kaz-47
kaz-47
View options
Tags:
Javascript seems to be turned off, or there was a communication error. Turn on Javascript for more display options.
Ақпанның 19 - ында Қазақстан Жазушылар одағының кітапханасында Елбасының Қазақстан халқына Жолдауына арналған « дөңгелек үстел » отырысы болады .
Басқарма бастығымен 2010 жылдың 3 ақпанында бекітілген ұйымдастыру құқықтық бөлім туралы ережеге сәйкес ұйымдастыру - құқықтық бөлім « ШҚО экномика және бюджеттік жоспарлау басқармасы » ММ бұдан әрі басқарма дербес құрылымдық бөлімшесі болып табылады , ол Басқарманың басқа бөлімдерімен өзара бірлесіп жұмыс істейді . Ұйымдастыру - құқықтық бөлімінің жұмыс істеу мақсаты - басқарма қызыметінің жұмыс істеуі үшін жағдай мен қамтамасыз ету , соның ішінде басқарма жұмысында заңдылықты сақтау мен қамтамасыз ету , компьютерлік техниканың экплуатациясымен қамтамасыз ету қаражаттармен жұмыстың бірыңғай тәртібін ұйымдастыру және қамтамасыз ету , қажетті құжаттарды аударуды ұйымдастыру . Бөлім өзінің қызыметін төмендегілерге сәйкес жүзеге асырады :
Шейхул - Ислам Ибн Тәймия былай деген : " Жиһәд мәселесін шешуде шынайы білімге ие адамдардың пікірімен санасу міндетті ( уәжиб ) болып табылады . Дүние мәселесінде тәжірибесі көп , бірақ дін мәселесінде дұрыс түсінігі аз адамдарға келер болсақ , олардың пікірі есепке алынбайды , дәл сол сияқты дін мәселесінде білімге ие , бірақ дүние мәселесінде тәжірибесі аз адамдардың пікірі есепке алынбайды ! " ( Қараңыз : " әл - Ихтиярат әл - фиқһия " 311 ) .
- Қазіргі Қазақстан секталардың сайран салар ордасына айналып кеткен тәрізді . Бұл топқа жоғарыдан ешкім дем беріп отырған жоқ па ?
Жүрегі иман нұрымен нұрланған , алып тұлға Әлидің ( р . а . ) халифа болып тағайындалуы Ислам тарихының ең күрмеуі көп күрделі кезеңіне сәйкес келді . Хазіреті Осман шейіт етілгеннен кейін Ислам үмбеті басшысыз қалып қойды . Жан - жақтан анталаған бүлікшілер өздерінің ыңғайына бағындырып , ырқына көндіріп өз мақсаттарын жүзеге асыру үшін тез арада халифаның тағайындалуын талап етті . Халифалықты мойнына алуға ешкім тәуекел жасай алмады .
Краткая информация : ОРТАҚ ОТАН - ҚАЗАҚСТАН Қазақстан Республикасының елордасы - Астана қаласының 10 жылдығына және Алаш қозғалысының 90 жылдығына орай « Әлем қазақтарының рухани сұхбаты : тіл , мәдениет және Алаш мұраты » атты халықаралық конференцияның ұйымдастырушы қазақстандық және осы конференция жұмысына қатысушы шетелдік қандас ханымдар мен мырзалар ! Сіздердің баршаларыңызға ұлы орыс халқымен өмір сүріп жатқан миллионнан астам ресейлік қазақтардың атынан жалынды да сағынышты салем жолдаймын ! Бәріміз үшін ұлттық мәні үлкен осы конференция аясында атқарылатын жұмыстардың табысты да жемісті болуын тілеймін ! Әрине , Ресей Федерациясы Қазақстан Республикасы үшін стратегиялық маңызы бірінші кезекте тұрған ұлы да қуатты көршілес мемлекет . Ал Қазақстан Республикасы Ресей Федерациясы үшін өзінің геосаяси , ұлттық мүдделерін қорғаудағы ең сенімді де әлеуетті көршілес елдердің бірі . Сондықтан да екі ел арасындағы саяси , экономикалық , әскери , ғылыми - техникалық және де мәдени ынтымақтастық пен достық қарым - қатынастар уақыт өткен сайын жан - жақты дамып , нығая түсетіні - заңдылық . Бұл туралы екі мемлекет президенттері халықаралық деңгейде талай рет саяси мәлімдемелер жасап , Ресей мен Қазақстанда экономикалық және әлеуметтік тұрақтылықты қамтамасыз етуде өзара келісе отырып , қыруар жұмыстар тындырды . Соның нәтижесінде Ресей мен Қазақстан халықтарының хал - ахуалы әжептәуір жақсарды . Бұл екі ел қазақтары үшін ортақ жетістік болып отыр .
Азияның , Еуропаның 2 дүркін чемпионы . 1997 жылғы Әлем Кубогының жеңімпазы , 1997 жылғы Әлем чемпионатының қола жүлдегері . Қазақстанның бірнеше дүркін чемпионы атанған .
г ) Инвестициялық комитет жөніндегі ереже , оның құрамы жайлы мәліметтерді қосқанда ;
Ауруханалар мен жарлы - жақыбайларға арналған паналау орындарына барып , жәрдем жасап , көптеген қоғамдық ұйымдармен қоян - қолтық жұмыс істеді .
21 - 21 ақпан күндері Астана қаласында Беларус - Қазақстан сыртқы істер министрліктері арасындағы консультациялар өтіп , іс - шара барысында Қазақстан мен Беларустың сыртқы саясат ведомстволары 2011 - 2012 жылдарға арналған Ынтымақтастық жоспарына қол қояды .
20 . Мемлекттік қызмет көрсететін мемлекеттік органның ' мекеменің немесе өзге де субъектілердің жұмысы бағаланатын мемлекеттік сапа мен қолжетімділік көрсеткіштерінің нысаналы мәнін жыл сайын арнайықұрылған жұмыс топтары бекітеді .
ҚР Президентінің « Жергілікті атқарушы органдар басшыларының халыққа есеп беру кездесулерін өткізу туралы » 2005 жылғы 6 сәуірдегі № 1546 санды Жарлығына сәйкес жыл сайынғы өтетін барлық деңгейдегі әкімдердің халық алдындағы есеп беру науқаны биылда өзінің жалғасын тауып отыр . Осы уақытқа дейін ауданның барлық село , кент әкімдері өздерінің халық алдындағы есептерін беріп болды . Енді аудан әкімі ретінде , аудан әкімшілігінің жыл ішінде атқарған жұмыстары , жіберілген кемшіліктер мен оларды жою жолдары , келешекте атқарылатын ауқымды шараларға жан - жақты тоқталып кеткім келеді . Халық алдында есеп беру менің ойымша есепті мерзім ішімде атқарған жұмыстарды саралаумен қатар барлық әкімдердің , әкімшілік қызметкерлерінің жауапкершілігін көтереді , жұмыстағы жетістіктері мен кемшілік тұстарына назар аударып , алдағы жылға жаңа іс жоспар , бағыт - бағдар белгілейді .
Кент құдық ; Бозашы түбегінде , Қызан аулынан солтүстікте 35 км жерде , Хасарлы ( Каспий ) теңізіне таяу маңда .
2 . Тіл төңірегінде мүлде мәселе жоқ деуге болмайды . Мекемелердегі құжат айналымына қатысты жоғарыдан кіріс құжаттар орыс тілінде көптеп келіп жатады . Мемлекеттік тілде жауап берілгенмен , орыс тіліндегі нұсқасын қоса жолдауды сұрайды . Осыдан келіп жергілікті жерлерде шығыс құжатты екі тілде дайындауға тура келеді . Елбасы әр сөзінде « мемлекеттік тілді білмейінше , мемлекеттік қызмет саласында жұмыс істеу мүмкін еместігін » жиі айтып келеді . Мемлекеттік қызметке қабылдауда оның мемлекеттік тілді еркін меңгерген болуы тиіс және « Тіл туралы » Заңды бұзғаны үшін жауаптылықты күшейту қажет деп есептеймін . Сонымен қатар аймақтағы мемлекеттік тіл саясатын жүргізуге жауапты орган - басқарманың да құқықтары шектеулілігін айтпасқа болмайды . Көп жағдайда жеке меншіктегі нысандарға заң талаптары жайлы түсіндіру жұмыстарын жүргізумен ғана шектелуге тура келеді . Олармен дендеп жұмыс атқаруға заң талаптары көтере бермейді . Осыны ұстанған кейбір кәсіпкерлер « Тіл туралы » Заң талаптарын орындауға асығар емес . Осыған байланысты , жоғарыда айтып өткенімдей , БАҚ арқылы басқарманың тапсырысымен әзірленген бейнероликтер , телехабарлар арқылы да түсіндіру жұмыстары жүргізілуде . Жүрегі « қазақпын » деп соғатын әрбір азамат қазақ тілін білмейтін өз әріптесін , жиі араласып тұратын жолдасын , туысын , көршісін , ал студенттер мен оқушы жастар курстасын , сыныптасын үйретсе , қазақ тілін білмейтін азаматтардың басым бөлігі ауызекі сөйлесуге жарап , қазақша газет оқып , теледидар көруге ынталанар еді деп ойлаймын . Яғни бізге туған жерге , тілге деген сүйіспеншілік , ұлттық намыс қажет . Елбасымыздың « Қазақ қазақпен қазақша сөйлессін ! » деген сөзі тіл шұбарлайтын бауырларымыздың намысын оятуға түрткі болып тұрған жоқ па ? ! Қазіргі таңда шала қазақ бауырларымызға « неге ана тіліңде сөйлемейсіз ? » деп сұрақ қойып отыру қажет . Оған қазір толық мүмкіндік бар . Ұлттық намыс оянған кезде ғана біз тіліміздің түйіндерін толық шеше алатын боламыз . 3 . Тәуелсіздік - аса қасиетті ұғым , ұлы сөз . Ұлтымыздың ғасырлар бойы еркіндіктің осы заңғар биігіне көтерілуге ұмтылғаны , осы жолда көптеген құрбандықтарға барып , жанкешті күрестер жүргізгені әрқашанда есімізде болуы тиіс . Ендеше , биылғы Тәуелсіздігіміздің 20 жылдық мерейтойын өз деңгейінде атап өтіп және оны әрбір азаматтың жүрегіне жеткізе білуіміз керек . Біздің басқарма өз тарапынан облыс көлемінде мемлекеттік тілдің мәртебесін биіктету мақсатында қомақты үлес қосуды мақсат тұтып отыр . Жыл ішінде өткізетін шаралар көп - ақ . Тәуелсіздіктің 20 жылдығына арналған іс - шараларымыздың ең бастыларына тоқталып өтсем , мемлекеттік тілдің қолданылуын жүзеге асыруда лайықты жұмыстар атқарған ұжымдар мен кәсіпкерлік субъектілерін анықтап , ынталандыру мақсатында барлық облыстық және аумақтық деңгейлердегі департаменттер мен басқармалардың және оқу орындары мен жергілікті мұнай компаниялары және жеке кәсіпкерлер арасында « Тіл үздіктері » облыстық байқауын түрлі номинациялары бойынша жыл аяғына дейін өткізуді бастадық . Жыл соңында оларды қорытып , « Тіл үздіктері - Тәуелсіздікке тарту » атты мерекелік салтанат өткізетін боламыз . Этностық топтар арасында өзге ұлт өкілдерінің мемлекеттік тілге деген құрметті , отансүйгіштік сезімді арттыру , қазақстандық рухани бірлікті қалыптастыру мақсатында « Мемлекеттік тілді білу - парызың » атты облыстық олимпиада өткізу жоспарлануда . « Тіл - тәуелсіздік тірегі » атты облыстық семинар және мемлекеттік тіл саясатын насихаттауда үлгі боларлықтай жұмыс атқарып отырған мекемені анықтау мақсатында мемлекеттік мекемелер арасында « Ең үздік қазақтілді мекеме » атты байқау өткізіліп , қорытындысы жыл соңында анықталмақ . Жергілікті телеарналар арқылы осы жылдан бастап « Тіл - таным » , « Қазақ тілін үйренейік » атты мемлекеттік тілді үйрету телебағдарламалары тұрақты жүргізілетін болады . Осылармен қоса биылғы басты жаңалығымыз - облыс орталығынан « Достық және тілдер » үйінің іргетасының қалануы болмақ . Амандық болса , атаулы ғимарат Тәуелсіздік мерекесіне тарту ретінде жұртшылық игілігіне берілмек . Аты да айтып тұрғандай , онда тіл жөнінде небір қызықты шаралар өткізіліп , мемлекеттік және өзге тілдерді үйрету курстары жүргізілетін болады .
Солтүстікке тән табиғаттың мінезі жаппай сыртқа шығуға ұмтылатын жұрттың мейрамдық көңіл - күйіне мазасыздық келтіреді . Сонымен қатар сол киіз үйде ел ағалары мен шенеуніктерін ас - тағамның жылы жұмсақтарын дайындап күту де - мейрамның мазмұнын ашпайтын , керісінше , жирендіре түсетін көрініс . Шынтуайтқа келгенде , Ұлыстың ұлы күні біреуі бастықпын , бірі шенеунікпін деп шіренбей , оны ортақ мейрам деп қабылдауы қажет . Демек , мәселе мейрамның сауықтық сипаты мен мазмұнында тұр . Сауық - сайранға лауазымдық салмақты араластырсақ , ол мейрам емес , қарапайым , күнделікті қызмет күні болып қала берері анық . Наурыз мейрамына діни мазмұнмен астарланған мифологиялық кейіпкер Қыдыр ( Қадыр ) атаны күту , оны мейрамға қонақ ету сияқты сауық істері орнықпаған . Түннің ( бейнелеп айтсақ , қара күштердің ) күнге ( ақ ниетті күшке ) жол беретін сакральды уақытты күту де ( 21 наурыздан 22 наурызға қараған түнгі сағат 12 . 00 ) санамызға сіңбеген . Рәміздік сипатқа толы наурызкөжені де толық мәнінде ұлықтай алмаймыз . Жаңа жылға аман - есен жеткендікті білдіретін , сондай - ақ күйбең тіршілікте орын алған өкпе - реніштің жойылғанын кешетін , жақсылықтың бой алғанын ырымдайтын төс қағыстыру салтын да осы күннің рәмізіне енгізе алмадық . Кішкене балаларымызға ( қай мейрамды болмасын асыға күтетін - солар ) Наурыз мейрамына тән сыйлықтар да , тәтті тағам түрлерін де шығара алмай жүрміз . Егер терең байыптап қарайтын болсақ , түн мен күн , мезгіл ( қыс - жаз ) уақыттары теңелетін осы бір сәтке аса қатты көңіл бөлінсе , талай тағылымды мазмұндауға болады . Мысалға , ықылым заманнан адам баласының аңсап келе жатқаны адамзат қоғамында түрлі құқықтарға теңдік орнату ісі емес пе еді ? Табиғат заңдары теңелген уақытты үнемі теңдік пен үйлесімділікке ұмтылатын қоғамдық құндылықтардың рәмізі етіп ырымдау , жақсылықты күту , соларды сауықтық сипатқа айналдыру - идеологиялық негізге өзі сұранып тұрған астар емес пе ? Мейрамды халық өзі жасамаса , оған біреу келіп жасап бермейді . Мейрамды сауық ете білу , сәнді қылу да - өнер . Қазақстанда тұратын халықтың басым көпшілігі - қазақ халқы . Сондықтан Қазақстандағы Наурыз мейрамын жалпақ жұртқа ортақ ете білу - бізге сын . Әрине , қазіргі заманда ақысын берсең , бәрін істеп береді . Бірақ ол өнерді істеуші өзінің қалауын қосып , өз дегенін жасап , қойыртпақ жасайды . Сосын келіп өкпелейміз : бізді құртты , дәстүрді аяққа басты , пәлен - түген деп . Ал Наурызды нақышына келтіріп , халықтық мейрам - сауық ету - тек өз қолымызда . Бұған қазақ мәдениетін уызынан жеріндірмей , дамытуға үлес қосып жүрген өнер қайраткерлері , ұжымдары ( кино , театр салаларындағы ) , БАҚ құралдары , әдебиет саласының өкілдері атсалысуы қажет - ақ . Наурызды тойлау алдымен биік өнердің деңгейінде шыңдалса , қалың жұрт оны жалғастырып алып кетер еді . Бүгінгі сауықтық көріністердің барлығы кезінде өнердің тезінен өтіп , кейін жалпылық сипат алғаны кәміл . Сондықтан Наурыз мейрамына жалпыхалықтық сипат беруде біздің ойланатын ісіміз көп , атқаратын шаруамыз шаш - етектен . Осыны ортақ іске балап ойланайық , ағайын .
Әбу Наср әл - Фараби - түркі ойшылдарының ең атақтысы , ең мәшһүрі , « Әлемнің 2 - ші ұстазы » атанған ғұлама . Оның заманы « Жібек жолы » бойындағы қалалардың , оның ішінде Отырардың экономикасы мен мәдениетінің гүлденген кезіне дәл келді . Әбу Наср әл - Фараби Орта Азия , Парсы , Ирак , араб елдері қалаларына жиһанкездік сапарлар жасап , тез есейді . Ол жерлерде көптеген ғұламалармен , ойшыл - ақындармен , қайраткерлермен танысып , сұхбаттасты . Тарихи деректер бойынша 70 - ке жуық тіл білген . Өздігінен көп оқып , көп ізденген ойшыл философия , логика , этика , метафизика , тіл білімі , жаратылыстану , география , математика , медицина , музыка салаларынан 164 трактат жазып қалдырды . Шығармаларында көне грек оқымыстыларының , әсіресе , Аристотельдің еңбектеріне талдау жасады ( Аристотельдің « Метафизика » , « Категория » , « Бірінші және екінші аналитика » сияқты басты еңбектеріне түсіндірмелер жазған ) . Арабтың атақты ғалым - географы ибн - Хаукалдың « Китаб масалик уә мамалик » атты еңбегінде және 13 ғасырда өмір сүрген ибн - Халликан өзінің « Уфиат әл - аиан фи әл - заман » атты еңбегінде Әбу Наср әл - Фарабидің арғы аталарының аттарын ( Тархан , Ұзлағ ) таза түркі тілінде келтірген .
Екіншісі . Мемлекет қүрылысы мен реформаларды жүргізудің ауыр процестерін шетелдік мемлекетгер мен донорлық ұйымдар тарапынан қолдау бізге қосымша мүмкіндіктер береді . Бүл тұрғыда көптеген елдердіқ бізге қарағанда оншалықты жолы болмады . Осы фактор , әсіресе өтпелі кезеңнің бастапқы кезеңдерінде өте маңызды , өйткені бізге сырттың қаржы ресурстары мен білім - білігі қажет .
3 . Министрлік мемлекеттік мекеменің ұйымдық - құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады , Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасы бейнеленген , өз атауы мемлекеттік тілде жазылған мөрлері мен мөртаңбалары , белгіленген үлгідегі бланкілері , сондай - ақ заңнамаға сәйкес банктерде шоттары болады . Министрлік өз атынан азаматтық - құқықтық қатынастар жасайды . Министрлік , егер заңнамаға сәйкес оған уәкілетті болса , мемлекет атынан азаматтық - құқықтық қатынастарды тарап болып жасауға құқылы .
Мектеп қабырғасында жүріп , Айсұлтан жасөспірімдер арасында үш дүркін чемпион атанған австрияның Admira Wacker командасы құрамында ойнады . Әрине , жасөспірімнің жетістіктерін отандастары да байқамай қалуы мүмкін емес . Оны Еуропа чемпионатында жастар арасында елінің намысын қорғау үшін туған жеріне шақырып , қарына капитан жазуы бар белгі тақты . Сол ойында біздің команданың қарсыласы Уэльс жасөспірімдер командасы болатын . Ойынды бастан аяқ ағылшын селекционерлері бақылауда ұстады . Ұлыбританияда Қазақстан Президенті немересінің жетістіктері ауыздан - ауызға тарады . http : / / www . bnews . kz / kz / main / sports / ajsultan - nazarbaev - zayavlen - zapasnym - futbolistom - lokomotiva /
Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрі Ержан Қазыхановты қабылдады , деп хабарлайды ҚР Президентінің баспасөз қызметі . Е . Қазыханов Мемлекет басшысын министрліктің ағымдағы қызметі туралы . . . Читать полностью
Ішкі бақылау жүйесі өзара байланысы бар бақылау ортасы , тәуекелдерді бағалау , ішкі бақылау процедурасы , ақпараттық қамтамасыз ету және , ақпаратпен алмасу жүйесі , мониторинг және ішкі бақылау жүйесінің тиімділігін бағалау сияқты компоненттерді қамтиды .
