kaz-44
kaz-44
View options
Tags:
Javascript seems to be turned off, or there was a communication error. Turn on Javascript for more display options.
Бүгінде хабарларын тәулік бойы тарататын Қазақ радиосы - еліміздің ең ірі жүйесі болып табылады . Біздің Ұлттық арна республика радиотыңдаушыларының көп бөлігін қамтып қана қоймай , одан тысқары жерлерге де , Ресей мен Қытайдың , Өзбекстан мен Қырғыстанның шекаралық аймақтарына жетеді . Сондай - ақ , « Шалқар » Ұлттық арнасының хабарлары еліміздің ірі қалаларына таратылады . Ал , қазіргі кезде интернеттегі парақшамыз арқылы Қазақ радиосының хабарларын онлайн режимінде тыңдауға болады .
- Дегенмен , өзге ұлттың өкіліне тұрмысқа шық қаныңызға байланысты қиындықтар кездесті ғой ?
Қала әкімдігі еңбекақысы төмен азаматтардың , ең алдымен , зейнеткерлер , мүгедектер , көпбалалы отбасыларға әлеуметтік көмек көрсету бойынша іс - шаралар жүргізуде . Оның бірі - негізгі азық - түлік : нан , ұн , қант , өсімдік майы , көкөніс , ет өнімдерінің бағасын тұрақтандыру .
АСТАНА . 28 шілде . ҚазАқпарат - Алматы облысының Әуезов ауданында бүгін түнде 4 қабатты тұрғын үйдегі пәтерден өрт шықты , деп хабарлады Төтенше
2013 жылы Украина Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық жөніндегі ұйымға төрағалық ететін болады . Мұндай шешімді ЕҚЫҰ - ға қатысушы 56 мемлекеттің сыртқы істер министрлері консенсус негізінде " тыныштық рәсімі " арқылы қабылдады .
Міне , әр сөзден юмор табу деген осы болады .
- құрылым көрсеткіштері - жыныстық және жастық құрамы ;
Өкінішке орай сан ғасыр аман сақталып келген асыл қазына Қытайдағы мәдениет төңкерісі атты ланда өртке түседі . Жойқын қолжазбаның түпнұсқасының солай 1905 беті ғана қалады , арасындағы 3655 беті өртеніп , жойылып кетеді .
Профессордың айтуынша , соңғы жылдары Батыс Орталық Азияның стратегиялық маңыздылығын ұғына бастады . Бірақ қатардағы оқырман мен студент үшін ағылшын тілінде жазылған қолжетімді әдебиет жоқтың қасы . « Мен дәл осы кемшіліктің орнын толтыруға тырыстым . Кейде , телебағдарламаларды көріп отырғанда немесе газет мақалаларын оқығанда , қоғамдық пікірталасқа қатысушы көптеген американдық шешендер географияны , шекаралардың және елдердің пайда болу тарихын , мәдениетін білмейді ме деп қаламын .
8 . Халықаралық шартқа немесе халықаралық шарттың жобасына ғылыми сараптама жүргiзу үшiн сарапшыларды iрiктеу Қазақстан Республикасының мемлекеттiк сатып алу туралы заңнамасында көзделген тәртiппен жүзеге асырылады . 9 . Ғылыми сараптама жүргiзудiң тәртiбi мен шарттары Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сараптаманы ұйымдастырушы мен сарапшы арасында жасалған азаматтық - құқықтық шартта және еңбек шартында ( бұдан әрi - шарт ) белгiленедi .
« Отырыс барысында Еуроодақтың 27 елінің өкілдерінен тұратын ЕК Ұшу қауіпсіздігі комитетіне Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі Азаматтық авиация комитетінің есебі ұсынылды . Ағымдағы жылғы 20 сәуірде ЕК « қара тізімінен » Қазақстан Республикасының авиациялық жұмыстарды орындайтын қосымша 9 әуе кәсіпорнын шығару туралы шешім қабылданды » , - деп көрсетілген хабарламада .
Мемлекеттік органдардың стратегиялық бағыттары мен мақсаттарын іске асыру жөніндегі іс - шаралар
Адамдардың көпшілігі таяу уақытта аздап болса да , нақтылы нәтижелерді сезінбейінше , олардың ұзақ мерзімді мақсаттар мен жақсы деген уағдалардың өзіне сенімсіздікпен қарары анық .
