Dependency Tree

Universal Dependencies - Kazakh - KTB

LanguageKazakh
ProjectKTB
Corpus Parttest
AnnotationMakazhanov, Aibek; Washington, Jonathan North; Tyers, Francis

Select a sentence

Showing 801 - 900 of 1047 • previousnext

s-801 Алайда, 1929 33 ж. болған дүниежүзілік экономикалық дағдарыс Иран экономикасын тұралатып тастады.
s-802 Халықтың тұрмысы нашарлап, елде толқулар басталды.
s-803 Ол толқулар күшпен басылып отырды.
s-804 1941 ж. 16 қыркүйекте Реза шаһ тақтан өз еркімен бас тартып, орнына баласы Мұхаммед Реза Пехлеви шаһ болды.
s-805 1942 ж. 29 қаңтарда Иран КСРО және Ұлыбритания мемлекеттерімен одақтастық туралы шартқа қол қойды.
s-806 1943 ж. 9 қыркүйекте Иран Германияға соғыс жариялады, бірақ соғыс қимылдарына араласқан жоқ.
s-807 Тегеран конференциясы кезінде 1943 ж. 1 желтоқсанда КСРО, АҚШ, Ұлыбритания үкіметтері Иранға территориялық тұтастығын сақтауға әзір екендіктерін мәлімдеді.
s-808 Соғыстан кейін Иран үкіметі Батыс елдерімен тығыз байланыс орнатты.
s-809 1953 ж. ел тәуелсіздігін күшейтуге тырысқан М. Мосаддық үкіметі құлатылды.
s-810 Иран шаһы М. Р. Пехлевидің көмегімен АҚШ елдің ішкі өміріне белсене араласа бастады.
s-811 Ел 1955 ж. АҚШ-пен әскери келісімдер жасасты, 1960 жылдан бастап Батыс үлгісінде дами бастады.
s-812 Елде шет ел капиталының үстемдік алуы, ұлттық құндылықтардың аяққа басылуы 1978 79 ж. халықтың шаһ үкіметіне қарсы жаппай бас көтеруіне алып келді.
s-813 Оны елдегі шиит дінбасылары басқарды.
s-814 1979 ж. 11 ақпанда болған революция нәтижесінде шаһ үкіметі құлап, 1 сәуірден бастап Иран Ислам Республикасы жарияланды.
s-815 Үкімет басына шиит дінбасыларының көсемі аятолла Р. Хомейни келді.
s-816 Саяси партияларға тыйым салынды, шаһ үкіметі жойылды, Батыстың иелігіндегі барлық компаниялар мүлкі мемлекет меншігіне алынды, ел СЕАТО блогынан шығып, Блоктарға қосылмау қозғалысына мүше болып енді.
s-817 1980 1990 ж. болған Иран Ирак соғысы ел экономикасына өте ауыр (700 млрд. АҚШ долларынан астам) зардаптар әкелді.
s-818 Ел экономикасының негізі мұнай және мұнай мен газ өңдеу өнеркәсіптері.
s-819 Мемлекеттік кірістің 1 / 3 және экспорттың 90%-ына жуығы осы салалардан алынады.
s-820 Экономиканың басқа салалары да дамыған, бірақ сыртқы экономикалық байланыстардың нашарлығынан және қаржы жетіспеушілігінен толық қуатымен жұмыс істей алмауда.
s-821 Өнеркәсіпке қажетті құрал-саймандар 90%-ға дейін шеттен әкелінеді.
s-822 Ауыл шаруашылығы нашар дамыған.
s-823 Соңғы жылдары туризм дами бастады.
s-824 Ұлттық байлықтың 36%-ы өнеркәсіптен, 22%-ы ауыл шаруашылығынан, қалғаны қызмет көрсету секторынан тұрады.
s-825 Мұнай экспортынан жыл сайын 16,3 млрд. АҚШ доллары түседі.
s-826 Ұлттық табыс 75 млрд. АҚШ доллар көлемінде, жан басына шаққанда 1250 долл. шамасында.
s-827 Елдегі басты проблеманың бірі жұмыссыздық (3,5 млн. адам).
s-828 Мұнайдан басқа экспортқа кейбір өнеркәсіп тауарлары, ауыл шаруашылығы өнімдері, кілем, халық тұтыну тауарлары шығарылады.
