s-701
| Орыстың ғылымы, өнері — дүниенің кілті, оны білгенге дүние арзанырақ түседі. |
s-702
| Ләкин осы күнде орыс ғылымын баласына үйреткен жандар соның қаруымен тағы қазақты аңдысам екен дейді. |
s-703
| Жоқ, олай ниет керек емес. |
s-704
| Қазаққа күзетші болайын деп, біз де ел болып, жұрт білгенді біліп, жұрт қатарына қосылудың қамын жейік деп ниеттеніп үйрену керек. |
s-705
| Қазірде орыстан оқыған балалардан артық жақсы кісі шыға алмай да тұр. |
s-706
| Себебі: ата-анасы, ағайын-туғаны бір жағынан бұзып жатыр. |
s-707
| Сөйтсе де осы оқыған балалар — ана оқымаған қазақ балаларынан үздік, озық. |
s-708
| Не қылса да сөзді ұқтырса болады оларға. |
s-709
| Жақсы атаның балалары да көп оқыған жоқ, қайта кедейдің баласын орысқа қорлап берді. |
s-710
| Олар осыдан артық қайда барсын? |
s-711
| Және де кейбір қазақтар ағайынымен араздасқанда: “Сенің осы зорлығыңа көнгенше, баламды солдатқа беріп, басыма шаш, аузыма мұрт қойып кетпесем бе!” деуші еді. |
s-712
| Осындай жаман сөзді, Құдайдан қорықпай, пендеден ұялмай айтқан қазақтардың баласы оқығанменен не бола қойсын? |
s-713
| Сонда да өзге қазақ балаларынан артық үйренгені немене, қай кеп үйреніпті? |
s-714
| Кірді, шықты, ілді, қайтты, түбегейлеп қуған бала да жоқ. |
s-715
| Әкесі ел ақшасыменен оқығанға әрең оқытады, өз малын не қылып шығарсын? |
s-716
| Турасын ойлағанда, балаңа қатын әперме, енші берме, барыңды салсаң да, орыстың ғылымын үйрет! |
s-717
| Мына мен айтқан жол — мал аяр жол емес. |
s-718
| Құдайдан қорық, пендеден ұял, балаң бала болсын десең — оқыт, мал аяма! |
s-719
| Әйтпесе, бір ит қазақ болып қалған соң, саған рақат көрсетер , өзі рақат көрер ме, яки жұртқа рақат көрсетер ? |
s-720
| Футболдан әлем чемпионаты 2014 — ФИФА-ның 20-шы футболдан әлем чемпионаты, финалдық кезеңі 2014 жылдың 12 маусым мен 13 шілде күндері аралығында Бразилияда өтті. |
s-721
| Ашылу матчы Сан-Паулуда, ал финалы Рио-де-Жанейродағы Маракана стадионында орын алды. |
s-722
| Әлем чемпионаттары үшін құрлықтарды ротациялау қағидасына байланысты, 2014 жылдың чемпионаты Оңтүстік Америкада өту керек болды және Бразилия сол чемпионатты өткізуге ниет білдірген жалғыз ғана ел еді. |
s-723
| Қалған оңтүстік америкалық елдер 2003 жылы Бразилия үміткерлігін қолдаған. |
s-724
| Кейінірек ФИФА ротация принципі өзгеретінін жариялады. |
s-725
| Енді 2018 жылдың чемпионатын өткізу құқығына қатысатын кандидаттар додасына, соңғы екі чемпионатты (КАФ және КОНМЕБОЛ) өткізген елдерден басқа, барлық конфедерациялардан елдер сынға түседі. |
s-726
| Бразилия өз жерінде чемпионатты екі рет өткізген бесінші ел болды (Мексика, Италия, Франция және Германиядан кейін). |
s-727
| Осыған дейін Бразилияда футболдан әлем чемпионаты 1950 жылы өткен болатын. |
s-728
| ӘЧ-2014 іріктеу айналымы 2011 жылдың маусым айында басталып, 2013 жылдың қараша айында аяқталды. |
s-729
| Бразилия қабылдаушы ел ретінде автоматты түрде чемпионат қатысушысы болды. |
s-730
| Барлық сегіз топтың жеңімпаздары мен екінші орын алған командалар 1 / 8 финалға шығады. |
s-731
| Командалардың турнирлік кестедегі орны келесі көрсеткіштер бойынша анықталады: |
s-732
| Иран (1935 жылға дейін Парсы елі), Иран Ислам Республикасы — Азияның оңтүстік-батыс бөлігінде орналасқан мемлекет. |
