бар , қазақта . Бірі - « Қазақфильм » болса , екіншісі - « Қайрат » . Елдің бәрі доп тебуді де , кино түсіруді де оп - оңай деп ойлайды . Меніңше , киноға көңіл бөліне бастағандықтан барып , жұрт кино түсіру оңай емес екенін түсінген сияқты .
2 . 1 . 3 . Оқырман кітапханаға жазылу кезінде кітапхана қызметін қолдану ережесімен танысып және оларды орындау міндетін тіркелу карточкасында және оқырман формулярында қолтаңбасымен растау қажет .
30 - жылдарда марксизм біржола қоғамның идеологиялық негізі болып бекіді , социология философиялық ілім деп танылды . Социология әлеуметтік институт ретінде толығынан өмір сүруін тоқтатты .
Солардың ішінде Отырар , Сығнақ , ( Жазба деректерде осылай көрсетілген - Ә . Д . ) Женд , Түркістан , Тараз , Баласағұн ғұламаларының түрлі тақырыпты қамтитын қолжазбалары көптігімен таңғалдырады . Мысалы Әбу Насыр әл - Фараби , Хұсам ад - дин Хұсейн бин Әли Хажжаж әл - Ханафи ас - Сығнақи , Мухаммед Абд ас - Саттар әл - Кердери , Һибатулла ат - Түркістани ат - Тарази , Мухий ад - дин Женди , Ала ад - дин Түркістани шығармалары және Қожа Ахмет Ясауи « Диуанының » көшірмелері жиі кездеседі .
Құю өндірісі және металлдардың технологиясы кафедрасының бiрiншi кафедра меңгерушiсi 1980 жылға дейiн басшылық еткен Е . И . Шевцов болды . Кафедрада түбегейлi өндiрiстiк сынақ алған оқытушылар жұмыс iстедi : Кафедраның ұжымы Раков С . С . , Кречмер В . Г . , Давильбеков Н . Х . , Белякова А . Ф . , кейіннен алғашқы бiтiрушiлерi толтырды , доценттер және кафедраның профессоры бүгiн : Жукебаева Т . Ж . , Манжурин И . П . , Кипнис Л . С . , Канунникова С . Г . , Исин Д . К . , Смолькин А . А . .
- Ераға , Сіздіңше астананы Алатау бауырынан Арқа төсіне ауыстырудың қазаққа тигізген ең үлкен пайдасы қандай ?
Сіздің карточкаңыздың тоғыз сандық мүшелік нөмірі оның беттік жағында көрсетілген .
87 . Қайтыс болуына , кетуіне немесе басқа да себептер бойынша алушының зейнетақы немесе жәрдемақы төлемінің электронды есепке алу карточкасы жабылған кезде Орталықтың бөлімшесі алушының ісіне себебін , күнін көрсете отырып , есептен шығарылғаны туралы белгі қояды және ол Орталық бөлімшесі бастығының қолымен және мөртағанымен расталады . Істі мұрағаттау кезінде табысы туралы анықтама мен еңбек кітапшасында , мүгедектігі туралы анықтамада әр бетінде « ҚАЙТЫС БОЛДЫ » деген белгі қойылады .
Экспортқа бағдарланған басқа жобалардың қатарына Қара теңіз және Каспий теңізі порттарындағы логистикалық орталық құрылысын жатқызуға болады . . .
* * * Тұрғындар назарына ! « Электрондық үкімет » веб - порталының электрондық мемлекеттік қызметтерін алудың дағдыларына халықты оқыту бойынша облыс көлемінде « Электрондық үкімет және электрондық қызметтер » семинарлар ақысыз негізде басталуда . Аталған семинарларға белсенді қатысуға шақырамыз .
Бұл хадисте дінге онда негізге болмаған амалдарды енгізуге рұқсат жоқ . Бұған Пайғамбар ( оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын ) осы сөздерді айтқан бұл оқиғаның өзі дәлел болады . Өйткені Пайғамбар ( оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын ) оларды Исламда , оған қоса Мухаммадқа ( оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын ) дейінгі барлық пайғамбарлардың шариғаттарында заңдастырылып қойылған садақаны беруге ынталандырды ғой . Әрі садақа мұсылмандардың оған дейін істеп көрмеген жаңа әдеті емес еді . Мұсылмандардың Меккелік кезеңнің өзінде Ислам дағуатына мал - мүліктерімен көмектескендіктері , құлдарды босатқандықтары т . с . с . істер істегендіктері осыған дәлел болады . Ал Пайғамбардың мұны жақсы әдеттің бастамасы деп атауының себебі : бұл бір топ адамдар Пайғамбарға ( оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын ) Мәдинаға келгенде , сахабалар олардың мұқтаждығын көрді , бірақ оларға мал - мүліктерімен көмек беру олардың ешқайсысының ойына да келмейді . Бірақ ансарлардан болған әлгі адам өзінің әрекетімен оларға үлгі көрсеткен соң , адамдар осы істе оған ілесе кетті . Сондықтан ол өз әрекеті үшін сауап алуға және оның өнегесіне ілескендердің барлығынының сауабын алуға лайықты болды .
Жалпы командалық бірінші орынды Павлодар қаласының дарынды балаларға арналған Абай атындағы № 10 лицей - мектебі иеленді . Олпиаданың барлық төрт пәнінен үздік нәтиже көрсеткен , осы лицейдің оқушысы Рымбаев Жарас « Жас Сәтпаев » құрмет атағына лайықты деп танылды .
Тек 2 жылдың ішінде қылмыстық жауапкершілікке 40 - тан астам рес пуб ликалық деңгейдегі жетекші , облыстық және қалалық ауқымдағы 250 - ден астам лауазымды тұлғалар тартылды , олардың арасында 39 әкім мен олар дың орынбасарлары бар .
Қ . Мандоки туралы Ел ба сы Н . Ә . Назарбаев : « Қоңыр екі халықтың арасындағы ұлы тарихи қандастықты жан - жақты дәлелдеп қана қой май , ел мен елдің бірлігі , ортақ мәдениеттің гүлденуі , өзара қатынастардың кемелденуі жолында аянбай еңбек еткенін қазақ халқы мақ танышпен жадында сақтай ды , үлгі - өнеге тұтады » , деп жазған болатын . Бұл зор баға әрдайым Қоңырдың қол таңбасын анықтар тұста жадта сақталып тұрғаны абзал .
4 . 1 Жұмыстың көлеміне қарай , мақсаты мен міндетін ескере отырып , әкімшілік департаменттің құрылымы мен штатын ректор бекітеді .
Үйдің үлкені боларсың . Інілерің де саған қарап бой түзесе жаман бола қоймас . Блогың ұнайды . Ойланып жазасың . Жауапкершілікті айқын түсінесің . Шығармашылығыңа табыс тілеймін !
- Алаш қайраткерлерінің бәрі ақталып жатыр . Тек Міржақып ақталмады . Амангелдіні Міржақып өлтірген жоқ қой . Расыңызды айтыңызшы . Кәрі қойдың жасындай ғұмырыңыз қалды . Алладан қорықпайсыз ба ? Сіз Амангелдіні зерттедіңіз ғой , - деп сұрадым . Аяп ағамыз : - Марат , Амангелдіні Міржақып өлтірген жоқ . Оны Әбдіқапардың жігіттері өлтірді , - деген еді . 1983 жылы үйленген кезімде Амангелдінің баласы Шәріппен бір бас қосуда болған едік . Бір сәті келгенде : - Сіздің әкеңіздің құнын кім төледі , - деп сұрадым . - Менің әкемнің өліміне Міржақыптың қатысы жоқ . Оның құнын басқа кісілер төледі , - деді . - Нақты кім , - дегенде . Үндемеді .
Соттардың қызметін қамта ма сыз ету департаменті сот жүйе сін де ақпараттық технологияларды қол дану аясын кеңейту тұжы рым дама сын дайындауды қолға алады . Сөй тіп « Істерді автоматты түрде бөлу » , « үн - бейнежазбаны қолдану арқылы қаралған істердің саны » сияқты көрсеткіштер жергілікті және басқа соттар қызметінің тиімділігін баға лау ға қосылады . Бұл орайда сот тар мен судьяларды мамандандыру жұмысы одан әрі жалғаспақ . Мә селе әкімшілік әділет жүйесін ке зең - кезеңмен енгізу , қылмыстық істерді қарайтын , салық және т . б . ма мандандырылған соттарды құру ту ралы болып отыр . Бұл халықаралық тәжірибеге сай заман талабы дейді шығып сөйлеушілер . Қазіргі күні рес публикада мамандандырылған ау данаралық экономикалық , қыл мыс тық , әкімшілік соттар , ал Астана мен Алматы қалаларында жас өс пірімдер істерін қарайтын маман дан дырылған соттар төрелікті жү зе ге асыруда . Барлық аймақтарда ювеналдық соттарды құру мәселесі де күн тәртібінде тұр . Ал қаржы лық - экономикалық даулар бойынша мамандандыру өзекті күйінде қа лып отыр .
- Үйге қайтуға рұқсат етіңізші . Біз қоныс аудармақшы едік , әйеліме көмектесуім керек , - деп сұраныпты .
Оның мәліметі бойынша үйден екі РГД - 5 гранатасы табылып , қазіргі кезде сараптамаға жіберілді .
4 . 2 . белгіленген мерзімде қаралған және қанағаттан - дырылған негізделген шағымдардың % ( үлесі )
Елбасының 2008 жылғы 6 ақпандағы « Қазақ стан азаматтарының тұрмыс жағдайын жақсарту - мемлекеттік саясаттың басты мақсаты » атты Жол дауының аясында ынтымақты зейнетақының көле мі 2009 жылы 25 пайызға , 2010 жылы 25 пайызға , 2011 жылдың 1 қаңтарынан бастап 30 пайызға өсірілді . Бұл осы жүйедегі барлық зейнеткерлер дің , соның ішінде әскери қызметте болған зейнет керлердің зейнетақыларының артуына ықпал етті . Осының нәтижесінде қазіргі күні мұндай зейнет ақының төменгі деңгейі 24047 теңгені , орта дең гейі 36205 теңгені , жоғары деңгейі 52226 теңгені құрап отыр .
- Әділет министрлігінің нотариаттық іс - жүргізу нұсқаулығына байланысты мемлекеттік нотариустың мөрі мен арнайы бланктері әзірленген еді . Сөйтіп , 2009 жылдың қыркүйек айынан бастап Көкшетау қаласында мемлекеттік нотариус ашылып , бүгінгі күні ел игілігіне қызмет етіп жатыр .
Бас жоспарда өндірістік аумақтарды қайта ұйымдастыру ұсынылған . Бұл олардың экологиялық қауіпсіздігін артыру және осы аумақтарың қаланы дамытуда қала құрылысы әлеуетін барынша тиімді пайдалану мақсатын көздейді .
Владимир Мирошников 2004 жылдың сәуірінен бастап Компания Бас директорының бірінші орынбасары лауазымында қызмет істеп келеді . Мұнайгаз секторында ол 1973 жылдан бастап жұмыс істейді : « Узеньнефть » НСЕХ - те оператор және бас инженер , « МаңғыстауМұнайГаз » ААҚ , « Қарақұдықмұнай » БК , ал 2002 жылдан бастап - « ҚазМұнайГаз » ЖАҚ басшыларының бірі болды .
Изоляцияланған материалдардың гигроскопиялық ылғал өтімділігін азайту үшін суланбайтын таспалар , қабыршықтар қолданылады
Республика бойынша инвестиция мол тартылған аймақтардың бірі Атырау облысында сүбелі индустриялық жобалардың жүзеге асатыны белгілі . Атап айтқанда , мұнай өңдеу зауытында хош иісті өнімдер жобасы , газ - химия кешені , мұнай төгінділерін жинайтын база сияқты өндіріс ошақтары ел экономикасына серпін беретін жобалар екені даусыз . Жоба - жоба ғой , сол маңдағы адамдар мен жан - жануарлардың өміріне қажетті ауаның , яғни қоршаған ор таның жағдайы қалай болмақ ? Оның үстіне Мексика шы ға нағындағы экологиялық апат атыраулықтарды алаң да тып болды . Міне , мұнай және газ министрі Сауат Мыңбаевтың Атырауға келген сапарында осындай түйткілді сауалдар күтіп тұрған еді . Облыс әкімі Бергей Рысқалиев министр мен Парламент , мәслихат депутаттары , мамандар , үкіметтік емес ұйымдар өкілдері бас қосқан алқалы жиында көптің көкейінде жүрген мәселені төтесінен қойды . - Өңір халқы талай қиын дықтарды бастан өткерді , олар қазір талқылап отырған проблемаларды өте жақсы бі леді . Сондықтан проблема ны оңды , яғни халықтың мүдде сін ескере отырып шешкен абзал , - деді Б . Рысқалиев . Облыс басшысы алдымен осы жобаға жергілікті тұр ғындарды көбірек тарту , экологиялық ахуалды сауықтыруға назар аудару қажеттігіне тоқталды . Жергілікті билік өз мін дет темелерін толықтай орындайды . Яки жер телімі , электр энергиясы , газ , су жеткізіледі . Сондай - ақ жобалар аса тә жірибелі елу шақты шетел мамандарымен шектеліп қалмай , жергілікті жас мамандарды көптеп тарту керек . Ең бас тысы , барлық экологиялық талаптар орындалғаны жөн . Қазірдің өзінде осы бағытта бірқатар кемшіліктер орын алып отыр . Айталық , мұнай өңдеу зауытының төңірегін жасыл желекпен көмкеру әлі шешімін таппаған . Сонымен қатар Қарабатан зауыты мен қала аралығындағы жасыл желекті инвесторлар өз қамқорлықтарына алуы тиіс . Ал Дамбы елді мекені тұсынан мұнай төгінділерін жинайтын база құрылысын салу мәселесі көтерілгелі ба лықшылардың түн ұйқысы төрт бұзылды . Бұдан бірер жыл бұрын ауыл адамдарымен болған қоғамдық тыңдау кезінде де жергілікті экологтар , үкіметтік емес ұйымдар өкілдері , байырғы тұрғындар бұл құрылысқа қарсы шығып , оның осы жердегі балықтарды үркітіп , мекенінен айыратынын айтқан - ды . Сөйтіп , базаны басқа жерден салуды ұсынды . Атыраулықтардың пікірімен Қоршаған ортаны қорғау , Ауыл шаруашылығы мен Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрліктері де келіскен . Содан бері не өзгерді ? Ма мандардың айтуын ша , ол бұ рынғы орнынан үш ша қырымға жылжып , басқа жер де орналаспақ . Бірақ бұл қа дам да жергілікті халықты қа нағаттандырмай отыр . - Ел экономикасына оң әсер ететін ірі инвестициялық жобалар жүзеге асуы керек . Оған біз де үлес қосамыз . Тек соның бәрі байырғы тұр ғындардың игілігіне жарап , олардың денсаулығына нұқсан келтірмесе екен . Біздің табиғаттың тылсым күйіне қысым жасап , оны бұзуға еш құқымыз жоқ . Оны сол таза қалпында келер ұрпаққа қалдыруымыз қажет , - деген облыс әкімі Б . Рысқалиев тің жанайқайын министрлік тер түсінсе жөн болар еді .