Күкіртті ангидрид . Адам баласы жылу алу үшін көсір мен мазутты жағу кезінде күкірт ангидриді ауаға түседі . Мәселен , 1 млн тонна көмір жаққан кезде 25 мың тонна күкірт бөлінеді екен . Әрине , күкірт жеке элемент күйінде емес , оның күкірт тотығы ретінде ауаға шығарылады . Осы газ атмосфераға түсіп , оттегімен тотығып әрі су буымен қосылып одан күкірт қышқылы түзіледі . Құрамында кышкыл бар тұмандыктар жауын түрінде биосфераға түсіп қауіпті зиян келтіре бастайды .
Жинақталған орналасулар әрқашан пішіндегі немесе есептегі бір бөлімде қамтылады .
Қазақ тілі қыпшақ тобына жатады . Ал , Орхон мәтіндері түркі тілінің қыпшақ тобына жататынын дәлелдедік . Яғни , қазақ тілінің көне тілі . Тіл үнемі өзгеріп , байып , дамып отырады . Сондықтан да аздаған өзгешелік бар . Оның үстіне тіл қайта құру кезеңдерінде немесе тарихи бетбұрыс тұстарында өзгеріп отырады . Мысалы , мұсылман дінін қабылдаған кезде тілде көп өзгерістер пайда болды . Сол кезде терминдер өзгерді , фонетика өзгерді . Фонетика деген өзі қызық нәрсе . Қазіргі орыс тілді қазақтардың « ң » , « ғ » әрпіптеріне тілі келмей жатады . Бұл құбылыс артикуляция өзгеруінің нәтижесі . Тілдің әр түрлі детальдары өзгереді . Артикулятциясы өзгереді . Содан болып адамның сыртқы сыйпатына түріне де әсер етеді . Яғни , бір жағынан тіл байыса , екінші жағынан өзгерістер болады . Дегенмен де , көне түркі тіліне жақын сақталып қалған тіл - қазақ тілі . Мұстафа Кемал Ататүрік тілді реформалау кезінде қазақ тілінен көп сөздерді алған . Себебі , парсыланған , арабтанған тілді түркі тіліне жақындату үшін . Сонымен қатар , Өзбекстанда Кәрімов деген ғалым комьпютер арылы қазақ тілі көне түркі тіліне ең жақын екенің делелдеген болатын .
Осы маңызды iс - шараларды тез арада қолға алу және бұларды орындау - қоршаған ортамызды , жерiмiздi , ең бастысы , елiмiздi , келешек ұрпағымызды аман сақтап қалудың басты кепiлi болмақ .
Науқас жедел жәрдем ауруханасында тиісті ем қабылдап болған соң , квота бойынша Астана қаласындағы нейрохирургиялық орталыққа жіберіледі екен .
« Ағартудың қазіргі заманғы педагогикалық теория мен практикаға дейінгі жетістіктері » атты Мектепке дейінгі білім беру қызметкерлерінің Республикалық педагогикалық оқуын өткізу туралы .
Былтыр Қызылжардағы Сәбит Мұқанов атындағы Қазақ сазды - драма театры өзінің 10 жылдық мерейтойын атап өткен болатын . Биік мінберден құттықтау сөз арнаған облыс әкімі Серік Біләлов онжылдыққа он пәтер тарту еткенін айтқан еді . Бұл жаңалықтың куәгері болған сахна сыншысы Әшірбек Сығай : « Әртістерге он пәтер берген әкімді бірінші рет көруім » , - деп ағынан жарылғанына да жұрт куә . Сол қуанышты сәттен бері бір жыл өтті , жұмыс істеуге келген жас маманның біразы қолдарына уәделі үйдің кілті тимеген соң , кетіп тынды , ал қалғандары екі - екіден қосарласып тұрып жатыр . Ал жастарға тиесілі пәтер қырғыздардың бұрынғы Президенті Құрманбек Бәкиевтің кеңесшісіне беріліпті . Read the rest of this entry »
Отырыс қорытындысы бойынша Кәрім Мәсімов мүдделі министрліктер мен ведомстволарға барлық проблемалы мәселелерді шұғыл түрде шешуді қамтамасыз етуді тапсырды .
18 . 02 . 2004 жылғы № 04 - 0218 - 02 Нақты экономикалық халықаралық академиясы Президиумының Қаулысымен ( Мәскеу қаласы ) академияның толық мүшесі болып сайланды . 30 . 09 . 2004 жылғы ҚР ЖАК Президиумының шешімімен « Электр техникасы » мамандығы бойынша профессор ғылыми лауазымы берілді . 2008 жылдан бері Алматы энергетика және байланыстар институты жанындағы Д 14 . 02 . 04 Диссертациялық кеңесінің мүшесі .
Қорыта келгенде , минералды ши кі затты өңдеудің техникалық құрал да ры мен технологияларының оның табиғи қасиеттері мен технологиялық сипат та маларына толық сәйкестен ді ріп таңда ғанда аталған күрделі проблема шешуін табады . Ол үшін , ең ал дымен , ми не ралды шикізатты өң деу дің әрбір ке зеңінде арнаулы ғы лы ми - зерттеу және өлшеу жұмыстарын жүргізу қажет .
Қазақ тілінің терминологиялық тиянақсыздығы тіл саласындағы қазырғы шараларымыз бен әрекеттеріміздің жүйесіздігінен туындауда . Терминнің қазақылануы тіл процесінің табиғи түрдегі жаңару процесімен сабақтасып жатуы керек , қазырғы кезде бұған зорлап кірісу мен жасандылық тән болып отыр . Бұған көз жеткізу үшін тілдің қазырғы терминдену процесіне назар аударайық . Біріншіден , терминді қазақшалаудың тұжырымдамасы мен критериі жоқ : қай терминді қашан , неге , қалай қазақшалау керек және жаңа баламаны қалай тілге енгізу керек деген самсаған сауалдар сол күйінде жауапсыз қалуда . Осының кесірінен қазақшалануға жатпайтын терминдер зорлыққа ұшырады , мысалы , программаны « бағдарлама » деп енгізу арқылы 5 - 6 мағынаны беретін халықаралық терминді қарабайырладық . Шын мәнінде « бағдарлама » сөзі « ориентировканың » ( ориентир - бағдар ) таптырмас баламасы болатын . Осылайша , қазақ тілін терминдеу емес , көп жағдайда « термин түту » әрекетіне жол ашылуда . Екіншіден , термин қазақшалау кез келген қазақтың көзіне түскен терминді « сирақтан ұстап » кірісу әрекетімен көрінуде . Бұл терминді ойынға айналдырғанмен парапар . Әрі - беріден соң бұл тілді дамытуға біржақты түрде , лингвистикалық талапқа сай емес , жанашырлық деңгейінде ғана кірісу . Ал , тіл өмірде соншалықты жасанды түрде туып , дамыған емес , кез келген процесс шынайы болғанда ғана нәтижелі , ал біздің лингвистеріміз бен тіл жанашырлары отырып алып , қазақтілді терминдерді балалатуда , ал , оның өмірге сіңісуі қаншалықты , сіңіскен күннің өзінде оның тілге залалы жоқ па деген мәселеге бас қатырмау - қатерлі құбылыс ! Егер әрбір сөз тілдің жасушасы ( клеткасы ) екенін ескерсек , сөздерді жауапсыз түрде « мағыналау » арқылы тілге « вирус кіргізу » қаупі туындауда . Оны « программаға » байланысты айттық , тіпті , тілімізге кезінде жүйесіз енгізілген « врач » сөзінің баламасы ретінде сіңіп кеткен « дәрігер » туралы да осыны айтуға болады . « Дәрігер » шын мәнінде « аптекардың » баламасы - тұғын , енді оны қалайша қазақшалаймыз дегендей тұйыққа тірелдік , өйткені , кезінде « врачты » « дауагермен » қиналмай - ақ айырбастауға болатын еді . Үшіншіден , қазақ терминін қалыптастыруға « еңкейген баладан еңбектеген қарияға » дейін кірісіп кеткен жайымыз бар . Енді , « Хабар » телеарнасындағы « Тіл » хабарының апта сайын термин мәселесін қолға алуы , лингвистиканы былай қойғанда телехабардың ток - шоу аталатын жанрының табиғатына қайшы ғой . Ток - шоудың мақсаты мәселені шешу емес , қоғамға ой тастау ғана , өйткені , бас - аяғы 30 - 40 минөтте қандай сарабдал сарапшы болса да , мәселенің шешуін таба алмайды , тапқан күннің өзінде ол дүдәмал нәрсе . Терминнің ең әуелі лингвистикалық емес , ғылыми туынды екенін ескерсек , ешбір ғылым ток - шоу арқылы жаңалық жасамайды , ол көпшіліктің талқылау объектісіне емес , ғылыми талдау объектісіне айналуы тиіс еді . Оның үстіне , тілдің термин секілді аса күрделі саласының мәселесін шешуде алдын ала әзірлікпен кірісетін сараптамалық жарияланымдар мен баяндамалар ғана қабілетті . Біз сөз етіп отырған телехабар шын мәнінде терминді қазақшалауды ойынға айналдыру секілді қынжылысты әсер қалдырады . Осы хабардың негізінде мұны түсінбейтіндер бас салып , әлгі « қазақшаланған » терминдерді қолданысқа түсіруге асығатыны болмаса кез келген қазақша білем деген адамның терминолог « болып кетуін » тудыратын қатерді ескерсек , төбеқұйқа шымырлайды . Бұл әрекет М . Шахановтың аңызындағы өсіп кеттіге балап , хан қыранының тырнақтарын қырқып тастаған кемпірдің « қайырымы » болса - қайтеміз ?
- Кедейлер өкіметіміз … байдың тұқы мын құрту міндет екенін білмейсіз бе ? Баяғының сұлтаны , ханы , байлары ның тұқымы болмасаң , мұнша байлық үйіңде сақталмас еді . Бәлен - түген деп дәлелдеп ақталсаң үй , мүлкің өзіңе қайтады , мол қазына , байлық құжат тал ды , өзіңнің басыңды жұтпасын деп тіле ? ! О дүниенің жақс ылығынан үміт ет … Шикіл сары қымбат бұйымдарды жи нас тырып құныға қа ра ды . Қызыға ды , таңданады , өзіне бұ йыртса , сатып қаржы қылса өмір бой ғы тірлігіне жетер еді . Өмірін байлық жолына құрбан етер ме екен ? Кенет ойым неге бүлінеді дегендей , жинал ған заттарды авто көлік ке тиеп әкетуге алып шықты …
Иә , ақпан айында « Әбіш Кекілбаевтың әлемі » атты деректі фильмімнің тұсауы кесілді . Қазақстанның халық жазушысы , қоғам және саясат қайраткері , тірі аңызға айналған Әбіш ағамыз туралы фильм түсіру оңай шаруа емес . Түсірілім екі жылға созылды . Фильм түсірілімі сәтті аяқталды . Әбекеңнің портретін жасауға тырыстым . Тарихымыз бен мәдениетімізді зерттеп , зерделеп , жан дүниесінен өткізіп , ерекше дүние тудырған ұлттық болмысын жоғалтпаған ғаламат жазушының - Әбіш әлемінің болмысы жасалғандай болды .
Қатты отынды ТТҚҚ - да пайдалануға болады ( 1 . 7 суретті қараңыз ) . Қазан ошағына кірген жану өнімдерінде 16 пайыздай оттек болады , сондықтан қазан ошағына ауа берілмейді , ауа қыздырғыштың керегі жоқ және қазан атмосфералық қысымда жұмыс істейді .
Зымыран уақыт қазақ тарихына тікелей қатысы бар бір оқиғаны қалың бұқараның назарынан тыс қалдырғандай . Осыдан 250 жыл бұрын Цинь империясының бізге жоңғар , қалмақ немесе ойрат деген атпен мәлім тұтас бір халықты жер бетінен жойып жіберген қырғыны аяқталды . Сөйтіп , біздің байырғы бақталасымыз Орталық һәм Шығыс Еуразияның саяси картасынан жоқ болып кетті . « Жоңғар » атты тұтас бір халықты қамшының сабындай қысқа уақытта жойып жіберу - ұлан - ғайыр даланың тарихында тосын құбылыс . Рас , одан бұрынырақ осы тақылеттес жайттар ежелгі түрктердің жужандарды дүрелеуі , сондай - ақ жұртқа жақсы мәлім Шыңғыс ханның татар тайпасын қырып салуы сияқты төтенше оқиғалар болған . Бірақ XVIII ғасыр үшін мұндай нәубет алабөтен еді . Оның үстіне , қадым дәуірде « дүрелеу мен жойып жіберу » шартты ұғым - тұғын . Бұл көбіне ежелгі дұшпанды тізе бүктіруді айғақтайтын . Жеңімпаз қатын - қалаш пен бала - шағаға тимейтін . Сағы сынғандардың бір бөлігі жаңа қожайынға құлдық ұрып , ескі тіршілігін жалғастыра береді . Алайда әйел , бала демей , жоспарлы түрде тұтас бір ұлысты найзаның ұшына іліп , қылышпен кескілеу бұрын ешкімнің миына келмепті . Сөз жоқ , мұндай қырғын тек мемлекеттік деңгейде жүзеге асырылуы мүмкін . Суша аққан адам қаны Цин империясына жүктелді . Бұл патшалықты содан бір ғасыр бұрын Қытайды жаулап алған манчжурлар құрды . Тұңғыс тіл тобына жататын осы халықтың Отаны бүгінгі Ресейдің Таяу Шығыс өлкесі екен . Міне , сол манчжурлар жаналғыш жасақты құрап , оған қазіргі Ішкі Моңғолия мен Халхадан мұңғұлдары ( моңғол ) тартылды . Ежелгі дұшпан Шамамен XV ғасырдың алғашқы жартысы , тіпті XVI ғасырдың басында батыстағы ойраттарға қарасты батыс мұңғұл тайпалары сол тұстағы алып даладағы түркі жұрты қырым татарлары , ноғайлар , қазақтар мен көшпенді өзбектер , Шығыс Түркістандағы моғол да , қырғыз бұрыттар үшін ең әккі әрі бітіспес жауға айналды . Өздерімен туыстас Халха , Мин және Цин империясын билеген мұңғұлдар да ойраттармен кескілескен шайқас жүргізді . Ойраттардың тарих сахнасына дербес күш ретінде шығуы XV ғасырдың соңында Қытайдағы Юань мұңғұл империясының күйреуімен тұспа - тұс келді . Қытай көтеріліс ¬ ші ¬ лерінің тегеурініне шыдамай , Моңғолияға шегінген Юань императоры мен жасақ біраз уақыт жалпымұңғұлдық тұтастығын сақтап тұрды . Бірақ сол кездің өзінде ойрат тайпалары мұғұл қауымынан дараланып тұратын . Бәлкім , олардың мұғұл иелігінен жырақта дала мен орман шектескен мекенде тұруы да бұған әсер еткен шығар . Шыңғыс хан күллі Моңғолиядағы барлық ұлысты араластырып жібергенде , ойраттар « орман халқы » деп аталатын . Олар біртұтас мұңғұл мемлекетін құру ісіне , оның жаугершілік жорықтарына белсене қатысқан жоқ . Әйтсе де ойрат жасағы сол дәуірде түрлі мемлекеттердің саяси өміріне араласып тұрды . Айталық , Хорасан уәлаятын билеген Арғұн шаһтың қоластындағы ойраттар Иранның соңғы илханы ( елхан ) Тоға Темірді таққа отырғызды . Рас , бұл ойраттар түркі тілінде сөйлеп , мұсылмандықты ұстанды . Олар Шыңғыс мемлекеті күйреген тұста пайда болған басқа ұлыстардан ерекшеленбейтін . Асылы , бұл - басқа хикая . Батыс Моңғолияны мекендеген ойраттар мұңғұл тілін және буддизмнің ламаизм бағытын ұстанған . XIV ғасырдың бас шенінде ойраттар Тоған мен Эсен хандар тұсында Моңғолияны жаулап алып , Қытайдың Мин империясына салық төлеуге мәжбүр етті . Сол кездері ойраттар Орталық Азияға алғашқы жорығын жасап , 1452 жылы Ташкентте көшпенді өзбек мемлекетін , яғни Әбілхайр хандығын , құлатты . Моңғол хандығының күйреуінің тарихта маңызы зор . Дәл осы оқиғадан кейін Керей мен Жәнібек Жетісуда мекендеген бірқатар руларды Әбілхайырдан бөліп , алғашқы қазақ хандығын құрады . Бұл атырап Моғолстан мемлекетіне қарасты болғандықтан , қазақтар мұңғұлдардың ойраттарға қарсы күресіне атсалысуға тиіс еді . Шығыстағы мұңғұл хандығының XVI ғасырда ойраттарға қарсы жүргізген күресі жеңіспен аяқталды . Ойраттар батысқа қарай шегінді . Олар өз кезегінде моғолдар мен қазақтарды батысқа қарай тықсыра берді . XVII ғасырдың басында ойраттар Ертіс бойын жағалап , Шығыс Түркістандағы мұғұл мемлекеттеріне вассалдық салық төлеттірді . 1634 жылы Хо Өрлік бастаған ойраттардың торғауыт пен дербет тайпалары Еділ мен Жайық өзендері аралығына өтіп , ноғайларға шабуыл жасады . Ноғайлардың алғашқы легі Солтүстік Кавказға қарай беттесе , екінші жартысы Хо Өрлік ұлысының құрамына енді . Ал үшінші жартысы қазақтарға қосылды . Еділ жағалауындағы ойраттар « қалмақ » деген атаумен танылды . Жүз жыл көлемінде қайта құрылған қалмақ хандығы Еділдің екі жағалауында да өз үстемдігін орнатты . Дәл осы уақытта шығыста ойраттардың чорос , хойт , хошоут және дербет тайпалары Батыр Қонтайшы басшылығымен Жоңғар хандығын құрды . Жаңа құрылған хандық шығыс мұңғұлдары , қытай және қазақтармен күрес жүргізді . Батыста қалмақ , шығысында жоңғар хандықтарының қыспағында болған қазақтар осылайша стратегиялық қоршауда қалды . Сонымен қатар осы уақытта ойраттардың қысымында қалған мұғұлдар мен ноғайлықтар жер аударып , кетулеріне тура келді . Ойраттар мен қазақтар арасындағы соғыс бір ғасыр бойы жалғасты . Сондай - ақ бұл екі ел арасында болған күрестің ерекшелігі - өзара шайқасып жатса да , бір - бірінен қыз алысып , ара - тұра бейбітшілік өмір кешті . Сол жылдары қазақ тайпалары жоңғарлардың қарамағына өту қаупінде тұрды . Бірақ шығыс жоңғарлар мен батыс қалмақтар қазақ ұлысының құрамына кірген . XVIII ғасырдың басында жоңғар билігінің күші одан ары артты . Оған дәлел - Жоңғар хандығының шығыс пен батыс беткейін қоныстанған қазақты жау ¬ лап алуы . Нәтижесінде Қазақ хандығы ыдырап , Орталық Азия , Жайық , Еділге қарай қоныс аударды . Бұл әскери жеңіліс ашаршылықпен тұспа - тұс келгендіктен , қазақ бар қиын - қыстау кезеңді бастарынан өткерді . Сол себептен де бұл кезең тарих бетіне үлкен қара дақ болып түсті . Жоңғар хандығы Ташкент пен Сырдария жағалауындағы қалаларды басып алды . Жоңғар хандығына манчжур Цин империясынан қауіп төнгенде , олар Орталық Азияға шабуыл жасап , сол жаққа қарай ығысты . Қытайлар жоңғарларға қарсы шыға алмағандықтан , батыс жақтан көмек сұрауға мәжбүр болды . Осы кезде Орталық Азия шекарасында жоңғарлар мен қалмақтардың қыспағында қалған қазақтардың жағдайы қиындады . Қазақ тайпасының жарым бөлігі бұл жерден кетулеріне тура келді . Кейбір орта жүздің қыпшақтары Ферғанаға көшті . Тіпті олар сол жерге орнығып , Қоқан хандығының билігіне араласа бастады . Қырғыстанның қазіргі Президенті Құрманбек Бакиев сол қыпшақ елінің ұрпағы болып табылады . Ал Орталық Азияда қалған қазақтар жоңғарларға соққы жасап , шығысқа қарай шегінді . Жоңғар хандығы сол кездері Шығыс Қазақстан , Қарқаралы аумақтарын жаулап алған . Батыста қалмақтар Жетісу , Еділ , Жайықты бақылап отырды . Нәубет заман Бұл кезең жоңғардың ұлы ханы Қалдан Серен қайтыс болуымен басталады . Ұлы хан қайтыс болғаннан кейін жоңғарлардың өзара таққа таласуы біршама жауынгерлерден айырылуға әкеп соқты . Қалдан Серен мұрасын ортаншы ұлы Цеван - Доржи - Аджеге қалдырған . Ол 1746 жылы таққа отырады . Алайда 1749 жылы үлкен ағасы Лама - Доржи інісін тақтан тайдырып , хан тағына кіші інілері Цеван - Даши отырады . Шаңырақтың үлкені мен кенжесiнің астыртын келісімін біліп қойған Лама Доржи кіші інісін өлтіргізеді . 1751 жылы Цеван - Доржи Давацидің ұлы мен хойт тайпасының басшысы Амурсана орта жүздің ханы Абылайға қашып барады . 1753 жылы Абылай ханның көмегімен Даваци мен Әмірсана Ламу - Доржиді өлтіреді . Нәтижесінде , хан тағына Даваци отырады . 1754 жылы Әмірсана Давациға қарсы соғыс ашады . Абылай хан Давациге Әмірсана әскерін жеңуіне көмектеседі . Нәтижесінде , Әмірсана Қытайға қашып кетеді . 1755 жылы Цин империясы жоңғарларға қарсы әскер жібереді . Оның құрамында Әмірсана да болған . Шайқаста Даваци қайтыс болып , орнына 1756 жылы Әмірсана отырады . Алайда оның мұнысы да ұзаққа бармайды . Сол жылы Әмірсана Абылай ханның қоластына өтеді . 1756 жылдың шілде айында жоңғар хандығына қауіп төнеді . Манчжур , мұңғұл , солон әскерінен тұратын бес манчжур бір мұңғұл генералы бастаған армия Жоңғарияға басып кіріп , жергілікті тұрғындарды біртіндеп жоя бастайды . Сол жылдың тамыз айында манчжур әскері Абылайханға да соғыс ашады . Алайда жорықтары сәтсіз аяқталып , жеңіліс табады . Әмірсана біраз уақыт шамасында Абылай ханның боданында болады . Бірақ біршама уақыт өткеннен соң оны бостандыққа жібереді . Әмірсана 1757 жылы Цин империясына қарсы соғыс ашады . Ол кезекті шайқасқа аттанып бара жатып , қыркүйектің 15 - і күні Тобыл қаласының маңында орыс әскерлерінің қолына түсіп , қайтыс болады . 1758 жылы соғыс аяқталды . Жоңғарлар әскерінің соңғы тобы Жұлдыз тауының маңында қиратылады . Осымен жоңғарлар мәңгілікке тарих қойнауына кетті . Жоңғар хандығы құлағаннан кейін қазақтар өз жерлерін қайтарып алды . Сондай - ақ шығыс беткейде орналасқан қазақ тайпалары , кезінде жоңғарлардың қарамағында болған жерлерді қайтадан игерді . Ол жерлердің қатарында Батыс Моңғолия , Баянөлгей , сондай - ақ бүгінде Шыңжанға қарасты ауылды жерлер болған . 1771 жылы қалмақтар Ресей империясы ¬ ның билігінен қашып , Жоңғарияға қашуды ұйғарды . Бірақ ол үшін қазақ даласы арқылы өтулеріне тура келді . Қазақ тайпалары ескі қарсыластары дербет , торғоуыт тайпаларынан құралған қалмақтарға мүмкіндік беріп , қазақ - қырғыз жері арқылы өткізіп жіберді . Қалмақтар Балқаш көлінен өткенде қыс мезгілі болғандықтан , қатардағы әскерлерінен айырылып қалады . Соған қарамастан қалмақтар келесі онжылдықта Ресей империясының қырым татарлары , ноғайлар , Кавказ халықтарымен түріктерге қарсы жүргізген күресіне қатысқан . Қалмақтардың қатардағы әскерлері өте тәжірибелі әрі қару - жарақты жақсы игерген . Қалмақ тайпасының қалғандары Жоңғария шекарасынан шыққан ¬ да , оларды Цин империя ¬ сының өкілдері жарты жолдан күтіп алып , шек ¬ ара асудағы көздеген басты мақсатын сұраған . Қалмақ ханы Ұбаш өз жерін қайта қайырудың жолын жеті күнге жуық ойластырған . Бірақ қал ¬ мақ ¬ тарға манчжур империясына бас июден басқа жол қалмаған . Бүгінде сол ойраттардың ұрпағы көп болмаса да , Шыңжан аймағында тұрып жатыр . Ресей империя ¬ сының аумағы ¬ нан қалмақтар ¬ дың кетуі салдарынан қазіргі Қалмақ республикасының көп жері босап , салыстырмалы түрде айтқанда , сол кездегі қалмақтардың ат төбеліндей ғана ұрпақтары қалған . Оның үстіне , Еділдің сол жақ жағалауындағы ашық дала да бос қалып , кейін қазақтар орын теуіп алды . Осылайша ұзақ уақыт бойы Шығыс және Орталық Еуразияның даласын қан сасытып , осы маңды мекендеген көшпенді түркі халықтарын түсінен шошытқан батыс мұңғұл тайпасы , ойраттардың жүргізген үстемдігі аяқталды . Сөйтіп , ойраттардың ата - жауына айналып , өмір бойы тіресіп өткен көшпенділерден бүгінгі таңда осы байтақ даланы мекендеген тек қазақтар ғана қалды . Қазіргі қазақ санасында ойраттар өшпенділігімен із қалдырса , жоңғарлар аса қауіпті және ең бастысы , ата - жау ретінде тарихымыздан ойып тұрып орын алды . Бүгінде көрші жатқан елдермен тату - тәтті күн кешіп жатқандықтан , тарихшылар өткенді казбалаудың қажеттілігі шамалы деген пікірде . Көптеген елдер тарихқа бой алдырып , әлі күнге дейін көрші жатқан елдерге зиянын тигізуде . Оған Ресей мен украиндар арасында болған жанжалды мысалға келтіруге болады . Қалай болғанда да , жоңғардың қасіретті тарихы бүгінгі құбылмалы әлемнің сайқал саясатында ғұмыр кешіп жатқан кез келген қоғам үшін ащы сабақ . Алпауыттардың арасында қалған ел ешқашан ішкі алауыздық пен билікке таласпағаны абзал .
