kaz-14
kaz-14
View options
Tags:
Javascript seems to be turned off, or there was a communication error. Turn on Javascript for more display options.
Главная страница | Тарих , философия | Қазақстанның ауыл шаруашылығы
Пролетариат - ауылшаруашылығының дамуына аса қызығатын таптардың бірі . Сонымен қатар өз қажеттіліктерін біреудікімен толықтыра алмайтын , ешкімді ұрлай алмайтын , өз өндіргенін өзі тұтынуымен басқа таптардан ерекшеленеді .
Шығыс Қазақстан облысының Тарбағатай ауданында туған . Өскемен педагогика институтын бітірген .
Бір ғана « Атадомбыра » деген мақалам өткен жылы бір миллиард үш жүз миллион халқы бар ҚХР - ның , сексен миллионнан астам халқы бар Түркияның , сосын Германияның сайттарында орын алды . Тәуба делік .
Я вообще не понимаю как мы живем в нашей стране . Страна где все стоит в разы дороже и люди все это покупают , а потом говорят , что у них нет денег на жизнь . У страны , где люди не верят и ненавидят полицию , врачей , учителей , правительство и своих сограждан нет будущего . Страна где за каждую справку или документ у людей берут деньги и отнимают кучу здоровья , так при этом еще и унижают , как последнюю тварь . При этом все время говорят о какой то модернизации . В стране , где ее история меняется в угоду зажравшимся правителям и чиновникам , которые лижут зад этим правителям , и те и другие при этом даже не представляют как и чем живет народ . Где по ТВ показывают жизнь которую люди себе даже представить не могут , при этом все знают , что это вранье и как идиоты в это верят . А потом еще рассказывают в разных передачах , и обосновывают это документально , как воруют те или иные чиновники , мэры городов , прокуроры , милиционеры и вообще все кому не лень , если чуть чудь приближен к кормушке . А потом даже никого не только не сажают в тюрьму , но даже с работы не убирают . Не понятно зачем нам это вообще показывают ? В стране , в которой люди платя налоги , даже не имеют представления куда они тратятся , даже не получая минимум , я имею в виду очереди в детские сады , школу , институты и медицинские учреждения , за это и так платятся не малые деньги . Зачем мы тогда вообще платим налоги ? В такой стране могут жить с ума шедшие или психи . Люди которым власть нагло и цинично врет , при этом даже не пытаясь , что то объяснить , а они , как овощи , ходят на выбора и голосуют за нее . В стране где более или менее известные люди , как только зарабатывают деньги , они почему то , сразу покупают недвижимость за границей , что бы как можно меньше жить в этом бреду и глупости . А потом приезжая сюда , на короткое время , советуют с экранов ТВ , как нам жить и что и как нам надо делать . Вся жизнь в этой стране напоминает психиатрическую болезнь . Потому что главный принцип жизни здесь , это что бы не себе было хорошо , а другому плохо . Это просто крик души . Потому что вообще не понятно , что и как , а самое главное для кого надо делать .
- 29 мамыр күні « Жемқорлыққа жол жоқ » , « Таза сессия » акциясына орай өткізілген дөңгелек үстелге ;
Әйелі күйеуіне келіп , « Менің теңізге барғым келеді » деуі мүмкін . Ал ол жауап ретінде : « Ал менің барғым келмейді » дейді . Әйелі бұған : « Міне әрқашан осылай болып шығады - сен әлдекіммен теңізге барасың , ал менімен барғың келмейді » . Бұл бір адамның - әйелдің позициясы . Егер ол « теңізге қандай себеппен барғың келмейді ? » немесе « саған қазір теңізге баруға не кедергі ? » сияқты сұрақтар қоя бастаса немесе мұндай сапар үшін өзі жағдай жасаса , онда көбіне - көп ахуал сол жаққа қарай оңды шешілер еді . Бұл мысал әр түрлі адамдардың тілектерінің келісілмегендігін көрсетеді . Нәтижесінде : әйелі күйеуінің жәй ғана бұл әрекетті жасағысы келмейтіні туралы ақпаратты қабылдаудың орнына болған жағдайды жеке реніші ретінде қабылдайды . Егер бұл келіспеушілік созылмалы сипат иеленсе , іс басқа . Онда жұптардың бірінің басқаның әйелімен байланыс орнатуға деген тілегінің қаншалықты екендігі туралы айту қажет .
Егер тыңайтқышты көктемнен бастап жасаса , күзге дейін жапырақтар толығымен шіриді , сондықтан олардың құрамында қыстап қалған зиянды жәндіктер қалып қояды деген қауіп болмайды .
… Жақсы қызды жар еткіңіз келеді . Еліңізге келін болман , себебі : Тау - тарихты қопарєанда болашақ Қазақ болып қалу керек дерегім .
С . Қожамқұловқа арналған « Ше берлік шыңы » альбом - кіта бы мен бірге осы арада ұлы актер туралы материалдарды өмір бо йы жинастырып , бұған дейін « Актер және Азамат » , « Шеберлік мектебі » жинақтарының шығуы на мұ рын дық болған профессор Ахмет Мұсаның да « Атамұра » баспа сы нан шыққан екі кітабы таныс ты рылды . Баспа директоры Рақым ғали Құл - Мұхаммед « Қа зақ - қыр ғыз жырларындағы бірлестік » және « Негізгі мақсат - мемлекеттік тілді меңгеру » деп аталатын бұл кітаптарды жоғары бағалады .
Міне , Хақназар Ақ Ордаға осы кезде хан болды . Көп жерін Бұхара , Моғол хандарының басып алғаны аз болғандай , дәл осының алдында ғана Жәнібектің кенжесі Жәдіктен туған Шағай сұлтан Абдолламен тіл тауып , Түркістан уәлиетінің күншығыс жағын бөліп алып , Бұхара хандығына қарап кеткен .
Мекемеде 8 ( сегіз ) автокөлікке арналған арнайы жөндеу гаражы бар . Мекеме балансы 17 санитарлық автокөлікпен қамтамасыз етілген . Барлық санитарлық автокөліктер радиобайланыспен қамтамасыз етілген . Қызмет көрсету радиусы - 30 км . Тұрақты қамтамасыз ету халық саны 258000 .
« Жиырмасыншы шілдеде кешке « Северное сияние » ТК жүк лифтының төртінші қабаттан екінші қабатқа құлауы орын алды , нәтижесінде лифтыда болған үш адам зардап шекті » , - деп көрсетілген хабарламада .
Астапыралла , сонда қу бас та таласқа һәм әңгімеге арқау болғаны ма ? Болмағанда ше ? Айталық , біз неге жиырма жылдан бері сабылып Кенесарының басын іздеп жүрміз ? Анау " Қырғызда қалды " деді , мынау " Омбыда шығар " деді , енді біреу " Петерборда ! Басқа еш жерде де емес " деді . Әне бір жылы " Экспресс К " тілшісі бір шындықтың ұшын ұстатқандай болып еді , тағы да адасып қалдық . . . Сонымен , Кенесарының бас сүйегі бізге не үшін керек ? Бұл сұраққа жауап беруден бұрын , алғаш " Бас не үшін алынады немесе Кенесарының басы не үшін алынды ? " деген сауалға жауап іздеу лазым . Отаршыл патша өкіметі Кенесарының басын алу арқылы ( Мағжан айтқандай , алдауға түскен " сорлы қырғыздың " қолымен ) империя мүддесі алдында ешкім кесе - көлденең тұра алмайды және " Бейшара қазақ , енді сенің басың жоқ ! Біз енді саған ақыл береміз , жөн сілтейміз " дегенді сездірді . Сорымызға қарай , осы ойы жүзеге асты . . . Ал , бүгінгі тәуелсіз Қазақстанда өмір сүріп жатқан Кенесары ұрпағы ( алаш жұрты ) үшін ханның жау олжалаған бас сүйегінің рәміздік мәні бар . Ол табылар , не табылмас - бізге шындықты білу қажеттірек . Кейде салыстыруға келмейтін нәрсені салыстырамыз ғой . Айталық , Ресей федералдық қауіпсіздік қызметінің жария еткен материалына қарағанда , кезінде КГБ - ның арнаулы қорында сақталған Гитлердің бас сүйегі ( өрттен қалған ) Андроповтың бұйрығымен жойылған ( жоғары температурада қайта өртелген ) . Егер Кенесарының бас сүйегі де осылай жойылса , фашизм көсемі мен елінің азаттығын аңсаған ұлт көсеміне кеңес өкіметі бір көзбен қараған ба деген ойға оматыласың . Әрине , бәрі де мүмкін . . .
" Егемендегі " мақаланы оқи отырып , Бердіқожа батыр ру , тайпаның , шағын елдің емес , берісі қазақтың , арысы алты Алаштың намысын қорғаған , бес қаруын сайлап , кегін алмай қоймаған , артынан ерген бір қауым жұртты асыраған нар тұлғалы ер екеніне көзім анық жетті . Батырды іздеуге мұрындық болған мақаладан кейін дереу баба жөнінде нақты дерек берген қазақтың Мәшекеңі , Алаштың атақты шежіресі атанған Мәшһүр Жүсіптің еңбектеріне ден қойдым .
Ұйымдастырылған кезенңен бастап кафедраны м . ғ . д . , доцент Дүйсентай Баркенұлы Кулов басқарып келеді .
Жылына базарға көп болса екі - үш рет жолым түсетін мен , осы жолы кеудеме өксік тығылып қайттым . Бәлкім , бұл жайт маған ғана жағымсыз жағынан әсер еткен жаңалық болар . Мүмкін , басқаларға осы жайт үйреншікті көрініс болар . Мәселенің мән - жайы мынадай . Базарымызды қырғыз бауырлардың басып алғаны баршамызға аян . Сол Алатаудың астындағы ағайын халқымыздың саудагерлерінің бірінің сөресінің жанынан өтіп бара жатып көзім [ . . . ]
№ 121 , № 105 орта мектептер және аудандық кәсіпкерлер бөлімі , « Жол құрылыс » ЖШС - нің « Батыс Қытай - Батыс Европа » жол жұмыстарын жүргізіп жатқан Қорқыт Ата кесене -
Отырыста алғаш сөз алған Ауыл шаруашылығы министрлігі Орман және аңшылық шаруашы лығы комитетінің төрағасы Ерлан Нысанбаев бүгінгі кездері атқары лып жатқан игі шараларға тоқ тал ды . Арнайы мамандар осы уақыт тарда қолға алынып жатқан халық аралық ірі бес жобаның іске асуы төңірегінде әңгіме өрбітті .
Жоғары оқу орындарындағы аттестациялар бойынша ҚР БҒМ комиссия жұмысында бірнешерет қатысты .
19 . Әдiстеме iс - қимылдардың мынадай кезектiлiгiн болжайды : өзiне бағаланатын жер учаскесiн , ұқсас - объектiлердi қамтитын жылжымайтын мүлiктiң бiрыңғай объектiсiн салыстыруды жүзеге асыратын элементтердi айқындайды ; өзiне бағаланатын жер учаскесiн қамтитын жылжымайтын мүлiктiң бiрыңғай объектiсiнiң әрбiр ұқсасының сипаттары мен ерекшелiктерiнiң деңгейiн салыстыратын элементтерiнiң әрқайсысы бойынша айқындау ; өзiне бағаланатын жер учаскесiн қамтитын жылжымайтын мүлiктiң бiрыңғай объектiсiнiң әрбiр ұқсасының сипаты мен ерекшелiк деңгейiне сәйкес келетiн ұқсастарының бағаларын түзетулердi салыстыратын элементтерiнiң әрқайсысы бойынша айқындау ; өзiне бағаланатын учаскенi қамтитын жылжымайтын мүлiктiң бiрыңғай объектiсiнен олардың айырмашылығын жеңiлдететiн әрбiр ұқсасты салыстыратын элементтердiң әрқайсысы бойынша түзету ; өзiне бағаланатын жер учаскесiн қамтитын жылжымайтын мүлiктiң бiрыңғай объектiсiнiң нарықтық құны ұқсастарының түзетiлген бағаларын негiздеп қорытындылау арқылы есептеу ; жақсартылған бағаланатын жер учаскесiн алмастыру құнын немесе молайту құнын есептеу ; бағаланатын жер учаскесiнiң нарықтық құнын өзiне бағаланатын жылжымайтын мүлiк объектiсiн қамтитын жылжымайтын мүлiктiң бiрыңғай объектiсiнiң нарықтық құнынан жер учаскесiнiң жақсартуларын алмастыру құнын немесе молайту құнын алып тастау арқылы есептеу .
Менің сұрағым патронаттық тәрбиеге қатысты . Қалада ондай қанша отбасы бар және олардың қамқоршыдан қандай ерекшелігі бар ?
Қазақстанда 1974 , 1992 және 2003 жылы ақын еңбегі жеке - жеке кітап болып шықса , Алматыда 2003 жылы ақынның 100 жылдығы арнайы атап өтілген еді .
Шеңгелді ауылдық аймағына сумен қамтамасыз ету бойынша бағдарлама жүзеге асырылды . Алматы демалыс аймағы мен Сарыбұлақ , Кербұлақ , және Шеңгелді селолық округтарға су құбырларына 47 км . бөлінсе 290 млн . теңге бөлініп су құбырларын жүргізді . 2008 жылы барлық ауылдарға құрылыс бойынша тарам су құбырларымен қамтамасыз етті . Бағдарлама бойынша « 100 мектеп және 100 аурухана » , және сондай - ақ қазақ орта мектебі 1200 орындық . Оқу жылының басында Шеңгелді ауылында № 6 орта мектеп бой көтерді .
- Ассалаумағаейкүм , Әлихан аға ! Сіздің ойыңызша , қазіргі қоғамның басты проблемасы не және оны қалай шешуге болады ? Еліміздегі діни ахуалға қандай баға берер едіңіз ? Жалпы қазір қоғаммен діни қызметкерлердің арасында қарама - қайшылық , наразылық бар . Өзіңіз де білетін боларсыз , соңғы кездегі уахабисттік көзқарастағы насихаттың ашық жүргізілуі байқалады . Оған дәлел елімізде бірнеше оқиғалар жетіп жатыр . Дін мәселесін мемлекет қалай реттеу керек деп ойлайсыз ? ( теолог әлде кәсіпқой молда емеспін ғой деп емес , - алаштың ұлы , қазақтың баласы ретінде жауап берсеңіз ) Қуаныш - Бірнеше маңызды мәселе бар . Соның бірі дін мен мемлекеттің ара - қатынасы . Билікте де қоғамда да атеистік тәрбиемен уланғандар жеткілікті . Қазіргі әлемде төрт - бес өркениет бар , барлығының өзегі - дін . Конфуциалық ілімнің өзі де соңғы ғасырларда философиядан гөрі дінге жақын . Ендеше , мектеп пен мемлекетті діннен бөлу оларды өркениеттен бөлумен пара - пар . Дамыған елдерде өз дінінің тарихын оқытады . Батыстың ғұламалары Інжіл мен Тауратты жатқа біледі . Тәуелсіздік алғаннан кейін дін - исламға бет бұрыс басталды . Бірақ білімді діндарлар өте аз . Біраз жастар түрлі елде түрлі мазхаб өкілдерінен оқып келді . Солардың білгенінше жеткізіп жатыр . Меніңше , мың жылдан астам даламызда өміршеңдігін дәлелдеп келген , ұлттық дәстүрге құрметпен қарайтын имам Абу Ханифа мазхабы бізге лайық . Сол ваххабиспін деп жүретін топтарға жақын бір молда баланың уағызын естіп қайран қалдым . Ол бұл дүниенің қызығын тәрік қылыңдар , тек о дүниеге дайындалыңдар дегендей әңгіме айтты . Ең бастысы сол молданы ертіп әкелген және артында тұрған дәулетті де лауазымды адамдар бұл дүниенің қызығынан құр қалғысы келмейді . Қымбат жиһаз , бес - алты көлік , үш - төрт үй мен әйел алған . Ал халыққа айтатыны жаңағы . Өздері неге бұл дүниенің қызығын тәрік етпейді ? Ал , сүре оқығаннан соң Құран бағыштаған кезде екі дүниенің де қызығын көр демейді ме ? Қазақ бата бергенде де солай дейді . Барлығы бұл дүниені тәрік қылса елді кім асырайды ? Кім ғылым , білім , бизнеспен айналысады ? Сондықтан дінбасыларға көмек ретінде муфтиат бас болып , ғалым , философтарды тартып « Ислам және білім » , « Ислам және ғылым » , « Ислам және еңбек » деген кітапшалар шығару керек . - Әлеке сіздер , 13 - желтоқсанды « Алашорда күні » деп атауды ұсындыңыздар ? Үкімет бұл ұсынысты тыңдайтынына сенесіздер ме ? Мұндай игі бастаманы жүзеге асыру үшін қандай қадамға бармақсыздар ? - Алашорда Үкіметі - заманауи мағынадағы қазақтың тұңғыш Үкіметі . 2007 жылы аз уақыт депутат болғанымда Үкімет пен мемлекеттік хатшыға осы Алашорда Үкіметінің құрылғанының тоқсан жылдығын лайықты қарсы алу керек деп ұсыныс жібергенмін . Өкінішке орай , бізде мерейтойлар жиырма бес жыл сайын ғана аталады деген сорақы жауап келді . Дегенмен , сол ұсыныстың әсері болса керек , 2008 жылда көптеген Алаш қозғалысына байланысты шаралар өтті . Біз көптеген ұсыныстарымызды Үкімет бірден қолдамаса да уақыт өткізе пайдаланатынын білеміз . Жолдауларды , бағдарламаларды , заңдарды талдасаңыз оған көзініңіз жетеді . Бұл жолы да солай болуы ықтимал . Бүгін болмаса да 2017 Алашаорданың 100 жылдығына дейін қоғамдық санаға да , билікке де бәріміз біріге отырып , Алашорданы , Алаш қайраткерлерін тарихпен қазақ алдындағы жауапкершлігімізді ескере отырып , лайықты ұлықтау қажет екенін түсіндуіріміз керек . Ол үшін нақты қадамның бірі жыл сайын 12 - 13 желтоқсанда әр жерде азаматтардың бастамасымен Алашорда күніне арналған ағарту шараларын өткізе беріміз қажет . Биылғы ұсынысымыздың толық нұсқасын www . akzhol . kz немесе осы abai . kz сайтынан оқуыңызға болады . - Ал , Әлеке , жолдарыңыз қашанда ақ болсын ! - Рахмет ! Алла разы болсын ! - Ассалаума аликум ! Әлихан Мухамедияұлы . Қазақстанда Батыстың үлгісіндегі демократияны құруға бола ма ? Орал қаласының тұрғыны . - Демократия тек Батыстың ойлап шығарған игілігі емес . Өзіміздің қазақ даласында туып өскен әл - Фарабидің « Қайырымды қала тұрғындары » жөніндегі трактатын алыңыз . Батыс философиясының тарихын оқысаңыз , Х - ХҮ ғасырлар аралығында ислам өркениетінің озық ойшылдарына көп сілтеме жасап пайдаланғанын көреміз . Дүниетанымда , әсіресе , әл - Фараби мен ибн Рушдты көп пайдаланған Батыста . ҮІІ - ХІҮ ғасырларда ғылымның , әсіресе , математика , медицина , астрономия , жағрапия салаларында ислам әлемі дүние жүзінде озық болды . Басқа пікір мен бөтен ұлт , дін , нәсіл өкілдеріне де сол заманда ең төзімді ислам әлемі болды . Есіңізге салайын , бұл уақытта Еуропада инквизицияның қылышынан қан тамып тұрған . Тынық мұхит өркениетінің өзегі Конфуций елін алсаңыз да , елді әділ басқару туралы айтады . Сондықтан , демократия - бүкіл адамзатқа ортақ игілік . Біздің биліктегілер Батыстың « мерседесі » мен « волгасын » , вилласы мен әншісін пайдаланғысы келеді . Ал , халықтың үні өз мемлекетін басқаруда ең толық естілетін демократияны дайын емес деген сылтаумен шегере бергісі келеді . Халықтың дайындығын күтетін болса , 94 - 95 жылдары наннан бастап барлық өнімдердің бағасын жіберуге , зауыттарды жекешелендіруге болмас еді . Сол жылдары оны халықтың талқысына салса , басым көпшілік қарсы болар еді . Бірақ серкелер мен көсемдердің ел ығына жығыла бермей , реформаның қатал аязы мен үскірген желіне жарқын болашақ үшін бастап жүруі олардың парызы . 90 жылдардың ортасындағы экономикалық реформаларда алған жауапкершілікті саяси реформада билік , бірінші кезекте президент өз мойнына алуы керек . - Ассалаумағаликум , Әлеке ! Қазақстандағы барлық өнер кәсіптік алпауыттар шетелдердін қо лында болып отыр . Бұл мәселені қалай шешуге болады ? Дұрысы бәрін кері қайтарып алу керек шығар ? Ақсай қаласының тұрғыны - Мұның бірнеше астары бар . Нильс Бордың бір сөзі бар : « Ақиқаттың қарапайымы мен тереңі болады . Қарапайым ақиқатқа балама пікір тек жалған . Терең ақиқатқа басқа бір терең ақиқат балама болуы мүмкін » . Саясат пен экономика мемлекеттік деңгейде осы терең ақиқат саласы . Бір жағынан алғанда біздің мұнай , газ , шикізат саласында әлемдегі ең ықпалды АҚШ , Еуропа , Қытай , Ресей компанияларының болуы ол компаниялардың және олар арқылы сол мемлекеттердің біздің ішіміздегі тұрақтылыққа мүдделілігін арттырады . Шикізатқа бай елдер мұнымен санаспаса , байлығымызға қызыққандар тұрақсыздық туғызуы мүмкін . Бұл тұрғыда президент Назарбаевты осы әлемдік күштердің мүдде балансын ескерудің шебері деп атауға болады . Бірақ , екінші жағынан , ел байлығы ел үшін меншік иесіне қарамай жұмыс жасау қажет . Ол үшін негізгі жол - келісім - шарттардың жариялылығы және шикізат пайдаланатын компанияларға оны өңдеп , дайын өнім шығаратын зауыттар салғызу жөнінде шарт қою . Үшіншіден , бірте - бірте Қазақстанның үлесін көбейте беру . Төртіншіден , мұнай , шикізат саласында жариялылықты қамтамасыз ету . Бесіншіден , шикізат саласы компанияларына кезінде заңды , заңсыз берілген салық және тариф жеңілдіктерін алып тастау . Ол компаниялардың жұмысындағы қаржылық ағымындағы жариялылық жөнінде талап шикізатқа қатысы жоқ салалардан гөрі жоғары болу керек . Сонымен қатар , экология және жергілікті кадрларды пайдалану оларға лайықты жалақы төлеу үнемі Үкімет пен әкімдердің назарында болуы тиіс . Және жер қойнауы өз меншігімізде екені Конституциядан туындайды . Ендеше , жоғарыда айтылған талаптарды орындағысы келмейтін компаниялармен біздің ел Конституция мен қадағалау , реттеу өкілеттігін пайдаланып , келісім - шартты өзгертуге мәжбүр болады . Бұл - үкіметке сын . Бірақ ай - шай жоқ кетіңдер деген талап Қазақстанға келетін инвестицияларды азайтып , олардың құнын көбейтіп жібереді . Осы есте болған жөн .