s-733
| Жер көлемі 1,648 млн. км². |
s-734
| Халқы 65,2 млн. адам (1999). |
s-735
| Халқының ұлттық құрамы: парсылар (51%), әзірбайжандар (27%), күрдтер (5%), арабтар, түрікмендер, белуджилер, армяндар, еврейлер, т.б. |
s-736
| Қала халқы 58,3%. |
s-737
| Астанасы — Тегеран қаласы (айналасын қосқанда 12 миллионнан астам). |
s-738
| Одан басқа Мешхед (1,5 млн.), Исфаһан (1 млн.), Тебриз (852 мың), Шираз (800 мың) сияқты ірі қалалар бар. |
s-739
| Ресми тілі — парсы тілі. |
s-740
| Мемлекеттік діні — ислам дінінің шиит тармағы. |
s-741
| Иран — діни мемлекет. |
s-742
| Елдегі саяси және діни билік аятолла Сейд Әли Хаменеидің қолында. |
s-743
| Президент (1997 жылдан бастап Сейд Мохаммед Хатами) 4 жылға сайланады және Министр Кабинетін басқарады. |
s-744
| Жоғарғы заң шығарушы орган — бір палаталы парламент — Ислам кеңесі жиналысы (меджлис) 4 жыл сайын сайланып отыратын 290 депутаттан тұрады. |
s-745
| 1981 жылғы конституциясы бойынша, елде саяси және діни емес ұйымдарға тыйым салынған. |
s-746
| Ұлттық мейрамы 11 ақпан — Революция күні (1979). |
s-747
| Ұлттық ақша бірлігі — риал. |
s-748
| Иран Армян таулы қыратының оңтүстік-шығысы мен Иран таулы қыратының батыс бөлігінде орналасқан. |
s-749
| Шет жақтарында Солтүстік Иран (Эльбурс), Оңтүстік Иран (Загрос, Мекран), Шығыс Иран (Серхед, Пеленган, Боран, Келат) таулары, ортасында Кухруд жотасы, Деште-Кевир, Деште-Лух шөлдері орналасқан. |
s-750
| Солтүстік-батысын Оңтүстік Каспий және Кура-Аракс ойпаттары, солтүстік-шығысын Горган жазығы, оңтүстігін — Гермезир шөлі алып жатыр. |
s-751
| Жері, негізінен, таулы. |
s-752
| Парсы және Оман шығанақтары жағалауларының климаты тропиктік. |
s-753
| Қаңтардағы орташа температура 2°С-тан 19,4°С-қа дейін, шілде айында 29,4 — 32,5°С. |
s-754
| Жауын-шашынның жылдық мөлш. 500 мм. |
s-755
| Эльбурс тауы беткейінде 2000 мм, Систан ойысында 50 — 60 мм. |
s-756
| Жер беті суы аз. |
s-757
| Таулы аудандарда көптеген көлдер кездеседі. |
s-758
| Иран жерінде сүтқоректілердің 100-ге тарта, құстардың 400-ге жуық, бауырымен жорғалаушылардың 80-ге жуық түрі бар. |
s-759
| Шектес теңіздері балыққа бай. |
s-760
| Иран жеріне адам баласы тым ерте заманнан бері қоныстанған. |
s-761
| Б.з.б. 3-мыңжылдықта қазіргі Иранның оңтүстік-батысында алғашқы мемлекеттер құрыла бастады. |
s-762
| Б.з.б. 2-мыңжылдықта бұл аймаққа Орталық Азиядан арий тайпалары келіп қоныстанды. |
s-763
| Б.з.б. 550 ж. өкімет билігі парсылық Ахемен әулетіне көшті. |
s-764
| Ахемен әулеті мемлекетін б.з.б. 330 ж. Александр Македонский талқандады. |
s-765
| Иран эллиндік мемлекеттердің билігіне көшіп, б.з.б. 2 ғасырдың орта тұсынан бастап Парфия патшалығына бағынды. |
s-766
| 224 ж. Парфия мемлекеті құлап, орнына Сасани әулеті мемлекеті құрылды. |
s-767
| Сасани әулеті мемлекеті Оңтүстік Арабияны, Сирияны, Палестинаны, Мысырды жаулап алды. |
s-768
| Византияға қауіп төндірді, Түрік қағанатымен соғыс жүргізді. |
s-769
| Бірақ Сасани әулеті мемлекеті арабтардың шабуылынан құлап, 7 ғасырдың 2-жартысында Иран Араб халифаты құрамына қосылды. |
s-770
| 8 ғасырда Араб халифатының билеушісі Әбу әл-Аббас әс-Саффах халифат астанасын Бағдадқа көшірді. |
s-771