Спорт - елдің мерейін асырып , абыройын тасытатын сала . Тәуелсіздік жылдары ел спортшылары халықаралық ірі жарыстарда топ жарып , көк байрағымыз асқақтай түсуде . Келесі жылы елімізде қысқы Азия ойындары өтеді . Бұл - Қазақстан спортының әлемдік деңгейде дамығанын көрсетеді .
- Ләззат ! Техникаларыңды жинама , іске кіріс , тезірек бітірелік , бас директор рұқсат етті , - Сағын ның рация бөлмесінен шыға бөркін қолына алып жүгіріп келе жатып айтқаны осы болған .
Бұл зертхана аймақтың жер қойнауын пайдаланушылары мұнайлы кен орындарының өнімді қыртыстарын , соның ішінде қазып алынған керндік материалды да тиісті зерттеулерін шұғыл әрі сапалы жүргізуге мүмкіндік беретін бірегей жабдықпен жарақтандырылған . Бұрын жер қыртысының өнімділігі деңгейін , мұнай жатқан жер тереңдігін айқындап беретін мұндай зерттеулер шет елдерде жүргізетін еді . Енді соның бәрін өз елімізде жасауға тамаша мүмкіндік туды .
Озық ойлы әлем жұртшылығының на за рын тағы да Астанаға аудартып , 13 қарашада Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев ті ке лей те ле желі арқылы халқымен жүздесуінде біз бүгінде біздің өзімізді де , мей ман дарымызды да таң - тамаша қал дыратын елор даны бар - жоғы 10 жыл ішінде тақыр жерден тұр ғыз дық . Астана барлық қазақ стан дық тарды бі рік тіретін орталыққа , ортақ мақ таны шы мызға айналды . Қала белсенді өмір сүріп жатыр және әрине таяу болашақта ол ірі ме га полиске айналады . 10 жыл дан кейін Астана үлкен , миллонды қала бо лады , деп атап көрсетті . Болашақты тап ба сып айтатын тұңғыш Президентіміздің бұл айт қан да рының да ақиқатқа айналатыны хақ .
Облыс орталығындағы Қопа көлін тазалауға қатысты мәселенің көптен бері көтеріліп келе жатқаны рас . Өткен жылы Ақмола облыстық табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасы көлді тазалауға техникалық - экономикалық негіздеме дайындады . Қазақстан - германдық фирма « Шлегель Қазақстан » ЖШС - і дайындаған ол негіздеме мемлекеттік сараптаудан өтті . Біздің есебіміз бойынша , көл түбінен тазартылуы тиіс балшықтың жалпы көлемі 6 557 , 0 мың текше метрді құрайды . Көлді тазарту жұмыстары 4 жыл ішінде аяқталуы тиіс . Бұл мақсатта жүргізілетін жұмыстардың жалпы сметалық құны 12 , 5 млрд . теңге . Қаржыландыру 2012 жылдан басталады . Қазіргі уақытта « Қопа көлін тазарту » жобасы бойынша жобалық - сметалық құжаттама дайындауға конкурс жарияланған . Құжаттаманы дайындауға 99 , 5 млн . теңге жұмсалмақ .
Президент жан - жақтан жиналған қауым алдында Ұлытаудың орны , бірлік пен ынтымақ , тәуелсіздікті тұрлаулы ету хақында тебірене , толғана ұзақ сөйледі . Теледидардан , радиодан , жиналыс - жиындарда ол кісінің сөзін тыңдап жүрміз . Ал бірақ мына Ұлытаудың баурайындағыдай шабыттана сыр тарқатқанындай әңгімесін бұған дейін естімеппіз . Елбасының сондағы ұлт , тарих , елдік хақындағы сөйлеген сөзі жадымызда әлі күнге дейін жаңғырып тұр .
Аттестатталушы дәлелдi себеп бойынша аттестаттау комиссиясының отырысына келе алмаған жағдайда , оны аттестаттау жөнiндегi мәселе ол жұмысқа шыққан күннен бастап бір айдан кем емес мерзiмге ауыстырылады .
Қала тұрғындарын сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі қабылданатын шаралар туралы хабардар ету үшін атқарушы және құқық қорғау органдары бұқаралық ақпарат құралдарымен өзара тығыз байланыс орнатқан .
Пушкин Петербургтегі " Қасиетті артель " ( 1817 - 1818 ) деп аталатын ұйымға қатысушы В . Д . Вольховский , А . А . Дельвиг , И . И . Пущинмен араласып жүрген уақытында Н . Н . Муравьевпен танысады . Онымен кездесулері жөнінде ақын " Арзрумға саяхат " өлеңінде еске алады . Олардың бірінде Н . Н . Муравьев 1828 жылы жарық көрген " Қырғыз тұтқыны " деген өлеңмен жазылған повесін ақынға табыс етеді .
Бойко - " Қостанай қалалық мүгедектердiң ерiктi Сергей Алексеевич қоғамы " қоғамдық бiрлестiгiнiң басқарма төрағасы ( келiсiм бойынша )
" Семей ядролық сынақ полигонындағы ядролық сынақтардың салдарынан зардап шеккен азаматтарды тіркеу және есепке алу " мемлекеттік қызмет көрсету жөніндегі стандарты Кесте . Сапа және қол жетімділік көрсеткіштерінің мәні
• Жастарға баяғы ұрпақтардың әлеуметтік мәдениет тәжірибелерін , әлемдік өркениет жетістіктерін игерту
Шығыс Қазақстан облысынан құрама командаға Өскемен қаласының Шығыс Қазақстан облыстық қазақ - түрік мектеп - лицей - интернатының 11 сынып оқушысы Мирасов Алинұр шақырылды . Олимпиаданың қорытындысы бойынша Алинұр қола медаль иеленді .
Ал топтың негізгі кеиіпкері Ерлан Қарин мықты азмат екен қазіргі жазушылар не жазарын білмей дағдарыстан көз ашпай отырғанда сенің көк тұрік ғасырындағы мұрадарды жыйнақтап соған тобыңа мықты жігітерді тарта білуің бұл сенің және қазақ жігітерінің болашағының кең өрісін көрсетеді ! Айналайын Ерлан осы бетіңнен тайма жігітім саған ақ жол тай тілеимін !
Асанас аймағынан бір шақырымдай жерде , қаланың батысында топырағы үйілген тағы бір бекініс орны байқалған . Әр фасады 300 қадам боларлық үлкен құрылыс екен . Қамалға қараған шығыс жағында дөңестеу жер болыпты . Оны зерттеушілер қамалдың немесе басқа бір құрылыстың қираған орны болуға тиіс деген .
Ресейде Бирск , Венев секiлдi шағын қалалар өте көп . Бүгiнде әрқайсысында шамамен 10 - 49 мыңдай халық тұратын мұндай шағын қалалардың саны - 851 .
Отбасылық жұп : ШАЯН Торпақ , Сарышаян , Бикеш пен Балықтармен жарасымды ғұмыр кешеді . Таразы , Тауешкі , Тоқтылармен некелесу сәтсіз деп есептеледі . ШАЯН - дар үшін Тоқты өте импульсивті болғанымен , оларды бір құштарлық байланыстырады . Неке мықты болу үшін екеуіне де мінездерін бақылауға алу керек . Егіздермен дүние танымдылық достық берік болады . Арыстандар ШАЯНДАР - ды тылсым күштерімен тартады . Бұлар мықты әріптес , дос , бақытты ерлі - зайыпты бола алады . Тауешкі ШАЯНДАР - ды өзіне оңай қаратып алғанымен , отбасында екеуі екі түрлі әлемде өмір сүреді . ШАЯН - дар Сарышаяндармен оңай тіл табысып кетеді . Мергендердің тәуелсіз болуды қалап тұратын мінезі ШАЯНДАР - дың ренішін туғызады . Балықтармен құрған неке шынайы достық пен пәк махаббатың ошағы болады .
Жұрт төреші - жазбадық , не жаза алдық , Жазсақ жүрміз жұртты азан - қазан ғып … Ал Адырбек періште сол қалпымен , Балаларға таратумен жүр базарлық .
364 . Транзиттiк рейстердiң экипажына ұшар алдында ақпараттық - кеңестiк қызмет көрсетуде ұшар алдындағы ақпараттар жиынтығымен қамтамасыз етiледi .
Елдегі телеарналардың көрерменіне ұсынып келе жатқан көрсетілімдері қоғамда недәуір уақыттан бері сын пікірдің нысанасына айналған тақырып . Алайда , алға басып , жұрттың жанымен үйлесім табатын тұщымды дүние тарту еткен арна әлі жоқ .
Краткая информация : Басында 3 бет сақтандыру туралы қысқаша реферат , қалғандары сканерден өткізілген , толықтай сақтандыру туралы , қателер абр арасында . . . Сақтандыру - әлеуметтік , қоғамдық тәуекелділіктерді реттей отырып басқарумен , сақтандыру қатынастарының тәртібін , түрлерін және шарттары заңдық негіз арқылы реттеумен шектеледі . Нарықтық рефориалардың бастапқы кезеңдерінде сақтандыру үдерісін анықтайтын ережелер болмады , бұл сақтандыру қызметінде тәжірибесі жоқ көптеген компаниялардын пайда болуына әкелді . Ұлттық нарықтағы құрылымдық - атқарымдық сақтандыру қызметтері әлеуметтік - экономикалық қатынастардың даму деңгейіне және нарықтағы өзара қатысушыларға бейімделген заңдық сақтандыру негізінің жағдайына тікелей байланысты . Сақтандыру жүйесі азырақ дамыған елдердің заңдарында сақтандыру қызметтері нарығын құру және негізгі қатысушылар әрекеті туралы түсіндірулер беріледі . Бұл Қазақстанға да қатысты : « Сақтандыру қызметі туралы » заңда сақтандыру нарығы құрылымдық - атқарымдық өзара байланыстары айқын көрсетіліп толық анықтамасы келтірілмейді . 2003 жылғы 10 - шілдедегі « Сақтандыру қызметі туралы » қазақстан Республикасы заңының 10 - бабына сәйкес сақтандыру нарығына қатынасушыларға мыналар жатады : - сақтандыру ( қайта сақтандырушы ) ұйымдары ; - сақтандыру қоры ; - сақтандыру агенті ; - сақтанушы , сақтандырудан пайда алушы ; - уәкілетті аудиторлық ұйым ; - сақтандыруға байланысты кәсіпкерлік қызметті жүзеге aсырушы өзге жеке және заңды тұлғалар .
8 сәуірде Жамбыл атындағы филармонияда ресейлік танымал скрипкашы Алена Баеваның концерті болады .
Қазақстан Республикасы Мәдениет , ақпарат және спорт министрлігінің Тiл комитетi өз құзыреті шегінде iске асыру және бақылау - қадағалау функцияларын , сондай - ақ өз құзыретіне жатқызылған қызмет саласында салааралық үйлестiрудi жүзеге асыратын Қазақстан Республикасы Мәдениет , ақпарат және спорт министрлігінің ведомствосы болып табылады . Комитеттің негiзгi мiндеттерi Тілдерді қолдану мен дамытудың 2001 - 2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламада қарастырылған тiлдердi дамыту саласындағы мемлекеттік саясатты iске асыру , Қазақстан Республикасындағы тілдер туралы заңнаманың сақталуын бақылауды және қадағалауды жүзеге асыру болып табылады .
- Иә , бір деректерде Смағұлды кейбіреулер Қорған облысында туған деп жазып жіберіпті , енді бірі Омбыға қарасты ауылда туған деп көрсетеді . Бұл жерде нақты анықтап алатын жайт бар . Ол кездегі әкімшілік бөлініс солай болған . Мысалы , Ақмола губерниясының орталығы Петропавл болған . Омбы да , соған жақын аймақтағы басқа мекендер де Ақмола губерниясына қараған . Смағұлдың туған жерін әлгіндей жазып жүргендегінің бір себебі сол .
Мен Борис Елциннің « Президенттік марафон » деген мемуарын оқып шығып , бұл сауалға жауапты таппадым . Аңғарғаным , Нұрсұлтан На зар баев ешқашан Борис Ельциннің айт қаны мен жүрген жоқ , ол онымен жақсы әріптестік қарым - қатынаста болды . Ресейдің тұңғыш пре зи дентінің мінезі , қылығы , қарекеттері , сөздері өзгеше өлшем дерді қажет ететін жағдайлар .
Сүренің соңында Алланың уәделері іске асатынын қуаттай келе , Алла елшісіне олар тосқандай сен де тос деген бұйрығымен аяқталады . Сүренің жалпы мазмұнымен танысқаннан кейін оның аяттарына зер салайық . Аяттарға көз жүгіртсек осы мазмұндағы көңіл аударарлық жайт " Сәждә " сүресінің 7 - ші аятынан 9 - шы аятына дейін баяндалған :
Осынау мереке күндері сіздерге мықты дөнсаулық , бақыт , ә р шаңыраққа береке - бірлік тілейміз !
« Жұмыспен қамту мен әлеуметтiк бағдарламаларды үйлестіру басқармасының қызметiн қамтамасыз ету »
Ілмек : балапан қаз , енді маған сен бір елессің , жизнь была бы сказкой
1 ) тұтынушы ЖСН және парольдің көмегімен « ЭҮП » АЖ - да тіркеуден өтуге тиіс ( « ЭҮП » АЖ - да тіркелмеген тұтынушылар үшін жүзеге асырылады ) ;
Бұл жемістердің төмен энергетикалық құрамы және судың көп мөлшері бар . Күніне 5 рет қолданылуы қажет . Жемістер сілтілі өнімдерге жатады . Осының себебінен олардың құрамында кальций және калий сияқты элементтер көп болуы дерек болып табылады . Мысалы лимон сияқты , жемістердің қышқыл дәмі органикалық қышқылдың бар болуымен туындайды , бірақ олар қышқылды түзбейді .
Қазақстан ЛКЖО Алексеев аудандық комсомол комитеті ұйымдастыру бөлімінің меңгерушісі , « Новорыбинский » кеңшары партия комитетінің хатшысы , Қазақстан КП Алексеев аудандық партия комитетінің үгіт - насихат бөлімінің меңгерушісі қызметтерін атқарған . 1988 - 1998 жылдары - Қазақстан КП Вишневский аудандық партия комитетінің екінші хатшысы , Вишневский аудандық шаруалар одағы төрағасының орынбасары , Вишневский аудандық халық депутаттары кеңесінің төрағасы , Вишневский ауданы шаруа қожалығының басшысы . 1998 - 2002 жылдары - Астана қаласы Алматы ауданы әкімі аппаратының жетекшісі , Астана қаласы әкімі аппараты жетекшісінің орынбасары . 2002 - 2008 жылдары - Астана қаласының ішкі саясат департаментінің директоры , Астана қаласы Алматы ауданының әкімі , Астана қаласы әкімі аппараты ұйымдастыру - инспекторлық бөлімінің меңгерушісі қызметтерін атқарған . Қазіргі қызметінде - 2008 жылдан .
• Жұмыс берушілердің санын үлкейту жолында , жастарды уақытша ( келешекте тұрақты ) жұмыспен қамту .