Киік бір батпаққа қабырғасынан батып жатқан . Патша « енді бұған барсам ат жығылады , киімім былғанады » деп , барша киімін сыпырып тастап жаяу , жалаңаш киікті ұстауға қасына келеді . Патша қасына келгенде санынан батпаққа батады . Киік сілкініп - сілкініп қойып еді , айдары беліне түскен ақ жігіт болды . Сонсоң патшаның киімін киіп атын ( дүлдүлін ) мініп , « қош , патша » деп , шаһарға қарай жүріп кетеді . Хан ( патша ) батпақтан бір мезгілде шығып шаһарға келіп еді , балалар тас лақтырып қуып шаһарға жуытпай тастады , « жалаңаш жүрген жынды кісісің » деп , сонан кейін « бүйтіп тірі жүргенше суға ағып өлейін » деп өзен шетіне келсе , судың жағасында бір кемпір - шал отырады . Патша келісімен « суға түсіп өлем » дейді . Шал « өлме » дейді . « Өлмей қайтем , киімім жоқ , тамақ жоқ » . Сонсоң кемпір - шал бір ескі көйлегі мен кішкене нан береді . Шал : « Сен бүйтіп жүрме , қалаға барып қайыр тіле » , - дейді . Мойнына бір дорба салып алады да шаһарға келеді . Садақа сұрап төрт - бес күндік тамақ тауып алады . Патша бір мезгілде « үйіме барып көрейін , шын бар ма екен , қатын - балаларымды , уәзірлерді көрейін , мені таныр ма екен » деп келеді . Келіп ханға « Ассалаумағалейкүм ! » деп , « қайыр - садақа » деп , уәзірлерді қағып тастап , тура ентелеп ханның алдына барады . « Сен кімсің , кай жердің кісісісің » , - дейді хан . Сонда « осы шаһардікімін » дейді . Шаһардікі болсаң қай рудан таралдың , атың - жөнің бәрін шапшаң айт » , - деп сұрады . Көрген - білгенін тегіс баян етеді . Сонсоң бір уәзірін шақырады да : « Мынаны жеті қайта боз биенің сүтіне шомылдырып алып келіп бер » , - дейді . Жеті қайта шомылдырып , ханның алдына әкеліп бергеннен кейін , мүсәпірдің қолынан ұстайды . « Кітаптың бетін ашқаның рас па ? » - деді . Ол « рас » деп жауап қайырады . « Бұдан былай көңіліңе астамшылық ойлама ! » - дейді де : « Міне тағың , міне жұртың , міне уәзірің , міне елің , мен Жәбірейіл періштемін » , - деп , тағын өзіне беріп жоқ болады .
Өтірік жалған бағдарлама ! Ондай бағдарлама болуы мүмкін емес .
АТАБАЕВА Нұрзия Атабайқызы - үй шаруасында , Ақтөбе қаласы
Ұлттар мен ұлтшыл - ук ло нис тер ту ралы айқай - шу ды ушықты руға және жергілікті зи ялы лар ды қуда ла уда өлкелік пар тия ко митеті ұйым дасты ру - нұсқаушы лық бөлімінің меңге рушісі Н . И . Ежов зор « үлес » қос ты .
- Түс былай ! - деді түтігіп . - Тұлпардың тұяғынан садаға кеткір !
« Жұртымыз қасиетті айда Алла тағаланың ашуы мен қаһарын тудыруға себепші арақ - шараптан , шариғатымыз тыйым салған басқа да харам іс - әрекеттерден аулақ болса деген тілегім бар . Мейрамханалар мен жиын - тойларда ішкіліктің ешбір түрі ішілмесе , дүкендерде сатылмаса » . Егеменді ел болып Тәуелсіздік туы желбіреп , жоғалтқанымыз қайта табылып кең байтақ Еліміз Қазақстанның түкпір - түкпірлерінде рухани ғибадат орындарымыз көбейіп , имандылыққа бет бұру күннен - күнге артып келеді . Соның дәлелі ретінде айтып өтсем қазіргі таңда бірқатар тойларымыз басқа мерекелерімізді арақ - шарапсыз өткізіп жатқан жағдайлар жиі кездеседі . Оған қуанамыз да , өйткені арақ атамыздан қалған ас емес . Рамазан айы кірумен ораза ұстау әрбір ақыл есі дұрыс , бас бостандығы өзінде болған мұсылман баласына парыз екенін білеміз . Алла тағала Оразаның сауабының есебін өзі ғана білетіндігін , ал ораза ұстай алмаған адам болса , ең болмаса ауыз бекітуге немесе оразасын ашуға себепші болса , тіпті ораза ұстаған адамның алдында құрметпен қарап тамақ жемей , сусын ішпей ораза ғой деп құрметтегеннің өзі сауап екенін айтып жатады . Айлардың сұлтаны болған қасиетті Рамазан айында Алла тағаланың әміріне бой ұсынап , дастарханымызда , дүкендерімізде ішімдік арақ - шарап сатылмауы тиіс . Оның харам екендігі жөнінде Пайғамбарымыз ( с . а . с ) « Адам баласын мас қылатын ішімдіктің көбі де азы да харам » , - деген . Арақ - шарап ішімдіктер адам баласына жақсылық әкелмеген . Осы жамандықтың салдарынан қанша ма ер азамат жол апатына ұшырап , артында көздері жәутеңдеген балалары жетім қалып , қаншама отбасының некесі ойран болып ажырауына есбер болуда . Дінбасымыз Әбсаттар қажы Дербісәлі хазреттің халыққа үндеуі , елдің игілігі жақсылығы үшін айтылып жатқанын білуіміз қажет . Өзіміздің отбасымызда келешек өсіп келе жатқан Қазақстанның жарқын болашақтары болған жастарымыздың келешегін ойлап , үйімізден , дастарханымыздан , дүкендерімізден арақ - шараптарды аластатайық . . Сондықтан да бұл үндеу өте орынды баршамыз оны толығымен қолдауымыз керек , қолдайды деп те сенім артамыз . Дана халқымыз айтады : « Жұмыла көтерген жүк жеңіл » дегендей , ынтымақ , бірлік , татулық болса тірлік болмақ . . « Бақ қайда барасын ынтымаққа барамын » , - дейді . Дінбасымыз Әбсаттар қажы Дербісәлі хазреттің үндеуін қолдауға барша кәсіпкерлерді шақырамыз . Рамазан айы мұсылман қауымына құтты мүбарак болсын . Алла тағала қасиетті Құран Кәрімде « Алла тағала разылығы үшін істелген әрбір жақсылыққа он сауап жазады » , - деген . Қасиетті Рамазан айында ел игілігі үшін қызмет жасауға шақырамын ағайын .
Жүз телеарна ұлы тілде үн қатса да тоқталмай ,
Сенат депутаты бюллетеньдерді жасырын дауыс беруге арналған кабинада толтырады .
3 - 1 ) Жоғарғы Соттың жалпы отырысының шешімі негізінде облыстық соттардың төрағалары мен сот алқаларының төрағалары , Жоғарғы Соттың сот алқаларының төрағалары мен судьялары қызметіне кандидатураларды Жоғары Сот Кеңесіне ұсынады ;
Бұқтырма СЭСде Кеңес Одағында алғашқы болып ( ст . № 7 ) арнаулы диагоналды турбина орнатылған , сонымен бірге ( ТА № 8 ) екі бағытталып әкелінген спиралды камерасы бар турбина орнатылған . Бұл жаналықтардың арқасында алдыңғы қатарлы тәжрибелер пайдалану мүмкіндігінен гидроэнергетиканың дамуына себепкер болды . Турбиналық жабдықтар Ленинград метал заутында , ал гидрогенераторлар « Сибирэлектротяжмаш » Новосибир заутында жасалынды .
Қайта брондау , брондау күшін жою немесе рейске келмеуге байланысты тариф параметрлерлерін өзгерту құқығы « Эйр Астана » әуекомпаниясының иелігінде . Бұл өзгертулер алдын ала сатып алынған билеттерге әсер етпейді .
2 ) қаржыландыру жобаның қаржылық мақсаттылығы мен каржыландырылуының қамтамасыз етілу мәселелері бойынша аудандық қаржы бөлімімен ;
1 - бап . Осы Заңда саяси қуғын - сүргiндер ретiнде мемлекеттiк органдар немесе олардың өкiлi болып табылатын лауазымды адамдары саяси себептер бойынша күзетпен қамауға алуды және психиатриялық мекемелерде күштеп емдеудi қоса алғанда өмiрiн жою немесе бас бостандығынан айыру , елден қуып жiберу және азаматтығынан айыру , өмiр сүрген жерлерiнен немесе мекендi аудандарынан аластау ( айдау немесе жер аудару ) , арнайы қоныс аударуға жiберу , бостандығын шектей отырып ықтиярсыз еңбекке тарту түрiнде ( соның iшiнде " еңбек армияларында " , " iшкi iстер халық комиссариатының жұмысшы колонналарында " деп аталатындарға ) жүзеге асырылатын көндiру шаралары , сондай - ақ қылмыс жасағаны үшiн нақақтан айыптаумен , не саяси сенiмдерiнiң белгiлерiне , таптық , әлеуметтiк , ұлттық , дiни немесе басқа тегiне қарап , сот , соттан тыс не әкiмшiлiк тәртiбiнде әлеуметтiк қауiптi адамдар ретiнде қудалаумен ұштасқан басқа да құқықтары мен бостандығынан айыру немесе шектеу танылады . Осы Заңда адамды сот тәртiбiнде немесе заңмен белгiленген басқа тәртiпте саяси қуғын - сүргiндердiң құрбаны немесе саяси қуғын - сүргiндерден зардап шеккен деп тану , оның бұзылған құқықтарын қалпына келтiру , ол шеккен моральдық немесе материалдық залалдың орнын толтыру ақтау деп ұғынылады .
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2007 жылғы 31 қарашадағы № 732 бұйрығымен бекітілген « Тракторларды және олардың базасында жасалған өздігінен жүретін шассилер мен механизмдерді , монтаждалған арнайы жабдығы бар механизмдерді қоса алғанда , олардың тіркемелерін , өздігінен жүретін ауыл шаруашылығы , мелиоративтік және жол - құрылыс машиналары мен механизмдерді сондай - ақ өтімі жоғары арнайы машиналарды жүргізу құқығына куәліктер беру » мемлекеттік қызмет көрсету стандарты
Ғайрат аға еліміздің Ұлттық Ғы лым академиясының нағыз акаде мигі болды . Оның әрбір ғылыми мақаласы , әрбір монографиясы , әрбір оқулығы - ең үздік туынды , ғылым мен шығармашылықтың қос пасы , оның әр сөзді , әр фраза ны , әр жағдайды қалт жібермей , ой тізбегінен өткізіп , терең талдап қарауының нәтижесі . Міне , осы бай мұраны мына жердің бетінде өмір сүріп жатқан біздерге аманат етіп қалдырды : егер бұрын біз оның кітаптарын қызыға оқысақ , енді оларды қызығып қана емес , оның Рухын қастерлей отырып оқитын әрі бірнеше қайталап оқитын боламыз .
ғылыми форумның қонағы , тыңдарманы ; көлік жүргізу куәлігі ( Семей қ . , 2009 ) 2008 - 2010 жж . аралығында өткен студенттердің IV , V , VI жыл сайынғы ғылыми конференцияларына белсене қатысқаны үшін мақтау қағаздармен , сондай - ақ алғыс хаттармен марапатталды . Қызығушылығы : Спорт , би , тарихи кітаптар , компьютер технологиясы , саяхат .
Шейх Абд әл - Қадыр әл - Ужейл Қазақстанның Тәуел сіздік алғаннан бері қол жеткен жетістіктері мен Президент Н . Ә . На зарбаевтың жетекшілігімен аз уақытта әлемдік қауымдастықтан лайықты орын алғанын тілге тиек етті .
Рамазан айында ораза ұстау - Аллаһ Тағаланың үкім етуімен мұсылман қауымына жүктелген бес парыздың бірі . Ұлық Пайғамбарымыз ( с . ғ . с . ) : « Кім Рамазан айында иман және ықыласпен ораза ұстаса , Аллаһ Тағала ол кісінің бұрын болған күнәларын кешіреді » , - деген . Ең бастысы ораза ұстап , құлшылық жасау - имандылықтың бастауы . Алласы аузында жүретін адамның ішкі жан дүниесі де таза , санасы сергек келеді , ортасына да сыйлы болары күмәнсіз . Алайда қасиетті айдың қадірін арттыруға деген құлшыныс елімізде кемдеу соғып жататыны анық . Өйткені Рамазан жақындағанда жаныңызға жылу сыйлайтын , көңіліңізді көркейтетін көшеден бір ауыз сөз таба алмай қалатыныңыз өкінішті . Айталық Алматыдағы Йассауи көшесінде орналасқан мешіт орталық қара жолдың бойында орналасқан . Сол жерде ақ матаға « Құрметті бауырлар ! Рамазан айы ( Ораза ) мүбәрәк болсын ! » деп жазып қойыпты . Алыстан көрінетін осы арнауды оқыған ағайын келер аптада басталатын оразаның орны бөлектігін жүрекпен сезінері анық . Дәл осындай құлақтандыру іспеттес жылы сөзді жұртқа арнауға келгенде өзге мекемелер мен сауда орындарының сараңдық танытатыны өкінішті . Айталық ірі дүкендер иелері мұсылман қауымын оразамен құттықтап , неше түрлі тағамдар ұсыну мәдениеттің бір белгісі болумен бірге , сауданы қыздыратын бір амал екендігін ойламағаны түсініксіз . Бұл әншейінде пасханы мерекелеуде алдына жан салмайтын дүкендердің Рамазан айының қадыр - қасиетін білмейтіндігін айғақтайды . Елдің бірлігі мен тірлігін түгендеп , татулықты таразыға салып , имандылықты насихаттайтын оразаны қалай жарнамаласақ та жарасар еді . Ораза әрбір мұсылманға өзін - өзі жаңаша тәрбиелеуге мүмкіндік беретінін әркім ұмытпауы тиіс . Күнәдан арылтып , кешірімге келтіру де осы айдың еншісінде . Тазалықты , денсаулықты нығайтатын , имани әңгімелерді де жиі ауызға алып , жас ұрпақты жақсылыққа тәрбиелейтін әдеп әліппесінің бастауы да осында жатыр . Мұхаммед ( с . ғ . с . ) Пайғамбар : « Бес нәрсе оразаны бұзады . Олар : 1 . Өтірік сөйлеу . 2 . Ғайбат . 3 . Сөз тасу . Оның сөзін бұған , бұныкін соған айтып , араларын бұзу . 4 . Шаһуатпен қарау . 5 . Жалған куәлік беру » дейді . Оразаның осындай таңғажайып қасиетін ұғындыратын ерекшеліктерді екшеп , жарнамасына да пайдалана алмаған азаматтарға қайран қалмай көр . . . Адал ШАБЫТ
Тіл мәселесінің егемендік алға лы айтарлықтай жетістікке жетпеуі мемлекетіміз бен ұлтымызға сын болып тұр . " Ұлы державалы " орыс тілін қолдау ат төбеліндей моно по лияны күшейтіп жіберді . Бұл қазақ тілінің беделін түсіріп отыр . Оны жүргізіп отырған басқа емес , орыс тілді қазақтар . Әйтпесе , Қа зақ станда өмір сүріп жатқан өзге ұлт өкілдерінің мемлекеттік ұлт сая сатының тұрақты , қалыпты саясат екеніне тоқсаныншы жылдарда - ақ көздері жеткен болатын . Тіл де ге німіз - ұлттық болмыс пен пси хо логия аясында ең сезімтал , әрі нә зік сала . Сондықтан оны қор ғау ке рек . Мемлекеттік тілге , қазақ ті ліне қажеттілік туғызуы қажет . Ол үшін ең алдымен мемлекеттік қыз метке жұмысқа тұру үшін мемле кет тік тіл ден - қазақ тілінен емти хан тап сы руды өз деңгейінде жолға қою керек . Ол емтихан - қатал тәртіппен әділ өтуі шарт . Дәл осын дай емти ханды ел Президенті Н . Назарбаев тан бас қа ның өз дәрежесінде тап сыра ала тынына күмәнім бар . Біз қа зақтарды қазақша сөйлетпей тұрып , басқа ұлттарға мемлекеттік тілде сөйле деп талап қоюымыз , бірін ші ден - әді лет сіздік , екіншіден - заң ды өкпе туғызудың жолы . Ал қа зақ ша сөй леген қазақстандық патриот тар ды құрметтеу - қазақтың парызы .
Әдістер іс - әрекеттің ұйымдастырылу формасына байланысты өзгеріп отырады . Көркем өнер сабақтарында педагог дәл нұсқаулар береді , балаларға орындау тәсілдерін өздері табуын ұсынады , т . б . Мысалы : 1 . Көркем жапсыру сабақтарында балалардың жеке бөлшектерден зат құрастыруға немесе тұтас материалдан ( саз балшық , ермексаз ) жеке бөлшектерді мүсіндей білуге мүмкіндік беретін әдіс - тәсілдер қолданылады . Демек , үйрету жеткілікті түрде тікелей өтеді . Баланың дербес іс - әрекет етуінде үлкендердің жетекілікті жанама ықпалымен шектеледі , ол тек іс - әрекетке итермелеп , еске түсіреді немесе қателерді түзетеді . 2 . Өлең мен әндерді жаттап үйренуде де оларды үлкендердің алдында орындауын , шығарманың мазмұны мен күйін білдіретін көркемдік қасиеттері туралы әңгімелесуді , көрнекі құралдарды пайдалануды , балалардың мәтінді бірнеше рет қайталауын т . б . талап етеді .