Төрағалық ету Шығыс пен Ба тыстың ізгілікті үндесуі қиын кезді бастан кешіріп отырған кезеңге тап келді . Сонымен бір мезгілде , Еуро падағы үлкен ұйымның кеңіс ті гінде Азия мен Африка елдері нен көші - қонның одан әрі ағы луы на , Еуропада исламның тарала түсуіне , бос қындардың бейім де луі не байланысты қиын дықсыз өте шы ғады деуге болмайтын үдеріс тер өтуде .
Негізгі және жоғарғы сатыда кәсіби сыныптардың болуымен анықталады . ( жаратылыстану - математикалық бағыт ) . Оқушылар іс - әрекеті бағдарламаларға сай . Мектеп бағдарламаларының қажеттілігі , мониторингтік зерттеулерінен оқушы іс - әрекетінің талапқа сай екендігінен көрінеді .
Сөйте тұра , әйел затының хижаб киюуі немесе орамал тағу мәселесіне үрке қараймыз . « Ей , әйелдер , ұятты жерлеріңді жабу үшін сендерге арнап , сәндік бұйымдар мен киімдер түсірдік » деген аяттан хижабтың маңызын аңғару қиын емес . Дәстүрлі ислам мұсылман қыз - келіншектерге сұлулығын сұқ көзден жасыру үшін шариғат шәлісін тағуды міндеттейді .
3 ) жұмыс орнында еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау , өрт қауіпсіздігі мен өндірістік санитария жөніндегі талаптарды сақтауға ;
Өзбекстанда өткен түні болған жер сілкінісінің нәтижесінде 13 адам қаза тауып және 80 - нен аса адам жараланған , деп хабарлайды РИА Новости сол елдің ТЖМ сілтеме жасап . > >
Қарақұдық селосы қаладан 20 шақырым жерде орналасқан , халық саны 900 ден астам , селоға кіреберіс жол 1970 жылы салынған және де бұл жол қалаға шығудың жалғыз көзі . Қазіргі таңда жол мүлдем жүруге жарамсыз .
Оның үстіне , руға , жерге бөлініп , іште рінен іріген қазақты сырттай қы зықтау - тақ үшін тыныштық . Қалай дегенмен қарапайым қазақты айтпағанда , зиялы аты бар жазу шылардың руға , жерге бөлініп , қырықпышақ болуы - « дауыл алдындағы тыныш тық » емесіне кім кепіл ? Сондай - ақ қазақ тарихында болмаған « Рулар соғы сының » тұтанбауына кім жауап береді ? Кейде ойлаймын : біз әлі ұлт бола алмаған , ру - ру болып отырған ел сияқтымыз .
" Семинарлар мен мастер - кластар " бағдарламасы қаржы мамандарына , сондай - ақ алдыңғы қатарлы қазақстандық жоғары оқу орындарының қаржы - экономикалық мамандық бойынша оқытушылары мен студенттеріне үздік шетел сарапшыларын шақыра отырып , семинарлар , лекциялар мен мастер - кластар арқылы қаржы және экономика саласындағы әлемдік тәжірибемен танысуға мүмкіндік береді .
Әйтеуір аяғым жеткен жерге , өзімді білмейтін елге ойым , қиялым , дінім , дегенім жетсін деп ақ қағазға мөлдіретіп сөзден сурет салып , түрлі қызық әңгіме жаза беріпті , жаза беріпті .
Бүгiнгi күнi елiмiз егiншiлiк саласын дамытуда айтарлықтай табыстарға қол жеткiзiп отыр . Оған республикамыздың әлемдегi астық экспорттаушы ең iрi 7 - 8 мемлекет қатарына енiп отырғаны дәлел бола алады . Ондай жетiстiкке бiз негiзiнен өзiмiздiң астығымыздың жоғары сапасының арқасында жетiп отырмыз . Өндiрiл ген астығымызды шет елдерге тиiмдi баға мен сату арқылы осы саланың экономи ка лық көрсеткiштерi жоғарылап , онда жұмыс iстейтiн халықтың табысы ұлғаю да .
Ф . М . Достоевский хатында Шоқанға пайдалы кеңес беріп , оны туған халқына қызмет етуге шақырады , өзінің күшін публицистика саласында байқап көруді ұсынады . Ол : « Қолға алған ісіңізді тастай көрмеңіз , - деп жазады . - Сіздің материалдарыңыз өте көп . Дала туралы мақала жазыңыз . . . Сіз өз тағдырыңызды Отаныңызға өте пайдалы болатындай бағыштауыңызға болар еді . Мысалы , даланың не екенін , оның маңызын және өз халқыңыздың Ресейге қандай қатысы бар екенін Ресей халқына түсіндіру ұлы мақсат , қасиетті іс емес пе ? . . Еуропаша толық білім алған тұңғыш қырғыз екеніңізді есіңізге алыңыз . Оның үстіне тағдыр Сізді абзал адам етіп жаратқан . Артта қалуға болмайды , болмайды » , - деп жазды . Ф . М . Достоевский бұл жалынды сөздерімен халық ағарту майданында белсенді қимылдауға жігерлендірді . Әрі қарай Ф . М . Достоевский : « Мен сізді жақсы көретінім сондай , Сіз және Сіздің тағдырыңыз туралы ойланам . Әрине , қиялдарымда Сіздің тағдырыңызды ойластырып , әлпештеймін . Бірақ сол қиялдарымның ішінде бір шындық бар , ол - Сіздің өз еліңізден еуропалық білімге тұңғыш қол жеткен адам екеніңіз . Осының бір өзі ғажайып нәрсе және соны ұғынудың өзі Сізге міндет жүктейді . . . Қош болыңыз , қымбаттым , өзіңізді құшақтауыма , 10 қайтара сүюіме рұқсат етіңіз » , - деп жазады .
Батыс Африка - Африка құрлығының ( материгі ) батыс бөлігінде орнасқан аймақ . Ол орталық Сахара шөлінің оңтүстік тұсынан басталады ( солтүстігі . . .
18 жылдан бері Алматы қалалық сот - медициналық сараптама орталығында сарапшы - дәрігер болып жұмыс істейтін Ерғазы Ерімбетов бұл ғимараттың тым ескілігін , сараптама жүргізетін лабораториялық аспаптары кешегі Совет одағынан қалған « жәдігерлер » екендігін айтады . ФРУНЗЕ САРАПТАМА ЖАСАҒАН ОРТАЛЫҚ - Қазақстандағы сот - медициналық сараптама орталығының арғы тарихы 1928 жылдан бастау алады . 1928 - 1931 жылдар аралығында тарихтан белгілі әскери қолбасшысы Михаил Фрунзенің інісі Константиннің жалғыз өзі мәйіттерге сараптама жүргізіп отырған , - дейді бұл орталықтың әдіскер - сарапшысы Әбдіманап Айдарқұлов . Әбдіманап Айдарқұлов та Ерғазы Ерімбетовтің « аспаптарымыз ескірген » деген сөзін құптайды . - Денсаулық сақтау министрлігіне қараймыз . Министрлік ана мен баланың денсаулығы , жұқпалы аурулар секілді әлеуметтік маңызы бар мәселелерге көңіл аударады . Ал біз соңғы қатарда жүреміз , - дейді ол . « Өркениетті елдерде оқиға болған жерде тамған қанды алып келіп , арнайы аппаратқа салу арқылы бір демде ондағы қан дағын гендік жағыннан жүз пайыз анықтап береді . Бізде ол үрдіс бірнеше сатылардан өтеді . Мәселен , біздегі сот - медициналық биология бөліміне тапсырады . Олар қанның түрі , тобы дегеннен бастап , оншақты системаны жеке - жеке тексереді , уақыт оздырады » дейді Әбдіманап Айдарқұлов . Ол Совет одағы тұсындағы өздеріне тиесілі жеңілдіктерден қазір айрылып қалғандарын айтады : - Совет одағының тұсында сот - медициналық сараптама қызметкерлерінің жұмыс уақытын күніне бүгінгідей алты сағат емес , бес сағат деп белгілеген . Ал зейнетке шығар кезде бір жылдық жұмыс өтілін екі жылмен пара - пар есептеген болатын , - дейді әдіскер - сарапшы . Ал сарапшы - дәрігер Ерғазы Ерімбетов : - Осында қызмет істейтін 150 адамға тиесілі - бір жуынатын бөлме мен екі әжетхана ғана . Сараптама жасап келгеннен кейін отырып дем алатын арнайы бөлме де жоқ , - дегенді айтады . МӘЙІТТІҢ « ҚҰНЫ » Алматы қалалық сот - медицина сараптама орталығының әдіскер сарапшысы Әбдіманап Айдарқұловтың айтуынша , 2011 жылға дейін мәйіттерді алу тегін болған . - 2011 жылдың басына дейін сот - медицина сараптамасы мемлекеттік қызмет есебінен тегін жүрілген болатын . Ал осы жылдың басынан бастап ақылы қызмет көрсетуге рұқсат берген . Бірақ ол көп ақша емес , - деді . Алайда мәйітхана есігінің алдында тұрған адамдар ақылы қызметтің құны « көп ақша еместігіне » күмән келтірді . - Бұл жерден бұған дейін де туысымның мүрдесін алғанмын , - дейді ұлты ұйғыр бір азамат . - Мүрдені алу үшін төленетін ақшаның жалпы сомасы - 30 мың теңге . Егер сол 30 мыңның үстіне 300 доллар қоссаң , мәйітті 15 минутта дайындап береді . Оның сөзін « Семейден келдім » деп таныстырған азамат та қостап , « Мәйітхана басшылығы мүрдеден алынған қанның алты жерге жіберілетінін айтып , сүйегін бірден алып кетуге мүмкіндік бермей отыр » деп налыды . Бірақ мәйітхана қызметкерлері « Мәйіт ары кетсе бір күн , әйтпесе жарты күнде туыстарының қолына тапсырылады » дейді . ДӘРІГЕРДІҢ АЙЛЫҒЫ Осы уақытқа дейін мыңдаған мәйіттерді тексерген Ерғазы Ерімбетовтің айтуынша , ол үшін басты мәселе - мәйітті әкелген құқық қорғау өкілдерінің сауалдарына жауап табу . - Адами тұрғыдан қарағанда , көшеден әкелінген мәйіт неден өлді - ең бірінші соған басты назар аударамыз . Алдыменен іш құрылыстарын тексеріп , неден өлгенін анықтаймыз да , полицияға қорытындымызды жазып береміз , - деген Ерғазы Ерімбетов « ең қиыны - дүние салғанына үш - төрт күн өтіп кеткен немесе апатқа ұшырап , мылжа - мылжасы шыққан мәйіттерге сараптама жүргізу » екенін айтты . Азаттық радиосы тілшісі мұндай ауыр жұмыс істейтін дәрігерлердің жалақысы қанша екенін білмек болып еді : - Жұмысымыздың ауырлығы мен ластығына қарамастан жалақымыз әдеттегі дәрігерлердің еңбекақысымен бірдей , - деді .
2010 жылы бағамды ұстап тұруға жұмсалған қаржы немесе валюта нарығында $ 2 млрд сатып алынды , 2011 жылдың алғашқы айларында ғана $ 3 , 8 млрд сатып алынды . Ал 2008 жылғы қарашадан 2009 жылғы ақпанға дейін Ұлтты банктің алтын - валюта қоры $ 3 , 7 млрд - қа қысқарғанын да ұмытпау керек . Бұл қаржының басым бөлігі бағамды ұстап тұруға жұмсалған шығар .
42 . Бiлiм беру грантын алған азаматтарға білім беру саласындағы уәкілетті орган белгiленген үлгiдегi куәлiкті бередi .
кезде ғылымда объективті қажеттілік бар және алғышарттар пайда болды және басқарудың президенттік үлгісі және оның даму тенденциясы мен перспективті анықтаумен Қазақстан Респуликасының қалыптасу мәселесін толық талдау мүмкін .
