Dependency Tree

Universal Dependencies - Kazakh - KTB

LanguageKazakh
ProjectKTB
Corpus Parttest
AnnotationMakazhanov, Aibek; Washington, Jonathan North; Tyers, Francis

Select a sentence

Showing 602 - 701 of 1047 • previousnext

s-602 Меніңше оның көзін жою керек.
s-603 Төлеген қызарып төмен қарады.
s-604 Бұл шатақ жұмыс.
s-605 Жастарды мадақтай, бірлікке шақыра, дәнекер бола сөйледі.
s-606 Ашылмайтын жөні бар.
s-607 Бұл айтысты есітіп отырған Бекболаттың кімдікі дұрыс, кімдікі теріс екеніне ақылы жете алмады.
s-608 Одан өзгесін артық керек қылмады.
s-609 Бұл қалай болды?
s-610 Бұлардың бір ауыз бола алмаған себебі не?
s-611 Неліктен оның сұлу қызға құмар боп жүргенін кейін естірсіз.
s-612 Әзір түсін ашпай тұра тұрайық.
s-613 Бұл өзі бір атақты болыстың баласы.
s-614 Қаза берсек, түпкі ойы бір үлкен орын еді.
s-615 Төлегеннен гөрі бұл өтімді, тартымды, білімді, беделді, алғыр еді.
s-616 Дауыстарды санау басталғаннан кейін сайлаушылар (таңдаушылар) тізімдеріне өзгерістер енгізуге тыйым салынады.
s-617 Сенат депутаттарын сайлау кезінде таңдаушылардың тізімдері жасалады.
s-618 Нақтылы сайлау учаскесінде азаматты сайлаушылар тізіміне енгізу үшін оның осы сайлау учаскесінің аумағында тұрғылықты жері бойынша тіркелу фактісі негіз болады.
s-619 Сайлаушылар тізімі әліпби тәртібімен немесе өзге тәртіппен жасалады.
s-620 Сайлаушылардың тұрғылықты жері бойынша тізімін тиісті жергілікті атқарушы орган халықты есепке алуды жүзеге асыратын органдар ұсынған мәліметтердің негізінде жасайды.
s-621 Радианның басқа да бірліктермен байланысы.
s-622 Радианның басқа да бұрышты өлшеу бірліктерімен арақатынасы мына формуламен сипатталады:
s-623 Барлық адамдар тумысынан азат және қадір-қасиеті мен құқықтары тең болып дүниеге келеді.
s-624 Адамдарға ақыл-парасат, ар-ождан берілген, сондықтан олар бір-бірімен туыстық, бауырмалдық қарым-қатынас жасаулары тиіс.
s-625 Әр адам, нәсіліне, түр-түсіне, жынысына, тіліне, дініне, саяси немесе басқа да наным-сенімдеріне, ұлттық, немесе әлеуметтік тегіне, мүліктік, тектік-топтық, немесе басқа да жағдаяттарға қарамастан осы Декларацияда жарияланған барлық құқықтар мен бостандықтарға алаланбай, бірдей тең ие болуы тиіс.
s-626 Сонымен қатар, ешкім де өзі тұратын елінің, не болмаса территорияның саяси, құқықтық, немесе халықаралық мәртебесінің негізі бойынша, және де ол территория тәуелсіз, әлде біреудің қарамағында, әлде өзін-өзі басқарушы емес, немесе оның егемендігі әртүрлі нысанда шектеулі болған күннің өзінде де, алаланбауы тиіс.
s-627 Әр адам өмір сүруге, бостандықта болуға және оның жеке басына қол сұғылмауына құқылы.
s-628 Ешкім де құлдықта немесе кіріптарлықта ұсталуы тиіс емес.
s-629 Құлдық пен құл саудасына, қандай түрде болса да, тыйым салынады.
s-630 Ешкім де азапталуға немесе қадір-қасиетін қорлайтындай адамшылыққа жатпайтын қатыгездік жолмен жәбірленуге, немесе жазалануға тиіс емес.
s-631 Әр адам қай жерде жүрсе де, құқықтық субъектісі ретінде танылуына құқылы.
s-632 Заң алдында жұрттың бәрі тең және де заң арқылы алаланбай, бірдей тең қорғалуға құқылы.
s-633 Барлық адам осы Декларацияның ережелерін бұзатын кемсітуден және кемсітуге арандатушылықтың барлық түрінен тең қорғалуға құқылы.
s-634 Ешкім де негізсіз тұтқындалуға, қамауда ұсталуға немесе қуғынға ұшыратылуға тиіс емес.
s-635 Ешкім де жасаған әрекеті немесе әрекетсіздігі негізінде, егер ол әрекеті ұлттық заңдар мен халықаралық құқық бойынша қылмыс болып саналмаса, жауапқа тартылмайды.