Қаржы дағдарысына қара мас тан мемлекеттік тұрғын үй құ рылысының қарқыны бә сең де месе , бұл үрдіс өзге аудандар мен қалаларға да тән екенін көреміз . Несиелік , жалгерлік және коммуналдық баспанаға кезекте тұрған мемлекеттік қыз меткерлер мен жас отба сы лары , әлеуметтік жағынан жеткіліксіз қамтылғандар ие ле ніп , қоныс тойлары көбейген .
Қазір мен , әлбетте , бұл процестің бүге - шігесін әңгімелемеймін , менің айтпағым - биылғы жылдың ақпанында өткен сот отырысына Қожаназардың , бейне бір жерден жеті қоян тапқандай болып , Қанат Әбілқайырдың аталмыш мақаласымағын менің « жалақорлығым » мен « қорлаушылығымның » « дәлелі » ретінде жалаулата алып келіп , судьяға табыс еткендігі . Яғни , өзім туралы мұндай материалдың жарық көргендігі маған осылайша мәлім болды .
Қазір Василий Либиковтың 14 ара ұясының тең жартысы бос қалды . Ал бал алумен 20 жылдан бері айналысып келе жатқан Николай Ипатко аралар шетінен қырыла бастағанда , күтпеген бір « ауру келді ме ? » деп шошыпты . Енді шегірткеге қарсы дәрі сепкен мамандардың ескерту жасамағанына қынжылады .
республикадағы орыс тілін меңгерген ересек тұрғындардың үлесін ( 2020 жылға қарай - 90 % ) ;
Сәуірдің 6 - сында Ауыл шаруашылығы министрлігінде министр А . Күрішбаевтың төрағалығымен « Бірыңғай Кеден одағы аясында балық өнімдерін өңдеу және экспорттау саласындағы жекеменшік кәсіпкерлік субъектілеріне қолдау көрсету » тақырыбында « дөңгелек үстел » отырысы болады .
Согласно плана мероприятий по разъяснению и реализации Программы занятости 2020 в Акмолинской области приехали представители областного управления координации , занятости и социальных программ - начальник отдела занятости населения и социального партнерства Рахматуллина Шолпан Салыковна и главный специалист отдела Каиргельдина Дана Ораловна
Жауап : Әрине , 50 жыл - шартты меже . Бірақ " оқиғадан соң біраз уақыт өту керек " деген - байыптылық үшін қажет нәрсе . Мәселен , бәріміз қаһарман Қайрат Ырысқұлбек рухының алдында бас иеміз . Идеализацияның да өз жөні бар . Айталық , сол 80 - жылдардың аяғында Қайрат атынан шығарылған қазақ ақындары өлеңдерінің көбі бүгінде " Қ . Рысқұлбековтің өлеңдері " болып жүр ғой . Бұған не дейміз ? Ақиқатын айту керек емес пе ? Ақын Қадыр Мырзәлиді де , қайраткер Мұхтар Шаханды да Желтоқсанға байланысты орынсыз кінәлау байыптылыққа жатпайды . Қазір БАҚ - та жүрген қызба пікірлерге орынды баға беретін кез келеді . Мысалы , мен ғалым ретінде айтар едім : сол көтерілісті бастан кешкендер , азабын тартқандар бүгін ерінбей күнделік , естелік жазса , кейінгі ғылыми байыптауларға үлкен олжа салар еді . Қазір біз кеңестік қиын жылдардың бір бет естелігін оқуға зәруміз ғой . . .
Хадиша апайдың тағы бір ер ек ше қасиеті ретінде ұстам ды лы ғын , сабырлылығын айтуға бо ла ды . Көңіл - күйін жасырын ұс тай тын . Өмірде бірде - бір рет көз жа сын көрсеткен емес . Тек 80 - жыл дары болған оқиға ғана апай дың жан дүниесін қатты қоз ғады - ау деп ой лаймын . Батыс Қазақстан об лы сын да гастрольдік сапарда жүр генбіз . Апай бізді бір аудан ның орта лы ғын дағы ескі үйге ертіп апар ды . Сол үйге жақындап барып , босағасын ұстап егіліп жылап тұрғаны көз алдымда сурет боп қалып кетіпті . Сөйтсем , ол Хадиша Бөкеева туған үй екен . Содан кейін ол кісінің ешқашан жыла ғанын көрмеппін .
Аталған еңбектің ең бір құндылығы - діни қайраткер шейх Әбсаттар Дербісәлі өзінің тарихи - филологиялық зерттеулерінде отандастарымыз жайлы Ресей , Үндістан , Пәкістан , Иран , Ирак , Түркия , Сирия , Мысыр , Мағриб және бірқатар араб елдері ғылым мен білім орталықтары кітапханалары мен қолжазба қорлары жазба жәдігерліктерінен жалпы жұртшылық түгіл мамандарға белгісіз болған даланың дана перзентері туралы « Отырар ойшылдары » , « Шауғар , Йасы , Түркістандық ғалымдар » , « Женд дарабоздары » « Исфиджаб - Сайрам , Байдалық дара тұлғалар » , « Усбаникас ( Шортөбе ) ғұламалары » , « Будухкас ( Түлкібас ) өрені » , « Тараз тарландары » , « Шелжілік парасат иелері » , « Жікіл перзенті » , « Баласағұн ғұламалары » тақырыбында кәусар бұлақтың сусынымен шөліңді қандырғандай тамаша еңбектерін , құнды деректері мен ізденістерін , жазбаларын таныстырып , дарабоздардың өмірі мен ғылыми шығармаларын , олардың туған қалалары мен кент , шаһарлары тарихымен сабақтастыра әңгімелейді .
ӨТКЕН КҮННЕН АЛЫС ЖОҚ , КЕЛЕР КҮННЕН ЖАҚЫН ЖОҚ
Кеңес отырысы « Қазақстандық кәсіпорындарды жаңғырту және жаңарту » деген тақырыпқа арналды .
Тәжірибесіздіктен , албырттықтан шелпек таратқанға , Құранға қол жайғанға тиісіп , " ширк " деп бір сөзбен шарт түюге ұмтылған білместік әрекеттері болмай жатқан жоқ , болды , болып жүр . Екіншіден - Батыстан қара бұлт төніп келе жатқандай , айқайға сүрең қосып , ел арасына іріткі салатын адамдардың бар екендігі . Мысалы , ширк сөзі шариғатта жоқ емес , бар . Бірақ айтылатын жөні бар . Мұхаммед пайғамбарымыз ( с . ғ . с ) бір бәдәуиға келіп , " қанша Құдайға сыйынасың ? " дейді . Ол " Жеті Құдайға .
Солтүстік Қазақстан облысы балалардың құқықтарын қорғау департаментінің 2010 жылғы 1 қаңтардан 31 наурызға дейін ( 1 тоқсандағы ) жеке және заңды тұлғалардың өтініштерімен жұмысы туралы аналитикалық анықтама Солтүстік Қазақстан облысы балалардың құқықтарын қорғау департаментіне 2011 жылғы 1 қаңтардан 25 сәуір кезеңінде 31 өтініш түсті , оның ішінде 28 жеке тұлғалардан ( 4 ауызша өтініш , 2 жеке қабылдауда , 4 сенім телефоны арқылы ) , 3 өтініш заңды тұлғалардан .
Бұлтқа оранып ақ заңғар тұлғалары , Толағай жыр мұнартып тұрмақ әлі . Таң алдында қанаты талып ұшып , Татьянаның сыңсиды қырдағы әні .
Құрылыс Тұрғын - үй құрылысына инвестиция көлемі 10 , 7 млрд . теңгені құрап , 67 % - ға өсті . 222 , 4 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді , бұл 2009 жылғы деңгейден 7 % жоғары , соның ішінде 1 жалға берілетін көпқабатты тұрғын үй , 4 көпқабатты , 38 бірпәтерлі несиелік тұрғын үй . « Нұрлы Көш » бағдарламасы бойынша 363 бірпәтерлі тұрғын үй пайдалануға берілді . 2010 жылы Тұрғын үй құрылысын дамытудың 2008 - 2010 жылдарға арналған өңірлік бағдарламасын іске асыру аяқталды . Екі жыл ішінде 99 , 6 мың шаршы метрді құрайтын несиелік және жалға берілетін тұрғын үйдің 1 529 пәтері пайдалануға берілді . Халық қаражаты есебінен 88 , 9 мың шаршы метрге 1270 жеке тұрғын үй салынды . Жеке тұрғын - үй құрылысының үлесі 39 % құрады . Жеке меншік үлгісіндегі кәсіпорындар мен ұйымдар есебінен 19 , 9 мың шаршы метр коммерциялық тұрғын үй пайдалануға берілді . Тұрғын үй құрылысының мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде 466 пәтер сатылып , тұрғын үй алу кезегі 4 , 7 % азайды , 2011 жылдың басына тұрғын үй алуға кезекте тұрғандар саны - 8363 адам . 2010 жылы проблемалы ұзақ мерзімде енгізілмеген келесі нысандар пайдалануға берілді : Семей қаласының Холодный ключ кентіндегі орта мектеп , Өскемен қаласындағы онкологиялық диспансердің жанындағы сәле терапия орталығы , Тарбағатай ауданында - Ақжар ауылында 50 орындық туберкулез ауруханасы , Ақсуат ауылында 100 келушіге арналған емханасымен 75 орындық аудандық аурухана , Көкпекты мен Катон - Қарағай ауылдарында ауылдық ауруханалар . Елді мекендердің бас жоспарларын әзірлеуге 55 , 2 млн . теңге бөлінді . Семей , Шемонаиха қалаларының , Тарбағатай ауданының Көкжыра , Жәнтікей ауылдарының бас жоспарларын әзірлеуі аяқталды . Базалық деңгейдегі мемлекеттік қала құрылысы кадастрын 6 облыстық маңызы бар қалаларға және 3 аудан орталықтарына енгізу жүзеге асырылды . Облыс елді мекендерінде сыртқы жарнама нысандарын орналастыруға 781 рұқсат қағаздары берілді . 2010 жылы бюджетке түскен түсім 96 , 5 млн . теңгені құрап , 2009 жылмен салыстырғанда 31 % - ға өсті . 2011 жылға міндеттер : • « Нұрлы көш » бағдарламасы шеңберінде тұрғын үй құрылысын жалғастыру ; • 100 мектеп 100 аурухана бағдарламасы шеңберінде Өскемен қ . облыстық қан орталығының құрылысын аяқтау : • Тұрғынүйқұрылысжинақ жүйесі арқылы Өскемен қаласында 5 тұрғын үйдің және Семей қаласында 1 тұрғын үйдің , несиелерді қайта пайдалану есебінен 2 үйдің құрылысын бастау ; • берілетін нысаналар құрылысы барысына бақылауды күшейту ; • елді мекендер мен шағын аудандар құрылысының бас жоспарын , детальды жоспарлау жоспарларын алдын ала әзірлеу бойынша шаралар қабылдау ; • барлық аудан орталықтарын және облыстық маңызы бар қалаларды бас жоспарларын әзірлеуді аяқтау ; • облыстың елді мекендерінің сәулеттік келбетін жақсарту жұмыстары жалғастыру ; • құрылыс салуға рұқсат беру рәсімдерін оңтайландыру жұмысын жалғастыру ; • мемлекеттік қала құрылысы кадастрын жүргізуді электрондық форматқа көшіру ;
Тұрақтылық пен өркендеу ба ғытына дауыс бере отырып , әр қа зақстандық өзінің болашағы үшін , өз отбасының болашағы үшін , елі үшін , Отаны үшін дауыс берді !
Дерек көзі : халық шаруашылығында жұмысшылардың еңбегін нормалаудың әдістемелік негіздері . М . Экономика 1987 , 86 - бет .
Жалпы шивэйлер жөніндегі алғашқы дерек " Солтүстік тарихынан " ( " Бэйшиден " ) кездеседі . . Мұнда байырғы қытайлықтар " шивэй " терминін этностық және тілдік құрамы әр түрлі құранды бірнеше тайпаның ортақ атауы ретінде қолданады . Зерттеу шілер бұларды негізінен этностық жағынан тунгустарға жақын тайганың аңшылары мен балықшылары еді дегенді де айтады ( Вик торова Л . Л . 1980 . стр . 196 . ) . Ал Таң әулеті нің тарихында ( " Таңшуда " ) шивейлердің ежелгі қай халықтың ұрпағы екені бұдан гөрі анығырақ жазылған . Онда : " Шивэй - дунхудың терістік шекарасындағы кидан дардың ерекше ру - тайпасы " ( Кюнер Н . В . Китайские известия народах Южной Си бири , Центральной Азии и Дальнего Востока . М . - Л . 1961 . стр . 63 . ) , - делінген . " Сүй кітабы " шивэйлердің ме кенінің кидандардың сол түстігінде жатқанын айта ды . Қалай болғанда да , Ергене - көңнен шыққан дардың ол кезде осы ши вэйлердің құрамында жүргені анық секілді . Бұл - уақыт жағынан алғанда ж . ж с . кейінгі VІІІ ғасыр . " Моңғолдың құпия ше жіресінің " : " Шыңғыс ханның тегі Тәңір ба қытты етіп жаратқан Бөрте - бөрі ( Бөрте - чино ) зайыбы Марал сұлумен ( Гоа - Маралмен ) бірге талай теңіз - дарияны кешіп келіп , Онын ( Онон ) өзені бас алған Бұрхан - қалдун тауын тұрақ еткен кезде Батшаған ( Батцагаан ) деген бір ұл туады " ( " Моң ғолдың құпия ше жі ресі " . А . 1998 . 27 - б , ) , - дей тін дерегі де осы кезді көр сетеді . Өйткені моң ғолдардың көне тарихын зерттеген ғалымдар Бөрте - чиноның өмір сүрген кезін VІІІ ғасырдың орта тұсы дегенді айтады . ( Қараңыз : Гонгор Д . Предки халхасцев - коренные монгольские племени междуречья рек Онона , Керулена и Толы . - SH . 1968 . VІ , f . 7 . ; Вик то рова Л : Л . К вопросу о рас селени монгольских племени на Дальнем Востоке . - " Ученые записки ЛГУ " . 1958 . № 258 . стр . 41 - 66 ) .
1 ) докторанттардың аттестациялық істерінің және диссертацияларының осы Ереженің және Үлгі ереженің талаптарына сәйкестігін сараптау ;
4 / Араб тіліндегі сөз құрастыру ережелеріне бағынбайтын күрделі сөз құрастыру . Мысалы вуджуд - болмыс , лә вуджуд - болмыстың жоқтығы , нихайа - соңы , лә нихайа - шексіздік .
Оқу - жаттығулар теңіздегі мұнай және мұнай өнімдерінің ықтимал төгілуіне байланысты , ТЖ алдын ал ( туындау қаупін азайту ) жөніндегі іс - шараларды пысықтау үшін , Қазақстан Республикасының ішкі суларында және теңізде мұнай төгілуінің алдын алу және оларға қарсы әрекет жасау жөніндегі Ұлттық жоспар шеңберінде өткізілді .
9 сынып Оңтүстік Қазақстан облысы , Оңтүстік Қазақстан облысы , Түркістан қаласы , " Аманкелді " жалпы орта мектебі , информатика пәнінің мұғалімі Спатай Набиға Ғалықызы . Архивте сабақ жоспары + презентация
Қоңырат - Қоңыр + ат ( көптік жалғау ) . Орта жүзге кіретін ру . Тарихи деректерде " Қоңғырат " , " Оңғырат " , " Қоңғила " деген атаулар кездеседі . Тарихи мекені Моңғолия жерінде болуы керек . Қазір қоңыраттар көбінесе Қазақстанның оңтүстігі , Қарақалпақыстан , Өзбекістан жерінде тұрады . " Шыңғысханның құпия шежіресі " кітабында Шыңғысханның бәйбішесі Бөрте ( Жошының шешесі ) Қоңырат руынан екені айтылады . Орта және ұлы жүздер қазақтарының рулық тайпалық құрамының 1748 жылы А . Тевкелев жазған суреттемесінде қоңыраттардың « күшті ру » екені , « Орта ордаға жататыны » , көбінде « Үлкен ордамен бірге көшіп жүретіні » айтылған . Ш . Ш . Уәлиханов қоңыраттардың Орта ордадан Уәли хан тұсында ( XIX ғасырдың бірінші жартысы ) бөлініп , « Бұхарада , Қоқанда , Ташкентте , бәрінен бұрын Қаратауда және Талас өзені бойында өзбек руларымен ( көршілес ) көшіп жүретінін » жазған . Хабарлар арасындағы айырмашылық 80 жылға жуық , бірақ олардың ( қоңыраттардың ) , Орта Азия мен ұлы ( Үлкен ) жүз қоныстарына кетіп қалғаны жайында XVIII ғасырдың ортасында да , XIX ғасырдың біріпнші жартысында да айтылады . Ал олардың бұлайша кетіп қалуына не себеп болғанын авторлар айтпайды . Осыны анықтауға тырысайық , дегенмен , басқа тайпалар тарихында байқала бермейтін тайпаның бұлайша жаппай көшіп кету көрінісі айқын болу үшін бұл тайпаның тарихына қысқаша тоқталып өту керек . Нақ сол Уәли хан кезінде айрыла көшудің болғаны рас , сол хан тарапынан корсетілген қысымшылыққа наразылық ретінде 1797 жылы 15000 шаңырақ арғындардың Ертістің оң жағалауына көшіп кеткенін айтсақ та болады . Бірақ ол арғындар ( атығайлар ) қалай қоныс аударса да Орта жүз жері ішінде қалған , ал қоңыраттар бұрынғы мекенінен мүлде шығандап , оңтүстік өңіріне тым тереңдеп кеткенін көреміз . Мұның қысқаша тарихы мынадай . XVIII ғасырда қоңыраттар көшпенді өзбектердің мемлекеті кезінде болған бұрынғы құдіретінен айрылды , ал ол кезде қоңыраттар оның жауынгерлік сол қанатына енген еді . Шайбани хан Дешті Қыпшақтан Мауараннахрға бет бұрған кезде көптеген қоңыраттар сол жаулап алушы ханға еріп кетті . Шайбани хан қаза тапқаннан кейін Мауараныахрда өзара қырқыс күшейіп , XVI ғасырдың аяғы XVII ғасырдың басында ол дербес екі хандыққа : маңғыттар басқарған Бұхара және қоңыраттар басқарған Хиуа хандықтарына бөлінді . Мауараннахрға кеткен қоңыраттар қарақалпақ халқы компоненттерінің біріне айналды . Дешті Қыпшақ даласында қалып , қазақ халқының құрамына енген қоңыраттар Орта Азия халықтары тағдырына жасаған бұрынғы зор ықпалынан енді айрылып қалды . Бүл арада , әрине , халық тарихында тұтастай бір тайпаны қалайда төмендету немесе дәріптеу бар деуге болмайды . Феодалдық дәуірде жеке бір адам мен оның тайпасының билік етуі , оның басқа адамдарға немесе басқа тайпаларға үстемдік жүргізуін көрсеткен . XVIII ғасырда қоңыраттардың қазақ қоғамындағы жағдайы ( маңызы ) қандай болған ? Белгілі бір тайпаның , рудың салмағы ұлысты , старшындықты ( ресми қүжаттарда алынған терминдер ) басқарған жеке адаммен ( ханмен , сұлтанмен , батырмен , бимен ) байланыстырылған . Бұл жеке адам мен оның төңірегіндегілер , негізінен оның жақын туыстары өз руластарының , өз тайпаластарының мүдделерін қорғау арқылы өзі де жоғарылап , жайылымдарды иелену мен қоғам өмірінде өз беделін көтеру үшін қажетті күшке ие болған . Наймандардың 40 000 шаңырағын билеген Барақ сұлтан , осы тайпаның 10 000 шаңырағын басқарған Күшік хан , Атығай руын бір қолында ұстаған Абылай сұлтан , Қыпшақ ұлысын соңынан ерткен Төле батыр т . б . осындай тұлғалар болған . Темірқазықтай жеке тұлғалары болмайынша , өз мүдделерін қорғау өте қиын екенін көшпенділер де түсініп , олар көбінесе Шыңғыс ұрпақтарын таңдап алған . Мысалы , Тобықты руынан шыққан Тоқтамыс Көкшетаудан Шыңғыстауға Абылай ханның кіші ұлы тоғыз жасар Шаманы әкеліп , ол көп ұзамай Тобықты руының сұлтанына айналған . Шама сұлтан тобықтылардың мүдделерін қорғаған , сондықтан XIX ғасырдың 40 - жылдарында Дадан тобықтыларды Балқаш көліне дейін апарып , олар бүрынғы жайылымдықтарын иеленген . Мұндай ( жеке адам мен ру , тайпа қатынастарынан ) мысалдар аз емес . Міне , осы арада мынадай сұрақ туады : қоңыраттарда өз мүдделерін өздері қорғай алатындай күш болды ма , олардың арасында Абылай хан , Барақ сұлтан , Қазыбек би сияқты тұлғалар кездесті ме ? Тілмәш М . Арапов айғақтарының жазбасында ( 1749 ) Найман руларымен және Арғын тайпасының қаракесек руымен қатар Барақ сұлтан әскерінің негізін қоңыраттар құрағаны , сол қоңыраттардың Барақ сұлтан ұлысымен қатар болғаны айтылған . 1749 жылы 10000 шаңырақ қоңырат Ресей бодандығын алып , олардың атынан қоңыраттар өз жетекшісі етіп сайлаған найман ұлысының билеушісі Барақ сұлтан ант берген . Г . Волконскийдің мәліметтерінде : 15000дай отбасынан тұратын 12 атасы бар , жаздыгүні Көксу , Қаратал өзендері маңайында , Ақтуартауда көшіп жүріп , қыстыгүні Түркістан мен Ташкентке қарай кететін « найман қоңырат руы » туралы айтылады . Жалғасы бар . . .