Радиомды сағындым . Айна алдында тұрып өзімше бірдеңе деп сөйлеп қоятыным бар / ешкім жоқта / . Әкем кірді түсіме , алаңдайтын болар ? . . Бауырларымды ойлай бастасам , өзіме сонша қымбат жұмысымды тастап еліме кетіп - ақ қалғым келеді . Ондайда / дәл қазіргідей / жылап - жылап . . . жайлап басыла қоям . Жұмысымды тастап кете алмаймын , оны білем . Бірақ , жеке өмірімді қалай жайғастырам , білмеймін . . . Оның үстіне , мынадай « тірлік » жасаған соң біздің топтағы жігіттердің айтқаны : « Саған енді еркектер мойын бұрып қарамайды . . . сені алса - ақылды жігіт алады бәрін түсінетін . . . » - деді . Қатты ойланып қалдым . Бәрін түсінетін ақылды жігіт , қайдасың ? ? ?
Көпестердің келуімен жаңа сауда үймараттары , мануфактуралар мен банктер ашылды . Ақмола халқының саны өсе бастады . 1869 жылы Ақмолада 5172 адам тұрды , ал 1910 жылы халық саны түрлі ұлттағы 13 000 санға жетті . Ресей түрлену шегінде қалалық реформа Ақмола өміріне елеулі өзгерістер енгізді . 1870 жылы қалада атқарушы органы - қала басқармасымен қалалық дума пайда болды . Думаға төрт жылдық мерзімге сайланатын депутаттарды таңдау құпия дауыс беру жолымен мүліктік бақылау негізінде жүргізілді .
Алда бізді көптеген ауқымды шаралар күтіп тұр . Біз биыл күллі адамзат баласын дүр сілкіндірген екінші дүниежүзілік соғыстағы Ұлы Жеңістің 65 жылдығын атап өтеміз . Осылайша , ерлікке тағзым етіп , тарихқа құрмет көрсетеміз . Сонымен қатар Қазақстан Конституциясының 15 жылдығын мерекелейміз . Тәуелсіздігіміздің берік діңгегіне айналған Ата Заңымызды ұлықтау арқылы біз егемен еліміздің еңсесін көтеріп , ұлысты ұйыстыра түсеміз .
Қытай суретшілері жеке бөлме сұрапты , келесі бір бөлмені Анадолықтар иемнденіпті .
1980 жылы Абдуллах Гүл Хайрүнниса Өзюрт ( Hayrünnisa Gül ( Özyurt ) ) есімді қызға үйленді . Хайрүнниса Гүлдің туысы болып келеді . Екеуінің екі ұл , бір қыздары бар . Ұлы - Ахмет Мүнир ( Ahmet Münir ) , қызы - Күбра ( Kübra ) және кіші ұлы - Мехмет Емре ( Mehmet Emre ) .
Өмірдің жылжып ағып өзенімен , Уақыттың өтетінін сеземін мен , Жылы жауып басылған жаңбырдан соң , Суық қар да жауады кезегімен …
ЖАУАПКЕРШІЛІК . Біз жауапты және майталман болуға тырысамыз . Егер де бір нәрсені орындау қажет болса , біз өзіміздің қолымыздан келгеннің бәрін істейміз .
Эмитенттің аудитке кетірген шығынын өтеуі келесі жылға аудит шығын өтеуге жасайтын өтініш берген жылдың 1 ақпанынан бастап жүзеге асырылады .
Тұңғыш рет Қазақстан тәуелсіздігінің 20 жылдығы ішінде елімізде біздің экономикамызға ғылыми зерттеулерді енгізудің жаңа тетіктерін белгілеген « Ғылым туралы » жаңа заң қабылданды . Бұл туралы Алматыда С . Асфендияров атындағы ҚазҰМУ - де өткен конференцияда Білім және ғылым министрі Бақытжан Жұмағұлов айтты . Кеше Астанада өткен жоғарғы ғылыми - техникалық комиссияның мәжілісінде заңның іске асырудағы барлық тетіктері талқыланды . " Ғылым дамуының басты басымдықтары айқындалды . Ұлттық ғылыми кеңестің құрамы да бекітілді . Қазақстанда ғылымды басқарудың жаңа моделі шындыққа айналуда , ал оның бас тұлғасы - ғалымдардың өздері болмақ . Қаражаттарды жұмсау құқығы ғалымдардың өздеріне берілетін болады . Екінші жаңашылдық - енді Ғылыми кеңестің өзі зерттеулердің басымдылықтары мен оның дамуын анықтайтын болады " , - деп атап өтті Бақытжан Жұмағұлов . Конференция барысында « зерттеуші университеттер » санатын енгізудің маңыздылығы атап өтілді . « Ол ЖОО - лар еліміздегі білім және ғылым үдерісінің көшбасшылары болулары тиіс . Олар арнайы үкіметтің бекітілген , мақсатты бағдарламаларымен дамитын болады . Осы оқу орындарының қаржыландыруы мемлекет бюджетінен қарастырылды » , - деді министр . Алдағы уақытта ЖОО - да инновациялық қызмет күшейтілетін болады . Конференция жұмысына Ұлттық ҚР Ұлттық университеттерінің ректорлары , республикалық ғылыми - зерттеу институттарының директорлары , ҚР Ғылым академиясының академиктері , жалпы саны 1700 - ден аса адам қатысты . Бүгін конференция аясында ҚР ҰҒА академигі Алтынбек Рақышевті 80 жылдық мерейтойымен құттықтау шарасы өтті .
Ақшоқы тарихи атау , елді мекен ; нақ орны анық емес , тек үзінді - дала мектептері . . . Қамыс ауылда , Ақмышта , Ақшоқыда , Аралдыда ашылды .
Өмір ес тандырып күлгізбейді де ; әр нәрсенің себеп - салдарын сезіп , біліп қалған соң , күйзеліп - күңіренуге де орын қала бермейді . Адам не нәрсеге де тәуелсіз болсам дейді - бұл оның өмір бақи пендешілік аңсары , бірақ бостандық - қажетті мәж бүр ліктердің сыр - қатпарын ұғып білуде жатыр ( Энгельс ) . Адам баласына бұл фәниде одан өзге жолдағы күрестің бәрі далбаса . Бұдан өзге тәуелсіздікті мен әлі түсінгем жоқ .
Томағалап көз алдын сан жарықтың , Өзегiңдi барады қақ жарып түн . Тас қараңғы көшеңдi кезiп келем Жанарымнан жаудырап жап - жарық мұң .
Жалғасы - > СӘБИТ МҰҚАНОВТЫҢ « АЛЫПТЫҢ АДЫМДАРЫ » КІТАБЫНДАҒЫ ТАЙҚОҢЫР КІМ ?
Олар харам етілген қанды төкпейінше және мұсылмандардың мал - мүлкіне қол сұқпайынша сахабалар олармен соғыспаған . Оларға қарсы соғыстың себебі - олардың күпірлігі емес , алайда олардың мейірімсіз зұлымдығын тоқтатуға деген ұмтылыс болды . Дәл сондықтан сахабалар олардың әйелдерін тұтқынға алмады және олардың мал - мүлкін иемденбеді . Қараңыз : Зайд ибн Фәйяд : « әр - Раудату ннәдийя - шәрхиль уәситыйя » 392 - бет . .
4 ) Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiлейтiн тәртiппен және мөлшерде , мүгедектер қатарындағы кемтар балаларын жеке оқыту жоспарына сәйкес үйде тәрбиелеу мен оқытуға жұмсаған шығындарының өтемiн алуға құқығы бар .
10 ) осы Ережеге 2 - қосымшаға сәйкес нысандағы ғылыми атақты ізденушінің тіркеу - есеп карточкасы .
10 . Соңғы 7 жылда жалпы халық санымен қатар , қоғамдағы 15 - 29 жастағы жастардың үлесi ( 445 , 8 мың адамға немесе 11 , 8 пайызға ) және 45 - 59 жастағы адамдардың саны ( 529 , 7 мың адамға немесе 27 , 3 пайызға ) да айтарлықтай өскендiгi байқалып отыр . Сонымен қатар қоғамдағы жас ұрпақтың жалпы үлесiнiң төмендеуi жалғасып отыр ( балалар , жасөспiрiмдер мен жастар , яғни 0 - 29 жастағы адамдар ) : егер 1999 жылғы 1 қаңтарға олардың саны 8079 мың ( 54 пайыз ) болса , ал 2006 жылдың басына - 7908 , 9 мың адамды немесе 52 , 2 пайызды құрады . Осының салдары ел халқының одан әрi қартаюы болып табылады : егер 1989 жылы республика тұрғындарының орташа жасы тұтастай алғанда 28 , 5 жасты , 1999 жылы - 29 , 9 жасты құраса , ал 2005 жылы 31 , 6 жасты құрады .
Поштама кеп түскен екен . Ырысбай атты азаматтан . Ешқандай жарнамалық кампания еместігін қатеріңізге сала отырып , патшакөңіл назарыңызға мына бір пайдалы мағлұматты ұсынайық :
Әлемге әйгілі скрипкашылардан Айман Мұсақожаева , Марат Бей сенғалиев сынды тарландарды жұрт жақсы білетін еді . Арман аты шет - елдік тыңдарманға етене таныс десек те , өз елінде көп естіле қоймаған тың есім болғандықтан , әңгімені әуелі осы музыканттан бастағанымыз жөн шығар . 1986 жылы Алматыдан білім қуып , Ресейге аттанады . Әуелі Мәс кеуге тоқтайды . Мәскеудің аты - Мәскеу . Мұндағы мектептен дәріс алу деген сөз әлемдік сахнаны ба ғындырудың баспалдағы дегенмен бір дей . Дегенмен , ол мұнымен шек телмейді . Жас қазақ мұхиттың арғы жағынан бір - ақ шығады . Байсейітова атындағы мектеп пен Чайковский атындағы консерваторияның түлегі туған жерден алыста жүріп , ондаған елдің сахнасында Левон Амбар цу мян , Жозеф Сильверстайн , Алек сандр Князев , Иври Гитлис сынды өнердің ірі өкілдерімен қатар өнер көрсетіп , бірталай халық аралық кон курстардың лау реаты ата нады . Жас музы кант өнер тарихына өзінің өшпестей өрнегін қосып , 2001 жылы Отанға оралғалы жұрт бұл өнер паздың өне ріне өте қызығушылықпен үңілуде . Ол бүгінде Бос тонда тұ рады . Алайда , қазақтың қара баласы қай елде , қандай қалада тұрсын , бірақ қа зақ тың атын шы ғарып , қа зақтың бала сының талантын паш етіп жүрсе , неге мақ танбасқа ? !
2 . Сенат пен Мәжіліс аппараттарының құрылымы мен штат санын белгілеуді , оларды жасақтауды Парламент қызметін қаржыландыруға бөлінген бюджет қаражаты шегінде Палаталардың Бюролары жүзеге асырады .
Есептеулерге сүйенсек , 1 ш . м . үшін құны 142 500 теңге бағамен есептегенде , Алматыда мұндай пәтер 8 , 5 млн . теңге тұратын болады , салымшы бес жыл жинақтаған жағдайда , ай сайын 64 мың теңге жарна салып , ал кредитті өтеу кезеңінде 39 мың теңге төлеу қажет болады . Мұндай кредитті алу үшін үш адамнан тұратын отбасының таза кірісі 95 мың ¬ нан кем болмауы тиіс . Мұндай кредиттің сыйақы мөлшерлемесі жылдық 4 - 5 пайызды құрайды . Бұл заемшы үшін ең төмен жүктеме болса , заемды қайтару мәселесінде банк үшін де ең төмен деңгейдегі тәуекел болып табылады . Алматыда қазірде мемлекеттік бағдарлама аясында салынатын алғашқы нысан таң ¬ дап алынды . Тағы бірнеше жобалар қарастырылып жатыр .
1997 жылдан 1998 жылға дейін ГСК органдарында қызмет , Солтүстік Қазақстан облысы , Петропавл қаласы
- Бар . АҚШ - тың жер көлемі өте кең ел . Онда жобаланған жобалардың барлығы кең пішіледі де , жоба сапалы болғанымен , жерді үнемдеп істетпейді . Олар АЭС салса , бірнеше жүз шақырым айналасына тұрғындар тұрмайтын жоба жасайды . Олар тек АҚШ - қа икемдеп жасайды . Ал біздің жобалар Жапонияға икемделіп жасалған . Себебі бізде жер аз . Біз барлық мүмкіндікті пайдаланып , АЭС - тен адамға зиян келмеу жағын қарастырамыз және АЭС - ке жақын жерде тұрғындар тұратындай етіп жасаймыз . Басты айырмашылық осы .
2008 жылы аудан бойынша көктемгі дала - егістік жұмыстары маусым айының 10 - күні аяқталып , ШҚО ауылшаруашылық департаментіне оның ақтық мәліметі жіберілді . Аудан бойынша жалпы егістік көлемі 48532 гектарға , оның ішінде дәнді дақылдар 22209 га , майлы дақылдар 17567 га , бір және көпжылдық шөптер 6238 га , картоп 1105 га , көкөніс 131 га жерге егілді . Көктемді дала - егістік науқаны барысында 16276 га бидай , 1693 га арпа , 2056 га сұлы , 919 га қарақұмық , 220 га тары жетті .
32 . Тауарөндіруші ретінде № 003766 реестр тізіміне тіркелгендігі туралы хат .
- Қазақстанға барған сайын киіз үйлерді суретке түсіріп алдым да , өзім он екі қанат ақ орданың кең дігіндей етіп , оның макетін сыздым . Мұны Түмендегі тех ника жөндеу зауытының инженерлеріне түсіндіріп отырып , темірден иіп жасаттым . Бұл киіз үйдің болттарын бекітіп , жарты сағатта тігіп , жарты сағатта жинауға болады . Қазақ емеспін бе , мендегі киіз үй жаз бойы есіктің алдында тігулі тұрады , - дейді ол .
Қиындықтарды элиталық аудан өкілдері де көріп отыр . Сол жағалаудағы « Версаль » деген әдемі атауға ие тұрғын үй кешенінде төбеден аққан су көлік тұрағына дейін жетті . Ал жоғары қабаттарда электр желілері зақымданып , адам өміріне қауіп төндіруде .
Бұл заманды қарғыс атсын ; мен бағзы заманға арнап жазам Чарльз Лэм
Сенбі 16 - шілде күні Қазақстанның барлық аймақтарында ауа райын циклон мен атмосфералық фронттар қалыптастыруын жалғастырып , жаңбыр , кей жерлерде жаңбыр , найзағай болады , бұршақ болуы ықтимал , Республиканың батысында жауын - шашынсыз болады , деп хабарлайды « Қазгидромет » мемлекеттік метеоқызметі .
Түлектер мектеппен қош айтысар салтанатты кешке дайындалуда . Әсіресе , қыздар қауымы өмірлеріндегі аса маңызды шараға үлкен жауапкершілікпен қамдануда . Кештің басты сәні - көйлек алу арманы ойдағыдай орындалды . Енді шаш пен бетті әдемілеу ісінің соңғы үтір - нүктесі қойылуда .
3 . Құрал - жабдықтар . Кілттер жасау және оларды кодтау үшін арнайы құрал - жабдық қажет . Мұндай жоғары сапалы құрал - жабдықтарды итальяндық өндірушілер ұсынады , бір станоктың бағасы 150 000 теңгеден кем емес . Қытай өндірушілерінің станоктары 75 000 теңгеден 120 000 теңгеге дейін тұрады , бірақ олардың сапасы төмен болып , қызмет көрсету мерзімі бір жылдан аспауы мүмкін . Тағы бір бағасы сапасына сай құрал - жабдықтың түрі - ресейлік өндірушілердікі , оны алу біршама қолайлы . Сонымен , үш станоктан тұратын жиынтық 140 000 теңгеден де асып кетуі мүмкін . Ресейлік станоктарды пайдаланудың бірнеше артықшылығы бар . Солардың бірі ретінде ауыстыруға қажет бөлшектерге деген қол жетімділікті атап өтуге болады . Қажет болған жағдайда оларды алып келу аса бір қиындық тудырмайды .
АСТАНА . Шілденің 27 - сі . BNews . kz - Қазақстанда тамызға арналған ЖЖМ шекті - бөлшектік бағалары бекітілді . Бұл жөнінде ҚР Мұнай және газ министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады .
Ең үлкен қолдануды автотрансформаторлары бар сұлбалар алады . Бір немесе бірнеше бағытта автотрансформатор арқылы таралатын қуат желі жүктемесінің өзгеруі , сұлбаның бұзылуы және де басқа себептер нәтижесінде өзгеруі мүмкін . Автотрансформаторлардың номиналды қуаты ауыр шарттар жағдайларында таралатын максималды қуатқа сәйкес келу керек .
Наурыз құтты болсын ! ! ! Наурыз айы туғанда Той болушы еді бұл маңда Сақталушы еді сыбаға Сапарға кеткен ұлдарға Наурыз айы туғанда ! ! ! Наурыз құтты болсын ! ! ! Барлықтарыңызға жақсы көңіл - күй , ашық аспан , мөлдір махаббат тілеймін ! Өмірлеріңізде куантатын сәттер көп болсын ! ! ! Наурыз - жыл басы . Бұл мейрам шығыс елдерінде мұсылмандықты қабылдамай тұрған кезде пайда болғандықтан діндік рәсімдер мен бағыттарды ұстанбайды . Шығыс күнтізбесі бойынша Наурыз - жаңа жылдың бірінші күні болып саналады , бұл күн - күн мен түннің теңесу күні . Қазақтар үшін бұл мейрам - көтемгі жаңарудың , махаббаттың , құнарлықтың және достықтың белгісі ретінде атап өтіледі . Ертеректе адамдар Наурыз келмей тұрып үйлерін және мал - жайын қалыпқа келтіріп , мейрамға орай ағаш отырғызып , гүл еккен . Егер Наурыз келген үй таза болып , үй иесі жақсы адам болса , сол үй ауру - сырқау , сәтсіздік , ауыртпалықтардан тазарады деп саналған . Наурызды " Ұлыстың Ұлы күні " деп те атайды . Бұл мейрамды берекелі етіп тойласа үйге ырыс пен бақ келеді деп сенген . Мейрам күні қазақтар әдемі киімдерін киіп , бір - бірлеріне қонаққа барады , келер жыл ырысты болсын деп жақсы тілектер айтады . Тойлау барша қауымдық сауық - сайранмен , ойындармен , ат жарысымен және т . б . көңіл көтерушілікпен жалғасады . Ең басты салттық тағам наурыз - көже болып саналады . Наурыз - көже 7 түрлі тағамнан жасалуы тиіс . Бұл өмір сүру үшін маңызды 7 белгіні : су , ет , тұз , май , ұн , дәндер ( күріш , жүгері немесе арпа ) және сүтті білдіреді . Қазақтар үшін 7 саны - қасиетті сандардың бірі . Наурыз бүкілхалықтық болып Қазақстанда 1926 жылдан бастап 1988 жылға дейін тойланбаған . 2001 жылдан бері Наурыз мемлекеттік мейрам ретінде жарияланған . Сондықтан 22 наурыз - жұмыс істемейтін күн .
Қолданыстағы істе құжаттардың болуы , алушылардың анкеталық деректерінің ( тегі , аты , әкесінің аты , туған күні , тұратын мекенжайы , зейнетақысының немесе жәрдемақысының ай сайынғы мөлшері , ұстап қалулардың мөлшері , төлеу мерзімі ) дұрыс толтырылуы тексеріледі .
- Бұл топтардың барлығы Алланың разылығы үшін , өзімізден кейінгілерді демеп , жол көрсету үшін қолға алынған дүниелер . Азды - көпті ақыл - кеңесімізді беріп жүрміз . « Меломен » тобы талантты продюсер Жанна Әбуовамен жұмыс жасап жатыр . Бұйыртса , төрт жігіттен тұратын « Парасат » деген жаңа топ құрып жатырмын . Ешкімге ұқсамайтын квартет болса екен дейміз . Өзіме « Парасат » деген ат қатты ұнайды . Бұл есімді бірнеше балаға қойғанмын . Баяғыда « Қандай да бір топ құрсам , атын Парасат қоямын » деп армандайтынмын . Бұл ақша табу жолындағы коммерциялық жоба емес . Қазақ өнерінің телегей теңізіне қосқан тамшыдай үлесім болса деген арман .
Ғасырлар ауысып , жылдар сусығанмен адамзат ет пен сүйекке сіңісті дертінен әлі айыға алмай келеді . Жоғарыда сөз еткеніміздей , кейбір ата - аналардың « неге оң қолмен жазу жазып , тамақ ішпейсің » - деген тосыннан айтылған қатаң талаптарын көзіміз көріп , құлағымыз естігендіктен бұл мәселені қозғап отырмыз . Солақайлықтан қашудық қажеті жоқ . Солақайлық кемшілік емес , әр адамның басына қона бермейтін ерекше қабілет деп қабылдауымыз керек . Ескі аурудың өміршеңдігінен айыға алмаған барша ата - аналардың құлағына алтын сырға . Адамзат баласы аман болса , бұдан кейін де солақай қолды Сейдахмет пен Нұрғисалардың туылатындығына еш күмәніміз жоқ . Тек сондай солақай жандардың жолына бөгет болмайық .