s-636 Әр адамның азаматтыққа құқығы бар.
s-637 Ешкімді де азаматтығынан немесе азаматтығын өзгерту құқығынан еріксіз айыруға болмайды.
s-638 Неке, тек екі жақтың өзара еркін және толық келісімі бойынша ғана қиылады.
s-639 Отбасы қоғамның табиғи және негізгі ұясы болып табылады, және қоғам мен мемлекет тарапынан қорғалуға құқылы.
s-640 Ешкім де өз мүлкінен еріксіз айрылмауға тиіс.
s-641 Әр адамның бейбіт жиналыстар және ассоциацияларды құру бостандығына құқығы бар.
s-642 Ешкімді де белгілі бір ассоциацияға зорлықпен кіргізуге болмайды.
s-643 Ана және нәресте болу жағдайы айрықша қамқорлық пен көмек алуға құқық береді.
s-644 Балалардың бәрі, некелі немесе некесіз туған, бірдей әлеуметтік қорғауды пайдаланады.
s-645 Әр адамның білім алуға құқығы бар.
s-646 Бастауыш білім баршаға міндетті болуы тиіс.
s-647 Ата-аналардың өздерінің жас балаларына білім беру түрін таңдауда құқығы басымды.
s-648 Осы бостандықтар мен құқықтарды жүзеге асырылуы Біріккен Ұлттар мақсаттары мен қағидаларына қайшы келмеуі тиіс.
s-649 Қалыңыз қалай?
s-650 Рақмет, жақсы.
s-651 Сіздің атыңыз кім?
s-652 Сізбен танысқаныма қуаныштымын .
s-653 Мен Қазақ тілінде жақсы сөйлей алмаймын.
s-654 Сіз орысша сөйлейсіз бе?
s-655 Осында орыс тілінде сөйлейтін адам бар ма?
s-656 Мен түсінбеймін.
s-657 Дәретхана қайда екен?
s-658 Мен полицияны шақырамын.
s-659 Ұрыны ұстаңдар.
s-660 Маған көмек керек.
s-661 Мен адасып кеттім.
s-662 Мен сөмкемді жоғалтып алдым.
s-663 Мен әмиянімді жоғалтып алдым.
s-664 Мен ауырып тұрмын.
s-665 Мен жаралымын .
s-666 Маған дәрігер керек.
s-667 Сізден қоңырау шалуға бола ма?
s-668 Астанаға билет қанша тұрады?
s-669 Астанаға бір билет беріңіз.
s-670 Мына пойыз қайда барады?
s-671 Астанаға баратын пойыз қайда?
s-672 Мына автобус Астанаға тоқтай ма?
s-673 Пойыз Астанаға қашан шығады?
s-674 Мына пойыз Астанаға қашан жетеді?
s-675 Сіз кітапхананы картадан көрсете аласыз ба?
s-676 Сізде бос бөлмелер бар ма?
s-677 Екі адамға бөлме қанша тұрады?
s-678 Осы бөлмеде төсек жайма бар ма?
s-679 Маған алдымен бөлмені қарап шығуға бола ма?
s-680 Сізде бірдеме тазалау бар ма?
s-681 Сіз басқа қонақ үйді ұсына аласыз ба?
s-682 Сізде сейф бар ма?
s-683 Таңғы ас енгізілген бе?
s-684 Өтінемін, менің бөлмемді жинаңыз.
s-685 Мынау қанша тұрады?
s-686 Тіпті қымбат қой!
s-687 Балаларды оқытқан да жақсы, бірақ құлшылық қыларлық қана, түркі танырлық қана таза оқытса болады.
s-688 Аның үшін бұл жер Дар-әл-Харб, мұнда әуел мал табу керек, онан соң ғараб, парсы керек.
s-689 Қарны аш кісінің көңіліне ақыл, бойында ар, ғылымға құмарлық қайдан тұрсын?
s-690 Мал тапса, қарын тояды.
s-691 Онан соң білім түгіл өнер керек екен.
s-692 Соны үйренейін, не балама үйретейін деп ойына жақсы түседі.
s-693 Орысша оқу керек, хикмет те, мал да, өнер де, ғылым да бәрі орыста тұр.
s-694 Зарарынан қашық болуға, пайдасына ортақ болуға тілін, оқуын, ғылымын білмек керек.
s-695 Аның үшін олар дүниенің тілін білді, мұндай болды.
s-696 Сен оның тілін білсең, көкірек-көзің ашылады.
s-697 Әрбіреудің тілін өнерін білген кісі соныменен бірдейлік дағуасына кіреді, аса арсыздана жалынбайды.
s-698 Дінге де жақсы білгендік.
s-699 Жорғалықпенен көңілін алсам екен деген надан әке-шешесін, ағайын-жұртын, дінін адамшылығын жаурыннан бір қаққанға сатады.
s-700 Тек майырдың күлгені керек деп, көзі ашылса да қам жемейді.
s-701 Орыстың ғылымы, өнері дүниенің кілті, оны білгенге дүние арзанырақ түседі.

Text viewDownload CoNNL-U