Қазақтардың кей бірі баламды біреу қазақша сөйлетсе екен , мұсылмандыққа икемдесе екен , жемқорлықпен күрессе екен , ұрпақты тәрбиелеп берсе екен деп , салмақты өзінен басқаға аударғысы келеді .
« Кеше ЕҚЫҰ - ның Іс басындағы төрағасы , Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысы - Сыртқы істер министрі Қанат Саудабаев Литва Республикасының Сыртқы істер министрі Аудронюс Аджубалиспен телефон арқылы сөйлесті » , деп жазады « Казахстанская правда » газеті ҚР СІМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап . Екі елдің сыртқы саясат ведомстволарының басшылары үстіміздегі жылдың желтоқсан айында Астанада өткізілуі жоспарланып қойылған ЕҚЫҰ Саммитінің күн тәртібін пысықтау мәселелерін талқылап , ЕҚЫҰ « үштігі » ауқымында Астана мен Вильнюстің өзара іс - қимылы барысын қарастырған . Сонымен қатар Қ . Саудабаев пен А . Аджубалис екі жақты қазақстандық - литвалық байланыстардың ахуалы мен болашақ бағыттарына қатысты пікір алмасқан .
Күршім ауданының Алғабас ауылының 50 жылдық мерейтойына дайындық
Слава Ткаченко деген орыс тілінің жанашыры Аяға мынадай ақыл айтыпты :
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес проблемалары бойынша 13 . 10 . 2010 жылы « Нұр Отан » ХДП Кентау қалалық филиалымен қалалық прокуратура және Кентау қаласы әкімдігі жанындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері жөніндегі комиссияның сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөнінде құқық қорғау органдарының қатысуымен жиналыс өткізілді .
120 жыл бұрын ( 1890 - 1985 ) акушер - гинеколог , медицина ғылымының докторы , профессор , Қазақ КСР - інің еңбек сіңірген ғылым қайраткері МАЛИНИН Александр Иванович дүниеге келді .
Сегментелген еңбек нарығының теориясы ( екі жақты ) индустриялдық және постиндустриялдық мемлекеттердегі халықаралық еңбек миграциясын қалыпты жағдай деп түсіндіреді . Еңбек нарығының екі еселенуі де осы дамыған елдерде жүреді . Мәселен , мемлекеттің азаматтары жалақы жоғары бірінші салалы еңбек нарығында жұмыс атқарады . Ал , жалақысы төмен екінші деңгейлі еңбек нарығында шетелдің еңбек күші жұмыс істейді . Мұндай үдерістер әлемдік деңгейдегі мегаполистерге тән құбылыс деп атауға болады . Сауд - Арабия , БАӘ , Малазия , АҚШ , Ұлыбритания , Канада және т . б . мемлекеттер сапалы және екінші сортты жұмыс күшін белсенді пайдаланатын мемлекеттер болып саналады .
Қоспаймын өтірік сөз арасына , Әр істің көшкен сауап - расына . Тарихтың тегеріші айнымалы , Қарасын кім де болсын шамасына …
Ол нендей көз ? Тегін емес , әйтеуір , Бір қатерді ымырт келе байқағам … Телесандық айтқан сайын ертегі , Көкіректі шер басады қайтадан .
Тау баласының сөзі де таудың тас бұла ғындай төгіліп тұр . Міне , Мұқағали поэ зия сы осындай төгілмелі жыр жүйесіне жатады . Оның құдіреттілігі сонда . Талантты ақынның қай - қайсы болса да өз қадір - қасиетін жақсы білген , өз деңгейіне жеткізе бағалай да білген . Оны біз ұлы Пушкиннің " Ескерткішінен " бастап , Қасым Аманжоловтың " Өзім ту ралысына " дейінгі аралықтағы талант ие ле рінің біразынан білеміз . Данышпан Абай да :
Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан халқына биылғы Жолдауында агроөнеркәсіптік кешен құру мәселесіне ерекше мән берді . Сол арқылы бір мезгілде еліміз үшін аса қажетті екі міндетті - азық - түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету және экспортты әртараптандыру мәселесін шешуге болатындығын атап көрсеткен - ді .
Айта кету керек , олардың мекен еткен жері ауа райы жағынан өте қолайлы еді . Мәселен , Дулат руларының ңыстаулары , ең бастысы , ежелден суармалы егіншілік өрбіген , отырықшылық пен жартылай көшпелі өмір ошақтары өркендеген Сырдария , Арыс , Келес , Бөген , Арыстанды , Боралдай , Шаян , Иқансу , Бадам , Ақсу т . б . өзендердің екі жағалауын алып жатты . Дулаттар ұлылы - кішілі көптеген өзендердің жайылымында қысқа қарай малға жем - шөп әзірлейтін . Ал , Қызылқұмға жақын Сырдария өзенінің сол жағасында дәулеттілер отар - отар қой өргізіп , келе - келе түйе бағып , көшіп - қоиып жүрді . Шымкент уезіндегі ңазақтар , әсіресе дулаттар шаруашылығының бір ерекшелігі бұл диқандардың қауымдастығы ірі болып келеді , мұнда орташа ауыл 30 және одан да көп болып , ынтымақтасып , су көзін пайдалануда , суармалы ж ер мен шабындықтарды игеруде тығыз байланысып , бірлікпен тіршілік етті . Мәселен , көптеген жаныстар Ташкент уезінің шекарасынан бастап , Арыстың Сырдарияға құяр сағасына дейін екі жағалауда , Келес , Бадам өзенінің жоғарғы жағында тұрақтады .
« Возрождение » неміс - ұлттық мәдениет орталығында және « Новое поколение » халықаралық білім беру орталығының шақыруымен қазақ тілінен дәріс беріліп , белсенді және интерактивті оқыту әдісі бойынша курс оқытылады .
1 . Бала асырап алуға бала асырап алушы адамның отбасында баланың қалыпты дамуы , тәрбиеленуі және білім алуы үшін жағдайлар болған кезде рұқсат етіледі .
Жәнібек Қызыр 1948 жылы Шығыс Қазақстан облысы , Катонқарағай ауданы , катонқарағай ауылында дүниеге келген . Рыков атындағы Алтай орта мектебін бітіргеннен кейін жүргізуші болып жұмыс істнйді , ал 1972 жылдан бастап аудан айнасы « Арай - луч » газетінде ұзақ жылдар бойы осы редакцияда абройлы қызмет жасап , бөлім меңгерушісі , жауапты хатшы , редактордың орынбасары міндеттерін атқарды . Қазіргі күнге дейін осы ұжымда еңбек етуде . Қазақстан Жазушылар Одағының мүшесі . Жәнібек Қызыр туралы замандасы , әріптесі , жерлесі , Әлібек Қаңтарбаев : « Таланты мен туа біткен дарыны аузын айға белегендердің көбімен тайталасқа түсе алатынын бүткіл болмысымен шығармашылық потенциалының барлық қуатымен сезе , біле отырып жарқылдап көзге түскісі келмейтін алланың бермегеніне налымайтын , пенделік дәметкіш көңілін сана қазығына мықтап күрмеп , құлатөбел күй кешетін , елі мен жерінің мұңына басқалардан он есе артық шерленіп , жылт еткен жақсылығын алты алашқа жария еткісі кеп аласұратын , сонан кейін . . . ең негізгісі , туған жерінен көшкенді қойып , сапарлап алты күн жүрсе кіндік қаны тамған топырағымен жылап көрісетін , көйлегі тозса да көңілі тозбайтын адамдардың шағын бір тобы болады емес пе . Солардың бірі катонқарағайлық ақын , журналист Жәнібек Қызыр еді десем , ешкім қарсы келмес » деп толғанған еді . Ұлы Жеңістің 60 жылдық мерейтойының қарсаңында аудан әкімі аудандық мәслихаттың хатшысы , бұрынғы журналист қазіргі кезде кәсіпкер Жігер Рақымжанов , « Маралды » шаруа қожалығының төрағасы Толқын Райысов , « Топқайың » шаруа қожалығының төрағасы Қалибек Тоқтасыновтар жандарын салып демеушілік жасауының арқасында , « Ел - шежіре » қоғамдық қорының президенті , « Алаш » баспасының директоры танымал жерлес жазушы , Катонқарағай ауданының құрметті азаматы Дидахмет Әшімхановтың қолдауымен осы « Ерлік - дастан » жинағы басылып шықты . Ал , осы қалың жұртқа , болашақ ұрпаққа шежіре шертетін , тағзым еткізетін жинақ үшін таңын таңға ұрып , жинақ идеясын ұсынып және оны көне газет тігінділерінен құрастырып , дайындап баспаға тапсырған жерлес журналисіміз Жәнібек Қызыр . « Ағажай , Алтайдай жер қайда » атты жыр жинағы шығуында да Жәнібек Қызырдың сүбелі еңбегі жатыр . Әрине , жинаққа кірген өлеңдер де әр жылдары жазылған , олардың көркемдік деңгейі де әр алуан . Солай бола тұра осы жинақтағы өлеңдердің бәріне ортақ бір құбылыс бар . Ол - жерлес ақындарымыздың жүрек лүпілі , туған жерге деген ыстық сүйіспеншілігі , азаматтық үні .
Жалпы , елордаға жақын маңда орналасқанымен Еңбекшілдер ауданы газетіміздің бетінде көп көрініс таба қойған емес . Оның үстіне біз барғаннан біраз бұрын ғана аудан өзінің 80 жылдық мерейтойын атап өтіп , тұрғылықты халық өткен тарихты , аға ұрпақ басынан кешкен жәйттерді еске алып , өткенге салауат , болашаққа аманат айтқан екен . Сондықтан ең алдымен әңгімемізді ауданның жер және ел жағдайынан бастағанды жөн көрдік .
Бүркіттердің енді бір тегі оңтүстік өлкедегі Алатау , Памир тауларын мекендейді . Олар - Алтайдың мұзбалағынан кейінгі бүркіттің аса бір тегеурінді , ең ірі тегінің бірі . Бұлардың тегін қазақ саятшылары « үш шүгел » деп атап , « мұзбалақ шүгел » , « шошақты шүгел » , « сүйелді шүгел » деп бөліп қарастырады . Ерекшелігі - бәрінің балақ жүні шудаланып , саусағына түсіп тұрады . « Шошақты шүгелдің » желкедегі қара құсы аударылып , сыртына шығыңқы келеді . « Сүйелді шүгелдің » аяқтары басқа бүркіттің аяғынан гөрі сүйелді болады .
- Қазақстанға экстремистік және лаңкестік ұйымдар баспайтындай , елімізде радикалды исламның іздері көрінбейтіндей қалай сақтануға болады ? Үкіметімізге босқындарды қабылдау саясатын күрт қатайтып , көші - қон ағымдарына бақылауды күшейтетін кез келген жоқ па ?
Ажал сенің қарамайды жердегі әмір - құдіретіңе , Үкіміңмен бар ғаламға астаң - кестең қаһар қылсаң .
Қазақстан Республикасындағы ұлттық саясаттың негізгі принципі мыналар : тіліне , ұлтына және дініне қарамай дербес тұлғаның бостандығы және құқық теңдігі ; лайықты белгілер бойынша азаматтардың берілген құқықтарына шек қоюға тыйым салу ; Қазақстанның тарихи пайда болған бүтіндігін сақтау ; республика халықтарының конституция және халықаралық құқық нормалармен сәйкес құқық кепілдігі ; олардың ұлттық мәдениеті мен тілінің дамуына көмектесу және т . б .
Қос қолдап қолдаймын , дауыс беремін . Астаналық студент Сырғаш Жаппар .
Түрік тайпаларының арасындағы алауыздықты шебер пайдаланған Таң әскерлерi түргештердiң ханордасы Сұйаб және Талас ( Тараз ) қалаларын шауып , жаулап алады . Елiн шауып , би - бектерiн тұтқындап , қырады . Осыдан кейiн түргеш елiнiң билiгi қытайдың Таң ( 619 - 908 ) әулетiне өтедi де олар қалағандарын билiкке келтiрiп , бұқара көпшiлiктi жиiркенiштi түрде қинай бастайды . Елетмиш Құтлұқ ( 742 - 753 ) , Тәңірі Ілміш ( 753 - 756 ) , Үнендер ( 756 - 766 ) қағандық жариялайды . Түргештердің ең нәфретлі жауы түрiктiң ашына деген тайпасы болатұғын . 748 жылы Таң әулетi , түргеш тағына осы тайпадан шыққан Ашынашынды отырғызады . Түргештер бұған қажырлы қарсылық көрсетіп , Ашынашынды айлалап өлтiредi .
Қозғалыстың қарқындылығы мен жаңашылдығы - қазақ қоғамы үшін қиын - қыстау сол бір дүбірлі шақта азаттық ұранын салып , іс жүзінде бытыраңқылық пен мемлекеттік институттар қалыптаспаған сахара төсінде дербес мемлекет идеясын құруға бел шешіп кірісуінде еді . Алмағайып кезеңде амал тауып , халқының басын қосып , ертеңіне сендірген осындай ұлы топ бұғанға дейін болмағаны тарихтан белгілі . Олар сол тұста кездескен қиындықтардың барлығын жеңе білді , түпкі мақсатқа жету үшін , қандай да болмасын , замана сауалының оңтайлы шешімдерін таба білді . Алаш қозғалысы совет өкіметі тарапынан терістелгенімен , оның идеялары ұлтжанды азаматтардың жүрегі мен санасында өмір сүріп келді .
Халел Досмұхамбетов [ 7 бет ] Халқымыздың азаттығы мен тәуелсіздігі жолында жанын пида еткен ардагер азаматтарының бірі - Халел Атырау ( бұрынғы Гурьев ) облысы Қызылқоға ауданында дүниеге келеді . Алдымен ауыл молдасынан хат таниды , кейіннен жергілікті орыс - қазақ мектебінде оқиды . Одан соң Орал қаласындағы реалдық училищеге оқуға түседі . Оны үздік бітірген соң Петербордағы Әскери - медиңиналық академияда оқиды , оны алтын медальмен бітіріп шығады . Академияда X . Досмұхамедов « дүние жүзі фи - зиологтарының ақсақалы , шартты рефлекстер туралы әйгілі ілімінің авторы академик И . П . Павловтың лекңияларын тындаған . Кейінірек ұлы ғалымның дәрісін тыңдаған , екінші қазақ зиялысы проф . С . Асфендияров болатын . Осы кездері оның дүниетанымы мен ой - өрісі кеңейе , жетіле түседі . Сол жылдары Ресейде болған буржуазиялық - демократиялық төңкерісті өз көзімен көріп , оның мәнісін түсіне бастауы , Халелдің идеялық жағынан шыңдала түсуіне зор ықпал етеді . Ол қазақ халқын патшалық империяның аяусыз қанап , тонап отырғанына көзі жете бастайды . 1909 жылы академияны бітірген соң әуелі Пермь губерниясына , одан сон 22 - Орал казак - орыс атқыштар батальонында әскери кіші дәрігер болып жұмыс істейді . Ол осы кезден бастап « Орал » , « Пікір » , « Қазақ » газеттеріне мақалалар жазады . Мәселен , « Қазақ » газетіндегі « Жұқпалы аурулар » ( 1914 ) мақаласында « Сынықтан басқаның бәрі жұғады » дейтін қазақ мәтелін эпиграфқа алып түрлі аурулардан сақтандыру жолдары , әр дерттің өзіне тән белгілері , оларды емдеу әдістері , дәрі - дәрмекті қолдану туралы кеңес береді . 1917 жылдан бастап Алашорда өкіметінің басшылық жұмысына белсене араласады . Оның Қазан төңкерісіне дейінгі осы іс - әрекетін бетіне шіркеу ғып , есімін атамай келгеніміз белгілі . Алайда оның ісі республика Жоғары сотының 1958 жылғы ақпандағы шешімімен қайта қаралып толық ақталады . Кенес өкіметінің жылдарында халық ағарту институтында оқытушы , Орта Азия университетінде ординатор қызметін , ал 1924 жылы Ресей академиясының Орталық өлкетану бюросының мүше корреспонденті болып сайланады . 1926 жылы Қазақ педагогика институтының проректоры , кейіннен педология кафедрасының меңгерушісі , профессор қызметін , ( 1929 ) бұған қоса Қазақ АССР Денсаулық халық комиссариатында жоспарлау - ұйымдас - тыру басқармасының меңгерушісі болып істейді . Сол жылдары ұлттық мектептердің жаңа жүйесін кұруға қазақ тіліндегі ғылыми терминология жасау ісіне , ұлт тілінде журнал шығаруға белсене кіріседі , тарих , әдебиет , тіл ғылымдарына қатысты іргелі проблемалармен « Қазақ халық әдебиеті » , « Қазақ - қырғыз тіліндегі сингармонизм заңы » , « Кенесары - Наурызбай » , « Исатай қозғалысы турасында » ( 1925 ) , « Адамның тән тірлігі » ( 1927 ) « Сүйектілер туралы » ( 1928 ) , « Жануарлар » ( 1928 ) атты кітаптар туындайды . Оның оқу құралдарын жазудың методикасы яғни оның шәкірт жанына лайықты етіп кұрастыру жайлы айтқан түйіні көңіл аударарлықтай . Алдымызда үлгі болмаған соң , ғылым кітабын жазу деген қиын болады . « Ғылымды өз тілімізге аударғанда , ең керегі ғылым тіліндегі колданылған атауларды қазақ тіліне дұрыстап түсінікті қылып аудару өте қиын жұмыс . Сөздің жүйесін келтіріп , көркем қылып жазу да керекті нәрсе . Ғылым атауларындағы лайықты ат қоюмен қоса , ол бүтін ілгері болашаққа жол салатын нәрсе . Сондықтан алғашқы жазылған кітаптарда әсем қылып сөздің жүйесін келтіріп жазудан гөрі ғылыми атауларға лайықты атақ тағу жағын қарастыру керек » - дейді . X . Досмұхамедов жаратылыс тану ғылымы саласында ұлттық ғылыми терминдерді жасау мәселелерінің теориялық астарларына үңіліп , оның принңиптік жақтарына ерекше назар аударды . Ол термин жасау ісінде қазақ тілінде дыбыс үндестігінен ( сингармонизм заңы ) туындайтын өзіндік әдемі . . .
Аудан және қала тұрғындарына тауарларды өткiзу үшiн нарықта барлық жағдайлар құрылған Селолық округтер жыл ағымында 14 жәрмеңке өткiздi , қала тұрғындары ауылшаруашылық өнiмдердi 814 мың теңгеге сатып алды . Қала әкiмiнiң аппараты Петропавл қаласына ауылшаруашылық жәрменкеге 10 рет барып , өнiмдердi 950 мың теңгеге өткiздi .
