kk-ktb-train
Universal Dependencies - Kazakh - KTB
Language | Kazakh |
---|
Project | KTB |
---|
Corpus Part | train |
---|
View options
Text: - Show: - Tags:
Javascript seems to be turned off, or there was a communication error. Turn on Javascript for more display options.
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
Ғашық адамға Құранның аяты қасиетті емес, жарының сөзі қасиетті, жарынан басқа адамның сөзін не қылсын Шолпан! Бес жылдың ішінде үш баласы бар еді: екеуі ұл, біреуі қыз. Дүниеде адамнан қиын жұмбақ жоқ. Адам – шешуі жоқ жұмбақ. Шешуі деп атауға болатын болса, адамның шешуі жалғыз өлім. Осы ойлар Шолпанның жанында таспиқтай тізілген ретті болмаса да, оның жаны соқыр сезіммен осы ойларға өзі барып тірелген еді, әм Шолпанның жүрек жарасын ешкімге сездірмеске тырысуының себебі осы еді. Не керек, жақын, жаттың ортасында жалғыз болды. Бітеу жара болды, жалғыз өртенді, жалғыз жылады, дүниеден безді, сопы болды. Бала сұрады, қалай да бала болмады. Не істемеді Шолпан?! Пірәдар болды, әулиеге ат айтты, қорасанға қой айтты: «Жасаған-ау , бала бере гөр!» – деді.
Download XML • Download text
• Sentence view • Dependency trees