17 ) мемлекеттік қызметтердің регламенттері мен стандарттарын әзірлеуді ұйымдастырады ;
АРЫСТАН ( 24 . 07 - 23 . 08 ) . Бұл аптада бір минутты да жоғалnпаңыз . Уақытыңыз зая кетпесін . Осы кезеңде жасайтын тірліктеріңіздің барлығы да жасалып бітуі керек . Осылай етсеңіз көздеген мақсатыңызға қол жеткізесіз және жұмысыңыз да табысты болмақ .
Қазақстан барлық қазіргі бар ұжымдық қауіпсіздік жүйелері арасындағы стратегиялық үнқатысуды жолға қоюға белсенді жәрдемдесетін болады .
Әкімнің баяндамасына қара ғанда , облыс экономикасы өткен жылы айтарлықтай алға жыл жы ған . Мәселен , өнеркәсіп сала сының өнімдері былтырғымен салыстырғанда 30 пайызға арт қан . Ал ауыл шаруашылығы өнімдерінің өсімі республикалық орташа көрсеткіштен 8 пайызға жоғары екен . Мемлекет пен бизнес арасындағы әріптестік бай ла ныс арта түскен , осының арқа сын да көптеген жаңа өндіріс ошақ тары ашылып , әлеуметтік нысандардың құрылыстары бас талыпты . Бизнестің облысқа белгілі мүшелері Владимир Акулов , Қайрат Мусин , Ришат Ахмадиев , Василий Воропаев және т . б . көмектер жасаған .
· Ауыр жұмыстарда , еңбек жағдайлары зиянды ( ерекше зиянды ) және ( немесе ) қауіпті жұмыстарда істейтін қызметкерлер үшін жұмыс уақытының аптасына 36 сағаттан аспайтын қысқартылған ұзақтығы белгіленеді .
2 ) өз құзыреті шегінде реттелетін салаларда нормативтік құқықтық актілерді әзірлейді және бекітеді ;
Бұл міндеттерді жүзеге асыру үшін сіздердің жаңа буын заңдарын қабылдап , олардың жүзеге асуларына ықпалды бақылауды қамтамасыз етулеріңіз керек . Конституциялық реформалар нәтижесінде Үкіметтің биліктің заң шығарушы тармағы алдындағы есептілігі күшейтілуіне байланысты ол үшін барлық мүмкіндіктер бар .
Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Тіркеу қызметі және құқықтық көмек көрсету комитеті , облыстардың , Астана және Алматы қалаларының Әділет департаменттері , сондай - ақ Халыққа қызмет көрсету орталықтары
Сонымен не керек , мен Шұбартауға , ата - бабам мекен еткен жерге кететін болдым . Шешем жылап - сықтап жүріп , киім - кешегімді жинап , батасын беріп , шығарып салды .
5 . Исматулла мырзаға да , Саят мырзаға да және басқаларға да менің ешқандай теріс көзқарасым жоқ . Олар да қазақтың атпал азаматтары . Олар да өз көзқарастарын дұрыс деп санауға құқы бар . Бірақ , кез - келген көзқарас тек бейбіт жолмен ғана күш - құралсыз жүзеге асуы керек . Мен ол кісілердің тез арада бостандыққа шығып , өз отбасыларына оралуын шын жүрекпен тілеймін .
100 - ден астам ғылыми жұмыстардың , оның ішінде 20 монографияның , кітаптардың , оқу құралдары мен анықтамалардың авторы .
Негізгі ғылыми еңбектері адам биохимиясына арналған . Миоглобин және басқа хромопротеидтер биохимиясын зерттеді . Миоглобиннің ет қызметіне , жануарлар жүйке жүйесіне тигізетін әсерін анықтады . Алматы мемлекеттік медицина институты жанында орталық ғылыми - зерттеу зертханасын ұйымдастырды .
Зерттеуші тілге тиек еткен ақиқат біздің елімізді де айналып өткен жоқ . Халқының 70 пайыздан астамы ислам дінін ұстанатын Қазақстанда бүгінгі таңда жергілікті жерлерде мешіттер саны жылдан - жылға өсіп келеді , дін қызметкерлерін даярлайтын орта және жоғары оқу орындары ашылу үстінде . Сондай - ақ , жүздеген шәкірт Түркияның , Мысыр мен өзге де араб елдерінің білім ордаларында тәлім - тәрбие алды . Рухани тақырыпқа қалам тербейтін журналистер легі , арнайы басылымдар пайда болды .
2 интервалдан кейін баяндаманың тақырыбы бас әріптермен , бояулы таңбамен жазылады ; одан төмен 2 интервалдан соң автордың фамилия және аты - жөні және мекеменің аты , автордың қызметі жазылады ; одан соң 3 интервалдан соң жаңа жолдан баяндаманың тексті , тіркелу нысаны беріледі . Хаттың тақырыбында « Конференция . Қазақстанның қазіргі жағдайында жастарды азаматтық - патриоттық рухта тәрбиелеуді дамыту үрдістері . Зерттеулер мен тәжіриб » деп көрсету қажет .
Халықаралық бағалаулар бойынша , негізгі науқастар түрлерімен ауыратын тұрғындардың 5 пайыздайы денсаулық сақтаудың барлық қызметтерінің 70 пайыздайын ғана пайдаланады .
Президент 2007 жылы жарық көр ген « Қазақстан жолы » еңбегінде ата лып өтілген мемлекеттік саяси - идеоло гия лық , стратегиялық ұстанымдар ту ра лы айта келіп , оның бәрі сонау 1992 - 93 жыл дары болғанын , сол кезде жа рия ланған бағыттардың әлі күнге өзгер мегенін мәлімдейді . « Ал енді осының төрелігін өздеріңіз айтып көріңіздер » , деп елдің қазылығына салады .
Дүниежүзілік босқындар күні пайда болғанға дейін Африканың біраз елі жыл сайын 20 - маусымда Африкалық босқындар күнін атап өтетін . БҰҰ - ның 2001 жылдан бастап 20 - маусымды Бүкіләлемдік босқындар күні ретінде атап өту туралы ұсынысына Африка Бірлігі Ұйымы ( 2002 ж . бастап Африка Одағы ) қарсылық білдірмеді . Африкалық босқындар күні 1969 жылдан бері аталып өтеді .
Зепир америкалық Аризона штатының аспанында тоқтамастан екі апта өткізді . Бұл бұдан бұрынғы Зепир өзі қойған бейресми рекордтан екі есе артық . Зепир британиялық Хампшайрда орыныққан QinetiQ қорғаныс және зерттеу компаниясында жасалған . Бұл Зепир бұдан бұрын жасалған Зепирден 50 пайыз шамасындай үлкен , бұрынғыдан көптеу батарея сыйғызатын қанат құлашы 22 , 5 метр , оған қосымша төтенше жаңа күрделі қуат меңгеретін системасы бар . Қанаттарын қаптаған қағаздан жұқа аморфты кремний күн панелдері таратқан күн қуатымен күндіз ұшқан ұшақ қолмен ұшырылды . Бұл панелдер түнде пайдаланатын литиум - күкірт батареяларына да заряд береді екен . Ұшақ арзан түсетін және тоқтамастан , күндер емес айлар бойы , бақылау жүргізе алады . ' Зепир әлемдегі бірінші және нағыз мықты самолет , ' деді Neville Salkeld , QinetiQ техникалық директоры . ' Біз бұл жетістікке өте қуаныштымыз , ' деді проект менеджеры Jon Saltmarsh . ' Бұл көптеген шынымен талантты ғылымдармен инженерлердің бірнеше жылдық күш салып жасаған істерінің шыңы , ' деді ол BBC News агенттігіне . Төтенше жаңа аэродинамикалық сұлба және биік Т - нұсқалы құйрық ұшақтың ауа кедергісін азайтуға және ұшу қабілетін жақсартуға жағдай жасады . Зепирдің ультра - жеңіл көміртек - талшықтан жасалған құрылымы ұшақтың салмағын 50 кг жасап отыр . Зепирдың әдеттегі пайдаланатын ұшқышты я ұшқышсыз самолеттерден айырмашылығы - базаға жанармай қосу үшін я техникалық қызмет алу үшін жиі қайтып келу керегі жоқ . By Daily Mail Reporter
Сарыарқаның оңтүстік - батыс шетіндегі 240 шақырымға созылып жатқан ұсақ шоқылы , аласа таулы алқап . Биіктігі 400 метрден 1134 метрге дейін жетеді . Едіге тауы , Кішітау дегендей тауларға бөлінеді . Ұлытау төңірегінде түркі қағандығы заманының белгілері - тас мүсіндер көп сақталған . Ұлытаудан Қараторғай , Сарыторғай , Ұлы жыланшық , Терісаққан , Қаракеңгір , Жезді өзендері бастау алады . Ұлытауда ертеде хан ордасы болған . Орда тігілген үй орындары әлі күнге дейін сақталған . Алаша хан , Жошы , Домбауыл кесенелері , басқа да тарихи орындар , көрікті жерлер бар . Дегенмен , далалық өңірдің көбі шөлейт . Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Астана салуға жер таңдағанда , қазақ жерінің қақ ортасы болып саналатын Ұлытаудың басты сәйкессіздігі осы шөлейттігі , яғни су тапшылығы болыпты . Мұнда Қарағанды облысына қарасты Ұлытау ауданы орналасқан . Аудан орталығы - Ұлытау кенті Жезқазған қаласынан солтүстікке қарай 150 шақырымдай жерде . Арқалық қаласынан да сондай қашықтықта . Кент іргесі 1846 жылы қаланған . С . Шүкірұлы
Премьер - Министр Кәрім Мәсімов " Жол картасы " шара ларын жүзеге асыруға бай ланысты " Бұл 2009 жылғы жүзеге асырылған бағдарлама лардың ішіндегі ең сәттісі болды . Сондық тан бұл бағдар ламаны 2009 жылы орын алған оң тәжірибелерді және кемшіліктерді ескере отырып , 2010 жылы да жалғастыру заңды деп есептеймін " деген болатын . Жақында 2010 жылғы " Жол картасы " іс - шараларын сараптауға арналған Үкімет отырысында Премьер - Министр барлық деңгейдегі ведомстволар мен облыс басшыларына осы мақсатқа бөлінген бюджеттік қаржының ел игілігі жолында барынша тиімді пайдала нылуын бақылау қажеттігін ерекше тапсырды .
Елорда соттарының құрылғанынан бастап он бір жылдың ішінде соттардың жұмысын бір қалыпта келтіру мақстанда ғимаратпен , материалдық - техникалық заттармен толық қамтамасыз етіліп , жақсарту шаралары қолға алынуда . Сот жұмысын ұйымдастыруда аз жабдықталған , азаматтарға ыңғайсыз жерде орналасқан бұл екі сот ғимараттары қазіргі күні жайлы ортаға көшірілді . Алматы аудандық соты Пушкин көшесі 164 / 2 мекен - жайына орналастырылса , Сарыарқа аудандық сотына Дружба 018 көшесіндегі ғимарат берілді . Ол жерде сот әділдігін жүзеге асыруға , азаматтарды қабылдауға арналған барлық жағдайлар жасалынған . Сонымен қатар , судьялар орг - техникамен , кеңсе жихаздарымен жабдықталған жеке жұмыс бөлмелерімен толық қамтамасыз етілген . Сот отырысын жүргізуге арналған қажетті залдар жеткілікті , олардың кейбіреулері дауыс жазу ұнтаспаларымен жабдықталған .
Қазан революциясынан кейінгі жылдары Қазақстанның мәдени өміріне белсенді араласып , көшпелі цирктер ұйымдастырған . 1927 жылы Қазақ АКСР Орталық Атқару Комитеті
- Менің сапарым Қазақстан тәуелсіздігінің 20 жылдығына тұспа - тұс келді . Мен халықтың еркінің және Президенттің данагөй бас шы лы ғының арқасында сіздердің елдеріңіз даму қар қы нының жоғары көрсеткішіне одан әрі де қол жеткізе беретініне сенемін , - деп атап өтті Иран Президенті .
Бұдан әрі Қазақтың ұлттық конгресі , « Атамекен » Ұлттық экономикалық палатасы секілді құрылымдарды қарастыруға болар еді . Қазақтың ұлттық конресінде тек Әділ Тойғанбаевтың аты таныс . Сондықтан , оның негізінде партия құрыла қалса да , мысалы , « Қазақстанның патриоттар партиясынан » еш айырмасы болмай қалады . Ал « атамекендіктер » ат - тонын алып қашып , саясатқа араласпаймыз деп жатқанымен , бұған « сенім » аз болып тұр . Себебі , әрбір облыста қалыптасқан өкілдігі , мықты қаржылық негізі бар , дамыған құрылымды партияға айналдыра салу қашан да оңай . Осы одаққа қатысы бар деген Тимур Құлыбаев та , Азат Перуашев та сөзге берік , іске адал азамат екендіктерін көрсетіп келеді . Тұтас бизнестің партиясы болмасын десе , тағы бірер құйыршық партияларды қосып беріп , түрлі мүддені қамтитын титанға айналып келе салады . Әрине , бәрін алдағы уақыт көрсетеді .
3 . Аренова Асыл Қадыржанқызы - педагогика ғылымдарының докторы ,
Қазір әлемдік қоғамдастықта қазақстандық даму жолы туралы айтатын болды . Бізді сыйлайды , өйткені біз күшті экономикасы бар және халықаралық қоғам дастықтағы берік ұстанымға ие аймақтық державаны құрдық . Біз бұл мәртебені бағалаймыз . Оны нығайту үшін ең батыл қадамдар жа саймыз . Біздің тәжірибеміз әлемдегі көптеген транзиттік мем лекеттерге үлгі бола алады .
