Sentence view

Universal Dependencies - Kazakh - KTB

LanguageKazakh
ProjectKTB
Corpus Parttrain
AnnotationMakazhanov, Aibek; Washington, Jonathan North; Tyers, Francis

Text: -


[1] tree
Шолпан Сәрсенбайға шыққан жылы өзіндей жас келіншектермен аулақта кеңескенде: «Баласыз өмірдің қызығы жоқ қой», деп аузымен ғана айтушы еді.
s-1
sholpan.tagged.txt:1:0
Шолпан Сәрсенбайға шыққан жылы өзіндей жас келіншектермен аулақта кеңескенде: «Баласыз өмірдің қызығы жоқ қой», – деп аузымен ғана айтушы еді.
[2] tree
Мал орнына сатылып, жаны сүймеген жанға жар болатын қазақтың сансыз қыздарының ішінен әлдеқалай өзінің сүйгеніне тиген Шолпан шынында бастапқы жылы бала керек қылмады.
s-2
sholpan.tagged.txt:2:49
Мал орнына сатылып, жаны сүймеген жанға жар болатын қазақтың сансыз қыздарының ішінен әлдеқалай өзінің сүйгеніне тиген Шолпан шынында бастапқы жылы бала керек қылмады.
[3] tree
Ақ отаудың ішінде оңаша жатса да, яки күйеуін құшақтап жатса да, ол ылғи ішінен: «Жасаған-ау , бала бере көрме?!» деп тілейтін еді.
s-3
sholpan.tagged.txt:3:100
Ақ отаудың ішінде оңаша жатса да, яки күйеуін құшақтап жатса да, ол ылғи ішінен: «Жасаған-ау, бала бере көрме?!» – деп тілейтін еді.
[4] tree
«Балалы болсам, әдемі өмірім бұзылады-ау », деп ойлайтын еді Шолпан...
s-4
sholpan.tagged.txt:4:164
«Балалы болсам, әдемі өмірім бұзылады-ау», – деп ойлайтын еді Шолпан...
[5] tree
Бала туса, күйеуімен екеуінің ортасында бір тікенек өсетіндей болушы еді...
s-5
sholpan.tagged.txt:5:197
Бала туса, күйеуімен екеуінің ортасында бір тікенек өсетіндей болушы еді...
[6] tree
Қиюласып қосылған екі жанның арасына жат бір үшінші жан түскен соң, екеуінің де жалынды , екпінді махаббаты бүлінер, бәсеңдер, суынар деп қорқушы еді Шолпан.
s-6
sholpan.tagged.txt:6:222
Қиюласып қосылған екі жанның арасына жат бір үшінші жан түскен соң, екеуінің де жалынды, екпінді махаббаты бүлінер, бәсеңдер, суынар деп қорқушы еді Шолпан.
[7] tree
Ғашық адамға Құранның аяты қасиетті емес, жарының сөзі қасиетті, жарынан басқа адамның сөзін не қылсын Шолпан!
s-7
sholpan.tagged.txt:7:280
Ғашық адамға Құранның аяты қасиетті емес, жарының сөзі қасиетті, жарынан басқа адамның сөзін не қылсын Шолпан!
[8] tree
Бес жылдың ішінде үш баласы бар еді: екеуі ұл, біреуі қыз.
s-8
sholpan.tagged.txt:8:319
Бес жылдың ішінде үш баласы бар еді: екеуі ұл, біреуі қыз.
[9] tree
Дүниеде адамнан қиын жұмбақ жоқ.
s-9
sholpan.tagged.txt:9:348
Дүниеде адамнан қиын жұмбақ жоқ.
[10] tree
Адам шешуі жоқ жұмбақ.
s-10
sholpan.tagged.txt:10:361
Адам – шешуі жоқ жұмбақ.
[11] tree
Шешуі деп атауға болатын болса, адамның шешуі жалғыз өлім.
s-11
sholpan.tagged.txt:11:374
Шешуі деп атауға болатын болса, адамның шешуі жалғыз өлім.
[12] tree
Осы ойлар Шолпанның жанында таспиқтай тізілген ретті болмаса да, оның жаны соқыр сезіммен осы ойларға өзі барып тірелген еді, әм Шолпанның жүрек жарасын ешкімге сездірмеске тырысуының себебі осы еді.
s-12
sholpan.tagged.txt:12:397
Осы ойлар Шолпанның жанында таспиқтай тізілген ретті болмаса да, оның жаны соқыр сезіммен осы ойларға өзі барып тірелген еді, әм Шолпанның жүрек жарасын ешкімге сездірмеске тырысуының себебі осы еді.
[13] tree
Не керек, жақын, жаттың ортасында жалғыз болды.
s-13
sholpan.tagged.txt:13:462
Не керек, жақын, жаттың ортасында жалғыз болды.
[14] tree
Бітеу жара болды, жалғыз өртенді, жалғыз жылады, дүниеден безді, сопы болды.
s-14
sholpan.tagged.txt:14:483
Бітеу жара болды, жалғыз өртенді, жалғыз жылады, дүниеден безді, сопы болды.
[15] tree
Бала сұрады, қалай да бала болмады.
s-15
sholpan.tagged.txt:15:516
Бала сұрады, қалай да бала болмады.
[16] tree
Не істемеді Шолпан?!
s-16
sholpan.tagged.txt:16:533
Не істемеді Шолпан?!