| Иран аумағы ұзақ жылдар бойы Аббас әулеті билеген Бағдад халифаты құрамында болып, мәдени және экономикалық дамуды басынан кешірді. |
s-772
| 9 — 10 ғасырларда елде Араб халифатына шартты түрде ғана тәуелді болған әмірліктер құрылды. |
s-773
| Елде экономикалық және мәдени өрлеу байқалып, қалалар өсе бастады. |
s-774
| Сондай әмірліктердің бірі Самани әулеті биліктен кеткеннен кейін Шығыс Иран Ауғанстанмен және Орта Азияның бір бөлігімен бірге түркі текті Ғазнауи әулеті билеген мемлекеттің құрамына кірді. |
s-775
| 11 ғасырда Иранға түрік-оғыздар (салжұқ) басып кіре бастады. |
s-776
| Көп ұзамай олар Ғазнауи әулеті әскерін талқандап, бүкіл Иранды және көрші елдерді басып алып салжұқтар мемлекетін құрды. |
s-777
| 12 ғасырда салжұқтар бірнеше сұлтандыққа бөлініп кетті де, осы ғасырдың аяғына таман бүкіл Иранды түркі қыпшақ тайпасынан шыққан Хорезм шаһы Текеш басып алды. |
s-778
| 1220 — 56 ж. Иранды Шыңғыс хан әулеті жаулап алды. |
s-779
| Олар елде Хулагу әулетіне қарайтын ильхандар мемлекетін құрды. |
s-780
| 14 ғасырдың 30-жылдары ильхандар мемлекеті бірнеше иелікке бөлініп кетті де, 1380 — 93 ж. Иранды Әмір Темір әскерлері басып алды. |
s-781
| Әмір Темір өлгеннен кейін Шығыс Иран Темір әулетінің билігінде қалып, Батыс Иранда Қарақойлы мемлекеті құрылды. |
s-782
| 16 ғасырда Кіші Азиядан шыққан түркі тайпалары (қызылбастар) Иранға басып кіріп, 1501 — 1610 ж. елді толығымен бағындырып, Сефеви әулеті мемлекетін құрды. |
s-783
| 17 — 18 ғасырларда Иранның экономикасы құлдырап, халықтың жағдайы нашарлап кетті. |
s-784
| Ұсақ халықтар (ауғандар, түрікмендер, Әзірбайжандар, күрдтер, армян, грузиндер) орталықтың езгісіне қарсы жиі-жиі көтеріліс жасап тұрды. |
s-785
| Әсіресе, 18 ғасырдың 2-жартысында елдегі үстемдік үшін екі әулеттің (Зенд және Каджар) арасындағы үздіксіз соғыс халықты әбден қалжыратты. |
s-786
| 18 ғасырдың аяғында билікке Каджар әулеті келді. |
s-787
| Осы кезден елдің ішкі істеріне еуропалық мемлекеттер (Англия, Франция) араласа бастады. |
s-788
| 19 ғасырдың басында болған орыс-иран соғысынан кейін елде шетелдіктердің билігі күшейіп кетті. |
s-789
| 19 ғасырдың аяғына таман Иран еуропалық мемлекеттердің жартылай отарына айнала бастады. |
s-790
| 1901 ж. ағылшындар Иран мұнайын шығаруға рұқсат алып, 1909 ж. бірлескен ағылшын-парсы мұнай компаниясы құрылды. |
s-791
| Елдің солтүстігіне Ресей, оңтүстігіне Ұлыбритания қожалық ете бастады. |
s-792
| 1905 — 11 ж. елде шетелдіктерге қарсы ұлт-азаттық қозғалысы болып өтті. |
s-793
| Оның барысында конституция жарияланып, меджлис шақырылды, ақсүйектік дәрежелер жойылды. |
s-794
| Бірақ 1918 ж. ағылшындар бүкіл Иранды басып алып, 1919 ж. оны кіріптарлық шарттарға қол қоюға мәжбүр етті. |
s-795
| Елде ағылшын үстемдігіне қарсы жаңа толқулар басталды. |
s-796
| 1921 ж. 21 ақпанда әскерилер Реза ханның басшылығымен мемлекеттік төңкеріс ұйымдастырып, жаңа үкімет құрды. |
s-797
| Жаңа үкімет халықтың қысымымен 1919 ж. ағылшын-парсы шартын жойылды деп жариялады. |
s-798
| Армияға сүйенген Реза хан Орталықтың билігін күшейту үшін сепаратистік пиғылдағы Иран ақсүйектерімен үздіксіз күрес жүргізді. |
s-799
| Елде нарықтық қатынастар тез дами бастады. |
s-800
| Халықтың мәдени және тұрмыстық өмірінде көптеген өзгерістер болып өтті. |