Республиканың Конституциялық соты Украинаны Парламенттік ел деп жариялаған 2004 жылғы реформаның күшін жойып , оның орнына 1996 жылғы конституцияны заңды деп жариялады . Бес жыл бойы Парламенттік болған елді енді Президент басқаратын болды . Жоғарғы раданың 252 депутатының жазда жасаған бұл ұсынысы қолдау тапты . Өткенге оралудың бірден бір себебі - 2004 жылы қызғылт төңкеріс кезінде асығыс қабылданған конституцияда бірнеше қателіктің болуы . Оларды қайта түзеткендіктен Ата заң бастапқы қалпынан мүлдем өзгеріп , ойдағыдай шықпады . Аяқ асты қабылданған бұл реформаның нәтижесі баршамызға аян . Сұлтан Әкімбеков , Әлемдік экономика және саясат институтының директоры : - Украина парламенттік басқару жүйесіне дайын емес болып шықты . Бұл қадам мемлекетті басқаруды қиындатып , елдің бағытын әлсіретті . Өйткені кез - келген жағдай президент пен парламент арасындағы қатынасты шиеленістіріп , биліктің өзін бірнеше топқа бөлді . Министрліктердің өзі парламенттен ажырады . Оған қабылданған реформадағы шикіліктер басты себеп болды . Сарапшылардың пікірінше , ол кезде жағдайды қалпына келтіру үшін парламенттік жүйені күшейту дұрыс деп табылған еді . Себебі - бұл Ющенко бастаған « қызғылттар » мен Янукович көшбасшы аболған « көктер » төңкерісінің мәмілеге келу шарты болатын . Ал бұл ортақ шешімнің үлкен қателік болғанын бүгінгі күн көрсетіп отыр .
2 . Белсенді азаматтық позицияны қалыптастыру , қазақстандық патриотизмге және құқықтық мәдениетке тәрбиелеу
« Осы орайда біз басқа уақытта , нарықтық экономиканың заңдары бойынша өмір сүріп жатқанымызды еске салып өткім келеді . Біз бір де бір мемлекеттік кәсіпорынды , бір де бір ұлттық компанияны , шетелдік холдингті міндеттей алмаймыз ( білім несиесін алған ЖОО түлегін жұмысқа қабылдауға ) . Барлық құрылымдарда қызметкерлер жұмысқа конкурстық негізде қабылданады » , - деді Ж . Түймебаев .
- Далаға шыққан әр сапарда , бір жағынан , тынығып қайтсам , екінші жағынан , жаңа ойлармен , идеялармен қаруланып қайтамын . Жалпы , сапарымыз сәтті болды , өзіңізге өткен жылы берген бір сұхбатта айтқанымдай , балбал тастардың таралу ерекшелігін зерттеу мақсатында біздер Семейдегі Шыңғыстау , Павлодардағы Баянауыл мен Қызылтау , Ақмоладағы Ерейментау , Жамбылдағы Шу мен Меркі және Қырғызстанмен Моңғолияға сапар жасадық . Сонымен қатар Ресейдің Мәскеу , Барнаул , Горно - Алтайск қалаларындағы мұражайлардың қорымен танысып , суретке түсірдік . Сол сұхбаттан соң Ақтоғай ауданының әкімінен хат келіп , сол хатта ауданда біраз ескерткіштердің бары , солардың да қамтылғаны дұрыс болады дегендей ұсыныс түскен еді . Екі рет жиналып , барайын деп тұрғанымызда жұмыстағы әртүрлі шаруаларға байланысты кейінге қалдырып , міне , көктемгі мереке күндері жолымыз түсіп , сол өңірді аралап қайттық . Ең бастысы , өз жеріңнің , еліңнің тарихын сүйіп , соны сақтап , қорғап жүрген тұлғалармен танысып , рухани тұрғыдан тағы бір байып қалдық . Сапарларымыздың басты жетістігі - осындай қауышулар . Ал мұражайлар тақырыбын өткен жылғы сұхбатымызда да қозғадық емес пе ? ! Сол Ақтоғайда болғанымда , маған аудандық мұражай шынымен де ұнады . Мен көптеген әріптестеріме осы мұражайды барып көрсе екен деп кеңес берер едім . Біріншіден , онда тақырыптық экспозициялар өте көп : Алаш қайраткерлері , Әлихан Бөкейхановтың 145 жылдығы , т . б . мерейтойлық даталар бар . Ұлт - азаттық қозғалыс тақырыбына арнайы экспозиция ұйымдастырылған . Өкініштісі , біздің мұражайлардың көпшілігінде мұның ешқайсысы қамтылмаған . Қазір де мұражайларға барып көрсеңіз , онда басқасын айтпағанда , сол Тәуелсіздіктің 20 жылдығы сияқты тақырыптардың кең көлемде қозғалып жатқанын көре алмайсыз . Біздің мұражайлар экспозиция , көрме ұйымдастыру форматымен жұмыс істемейді . Мәселен , шетелге барсақ , мұражай экспозицияларының жыл сайын өзгеріп тұратынын байқаймыз . Себебі олар тұрақты экспозициялармен қатар , тақырыптық көрмелер де ұйымдастырып тұрады . Бүгін ол Қытайдың Терракот әскерінің көрмесі болса , ертең Мысыр ескерткіштері болуы мүмкін . Біздің мұражайларда тақырыптық экспозициялар жоқ . Мәселен , үш айда , не жарты жылда дәстүрлі киім , зергерлік бұйымдар , қару - жарақ , т . б . немесе оқиғаларға арналған - Тәуелсіздіктің 20 жылдығы , Абылай ханның 300 жылдығы , тіпті биыл ескерусіз қалған Желтоқсанның 25 жылдығы сияқты тақырыптық экспозициялар ұйымдастырып тұру қажет . Жалпы , мұражайға балаларды тым болмаса жылына бір рет апарып тұру керек . Бұл балалардың тарих туралы жүйелі көзқарасының қалыптасуына сеп болады . . . Өкінішке қарай , біздің мұражайларға балаларды бір апарғаннан кейін , амал жоқ , екінші рет онда апара алмайсың . - Біздің тарихшылар « Отарлық саясат билеген заманда 300 - ден астам ұлт - азаттық көтеріліс болғанын » жиі айтады . Бірақ біз бұл көтерілістердің тым құрығанда елуін білмейтін сияқтымыз . Бұл миф пе , әлде шындық па деген сауал туындамай ма ? Неге халыққа соның бәрін де танытуға тырыспаймыз ? - Шынын айтсам , мұндай сұрақтың қойылатынын білген жоқпын . Бірақ кеше ғана баспадан ұлт - азаттық күрес тарихына қатысты жинақты алдыртқан едім . Мен сізге сол « Қазақ ұлт - азаттық қозғалысы » деген 18 томдық кітапты сыйлайын . Бұл алуан түрлі құжаттардың жиынтығы . Зерттеушілер үшін , жалпы , қазақ тарихымен қызыққан адамдар үшін бұл өте маңызды материалдар . Есімде , осыдан үш жыл бұрын Президент әкімшілігінде қызмет етіп жүрген кезімде Елбасымен жұмыс бабымен кездесіп отырғанымда , ол , ең қызығы , сіз қазір қойып отырған сұрақты маған сонда дәл осылай қойып : « Ерлан , еліміздің тарихында зерттеушілердің айтуынша , 300 - ден астам ұлт - азаттық көтеріліс пен қозғалыстар болған екен . Мұның бәрін халық біле бермейді ғой , өз тарихымызды біз әлі жүйелі көрсетіп жатқан жоқпыз ғой . Өкінішке қарай , біз ұлт - азаттық көтерілістердің басын айтамыз да , аяғын айтпаймыз . Ата - бабаларымыздың қалай соғысқанын айтамыз , бірақ кіммен күресіп , не үшін құрбан болғанын қозғай бермейміз » - деген еді . Сонда Президенттің көксегені , барлық зерттеу орталықтары мен тарихшылардың , мамандардың ортақ ұстаным бойынша жұмыс істеуі болатын . Шын мәнінде де , Елбасының айтып отырғаны дұрыс . Мәселен , қазіргі мектеп оқулықтарын қараңыз . Жастардың ұлттық санасы білім беру жүйесінде қалыптасады . Тарих оқулықтарында Тәуелсіздікке қатысты тақырыптар бар : Қазақстанның отарлануы , Коммунистік партия тарихы , т . б . Өкініштісі , кеңес заманының , соның ішінде Коммунистік партияның тарихы бірнеше бөлімге ұласса , Алаш тақырыбы толық қамтылмаған . Жоғарғы сынып оқушыларына арналған тарих оқулығында аштық тақырыбына бір - ақ абзац арналған . Аштықта 2 миллионнан астам қазақ қырылды , бірақ оған біз екі жол сөйлемді ғана арнаймыз . Ал біз неге тарих туралы айта береміз ? Себебі ұлттық сананың негізі - тарихи таным , тарихи сана - сезім . Сен өзіңнің қайдан шығып , қалай жаратылғаныңды білмей , бұл өмірге келуіңнің мақсатын да түсінбейсің . Сондықтан түбіңді білуің керек . Ұлттық сана - сезім қалыптасуы үшін мұның бәрі оқулықтарда қамтылуы керек . Сондықтан 300 - ден астам ұлт - азаттық көтеріліс , Алаш қайраткерлерінің қызметі , аштық , репрессия сияқты тақырыптар оқулықта , кинода , яғни іздемей - ақ табатын жерлерде болуы тиіс . Ал біз мұның бәрін іздеп жүріп табуға мәжбүрміз . Бірақ шын мәнінде кім мұны іздеп жүреді ? - Бір айта кетерлігі , ғаламтордың дамуымен әлем елдері дәстүрлі кітап шығарудан бөлек , электронды кітаптар мен кітапханалардың дамуына ден қоюда . Ал біз көштен қалып жатқан жоқпыз ба ? Мәселен , жастардың бәрі « М - агент » , « Twіtter » , « Facebook » сияқты әлеуметтік желілерде отыр . Кітапты интернет арқылы оқитын ұрпақ қалыптасып келеді . Бәлкім , біз жастарды сол ғаламтордан тауып , оларға өз тарихын ұсына білуіміз қажет шығар . . . - Дұрыс айтасыз . Менің де айтып отырғаным сол . Бізде тарихи , ұлттық бағытта жасалып жатқан жұмыстар аз емес . Жоғарыдағы ойымды аяқтасам , Елбасы ұлт - азаттық қозғалыс турасында тың зерттеулер жоқ дегесін , өзімше білгенімді айтайын деп , « Жоқ аз емес , жетерлік , міне , жақында елімізде көптомдық жинақ шықты , одан да басқа Желтоқсан , Алаш тақырыбына қатысты жаңа кітаптар шығып жатыр » - деп едім , сонда Елбасы : « Кітаптар шығарылып жатыр . Бірақ ол кімнің қолына тиіп жатыр ? ! Тіпті менің қолыма да тимейді ғой » дегені есімде . Яғни қыруар ақша жұмсалып жатқан ғылыми ізденістердің , нәтижелердің қолжетімдігі - өзекті мәселелердің бірі . Міне , жақында Әлихан Бөкейхановтың бес томдығын алайын деп , баспаға хабарласқан едік . Олар Министрлікпен келісімге сәйкес кітаптың бәрі кітапханаларға таратылғанын айтты . Сөйтіп , менің өзім де ала алмадым . Ал шынтуайтында , сол ғылыми жұмыстардың қолжетімділігі ол тек - сол кітаптардың кітап дүкендерінде сатылып тұруында емес , ал бірден оқулықтарға жаңартылып енгізіліп отыруында . Яғни бір сөзбен айтқанда , « Мәдени мұра » аясында том - томдап шығып жатқан кітап болсын , басқа дүниені сол бойда сараптап , талдап , оқу жүйесіне бейімдеп оқулықтарға көшіріп отыру қажет . - Ал электронды нұсқасын арнайы сайттарға орналастыруға болмай ма ? - Ол да бар . Қазіргі заман шынында да басқа . Бүгін біз балаларды іздеп жүріп , тарихты алдарына өзіміз ұсынуымыз керек . Қазір баланың алдында таңдау көп . Біздің заманымыздағыдай кинотеатрларда ай сайын тек бір фильм жүрмейді , тек 2 - 3 арна ғана көрсетілмейді . Әлі есімде , ол кезде жалғыз « Қазақ радиосын » тыңдайтынбыз . Мен кейде : « Бойымда қазақылық қасиеті қалыптасқан болса , оның жарты пайызы - әке - шешемнің тәрбиесі , қалған жартысы - « Қазақ радиосының » еңбегі » деймін . Күні - түні « Қазақ радиосынан » әнді де , ертегіні де тыңдайсың . Тәрбиелік мәні зор . Егерде қазіргідей 20 радио болса , біз « Қазақ радиосын » тыңдар ма едік ? Сондықтан қазіргі ұлттық саясат жүргізудің бір әдісі - қазіргі балаларды іздеп , табу және оларға басқа нәрселерге еліктеп кетпейтіндей деңгейде ұлттық тарихты насихаттай білу . Мәселен , бүгінде Алматыда жиырма шақты кинотеатр болса , Астанада жеті шақты кино орталықтары бар , бірақ бірде - бір дұрыс кітап дүкенін Елордадан таппайсыз . Абай көшесінің бойында шағын кітап дүкені тұр . Мәскеудегідей екі - үш қабатты кітап дүкендері атымен жоқ . Өкініштісі , кітап дүкендерінен жаңадан шығып жатқан тарихи құнды кітаптарды табу қиын . Ал екінші жағынан , шынын айтқанда , қазір кітап дұрыс оқылмайды , әсіресе , жастардың көбісі ғаламторда отыр . Сондықтан бұл кітаптардың электронды нұсқаларын міндетті түрде тарату керек . Әрине , сол « Мәдени мұра » сияқты басқасының да ғаламторда сайттары бар , бірақ ол мамандарға арналған , ал менің айтып отырғаным - көпшілікке арналған ресурстар . Жақында менің балам бір кластасының туған күніне баратын болып , бірге сыйлық іздедік . Балам досының Ежелгі Рим тарихымен қызығатынын айтқан соң , дүкеннен сондай кітапты сатып алдық . Кітап өте қызық жазылып , суреттермен безендірілген . Ежелгі Римнің күрделі тарихын қарапайым , қысқа сөздермен беріп , әскерінің киімінен бастап , соғыстарына дейін қанық суреттермен безендірген . Екі күннен кейін менің балам әлгі кітапты өзі - ақ оқып , қазақ тарихынан гөрі , Рим тарихын жақсы біліп шықты . Ал бізде ондай нәрсе жоқ , ғалымдарымыз да барлығы үлкен дүние жазғысы келеді . Сондықтан мен жаңа бір ойға келдім , атымызды шығару үшін тек үлкен - үлкен кітаптарды шығарумен әуестенуімізді қоюымыз керек . Тың ғылыми , академиялық кітаптар да керек , бірақ сонымен қатар нағыз отансүйгіш болсаң , балаларды да қызықтыратындай кітап шығаруымыз тиіс ! - Жақында елімізде Бүкіләлемдік қазақтардың құрылтайы өтті . Өкінішке қарай , жыл өткен сайын бұл құрылтайдың да қадірі кетіп бара жатқан сияқты . Бір өкініштісі , сырттан келетін қазақ көші де саябырсыды дегендей мәліметтер де беріліп жатыр . Жалпы , қазақ құрылтайына неге үлкен дайындықпен келмейміз ? - Өз басым Қазақ құрылтайына биыл бірінші рет қатыстым , бір жағынан , Елбасының сөзін тыңдап , екінші жағынан , құрылтайға келген қандастарымызбен таныстым . Ұйымдастырушылардың айтуынша , биылғы құрылтайға 35 елден қатысқан делегаттардың 60 пайызы жастар екен . Олай болса , бұл шынында да жақсы жаңалық . Шынын айтсақ , біз осыдан 20 жыл бұрын бастаған Қазақ құрылтайының форматынан кетуіміз керек . Біздің ұғымымызда құрылтай тек бірер жылда ұйымдастырылатын жиын ретінде қалып отыр . Есіңізде болса , алғашқы құрылтайлар үлкен той сипатында өтті . Құрылтай талқылауға , ойлауға емес , тойлауға ұласып кететін болса , онда оны құрылтай деу қиын . Елбасының құрылтайдағы сөзінің негізгі бір тезистерінің бірі де осы . Екіншіден , құрылтай тек көшіп - келу тақырыбымен шектелмесе екен . Мысалы , өкінішке қарай , біз оралмандар мәселесіне тек миграциялық қырынан қараймыз . Сондықтан бізде миграциялық органдар елге келіп жатқан қытайлармен де , көшіп жатқан қазақтармен де қатар айналысады . Меніңше , біздің қандастарымыздың мәселесін гастербайтерлермен айналысатын комитеттен бөлек алып қарастыру қажет сияқты . Сондықтан құрылтайға жалпы , қазаққа қатысты , қазақтың бірлігі мен ынтымағын нығайтатын , қазақтың тағдырына , болашағына қатысты , тың , жүйелі тақырыптарды шығарсақ жөн болар еді . Әйтпесе , дүниежүзіндегі қазақ үш әліпбиді пайдаланып отырса , елдегі қазақ әртүрлі тілде сөйлеп отырса , діннің өзінде бөлініп , жіктеліп отырсақ - ендігі құрылтайлардың қажеті мен пайдасы қандай болмақ ? - Кеш болса да , Діни агенттік құрылып жатыр . Ал өткенде Ақтөбеде , жақында Астанада жарылыс болды . Бір жағынан , бұл жарылыстар тәлібтердің Қазақстаннан әскердің әкелінуіне байланысты қарсылығымен тұспа - тұс келсе , екінші жағынан , дінтанушылар сәләфиттік ағымдардың күшейгеніне алаңдайды . Жағдайдың ушығуына ақпаратты жабық ұстау да себеп емес пе ? - Бұл жарылыстардың терроризм мен экстремизмге қатысы болмаған күннің өзінде елімізде соңғы үш - төрт жылда осындай үрдістің күшейіп бара жатқанын жоққа шығара алмаймыз . Әрине , құзырлы органдар өз ұйғарымын шығарып жатыр . Бірақ соңғы үш - төрт жылдағы статистиканы қарасаңыз , жыл сайын елімізде « Терроризм бабы » бойынша 20 - ға жуық азамат сотталып жатыр . Егер олар бірдеңені жарамыз деп , әрекет етпеген болса , оларды неге соттайды ? Осыдан екі жыл бұрын Ұлттық қауіпсіздік комитетінің бұрынғы төрағасы бір мәлімдемесінде : « Жыл сайын ҰҚК үш - төрт террористік актінің алдын алады » деп айтқан еді . Яғни болайын деп жатқан террорлық актіге жол бермедік деген сөз ғой бұл . Соған қарағанда , шынында да мұндай әрекеттер бар . Қазірше , біздің құқық қорғау органдарының оларды уақытында әшкерелеп , қамауға алып , жауапқа тартуға әлдері жетіп жатыр . Ал бірақ Құдай сақтасын , бір күні олардың күші жетпесе , не болады ? ! Екінші мәселе , жылдан - жылға қазақ азаматтарының шетелде террористік пиғылдағы іс - әрекеттермен әшкереленіп отырғаны алаңдатады . Мәселен , Ресейде , Солтүстік Кавказда сондай фактілер болды . Өткен жылы Қырғызстанда террористік пиғылмен Қазақстан азаматы тұтқындалды деген ақпарат шықты . Сондай - ақ Пәкстанда , Ауғанстанда біздің елдің азаматтары ұсталған еді . 2003 жылы Қазақстанның үш азаматы өздерін Ташкентте жарды . Сонда мен де : « Қазірше біздің азаматтар өздерін шетелге барып жарып жатыр , ал ертең өз елімізде жаратын болса , не істейміз ? » деп , алаңдаушылық білдірген едім . Яғни бүгінгі біздің дауымыз жай ғана әңгіме . Билік пен оппозицияның бітпейтін дауы рухани салада жіберілген кемшіліктер мен олқылықтардың жанында баланың уайымы сияқты боп қалады . Әрине , ақпаратты жиып , шектеп беру бір бөлек әңгіме , оны да түсіне аламын . Айналаға дүрбелең салып , дабыл қағып , « енді міне осы зұлым , бәле бізге келді » деп , байбалам салып , одан бетер елді дүрліктіруге де жол беруге болмайды . Бірақ басты мәселе - төніп тұрған қауіп - қатерді мойындамау немесе сол қауіптің деңгейін төмендетіп , не әсірелеп , күшейтіп көрсету . Кей кезде белгілі бір қауіп - қатерден сондай практиканың өзі де бірдей қауіпті , оны да естен шығармауымыз қажет . Ол тек терроризмге емес , басқа да проблемаларға қатысты . - Сұхбатыңызға рақмет ! Әңгімелескен Кәмшат ТАСБОЛАТ
Египеттік дін туралы мәліметті Плутарх Херонскийдің ( 46 - 120 жж ) « Об Изиде и Осирисе » еңбегінен білуге болады . Ол өз кітабында Изиде мен Осиристің барлық Египет пен антика әлеміне ықпалы туралы баяндайды . Ондағы дінді сипаттай келе , грек - шығыстың діни - философиялық дүниетанымдық көзқараста қарастырады .
Спорт түрлерін өрістетуде айтарлықтай ауыртпалықтар да жетерлік . Жоғары білікті жаттықтырушылар тапшылығы , жақсы жарақтандырылған қазіргі заманға сай ғимараттардың жоқтығы аудандағы спорттың өркендеуіне тежеу болып отыр . Қазіргі қолданыстағы спорт ғимараттары аудан тұрғындарының төрттен бірінің қажетін ғана өтейді және көптеген спорт нысандары техникалық жағынан қолдану талаптарына сай келмейді . Осындай мәселені түбегейлі шешу үшін бұдан бес жыл бұрын аудан орталығында спорт кешенінің құрылысы жоспарланып , қажетті жобалық - сметалық құжаттамасы , техникалық - экономикалық негіздемесі дайындалды . Содан бергі аралықта бұл жоба қағаз бетінде қалып , іс ілгері жылжымады . Соның салдарынан спортзалдары үнемі босамайтын болды . Спорт мектебінің бокс және теннис залы күрделі жөндеу жүргізілмегендіктен әбден тозып тұр . Ұлттық ат спорты дамыған Бірлік ауылдық округінде ұдайы спортпен шұғылданушылар тұрғындарының жалпы санының 16 , 5 пайызын құраса , ал спортзалдары жоқ Аршалы , Терістаңбалы ауылдық округтерінде бұл көрсеткіш 3 пайыздай ғана . Үш жыл бұрын « Мейірім » лагерінің жанынан шаңғы базасы ашылды . Алайда қысқы спорт түрлерінің кең өріс алуына сол базаның ешқандай ықпалы байқалмайды , мұнда да кәсіби жаттықтырушылар жетіспейді . Мектептегі дене тәрбиесі пәні мұғалімдерінің 65 , 4 пайызының ғана жоғары білімі бар . Жалпы , шалғай елді мекендердегі мектептерді білікті мамандармен қамтамасыз ету жағдайы да өзекті мәселе болып отыр . Ауданда салауатты өмір салтын қалыптастыруға бағытталған бағдарлама әзірленді . Ендігі мақсат - дене тәрбиесімен және спортпен тұрақты айналысатын тұрғындар санын 16 пайызға дейін жеткізу . Қазақстан Республикасында дене шынықтыруды және спортты дамытудың 2007 - 2011 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асырудағы талап та осындай .
« Тәулік бойы қазақша хабар тарататын үш телеарна ашылады » деген тақырыппен « Айқын апта » газеті ( № 231 ( 1414 ) / 10 желтоқсан / бейсенбі / 2009 ) « Ана тіліндегі ақпарат пен бағдарламаларға сусап , ақиқаты жарымай келе жатқан қазақ тілді аудиторияның « көз жасы » жоғарыға жеткен сынды . Құдай қаласа , таяу болашақта Қазақстанда тәулік бойы тек мемлекеттік тілде , яғни 24 сағат бойы тынбастан хабар тарататын 3 бірдей телеарна ашу көзделіп отыр . . . Мемлекеттік хатшы - Сыртқы істер министрі Қанат Саудабаев . . .
Мемлекеттік « Жол картасы » бағдарламасы бойынша кәсіпкерлерік ( профобучение ) - 5 адам оқуға жіберілді - электрик , жүргізуші ,
Қадыр Мырза Әлі 1935 жылы 5 - қаңтарда Батыс Қа зақстан облысының Жым питы кентінде туған . 1958 жылы Қазақ Мемлекеттік университетінің филология факультетін бітірген соң еңбек жолын сол кезде жаңадан ашылған « Балдырған » жур - налында бастаған . 1962 - 1965 ж . ж . « Жұлдыз » журналында поэзия және сын бөлімінің мең ге рушісі , жауапты хатшы , Бас редактордың орын басары , 1968 - 1973 ж . ж . « Жазушы » бас пасында поэзия бөлімінің меңгерушісі , Қазақстан Жазу шылар одағында поэзия сек циясының кеңесшісі қызмет терін атқарған . 1993 жылдан бастап біраз уақыт « Балауса » баспасының директоры , 1985 - 1994 жылдар аралығында Қа зақ КСР Жоғарғы Кеңесінің екі дүркін ( XI , XII шақы рылым дарының ) депута ты болды .
Ақмола лагерінде әйгілі орыс балеринасы Майя Плисецкаяның анасы Рахиль Плисецкая да қамауда отырды . Ол сегіз жылға сотталған еді . Бастапқыда Бутырка түрмесіне қамалып , « халық жауының » әйелі ретінде үкім шығарылған соң сегіз айлық ұлы Азариймен бірге Ақмола лагеріне айдалған .
Өз кезегінде Беларусь Президенті Мемлекет басшысына жылы шырайлы қабылдауы мен қонақжайлығы үшін ризашылығын білдірді .
Аббас бен Әли ( ғ . ) х . қ . ж . с . б . 26 жылы 4 - ші шабанда Мәдине қаласында дүниеге келді . Аббастың есімі батылдық және жомарттық ұғымдарымен ұласып кеткен , ол туралы барлық жерде жанкештіліктің ең жарқын үлгісі ретінде еске алынады . Хазіреті Аббас - Имам Әли ( ғ . ) мектебінің тәрбиеленушісі . Имам Әли ( ғ . ) өз балаларының тәрбиесіне ерекше көңіл бөлген . Аббас та басқа балалар сияқты әкесінің ыстық ықыласына бөленіп өсті . Ол бірде - бір алтын әшекей немесе сырлы ыдыс жоқ үйде дүниеге келді . Бұл қарапайым да кішкене үй отағасының кедей болғандығынан хабар береді . Бірақ Мүминдердің әмірі Әли ( ғ . ) көптеген кедей - кепшікке көмектесіп , өз мал - мүлкінен беріп , олардың тұрмыстық жағдайын жақсартып отырған .