4 . Облыстық , Астана және Алматы қалаларының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармаларыҚазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігіне ай сайын есептiден кейiнгi айдың 5 - күнiне дейiнгi мерзiмде ағымдағы нысаналы трансферттердің қаражатын пайдалану туралы есептердi ұсынады .
Материал - әлеуметтік әдістерге ыңғайластырылған әдістемелік сипаттағы әлеуметтік мәліметтерді жинауға мүмкіндігі бар ( анкета , бланк интервью , әлеуметкарта , бақылау карточкасы және т . б . ) .
Орта бiлiм ұйымдарында аралық мемлекеттiк бақылауды өткiзу туралы
Қанжығама қомақты олжа байланған соң жемтік іздеген жыртқыштай ауылдан едәуір алыстап кетіппін . Түс қайтқан мезгілді айнала аласапыран болып , көзге түртсе көргізісіз ақ боран басталды да кетті . Келген іздерімді қар басып , кері қайтар жол таппай әбден адастым . Астымдағы тұлпарымда әлденеге сүрініп , омақаса құлады . Бетім қарға көміліп , денем икемге келмей қимылсыз қалдым . Бар білерім , құлағыма әлсін - әлсін жеткен қасқырлардың ұлуы ғана , жырқыштардың жамыраған сол бір ұлуы …
Қазақстан Республикасы Президенттік мәдениет орталығының апталық іс - шара кестесі 19 - 25 сәуір 2010 ж .
Жамиля БАТТАКОВА , медицина ғылымдарының докторы , ҚР ДСМ « Еңбек гигиенасы және кәсіби аурулар Ұлттық орталығының » директоры
. . . . Қарап отырсаңыз , 100 жыл бұрын ғана бір - бірін жақсы түсініп , бір аймақта емін - еркін араласқан туыс халықтар қазір бір - бірінен алшақтап , мүлде өзгеше өң - сипатқа ие болып отыр . Әркімнің ұстанған бағыты , геосаяси орны бар дегендей . Жалпы , ортақ тіл қалыптастыру барысында бәрібір белгілі бір тілге үстемдік беруге тура келеді . Бұл тілдің бұзылуына алып келеді . . . " .
З . Ы . Айтпақщы , жігіттердің иіс суының ең кереметі - Клиник брендінің Хаппи иіссуы ) ) Иіскесем басым айналады - соншалықты қатты ұнайды ) )
Округте тұрғындарға тұрмыстық қызмет керсету мақсатында шаштараз , фотосалон , тігін және ұн тартатын , жиһаз жасау цехтары , бес үйде монша қалыпты жұмыс істейді . Кәсіпкерлікті қолдау үшін үш адам әрқайсысы 400 мың теңгеден несие алып , наубайхана ісімен , бау - бақша салумен айналысады . Жеке меншік пен шаруа қожалықтары есебінде 4260 ірі қара , 15294 қой - ешкі , 652 жылқы бар . Ауылдың осы төңіректегі бүкіл шаруасы төрт жауапкершілігі шектеулі серіктестігі мен 38 шаруа қожалықтарының мойнында . « Жол бағдарламасы » бойынша Саралжын орта мектебі күрделі , интернат үйі жеңіл жөндеуден өткізіліп , биология кабинеті уақыт талабына сай жабдықталған . Аудандық бюджеттен « Балдәурен » және Жамбыл мектеп балабақшаларындағы жылу қазандықтары жаңартылып , сұйық отынға ауыстырылып , облыстық бюджеттен оқушылар тасымалына автобус бөлінген .
1 ) мемлекеттiк арнайы жәрдемақы ( бұдан әрi - жәрдемақы ) - 1998 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша жерасты және ашық кен жұмыстарында , еңбек жағдайлары ерекше зиянды және ерекше ауыр жұмыстарда немесе еңбек жағдайлары зиянды және ауыр жұмыстарда осы Заңда белгiленген жұмыс стажы бар адамдарға ақшалай берiлетiн төлем ;
- Біз өз жұмысымызды үш сала бойынша топтастыруымыз керек , - деді Үкімет басшысы , - яғни , қауіпсіздік , қамтамасыз ету және тұрақтылық басты шарттар болуы тиіс . Әсіресе , Мексика шығанағындағы соңғы оқиға - әлемдегі теңдесі жоқ апат . Ол Қазақстан үшін аса маңызды , өйткені еліміз теңіз төсінде мұнай - газ кешендерін игеру мен зерттеуді одан әрі өрістетпек .
1970 жылдан еңбек жолын бастайды . Жеті жылдан кейін мектеп басшысы болып ауысады . Осы кезеңде үш рет аудандық Кеңестің депутаты болып сайланды . Екі шақыруда халыққа білім беру және мәдениет комиссиясын басқарды . 1986 жылы Өскемен қаласында облыстық мұғалімдердің білімін жетілдіру институтының директоры болып тағайындалып , бұл міндетін 14 жыл бойы атқарды . 1987 жылдан бастап облыстық әйелдер Кеңесін басқарады . Облыс білім беру жүйесінде жүргізген ғылыми - зерттеу және тәжірибелік - эксперименталдық жұмыстары үшін « Қаз . ССР халыққа білім беру ісінің үздігі » белгісімен , екі құрмет грамотасымен , сондай - ақ дарынды балалармен жұмыста қол жеткен табыстары үшін грамотамен марапатталған . 25 жылдан астам уақыт жоғары санатты мұғалім , « Мұғалім - әдіскер » атағына ие .
Тәлімбақтан жіберілетін орман екпелері сау , тамырлары жақсы буылып байланған , ылғалды болуы қажет . Көшеттің жер бетіндегі бөлігі де сау болуы тиіс . Көшеттің биіктігі - 0 , 7 - 1 , 5 м .
Оның пікірінше , елімізде жүн өндірісі және оны қайта өңдеу кластерлерін құру шаруасы қарастырылмаған . Жергілікті жерде жүн сатып алу жұмысы дұрыс ұйымдастырылмағаннан кейін , малшы - шаруа атаулы пайдаға аспаған жүнді жағып - өртеп жіберуде .
2008 жылғы 8 сәуірдегі баға ұсыныстары сұранысы арқылы тауарларды , жұмыстарды және қызмет көрсетуді мемлекеттік сатып алу байқауын өткізу туралы хабарландыруы
Ал былтырғы жылдың 11 - 16 желтоқсанында Швейцарияның Да вос қаласында шаңғыдан өткен әлем кубогы кезеңінде Алексей ал тын жүлдені иеленіп , айды ас пан ға шығарды . Арада В . Смир нов тың 12 жылғы үзілісінен кейінгі жеңісі қайталанды . Әдетте әлем кубогы кезеңі әлем чем пио на ты нан кем емес . Еуропа елдерінің шаңғышы лары кубок десе ішкен асын жерге қоятыны белгілі . Демек , риддерлік саңлақтың бұл табысы ел тарихындағы елеулі оқиға .
Ауданымыз бойынша 15 ауылдық округте , соның ішінде 40 елді мекенде кездесулер өткізілді . Барлық кездесулерде қойылған сауалдар саны 120 - ны құрады .
Глубокое ауданының прокуратурасы жер учаскесіне меншік құқығын қорғады
Міне , осы жайлар Б . Қаратаевқа қазақ елінің ертеңі білімді екендігін түсіндірсе керек . Әкесі Дәулетжан мен атасы Бисәліден кейін оған әкесінің інісі Ахмет қамқорлық жасайды . Келіні Бибіажардың естелігінде Ахмет Бақытжанды Орынборға , өз баласы Мағзомды Қазанға оқуға бағыттаған . Алғыр Б . Қаратаев 1878 - 1886 жылдар аралығында Орынбор гимназиясында , 1886 - 1890 жылдары Санкт - Петербург императорлық университетінің заң факультетінде дәріс алады . Ақтөбе облыстық өлкетану мұражайында Б . Қаратаевтың Орынбор гимназиясын бітіріп , университетке түсу үшін жазған өтініші сақталған . Өтініштің жазылған уақыты 7 қазан 1886 жыл деп көрсетілген . Аталған университеттің заң факультетіне бірінші болып қабылданған бөкейлік Бақтыгерей Құлманов болатын . Б . Құлманов 1884 жылы заң факультетінен шығыс тілдері факультетіне ауысып , араб , парсы , түрік , татар тілдерін меңгереді . Сонда жүріп ол кандидаттық диссертациясын қорғайды . Осы тұста Санкт - Петербургте шығыс тілдер факультетінде Жетісудан Барлыбек Сыртанов , Торғай өңірінен Абдолла Теміров , жаратылыстану факультетінде Мәмбетәлі Сердалиндер оқиды . Оқуда жүріп 1887 жылғы қыркүйектің 29 - ында Б . Қаратаев алғаш рет жергілікті полицияға ешқандай жасырын ұйымдарға қатыспайтындығы туралы қолхат жазуға мәжбүр болады .
Келімбетов - " Самұрық - Қазына " ұлттық әл - ауқат қоры " акционерлік қоғамы Қайрат Нематұлы басқармасының төрағасы ( келісім бойынша )
MasterCard , Visa халықаралық төлем жүйелерінің және Smart Alem жергілікті төлем жүйесінің төлем карточкаларын беру және пайдалану тәртібі туралы шарт - белгіленген нысандағы , банк пен клиент арасында жасалатын , төлем карточкасын пайдаланып , банктік шот ашу және оған қызмет көрсету туралы шарт .
« Жалын » баспасының редакторы , Қазақстан Баспа , полиграфия және кітап саудасы істері жөніндегі мемлекеттік комитетте , Қазақ теледидарында , Қазақстан Жазушылар одағында , « Қазақ тілі » қоғамында , әл - Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде , « Қазақ жастары және бизнес » биресми орталығының бас үйлестірушісі , Қазақстан Жазушылар одағы басқармасы төрағасының орынбасары қызметтерін атқарған .
Табылдыға Бұл ғұмырдың соңы қайғы , басы құт … О , Табылды нең бар еді , асығып ! « Дедең қағып » , Мұқаңдардың соңынан , Сен де кеттің … . Гитараңды асынып . Біздер қалдық , бүтін өлең , жарты ақыл . Талаптыға берілмейді Бата құр . Жай тап енді « жоғарыға жайғасып » , Қазағымнан тұңғыш шыққан бард - ақын . Алтынның да алтындығын сынар Мыс … Сені жоқтап жыр жазармыз … тынармыз . Толағай боп тумадым деп өкінбе ! Табылды боп туғаныңа мың алғыс ! Табылды боп өлгеніңе мың алғыс !
Жазушының туған жері - Шемонаихада өткен осы мерекелік шараға құрамында Қазақстанның және Ресейдің жазушылар одақтарынан келген қонақтар , Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің өкілдері , Қазақстан Республикасы Парламенті Сенаты мен Мәжілісінің депутаттары және Анатолий Ивановтың туыстары бар үлкен делегация қатысты . Олар жазушы шығармаларында сипатталған жерлерде , А . Островский атындағы № 1 орта мектепте болды . Сөз зергері 1945 жылы дәл осы мектепті бітірген болатын . Салтанатты мерейтойлық шара аясында қалалық саяжайға орнатылған Анатолий Иванов ескерткішінің ашылу ресімі болды . Ескерткіштің авторы - мүсінші Владимир Самойлов .
« Қаржы орталығы » АҚ кредиттің жаңа бағдарламасы жөнінде ақпарат
9 ) тиісті бейіндегі ғылыми дәрежесі , кемінде үш жыл ғылыми - педагогикалық жұмыс өтілі , отандық және шетелдік басылымдарда , халықаралық конференциялардағы еңбектерінде ғылыми жарияланымдары , магистрлік даярлық мамандығы бойынша оқу құралдары бар жетекші мамандардың , штаттағы оқытушылардың магистранттарға ғылыми жетекшілікті жүзеге асыруы ;
Бұл дегеніңіз - мысалы , белорустар шығаратын " Бирюса " тоңазытқышын біздің тұрғындарымыздың тура Беларусь еліндегі бағаға сатып алуға қолы жетеді " деген пікірлерге жұрт енді ден қоя бастағанда , бірқатар қазақстандық кәсіпкерлер Кедендік одақтың көлеңкелі тұстары жайлы жайсыздау пікір айтты .
- Шағын несие алу дегенді көпшілік дұрыс түсінбей жатыр : « Банктен несие алып , үйімізді кепілге қоямыз ба ? » деп . Шағын несиені банктер бермейді . Осы жобаны жүзеге асыру мақсатында Тұрғын үй - коммуналдық шаруашылық істері агенттігі жанынан шағын несие беру орталығы құрылады . Сол орталық арқылы қаржыландырылады . Бұл үшін үй кепілге қойылмайды . Несие орталығы жылдық үстемақысы 4 - 5 пайызбен 20 жылға несие береді . Доллар бағамы өскеніне қарамай , 20 жыл бойы төлемақы мөлшері ( әр тұрғын шамамен 1100 - 1800 теңгеден төлейді ) сақталады .
Кеңестің негізгі міндеттері азаматтық қоғам дамуының жай - күйін , мәслихаттардың және азаматтық қоғам институттарының қызметін , « Нұр Отан » ХДП бағдарламалық құжаттарын орындау жөніндегі шешімдердің атқарылу мониторингі , азаматтық қоғамды , мәслихаттардың жұмысын жетілдіру , адамның , азаматтың құқықтары мен бостандығын қорғауды және осы салада қолданыстағы заңнаманы сақтауды қамтамасыз ету жөнінде ұсыныстар әзірлеу , өкілді және атқарушы билік органдарының , саяси партиялардың , қоғамдық бірлестіктердің , азаматтық қоғамның басқа да институттарының қызметін үйлестіру және оны жетілдіру әрі дамыту жөнінде ұсыныстар әзірлеу болып табылады .
Кеше Ә . Тәжібаев атындағы об ¬ лыстық ғылыми - әмбебап кітапха ¬ насында « Германия - Қазақстан - 2010 » жыл аясында Алматыдағы Герма ¬ нияның Бас консульдығының ұйым ¬ дастыруымен қос көшпелі көр ¬ месі көпшілік назарына ұсынылды . Бұл шараға облыс әкімінің кеңесшісі Ержан Уәйіс қатысты .
Сіз бақилық болған соң Кеден Одағы дегенге кірдік . Қымбатшылық ақпанның аязындай қыса бастады . Енді кешікпей Экономикалық Одақ дегенді пайда болдырып , соған кірмекпіз . Білмеймін , келешегіміз не болар екен ? ! … Тәуелсіздік деген қасиетті құқығымыздан айырылып қаламыз ба деп бүкіл халқыңыз қорқыныш үстінде . Ел азаматысыз - ғой . Халқым деп , Қазағым деп еңіреп өттіңіз . Бір шапағатыңыз тиер . Аруағыңызбен қолдап , желеп - жебеп жүріңізші ?
- Кенесары 45 жасында , Наурызбай 25 жасында өлген . Наурызбай хан ағасынан 20 жас кіші . Сонда оның туылғанына 170 жыл , екеуін бірге тойлаған дұрыс . Кенесарысыз Наурызбай жоқ , Наурызбайсыз Кенесары жоқ . Халық ұғымында ешқашанда ажыратылмай екеуі бір аталады , - дедім .
- « Байқоңыр » ғарыш айлағын жалға беру келісімінің төлем шарты бойынша , Қазақстан жылына 115 млн АҚШ доллары көлемінде ақы алады . Ал Ресей тарапынан жүргізіліп жатқан жұмыстарға араласпайды . Сондықтан Ресей мен АҚШ арасында келі сім жасауға Қазақстан қатысқан емес . Демек , Қазақстанға ол келісімнен келетін пайда жоқ . Дегенмен жалға беру келісімі бойынша Қазақстанның Ресеймен бірлес кен жобаларын басым сипатта жүзеге асыруға құқығы бар . Осыны пайдалана отырып , бүгінгі таңда Қазақстан « Бәйтерек » ғарыштық зымыран кешенін құру жобасын іске асыруда . Сіздің сауалыңыздағы келісімшарттың бағасына тоқталсақ , бізге ой салатын мәлімет бар . АҚШ 12 ғарышке рін ұшыруға 753 млн АҚШ долларын төлесе , бір ғарышкерді « Союз » кемесімен ұшырудың бағасы 62 , 75 млн АҚШ дол ларын құрап отыр .
- Бір басып алға жылжымасақ , зіл батпан қара тастың астына су жүрмейді . Төбеден тас құлатқандай жаңалық ашуымыз да бола қоймас . Дәл бүгін шындық дегеніміз тіс батпас қатты жаңғақтың бірі болып отыр . Жасырып жүргеніңіз барма ?
Жоғарғы оқу жүйесін реформалау жағдайында жоғары оқу орындарының даму мәселелері мен келешегі = Проблемы и перспективы развития ВУЗов Республики Казахстан в условиях реформирования системы высшего образования / ҚР Білім және ғылым м - трлігі , Абай атын . Қазақ Ұлттық пед . ун - ті ; бас ред . С . Ж . Пралиев . - Алматы : Абай атын . ҚазҰПУ ( Ұлттық пед . ун - ті ) , 2008 . - 139 б . ; 29 см . - Қазақша , орысша . - 50 дана . - ISBN 978 - 601 - 232 - 042 - 8 .
2 ) ҚР БҒМ « Әль - Фараби атындағы Қазақ үлттық университеті » РМК ,
Қазақстан Республикасы Президентінің атынан өткізілетін балалардың жаңа жылдық шыршасы « Ертегі - қала - Астанаға саяхат » сценарийі бойынша Шығыс Қазақстан денешынықтыру - сауықтыру кешенінің базасында өтті . Сценарийге сәйкес ертегі кейіпкерлері жас астанаға танымдық экскурсия жасайды . Шырша кезінде Елбасы Н . Ә . Назарбаевтың мерекеге қатысушыларды бейнеқұттықтауы көрсетілді . Карнавалдан кейін суретке түсу және тәтті дастарқан ұйымдастырылды . Мереке Республика алаңында « Ертегіде қонақта » думанымен , отшашумен аяқталды . Мерекелік көңіл - күй орнату үшін алаң арнайы әзірленіп , бекітілген эскизге сәйкес ресімделді . Шырша өтетін орын алдында мұз қалашығы салынды . Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі Басшысының ұсынысы бойынша Елбасының атынан қатысушыларға жаңа жылдық сыйлықтар : курткалар , спорт костюмдері , кроссовкалар , МР - 3 плеерлар , оқу - жазу құралдары , кітаптар салынған портфельдер , кәмпиттер мен жемістер салынған жаңа жылдық кулек берілді . Қазақстан Республикасы Президентінің атынан балалардың жаңа жылдық шыршасын өткізу республикалық және облыстық баспасөз құралдарында кең жария етілді . 2007 жылы 27 желтоқсанда сағат 15 . 00 - те Өскемен қаласында Шығыс Қазақстан денешынықтыру - сауықтыру кешенінің ғимаратында облыс әкімінің жаңа жылдық шыршасы өтті . Шыршаға облыстың барлық қалалары мен аудандарынан 9 - 13 жас аралығындағы дарынды оқушылардың арасынан 200 жетім балалар , аз қамтамасыз етілген және көп балалы отбасы балалары , балалар үйлері мен интернаттық мекемелердің тәрбиеленушілері , « Бибі - Ана » мүгедек аналар қоғамынан , патронаттық отбасылардан , облыстық білім мекемелерінен , мүгедек балалар шақырылды . Шыршаға қатысушылар үшін қызықты мәдени - танымдық бағдарлама ұйымдастырылды . Балалардың барлығына жаңа жылдық сыйлықтар : куртка , спорт костюмі , оқу - жазу құралдары , кітаптар салынған портфельдер , кәмпиттер мен жемістер салынған жаңа жылдық кулек берілді . Облыс әкімінің атынан балалар үйлері мен интернаттық мекемелерге 10 сыйлық тапсырылды ( сандық бейнекамералар , фотоаппараттар , ноутбуктер , плазмалық телевизорлар , үй кинотеатрлары , тігін машиналары ) .
