kk-ktb-train

Universal Dependencies - Kazakh - KTB

LanguageKazakh
ProjectKTB
Corpus Parttrain
AnnotationMakazhanov, Aibek; Washington, Jonathan North; Tyers, Francis

Javascript seems to be turned off, or there was a communication error. Turn on Javascript for more display options.

index sentence 1 - 6 > sentence 7 - 17

Шолпан Сәрсенбайға шыққан жылы өзіндей жас келіншектермен аулақта кеңескенде: «Баласыз өмірдің қызығы жоқ қой», деп аузымен ғана айтушы еді. Мал орнына сатылып, жаны сүймеген жанға жар болатын қазақтың сансыз қыздарының ішінен әлдеқалай өзінің сүйгеніне тиген Шолпан шынында бастапқы жылы бала керек қылмады. Ақ отаудың ішінде оңаша жатса да, яки күйеуін құшақтап жатса да, ол ылғи ішінен: «Жасаған-ау , бала бере көрме?!» деп тілейтін еді. «Балалы болсам, әдемі өмірім бұзылады-ау », деп ойлайтын еді Шолпан... Бала туса, күйеуімен екеуінің ортасында бір тікенек өсетіндей болушы еді... Қиюласып қосылған екі жанның арасына жат бір үшінші жан түскен соң, екеуінің де жалынды , екпінді махаббаты бүлінер, бәсеңдер, суынар деп қорқушы еді Шолпан.

Download XMLDownload textSentence viewDependency trees