Қазақ әйелі туралы сөз қозғау әрі оңай , әрі қиын . Оңай болатын себебі - әйел біздің анамыз , әйел біздің әпке - қарындасымыз . Ақын ағамыз айтқандай , бір әйелдің құшағында туамыз , бір әйелдің құшағында өлеміз . Жастайымыздан көріп өстік , түйсініп , көңілге түйіп өстік . Тоғыз ай , он күн толғатып , « тар құрасағын кеңітіп , тас емшегін жібітіп » әйел бізге өмір сыйлады . Сондықтан оңай , көңілімізде бәрі сайрап тұр . Қиын болатын себебі - әйел табиғаты тылсым , сырын ішіне бүккен қара жердей . Тек бабаларымыздың бізге тастап кетекен асыл мұрасына сүйеніп және Ф . Ницшенің « Әйел туралы тек еркектермен ғана сөйлескен жөн » деп сенім арта сөйлген сөзін көңілге медеу тұтып осы іске тәуекел етіп отырмыз . Шынымен де - әйел кім ? Оның ішінде қазақ әйелі кім ? Өзінің ешкімге ұқсамайтұндығымен , не батысқа , не шығысқа жатпайтұндығымен былайғы жұртқа түсініксіздеу болып көрінетін қазақ әйелінің феномені неде ? Қасиетті Құран Кәрімде : « Еркектер ; әйелдерді билеуші . Өйткені Алла , бірін - бірінен артық қылды . Сондай - ақ олар ; малдарынан да пайдаландырады . ( Әйелдерге мәһер , нафақа береді . ) Ал енді жақсы әйелдер ; бой ұсынушылар , Алла қоруға бұйырған көмескі нәрселерді ( абыройын ) қорғаушылар . Ал сондай - ақ әйелдердің бас тартуларынан сезіктенсендер , сонда оларды насихаттаңдар және оларды төсектерінде тастап қойыңдар . ( Одан болмаса ) оларды сабаңдар . Ал егер олар сендерге бой ұсынса , олардың зиянына бір жол іздемеңдер . Расында Алла өте жоғары , тым ірі » ( Ниса сүресі , 34 аят ) . Бір ғана қауымға немесе бір ғана ұлтқа арнап түсірілмеген , бүкіл адамзатқа жол нұсқаушы Алла Тағаланың сөзі Құран шәриф осылай дейді . Әйелді түсіну еркектер арқылы ғана болатынына меңзейді . Құдай Тағала барлық нәрсені жұп қылып жаратқан , әйел мен еркек те сол қатарда , сол бұлжымас заңдылыққа бағынады . Еркектердің қасиетті парызы - әйелдерді билеу . Әйелдердің қасиетті парызы - еркектерге бой ұсыну , бағыну . Қарапайым ғана қағида , бірақ өмірде орындалуы өте қиын . Құран мен хадистен бастау алатын қазақ мәдениетінде бұл мәселелер әлдеқашан оңтайынан шешіліп те қойылған еді . Бірақ қазақ қоғамының басына төнген алмағайып замандар ұлттың тұнығын шайқап , дүниетанымын астан - кестен қылды . Еріне бағынбайтын әйел , кесепатты қыз , кесірлі келін пайда болды . Қазіргі қазақ әйелі әңгімені : « Неге мен еріме бағынуым керек ? ! » деп бастайды . Құран айтады : « Өйткені Алла , бірін - бірінен артық қылды » ( Ниса сүресі , 34 аят ) . « Алланың өзі де рас , сөзі де рас » деп Абай иман келтірген Құрандағы ақиқатты бүгінгі қазақ әйелі мойындамайды . Кешегі қазақ әйелі осы даусыз ақиқатты мойындаған , мойындай отырып әлем жұртшылығы таң қалатын ғажайып мәдениет қалыптастырған . Иә , әйелден еркек артық жаратылған ! Осыны өтіміз жарылып кетсе де айтайық . Бұл - Алла Тағаланың хикметі : мұнда үлкен сыр бар . Бабаларымыз бұл даусыз ақиқатты « Алтын басты әйелден , бақыр басты еркек артық » деп түйіндеген . Қоғамда әйелдің немесе еркектің үстемдігіне байланысты мәдениеттер де « еркек » , « әйел » деп бөлінеді . Орыстың көрнекті философы Николай Бердяев орыс мәдениетін « әйел мәдениеттердің » қатарына жатқызады . Ол өзінің « Ресейдің тағдыры » атты кітабында : Ресей үнемі қалыңдықтың күйін кешіп , сырттан келетін күйеуді күтумен болады деген ой айтады . Шынында да Ресей - әйел мәдениеттердің қатарына жатады : Матушка Россия . Орыс әйелі күйеуіне билігін жүргізеді , күйеу баласы енесінің қолында тұрады және оған еш арланбайды . Бірақ енесін өлердей жек көреді . Ал қазақ мәдениеті еркек мәдениеттердің қатарына жатушы еді : Ата жұрт , Ата мекен . Қазақ баласы енесімен бірге тұрмақ түгілі , қайын жұртында қалып қоюды намыс санап , « күшік күйеу » атанудан өлердей қорқатын . Сынықтан өзгенің бәрі жұғады дегендей , орыс боданына айналған қазақ мәдениеті өзінің еркектік сипатын жоғалтып , әйелдене бастағаны еш жасырын емес . Көреген бабаларымыз : Қилы - қилы заман болар , Қарағай басын шортан шалар . Сиыр пұл болар , қатын би болар , - деп еді . Айтқандары айдай келді . Құран Кәрімде айтылған еркектің әйелден артықтығының сыры неде ? Мұның сыры еркектің мал тапқыштығында , мал табуға жаралғанында . Құранда Алла Тағала ескертіп отыр : « Сондай - ақ олар ; малдарынан да пайдаландырады » ( Ниса сүресі , 34 аят ) . Алмақтың да салмағы бар : жаратылыста еркекті әйелден үстем ету арқылы Құдай Тағала алдына айқын мақсат қойған : ол - еркекті мал табуға үндеу , мал тапқыза отырып малынан әйелге пайдаландыру . Және бұны оның мойнына қасиетті парыз қылып жүктеген . Алла Тағала жаратушы иеміз шексіз әділетті . Жұп қылып жаратқан пенделеріне тіршіліктің тауқыметін тең бөлген . Қазір біз айтып жүрген еңбек бөлісі әлмисақта адам баласы жаралғаннан бері іске асқан . Жаратушының бұл әділетті үдерісінің іске асуын дана қазақ былай деп тайға таңба басқандай бейнелеген : Мал таппайтын еркек болмайды , құрарын айт . Бала таппайтын әйел болмайды , тұрарын айт . Міне , қысқа да нұсқа Алла Тағаланың хикметі . Еркектің міндеті - мал табу , әйелдің міндеті - бала табу . Осыны түсінбесек , түсінуге өреміз жетпесе кімнен көремез , кімге өкпелейміз . . . Тіршілік бастауы - әйел . Ғабит Мүсірепов өзінің қойын дәптерінде мынадай оймақтай ойды түртіп қойыпты : « Ең жаман деген әйелдің қолынан адам жасау келеді » деп . Біле білген адамға Алла Тағала еркекті артық қылу арқылы осы тіршіліктің бастау көзі болып табылатын әйелді қорғап отыр . Әйел адам босанарда бір аяғы төрде , бір аяғы көрде деген сөз бар . Толғақтың ащы азабын тартып , дүниеге адам баласын әкелем деп өмір мен өлімнің арасында жанталасқан әйел « шыр » етіп жарық дүниеге қызылшақа нәресте келгенде бар күшін сарп қылып талықсып кетеді . Міне осы кезде тіршілікке мүлдем жарамсыз болып қалған әйел заты аялы алақанға , арқа сүйер мықты еркекке зәру . Жәй ғана аты бар да заты жоқ еркекке емес , малтабар еркекке зәру . Ал мал табу - оңай шаруа болмаса керек . Ол оңай шаруа болса жұрттың бәрі байып кетер еді ғой . Абай атамыз : « . . . Тәуекелсіз , талапсыз мал табылмас , Еңбек қылмас еріншек адам болмас . Есек көтін жусаң да , мал тауып кел , Қолға жұқпас , еш адам кеміте алмас . . . » - дейді . Мал табу - тәуекелді , отаның - отбасың үшін отқа түсуді , еркеше қажыр - қайрат пен батылдықты қажет етеді . Егер еркектің бойынан бұл қасиеттер табылмаса , ол шепті бұзып жау қайтарып , жанын бұлап мал таба ала ма ? Таба алмаса керек . Еркекті артық қылып жараттық деген Құран хикметінің сыры да осында . Кешегі қазақ әйелі , дәстүрлі мәдениеттің бесігінде тербеліп , қайнарынан қанып ішкен қазақ әйелі мұның бәрін білген . Білген де қоғамда ғы өз орнын жазбай танып , әйелдіктен даналыққа , отбасы , ошақ қасы тірлігінен рулы елдің қамын жейтін Ел анасы деңгейіне көтеріле білген . Кешегі өткен Домалақ , Қарқабат , Абақ , Шашты , Ұлпан және біз білмейтін тағы қаншама аналарымыз соның айқын дәлелі . Совет өкіметі әртүрлі желеулермен , жасанды , желөкпе ұрандармен әйел теңдігін ту етіп көтеріп әйелдерді отбасы өмірінен алыстатты . Оларды қоғамдық істерге аяусыз жекті . Әйел екі жақты қысымға түсті : оларды табиғи аналық міндетінен ешкім де босатқан жоқ , әрі қоғамдық жұмысқа араласуға тиіс болды . Совет өкіметі кезінде әйелдердің мойнына асқар таудай ауыр жүк артылды : олар әрі бала табуға , әрі мал табуға мәжбүр болды . Сөйтіп әйелдер тарапына қиянат жасалып , Жартушы белгілеп берген әділеттілік принципі өрескел бұзылды . Совет идеологтары бірақ бұны өз тілдерінде « әйел теңдігі » деп атады . Қоғамдық жұмыстарға араласу , мал табудың жолына түсу , еркекпен тайталасып , алысқанмен алысып , жұлысқанмен жұлысу - нәзік те сұлу әйел табиғатына өлшеусіз нұқсан келтірді . Әйел әйелдік табиғатын жоғалтып , еркектене бастады . Өздеріне жасалып жатқан қиянатты терең түйсінген орыс әйелдері сол заманда мынадай частушка шығарды : Я и лошадь , я и бык , Я и баба , и мужик . Ащы айтылған , бірақ шындық . Осы үдеріс әлі күнге дейін жалғасып келеді . Қазақ әйелі әлі отбасына оралған жоқ : жанталасып мансап қуып жүр , қара сан болып мал тауып жүр . Ең үлкен мансап ана болу , ұрпақ көбейту екені олардың қаперіне де кіріп шықпайды . Ал қазақ қауымы балшықтан бала жасай алмай , ұлан - ғайыр даланы адам санымен қалай толтырарын білмей басы қатуда . Ұзын сөздің қысқасы , әйелдің ең жақсысы - еріне бойсұнғаны . Алла Тағала Құран Кәрімде осылай бұйырады . Осылай әйелдің табиғи міндеті мен парызын айқындап береді . Осы ой сілемі көне түркілік дүниетанымда да тайға таңба басқандай айқын бейнеленген . Ислам діні бабалар ұстанымы мен дүниетанымын тек Кітап жүзінде бекітіп берді . Көне түркілік дүниетанымда барлығы көктегі Тәңірі мен төмендегі қара жердің арасында дүниеге келеді . Күлтегіннің үлкен жазуында : « Биікте көк тәңірі , Төменде қара жер жаралғанда , Екеуінің арасында адам баласы жаралған » - дейді . Бабалар дүниетанымында Аспан мен Жер - ерлі - зайыпты жұп болып көрініс береді . Осы ерлі - зайыптылардың « жыныстық қатынасынан » адам баласы , бүкіл дүн - дүние тіршілік иесі болып жаратылады . Және бір қызығы , Көк пен Жер бір - біріне бағына отырып , бір - бірінен нәр бере отырып , бір - бірінен энергия ала отырып керемет үйлесімділікке жетеді ; гармонияны құрайды . Қазақтың ғұламасы Мәшһүр Жүсіп өзінің Наурыз атты еңбегінде : « Бір құдайдан басқаның бәрі бірінен - бірі туып , өсіп - өнбек . Туып , өсіп - өнетұғынның бәрі де қартаймақ , өлмек . Көк байы да , жер қатыны . Солай болғаны үшін : « Көктен жаудырсын , жерден өндірсін » , - дейді . Аспанда бұлтқа бұлт шағылысады , сөйтіп жаңбыр жауады . Жаңбыр көп жаумайтын жылы бұлт қысырап қалды деп күні бұрын айтып отырушылар болады . Жаралған жанды - жансыз бәрі де жұп жаралған . Жұп мәнісі ерлі - байлы деген сөз » - деп , ойымызды бекітіп береді . Қазақ мәдениетінде қашаннан еркек - басшы , әйел - қосшы ; еркек - бас , әйел - мойын деп те тұспалдайды . Олай болатын себебі - еркек құдіретті Көк Тәңірінің баласы , әйел - жер рухы - Ұмай Ананың баласы . Еліміздің иесіз , жеріміздің киесіз емес екендігін айғақтайтын киелі көне түркі жазуы : Тәңірідей , тәңіріден Жаралған Түрк білге қаған , - деп басталып : Он жаста Умай текті Шешемнің бағына Інім Күлтегін ер атанды , - деп жалғасады . Түркілер әкелерін « Көке » деген : Көк тәңірідей құдіретті , күшті , жаратушы деген мағынада ; әрі еркектің аспан текті екеніне нұсқайтын есім . Ал шешелерін « апа » , немесе « ана » деп атаған : « ана » - Ұмай ана , Бай ана - әйелдің