2 . Қамқоршылық және қорғаншылық органдары өз құзыретi шегiнде 19 - баптың 1 - тармағында аталған кәмелетке толмағандармен , егер олар жетiм болса немесе ата - аналарының және басқа заңды өкiлдерiнiң қамқорлығынсыз қалса , жеке профилактикалық жұмысты жүргiзуге қатысады .
Бұрындары өмірлік жарды жаңылмай табу үшін жұлдызжорамалға , есімдеріне , мінездеріне қарай , т . б . болжамдар жасап , таңдап жататын . Енді қан тобына қарай сәйкестікті білуге болатыны анықталып отыр . Канадалық және жапондық ғалымдардың біріккен зерттеулері осындай нәтиже берген . Бұны басқа дәрігерлер де жоққа шығара алмайды .
Бүгінде Мәшһүр - Жүсіп өмір сүрген ортасынан біздің ортамыз бөлек . Дегенмен қазақ жері , қазақ тілі , қазақ салт - дәстүрі , қазақ тарихы өз құндылықтарын жоғалтпай , жерді бабалаымыздың аманаты мен күн көріс көзі ретінде қабылдауы қоғамдық заңдылық .
Сол пойызбен тербетіліііііп , үйге қайтып бара жатпаймын ба алып - ұшып ? ! Іш пысқан соң түртінектеп , қызық іздей бастайсың . Бір кезде әжетхана есігіндегі мына жазуға көзім түсіп кетті . Санитарлық аймақта пайдалануға болмайтыны туралы табақтай ақпарат ілінген , онысы - орыс тілінде . Сөйтсе бір пысықайымыз жазудың үстінен екі сызып , " Қазақшасы қайда ? " деп " ескерту " айтып кетіпті . Шынымды айтсам , патриот бауырыма риза болдым
Словения Президенті Данило Тюрктің Қазақстандағы екі күндік ресми сапары « Казахстанская правда » газетінің де назарынан тыс қалмаған . Басылымның жазуынша , Елбасы Н . Назарбаев жоғары дәрежедегі келіссөздердің , сонымен қатар Астанада өткен қазақстандық - словениялық бизнес форумның қорытындысында қол қойылған құжаттар екіжақты іскерлік байланысты жүзеге асыруға жаңа серпін беретіндігіне сенім білдірген . Ал Словения Президенті өз сөзінде « Біз Словенияда Қазақстанға таң қаламыз және қазіргі қарым - қатынастың деңгейін бағалаймыз , өйткені Сіздің еліңіз осы жылдардың ішінде экономикадағы динамикалық дамуын , сонымен қатар өңірдегі саяси көшбасшы сапасын көрсетіп отыр » , депті .
Әскери қызметшiлер ластанған аумақтарда әскери қызмет атқарған жағдайда осы Заңға және Қазақстан Республикасының басқа да заң актiлерiнесәйкес құқықтар мен жеңiлдiктердi пайдаланады . Ескерту . орыс тіліндегі мәтінге өзгеріс енгізілді , қазақ тіліндегі мәтін өзгермейді - ҚР 2007 . 05 . 22 № 255Заңымен .
3 жыл бұрын ( 2006 ) Семейде алғашқы рет қазақстандағы дөңгелекті тракторды ТТЗ - 80 . 10 . құрастыру конвейерлік желісі іске қосылды . Бұл оның құрылуына Беларус , Ресей , Өзбекстан және Қазақстан қатысқан бірлескен кәсіпорын .
Қасым хан тұсында Қазақ хандығындағы адамдар саны шамамен : 1 000 000
Мұндай шетелдік сарапшылар мен саясаткерлердің Елбасының аталған саммитке қатысуына байланысты ой - пікірлері « Астана ақшамы » газетінде де жарияланды .
4 - қадам . бағанының элементтері ( 4 - суретте оң жағындағы шеткісі ) і - ші жолдың үстінде және астында орналасқан абоненттер санының айырымын анықтайды . Телефондық жүктеменің бір координат орталығы ең кіші айырымға сәйкес х жолында орналасу керек .
- Шетел жұлдыздары өздерінің басынан өткен мұңдары мен қуаныштарын тыңдармандарымен бөлісіп отырады . Ал сіз ше , бөлісер ме едіңіз ?
Марқұм әжем күн күркіреп , найзағай жарқылдағанынан қорқып « астапыралла , астапыралла » деп Алланы еске алып , кәлимәсін айтып отыратын еді . Бұл сөздің мағынасын ол кезде білмейтін едік , сөйтсек бұл арабтың « астағфируллах » , яғни « Алладан кешірім сұраймын » деген сөзі екен . Сонда әжеміз не үшін кешірім сұрады деген сұрақ менің көкейімде қалғантұғын ? Аспанда қара бұлт пайда болса , бізді дереу үйге кіргізіп , терезенің пердесін жаптыртатын . Бірақ сол кезде балалықпен қатты дауыс болғандықтан қорқатын шығар деп ойлайтынмын . Үйдің үлкені әжеміз қорыққан соң үйдегі ағаларымнан бастап бәріміз қорқатынбыз . Бес уақыт намазын қаза қылмай , шариғатты терең білетін әжемнің не себепті қорқатынын көпке дейін түсінбейтінмін . Сөйсем әжемнің қорқуының өзі тақуалығынан екен . Оны мен кейін құран кәрімді қолға алып , пайғамбарымыз ( с . ғ . с ) хадистерін оқып , шариғат туралы біле бастағанда бірақ білдім . Адамзаттың ардақтысы пайғамбарымыз Мұхаммед ( с . ғ . с . ) өзіде қорыққан екен , мына төмендегі хадис соның дәлелі . More
- Сен де бақыт іздеп барады екенсің , мен тек өз қабылдауымдағы пікірлерді ғана айттым . Бара беріңіз сол елге . . . Тек байырғы тұрғындарға аяушылық көрсете біліңізші . Себебі бәрін Жаратушы күш көріп тұр ғой . Мен бәрібір өз тамырластарымды құтқарып аламын , қой үстіне бозторғай жұмыртқалаған осы бір кезеңде қолдары ауыздарына жетпей отырған . Әлдебіреулер жеткізбей отырған . Құрысын бүйткен өмірі , қарғыс атсын .
Сиректас - таулар . Атау өзінің тіке мағынасында . Сирек + тас компоненттерінен құралған атау .
Жаңа жылдан кейін әлеуеметтік жүйелер мен блог платформаларда біраз өзгерістер болғанын байқаған шығарсыздар . Оның ішінде ЖЖ - ның америка офисінен 12 қызметкерді жұмыстан шығаруы ( бұрын олардың саны 28 еді ) , Твиттердің ең танымал қолданушылары - Бритни Спирз пен Барак Обаманың микроблогтары хаккерлермен бұзылғаны . Соған қарамастан орыс тілді тви - қолданушылардың саны ( оның ішінде қазақстандықтар да баршылық ) қаңтар айында ұлғайды . ЖЖ - дағылар енді Твиттерге көшейек , бір - бірімізді дос қылайық ( зафрендим ) деп айтып жатыр . Кеше Твиттердегі жазбалардың көбісі ICQ туралы болса , оның алдында Обамаға арналған , біздікілер премьер жайында сөйлеседі . " Twitter is the telegraph system of Web 2 . 0 . " Nicholas Carr , Author and Technologist ( Твиттердегі бір жазбадан ) Тағы бір мегажүйе Facebook 150 млн . қолданушыға ие болды . Google жайында айтатын болсақ , бір жағынан олар көп офистерін жауып , бірнеше сервистерінің жұмысын тоқтатса , жаңа сервис пен утилиттерді іске қосты . Арнайы қыздар үшін МЫНАНЫ көрсеткім келеді . ИШ көмегімен .
Ал өткен жылдың желтоқсан айында іске қосылған білім ошағының кемшіліктері әлі жойылмай келеді . Облыс басшысы осы ауданға ағымдағы жылдың наурыз айында жасаған сапарында көрсетіп кеткен кемшіліктерінен қорытынды шығарылмаған . Тапсырма толық орындалмаған . Ғимараттың ішкі сырлау жұмыстарында , спорт залында , желдеткіш жүйелерінде өрескел олқылықтар мен мұндалап тұр . Жоғары қабатқа көтерілетін баспалдақтарына әлден сызат түскен . Сызат түсе бастаған баспалдақтар Семей қаласында шығарылған . Б . Сапарбаев аудан басшылығына , құрылысты салған мекемеге және мектеп басшысы С . Бековаға қатаң сын айтты . Кемшіліктер түзетілмесе , басқаша шара қолданылатынын ескертті . Сонымен қатар аурухана мен мектеп үйінің ара қашықтығы елу қадамға да толмайды , екеуіне бір қазандық орнатуға болмас па еді деген Әкімнің наразылығы да орынды . « Мемлекет қаржысын орынсыз жұмсап , желге шашқан мердігер компанияларға менің тарапымнан сұраныс та , тексеріс те қатты болады » , - деді Бердібек Мәшбекұлы . Облыс Әкімі жөндеу жұмыстары жүріп жатқан аудан орталығындағы 120 орындық « Шуақты шұғыла » балабақшасында болды . Облыс Әкімі аудан орталығындағы Жеңіс саябағында , Абай атындағы көшеде жүргізіліп жатқан абаттандыру жұмыстарына оң баға берді . Өңір басшысының Көкпекті ауданындағы іссапары Балажал кен орнындағы « Семгео » ЖШС - нің өндірісімен танысумен қорытындыланды .
Павлодар Инновациялық Еуразиялық университетінде Түмен мемлекеттік мұнай - газ университетінде қос диплом бағдарламасы бойынша білім алған жоғары оқу орнынан кейінгі білім факультетінің бітіруші түлектерін шығарып салу рәсімі өтті , деп хабарлады оқу орнының баспасөз қызметінен .
« Үш бағыт ұшпаққа шығара ма ? » Осындай сауалға құрылған « Айқын » газетінің бүгінгі санындағы келесі мақала кеше « Атамекен » Одағы » Ұлттық экономикалық палатасының кеңейтілген жиына назар аударыпты . « Жиында Үкімет атынан келген Экономикалық даму және сауда вице - министрі М . Құсайынов « Бизнестің жол карсасы - 2020 » - ның таныстырылымын жасады » , - дейді басылым .
І Бекет Атаның әулиелігі қалың елге кеңінен жайылған кез болса керек . Маңғыстауғы аты танылып үлгірген домбырашы сері жігіт ел аралап жүріп , жұмаға қараған күні түс көреді . Түсінде астындағы аты омақаса құлап мертігіп , домбырасы ортасынан омырылып , өзі белінен шойырылып жүре алмай қалғанын сол ауылдағы көпті көрген қарияға жорытады да , ақсақал тұшымды ештеңе айтпаған соң , жоспарлап қойған жолынан бас тартпай , кете береді . Жолда дәл түсіндегідей атының аяғы інге кіріп кетіп , омақаса құлайды , өзі омыртқасын зақымдап жүруден қалады . Баласының азап шегіп жатқанын көрген әкесі арнайы ат арытып келіп , Бекет Атаға баласының жағдайын баян қылады . Бекет Ата жігіттің жұмаға қараған күнге түс көргенін , сол түсті жорытқаннан болғанын айтып , келе алмай үйінде қалған жігітке сыртынан бірнеше айға шарттап , ем жасайды . Атаның емі қонып , домбырашы жігіт жазылып , бұрынғыша серілігін жалғастырған екен . Read more of this post
1978 жылы Алматы облысы Райымбек ауданы Нарынқол ауылында туылған . Қазақстан Республикасы спорт шебері . 1999 - 2000 жылы Қазақстан Республикасы чемпионатының жүлдегері . Қазіргі уақытта Алматы қаласының орта мектебінде дене шынықтыру пәнінің мұғалімі .
ІІ саты бастауыш профилдік музыкалық оқыту ( 7 - 9 мамандандырылған сыныптар )
Сәулеленудiң әсерлi эквиваленттi мөлшерi бүкiл сынақ кезеңiнде халық үшiн 0 , 1 бірден асатын аумақ ластанған деп есептеледi . Залалданған аумақтар әсерлi эквиваленттi мөлшерiнiң шамасына қарай : - төтенше радиациялық қауiптi аймақ ; - ең жоғары радиациялық қауiптi аймақ ; - жоғары радиациялық қауiптi аймақ ; - ең төмен радиациялық қауiптi аймақ ; - жеңiлдiктi әлеуметтiк - экономикалық мәртебесi бар аумақ деп бөлiнедi . Шаруашылық қызметiнiң түрлерi мен оны ұйымдастыру тәртiбiн , табиғат пайдалану көлемi мен аумақты экологиялық жағынан қалпына келтiрудi Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi белгiлейдi . K030442 , K070212 Бұдан былай аймақтар шекарасы мен оларға кiретiн аудандарды Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң ұсынысы бойынша Қазақстан Республикасының Жоғарғы Кеңесi бекiтедi .
Биыл 94 килоға ауысқан Вла димир бойындағы бұла күш терін әлем чемпионатына әзірледі . Жаттығу барысында Олимпиада чемпионы Илья Ильиннің Бей жің де көрсеткен нәтижесінен де асып түсуі Гоянгтағы әлем біріншілігінің алтын тұғырына көтерілуінің айқын көрінісі іспетті . Айтқандайын , Володя Жер жәннаты Жетісу жерінде де топ жарған - ды . Осының барлығы сайып келгенде спорт шының биыл жарыс жолына барын ша құлшына тер төге кіріс кенін айғақтайтындай …
Қарағанды . 26 желтоқсан . ҚазТАГ - Қарағандыда Путейская көшесіндегі теміржол өткелегінде « АрселорМиттал Теміртау » көмір департаментінің жүк арту - көлік басқармасының тепловозы 40 - 45 жастағы ер адамды қағып кетті . Тепловозды 56 жастағы машинист басқарған .
Мақсаты : ғылыми зерттеулер мен зерттемелердің нәтижелерін пайдалану үрдісін эффективті жүзеге асыратын , экономикалық және әлеуметтік қарым - қатынастарды , өнеркәсіптік шаруашылықты жетілдіруге бағытталған инновациялық шаруашылық субъектілерін құру , сонымен қатар жалпыуниверситеттік инновациялық инфрақұрылымды құру .
Қазiр бауыржантану iлiмi Мекемтас Мырзахметұлындай ұлтын ұлықтаушы iрi ғалымның арқасында көңiл көншiтерлiк деңгейге көтерiлдi . 100 томға жоспарланған академиялық жинағының 35 томы қазiр қолға тидi . Отансүйгiштiк пен әскери - патриоттық тәрбиеде оның өмiрiнiң өнегесi ерен . Қазақтың көсегесi көгере түссiн десек , ендiгi жерде сабыртануды да бастау керек - ау .
Міндеттер : 1 . Университете президенттік « Болашақ » стипендиялық бағдарламаның орындалуы . 2 . Университеттің студенттері және профессорлық оқытушылық құрамы тілдік дайындықтан өтіп , Европалық сападағы сертификаттар мен дипломдар алуына жағдай жасау . 3 . Мамандықтар бойынша бірлескен халықаралық магистрлік бағдарламаның жүзеге асырылуы . 4 . Университетте дәріс оқу үшін шетелдік лекторларды тарту . 5 . Халықаралық білім көтеру курсатарын ұйымдастыру . 6 . Гранттар , техникалық және қайрымдылық көмектер түрінде жоғарғы оқу орнына қосымша қаржы көздерін тарту . 7 . Университетің студенттерінің және профессорлық оқытушылық құрамының ғылыми мақалаларын шетел баспаларында басып шығару . 8 . Университеттің ғылыми - әдістемелік және шетел ғылыми - әдеби кітапхана қорының құрылуына жағдай жасау . 9 . С . Торайғыров атандағы ПМУ - дің халықаралық байланыстар аумағын кеңейту .
- Кiшкене күнiмде үйдегi сөрелерде батырлар жыры сiре сiп тұратын едi . Әжем маған батырлар жырын кемпiр - шалдарға оқытып қоятын . Тiптi әкем сол жырлардың күйтаспасын да әкеп бергенi бар . Санамда әбден жатталып қалғаны сонша , 60 - 70 бет жыр жолдарын кiтапқа қарамай - ақ жатқа соғушы едiм . Әкем өнердi сүйетiн . Үйiмiзге әртүрлi ақын - жазушылар , өнер адамдары көп тоқтайтын . Ол бiрде : « Балам , өлеңдi өзiңмен бiрге тас тамай алып жүр . Ал бiрақ мына заман - ғылым мен техниканың заманы . Сен инженер бол . . . » - деп ақылын айтты . Жоғары сыныпқа көтерiлген сайын , әке сөзiнiң растығына көзiм жете түстi .
Гагат . Ерекше сауықтырғыш қасиетке ие . Әсіресе , эпилепсия , бас ауруларынан , қабынулардан жақсы қорғайды . Сонымен қатар , жаман қарғыстардан қорғайды деген халық арасында пікірлер бар . Гагаттан жасалған білезіктерді латынамерикалык елдерде кішкентай балаларды көз тиюден қорғайды деп сеніп , ата - аналары қолдарына таққан екен .
Именем Алиби Жангельдина названа улица города . Установлен памятник - бюст . Авторы скульптор Исаев А . А . и архитектор Белоцерковский Н . И .
Енді өзіме және хәл - қадерімше араласып жүрген істерге қатысты мүфти - хазіреттің дін саласының жетекшілері мен зиялы қауым арасын жақындастыруға үлгі боларлық қызметіне тоқтала да кетейін . Ол Діни басқарма жанынан зиялы қауым өкілдерінен ақылдастар кеңесінің құрылуы . Алғашқыда бұл қалай деп ойға қалсам , келе - келе бұл үлкен істің басы екеніне көзім жетті . Жоғарыда айттым , қоғам дінсіз болмайды , дін мемлекеттен бөлінгенмен қоғамнан қалайша бөлінбек , бірақ кеңестік идеологияның құлаққа сіңісті , сананы тұмшалаған біржақты үгіт - насихатынан әлі дін туралы қазақ қауымында ескі түсініктер бар екенін естен шығармаған жөн . Қазіргі кездегі " үлкендеріміздің " дені атеистік бағытта тәрбиеленіп , өсіп - жетілгендер , олар дін ісін өз мәнінде пайымдай алмауда . Дін жанашырлары , жақтаушылары - негізінен жастар . Ал , жастар араласқан істің болашағы зор болары көпшілікке белгілі . Олай болса , сол жастарға көшбасшы болатын тәжірибелі зиялы қауымның болуы қажеттілік емес пе ? Осы қажеттілікті терең түсінген , ғалым , мүфти - хазірет Әбсаттар қажы , зиялы қауым өкілдерінен кеңес құрып , Қазақстандағы діни істер тарихында жаңалық бастады . Әрине , хазіреттің бұл ісіне түсінбегендер де болған шығар . Намаз оқымайтындарды мешітке жақындатпау керек дейтін ортодокс ағайындар әлі де баршылық . Менің есіме , осы тұста Малайзия елінің экс - премьер - министрі Махатхир Мохаммадтың мұсылман әлемінің өркениет үрдісінен кенже қалып қойғанының бір себебі , мұсылмандардың өз ішіндегі бірліктің , түсіністіктің болмауынан деуі әбден дұрыс . Базбіреулер ислам дінінің негізгі қағидасына қатысты емес жайларын дау - дамайға айналдырып , соған күш - қуаттарын рәсуа етіп , дініміздің өзге әлемдік діндермен бәсекеде қуатын шектеп кенжелеп қалудамыз . Кезіндегі мұсылман әлемінің дүниежүзілік қуаты , мұсылман Ренессансы қайда , неге мұсылман елдері Батыс өркениетінен кенже қалды , неге тіптен араб елдерінің бас бірлігі жоқ , сірә өзін саналы мұсылманмын деген адамға ойланатын уақыт жетті . Қазақ қоғамына ислам туралы ғылыми әрі өркениеттік түсінік әбден қажет .
15 жыл бұрын ( 1995 ) Президент Жарлығымен қазақ ғарышкерлері Т . Әубәкіров , Т . Мұсабаевқа « Халық Қаһарманы » атағы беріліп , жоғары ерекшелік белгісі - « Алтын Жұлдыз » тапсырылды .
2005 жылдан " Құрмет " орденінің , медальдардың иегері , отбасылы . Қызы мен ұлы бар .