s-829 Шеттен азық-түлік өнімдері (30%), машина, құрал-жабдықтар, кейбір өнеркәсіп шикізаттары әкелінеді.
s-830 Негізгі сауда серіктестері: Германия, Жапония, Ұлыбритания, Италия, араб елдері, Түркия, Қазақстанмен дипломатиялық және экономикалық байланыс 1992 ж. орнады.
s-831 Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев екі рет (1992; 1996) Иранда болып қайтты.
s-832 Сол кезегінде Иран басшылары да (1993 ж. А. Хашеми Рафсанджани, 1998 ж. М. Хатами) Қазақстанда болды.
s-833 2002 ж. Алматы Тегеран бағытында темір жол байланысы орнатылды.
s-834 Иран әдебиетінің классикалық дәуірін (7 16 ғасырлар) парсы не парсы-тәжік әдебиеті деп атанды.
s-835 Иран әдебиетінің гүлденген кезі 13 14 ғасырлар.
s-836 Иран революциясы (1905 11) және азаматтық қозғалыс (1918 21) кезінде А. Фарахани, М. Кермани, М. Т. Бехар, т.б. ақындар демократиялық идеяның жыршысы болды.
s-837 Хұзыстан, Курдстан жартастарындағы рельефтер, Сұзыдан табылған, асыл металдан жасалған көркем заттар Иран өнерінің өз заманында жоғары дәрежеде болғанын дәлелдейді.
s-838 Иран жерінде сақтар тарихына қатысты мәдени ескерткіштер де мол сақталған.
s-839 Сасани әулеті дәуірінде (3 7 ғасырлар) қалаларды қорған ішіне жүйелі жоба бойынша салу қанат жайды (мыс., Нишапур қаласы шахмат жүйесімен салынған).
s-840 Мүсін жасау, жартастарға рельеф қашау елеулі орын алды.
s-841 Алтын, күміс, қола және әйнектен әр түрлі бұйымдар жасау, жүн және жібек мата тоқу өркен жайды.
s-842 14 ғасырдан кейін қолжазба көркемдеу, қабырғаға сурет салу дамыды.
s-843 15 ғасырда Иран миниатюрасының өркендеуіне Герат мектебі үлкен әсер етті.
s-844 16 17 ғасырларда пайда болған Тебриз, Шираз, Исфаһан (Риза Аббаси, т.б.) мектептері миниатюра өнерін жоғары дәрежеге көтерді.
s-845 18 19 ғасырларда еуропалық өнердің ықпалымен сулы және майлы бояумен орындалған алғашқы туындылар өмірге келді.
s-846 20 ғасырда жаңа типті архитектуралық құрылыстар салына бастады.
s-847 Иранның жаңа архитектуралық мұралары қазіргі стиль мен ұлттық үлгідегі сәулет өнерін ұштастырған.
s-848 20 ғасырдың басынан мүсін, графика, кескіндеме жанры дамып келеді.
s-849 Сән және қосалқы өнердің дәстүрлі түрлері сақталған.
s-850 Кәсіби және халық музыкасының ғасырлық дәстүрі бар.
s-851 Иран музыкасы, негізінен, монодиялық (бір дауысты) түрде кездеседі.
s-852 Арабтар жаулап алғаннан кейін Иран музыкасына мұсылмандық араб мәдениетінің ықпалы тиді.
s-853 9 ғасырдан бастап сарай өнері дамып, халық арасында мутребтердің (әнші-бишілер) даңқы жойылды.
s-854 19 ғасырдың 2-жартысынан Иран музыкасына еуропалық музыка мәдениеті әсер етті.
s-855 Театр өнерінің негізі халықтық салт-дәстүрлерде жатыр.
s-856 Ежелгі базигер театры жайлы деректер сақталған.
s-857 Пантомима, көлеңке және қуыршақ театрлары болған.
s-858 10 ғасырда пайда болған мистерия діни ғұрып шахсей-вахсейдің құрамына енді.
s-859 17 18 ғасырларда ол трагедиялық мистерия түрлерінің бірі тазийенің негізін қалады.