жер тектілігіне меңзеген . Аспан - жаудырушы , жер - өндіруші . Аспан жаудырмаса , жер нені өндіреді , қалай өндіреді ? Жердің Аспанға бағыныштылығы да осы қарапайым табиғи заңдылықтан туындайды . Осы әдемі заңдылықты , ғажайып үйлесімді Абай атамыз өзінің « Жазғытұры » атты өлеңінде береді : Күн - күйеу , жер - қалыңдық сағынысты , Құмары екеуінің сондай күшті . Күн қырындай жүргенде көп қожаңдап , Күйеу келді - ай , жұлдыз көтін қысты . Күн күйеуін жер көксеп ала қыстай , Біреуіне біреуі қосылыспай . Көңілі күн лебіне тойғаннан соң , Жер толықсып , түрленер тоты құстай . Жер күннің энергиясына қандай мұқтаж болса , әйел де еркектің энергиясына , күшіне сондай мұқтаж . Әйел - еркектің энергиясын қабылдап алып , оны өндіріп беруші . Махаббаттың өзін әйел еркектен алады . Еркектің назары түспеген әйел затында жылылық , мейірімділік сияқты әйел - анаға тән қасиеттердің болмауының себебі де осында жатқан сияқты . Сондықтан қазақ : Атаның - күші , Ананың - сүті , - дейді . Осы әлемдегі табиғи үйлесімді дана бабаларымыз отбасылық деңгейде аунытпай қайталайды . Аспан - біреу , екеу емес . Егер аспан екеу болса , онда үйлесім бұзылады : екі энергия көзі бір - біріне соғылысып , апат жағдайға ұшыраймыз . Күннің энергиясын , жауынын , бұршағын , күн күркірегендегі найзағайын - бәрін - бәрін қара жер қайыспай қабылдап алып , бойына сіңіре береді . Осы бағыныштылықтың арқасында әлемдегі тепе - теңділік сақталып тұр . Ендеше , жалпы әлемге тән бұл заңдылық , қазақ отбасында да қайталануы шарт : « Бір қазанға екі қошқардың басы сыймайды ! » . Қазақ ұғымында « Қазан » - отбасын білдіреді , « Қошқар » - еркек , басшы , соңынан ертуші мағынасында . Бұл мақалды сөзбе - сөз түсінбеу керек , қазан үлкен болса екі емес , бірнеше қощқардың басы сыйып кетеді . Мәселе онда емес , мәселе мақалдың аллегориялық тұспалында . Сөз , ұғымдардың белгілі бір ойды берудегі рәміздік қызметінде . Қошқар - еркектік бастау , Тәңірінің құты . Ол - біреу - ақ болуы шарт : екеу болса - сүзіседі , жанжал , ұрыс пайда болады . Сөйтіп айрандай ұйып отырған отбасылық шырық бұзылады . Қазіргі қазақ әйелі - ол да қошқар болғысы келеді : еріне бойсұнғысы жоқ . Отбасылық кикілжіңдер , жаңа ғана құрылған отаудың шаңырағының ортаға түсуі - бәрі - бәрі осы ерлі - зайыптылардың өз - ара қарым - қатынысын реттей алмауынан туындайды . Ал бұл өз кезегінде , қазақы дүстүрдің әлсірегенін , қазақы дүниетанымға құрылған тәрбиенің жетімсіздігін көрсетеді . Бағанадан бері « әйел еркекке бағынуы керек » деген сөзді көп айттық . Оны Құранмен негіздедік , бабалар дүниетанымымен байыптадық . Бірақ бұның бәрі жеткіліксіз сияқты , енді бір ғылыми негіз жетіспейді . Көп адамдар әйелдердің еркектерге қарағанда үстірттігін біледі , бірақ « неге олай ? » деген сұраққа жауап бере алмайды . Осы олқылықтың орнын толтыру мақсатында Мәшһүр Жүсіп атамыздың « Ғылым - білім » туралы әңгімелеріне жүгінеміз . Ғұламаның айтуы бойынша « Адамның басының ішіндегі мида бес қызметкер бар . Бұларды : « Хауас хамса батини » - дейді . Ең әуелгісі - хысміштірік . Бұл хысміштірік - көздің көрген нәрсесін адамның ішіне переводтап жеткізетұғын тәржіман . Екінші қуат - қиял . Мұның жұмысы - переводчиктің переводтап жеткізген нәрсесін жазып тұрушы хатшы есебінде . Үшінші қуат - мүтәпкіре . Переводчиктің жеткізгенін хатшы дұрыс жаза ма , теріс жаза ма - үстінен қарап оқып тұрады . Төртінші қуат - уаһма . Мұның жұмысы - көрген , көрмеген нәрселерді , шын мен өтірікті , - бәрін бірдей астарлап соға береді . Мұның еркіне қоя берсе : « Ғаламда жүз мың күн бар » - деп ойлайды . Хайуан ғырнатықтың білімі осы қуат уаһманың күшіменен . Ұшқан құс , жүгірген аң , төрт аяқты мал - осы уаһманың күшімен төрт нәрсені біледі . Бірі - жаратушы кім екенін кәміл біліп , өз шамасынша бәрі Құдайға жалынышты жүреді . Екіншісі - әрқайсысы өз қорегін кісіден сұрамай таниды . Оны жеткізуші - Құдірет екенін біледі . Үшіншісі - әрқайсысы өз көшәнедесін көргеннен таниды . Өзіне не дұшпан , не нәрсе қас , оларды қандай десең , сондай біледі . Сол үшін қазақ тілінде айтылады : « Тұрымтайлыға торғай жолықпайды , / / Қаршығалыға үйрек ұшырамайды » - деп . Мылтықсыз кісіден аң да , құс та қашпайды , отыра береді . Мылтықты кісіден күн ілгері маңайына келтірмей , қаша бастайды . Төртіншісі - әр мақұлық өз жынысының еркегі - ұрғашысын , ұрғашысы - еркегін - бұрын көрмеген болса да , көргеннен тани бастайды . Бұл уаһмаға ерген адам хайуан есебінде болып қалады . Соның үшін айтылады : « Ферғауын ғалия мастыхақтың білімі ғақылмен емес еді , өһіммен еді . Егер оның білімі ғақылмен болса , Құдай тағаланың құдайлығын таныр еді . Қатын тағасы һәм дүние шаруасына еркектен білімді болады . Оның білімі де уаһманың күштілігінен . Болмаса еркектен ақылы асқандықтан емес . « Ұрғашының шашы ұзын , ақылы қысқа » - лығынан қандай жақсы болсын , бір жаман еркектің қол астында пенде болып жүреді . Болмашы нәрсеге қызығып , алданып қалғаннан , бұл қуат уаһма қиялын әбден билеп алса , оқуы мүмкін болмайтұғын нәрселерге ұрындырып , хақиқат мерген қалып болатұғын жұмыстарға бастап кетеді . « Аса білім бас жояды » - деген - осы . Бұл уаһма - не десең , өзінен шығып тұрған шайтан десе болады . Қазақша мұның атын : « уайым » - дейді . Жоқ нәрсені ойлатады . Асылы қашан да болса ойға түспеңдер , ой ойлаушы болмаңдар , ой - шайтан жұмысы . Қазақ мақалында бар : « Жақсы - жаманның азығы , / / Өлі - тірінің азығы , / / Уайым - шайтанның азығы » . Адамның денесіндегі барша қуатлар ғақылдың қол астында болады . Жалғыз - ақ уаһыма ғақылдың қол астында болмайды , ғақылдың өзімен ертеңді - кеш жауша жағаласып тұрады . Бесінші қуат - махафаза . Бұл қуат лұх орнында , хысміштірік - переводчик , қиял - хатшы , мүтәпкіре - переводчик не айтады , хатшы не жазады - үстінен қарп тұрушы . Уаһма - « Ақты қара қыламын » - деген прокурор есепті . Ғақыл окружной сот - ешкімге зарар болсын деп ойламайды . Окружной сотпен тепсініп сөйлескен прокурордай - ақ уаһма ақылмен жағаласады да , тұрады . Қуат махафаза - бәрініің бас қосып , пәтуа қойған жұмысы жазылатұғын тақтай . Бесеуі бір жерге бас қосумен не жұмыс та болса , тастай болады да , қалады » . Сонымен әйел затының неліктен « бір жаман еркектің қол астында пенде болып жүретінін » ғылыми тұрғыда дәлелдедік , енді қорытындылайық . Сөзді атышулы неміс философы Фридрих Ницшеге береміз . Ницще өзінің әйгілі « Заратустра осылай деді » атты еңбегінде : « Әйел өзінің үстірттігінен тереңдікке ие болуы үшін бағынуға тиіс . Өйткені ол терең емес - тайыз судың бетінде көпіршіген көбік қана . Керісінше , еркек терең келеді , жер асты үңгірлерінде оның жойқын ағысы буырқанып жатады : әйел мұны тек күңгірттеу ғана сезінеді , бірақ оның күшін ұғына алмайды » - дейді . Бұл сөздерде әлдекімдер ойлағандай еркектік шовинизм , немесе еркектің шектен асқан астамшылығы жатқан жоқ . Керісінше , бағындыру мен бағына білу арқылы жететін өмірдің ғажайып бір үйлесімі жатыр . Батыста : қарама қайшылықтардың бірлігі мен күресі ( диалектиканың негізгі заңдылықтырының бірі ) , ал бізде , шығыста : қарама - қайшылықтардың бірлігі мен үйлесімі . Қазақ орысқа бодан болғаннан бастап осы батыстың қос жыныстың арасындағы теке - тіреске , бір - біріне бағынбауға негізделген сұрықсыз философиясын бойына сіңіріп , өзінің дәстүрлі отбасылық философиясына сызат түсіріп алды . Өзіндік төл дүниетанымға негізделген қазақ отбасына жасалып келе жатқан экспансия әлі де жалғасуда . Бұл өз кезегінде қазақ социумын әлсіретіп , отаршылдықтың ауыр дертінен арылып , етек - жеңін жинауға мұрша бермей жатыр . Жоғарыда біз сөз қылған Ницшенің « Заратустра осылай деді » атты еңбегінің « Қартаң және жас әйелдер туралы » атты тарауы былай деп аяқталады : « Әйелдерге бара жатырмысың ? Қамшыңды ұмытпа ! » . Осы сөздеріне қарап кейде Ницшені неміс емес , қазақ па деп қаласың . . . Қамшы - қазақ мәдениетінің , төл дүниетанымының символы еді . Әрбір қазақтың төрінде қамшы ілініп тұратын . Камшы - қазақ отбасын жын мен шайтаннан , әртүрлі бәледен сақтайтын . Отағасы керегеге ілулі тұрған қамшыға бір қарағанда шектен шыға бастаған әйел жым болатын . Қазір де кейбір қазақтың отбасында қамшы ілініп тұрады . Бірақ ол бұрынғы күші мен әлеуетін жоғалтқан қамшы , сән мен декорация үшін ілініп тұрған қамшы . Қазақтың қамшысының жоқтығынан талай отбасы ойрандылып , шаңырағы ортасына түсті . Қазақтың талантты ақын қызы , өз қателігі мен сенген жарының әлсіздігін ащы болса да мойындап , өлең қып өрген Шәмшия Жұбатовв өзінің « Қамшы » атты өлеңінде былай дейді : Жалғыз ауыз сөзбенен - ақ өлтірдің , Қарсы алдыңда тірі өлік боп мен тұрдым . Тұрлауы жоқ болып шықты сертіңнің , Түрі құрсын қоқырайған бөркіңнің . Қараң қалсын мен ас берген тегене , Тегене ас жұқпай жүр ме немене . Көкке шапшып бетіңнен ап жатқанда Қолың сыңғыр , сабамайсың сен неге . Таныта алмай намысың мен күшіңді , Не басып тұр , не басып тұр мысыңды . Жаратылдың еркек болып несіне , Жөндемесең теріс кеткен ісімді . Жонымды бір тілсе қамшы таспасы , Былай қалып қояр еді - ау басқасы . Күмілжімей әйеліңнің алдында Бөркіңді анау былай алып тасташы . Әй - шайға да , келтірместен мұршаға , Үнсіз күйде өлтіргенше бір саба . Сенде қамшы , менде бұрым болса егер Елге күлкі болар ма едік мұншама . Қазақтың тағы бір арқалы ақыны Тыныштықбек Әбдікәкімов Қам - шы сөзінің түп - төркіні Қам ( орысша « забота » ) деген сөзден шыққан дейді . Сонда Қам - шы - біреудің қамын ойлаушы , біреуге жаны ашушы , қамқор болушы деген мағынаны беретін болып шығады . Жоғарыдағы жыр жолдарындағы Шәмшияның : « Жаратылдың еркек болып несіне , / / Жөндемесең теріс кеткен ісімді » дегені сөзіміздің айқын дәлелі емес пе ? . . Қамшы дегенде біреулер бас - көз жоқ төпелеп сабау деп анайы түсінетіні де жасырын емес , жоқ , қамшы - бұл символ , рәміз , еркектің табиғи жаратылысы мен міндетін айғақтайтын белгі . Қазақ отбасындағы үйлесім мен жарастықты қызғыш құстай қорғайтын Қам - шысы , Қам - қоршысы . Осыны түсіне алмасақ , өзіміздің сорымыз . . . Енді аяңдап билік мәселесіне келейік . Қазақта « Байтал шауып бәге алмас » деген сөз бар . Бұдан байтал жүйрік болмайды , . бәйге алмайды деген ой тумауы керек . Керісінше , ең жүйрік жылқы ұрғашы зарпынан болатынын қазақ мәдениетіне зер сала қарағанда байқаймыз . Мәселе Байталдың бәйгеге жаратылмағанында , оның жаратылыс мақсаты басқа екендігінде . Оның шешуін дана қазақ « Байтал мінсең құлын жоқ » деп алдымызға тартады . Байталдың « бәйгесі » басқа , ол құлындап мал басын көбейтіп , ер жігіттің дәулеті мен сәулетін шалқытуға арналған . Тек ақымақтар ғана , обал мен сауапты білмейтін түйсіксіздер ғана бәйгеден алатын атақ пен жүлдеге қызығып байталды бәйгеге қосады . Білетіндердің айтуы бойынша , өзі үшін де , құрсағындағы құлыны үшін де жан таласып , өмір мен өлімнің арасында барын салып , оқтай ұшып бәрінен озып байтал бірінші болып келеді екен . Бірақ көп кешікпей ішіндегі төлді өлі күйінде сыртқа шығарып тастайды . Мәселе тек байтал туралы емес екенін іштеріңіз сезіп отырған шығар . Қазақ мәдениеті - тұспал мен ишараға құрылған Белгі мәдениеті ( Знаковая культура ) . Адамға қатысты барлық жайттарды тұрмыс - тіршілігінде етене жан - жануарлар өмірі арқылы тұспалдап жеткізеді . Ендеше , « байтал » деп бұл жерде әйел заты айтылып тұрғаны шәксіз . Бұрынғы қазақта әйелдерің бәйгесі басқа еді : әйелдің қадір - қасиеті дүниеге ұрпақ әкелумен өлшенетін . Көмекей әулие Бұқар бабамыз : « Баласы жоқ қатыннан , / / Лақтаған ешкі артық » , - дейді . Ащы болса да шындық . Жаратылыс мақсаты бойынша лақтаған ешкі баласыз әйелден озып тұр . Қазіргі қазақ әйелі тіршіліктің бәйгесіне , мал табу мен мансаптың жолын мықтап кірісті . Және жуық арада тоқтай қоятын түрі де көрінбейді . Осы жолда , бар өмірін мал мен мансаптың жолын арнап тұрмыс құра алмай жүргені қаншама . Тұрмысқа шықса да « бәйгеге » алаңдап бала басын бір - екеуден асырмайды . Қазақ қауымы сөйтіп « байталдарын бәйгеге қосып » , адам санын көбейте алмай пұшайман күй кешуде . Мал мен мансаптың жолы оқудан басталатыны белгілі . Қазіргі қазақ қызының көбісі оқуды мұрат деп біледі . Сөйтіп , төл мұратынан жаңылып , оқу қуамын деп жүріп кәрі қызға қалай айналып қалғанын сезбей де қалады . Ал Сырым батыр айтты деген : « Дау мұраты - бітім , жол мұраты - жету , сауда мұраты - ұту , қыз мұраты - кету » деген ата - бабалар қағидасы олардың ойына да кіріп шықпайды . Осының бәріне тек қыз ғана кінәлі десек , қателесеміз , бәрі қазақ отбасындағы дәстүрлі тәрбиенің жоқтығынан . Қыз баланы морольдық , психологиялық , тұрмыстық өнер жағынан болашақ ана , болашақ жар ретінде дайындамаудан . Бұрынғы қазақ әйелі беске келіп бесіктен белі шыққаннан жұбайлық өмірге тәрбиеленетін . « Қыз - қонақ » , « қыз - жат жұрттық » деп тәрбиелейтін . Қазіргі қазақ қызын жақсы көріп , еркелеткен болып : « Осы қызымды ешкімге бермеймін , өскенде өзімді асырайды » деп , ойланбастан қызының болашақ тағдырына балта шабады . Бұл біздің айтқанымыздан « қыз бала оқымасын » деген жаңсақ түсінік қалыптаспауы керек . Қыз бала оқысын , қыз баланың жан - жақты білімді , биік парасат пен мәдениет иесі болғаны абзал , бірақ ол өз мұратын ұмытпасын ; оқи жүріп , мұратын естен шығармасын , қазақша айтқанда « бір бармағы ішінен бүгулі » болсын . 1920 жыл Семей қаласында « Абай » журналында Мұхтар Әуезов пен Жүсіпбек Аймауытовтың қазақ әйелінің бүгінгі хәліне арналған мақаласы шығады . Сол мақалада ұлтының қамын жеген екі кемеңгер « Ел боламын десең , бесігіңді түзе » деп қалың қазаққа ұран тастайды . Мұның мәнісі : қазақ әйелінің жағдайын түзе , қазақ әйелі надан болып қалмасын , оқыт , тәрбиеле , өйткені бала кімді жақсы көрсе соған ұқсап кетеді деген даналық ой айтады . Әкесі қанша жерден ғалым болсын , шешесі надан болса , бала да надан болып өседі . Өйткені , « әкенің жақсылығы жездедей - ақ » дегендей , бала шешесін көбірек жақсы көреді дейді . Ал қазақтың ғұламасы Мәшһүр - Жүсіп : « Дүниенің : еркек - бір қанаты , ұрғашы - бір қанаты . Екі қанатпен ұшқан құс қандай ұшқыр ? ! Мұсылман халқы ұрғашыны бүркеп , жасырып , кісіліктен қалдырғандықтан , сыңар қанат құс сықылды , дәнемеге жарамай қалғандығы - сол . Еуропа жұртлары әйел халқын еркекпен тең ұстады . Жынысы әйелге харрит , азатлық , ерік берді . « Ұл , қыз - екеуі бір бас » - деп , ғылым - білімге , өнерге жарыстыра , бәсеке қылып қосып еді . Әр турадан әйел халқы ілкім үздік шығып , байды да жақсы бақты . Солай болғаны үшін , мүкіл періште есепті болды . Ғылым - білімді ұрғашыдан туған бала - туа әр нәрсені біліп , кісі болуға жарайды » - дейді . Әйел проблемасы , оның ішінде Қазақ әйелінің феноменіне үңілу - оңай шаруа емес екен . Мәселенің жан - жақтылығы мен күрделілігі сондай , бір мақалаға сыйғыза алмасымыз анық еді . Сондықтан , қадірлі қауым , біз өзіміздің ой - өреміз , күшіміз жеткен межеде ғана мәселенің кейбір жақтарын ашуға тырыстық . Қателік - кемшіліктері болса алдын - ала сіздерден кешірім сұрай отырып , « ертеңгі қазақ әйелі қандай болуы керек ? » деген сауал төңірегінде пікір туғызу үшін де қолымызға қалам алдық . Бірақ бүгінгі көтерілген мәселелер арқылы , ескі мен жаңаны , дәстүр мен жаңалықты салғастыра отырып , бүгінгі қыз , ертеңгі жар , болашақ ана - қазақ әйелінің идеалды образының қалыптасуына бір септігіміз тисе деген үмітіміз де жоқ емес . Дана бабаларымыз : « өлі - тірінің азығы , жақсы - жаманның азығы , ескі - жаңаның қазығы » - демеуші ме еді ? . . Ендеше бізде , ағайын , жаңаның , бодандықта емес , еркіндікте өсетін қазақ әйелінің бейнесінің қазығы болсын деп ескіден біраз сөз қозғадық .
Ал енді бір топ , ғылым мен технология заманында жылдам қарқынмен дамып жатқан ғылым - білім жолында . Экономика дейтін " жалтырақты " қуып , саясат дейтін " тез сынғыш ойыншықпен ойнап жүргендер " де жетеді . Олар осы жолдан келешегін көріп , ертеңін болжайды . Сөйтіп ой - санасын сан түрлі салада бірінің соңынан бірі ашылып жатқан микродан макроға дейінгі жаратылыстың тылсым дүниесіне байлап қойған . Тіпті осы жолда жүріп одан ләззат алатындар да жоқ емес … Алайда дәл осындай ғылым - білім арқылы біз жаратылыстың сырын ғылыми тұрғыда дәлелдеп , ұғыудан асқан ұтқыр дүние таба қоймаспыз … Тіпті , ғылым жолына түсудің мақсаты да солай болуға тиісті . Егер сол жолда ақиқатқа жетпесе , онда ол нағыз ғылым бола алмайды … Адамзат ғылыми - технология жолында жеткен жетістіктері арқылы " электронды әлем " құру үшін жаратылған жоқ . Оның үстіне ғылым мен технология қанша жерден мықты болғанымен де адамның жан дүниесіндегі сезім әлемінің орнын баса алмайды . Демек адам материалдық білімнен гөрі рухани білімге көбірек құштарланғаны жақсы . Алайда рухани білімді шыңдау үшін сөзсіз материалдық білімге арқа сүйеу керек . Яғни материалдық білім арқылы ғана рухани әлемімізді кемелді түрде байыта аламыз .
Нұрлығайым ЖОЛДАСБАЕВА , Сенаттың Экономикалық және өңірлік саясат комитетінің төрайымы .
Апырау , ол әлі өмір майданға белшесінен түсіп те көрген жоқ . ( Дипломын да алмаған студент ) . Тым қарабайырлап айтсақ , еш жерде жұмыс та істемейді . Пендешілік , бақай есеп , тақ талас , мансап талас дегеннің әлі бірде бірімен бетпе бет келмеген кезі . Бірақ , соның бәрін көріп , біліп , басынан өткеріп қойғандай айтатыны несі ?
Мақсаты Біз жаңа үлгідегі заманауи технологияларды игеріп , білімі мен білігі ұштасқан « интеллектуалдық ұлт » болуға бет бұрған мемлекетпіз . « Балапан » арнасының алға қойған мақсаты да - осы келешек ұрпағымыздың тамырына рухани нәр беріп , « интеллект » иесі , білім мен ғылымның шыңына шығар азамат болып ер жетуіне ықпал жасау және дені сау , рухани ойлау дәрежесі биік , мәдениетті , парасатты , ар - ожданы мол , еңбек сүйгіш , іскер , бойында басқа да игі қасиеттер қалыптасқан ұрпақ тәрбиелеу . Балапан телеарнасы .
« Іскер » шағын өндіріс мекемесінің менеджері , « Вега » шағын өндіріс директорының орынбасары , « Акцепт » фирмасы » жауапкершілігі шектеулі серітестігі директорының орынбасары , директоры , « Акцепт » корпорациясы » акционерлік қоғамының директоры , бірінші вице - президенті , бас директоры , « ТұранӘлемБанкі » жабық акционерлік қоғамы басқармасы төрағасының орынбасары , « Алматы сауда - қаржы банкі » жабық акционерлік қоғамы басқармасының төрағасы , Қазақстан Республикасы Премьер - министрінің кеңесшісі , Қазақстан Республикасы энергетика , индустрия және сауда вице - министрі , Қазақстан Республикасы қаржы вице - министрі , Қазақстан Республикасы Даму банкі Директорлар кеңесінің төрағасы , « Қазақстан халықтық жинақтаушы банкі » ААҚ Директорлар кеңесінің мүшесі , « Қазақойл » ЖАҚ Директорлар кеңесінің мүшесі , « Шағын кәсіпкерлікті дамыту қоры » ЖАҚ Директорлар кеңесінің мүшесі , « Қазақстан Эксимбанкі » ЖАҚ Директорлар кеңесінің мүшесі , Қазақстан Республикасы Табиғи монополиядарды реттеу , бәсекелестікті қорғау және шағын бизнесті қолдау агенттігінің төрағасы , Қазақстан Республикасы қаржы министрі , Қазақстан Республикасы денсаулық сақтау министрі . Қазіргі қызметінде - 2007 жылдан .
Мындағы , Х - зерттейтін болаттағы көміртектің құрамы , % ;
1926 жылы Меккеде өткен мұсылман мем ле кет те рі нің І пле нар лық оты ры сын да құ рыл ған « Бү кі л әлемдік ислам конфе рен ция сы » , кейіннен 1953 - 1955 жылдары « Ислам конфе рен циясы форумы » , « Жалпыға бірдей ислам кон фе рен циясы » атанған исламдық ұйымдар әлем дік саяси үдерістерге ықпал ете алмады . Уақыт өте мұсылман әлемінде барлық ислам мемлекеттерін біріктіретін , тығыз ынты мақ тастыру мен үйлестіру мақсатында әлем дегі әртүрлі жағдайларға ықпал ететін , ис лам дық құндылықтар мен мүдделерін сақтау [ . . . ]
Бүкіл саналы ғұмырын ғылымға , білімге , тәлім мен тәрбиеге , тіл мен ділге , мәдениет пен әдебиетке арнап , « артына өлмейтұғын сөз қалдырған » ғазиз жанның өнегелі өмірі мен өлшеусіз еңбегі жадымызда мәңгі сақталады .
Кеңес Одағының батыры Т . Тоқтаров қаза тапқан шайқас : Москва шайқасы
• Павлодарлық алғалықтар « Вестник НЕсвободы » атты ақпараттық бюллетеньнің кезекті санын шығарды . Басылымның басты тақырыбы - Жаңаөзендегі жағдай . Ол , әсіресе , « Все больше людей вовлекается в забастовку » , « Жанаозен : котел недовольства или интриги местных элит » атты мақалаларда кеңінен айтылған . . .
Кувейт мемлекетінің Ұлттық мейрамы - Тәуелсіздік күні ( 1961 ) . Куәйт Батыс Азияда , Арабия түбегінің солтүстік - шығысы мен Парсы шығанағының 9 аралында орналасқан . Астанасы - Әл - Куәйт . Ресми тілі - араб тілі . Діні - исламның сүннит және шиит тармақтары . Ақша бірлігі - Куәйт динары . Куәйт - Конституциялы монархия . 1962 жылғы қараша айында қабылданған Конституция бойынша мемлекет басшысы Куәйт әмірі . Заң шығарушы органы - Ұлттық жиналыс ( бір палаталы парламент ) 4 жылға сайланған 50 депутаттан және әмір тағайындаған үкіметтің 25 мүшесінен тұрады . Қазақстан Республикасы мен Куәйт мемлекеті арасындағы дипломатиялық қарым - қатынас 1993 жылғы қаңтардың 1 - інде орнатылды .
Download XML • Download text