90 жыл бұрын ( 1920 - 1994 ) орыс әдебиетінің классигі , прозаның шебері және стилист , киносценарист НАГИБИН Юрий Маркович дүниеге келді .
- Шұғаның белгісін сіз білмейтін шығарсыз - ау , - деді .
Мысалы , еске салушымен қатар қолданылуы үшін сөйлем таңдауыңызға болады , мысалы Қоңырау шалу , Қайта жібермеу , Сіздің хабардар болуыңыз үшін немесе Сараптау . Бұл ақпарат хабардағы Мәліметтер жолағы ( Ақпарат аумағы : Ашық электрондық пошта хабарының , кездесудің , істес кісі деректерінің немесе тапсырманың жоғарғы жағындағы жарлама . Сізге Жылдам хабарласу немесе сол сияқты бағдарламаның көмегімен хабарласып отырған істес кісінің қосылған күйімен қатар хабардың жіберілгендігін немесе қайта жіберілгендігін білдіреді . ) ішіне шығады .
Осыдан соң Айдын Оразанбайұлы Егеубайев , Фәрида Мерхамитқызы , Думан Халметұлы , Жеңіс Түркияұлы сықылды жалынды жастар бастаған Қазақстандағы оралман кәсіпкер азаматтар , уәкілдер ұйрмемізді арнайы шақырып , төраға Тілебалдыға : « Ауылдан алыс жұрсек те , алатаудай атағыңызды , ел үшін істеген еселі еңбегіңізді естіп жатырмыз » деп , ұлкен сый - құрмет көрсетті .
Сіздердің назарларыңызға біздің , яғни Солдатово ауылының маңындағы Қайыңыбұлақ сайынан табылған пиктограммалық жазулардың мәнін талқылап ашуды ұсынып отырмыз .
Қыз балалар үйінде : ата - анасы , жолдасы , бауырларының ортасында орамалды жеңіл тағуына немесе тартпауына болады .
Сенбілікке шыққандарға сенбі күні ауа райы да ерекше ықылас та ны тып тұрды . Ару Астананы шаң - тозаңнан , күл - қоқыстан тазар тып алсын дегендей жел де тынып , аспан ашылып , күн бар шуағын төкті . Ал елордаға шеттен келген адам қашанда әуежай жолы арқылы өтетіні белгілі . Оның қала қақпасы деп аталып кеткені де рас . Осы орайда тақтайдай тартыл ған жолдың өне бойы ең алдымен көзге түседі . Ендеше , шетелдік қо нақтарымыз үшін Астана туралы ал ғашқы әсеріміз осы жол бойы нан басталатынына байланысты онда жас талдарды отырғызу ісі елі міздің парламентшілеріне бұйыр ды . Сөйтіп , Мәжіліс Төр ағасы Орал Мұхамеджанов баста ған палата депутаттары бұл күні астаналық әуежай жолының жағалауына 400 - ден астам жас қарағайлар отырғызды .
Алматы облысында туған . Алматы мал дәрігерлік институтын , Қазақ ұлттық аграрлық университетін бітірген , мамандығы бойынша - мал дәрігері , мемлекеттік және жергілікті басқару менеджері . Еңбек жолын Күрті ауданындағы « Құйған » совхозында жұмысшы болып бастады . Жоғары оқу орнын бітіргеннен кейін әр жылдары « КСРО - ның 60 жылдығы » атындағы кеңшарда мал дәрігері , Күрті ауданының бас мал дәрігері , Жамбыл ауданы Ұзынағаш станциясы мал учаскесінің меңгерушісі , Теміржол ауылдық округінің әкімі , Ақсеңгір тәжірибелік шаруашылығының директоры , « Қазыбек бек » ЖШС директоры болып жұмыс істеді . Алматы облысының мемлекеттік басқару органдарында басшы лауазымдарда қызмет атқарды . 2003 - 2005 жылдары - Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Қарасай аудандық аумақтық басқармасының бастығы . 2005 - 2006 жылдары - Іле ауданы әкімінің орынбасары . 2006 - 2009 жылдары - Жамбыл және Қарасай аудандарының әкімі . 2009 - 2010 жылдары - Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің мемлекеттік инспекторы . 2010 - 2011 жылдары - Алматы облысы әкімінің орынбасары қызметін атқарған . 2011 жылдың сәуір айынан - қазіргі қызметінде істейді .
ҚАЗАҚСТАН ТЕҢГЕСІ . Өзіміздің төл ақшамыз . Бұл атау қазір мақтанышпен аталады . Себебі ол - ел болғандығымыздың белгісі . Тәуелсіздіктің айшықты көрінісі . Осы теңге шыққалы көп нәрсе өзгерді . ( Ал , оған дейін еңбекақы мен зейнетақы уақытында берілмей жүрді ) . Біздің ұлттық валютамыздың артықшылығы көп - ақ . Соның бірін айта кетейік . Қазіргі заманғы қағаз ақшалардың әлемдік тарихын ашу құрметі теңгеге бұйырған . Неліктен таңдау басқаға емес оған түскен ? Айтайық . Теңге сапасы мен қорғанышы жағынан әлемдік 10 банкноттың қатарында . Бәрімізге белгілі АҚШ долларында 4 түрлі қорғаныс элементі бар . Біздің теңгеде оның саны 14 . Төл валютамызды жасауға " Harrisson & Sons " фирмасы бекерге таңдалмаған . Ол 1898 жылдан бері осы шаруамен айналысып келе жатыр . Сол уақыттың ішінде оның атына ешбір сын айтылмаған . Теңгенің сапалы шығуына фирма ынталылық танытпаса алғашқы ондыққа кірмес едік . Елбасымыз кімге сенім арту керектігін дәл тапқан . Қазіргі , соңғы шыққан теңгелерді қолдан жасау мүмкін емес . Оларға кейбір құпия белгілер қолмен салынған көрінеді . Қағазы да ерекше . Жалған ақша бірден анықталады . Санаушы аппараттардан да жылдам өтеді . Тәуелсіздіктің әр жылы 1993 жылы 15 қарашада дүниеге келген қазақ ақшасын сынаудай - ақ сынап бақты . Ұлттық валютамыз төтеп берді . Долларды шалып құлатқан кешегі дағдарыс та оның сағын сындыра алмады . Қазір де 1 доллар - 147 , 65 , еуро - 207 , 26 , рубль - 4 , 80 теңге . Аздап ауытқушылық болғанымен " көк қағаз " соңғы жылдары 150 теңгелік мөлшерге секіре алмады . Алға қарай да оған жетуі неғайбыл . Бірден айта кетейік , біз осы мақаламызда тек теңгемізге ғана тоқталмаймыз . Сонымен қатар доллар , еуро , пластикалық карточкалар туралы да аздаған мәлімет берсек дейміз … Ақша . Бір ғана ауыз сөз . Бойында бірақ қаншама сиқыр жатыр . Ол айтылса кәрі де , жас та елең етеді . Себебі тағдырымыз оған байлаулы . Онсыз күнің жоқ . " Керек емес " деп ақшаны далаға шашқан адамды естіген емеспіз . Біреулерге ол қуаныш әкеледі . Екіншілеріне қайғы сыйлайтын құдыреті бар . Ақшаң көп болса еш мұқтаждық көрмейсің . Ішкенің алдыңда , ішпегенің артыңда . Ол жоқ болса аштан өлесің . Адамдар саған бір көмектесер , екінші ретте де бетіңді қайтармас . Үшіншіде " сұрамсақ " деп жақтырмай қарар . Одан кейін бара берсең сенен мүлдем безінеді . Бірақ , сол ақшаны қалай табуға болады . Үйде қол қусырып қарап отырсаң өздігінен келмейді . Ешкім сені аяп , тиын - тебен әкеліп алақаныңа салмайды . Мысалы , өзбектер біздің жерде сол үшін жүр . Елін тастап Қазақстанның экономикасын көтеруге келді екен деп ойлап қалмаңыз . Ес білгеннен бастап алдымызда ақша табудың екі жолы тұрады . Бірі қайырлы , келесісі қайырсыз . Бірінші жолын таңдағандар ақшаны ақ адал еңбегімен , маңдай терімен табады . Сол үшін жер қопаруға да келіседі . Қолынан келсе бірнеше қызметті қатар атқаруға тырысады . " Соншама не , ақшаның соңында өліп бара ма саулығын құртып " деп кейірсіз . Себебі тапқан азын - аулық ақша ішіп - жемнен , балаларын киіндіруден ауыспайды . Жоғары оқу орнында баласы оқып жатуы мүмкін . Бұған отынның , судың , жарықтың төлемін қосыңыз . Неғұрлым молырақ тапса , соғұрлым отбасының жағдайы жақсарарын біледі . Екінің біріне жалақысы мол жұмыс табыла бермейді . Оған орналасты делік . Қанша мол болса да жалақының аты жалақы . Оны айына бір рет береді . Кейде келесі айға әрең жетеді . Ақша аз болса да , көп болса да жетпейді . Ол үшін оны дұрыс жұмсаудың жолын білу қажет . Халық " ақша санағанды ұнатады " демей ме ? Ал , оған көбіміз мән бермейміз . Тіпті күн сайын ақша түсетін сауда саласының адамдары да қарызға кіріп кетіп жатады . " Байлар да жылайды " деген бар . Еңбек етіп , бизнесін дамытудың жолын іздемесе кейде миллионерлер де тақыршаққа отырады . Әрине , " Сақтық қор сарқылса байлық құриды " . Осы даналық сөзді басшылыққа алатындар ауысқан - түйіскенін жинайды . Кейбіреулер ақшасы көбейсе болғаны өзгені танудан қалады . Көкірегін кереді . Ондай көзін шел басқандар " байлық мұрат емес , жоқтық ұят емес " екенін түсінбейді . Тіпті сол тоңмойындардың санасына " байлық қолдың кірі сияқтылығы " да кірмейді . Кешегі күнін ұмытады . Бәрін де сатып алуға болады деп ойлайды . Тіпті махаббатты да . Ар - намыстан жұрдай . Бұл енді ақшаның адамды аздыратын қасиеті … Екінші біреулер ақша табудың оңай жолына ұмтылады . Ұрлайды , тонайды , кісі өлтіреді . Басқалары айлакерлік жасап , ел үстінен күн көргісі келеді . Ақыры болашақтарына балта шауып түрменің ащы дәмін татады . Үшіншілері лауазымды қызметтің тұтқасын ұстайды . Басшылық басын айналдырып , қазынаның қалтасы мен өзінікін шатастырады . Мұның да ақыры жақсылықпен бітпейді . Мемлекет өз қазынасына қол сұққандардың басынан сипамайды . Бір күні тұтылып жегені желкесінен шығады . Кейбіреулері өмірін қияды . Сөйтіп мына дүниеде дұрыс өмір сүре алмай жаманатты болады . Өзіне қол жұмсау арқылы ана дүниеден де тозақты қалап алады . Сондықтан құдай не берсе де қайырымен берсін . Осы жерде әңгімемізден сәл ауытқимыз . Ақша тарихына аз - кем шегініс жасайық . Өткені мен бүгініне , болашағына көз жүгіртейік … Ақша қалай пайда болды ? Ол жайлы және көшбасшы валюталар туралы шақтап айтып өтейік . Алғашқы қауымдық құрылыстағылар оның сыңғырлаған дауысын естіместен кетті . Бертін келе рулық қауымда да онсыз - ақ өмір кештік қой . Бірақ , ол кезде оның орнына қолма - қол айырбас жүрді . Ақша неге керек болғанын ұғыну үшін , сол кездерді көзге елестетейік . Мәселен , сен балық ауласаң маған оны тауыққа айырбастайсың . Мен мұны біреуге тағы бірдеңеге ауыстырам дегендей . Сосын оны … Осылай кете береді . Ойлап қарасақ тіпті қолайсыз . Айырбастайтын тауық та , басқа да таусылмай ма ? Оның үстіне керек - жарақты алу үшін қашанғы оларды шұбыртып тасып жүресің . Таптық қауымға көшкенде бұл бірінші кезекте патшалар үшін пайдасыз еді . Міне , сол себепті алғашқы алтын және күміс тиындар қолданысқа енді . Олар біздің эрамызға дейінгі VІІ ғасырда ежелгі Қытай мен Лидия патшалығында пайдаланылды . Оны кім ойлап тапқаны бізге беймәлім . Әйтеуір ақылды пенде екені анық . Ал , біздің жыл санауымыздан 500 жыл бұрын парсы патшасы Дарий экономикалық төңкеріс жасады . Өз мемлекетінің аймағында айырбасты мүлдем тыйды . Сауданы өз суреті салынған стандартты күміс және алтын ақшалармен жүргізуге бұйырды . Бұл туралы ежелгі Персеполис ( Иран ) қабырғалары куәлік етеді . Мұны ақшаның туған жылы деуге келеді . Қытайда біздің дәуіріміздің 100 жылы қағазды ойлап шығарды . VІІІ ғасырдан бастап аспан асты елінде одан ақшалар жасала бастады . 910 жылы олар көбейді . Шыңғыс ханның тұсында алтынды осыларға айырбастаған … Ал , банкілер ше ? Олар алғаш біздің дәуірден 2000 жыл бұрын Месопатамияда ( Қазіргі Ирак ) дүние есігін ашты . Оның рөлін храмдар мен жергілікті билеушілердің сарайлары атқарыпты . Тарихта б . д . д . 600 жылы тұңғыш рет банк операциясын жүргізу тіркелген . Тифий атты банкир Греция мен Ионияда түрлі кеңселер иемденген . Саудагерлер өз ақшасын оның банктеріне салған да қолынан қағаз алған . Барған жерінде сауда жасағысы келсе " банктен " Тифидің әлгі " құжатын " көрсетіп " ақша " сұраған . ( Олар Дарийдікіндей бір үлгіде емес , алтын , күміс кесектері , т . б . ) 1156 жылы алғаш рет Гэнуэздік көпестер ( Италия ) Византия империясымен валюта бағасының курсы жөнінде шарт жасасқан . Ал , 1661 жылы Швецияда алғашқы мемлекеттік банк пайда болған . Бұдан кейін мұндай банктер 1701 жылы Францияда , 1860 жылы Ресейде , 1913 жылы АҚШ - та ( Федералдық резерв жүйесі ) құрылды . Бізде де тәуелсіздік алысымен құрылған Мемлекеттік Ұлттық банкіміз бар . Ол теңгеміздің хал - жағдайын қадағалап отырады . Курсын белгілейді . Қазір Кеңес дәуіріндей емес , банктер саны көп . " Казкоммерцбанк " , " Темірбанк " , " Альянсбанк " , тағы басқалары . Атағы дардай ірілері , бұйығы жатқан шағындары бар . Әрқайсысы еліміздің өркендеуіне өзіндік үлесін қосуда . Капитализмді бұларсыз көзге елестету қиын . Кешегі дағдарыс кезінде Үкіметіміз қаржылай қолдау көрсетіп , олардың құрып кетулеріне жол бермеді . Өмір бір орында тұрмайды . Уақыт зулайды . Жыл өткен сайын ғылым мен техника жаңалықтары қаржы әлемін де жаулайды . Осы жерде адамзат эволюциясының даму барысындағы ақша әлемінің өзгерістерін қысқаша тоқталсақ . 1950 жылы Diners Club несие карточкалары жасалды . Алғашқыда ол мейрамханаларда пайдаланылды . 2 жылдан соң мұны Franklin National Bank - те шығарды . Бүгінде 1 ересек американдыққа осындай 10 пластикалық карточкадан келеді . 1959 компьютерлік желілер біріктіріліп , 1972 жылы ол қаржы саласына енді . Ал , 1973 жылы 15 елдің 239 банкі Бүкіләлемдік банкаралық қаржылық телекоммуникация қоғамын құрды . Бұрынғы телетайпты ауыстырған SWIFT жүйесі соның алғашқысы еді . 2002 жылы оның қызметін пайдаланған 198 елдің 7 , 6 мың мекемесі 2 млрд . хабарлама жіберген . 1977 жылы Apple дербес компьютерлері еркін саудаға шығарылды . 1975 жылы олардың әлемде 50000 , 2002 жылы 800 млн . данасы сатылыпты . 1991 жылы Еуропадағы CERN физикалық зертханасында қазіргі күнде әлемге танымал интернет - протокол World Wide Web ( www ) дүниеге келді . Бір жылдан кейін интернет банктер пайда болды . Қазіргі есептеулер бойынша интернетте жүргізілген банк операциялары кеңседегіден 90 пайыз арзанға шығатын көрінеді . 1993 жылы сандық ақшалар ( Digi Cash ) ойлап табылды . Осы технологияларды басшылыққа алып жасалған смарт карттар ( компьютерлік чип бар карточкалар ) қолданысқа енді . 1998 жылы АҚШ - та компьютерді қолданып , ақшаны электронды пошта арқылы бір - біріне аударуға мүмкіндік туғызған Pay Pal , Еуропада осы қызметтерді ұялы телефон арқылы іске асыратын Phone Paid жүйелері құрылды . Кейін мұның қатары Clickshare , The Internet Dollar , Internet Cash , Net Chegue және т . б . толықты … Әңгімеміз ақша жайлы болғасын енді АҚШ доллары туралы да үндемей қалуға болмас . Ол 1944 жылдан бері әлемдік деңгейдегі жалғыз валюта . Алайда қарттықтан ба , әйтеуір соңғы уақытта " қаржы дағдарысы " деген ауруға қайта - қайта шалдығады . Бүгінде басынан бағы тая бастағандай . Айтпақшы , " Сэм ағайдың " осы жасыл қағазы қалай пайда болып еді . Қазіргі доллар шықпай тұрып Америка жеріне қоныс аударған голландықтар арасында күміс " тален " деген ақшалар жүрген . Кейін бұл атау бұзылып " долларға " айналған . Тәуелсіздіктің алғашқы жылдарында АҚШ жеріндегі қаптаған банктер өздерінің алтын және күміс тиындарын шығарып келді . Бұл елде 100 жыл бойы ортақ валюта болмады . 1837 жылдан 1862 жылға дейінгі аралық АҚШ тарихында " тәуелсіз банктер заманы " аталды . Жаңа пайда болған Орталық банк те оларға әсер етпеді . Америкада алуан түрлі " долларлар " бұрынғыша жүре берді . Мұндай бассыздықты тоқтату қажет еді . 1861 жылы Федералдық қазынашылық елде тәртіп орнатпақ ниетпен стандартты қағаз ақшаны шығарды . Оның жасыл болып шыққан себебі долларды басуға тапсырыс алған баспаханада осындай бояу көп болыпты . Кейін бұл оның мәңгілік түсіне айналды . Жаңа қағаз ақша алғашқыда ағылшынша " жасыл арқа " ( " greenbacks " ) деген ат алды . Бертін келе қысқарып соңындағы " бакс " ( " backs " ) дегені ғана қалыпты . Өзге елдерден айырмашылығы АҚШ - тың Орталық банкі 100 пайыз жекеменшіктің мүлкі . Оның басып шығарған ақшасын Үкімет қарызға пайызбен алуға мәжбүр . Мұндай жүйе Американы банктер билеген кезден қалыптасқан . " Шындықты айту керек , орталық қаржы жүйесінің қулары біздің Үкіметті Эндрю Джексон заманынан бері уысында ұстап келеді " деген екен АҚШ Президенттерінің бірі Франклин Рузвельт . АҚШ - тың негізін салушы әрі құрушы адамдардың кезінде айтқан қаупі бүгінде бұл елде шындыққа айналды . " Менің ойымша банк институттары біздің еліміз үшін қарулы армиядан да қауіпті . Америка халқы жекеменшік банктерге валютамызды басып шығаруға ерік бермеуі тиіс . Себебі олардан ақша алған барлық банктер мен корпорациялар адамдарды барлық мүлкінен жұрдай етеді . Кезінде аталары қорғап қалған жерде олардың балалары ұйқыдан оянғанда үй - күйсіз қалатын жағдайға жеткізеді " деген болатын банктер үстемдік құрмастан 100 жыл бұрын АҚШ - тың үшінші Президенті Томас Джефферсон . Мұндағы банктер тек американдықтарды емес күллі әлемді өзіне тәуелді етуге ұмтылуда . 1944 жылы Бреттон - Вуд келісімі бойынша алтынмен қамтамасыз етілген доллар әлемдік валютаға айналды . Бұл банктердің арандарын ашты . Бұрын қанша қағаз ақша шықса да ол алтынға тәуелді еді . Валюта курстары да соған сай болды . Мысалы , алтынның унциясы ағылшын фунтымен 4 , 2474 , ал доллармен 20 , 67 дейік . Екеуін бөлгенде доллардың фунтқа курсы шығады . Ол 1 фунт - 4 , 86 доллар деген сөз . Осыдан 60 жыл бұрын Америка валютасы әлемдік қордың 70 % - ына тең алтынмен қамтылды . Ондай қор қазір әрбір мемлекетте бар . 1971 жылдан бастап алтынмен қамтылудан қалғаннан кейін доллардың күйі не болғаны өздеріңізге аян . Бүгінде оның құр қағазға айналған массасы көп . Ал , АҚШ - тың Орталық банкі оның үстемдігін сақтаймын деп әлі де сатырлатып басып жатыр . Құны түскеніне қарар емес … Доллар жайлы айтқанда оның бақталасы еуро туралы да айтпауға болмас . 2002 жылы Еуропа елдерінің ортақ валютасы - еуро қолданысқа енді . Содан бері бұл валюта да кеңінен танымал . Алғашқыда тұрақты курсы бар еді , бүгінде құбылып тұр . Оның құлдырауына бір жағынан дағдарыс , екінші жағынан алған ақшасын қайтара алмайтын ( Греция ) және қарызға батқан мемлекеттер ( Португалия , Испания , Италия ) себепкер . Еуроодақ бұдан шығудың жолы аталған мемлекеттерге қарыз беру және сонымен қатар олардың бюджетін шектеу деп тауып отыр . Осылай етсе жағдай түзеледі деген сенімде . Сонда бір доллар 1 , 2 - 1 , 5 еуро көлемінде қалмақ . Қазіргі дағдарыс уақытында бұл ақша " көк қағазды " алмастыра алуы әбден мүмкін . Иә , қаржы , ақша , пұл бәрімізге қажет нәрсе . Әріден ойлайтын қазағым : " Ақшаң болса қалтаңда , талтаңдасаң талтаңда " дейді . Ол байлыққа мастанып көкірегіңді көтер деп айтқаны емес , одан мұқтаждық көрме дегені шығар . Шетелде салымы жоқ қарапайым ағайын үшін теңге құламаса болды . Соның тілеуін тілейді . Ал , Үкіметіміздің бүгінгі саясатының өзі оны нығайтуға бағытталған . Сол әрдайым іске асып , теңгеміздің бағы жана бергей әлеумет !
