Dependency Tree

Universal Dependencies - Kazakh - KTB

LanguageKazakh
ProjectKTB
Corpus Parttest
AnnotationMakazhanov, Aibek; Washington, Jonathan North; Tyers, Francis

Select a sentence

Showing 403 - 502 of 1047 • previousnext

s-403 Мұның арты үлкен дүрбелеңге шаппасын кім біледі?
s-404 Ағасы болмаса, бұ қызда не жазық бар еді?..
s-405 Енді бұл беттен қайтуға өткел жоқ...
s-406 Дауа жоқ...
s-407 Бай неліктен бай болады?
s-408 Қыстауға қонса, бата оқу болса, мал өлсе, құрбандық берсе, бас пен жамбас молданың алдына тартылатын.
s-409 Онан өзгені іздемейді.
s-410 Кімге жалынсын, кімге сенсін?
s-411 Алтынай малын сауады, өгізді көздейді, байлайды, отынын тереді, отын жағады, суын әкеледі, күл шығарады, тамағын істейді, киімін өзі тігеді, үйін жияды, сыпырады, қорасын тазалайды.
s-412 Мұның бәрі оған құдайдың бұйырған жұмысы тәрізді.
s-413 Бұл құдайдың бұйрығы.
s-414 Бұрынғыдай емес, Алтынай тұрмысына енді риза.
s-415 Байы атқа мініп, кісі болды.
s-416 Кісі болғалы, үйі үй болып келеді.
s-417 Жоқ, Алтынайдың өзінше дәмі әбден бар.
s-418 Бәйбіше қайда?
s-419 Қазақтың сондай телмірген әдеті құрысын!
s-420 Олар қайда?
s-421 Ол келген қазақ екен.
s-422 - Немене?
s-423 Бәйбішені атып кетті.
s-424 Ойбай!
s-425 Е!
s-426 Сол шапқыншының бірі осы екен.
s-427 Өйткені ол жара атын атауға адамның аузы жиренетін жара еді.
s-428 Және ол қашанғы дау?
s-429 Оған себеп мынау еді.
s-430 Ойбай, үлкен оқиға боп қалды!
s-431 Немене, жаным?
s-432 Құдай оңдап елдің көзі бір ашылды...
s-433 Басқа бір дүниеге кіргендей болады...
s-434 Сол сөзді бітірген кезде тағы үш орыс келді.
s-435 Ай жоқ.
s-436 Қараңғылық қоюланып келеді.
s-437 'Осылай тұр!' дегендей екі иығынан басып қалды, бес-алты адымдай жерге барып тұра қалды.
s-438 Алтыатары жерге түсіп кетті.
s-439 Мені неге атасың?
s-440 Мен саған тағы керек болмасымды қайдан білесің?
s-441 Сен бұл жолдан аман-есен қайтарсың, еліңе аман барарсың... деді.
s-442 Кімді әлдилеп, сыбырлап тұрсыңдар?
s-443 Түн түнереді.
s-444 Бірақ дыбыс білінбейді.
s-445 Бұ немене?..
s-446 Енді қай жаққа барайын?..
s-447 Қасқыр одан жаман өршеленеді.
s-448 Қасқыр күркілдейді...
s-449 Жалын қалай шықты, солай қасқырлардың қарасы өше берді.
s-450 Қасқырлар жалт берді.
s-451 Қорқақ аңдар, тілсіз жаулар!
s-452 Қаш, маңыма жолама!
s-453 Кімді ұрып жығатынын кім білсін, әйтеуір ала шықты.
s-454 Асумен асып елге бара жатқан, елден мал, азық-түлік алып келе жатқан орыстарды талай көрген.
s-455 Оларға көзі түскенде күйінген, өкінген, жиренген, әйтеуір өзегін өртеген бір жаман сезім пайда болды.
s-456 Қарағысы келмеді, теріс айналды.
s-457 Ауылына келгендей қуанып кетті.
s-458 Құдай жарылқады!
s-459 Бір қырдан асқанда көлденең созылған сай килікті...
s-460 Арғы қабақта жол жатыр.
s-461 Ағыны тас домалатқан тасты сайдың тар өзені екен.
s-462 'Оны біз білмейміз-ау !' деген ойлар келді.
s-463 Тарағысы келді.
s-464 Өзен бойындағы ел қайда?
s-465 Олардың жауы кім?
s-466 Қара шаттан қашып келе жатқаны лезде есіне түсе қалды.
s-467 Ағыны бұжырланып жатыр.
s-468 Күн еңкейіп, түс қаңғып кетіпті.
s-469 Әлі жүріп келеді, әлі жүріп келеді.
s-470 Өткел жоқ.
s-471 Жарты шақырымдай жерде бір дөңес көрінеді.
s-472 Соған шығып ел көздемек.
s-473 Елсіз дала емсіз жарадай көрінеді.
s-474 Ай, қу дала!
s-475 Бір мезгілде әлгі торғай жансыз тастай ағып түсті топ етіп.
s-476 Ол торғайдың түскен жері қалың шөп.
s-477 Торғайды ажалдан аман алып қалғанына қуанды.
s-478 Жыланды өлтіргеніне ерленді.
s-479 Әрі ырым көрді.
s-480 Бір жапырақ етім бар.
s-481 Ол дүние жинамайды.
s-482 Үлкенді 'әке', 'аға' деп тұрады.
s-483 Мейлі жаңа түскен келіншек болсын, қатын біткенді 'шеше' дейді.
s-484 Еркек, әйел деп айырмайды, бала біткенді 'балақайым' дейді, кісіге өмірі қатты сөз айтпайды.
s-485 Ит біткен шулап артында жүреді.
s-486 Бар мақтанатыны жүйріктігі.
s-487 Бірінен қалдым деп айтпайды.
s-488 Кейде жұрт намаз оқып жатса, дәрет алмастан жалаң аяқ барып, қатарға отыра кетеді.
s-489 Бірталай жер жүрді.
s-490 Әлден уақытта жүруге мұршасы келмей, дымы құрып отыра кетті.
s-491 Үлкен еркектің мойнына дардай басымен мінуді ұят көрді.
s-492 Кейбір қоралардың қасында қарауытқан мал көрінеді.
s-493 Оның оң жағындағы кішірек қорадан бір көлеңке қараңдап сол үйге таман кетіп барады.
s-494 'Не бетіммен барам' деген ой келді.
s-495 Және осы күйсіз қалпында тәуір үйге бас сұғуға қорланды.
s-496 Үй іші тастай қараңғы.
s-497 Үйдің іші сасық.
s-498 Неміз кетіп барады?
s-499 Е, сол.
s-500 Киімі қандай екен?
s-501 Қызды біреуге беріп жіберуге кім даяр тұр?
s-502 Ол тағы білінбей қалмайды.

Text viewDownload CoNNL-U