[17] tree
Пірәдар болды, әулиеге ат айтты, қорасанға қой айтты: «Жасаған-ау , бала бере гөр!» деді.
s-17
sholpan.tagged.txt:17:544
Пірәдар болды, әулиеге ат айтты, қорасанға қой айтты: «Жасаған-ау, бала бере гөр!» – деді.
[18] tree
Бірақ тілек іске аспай, аяғы жоқ жыр болды.
s-18
sholpan.tagged.txt:18:590
Бірақ тілек іске аспай, аяғы жоқ жыр болды.
[19] tree
Көл болып төгілген көздің жасы жерге сіңді, тілек тозды, өмір озды, Шолпан бала көтермеді.
s-19
sholpan.tagged.txt:19:611
Көл болып төгілген көздің жасы жерге сіңді, тілек тозды, өмір озды, Шолпан бала көтермеді.
[20] tree
Қанша жалынса да, қанша жыласа да Жасаған оған бала бермеді.
s-20
sholpan.tagged.txt:20:648
Қанша жалынса да, қанша жыласа да Жасаған оған бала бермеді.
[21] tree
Кім біледі, Тәңірінің Шолпанға бала бермеуі өзінше дұрыс шығар, өзінше жөн шығар.
s-21
sholpan.tagged.txt:21:671
Кім біледі, Тәңірінің Шолпанға бала бермеуі өзінше дұрыс шығар, өзінше жөн шығар.
[22] tree
Күнмен таласа Шолпан да өмірімен қоштасты.
s-22
sholpan.tagged.txt:22:700
Күнмен таласа Шолпан да өмірімен қоштасты.
[23] tree
II Елизавета ханшайым Виндзор әулетінен шыққан.
s-23
Elizabeth-II.tagged.txt:1:0
II Елизавета ханшайым Виндзор әулетінен шыққан.
[24] tree
Таққа 1952 жылдың 6 ақпанында, яғни 25 жасында, әкесі VI Георгтың өлімінен кейін отырды.
s-24
Elizabeth-II.tagged.txt:2:14
Таққа 1952 жылдың 6 ақпанында, яғни 25 жасында, әкесі — VI Георгтың өлімінен кейін отырды.
[25] tree
II Елизавета жасы бойынша Ұлыбритания тарихындағы ең жасы үлкен британ (ағылшын) монархы.
s-25
Elizabeth-II.tagged.txt:3:51
II Елизавета — жасы бойынша Ұлыбритания тарихындағы ең жасы үлкен британ (ағылшын) монархы.
[26] tree
2015 жылдың 24 қаңтарындағы Сауд Арабиясының патшасы Абдулла ибн Абдул Азиз ас-Саудтың өлімінен кейін билік басындағы ең кәрі монарх болып саналады.
s-26
Elizabeth-II.tagged.txt:4:84
2015 жылдың 24 қаңтарындағы Сауд Арабиясының патшасы — Абдулла ибн Абдул Азиз ас-Саудтың өлімінен кейін билік басындағы ең кәрі монарх болып саналады.
[27] tree
Елизавета ханшайым Александра Мария Лондонның Мейфэр ауданында, Брютон-стриттегі 17-үйде, яғни Стратмор графының резиденциясында дүниеге келген.
s-27
Elizabeth-II.tagged.txt:5:131
Елизавета ханшайым Александра Мария Лондонның Мейфэр ауданында, Брютон-стриттегі № 17-үйде, яғни Стратмор графының резиденциясында дүниеге келген.
[28] tree
Қазіргі таңда аудан қайта тұрғызылғандықтан, үйді бұзған, алайда оның орнында мемориалдық тақта қойылған.
s-28
Elizabeth-II.tagged.txt:6:174
Қазіргі таңда аудан қайта тұрғызылғандықтан, үйді бұзған, алайда оның орнында мемориалдық тақта қойылған.
[29] tree
Өзінің атын анасының (Елизавета), апасының (Мария) және арғы әжесінің (Александра) құрметіне алған.
s-29
Elizabeth-II.tagged.txt:7:207
Өзінің атын анасының (Елизавета), апасының (Мария) және арғы әжесінің (Александра) құрметіне алған.
[30] tree
Туған күнінен бастап Елизавета ханшайым Йорктің герцогиниясы атанып, ағасы-Эдуард Уэльс ханзадасы (келешек Ұлыбритания королі VIII Эдуард) мен әкесінен кейін үшінші мұрагер болды.
s-30
Elizabeth-II.tagged.txt:8:248
Туған күнінен бастап Елизавета ханшайым Йорктің герцогиниясы атанып, ағасы-Эдуард Уэльс ханзадасы (келешек Ұлыбритания королі — VIII Эдуард) мен әкесінен кейін үшінші мұрагер болды.
[31] tree
Эдуард ханзада айтарлықтай жас, әрі жанұя құрып, балалы болуға тиіс болғандықтан, бастапқы кезде Елизавета таққа отыратын үміткер ретінде қарастырылмады.
s-31
Elizabeth-II.tagged.txt:9:307
Эдуард ханзада айтарлықтай жас, әрі жанұя құрып, балалы болуға тиіс болғандықтан, бастапқы кезде Елизавета таққа отыратын үміткер ретінде қарастырылмады.

Edit as listText viewDependency trees