2009 жылғы 3 желтоқсанда Қызылжар ауданына жұмыс сапарымен ҚР Президенті Әкімшілігінің мемлекеттік бақылау және ұйымдастыру - аумақтық жұмысы бөлімінің мемлекеттік инспекторы Арман Тарғынұлы Әбенов келді . Сапары барысында мемлекеттік инспектор келесі нысандарға : « Левин В . Д . » ЖК жиһаз дүкеніне , № 3 Бескөл орта мектебіне , дене шынықтыру - сауықтыру кешеніне , « Молсервис » ЖШС сүтті қайта ұқсату цехына , Бәйтерек поселкесіне барды , содан кейін Новоникольское селосындағы храм мен мәдениет Үйін аралады .
1 жыл бұрын ( 2009 ) « Жеті жарғы » баспасынан екі тілде жазылған « Кеден ісі бойынша сұрақтар мен жауаптар » - « Вопросы и ответы по таможенному делу » атты кітап жарық көрді . Авторы - кеден қызметінің полковнигі Бекен Нұрахметов .
Онан соң жүрек айтыпты : « Мен - адамның денесінің патшасымын , қан менен тарайды , жан менде мекен қылады , менсіз тірлік жоқ . Жұмсақ төсекте , жылы үйде тамағы тоқ жатқан кісіге төсексіз кедейдің , тоңып жүрген киімсіздің , тамақсыз аштың күй - жәйі қандай болып жатыр екен деп ойлатып , жанын ашытып , ұйқысын ашылтып , төсегінде дөңбекшітетұғын - мен . Үлкеннен ұят сақтап , кішіге рақым қылдыратұғын - мен , бірақ мені таза сақтай алмайды , ақырында қор болады . Мен таза болсам , адам баласын алаламаймын : жақсылыққа елжіреп еритұғын - мен , жаманшылықтан жиреніп тулап кететұғын - мен , әділет , нысап , ұят , рақым , мейірбаншылық дейтұғын нәрселердің бәрі менен шығады , менсіз осылардың көрген күні не ? Осы екеуі маған қалай таласады ? » - депті .
Өткенге көз жүгіртіп отырсақ , осынау қуа нышты сәтке дейін ұстараның жүзінде жүргендей жағдайда талай іс тындырылыпты . Тіпті , тәуел сіздікке шындап бетбұрыстың өзі 1991 жылдың 16 желтоқсанынан шамамен 20 айдай бұрын бас талған екен . Олай дейтін себебім , бұған дейін толық тәуелсіздік туралы заң қабылдауымызға жол ашқан « Қазақ ССР - інің мемлекеттік егемен дігі туралы декларация » , Қазақ ССР - ында пре зидент тік басқару институтын енгізу туралы Конситуциялық күші бар заң қабылданып , тұң ғыш президент Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев Парламенттегі сайлау жолымен қызметін атқарып жатқан болатын . Міне , осының бәрі тарих , осы ның бәрі 20 жылдығын тойлағалы отырған елі міздің толық тәуелсіз дігіне жол ашқан бір үлкен іс болды .
Аудан шаруашылықтарында облыс бойынша 12 , 6 % ірі қара бар , оның ішінде сиырлар - 12 , 9 % , қойлар мен ешкілер - 3 , 7 % , оның ішінде қаракөл қойлары - 3 , 3 % , шошқалар - 15 , 9 % , жылқылар - 7 , 3 % , түйелер - 9 % . Ерекшеліктер мен көрнекті орындар Қазіргі таңда аудан бойынша 16 тарихи ескерткіш пен 9 танымал тарихи тұлғалардың ескерткіші сақталып қалған . Атакент поселкесінде Мақтаарал ауданының мақта өсіру мұражай бар . Әкимат мекен - жайы Жетысай 487600 М . Әуезов көшесi , 20
Қарсы ағынды және нақты параллельді технологияларының салыстырмалы сипаттамасы
Ұлықтау шеруіне қатысқан Қазақстан Қарулы Күштерінің жауынгерлері жүктелген міндеттерді ойдағыдай , жоғары деңгей де орындады деуге болады . Бұл салтанатты шеру барысында да , оны тамашалаған Елбасы Нұр сұл тан Назарбаевтың көңіл - күйі нен де , жиналған қалың қауым ның жарқын жүздерінен де анық байқалып тұрды .
18 жыл бұрын ( 1993 ) Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің Төралқасы « Қазақша жер - су аттарын , атауларды орыс тілінде дәл жазуды тәртіпке келтіру және Қазақстан Республикасы жекелеген әкімшілік - аумақтық мекендерінің атауларын өзгерту туралы » қаулы қабылданды .
Қаржылық бақылау басқармасының басшылары сыбайлас жемқорлық жасады деп айыпталуда 91
Ақұштап Бақтыгереева 1944 жылы , 23 тамызда Ақжайық ауданы , Еңбек ауылында дүниеге келді . Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі ( 1969 ) . Орал қаласындағы С . Сейфуллин атындағы 11 - орта мектепті бітірген ( 1961 ) . 1961 - 66 жылдары Қазақтың қыздар пединституттың филология факультетінде оқыды . Еңбек жолын « Орал өңірі » облыстық газетінде бастаған . « Жұлдыз » журналы ( 1970 ) , « Қазақ әдебиеті » газеті ( 1967 ) редакцияларында , « Жазушы » баспасында ( 1978 ) қызмет атқарды . « Өрімтал » деген алғашқы өлеңдер жинағы 1967 жылдары жарық көрді .
« Жол картасы » бағдарламасы жүзеге асырылды , соның арқасында бүкiл Қазақстан бойынша 248 адам жұмысқа орналасты . Қосарлана көптеген елдi мекендердiң инфрақұрылымдық проблемалары шешiлдi .
Мiне , дәл осындай мәлiмет берген Орталық комитетке қаратыла жазылған « Аштарға көмек комиссиясының жұмыс қорытындысында » : Ит пен мысықты ұрлап сойып - жеу , шын мәнiнде iндетке айналды . Осынау « бiр кесiм ет үшiн » бiрiнiң жағасын бiрi жыртқандар көшеде осындай ; қу құлқыны үшiн , күн көруi үшiн әлгiндей бiр хайуанның соңынан бiрнеше адам жүгiрiп бара жатады . Қалайда тiрi қалудың қамын жасап , жансебiлдiкпен жанталасқан әлгi адамның өмiрге құштарлығын түсiну үшiн оның қуып жүрген хайуанды ұстаған кезiндегi қуанышын көрсеңiз ғой , аштықтың қасiреттi сайқымазағы адамдарға әлгi « жансебiлдердiң » өзi қарауға қорқады , өйткенi келесi сәтте оның өзi де соның кебiн құшуы мүмкiн . Иә , ол да ғажап емес . . . Сотта , бiрде аштық сотта тұрақты түрде адамның етiмен қоректенген үш адамның iсi қаралып жатса , келесiде адамның етiн пұттап сатқанға үкiм шығарып жатады . . . Кешке қарай көшеге шығу қорқынышты , адамдарды , әсiресе толық адамдарды аң сияқты аулауға шығатындар бар . Аштар өлгендердiң етiн жеп жатыр » , - деп жазылған екен . Аштықтан және онымен ере келген аурулардан , сол сияқты ауыртпалық жайлаған аудандардан үдере көшу халық санын күрт кемiттi . 1914 жылы өлке жерiнде 4 . 811 . 662 адам тұрса , 1922 жылы 3 . 795 . 963 адам қалды . ( « Қазақстан тарихы көне заманнан бүгiнге дейiн » . Очерк . - Алматы , 1994 . 315 - бет ) . Алаш ардақтыларының аштық туралы дабыл қағып , өз ұлтын қырғыннан сақтап қалу шараларына үлес қосқанмен 1921 - 1922 жылдардағы аштықтың қазақ ұлты үшiн тауқыметi зор болды . Уақыттың өзi олардың қауiп күткен ойларын шындыққа айналғанын көрсетiп бердi . Баршаға сын болған осы ауыр кезеңнiң тарихында халқына шын жанашырлық танытқан ұлт зиялыларының биiк азаматтық тұлғасының мақтанышпен айтылуы , жазылуы орынды . Ел үшiн заманның қасiретiн кешкен , аштық пен қуғын көрген Алаштың азаматтарының атын аспандата атауымыз керек . Халқымыз қанша зұлмат пен қасiреттi жылдарды басынан өткiзсе де ақ жүректiгiнен , ақ пейiлiнен айнымады . Алладан бас бостандығын ақ тiлегiмен тiледi . Абырой болып , тiлегi қабыл болды . Бостандыққа қолы жеттi . Егемен мемлекет болдық . Елiмiзде өмiр сүрiп жатқан барша жұрт , этностық топтар қазақ ұлттық апаты жайындағы шыншыл тарихты бiлуге тиiс . Шыншыл тарихты бiлу жерсуымызды мекен еткен түрлi ұлт өкiлдерiн қазақ төңiрегiне тығыз топтастыра түседi . Ресей Федерациясы мен Украина бұл нәубеттi мемлекеттiк деңгейде атап өттi . 31 мамыр жаппай қуғын - сүргiн құрбандарын еске алу күнi болып белгiленген . Сол күн « Жаппай қуғын - сүргiн және аштық құрбандарын еске алу күнi » қайта рәсiмделгенi дұрыс . Ал тарихи шындықтың күнi бүгiнге дейiн толық ашылмағаны және аян . Ендеше , ашаршылықтың ақиқаты әлi де өз зерттеушiсiн күтедi .
Дәретхана сыртта салынған . Мешіт ауласына жеміс ағаштары отырғызылған . Жол жиегіне имандылық айнасы ілінген тақта орнатылған . Мешітте жазды күндері діни сауат ашу дәрістері өткізіледі .
5 жыл бұрын ( 2006 ) Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев өзінің Алматыдағы резиденциясында Әзербайжан президенті Ильхам Әлиевті қабылдады . Екі мемлекеттің басшылары Қазақстан мұнайын Баку - Тбилиси - Жейһан жүйесі бойынша Каспий теңізі мен Әзербайжан арқылы халықаралық рынокқа тасымалдауға көмектесу және қолдау туралы Қазақстан мен Әзербайжан арасындағы келісімге қол қойды . Келісуші екі жақ та қол қойылған мемлекетаралық келісімнің бұл елдер арасындағы жоғары деңгейдегі қарым - қатынастың дәлелі екендігін атап өтті .
туристік әлеуетті , туристік мүмкіндіктердің шектері мен көлемдерін айқындау және бағалау ( оның ішінде жобалау аумағының жол берілетін рекреациялық сиымдылығының есеп - қисабы ) ;
Кітапта Қазығұрт өңірінің арғы - бергі тарихи жүйелі жазылған . Қазығұрт тауына қатысты Нұқ пайғамбардың кемесі жайлы аңыздың мәлім әрі беймәлім сырлары да әсерлі баяндалған . Түрік қағанатының билеушісі Истеми , Шыңғыс хан , Ақсақ Темір , Александр Македонский , Тұман ханым , Абылай хан , Төле би сынды айтулы тарихи тұлғалардың өмірлеріне қатысты деректер Қазығұрт бойында өткен оқиғалармен ұштастыра суреттелген . Сонымен қатар ауданның таңғажайып табиғаты , жан - жануарлар әлемі , өсімдіктер дүниесі және әлеуметтік - экономикалық , мәдени - рухани келбеті жайлы да нақты деректерді таба аласыз . Басылымдағы мәліметтер кез - келген азаматтың қажетіне жарары сөзсіз .
Кешке уақыттан қателесіп байқамай ерте ашып қойсаңыз , айттан кейін тағы бір күн ұстайсыз . Ал егер ұмытып кетіп бірнәрсені жеп , сосын ораза екеніңіз есіңізге түссе оразаңызды жалғастыра бересіз , оразаңыз бұзылмайды .
Қабарған түнді қашанғы саялап өтем ? ! Абыралы еді Жүрекпен аялар мекен ! Хиросимада жерленген атомсыз ғасыр Сарыөзек сайдан , апыр - ай , оянар ма екен ? …
Осы кезең аралығында жазушы « Ескілік көлеңкесінде » , « Қаралы сұлу » , « Қараш - қараш оқиғасы » әңгімелерін жазады . Орыс географиялық қоғамы Семей бөлімі төрағасының орынбасары болып сайланады , ол ГУБОНО әдістемелік кеңесінің мүшесі . Мерзімдік басылымдарда жиі жарияланып , мұғалімдерді қайта даярлау курстарында сабақ беріп , Абайдың өмірден озғанына 20 жыл толуына байланысты өткен әдеби кеште « Қырғыз әдебиетіндегі Абайдың орны » атлатын баяндама жасайды .
Бөрлiген қорымдық , Жыңғылды аулынан оңтүстік - батыста 26 км жерде .
Бүгінгі күні мұнда барлық 23 аудандық ұлттық - мәдени орталықтардың кеңселері орналасқан . Бұл ғимаратта мемлекеттік тілді ғана емес , басқа да ұлттар тілін үйренуге мүмкіндік беретін мультимедиалық және лингофондық орталық , дыбыс жазу студиясы , би залы , 200 орындық мәжіліс залы , 50 орындық « дөңгелек үстелдер » өткізетін конференц залы , 70 орындық кафе бар .
Мықты деген қазақжанды азаматтардың балалары орысша шүлдірлеп жүреді . Сондай бір азамат баласының атын атап : « Ағашке ассалау сделай ! » - дейді . Қазақы тәрбиесінің түрі . Ал ол - қазақ үшін жұмыс істеп жүрген адам . Біздің « тіл , тіл , тіл » деп даурыға бергенімізге құлақ үйреніп алды . Жазушы , қаламгер Тұрсынжан Шапайдың « Ауыз бен құлақ » деген әңгіме сінде бүкіл ауыз жиналып , айқайды салады . Біреуі : « Біз неге айқай лап жатырмыз ? Осыны құлаққа айтайық ! » - деп шешеді . Барлығы жабылып құлаққа айғайласа , ол естімейді . Үңіліп қараса , құлақтың тесігі жоқ екен . « Естімейтін құлақ болды ғой » деп тістеп көрсе , жаңағы құлақ өлі құлақ екен . Сол сияқты біз айғайлағанмен , еститін құлақ жоқ . Құлақ болғанымен , тесігі жоқ . Тесігі болғанымен , құлақтардың өлі болып тұрған заманы . *
Олимпаиада , конкурстар өткізу жақ сы дәстүрге айналғанмен , еңбекке оқыту мен тәрбиелеуде ең басты нәрсе - оқу шы лардың жүйелі еңбек өндірісін ұйым дастыру қажеттігі айқын аңғарылды .
Мәмбет ағай таза ғалым , ол өмір бойы ғылымдағы тазалық үшін күресіп келе жатыр емес пе ! Осыншама ұрлығы бола тұра Х . Тұрсұн Семейге барып қайта қорғап отырса оған Мәмбет ағайдың қандай кінәсі бар ? Оны Семейдің ректоры Ерлан Сыдықовтан , соңғы сыншысымақтары , кезінде коммунизмнің жаршылары , бүгінгі « антикоммунистер » Құдайбергенов пен Әзімбайдан сұрау керек шығар ?
Тумақ айдың тақ жыл , тақ ай , тақ күні он бесіне толғанда туылғандар ең бақытты , дәулетті болып , ел билемек . Артынша , туылғандар өте нашарлау болмақ .
2 . 5 Жасалған жұмыстың қорытындысы мен нәтижесін мына түрде жазады :
« Гете Эккерманмен әңгімелескенде бұл өлең туралы былай деген : дерексіз нәрсені жырлау маған тән үлгі емес . Ол шабыты шалқып , жүрегі толқып , осы бір тылсым әсерлерін қағазға түсіре білген . Ақын өзінің көркем әсерін өзге жұртпен бөлісуді аңсаған » - деп жазады Г . Бельгер . Ол Лермонтов пен Абайды Гетені көзсіз қайталаушы , даяр үлгіні малданушы емес , теңдес ақындар ретінде қарастырады . Поэзияда аудармашы ақынға бәсекелес , лайықты бақталас , күндес деп өзара жарыстырып қоятын шалағай ұғымдар бұл арада шет .
ШҚОАҚОҚБ тұрғындарда белсенді азаматтық көзқарасты қалыптастыру мақсатында үкіметтік емес ұйымдар және қоғам өкілдерімен тығыз байланыста .
2010 жылдың 21 желтоқ са нында Бейнеу - Шымкент бағыты мен жүретін « Қазақстан - Қытай » газ құбыры екінші учаскесінің ресми ашылуы болды . Ол шара Бозой компрессорлық стансасы ның құрылысында өткізілді . Жал пы айтқанда , Қытай кәсіп орындарының қатысуымен Қа зақ станда аса маңызды инфра құры лымдық жобалар іске асы рылуда . Мәселен , 2009 жылғы жел тоқсанда « Бақты » мен « Ала шаңқайда » еркін сауда аймағы салтанатты түрде ашылды . Қа зақстан азаматтары мұнда визасыз ене алады .
2 кестеге осы Ереженің 11 - қосымшасында келтірілген көрсеткіштер жазылады .
Бұл : жаздағы жайлау , қыстағы қыстау , көктемдегі көктеу , күздегі күзеу .
• Түйе құсты кем көрме , Аттан озар желгенде .
" Өлгені емес , жерді тастап кеткені , Шын бақытқа ерте бастан жеткені " . Содан да ақын бір сәт :
Сыған туралы алғашқы естеліктер 1501 жылы сыған таборының көсемі Васильдің Литва князі Александр Казимировичтен күзет грамотасын алған кезден бастау алады . Бүгінгі таңда аталмыш мереке ірі сыған ұйымдары бар 60 - қа жуық елде жыл сайын атап өтіледі .
Біз осылай ғылымды , жастардың рухани дүниесін жойып жатырмыз . Қазіргі таңда Қазақстанның жоғары оқу орындарынан Абайды , Шоқан Уалихановты білмейтін мәңгүрт ұрпақты көріп жүрміз . Әрине , олардың арасында білім алғысы келетін , өздері дұрыс бағытпен кетіп бара жатпағанын түсінетін студенттер бар . Олар ата - анасынан үлгі алып , кітапханаға барып , білім көзін іздей бастайды . Кейбір студенттер күндізгі бөлімнен сырттайға ауысып , тәжірибе жинауда . Міне осылай ғылымның белестеріне жетуге ұмтылатындар жоқ емес , бар .
Жобаны ары қарай жүзеге асыру үшін және осы сұрақты шешудегі жүйелі әдіс үшін , Серіктестік теңіздегі МАТЖЖ саласында мамандандырылған және 2 - ші деңгейдегі МАТЖЖ бойынша жеткілікті жабдықтары , күш - қуаты және қаражаттары бар , Маңғыстау облысында шоғырланған « SES - Borkit LLP » компаниясымен ынтымақтастық туралы меморандум жасады .
кинематикалық тұтқырлықтарды біле отырып , шартты тұтқырлықты келесі формуламен анықтауға болады
Темекiге қарсы күрес жариялағандар елiмiздегi шылым шегетiн 13 - 15 жасар жасөспiрiмдер саны былтыр 120 мың болса , биыл 140 мыңға жеткенiн айтады . Езуiне темекi қыстырғандардың ең жасы - 8 - де . Бұл - ресми дерек . Бейресми деректердi сөйлетсек , небiр сорақылықтың бетi ашылары анық . Ал , Қазақстанда нәпақа тауып жүрген темекi компаниялары , тапқан табыстарының 80 - 90 пайызын өз елдерiне қарай шекара асырады екен . Демек , қазақ жастарының санасын улаған темекiден түскен пайданың қызығын жатжұрттықтар көруде .
Бұдан соң Қытайдағы айрықша эконо микалық қалалардың бірі Тянь - цзинге жыл дам пойызбен сапарлап барып , ша һар дың бас жоспарымен танысқан Президент , үш күндік ресми сапарын қорытын дылады . Жоғары деңгейде өткен кездесулер соңында екі ел арасының ынты мағын , байланысын нығайту мақса тында үндеу қабылдап , ҚХР Төрағасы елімізде жазда өте тін ШЫҰ - ның он жылдық мер келік Саммитіне қатысуға ынта білдірді .