s-860 20 ғасырдың 30-жылдарына дейін кезбе актерлер масқарапаздар өнер көрсетіп келді.
s-861 1911 12 ж. еуропалық театрлар тәжірибелерін пайдалана отырып Ұлттық театр, 1917 ж. Иранның комедия театры ашылды.
s-862 Бұл театрларды құруда актер Сейед Әли Нәсірдің еңбегі зор.
s-863 1929 жылдан бастап әйел актерлер көріне бастады.
s-864 1930 40 ж. театр репертуарларынан өңделген Батыс Еуропа драмалары мен мелодрамалар орын алды.
s-865 1940 жылдан Иран театры дағдарысқа ұшырады, 1960 жылдардың басында қайта өрлеу жолына түсті.
s-866 1963 ж. Тегеранда кәсіби актерлер дайындайтын драм. студия ашылды.
s-867 1968 жылдан бастап Ширазда театр фестивалы өткізіліп тұрды.
s-868 20 ғасырдың 40-жылдарына дейін, көбінесе, шетелдік фильмдер көрсетіліп келді.
s-869 1946 ж. Тегеранда Митра-фильм киностудиясы құрылды.
s-870 1960 1970 ж. музыкалық комедияларға, шағын драмаларға, мифтік және тарихи сюжеттерге құрылған фильмдер қойылды.
s-871 Тегеранда 1955 жылдан халықаралық, 1970 жылдан ұлттық кинофестивальдер өткізіліп тұрады.
s-872 Иран кинематографиясының дамуына реж. И. Кушан, М. Мисагие, Мохтасем, М. Мохсени, С. Ясеми, Ш. Рафия елеулі үлес қосты.
s-873 Абонемент бөлімі кітаптар мен журналдарды үйге тегін береді.
s-874 Азамат соғысында рота командирі болған.
s-875 Алап ауқымында қысым мен температураның қалыптан тыс мөлшерлері ұшырасқан жоқ.
s-876 Алматы қаласына елбасының келуі көптеген мәселелерге жаңаша қарауға септігін тигізді.
s-877 Ауылда клуб директоры болып қызмет атқарды.
s-878 Біз өз жұмысымыздың әдістері мен стильдерін жетілдіріп, инновацияларды енгізіп отырамыз.
s-879 Ендеше, осындай жағдаяттарда жол табуға болады.
s-880 Ендеше тілегімді берді, - деді.
s-881 Еуропаның өзге елдерінде де пайда болды.
s-882 Еуропаның тұщы су қоймаларында таралған.
s-883 Жалғыз болсаң топқа басың кіре алмас.
s-884 Жас тобы ұзақ болып келеді.
s-885 Жауапты хатшы өзінің қызметін жүзеге асырған кезде Қазақстан Республикасының Президентіне, Премьер-Министрге, Министрге есеп береді.
s-886 Жауыңнан бұрын қимылда-жеріңе жамандық келмейді.
s-887 Жер бедері маңында Юра тау жүйесінің болуымен анықталады.
s-888 Жер бетінде мұндай ормандар қалмайды.
s-889 Жүрек тұсына массаж былай жасалады.
s-890 Жылдам жетіп ұстауға атқа мінді.
s-891 Инфляция қарқыны статистикалық көрсеткіш тұтыну бағаларының индексі көмегімен анықталады.
s-892 Ислам діні-адамға ауырлық жүктемейді.
s-893 Кафедра «Менеджмент» мамандық бойынша бакалавр дайындайды.
s-894 Кезінде Кеңес әскерімен де күрескен.
s-895 Кей түрінен дәрі алуға болады.
s-896 Композитордың аты Санкт-Петербург консерваториясының кіші залына берілді.
s-897 КСРО Ғылым Академиясының әлем әдебиеті институтында әдебиет теориясы бойынша филология ғылымының кандидаты дәрежесіне диссертация қорғады.
s-898 КСРО Мемлекеттік сыйлығына (1952) ие болды.
s-899 Мамандарды дайындау факультетте тек күндізгі бөлімде ғана жүргізіледі.
s-900 Маусым шілде айларында гүлдеп, тамызда жеміс береді.

Text viewDownload CoNNL-U