Өзі қазақ тілін үйренгені жайлы айтқан пікірі бар . " Тілді білу арқылы сол халықтың ең жақсы қасиеттерін бойыма жинауға ұмтылдым . Тілді білсең , ұлттың салт - дәстүрін жетік біле түсесің . Жасымнан орыс пен қазақ тың салт - дәстүрін көріп өстім . Елге жа ғатын орыстың ашық - жарқын мінезін , қазақтың сабырлы да салмақты қалпын қадір тұтып келемін . Тіпті ауылымызда тұрған не міс ұлтының азаматтарының да жақсы қа сиеттерін алуға талпыныс жасадым " деген еді .
Жер бетінде температураның өзгеруі шамамен XVII ғасырда байқалып , соңғы 100 жылда тым жиілеп кеткен . Ауа - райын зерттеуші ғалымдардың көбі климаттың жиі өзгеруіне атмосферада парникті газ концентраттарының артуын себеп санайды . Сондай - ақ , электростанциялар мен қоғамдық көліктердің көбеюі мен зауыттар түтіні де себепкер дейді олар .
Шынымен қазақпыз дейміз , Кутузовтың өзі қазақтығымызға үлкен күдік келтіріп тұрған жоқ па , әлде қаламыздың атауында ма қазақтығымыз ? Мемлекеттік мекемелерге барып , тілі қазақ жандарды жолықтыра алмайсың , осы ма біздің қалаулыларымыз ? Аймауытовты ардақтаудың орнына қазақылығымызға , жалпы елімізге еш қатысы жоқтарды ләзім көреміз , осы ма біздің мықтылығымыз ? Мақаламды оқып , сын айтудан тайынбайтындары да табылар , ол да өз еріктері , бұл жазбаны ақылымның асып - тасығандығы емес , намысымның өршігені деп білемін .
Бұл - Жақсылықтың шерлі анасы Ұлдай апаның сөзі . Көз жасын көлдете отырып , ана сол әңгімені әзер айтқан еді . Шіркін , анадан артық асыл бар ма бұл әлемде . Оның баласына деген махаббаты , сүйіспеншілігі өз алдына .
Олар - халықаралық танымал діни қорлар , сол құрылымдар арқылы әрекет етіп жатқан сырт елдердің өкімет өкілдері . Өйткені халықаралық тәжірибеде биліктегі патшаның жақын жұрағатын пайдалану арқылы заңды билікті құлату - белгілі сценарий . Мысал үшін осы үлгідегі билік алмасуы Сауд Аравиясы корольдігінде де жүзеге асырылды . Мұндай мысалдарды көптеп келтіруге болады . Қайраттың сырттағы қолдаушыларының басты мақсаты да сол сценариді жүзеге асыру .
Қазақстан Республикасы Президентінің " Қазақстан - Еуразия түпқазығы " атты кітаптың авторы Пьер - Люк Сегийонға берген сұхбаты
Тасбұйырғын ( нанофитон ежовый - nanophyton erinaceum ) - шөлейттің көпжылдық өсімдіктерінің бірі . Бұл аласа , төмпешік тәрізді , диаметрі 20 см - ге жететін қабақты діңі , 7 - 8 шақты қаңқа бұтасы ( 10 - ға дейін ) бар өсімдік .
Суреттегі жаттығуға арналған кездесуді көріп тұрғаныңыздай , қайталанатын кездесу бірнеше рет пайда болып , қайталау белгішесі көрсетіледі .
2006 жылдың тамыз айынан бастап филиал директоры қызметін Аманғали Жұмағалиұлы Жақсыбаев атқаруда .
Түрксіб құрылысы астананы Алматыға көшіруде басты себеп болды . Бұл заң жүзінде 1927 жылғы 3 сәуірде , іс жүзінде 1929 жылы жүзеге асырылды .
- ғылыми қызметкерлер мен мамандарға қызмет көрсету және мерзімді басылымдар бөлімдері Оқырмандарға ( мекен - жайын ескермей ) 16 жастан бастап қызмет көрсетеді . Оқырмандардың сұраныстарын орындайды , кітап насихатын ұйымдастырады .
деп шүйiледi , Бiржан - Сара айтысында Сара аузымен жамандалған Құнанбай мен Абайды ақтап сөйлейдi . Ғылым академиясы кiтапханасының қолжазбалар қорындағы Ф . Ғабитова тапсырған нұсқада жоқ ( қараңыз : Қуанышбай ақынның Әрiпке шығарған өлеңi . ҚРҰҒА ОҒКҚ . 463 - бума ) тек Семей қаласындағы Абайдың мемлекеттiк мұражайының қолжазбалар қорына Ғаббас Шөкiмұлының тапсырған нұсқасында бiраз нәрсенiң басын аша түсетiн Әрiптiң жауабында мынандай шумақ кездеседi :
Касым хан " $ . 2 > @ R T Z \ r t | " " " - ¢ ¤ ¬ ® À Â Ð Ô Ú Ü è ì ü þ * , 8 : N P d f p r € ' Š Œ ¢ ¤ ª ¬ ¾ À Ê Ì Ö ä ì î ø ú [ ú [ кезеңінің басында Сайрам қамалын алды , Мауреннахр қамалын басып алуға біраз әрекет жасады . 1513 жылы Қасым хан Қараталда болған кезде , Сайрам басшысы Қаттабек қаланы оған беріп , Қасым ханды өзбектерге шабуыл жасауға үгіттейді . Қасым хан қазақтар мен маңғыттардан үлкен қол жинап , Ташкентке жорыққа аттанады . Өзбек ханы Сүйеніш қожаның әскерімен болған Ташкент түбіндегі шайқаста Қасым хан жараланып , шегінеді . Бұдан кейін шамамен сол жылы Қасым хан Шу өзенінің жағасындағы ордасында Ташкент басшысы Сүйеніш ханға қарсы Моғолстан ханы Саидпен одақтас болады . Екі басшы бірігіп , Ташкентке жорық жасауға келіседі . Алайда қыстың таяп қалғандығына байланысты , келісімді жүзеге асыру кейінге қалдырылады . Васифид сөзі бойынша , 1516 - 1517 жылдардың қысында Шайбанид әулетінің сұлтандары бірігіп , қазақтарға қарсы жорықты бастайды . Ортаазиялық өзбектердің қыпшақ жеріне жасаған жорығының мерзімі Қасым хан билік еткен кезеңге сәйкес келеді . Мұхаммед Хайдардың жазбаларына қарағанда , Қасым хан 1518 жылы қайтыс болған . Ал Тахир Мұхаммед өзінің « Раузат - ат Тарихирин » атты еңбегінде Қасым ханның өлген уақыты 1523 - 1524 жылдар деп көрсетеді . Қадырғали Қасымұлы Жалайырдың сөзі бойынша , Қасым хан Сарайшық қаласында қаза болған . Қасым хан өлгеннен кейін , өзара қырқысулардың өрши түсуіне байланысты , Қазақ хандығы біраз әлсіреді , ал моғолдар мен қазақтардың арақатынасы өзгерді . XVI ғасырдың бірінші ширегінде қазақ атын жер жүзіне жеткізген Қасым хан есімі қазақ халқының тарихи санасында мәңгі орын алып , жарты мың жылдан аса сақталып келе жатты . « Қасым ханның қасқа жолы » - осының куәсі . « Қасқа жол » - деп аталатын заң , қазақ арасында бұрыннан қалыптасқан әдет - ғұрып ережелері негізінде Қасым хан тұсында жасалған . Оның жасалуына себеп болған жағдайлар мыналар : 1 . Қасым ханның билігі тұсында Керей , Жәнібек және Бұрындық хандар кезіндегі қазақ қоғамы анағұрлым жоғары сатыға көтерілді , 2 . Қазақ халқының этникалық территориясы толығымен біріктірілді , 3 . Хандық билік этникалық территорияға толық тарап , рөлі артты , 4 . Қазақ хандығының жаңа қалыптасқан жағдайына бұрынғы әдет - ғұрып заңы сай келмейді . Міне , осы аталған себептер « Қасқа жолды » дүниеге әкеледі . Бұл заңның жазбаша мәтіні болмаса да қазақ есінде заң атының жарты мың жыл бойы сақталуы « Қасқа жолдың » қазаққа өте қонымды , қоғамдық қатынастарға үйлесімді болғанын көреміз .
Егер әйел күйісіз туса , бала шешесінің атына жазылады , онда соңғы екі құжаттың қажеті жоқ .
Одан әрі Елбасы Нұрсұлтан На зарбаев ЕҚЫҰ - ның төрағасы бо лып отырған елдің басшысы ретін де ұйымның атқарған кейбір істері және төзімділікті нығайту бағы тында атқаруға тиісті мәселелерге тоқталды . Біз ЕҚЫҰ - ның үшінші , гуманитарлық себеті туралы айт қан да оның сайлау үдерістерін қа дағалауын ғана есепке алмай жоға рыда айтылған мәселелерді қарас тыру қажеттілігін де ескеруіміз керек . ЕҚЫҰ - ның іс - әрекетінде гу манитарлық мәселелер өте маңыз ды және проблематиканы бір мә се ленің төңірегінде ғана шекте меуі міз керек деп ойлаймыз . Сонымен бірге түрлі аймақтардағы төзімділік ісінің оң тәжірибелерін үйреніп , оны таратуды қажет деп санаймыз .
Кыргызстандын жаңы алфавити жана Й - Ж маселесин жою ыкмасы
Семейде сенбіліктер өткізіліп , қаланы көркейту жұмыстары жүргізілгенімен , шет жақтағы Суық бастау , Қазкрай аудандарында әлі де болса жарықтандыру , тазарту жұмыстары қажет . Бұл жөнінде қала әкімі Мейрамхат Айнабековтың есеп беру жиналысында тұрғындар айтқан болатын . Қазір бәрі де ақшаға келіп тіреледі . Ақшасы төленбегендіктен көшелерде үйіліп жататын қоқыстар аз емес . Семей рухани орда , мәдени қала болғандықтан да мұнда келетін шетелдіктер , құрметті қонақтар аз емес . Келгендер , әрине , қаланың шеткері аудандарын араламасы анық . Лауазымы үлкен шенеуніктердің өзі қаланың түкпір - түкпірін аралап жүрмейді . Семей қаласының қалалық қатты тұрмыстық және қауіпті емес қалдықтарды төгу полигоны Семей - Қайнар автожолының бойында орналасқан . Бүгінгі күнде полигонда 18 , 5 млн . текше метр . шамасында қоқыстар жиналыпты . Жыл сайын 135 - 180 мың текше метр шамасында қалдықтар жинақталады екен . Бұл дегеніміз кәдімгідей келісім - шартқа отырып , ақшасы төленген соң жинақталған қалдық заттар . Полигон иесі Р . Хазипов қоқыс өңдейтін зауыт салуды жоспарлап отыр . - Бұл бастама өте дұрыс , қолдаймыз , - дейді « Семей - Невада » халықаралық антиядролық қозғалысының ШҚО бойынша үйлестірушісі Сұлтан Картоев , - өздеріңіз білесіздер , биыл қозғалысымыздың бастау алғанына 20 жыл . Семейге келетін халайық ат басын Қайнар жаққа да бұрады . Өйткені Қайнар Дегелеңнің шетінде орналасқан . Ядролық сынақ полигонынан әлі де болса сауыға алмай жатқан жерді ыбырсытып , толып кеткен қоқыстармен көмкеріп қойғанымыз ұят емес пе ? ! Қоқыс полигонының өзі денсаулыққа қаншама қауіп әкелетіні тағы да белгілі . Сұлтан Омарұлының сөзіне орай бүгінгі күнде Рафаил Хазипов зауыт салу үшін « Семей - туған жер » өндірістік кооперативін құрып , қала әкімдігі жаңа кәсіпорын үшін 23 гектар жерді 49 жылға жалға берген . Зауыт жобасының 75 пайызын отандық кәсіпкерлер , 25 пайызын қытайлық инвесторлар қаржыландырып отырмақ . « Самұрық - Қазына » ұлттық қоры мен « Семей - туған жер » өндірістік кооперативінің жекеменшік , мемлекеттік серіктестігі негізінде қолға алынған жобаның құны 5 млрд . теңге . Рафаил Хазиповтың айтуынша , зауыт бір ауысымда 100 мың тонна қатты қалдық өңдейтін болады . Жаңа технологиялармен қамтамасыз етілетін кәсіпорын қатты қалдықтарды сұрыптаған соң , картон , кірпіш , жаяу жүргіншілер жолына қажетті плиталар , органикалық тыңайтқыш , полиэтилен дорбалар шығармақ . Жоба толығымен іске асса экологиялық проблеманың бірқатары шешімін табары сөзсіз . - Семей қаласының от қазандықтарынан шығатын күл - қоқысты қалдықтар қалалық қатты тұрмыс қалдықтары полигонына және біршамасы Бабинск карьеріне төгіледі . Кейде тастауға болмайтын сынапты құралдар мен бұйымдар қалдықтары « ШҚ аймақтық Экологиялық демеркуризация орталығына » тапсырылады екен . Қазіргі кездегі бір проблема медициналық қалдықтарды құртып , жоятын немесе көметін арнайы орын яки , кәсіпорын жоқ , - дейді Семей қаласындағы Ертіс экология департаментінің Шығыс Қазақстан бойынша филиалы бастығының орынбасары Советқазы Ибраев . Сондықтан да алдағы уақытта санэпидемстанция мамандары , денсаулық сақтау және коммуналды шаруашылық мекемесі қызметкерлері бірігіп , бұл мәселенің шешімін тез арада тапқандары дұрыс . Семей қаласына қосымша екі бұрынғы аудан , Абыралы және Жаңасемей округтері қарайды . Қаланы көрікті ұстау , таза ұстау баршаға қатысты . 2008 жылғы жүргізілген 131 тексеріс қорытындысы бойынша 76 иесіз қалдық қоқыстары анықталыпты . Бұл әлі толық емес . Тексеру барысында 119 қалдықты қалай болса солай тастау фактісі анықталған . Қазақстан Республикасының Экология кодексінің 284 - бабына үңілсек , « меншік иесі жоқ немесе меншік иесі белгісіз қалдықтар - иесіз қалдықтар болып табылады » делінген . Экологиялық жағынан алып қарағанда бұл күрделі проблема . Қоқыс үйілген жерге белгілі мекен тұрағы жоқ қайыршы да , қаланың ит - мысығы да барады . Олардың ауру таратпасына кім кепіл ? ! Бас маман , мемлекеттік экологиялық инспектор Асхат Қаратаевтың айтуынша , иесіз қалдықтар қаладағы Жоламан , Қазкрай , Зағиптар қоғамы деп аталатын шағын аудандарда көп . Сондай - ақ қоқыстарды саяжай аумақтарында да кездестіруге болады . Қазірде Восточный - Береговой саяжайында 850 отбасы , Восточный - Правый саяжайында - 760 , Восточный - Левый саяжайында 800 отбасы , Бобровкада - 750 , Мұратта 350 отбасы қоныстанған . Саяжай кооперативтері қоқыс таситын кәсіпорындармен келісім - шартқа отырмағандықтан , қоқыстарды жинайтын ешкім жоқ . - Иесіз , бос жатқан қалдықтарды тапқан кісі жергілікті атқарушы билік органдарына хабарлау керек , - дейді А . Қаратаев , - ал олар өз кезегінде сол қалдықтарды өздерінің тіркеулеріне алуы керек . ҚР Экологиялық кодексінің 284 - бабында « жергілікті атқарушы органдар иесіз қалдықтармен жұмыс істеу , олардың қоршаған ортаға және халықтың денсаулығына теріс әсерін болдырмау жөніндегі іс - шаралар өткізуді ұйымдастырады » деп жазылған . Қала аумағынан табылған 131 иесіз қалдықтар туралы 2008 жылдың соңында атқарушы органға хат жазып , жолдадық . Хат жазған дұрыс қой , алайда « сәлемшіге ат қайда » деп қазақ айтқандай , жауабы дұрыс беріліп , нәтижелі болып жатса игі болар еді . Рұқсат етілмеген жерлерге қоқыстар төгілетінін байқаған тұрғындар ол жайында қалалық кәсіпкерлік бөліміне хабарлаған екен . Бюджет қаржысы есебінен біраз қоқыс тұрмыстық қатты қалдықтар полигонына тасымалданыпты . Бұл аз да болса тазалық жағына қарай сеңнің қозғалғаны деп айтуға болады .
Конкурсты өткізгендер - " Қазақ филологиясы " кафедрасы мен Мемлекеттік тілді оқыту және аударма орталығы .
17 ғ . - дың аяғынан 20 ғ - дың басына дейін Акустика механиканың бір бөлімі ретінде дамыды . Механикалық тербелістердің жалпы теориясы , дыбыс толқындарының ( сер - пімді ) белгілі бір ортада таралу және пайда болу заңдылықтары , дыбыстың негізгі сипаттамаларын ( дыбыс қысымы , импульсі , энергиясы , дыбыстың таралу жылдамдығы , т . б . ) өлшеу әдістері Ньютон механикасына , Гуктің серпімділік теориясының негізгі заңына , Гюйгенстің толқындық қозғағалыс приципіне негізделіп жасалды . Сөйтіп дыбыс толқындарының диапазоны кеңейіп , Акустика инфрадыбыс ( 16 Гц - ке дейін ) пен ультрадыбыс ( 20 кГц - тен жоғары ) аймақтарын қамтыды .
