s-1
| Шолпан Сәрсенбайға шыққан жылы өзіндей жас келіншектермен аулақта кеңескенде: «Баласыз өмірдің қызығы жоқ қой», – деп аузымен ғана айтушы еді. |
s-2
| Мал орнына сатылып, жаны сүймеген жанға жар болатын қазақтың сансыз қыздарының ішінен әлдеқалай өзінің сүйгеніне тиген Шолпан шынында бастапқы жылы бала керек қылмады. |
s-3
| Ақ отаудың ішінде оңаша жатса да, яки күйеуін құшақтап жатса да, ол ылғи ішінен: «Жасаған-ау , бала бере көрме?!» – деп тілейтін еді. |
s-4
| «Балалы болсам, әдемі өмірім бұзылады-ау », – деп ойлайтын еді Шолпан... |
s-5
| Бала туса, күйеуімен екеуінің ортасында бір тікенек өсетіндей болушы еді... |
s-6
| Қиюласып қосылған екі жанның арасына жат бір үшінші жан түскен соң, екеуінің де жалынды , екпінді махаббаты бүлінер, бәсеңдер, суынар деп қорқушы еді Шолпан. |
s-7
| Ғашық адамға Құранның аяты қасиетті емес, жарының сөзі қасиетті, жарынан басқа адамның сөзін не қылсын Шолпан! |
s-8
| Бес жылдың ішінде үш баласы бар еді: екеуі ұл, біреуі қыз. |
s-9
| Дүниеде адамнан қиын жұмбақ жоқ. |
s-10
| Адам – шешуі жоқ жұмбақ. |
s-11
| Шешуі деп атауға болатын болса, адамның шешуі жалғыз өлім. |
s-12
| Осы ойлар Шолпанның жанында таспиқтай тізілген ретті болмаса да, оның жаны соқыр сезіммен осы ойларға өзі барып тірелген еді, әм Шолпанның жүрек жарасын ешкімге сездірмеске тырысуының себебі осы еді. |
s-13
| Не керек, жақын, жаттың ортасында жалғыз болды. |
s-14
| Бітеу жара болды, жалғыз өртенді, жалғыз жылады, дүниеден безді, сопы болды. |
s-15
| Бала сұрады, қалай да бала болмады. |
s-16
| Не істемеді Шолпан?! |
s-17
| Пірәдар болды, әулиеге ат айтты, қорасанға қой айтты: «Жасаған-ау , бала бере гөр!» – деді. |
s-18
| Бірақ тілек іске аспай, аяғы жоқ жыр болды. |
s-19
| Көл болып төгілген көздің жасы жерге сіңді, тілек тозды, өмір озды, Шолпан бала көтермеді. |
s-20
| Қанша жалынса да, қанша жыласа да Жасаған оған бала бермеді. |
s-21
| Кім біледі, Тәңірінің Шолпанға бала бермеуі өзінше дұрыс шығар, өзінше жөн шығар. |
s-22
| Күнмен таласа Шолпан да өмірімен қоштасты. |
s-23
| II Елизавета ханшайым Виндзор әулетінен шыққан. |
s-24
| Таққа 1952 жылдың 6 ақпанында, яғни 25 жасында, әкесі — VI Георгтың өлімінен кейін отырды. |
s-25
| II Елизавета — жасы бойынша Ұлыбритания тарихындағы ең жасы үлкен британ (ағылшын) монархы. |
s-26
| 2015 жылдың 24 қаңтарындағы Сауд Арабиясының патшасы — Абдулла ибн Абдул Азиз ас-Саудтың өлімінен кейін билік басындағы ең кәрі монарх болып саналады. |
s-27
| Елизавета ханшайым Александра Мария Лондонның Мейфэр ауданында, Брютон-стриттегі № 17-үйде, яғни Стратмор графының резиденциясында дүниеге келген. |
s-28
| Қазіргі таңда аудан қайта тұрғызылғандықтан, үйді бұзған, алайда оның орнында мемориалдық тақта қойылған. |
s-29
| Өзінің атын анасының (Елизавета), апасының (Мария) және арғы әжесінің (Александра) құрметіне алған. |
s-30
| Туған күнінен бастап Елизавета ханшайым Йорктің герцогиниясы атанып, ағасы-Эдуард Уэльс ханзадасы (келешек Ұлыбритания королі — VIII Эдуард) мен әкесінен кейін үшінші мұрагер болды. |
s-31
| Эдуард ханзада айтарлықтай жас, әрі жанұя құрып, балалы болуға тиіс болғандықтан, бастапқы кезде Елизавета таққа отыратын үміткер ретінде қарастырылмады. |