Халықаралық франкофония күні . Бұл - француз тілінде сөйлейтін елдердің мейрамы . Бүгінгі таңда бірнеше күнге созылатын франкофония мерекесі , күнделікті француз тілінде сөйлесетін әлемнің 47 елін біріктіреді . Ал осы франкофония терминін тұңғыш рет француздық ғалым - географ Элизе Реклю қолданған болатын . 1970 жылғы наурыздың 20 - ы күні Нигер астанасы Ниамей қаласында бүкіләлемдік франкофония ұйымы құрылды .
Алда бір нәрсе жазсам , бір драма жазғым келеді . . Өзім туралы емес . . Өзімнің призмамнан өткізілген бір өмір драмасы . . Ең әуелі өзімді , сосын басқаны толғандыратын . . Драма жоқ емес . . Көп , бірақ оларды барлығы біледі . . Бәлкім мен жеткізетін драма , осы бәрі білетін драмалардан шығатын шығар . . басқаша бір көз қарас , тың бір леп . . Маңыздысы , мағына . . Мағынасыз - мағынасыз . .
Қоғамның филиалдары күрделі процедуралар , сонымен қатар абдоминальды хирургия , ринохирургия , гинекология салаларында « қан шығармай » операция жасауға мүмкіндік беретін заманауи емдеу - диагностикалық техникаларымен жабдықталған . Қазіргі уақытта таяу және алыс шет елдердің озық ғылыми - медициналық орталықтарынан кеңес алуға , семинарлар , конференциялар , медициналық қызметкерлер үшін оқыту курстарын өткізуге мүмкіндік беретін телемедициналық технологиялар енгізілуде . Барлық филиалдарда эндобейнехирургиялық технологиялар енгізілді . Қарағанды филиалында сирек кездесетін буындарды эндопротездеу және торакоабдоминалды операциялар жасалады . Көкшетаудың галотерапия бөлімінде және Павлодар филиалының фитокабинетінде тыныс жолдары жүйесінің ауруларынан кейін сауығуға және созылмалы аурулардан айығуға жәрдем көрсетіледі . Барлық филиалдарда күнделікті емдеу - диагностикалық тәжірибеге иммуноферментті диагностика ( гормональды спекрді зерттеу , бактериологиялық және басқа зерттеулер ) , неврология , гинекология , кардиология , хирургия , травматологияда тексеру мен емдеудің жаңа әдістері енгізілуде .
Бұл " жұқпалы дерттің " синдромдары туралы кішкене ақпар бере кетейік . " Жағымпаздық кеселі " негізінен ғашықтық дертіне ұқсас . Бірақ , бұл " дерт " жұқпалы әрі аса қауіпті . Бұл " дертке " шалдыққан жанның көзіне өзінен лауазымы жоғары тұлға ерекше жаратылған тұлғадай болып көріне бастайды . " Көз алды бұлдырап " , ол " тұлғаның " кемшіліктерін көруден қалады . Оның әрбір сөзіне " басы айналып , құлағы тұнады " . Аталмыш " тұлғаға " тіл тигізгендерді ерекше жек көріп , кектене қарайды , оны қорғау үшін ар - ұяттан да безуге баруы мүмкін . " Ерек тұлғаның " қолын сүйіп , туфлиін жалағысы келуі де ғажап емес . Шаханов мырзаның ондай жандардан " ТЖ " деп тыжырыну себебі де осы . Сонымен қатар , мұндай " ауруға " шалдыққан адамдар " түс ажырату " қабілетінен айырылып , ақ пен қараны , яғни өтірік пен шындықты ажырата алмай қалып жатады .
ҚР - ның « Білім туралы заңы мен тіл туралы заңын басшылыққа ала отырып , білім беру мен оқытудың сапасын арттыру .
1 ) халықтың санитарлық - эпидемиологиялық салауаттылығы туралы Қазақстан Республикасының заң нормаларының орындалуын тексеру мақсатында кәсіпорын субъектілерін тоқсанына бір рет , объектінің эпидемиологиялық маңызына қарай айына бір рет , сондай - ақ кәсіпорын субъектісі болып саналмайтын мемлекеттік санитарлық - эпидемиологиялық бақылау объектілерін мемлекеттік органмен белгіленген жиілікке сәйкес ( қызметтік куәлікті көрсете отырып ) кедергісіз тексеруге ;
Бұл бәсекеге шыдас беретін тауарлар шығару мен қызмет көрсету үшін біздің бизнесімізді ынталан дырады .
Сәулет , дизайн және құрылыс саласында сұранысқа ие болашақ мамандарды дайындау , келешегі бар түлектерді ынталандыру , жо ғары оқу орындарының рөлін арт тыру мақ сатында Еуразиялық сәу лет - құрылыс мектебінің ха лық аралық фестивалі халық ара лық деңгейде ұйымдастырылды . Аталмыш фестиваль біздің академия бастамасы бойынша ТҮРКСОЙ және Малтепе универ сите тінің қолдауымен Ыс там бұл да өткізілді . Фестивальға Түр кия , Қазақстан , Ресей , Қырғыз стан , Тәжік стан , Әзірбайжанның жо ға ры оқу орындарының өкілдері мен түлектері қатысты .
Ғылыми еңбектері : 12 мақала , оның 1 - і орыс тілінде , т . ғ . д . , профессор Ж . О . Артықбаев , Е . Әбілмен бірге шығарған жалпы орта білім беретін мектепке арналған оқулық , 1 оқу - әдістемелік құрал
Сол сияқты 1200 жыл бұрын өмір сүрген имам Әбу ' Убәйд әл - Қасим ибн Саләм былай айтқан : " Сүннетке ерген адам қолына шоқ ұстаған адам секілді . Қазіргі кезде мен үшін мұндай адам Аллаһтың жолында қылыш сермеген адамнан да артығырақ ! " ( Қараңыз : " Тарихул - Бәғдад " 12 / 410 ) .
Бұрынғы замандарда адам емдеуге пайдаланылған мұнайды " өзіміздің емге ішетін жермай " деп , халқымыз жайдан - жай бағаламаған . Ғаламдық болмыс бірнеше миллиард жылдар бұрын түзілісінің негіздері қалыптасқан мұнайды түбінде адамзат ғылым мен техника мүмкіндіктеріне сүйене отырып , пайдаланатындығын алдын - ала біл ген сияқты . Осы ойымызды әрі қарай толық тыра түсетін болсақ , Қазақстанның мұнайға қатысты еншісі де алдын - ала реттестірілген қазына - байлық тәрізді . Оған мысал ретінде - Каспий қайраңындағы мұнай қорынының қазақстандық секторына жүргізілген барлау жұмыстарының нәтижелі болуы еліміздің тәуелсіздік алуымен тұспа - тұс келуін алуға болады . Ең қуаныштысы , еліміздегі мұнай кен орындарының аса ауқымдылығы өзге мұнайлы мемлекеттер алдында еңсемізді көтеріп , абырой - беделімізді асқақтата түсті . Сондай - ақ " ҚазМұнайТеңіз " компаниясының отандық және халықаралық дәрежедегі түрлі ұйымдардың жұмыстарына қолдау көрсетуі де компанияның мұнай өндірісіндегі кәсіби бағыт - бағдарын тиянақты түрде теңіз таби ғатымен жарасымдылық сипатта жүргізе тіндігін тағы да дәлелдеп отыр .
- 2000 жылы Аягөз ауданының " Жыл мұғалімі " атағына иеленді
Қабырға көшпенділерден қорғану үшін салынған жоқ . Қабырға қытайлардың сыртқы дүниеге шықпауын қадағалап отыру , күзетіп отыру үшін салынған . Басқа кез келген сана сияқты Қытай санасы да мифологияланған сана . Қабырғаның қалыңынан әлі күнге дейін қыштан жасалған бес қаруын асынған жауынгерлердің бейнесі табылады / кейде ол қабырғаға сылап жіберген шын адам болуы да мүмкін / . Ол жауынгерлер Аспанасты империясын « Солтүстік перілері » - сақтар мен сарматтардан , ғұндардан , содан соң түріктерден қорғап тұрды . Қытай санасы үшін қабырғаның арғы жағы - шығуға тыйым салынған дүние / көріп отырғанымыздай , жерді тікенек сыммен , қабырғамен қоршауды Сталин ойлап шығармаған екен . Өз елін қамап ұстап отыратын алып қора салу Қытай геополитикасының классиктері Цин - Ши Хуанди мен Чжу - Юаньчжаньнан қалған « дәстүр » екен / .
Жаңаөзендіктердің наразылығына себеп болған екінші бір нәрсе жұмыс берушілер оларға « жоспар орындалмады » деп тиісті сыйақыларын төлемеген . Ал жұмысшылардың айтуынша , жоспардың орындалмауына олардың кінәсі жоқ . Өндірілген мұнайды екі ортада ұрлайтындар бар . Мұнан біраз уақыт бұрын Ақтау портында ұрланған 57 вагон шикі май тәркіленген болатын . « Бұл біз өндірген мұнай , неге ол біз орындаған жоспарға кірмейді ? » - деген жұмысшылардың талабы орынды . Сонда жұмысшылар өндірген майды ұрлап - бір , орны толмай қалған майды « жоспар орындалмады » деп жұмысшылардың мойнына іліп , сыйақыларын бермей қалталарына басып , екі жеп биге шығып отырғандар кімдер ?
Баршамызға белгілі , қалада санитарлық - тазалық екіайлығы өтуде . Соған байланысты , облыс орталығында бірнеше мәрте сенбіліктер ұйымдастырылып , тазалық жайы күн тәртібінің бірінші мәселесіне айналды . Ортақ үйіміздің тазалығын қатаң бақылауға алған қала әкімі Мереке Исмұратов өткен бейсенбі күні жиналыс өткізіп , талай кемшіліктің бетін ашты . Орын алған олқылықтарды жоюға екі күн уақыт беріп , орындалуын талап етті . Санитарлық - тазалық екіайлығы аясында қала тоғыз секторға бөлініп , оған жауапты адамдар тағайындалған еді . Енді соның нәтижесін сарапқа салар уақыт жетті . Тексеріс кезінде анықталғандай , тоғыз сектордың тазалығы мәз емес . Кейбір жерлерде қоқыс « баяғы жартас , сол жартас » секілді әлі күнге дейін үйінді күйінде жатыр . Сөз дәлелді болуы үшін мамандар қалдық « отанына » айналған орындарды суретке түсіріп әкеліпті . Мұндай көрініске көңілі толмаған қала әкімі әр секторға бөлінген қызметкерлер , учаскелік инспекторды орнынан тұрғызып , жауабын сұрады . « Учаскелік инспекторлар жұмыс істемейді . Сіздер өз аумақтарыңыздың тазалығын бес саусақтай білулеріңіз тиіс . Жағдай нашар . Жұмыстарыңыз істеріңізден - ақ көрініп тұр » , - дей келе , Мереке Отарұлы қалалық ішкі істер басқармасының бастығы Амантай Айжігітовке учаскелік инспекторлар қызметін қадағалауды тапсырды . Ал қала орталығындағы оралымсыздыққа жауапты қалалық тұрғын үй , коммуналдық шаруашылық , жолаушылар көлігі және автокөлік жолдары бөлімінің бастығы Вячеслав Лиден сұрады . « Қалакөркемдеу » мекемесі де облыс орталығының тазалығына бей - жай қарамауы тиіс . Бірақ бұл мекеменің осы бағытта жасап жатқан еш жұмысын көріп тұрғаным жоқ » , - деген қала әкімі істің нәтижесі болмаса шара қолданатынын айтты . Жиналыс барысында Мереке Отарұлы « Дина » базарын ерекше сынға алды . Базардың қоқыс үйіндісі ортасына айналғанына алаңдаулы ол орынбасары Бақыт Иманғалиевке нақты жұмысқа кірісетін уақыт жеткенін алға тартты . Сондай - ақ , көшеде әлі де көлік жуу тыйылмай отырғандығы да баса айтылды . Аялдамаларда , жолдың кез келген жиегінде заңсыз тұрып алатын таксилерді ретке келтіруге қалалық МАИ бөліміне тапсырма берді . Осындай олқылықтарды атап айтқан Мереке Исмұратов кемшілікті түзеуге екі күн уақыт берді . « Ертең кешке тағы да жиналыс болады . Сонда жұмыстарыңыздың нәтижесін суретке түсіріп әкеліп көрсетесіздер . Алдағы сенбі күні орынбасарым Әділбек Нұрлығожиевпен бірге қаланы аралаймын » , - деді ол . Айта кетелік , бүгін яғни сәуірдің 24 - інде « таза Жайық , таза жағалау ! » акциясымен ұштасқан қалалық сенбілік өтпек . Бұл күні қаладағы барлық мекемелер , білім беру ұйымдары суын ішіп , балығын ас етіп отырған Ақ Жайығымыздың жағасын тазалайтын болады . А . МҰРАТҚЫЗЫ
2 жыл бұрын ( 2009 ) « Жеті жарғы » баспасынан екі тілде жазылған « Кеден ісі бойынша сұрақтар мен жауаптар » - « Вопросы и ответы по таможенному делу » атты кітап жарық көрді . Авторы - кеден қызметінің полковнигі Бекен Нұрахметов .
Қазақстан Республикасының Үкіметі енгізген заң жобасын әзірлеу қажеттігі « Ғылым туралы » Заңның жаңа редакциясына байланысты туындап отыр . Өзгерістер « Мемлекеттік сатып алу туралы » Заңға және Қазақстан Республикасының патент заңына енгізіліп отыр .
Сәті түскен күні ол үйдің айналасына мықты жасақты жасырын қойғызады . Өзі олар келеді - ау деген түн мезгілінде жиналған ақшаны санайтын ас үйдің маңдайшасындағы бар - жоғы жарты метрден сәл астам қуысқа тығылып , көздей тесіктен олардың әрекетін бейне жазбаға түсіріп алуға кіріседі . Онда қос тізерлеп , екі шынтақты тақтайға тіреп тапжылмай отырып , барлық әрекетті бейне жазбаға түсіріп алмаса , еш нәрсені де дәлелдей алмауы кәдік . Ең азабы осы болды .
Қандыағаш қаласының әкімі Айболат Манепов тұрғындар алдында есеп берді . Есеп беру жиналысына бірқатар мекеме басшылары мен жергілікті тұрғындар қатысты .
5 . 5 . Бағдарламаны іске асырудың мониторингі жүйесін құру және кезеңдік талдау жүргізу
Есепті мерзімде осы нысандарға бөлінген 688 , 5 млн . теңге республикалық бюджет қаржысы толығымен игерілді .
- Екібастұз аймағында жыл басында 8 инвестициялық жоба жүзеге асырыла бастады . Осы күнге дейін « Энергия - Капитал - 1 » серіктестігінде нан - тоқаш комбинаты мен « Восточный » кенішінде циклдық - ағынды аршу кешені іске қосылып үлгерді . « Таман » серіктестігіндегі жүк вагондары өндірісінің бірінші кешені пайдалануға берілді .
Қорық қызметкерлері жүргізетін табиғат қорғау кешенінің жұмыстары Марқакөл мемлекеттік табиғи қорығының жануарлар мен өсімдіктер дүниесінің толығымен қорғалуын қамтамасыз ете алмайды . Қорық маңайында қорық режимін , яғни қаумалдық режимдегі аймақ құрудың уақыты келген сияқты . Тек сонда ғана көл бассейнінің бірегей табиғат кешенін сақтауға болады , оның экосистемасының табиғи дамуы қамтамасыз етіледі және сонда ғана көл бай оңтүстік алтай табиғатының этолоны бола алады .
Қазақстан Республикасында тілдерді дамыту мен қолданудың 2011 - 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы
Қазақстанда жылудың булануға жұмсалатын жылдық шығынының мөлш . солтүстіктен оңтүстікке қарай 630 - дан 420 МДж / м2 - ге кемидi . Шөлдi өңiрдiң қуаңшылық маусымында жылудың көп мөлш . турбуленттi жылу алмасуға кетедi . Тек топырақтың көктемгi ылғалға қаныққан кезiнде , сол сияқты көгалды жерлерде буландыруға кететiн жылу мөлшерi ауаны турбуленттi жылу алмасу жолымен қыздыратын жылу шығынынан артық болады . Жазғы шұраттық құбылыс , яғни булану есебiнен күндiзгi ауа температурасының қала төңiрегiне қарағанда төменiрек болуы Алматыда жақсы байқалады . Радиация мен жылу балансының өзгерiсi ауа темп - расын өзгертедi . Қаңтар айының орташа темп - расы Қазақстанның солт . және шығыс С - қа дейiн көтерiледi . Шiлденiң ° С - тан оңт . аудандарында 3 ° аудандарындағы - 18 С - қа дейiн . ° С - тан 28 - 30 ° орташа темп - расы бұл аудандарда тиiсiнше 19 Қазақстанның солт . - шығысында климаттың континенттiгi тым жоғары , бұл өңiрде С - қа жетедi . Оңт . ° қаңтар мен шiлденiң орташа темп - расының айырмашылығы 41 С - тан жоғарырақ болады . ° аудандарда 10 ай бойы орташа тәулiктiк темп - ра 0 С - тан ° Республиканың солт - нде қыс ұзақ , қарлы әрi суық , аяз кей уақыттарда - 45 С - қа ° С - тан 45 ° С - қа жетедi . Жазы қоңыржай жылы , қысқа , кейде ауа темп - расы 35 ° - 50 дейiн қызуы мүмкiн . Көктемнiң соңғы үсiгi шiлдеде , ал күздiң ерте үсiгi тамыздың аяғында түсуi мүмкiн .
1958 жылдың 1 шілдесінде КСРО - дағы ең ірі Қазақ темір жолы құрылды . Ұзындығы 11 мың шақырымнан асатын ол 15 бөлімшелерден құралды және Қазақстанды Сібір , Орал , Волга жағалауы , Қырғызстан және Орта Азиямен қосып , барлық кеңістікті және меридионалды магистральдарды біріктірді .
Қадірменді оқырман , алдағы уақытта ұлтшыл азаматтармен интернет конференция жасамақ ойымыз бар . Біздің алғашқы қонағымыз " Қазақ елі " Халықтық қозғалысының ұйымдастыру тобының мүшесі Нағашыбай Есмырзаев .
Дипломатия саласы қызмет керлерінің тіл үйрену мүмкінші ліктері бар , алайда министрлікте ротация болып , Орталық аппа раттан шетелдегі елшілік тері мізге дипломаттардың алмасып тұруы на байланыс ты қазақ тілін үйре ну жүйесінде үзілістер болып тұ ра ды . Бастапқы кезеңдерде шет тілін жақсы мең герген дипломат тар мемлекеттік тілді нашар біл ген діктен , шетел делегациялары мен келіссөздерде орыс тілі пай даланылғаны рас . Бүгінде қазақ тілінен шет тілдерге келіссөз , рес ми құжаттарды тікелей ауда ра тын дипломаттарды даяр ладық .
Көрнекті қоғам қайраткері 1937 жылдың қуғын - сүргініне алғашқылардың бірі болып ілінді . Кейін Алматыда , Қарағандыда Н . Нұрмақовтан « тапсырма » алып отырған О . Исаев , А . Асылбековтардың ұйымдары табылды деген жаламен тұтқынға алынды . Мәскеу мұрағатының анықтамасына қарағанда Н . Нұрмақов 1937 жылы маусымның 3 - інде Мәскеудегі пәтерінде тұтқындалып , қыркүйектің 27 - інде « айыбын мойнына алып » , « үштіктің » үкімімен 15 минутта тағдыры шешіліп , 42 жасында атылған . Қоғам қайраткері 1958 жылы тамыздың 11 - інде КСРО Жоғарғы соты әскери алқасының шешімімен ақталды .
Әкімдерді Құдайы тағы да жарылқап тастайтын болды . Бос жатқан жерлерді анықтайтын комиссияның жанынан " жедел жәрдем тобы " ( делдалдар ) құрылады да , олар комиссия ( + әкімшілік + әкім ) мен жер иесінің арасындағы пара беру механизмін қалыптастырады . Комиссия назарына іліккендердің көбі Пара беріп құтылады . Дөкейлер мен крышасы барларға комиссияның тісі батпайды . " Жерді " пайдаланылып жатыр екен " деп жалған қорытынды жасай салады . Комиссияның шешімін тексеріп жатқан кім бар ? Әкіммен Сиам егізіндей болып кеткен Прокурор ма ? Сондықтан Олардың құрығына қарапайым адамдар ілігетіні түсінікті . . . Жер дауы жаман қасірет әкелейін деп тұр - ау осы . . .
Download XML • Download text