Өскеменде « Даму » кәсіпкерлікті дамыту қоры » АҚ мен С . Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік университетін ің бірлескен жобасы - аймақтық кәсіпкерлікті қолдау Орталығы ашылды . Аталмыш орталық қала мен облыс деңгейіндегі кәсіпкерлер мен экономикалық белсенді тұрғындарға ақпараттық - консультациялық қолдау көрсететін болады . Өңір үшін маңызды бұл оқиға жоғары оқу орнының « ДАМУ » кәсіпкерлікті дамыту қоры » АҚ - мен ынтымақтастығының қисынды жалғасына айналды . Міне , екі жылдан бері ШҚМУ - дағы экономика және бизнес , мемлекеттік басқару және құқық факультеттерінің профессорлық - оқытушылық құрамы « Бизнес - кеңесші » бағдарламасын жүзеге асыруға қатысуда . Яғни , кәсіпкерлер мен кәсіп ашудан ынталы жандарға арналған тренинг - семинарлар өткізіп , тәжірбие жинақтаған оқу орнының білікті ұстаздары енді осы Орталықта практикалық көмек ұсынатын болады . Кәсіпкерлікті қолдау орталығында жұмыс істейтін университет оқытушылары кәсіппен шұғылданып жүрген тұрғындарға заңгерлік мәселелері бойынша кеңес беріп , шағын және орта бизнесті жүргізудің түрлі аспектілері , бизнес - жоспар әзірлеу мен нарықтан өз орнын иелену , нарыққа маркетингтік зерттеу жүргізу мәселелері бойынша көмек көрсету ісімен айналысатын болады . Атап өтерлік жайт , бұл - Шығыспен қатар , Қазақстанның оңтүстігінде де жүзеге асырылып жатқан пилоттық жоба . « Даму » Қорының Басқарма төрағасының орынбасары Е . Шардарбековтің айтуы бойынша , Шығыс Қазақстан облысы кездейсоқ таңдалып алынған жоқ , аймақ қарқынды дамып келеді және мұндағы әлеуметтік - экономикалық дамудың кейбір көрсеткіштері Қазақстан бойынша көрсеткіштерден әлдеқайда жоғары . Кәсіпкерлікті қолдау Орталығының тұсаукесер рәсімі Қазақстанның Білім және ғылым министрлігі Дүниежүзілік банкпен бірге іске асырып жатқан « Технологияларды коммерциализациялау » жобасын қосу бойынша халықаралық семинар аясында өтті . Орталықтың ашылу салтанатына Білім және ғылым министрллігінің технологияларды коммерциализациялау басқармасының бастығы А . Әбдіжаппаров пен университет ректоры , профессор Бейбіт Мамраев қатысты .
- Қазақстан Абайдың шығармаларын насихаттаудан гөрі оның атына Қазақстанды қосып насихаттауға бейім секілді . Сіз қалай ойлайсыз ?
Кеңес кезінде суармалы жерлерге бидай мен картоп , күнбағыс , тіпті , қауынға дейін егіліп , халық аста - төк өнімге кенеліп өмір сүрді . Қазір мұның бірі де жоқ . Бидай мен күнбағыс егілген алқаптар қаңырап бос жатыр . Былтыр күзден Сарытеректің оңтүстігінен қалың шаң шығып , жер асығыс жыртыла бастаған . Азды - көпті күнбағыс егіп , кәсіп етіп жүрген жігіттер қытай мамандарын жетектеген қалталы қазақтар келген соң , жерге ие болудан күдер үзіп , күнбағыс алқабын тастап , кеш қалмай тұрғанда басқа кәсіппен айналысып кеткен . Жылда осы маңға қауын салатын жігіттер де биыл қауын салмады . Мал өсірумен айналысатын орта және шағын кәсіп иелері ғана әліптің артын бағып , жайылымдықтарында отыр . Бірақ олар да күн сайын мал басын азайтып , қажет болған жағдайда малын қора - қопсысымен сатып , қала жаққа қарай көшуге дайын . Өйткені « қытай технологиясының » түрі жаман . Бүгінгі қарқында жүргізілсе , таяу жылдары мал жаятын орын қалмайды .
« Бүкіл жамандықтар бір жерге жиналған . Бұл жердің құлыбы зина , кіліті арақ . Бүкіл жақсылықтар бір жерге жиналған . Бұл жердің құлыбы намаз , кілті дәрет . » ( Ислам ахлақы )
Шын мәнінде біздің бүгінгі қазақта шошына айтарлық трайбализм жоқ . Бар деп қанша дәлелдесек те , ол күн көрістің қамын күйттеген ұсақ - түйек топтасуға мүдделі пайдакүнемдіктің бір көрінісі . Мұның шын сырын кеше ғана дүниеден озғанда қазақтықтың алтын қазығын өзімен бірге ала кеткендей әсер еткен марқұм Ақселеу Сейдімбек протекционизм деп ашып берді .
- Абай Бала Шақпақта қайтыс болды . Оның денесін әкесі Құнанбайдың қасына қоймақшы болды . Шөп салынған арбамен әкеле жатқанда Шәкәрім сүйекті қараса иістеніп барады екен . Содан сүйекті Жиде байға қойғызады . Інісі Оспанның жанына . Алайда орыс дәрігері дәрі ұсынған деген деректі еш жерден жолықтырмадым .
- Әй , Гуля ! Терезені немен тазалаймын ? - деп айғай салды , сәлден соң .
Переселендер , қазақ жерiне қоныс аударушылар туралы Әлекең қазақтың жеке мемлекетiнiң азаматы ретiнде бауырға тарту идеясын , яғни , бүгiнгi күнмен сабақтасып жатқан ұстанымда болған . Қазақтың мүддесi мен қазақ мемлекеттiгiнiң мүддесi бiр екенiн айтқан .
- Сарытоғай селосындағы және Құлсары қаласындағы туберкулезге қарсы ауруханалар ;
Мыңжылдық тарих кітабында « Мырза Хайдар қай тайпадан ? » деген сауал қойылып , оған « Дулаттан » деген жауап қайтарылады . Сонда бірінші рет жазады Мырза Хайдар Дулат деп . Содан бастап бүкіл әлем оны Мырза Хайдар Дулат деп атады . Өзі есімін еңбегінде Мырза Мұхаммед Хайдар ибн Мұхаммед Хусейн Көреген деп анық жазады . Дулат деген сөз жоқ . Дулати дегеннен гөрі түркі халқының бір үлкен тайпасы дулат деген әлдеқайда мағыналы емес пе ! Шындықтан біз неге қашамыз , түсінбеймін .
Ақпан айында dropbox қолданушылар саны 4 млн . болатын . Компанияның сауда және маркейтинг бөлімінің басшысы Адам Грос « ширек уақытта тағы да миллион қолданушы тіркелді » дейді . Қазір Amazon - ның S3 қойма жүйесінде 20 млрд . файл петабайттарда ( мыңдаған террабайт ) сақталуда .
Қазақ байыса қатын алады , өзбек байыса там салады
2 . Көрсетілетін мемлекеттік қызметтің нысаны : автоматтандырылмаған .
- Бір кезде « Алтын Орда » газетін басқарып , қазақ тілді басылымды өтімді етіп қана қоймай , жергілікті аймақтық газеттің өзін Республикалық деңгейде оқылымды етіп , ұлттық баспасөзді бәсекеге қабілетті еттіңіз . Сондай газеттер қазір неге жоқ ?
І . Сатыбалдиннің айтуынша , Қазақстан құрамасының құрамында Ақтөбеден үш жігіт бар , олар - 2008 жылы « Азия балалары » ойындарының жүлдегері , жасөспірімдер арасында ҚР чемпионы Мақсат Жүнісов , ҚР чемпионы , ІІ - жастар ойындарының жеңімпазы Нұрбол Қалжанов және ҚР чемпионатының жүлдегері , 2 - жастар ойындарының күміс жүлдегері Шахсыварлы Камран .
78 - бап . Қызметкерлердің жекелеген санаттары үшін жұмыс уақытының қысқартылған ұзақтығы
Антон Горелов - қырық жасқа толған артист , дәлірек айтсақ , ол қыздармен өзін осылай таныстырады . Дегенмен ол расында да артист . Сиқыршы . Небір сиқырлы дүние қолынан келетін Антон қалталы адамдар жиналған кештерде қыруар ақша табады . Қысқасы , өз өміріне дән риза . Алайда бір күні алдына жан салмайтын шеберді бір бай кәсіпкер қала сыртындағы үйіне өнер көрсетуге шақырды . . .
Краткая информация : Краткая информация : Түріксой ұйымы - түркі халықтарыны мәдениетінің бірлігі Арғы тарихтың бедерінде күллі әлемге із қалдырған түркі дүниесінің бүгінгі күні де дүниежүзілік өркениетте ерекше орны бар екені белгілі . Жалауын жоғары ұстап , намысын ешкімге таптатпаған ежелгі түркі халықтарының қазіргі ұрпақтары бір - бірімен рухани туыстық қарым - қатынасты жақсы жолға қойған . Түп негізі бір , тілегі ортақ , түркі жұртын тек бір - бірін қиналмай ұғысатын тіл ғана жақындастырып қоймайды , олардың етене араласуына бастау - негізі тамырлас өнердің де ықпалы аз болмайды . Түркі өнері - түркілік рухты қозғайтын айрықша кұбылыс . Әлемдік өркениетте айшықты қолтаңбасы бар түркі дүниесін руханият саласындағы қоғамдық ұйымдардың белсенді қызметі арқылы да танимыз . Бұл бағытта нақты жұмыс жүргізіп отырған беделді ұйымдардың бірі - Түрік мәдениеті мен өнерін бірлесіп дамыту жөніндегі халықаралық ұйым - ТҮРКСОЙ . Ұйымның кұрылғанына көп уақыт өтпесе де ТҮРКСОЙ деген атау түрік бірлігі деген ұғымның талассыз баламасына айналып кеткені рас .
Әрине астанамыздың болашағы көбінесе 21 ғасырдағы халықаралық , экономикалық , геосаяси және басқа қатынастардың дамуына байланысты болары анық . Астананы салдырып жатқан Нұрсұлтан Назарбаев бір ғана қазақ халқының ғана емес , Ұлы Даланы , Қазақстан Республикасы аталатын байтақ өңірді бір кезде мекен еткен және бүгінгі таңда мекендеп жатқан халықтардың « еуразиялық арманын » асқақтатуға бекем бел байлап отыр . Бұл өлке - халықтарды бауырына басып , татуластырып қана қоймай , оларды жаңа қауымдастық , жаңа өркениет құру жолында топтастыра білетін өлкеге айналмақ . Елорданың өркендеуі еліміздің өркендеуінің белгісі . Ендеше бас қаланың жаңадан қаланып жатқан іргетасының берік болуы да мемлекетіміздің болашаққа нық сеніммен жасар қадамының нағыз кепіліне айналмақ .
- 1949 жылы космополитизм туралы Мәскеу қаулы шығарған . Ол қаулыда Батысқа да , Шығысқа да бас игендерді талқандаймыз делінген . Сөйтіп , Шығыс туралы мақала жазған , кітап жазған адамдардың барлығы қудалауға түсті , атылды , құрдымға кетті . Ал Батысқа бас иген еврейлерді де аямады . Осы себептен біздің Абайдың Шығысын зерттеуге тосқауыл қойылды , жол жабылды , тыйым салынды . Ол тақырыпқа барсаң , бәлеге қаласың . Бұл тақырыпты ең әуелі профессор Әуелбек Қоңыратбаев зерттеп , Абайдың Шығысы туралы мақала жазды . Қызылордаға жер аударып жіберді оны осыдан кейін . Сол жақта жеті жылдық мектепке есекке мініп барып , сабақ беріп жүрген жерінен Пединституттың ректоры Әділ Ермеков деген азамат көріп қап , өзіне жұмысқа шақырып , кейіннен Алматыға қайтып келді . Сол жағдайдан соң Абайдың Шығысы туралы ешқандай зерттеу болған жоқ , мақалалар жазылмады . Мұхтар Омарханұлы бастаған еді , бірақ тек тезиспен қалдыруға мәжбүр болды . Көп нәрсені айта алмады . Сондықтан Абайдың Шығысы енді ғана ашылып жатыр .
4 ) кондоминиум объектiсiнiң ортақ мүлкін күнделікті күтіп - ұстауға жұмсалатын шығыстар - кондоминиум объектiсiнiң ортақ мүлкін күнделікті пайдалануға және жөндеуге жұмсалатын шығыстарға , тұрғын үй ( пәтер ) иелерінің жалпы жиналыс шешімімен белгіленген , міндетті төлемдердің сомасы ;
« Қазақстан экономикасының минералды ресурстар экспортына қатты тәуелді екені құпия емес , сол тәрізді кореялық компанияларда басқа елдерден мұнай жеткізуге тәуелді және Қазақстанның мұнайгаз секторына өте қызығушылық білдіруде . Дегенмен , біз тиімді ынтымақтастық жасай алатын басқа да бір қатар салалар бар . Қазақстанға Корея Республикасының премьер - министріні ң іс - сапары кезінде - де осындай бағыттар анықталды . Бұл инфрақұрылым , қаржы секторы , құрылыс саласы , сондай - а қ тамақ өнекәсібінде белгілі қазақстандық брэндті құрудағы ынтымақтастық , демек сонымен ауыл шаруашылығы , дә нді - да қылдар мен бидай экспорты да басымды болып табылады . Сонымен Кореяда импорт алмастыру бойынша бағдарламаға қызығушылық танытуда . Негізінен Кореяға құрылыс материалдары Қытайдан жеткізіледі . Алайда , көптеген кореялық компаниялар Қазақстанның цемент зауыты құрылысына қызығушылық танытуда . Бұған негізгі кедергі Қазақстандық заңнама болып табылады » , - деп мәлімдеді Il - Soo Kim мырза .
« Айгөлек » балалар бақшасының қазақ тобына қос қабатты есік орнатылды .
Барлық аймақтарда қалқанша безінің эндемиялық ұлғаюы ( энде мия лық жемсау ) ұл балаларға қара ғанда , қыз балаларда көбірек кезде се ді ( 45 % - 50 % ) , эндемиялық жем сау 6 - 7 жастан басталып пу бер таттық жаста барынша жоғары көрсеткішке жетеді .
КЕРЕЙ ХАН ( ХV ғасыр ) Керей хан - қазақ хандығының негізін қалағандардың бірі , Орыс ханның немересі Болат ханның ұлы . ХV ғасырдың 50 жылдарына дейінгі тарихи мәліметтерде Керей хан туралы деректер жоқ . ХV ғасырдың 50 жылдарының аяғында Керей хан Жәнібек ханмен бірге Өзбек хандығы тайпаларының бір бөлігін басқарып , Моғолстанға қоныс аударған . Моғолдардың ханы Есенбұға ( 1432 - 1464 жж . ) Шу өзенінің бойынан жер бөліп берген . Есенбұға Әбілқайыр хан билеп отырған « Көшпелі өзбектер мемлекеті » халықтарының біраз бөлігінің Керей мен Жәнібектің қоластына өтуіне қарсы болмады . Өзіне қарсы сұлтандардан саси топтың көрші болғаны үшін Әбілқайыр Моғолстанға қарсы жорыққа шығады . 1468 жылы Әбілқайыр хан кенеттен қайтыс болып жорық тоқтатылады . Әбілқайыр өлімінен кейін « Көшпелі өзбектер мемлекетінде » хан тағы үшін күрес басталды . Керей мен Жәнібектің қоластындағы тайпалар Өзбек ұлысына қайта оралған соң тақ тартысы күшейе түсті . Соғыс басталып , Әбілқайыр ханның ұлы , хан тағының мұрагері Шейх Хайдар қолбасшылары бағынбағандықтан жеңіліске ұшырады . Шейх Хайдарды жақтайтындардың көпшілігінің көзі жойылып , тірі қалғандары жан - жаққа босып , бытырап кетті . « Көшпелі өзбектер мемлекетіндегі » билік Әбілқайыр хан әулетінен Керей мен Жәнібек қолына өтті . Керей хан есімі тарихи деректерде соңғы рет 1472 - 1473 жылдары Моғол ханы Жүністің ордасына Бұрыш Оғлан сұлтан шабуыл жасаған кезде айтылады . Тарихи материалдарда Керей ханның хандық билікті ұлы Бұрындыққа бергені туралы , Керей ханның өзбек ұлысын басқарған кезеңі , оның тағдыры , қай уақытта қандай жағдайда қаза болғаны туралы нақты мәліметтер көрсетілмеген . Керей хан 1472 - 1473 жылдардағы оқиғалардан кейін қайтыс болған деп есептеледі . Л . Серғазы
- Иә , қазір Skype бағдарламасымен , алыстан отырып дәріс оқыту деген шықты . Бұрын неге шәкірттер ұстазының тізесіне тізесін тигізіп тұрып дәріс алатын болған ? Себебі , оқу барысында білмегенін сұраған , ұстазы да шәкіртінің деңгейін , ынтасын , көңілін аңдап отырып , ілім үйрететін болған . Ал енді сен басқа мемлекетте отырсын . Бұл елдің ділін , тілін білмей , шәкірттің қабылдау деңгейін зерделемей жатып , дәріс беру ел ішінде фитнә салатындай әрекет болғандықтан , айыптамаса болмайды . Интернеттегі бей - берекет пәтуаларды білсін - білмесін сіңіре беру , шетелде оқып жатқандармен қарым - қатынасы бар адамдардың хикметсіз берген дәрістерін тыңдаудың арты неге апарды ? Қара жамылып , никаб киді . . . . Елбасы кейісе , осылай жұрт көзіне оғаш көрінетіндей сипатта жүрген жастардың дінге келдім деп , сырт келбетіне мән беріп кеткеніне кейіді . Бұған заң шығарып , я жазалап жатқан жоқ қой . Президенттің азамат әм тұлға ретінде парасатты пікір білдіруіне болатын шығар енді ? Оның үстіне әйелге парыз болған киім үлгісінің де бір шарты көпшіліктің көзін тартып , назарын аударатындай болмауы керек емес пе еді ? Қазір мүфтияттың ұлттық өрнектегі әйелдер киімінің үздік үлгісіне байқау жариялап жатқанын білерсіздер . Бұйырса , осы байқаудан кейін жақсы үрдіс елге үлгі болатын шығар .
Кафедрада 050106 - « Музыкалық білім » , 050409 - « Хореография » мамандаықтары бойынша бакалавр - мамандар даярлайды және барлық сурет мамандықтарына теориялық арнайы пәндерден дәріс береді . Кафедрада 6 ғылым кандидаттары , доценттер , 2 Абай атындағы ҚазҰПУ - нің доценттері және аға оқытушылар еңбек етеді . Кафедраның оқытатын пәндері - бейнелеу өнері тарихы мен теориясы , - Қазақстан өнер тарихы , - бейнелеу өнерін оқыту әдістемесі , - сызуды оқыту әдістемесі , - инженерлік графика , - сызба геометрия және перспектива , - сызу негіздері , - машина құрастыру сызуы , - музыка теориясы негіздері , - полифония , - сольфеджио , - муызкалық шығармашылыққа талдау , - қазақ және шет ел музыкасыныңтарихы , - музыкалық білім әдістемесі , - концертмейстр класс , - хор класы , - негізгі музыкалық аспап , - хор жүргізу , - қосымша музыкалық аспап , - отандық және шет елдік хореография тарихы , - классикалық бидің теориясы мен оқыту әдістемесі , - музыка теориясы , - музыка тарихы , - қазақ биінің теориясы мен оқыту әдістемесі , - ритмика , - би композициясы , - хореографиялық ұжыммен жұмыс істеу әдістемесі және т . б .
Балаларды қорғаудың халықаралық күні кеше еліміздің түкпір - түкпірінде « Біз бір командамыз » акциясының аясында ерекше салтанатпен тойланды . Өскемен қаласындағы Республика алаңында 1500 оқушының қатысуымен өткен « Шығыстың шуақтары - 2010 » атты облыстық гала - концерт пен флеш - моб акциясына облыс Әкімі Бердібек Сапарбаев қатысып , облысымыздың жас тұрғындарын төл мерекелерімен құттықтады . - Бүгінгі мейрам бізге , үлкендердің есіне жас ұрпақ үшін жауапты екенімізді тағы бір еске салды . Біз сіздердің бақытты да дені сау болып өсулеріңіз үшін аянбай қызмет етеміз . Өйткені сіздердің егемен Қазақстанның мақтанышына айналар білімді әрі рухани дамыған тұлға болып қалыптасатындарыңызға сенеміз . Барлықтарыңызға оқуда , шығармашылықта табыс тілеймін және алға қойған армандарыңыз жүзеге ассын , - деді аймақ басшысы өзінің құттықтауында . Осы күні облыс орталығындағы барлық алаңдар , саябақтар мен аллеялар бүлдіршіндер күлкісінің сыңғырына тұнып кетті . Концерттік бағдарламалар , театрландырылған қойылымдар , викториналық ойындар , спорттық жарыстар дейсіз бе , осылардың барлығы да бөбектеріміздің мерекесіне ерекше рең беріп , салтанаттың ажарын аша түсті . Бұл шараларға екі мыңға тарта балғындар тартылып , төл мейрамдарын шат - шадыман көңіл - күймен қарсы алды . « Сәулетай » саябағында асфальтқа сурет салу арқылы өз өнерлерін танытқан мектеп жанындағы лагерьлердің жүзден астам оқушысын « Оранжевый слон » жарнамалық агенттігі сыйлықтармен марапаттады .
Менің атыма қарапайым халық өкілдерінен , қоғамдық ұйымдардан 2011 жылдың 3 - сәуірі күні өтетін кезектен тыс Қазақстан Республикасының Президенті сайлауына кандидат боп тіркелуге шақырған ұсыныстар түсе бастады . Ондай ұсыныстар баспасөз беттерінде де , интернеттерде де жариялануда . Барша тілеулес жандарға шынайы ризашылығымды білдіре келіп , мынадай мәлімдеме жасағанды жөн санап отырмын .
Біз әңгімеміздің басында « Қасымның махаббат лирикасы сезімге жан бітірген Мағжан поэзиясының заңды жалғасындай болып елестеді » деген едік . Шынында да Қасымның махаббат жырларында сол кезеңде туған ақындардың өлеңдерінде кездеспейтін , ешкімге ұқсамайтын ерекше бір қасиет бар . Турасын айтсақ ақынның махаббат лирикасындағы сезім бұлқынысынан , ойдың ағысынан Мағжан поэзиясының нұрлы сәулесінің шұғыласын сезгендей боласыз , ішкі үндестікті аңғарасыз . Қасымның махаббат жырлар \ ының кезінде көп сынға ұшырауының басты себебі де осында жатқан жок па екен ? . . Әйтпесе , олардың тек Қасым дүниеден өткеннен кейін ғана , үлкен даумен кітабына енгізілгенін қалай түсінеміз ? Тырнақ астынан кір іздеген сол уақыттағы көптеген жандай - шаптар аяулы ақынға көзі тірі кезінде қиянат жасады , өлеңдерінің басылып шығуына кедергі келтірді . Біз оқырман түгіл әдебиетшілердің өзі атын жақсы біле білмейтін олардың атын атап , түсін түстегіміз келмейді . Уақыт өзі - ақ кімнің кім екенін дәлелдеп , бәрін орын - орынына қойып береді емес пе . . Мағжанның махаббат лирикасын еске түсіретін Қасымның мына бір өлең жолдарындағы ою - өрнектердің мәніне назар аударып көріңізші :
- Сол сүйектің бар - жоғын анықтап берген кім және ол денені кім көрді ? Бір - екі жігіттің " Қазақ әдебиетіне " шыққан мақаласын оқығаным бар . Өзі өтірікке бейімделген нәрсе « ылғи да жұмбақ және құпия » болып келеді . Олар Кенесарының сүйегін қайдан тапқанын , қайда көмгенін , қалай әкелгенін , бәрін құпия ұстайды . Оның басына белгі орнатып , халық игілігіне жаратуға мүмкіндік жасамаса , оны неменесіне іздеген . Кенесарының дене сүйегінің табылуы өте қиын . Қазақта кездейсоқтық , жолы болғыштық деген ұғым бар ғой . Есіктегі Алтын адам да кездейсоқ табылды ғой . Сондай бір жағдайда ашылып қалуы мүмкін . Мұны да Омбыдағы архивтен бажайлап қарап шығу керек . Үш - төрт адамдық тұрақты топ құрып , екі - үш жылдық бағдарлама жасап іздесе , бас сүйектің шешімін табуға болады . Қайталап айтамын , бассыз дененің табылуына кездейсоқ оқиға ғана көмектесе алады . Кездейсоқ деректер де табылып қалуы мүмкін . Мысалы , Омбыға бас сүйекті апарған адам Қалығұл Горчаковқа есеп бергенде , оның денесін қайда көмгенін айтпай ма ? Қырғыздың үш болысы билікке таласып , Алматыға келіп , Кенесарының бас сүйегі мен денесі туралы мағлұмат берген . Сол есеп қайда ? Архивтің бір жерінде жатыр . Бұның бір сәті түссе , орайы келуі мүмкін .
Қазақстандықтардың өмірлік деңгейін жоғары көтеруді қамтамасыз ету арқылы еліміздің гүлденген мемлекетке айналатынына сенімдімін .
Әй мүміндер ! Уәделеріңді орындаңдар . Сендерге ыхрамда аңды халал санамау шартымен , сендерге түсіндірілетіндерден басқа хайуандар халал қылынды . Күдіксіз Алла не тілесе оны әмір етеді . ( 1 )
Үшіншісі , Қазақстан , Өзбекстан , Қыр ғыз стан , Түркіменстан , Тәжік стан ның газет - журналдары мен « Известия » , « Правда » газеттерінен жи наған ақ парат - конспект ( 1930 - 1939 ) дәптер лері және Кеңес Одағы мен жоғарыда атал ған рес публикалардың орталық рес ми басы лым дарынан алын ған газет қиын дылары қайрат кердің Түр кі стан өңірінде болып жатқан оқи ға лардан хабардар болып отырғанды ғынан хабар береді . Осы жерде айта кетуіміз керек , М . Шоқай олардың кейбіріне белгі соғып , өзінің жеке пікірін жазып отырған .
2 . Әл - Хорезми еңбектерінің ғылым тарихындағы маңызы .
2011 жылдың 28 мамырында әл - Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің . . .
Екі күннен бері әжептеуір сырқатпын . Кеше ыстығым тіпті жоғары болды . Соның өзінде : « Брянские леса » деген өлеңімнің басын жазып қойған едім , бүгін аяқтағалы отырмын .
- Балам , қазақ : Жаман қатын , жас баланың көз жасы мен мұрын боғына қалма - дейді , егіз қозыдай өскен екі немеремнің екі жерде жаутаңдап жүргенін көргеннен көрге кірген оңай емес пе ? ! - дедіңіз . Қанша қайраттансаңыз да шешем екеуіңіздің жанарларыңыз шарасын жуып алды . Мен сіздің алдыңызда екінші рет ауыз ашқан емеспін .
2 . Осы қаулы алғаш ресми жарияланған күнінен бастап күшіне енеді .
- Рас , - дедi Қоқым , - қорқып қашқан кезде итке де жеткiзбей кететiнiм бар . Бiрақ , мен полициядан емес , дәу алабай төбеттен қаштым . Мiне , иманым , мiне , жаным , сотканы алып қашайын деген ой менде болған жоқ .
1 . Объектіде жұмыс орындау уақытын және ауысымаралық демалыс уақытын қамтитын кезең вахта болып есептеледі . 2 . Вахтаның ұзақтығы күнтiзбелiк отыз күннен аспауға тиiс . Теңіз кемелері экипаждарының мүшелері үшін қызметкердің келісімімен вахтаның ұзақтығы күнтiзбелiк бір жүз жиырма күнге дейін ұзартылуы мүмкін . Ескерту . 212 - бап жаңа редакцияда - ҚР 2010 . 12 . 28 N 369 - IV ( алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі ) Заңымен .
деген сөздерін тебірене оқып , тереңіне ойлана үңілеміз . Ақтарыла сыр ашқан атақты « Ғалиға жауаптан » алынған бұл шумақтан әлдекімнің жат , суық , сұрқай сұлбасы да елес береді .
Репортаж жазып шығу оңай шаруа еместігін журанлисттер жақсы түсінеді . Кейде материял дайындау барысында кейбір деректерді нақтылау керек болғанда , ақпаратты алған адаммен хабарласу мүмкін болмайды немесе жұмыс орынында болмай шығады . Іссапар жүрген кезде репортердың ақшасы , уақыты таусылып немесе күш - жігері сарқылады . Міне осы кезіккен қиындықтармен күресу үшін жеңіске деген құштарлық көмектесуі мүмкін .
Оу , ағайын ! Өзің арақ ішесің , өтірік айтасың , сақалды басыңмен жас қызға қырындайсың , халықтың несібесін ұрлайсың … содан кейін , балам ақылымды алмайды , айтқан сөзіме көнбейді , деп қалай айтасың ? !
Таяуда қаламыздағы Орталық Көрме залында Алма ты қаласы әкiмдiгi , қалалық Жастар саясатын дамыту мем лекеттiк қоры , « Артек » жарнамалық агенттiгi және Орталық көрме залының « Көркемөнер көрмеле рiнiң және аукциондарының дирекциясының » қолдауы мен жас суретшi Айжан Сәрсенбаеваның жеке көрмесi ұйымдастырылды .
Туған елге деген құрмет үлкенді сыйлау , кішіге ізет білдіру , сондай - ақ мәдениеттілікке бет бұрумен де қалыптасады . Хадисте :
Жаңыбыр жауса " Жаушы жаңбыр , жаушы жаңбыр ! Менің әсем далама . Жаушы жаңбыр , жаушы жаңбыр әсем менің қалама " деп әндетіп
" Егемен Қазақстан " : Тұл ға лар тұғыры " бөлімінде газеттің алғашқы саны шыққан сонау 1919 жылдан бастап күні бүгінге дейінгі газет редакторларының суреттері , өмірі мен қызметі туралы мәліметтер және олардың негізгі еңбектері кеңінен қам тылып , жүйеленген . Бұл бө лімнен газеттің барлық бас ре дакторлары туралы мәліметтер алуға болады : Халел Есенбаев , Тәмимдар Сафиев , Бернияз Кү леев , Смағұл Сәдуақасов , Жүсіпбек Аймауытов , Мұхтар Әуезов , Әбдірахман Байділдин , Бейімбет Майлин , Сәкен Сейфуллин , Молдағали Жолдыбаев , Тұрар Рысқұлов , Ораз Жандосов , Ораз Исаев , Ғаббас Тоғжанов , Айт мұхамед Мусин , Ғабит Мүсірепов , Жанайдар Сәдуақасов , Жүсіпбек Арыстанов , Сақтаған Бәйішев , Әмір Қанапин , Балтабек Асанов , Қасым Шәріпов , Ғұмар Аққұлов , Кеңесбай Үсебаев , Ұзақ Бағаев , Сапар Байжанов , Балғабек Қы дырбекұлы , Көрік Дүйсеев , Шер хан Мұртаза , Әбіш Кекілбайұлы , Нұрлан Оразалин , Уәлихан Қа лижанұлы , Ержұман Смайыл , Сауытбек Абдрахманов сынды қайраткерлер түгел қамтылған .
Қазақ - жігерсіз , ынжық ха лық емес . Ғасырлар бойғы шап қыншылық пен соғыстар дың зар дабын шеккен , шың далған , талай жеңістерге де жетіп тағылым ал ған жауынгер халық . Өзі еш ха лыққа да қи сынсыз тиісіп , жауы ғып , зәбір көрсетпеге німен , тағ дыр дың тәл ке гін көріп , тақсы ретін тарта жүріп , елін , жерін қорғауға талай жылдарын рәсуа еткен . Шыңғыс хан , жоң ғар шап қын шылықтары , Қытай , Ресей отар шылықтары ғасырла рында қазақ даласы қан майдан алаңына айналған . Саяси нәу бет , аштық , лағып елінен кету дің өзі - ірі зарлы хал .
« Нұр Отан » ХДП « Жас Отан » жастар қанатының бастамасымен « Жастар кадрлық резерві » атты байқау өтті . Аталмыш мемлекеттік бағдарлама болашақта ел басқаратын жастарды тәрбиелеу мен іздеуді мақсат еткен .
2010 жылдың қазан айының 7 - сі . Кешелі - бері мұнда ұлы Абайдың дүниеге келгеніне 165 жыл толу мерекесіне орай Алматы мен Астанадан , көршілес қырғыз елінен меймандар ағылып келіп жатыр . Сол қонақтардың арасында Қазақстан Республикасы мемлекеттік сыйлығының лауреаты , белгілі жазушы Қалихан Ысқақов ағамыз да бар . Сол жолғы сұхбат қоңыр шоколадтай кішкене диктофонға жазылған қалпы қағазға түспей неше ай жатып [ . . . ]
Мемлекеттік егемендік туралы декларацияның тарихи маңызы республиканың мемлекеттік егемендігіне нақты мазмұнын бергені , көп ғасырлық тарихы , мәдениеті мен қалыптасқан мемлекеттік - құқықтық дәстүрлері бар Қазақстанның өз мемлекеттігін белгіледі .
5 . 7 . ЖС қабылдау жүйесінің қабылдау антеннаның шығысындағы шуыл температурасының өсуі
- Айта көрме ! Америкадай алпауытты жетпіс жеті атасынан тізіп балағаттаған « бұзықты » кім жолатсын ? « Халықаралық дәрежедегі қауіпті адам » деген қоңырауым бар ғой . Оның қасында « халық жауы » деген айналайын екен . Қоғамнан біржола аластап жібермегеніне шүкір . Ақорда , Көкордалардың дәлізінде менің « қылмысым » ашыған нандай күмпиіп , аңызға бергісіз боп тұрды .
1 қараша күні ІІМ Жол полиция комитетінің ғимаратында жол қауіпсіздігі мәселелері жөнінде брифинг өтеді .
Кішкентай адам - ең кекшіл адам . Ж . Аймауытов пен Х . Ғаббасов « Кене » , « Бүрге » деп атаған Николай Ежов 1923 жылы Семей губревкомының төрағалығына тағайындалып , С . Сәдуақасовтың жіберген қателіктерін « түзеуге » жіберілді . Голощекиннің тұсында Қазақ өлкелік комитетіне ауысып , саяси бақылауды қолына алды . Ал жиырмасыншы жылдардың соңында ОГПУ - дiң тегеурiндi тiзгiнiнiң ұшы тиiсiмен « Кене » мен « Бүрге » деген ат қойғаны үшін « семейлiктерден » кегiн алуға ұмтылды . Смағұлды астыртын арандатумен болды және соңына аңду қойды . Смағұл мен Мұхтардың арасына « Қалам » - Әбдiрахман Байдiлдин сияқтыларды сына етiп қақты . Ә . Байділдин : Мұхтар мен Смағұл Колчакқа қызмет еттi , - деп баспасөз арқылы жария айып тақты . Іле 1929 жылдың маусым - шілде айларының дүбарасында Әбдiрахман Байдiлдиннiң өзiне де :
Көп ұлтты және көп конфес сиялы , мәдениетаралық және өр кениетаралық үнқатысуды жақтай тын мемлекет ретінде Қазақстан ұлтшылдықты , діни төзбеушілікті , расизмді , ксенофобияны және антисемитизмді тиімді еңсеру үшін ЕҚЫҰ әлеуетін белсене пайдала ну ды жақтайды .
- Қазнетте қазақша ресурстарды дамы та тын қауым бар деп есептеймін . Тек соларды дұрыс үйлестіретін арнайы бір бейресми ұйым қажет секілді . Әрі сол ұйымның бір ден - бір жұмысы қазақша контентті өз бетінше дамы тып жатқандарға қаржылай және тех никалық қолдау көрсету болса , іс жыл дамырақ алға басар еді . Үлкен кедергінің бірі - Қазнеттегі қазақша контентті дамытуға пейілді орта өз ішінде бірін бірі әлі де дұрыс танымайды . Сондықтан іс жүйелі түрде жүргізілмей отыр .
Әдемі сурет екен , кабинетке асып қоюға тұрарлық екен …
Қазақ баспасөзінің лексиконында қашаннан қалыптасқан « Шерханның шекпені » деген ұғым бар . Тәлім беруі жағынан теңдесі жоқ бас редактор Шерхан Мұртазаның мектебінен өткендер : « Шерағаңның шекпенiнен шықтық » , - деп желпінеді . Желпінетіндей жөні бар . Бәрі де бәйге атындай жарап тұр . Ылдиға салса , төске озады . Қос ат мініп қусаң да жеткізбейді . Руханиятымыздың қара нары саналатын осы айбарлы ағамыздан кейін бас редакторлық болмысы бөлек тағы бір тұлғаның есімі ерекше аталады . Ол - сырбаз суреткер , қажырлы қайраткер , батыл басшы Сейдахмет Бердіқұлов . Әдебиетіміздің айбынды ақсақалы Әбділда Тәжібаев : « Өнердегі батылдығың қайтпасын , батыр інім ! » - деп бата берген Сейдағаңның ерлігі мен өрлігі туралы мысалдар жетіп - артылады . Шерханның шекпенінен шыққандар секілді Бердіқұловтың бешпентінен өргендер де шетінен жүйрік болды . Олардың қай - қайсысы да бүгінде ақпарат пен әдебиет әлемінің шаңырағына бір - бір уық болып қадалды . Шерағаңның шекпені де , Бердіқұловтың бешпенті де қазақ баспасөзіне құт әкелді .
Айымбет қорым , Ақтау - Қаражанбас трассасының 60 - шы км - i тұсында , солтүстік - батыс бетте 2 км жерде .
Әлеуметтік көрсеткіштердің назар аударарлық тұсы - қалалықтардың тұтынушылық - сатып алу қабілетінің төмендеуі және халықтың тұрмысы тәуірлері мен кедей топтарының арысындағы елеулі айырмашылық . Оңды тұрмыс кешіп жатқандар 2 , 5 пайызға азайса , кедейшілік шегінде тұрғандар 7 , 3 пайызға көбейген .
Мен онымен алғаш рет 2000 жылы мамыр айында Атырау қаласында таныстым . Облыс әкімінің орынбасары әрі аппарат жетекшісі Тауфик Каримов маған телефон шалды :
Атырау облысының Индер ауданында туған . Қазақ политехникалық институтын ( қазіргі Қаныш Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық университеті ) , Илья Мечников атындағы Одесса мемлекеттік университетін бітірген . 1988 - 1990 жылдары - Қазақстан ЛКЖО Индер аудандық комитетінің бірінші хатшысы . 1992 - 1997 жылдары - « Алтын арман » мекемесінің техникалық директоры , « Динда » шағын мекемесінің директоры , « Лейла » шағын мекемесінің коммерциялық директоры , « Байбосын » шағын кәсіпорны директорының орынбасары . 1997 - 1999 жылдары - Атырау облысы әкімі аппаратының сектор меңгерушісі , бас инспекторы . 1999 - 2004 жылдары - « Алтел » ЖАҚ Атырау филиалының директоры , « Азия Групп » ЖШС - інің менеджері , « GD Consulting » ЖШС - інің менеджері . 2004 - 2006 жылдары - Атырау облысы әкімі аппараты бастығының орынбасары . 2006 жылы - Атырау облыстық Экономика және бюджеттік жоспарлау департаментінің директоры . Қазіргі қызметінде 2006 жылдың тамыз айынан бастап істейді . 1999 - 2003 жылдары Атырау қалалық мәслихатының депутаты болған және 2007 жылғы тамыз айынан - Атырау қалалық мәслихатының төртінші шақырылымының депутаты болып табылады .
16 ) электрондық құжат - өзіндегі ақпарат электрондық - цифрлық нысанда табыс етілген және электрондық цифрлық қолтаңба арқылы куәландырылған құжат .
- Бүркіт аға ! Сізге денсаулық тілеймін ! Мен сұрақ қоймаймын , тек мына жәйтті анықтап білгім келеді . Сіз басқарып отырған институтта орынбасарыңыз Хангелді Әбжән деген тарихшы кісі қолайына жақпай жүрген 3 жігітті және бір қызды жұмыстан шығарғысы келіп жүрген екен . Заңсыз шығара алмайтындықтан тек ауызша айтып жүрген көрінеді . Егер оларды шығарғысы келсе , о баста неге алды Хангелді ағамыз жұмысқа ? Үш айлық сынақ мерзімнен толық өткен адамдарды қалай күресінге тастай салуға болады ? ! Олар да бала - шағасын асырап отыр ғой . Ең болмаса солардың көз жасына қаламын деп қорықпайсыз ба ? Егер Х . Әбжән оларды жұмыстан шығару керек деп сізге бұйрықты әкеліп берсе , Сіз ойланбастан қол қоя бересз бе ? Мына заманда жұмыс табу деген оңай емес қой . Ең болмаса сіздерде жұмыс істеп , бізді асырап отырған адамдарды қуу бізге оңай соққы болып отырған жоқ . Немесе бұл әңгіме өтірік пе ? Менің туысыма әдейі айтылған қоқаң - лоққы ма бұл ? Қалай болғанда да жайдан жай айтыла салмаған өсек деп ойлаймын . Енді бұларды қашан жұмыстан шығарып жібереді екен деп күнде алаңдап , Алладан жәрдем сұрап отыратын болдық . Қымбатшылық заманда жаныңыз ашыса болады ғой , аға ! Егер менің туысым жұмыстан шықса , анау 3 адамда жұмыстан шықса амал жоқ мен барлық жерлерг барып арыздануға тура келеді . " Жас Алашқа " жазамын . Біз сияқты сіңірі шыққандардың қорғанышы " Егемен Қазақстан " емес , осы газет қана болып отыр бұл күнде . Соңғы сөз өзіңізде Аға !
Қазақстан Республикасы Әділет Министрінің 2001 жылғы 24 тамызындағы " Қазақстан Республикасының әділет органдары қызметкерлеріне мемлекеттік тілді оқыту және мемлекеттік тілді білу деңгейін тексеру қағидалары туралы " № 105 бұйрығына сәйкес , оқу жылының қорытындысы бойынша қазақ тілі сабағына қатысушылардың жыл бойы алған білім деңгейлерін анықтау және мемлекеттік тілде құжаттар әзірлей алатын қызметкерлерді анықтау , қажет болған жағдайда әділет органдары қызметкерлеріне әдістемелік көмек көрсету мақсатында емтихан , сауалнама жұмыстары жүргізілді .
Download XML • Download text