- Әй , қайдам , заман да , адам да өзгеріп барады ғой , тек нанды қадірлеңдер ! - деп шегелей ескертті .
Сөйтіп оған кәпірлермен соғысудан бас тарту бұйырылған еді , өйткені олардың біреу болса да өлтірілсе , кәпірлер барлық мұсылмандарды опат қылар еді . Мұсылмандар өмір сүріп жатқан елдердегі адам өлтірулер , мұсылмандардың өлтірулеріне әкеп соғады , ал бұл қазір де орын алып жатыр . Мұның Ислам шақыруына ешбір қатысы жоқ және де ол Аллаһ жолындағы джихад болып табылмайды . Мұсылмандарды қайғы - қасіреттің қойнауына тастап жатқан жарылыстар туралы да осыны айтуға болады » .
Қарабалина Бақыт ( 1939 - 1991 ) - домбырашы . Қазақстанның халық артисі . Құрманғазы атындағы Алматы мемлекеттік консерваториясының профессоры . Атырау облысында туған . 1965 жылы Құрманғазы атындағы Алматы мемлекеттік консерваториясының халық аспаптар факультетін ( А . Жұбанов пен Л . Мұхитовтың класы бойынша ) бітірді . 1960 жылдан бастап , Құрманғазы атындағы қазақтың мемлекеттік академиялық халық аспаптары оркестрінің домбырашы - солисі . Оркестрдің құрамында ол әлемге қазақтың домбыра музыкасының сұлулығын танытты , көптеген елдерде өнерлік іссапарларда болды . Ол қазақтың халық композиторлары : Құрманғазының , Сейтектің , Дәулеткерейдің , Мәменнің , Қазанғаптың күйлерін орындаушы . Бақыт Қарабалинаның орындауында күйлер ерекше тереңдігімен айрықшаланады . Оның репертуарында қазақ және шетелдік композиторлардың шығармалары бар .
Аят : « Сондай - ақ Аллаһтық мәкірінен ( қаһарынан айласынан ) аман бола ала ма ? Аллаһтың мәкірінен зиянға ұшырайтын ел ғана қобалжымайды » . ( 7 : 99 ) Яғни Аллаһтың жолында жүріп сауап істерді істеп жәннат амалын қылып жүріп , тозақтан қорықпау , ол туралы ойланбау , бұл Аллаһтың мәкірінен қорықпауға жатады . Өйткені біздің жүрегіміз Аллаһтың қолында жүрегімізді өзгертіп жіберіп тозақ амалын қылдырып қоюы ол мүмкін болған нәрсе .
ҚР Үкіметінің « Аэроклубтар туралы үлгі ережені бекіту туралы » № 399 Қаулысы шықты
Түрмеден шыққанда телефонын sim - картасымен бірге жанындағыларға тастап кететін көрінеді . Содан sim - картадағы бір нөмірлерге немесе кез - келген нөмірге хабарласып , танысады . " Қарапайым адамдармен сөйлескім келеді " дейді соңғы хабарласқан адам . Әрине , бәрін түсінемін . Бірақ , кешірерсіздер …
10 . Орта жүз биі , қызыл тіл өнерінің көрнекті өкілі :
Өткен жылы Қазақстан Ұлттық Ғылым академиясының академигі , филология ғылымдарының докторы , профессор , аса көрнекті әдебиет сыншысы , энциклопедист - ғалым , ұстаз , публицист Мұхамеджан Қожасбайұлы Қаратаевтың туғанына 100 жыл толды . Осыған орай қазақтың асыл сөзін бүгінгі күнге жеткізуге аса зор үлес қосқан алып тұлғаның елге сіңірген еңбегі мен есімін өшірмей , алдағы жарқын болашаққа апару мақсатында ғалымның келіні бір кісідей тер төккен екен . Батыр Бауыржан Мо мыш ұлы ның келіні Зейнеп апа Ахметова , ақиық ақын Мұқағали Мақатаевтың ке ліні Бақытгүл Айдаровалар сияқты әдебиет сыншысы М . Қаратаевтың да келіні Жәмила Құланбайқызы ата мұрасының сақталуы үшін көп жылдардан бері еңбек етіп келеді . Осы орайда Жәмила апаймен дидарласып , әңгімелескен едік . - 2002 жылы жарық көрген « Ұрпақтар сабақтастығы » атты Сіз жазған кітапта Қаратаевтар әулетінің барлық тіршілігі , отбасының сақтайтын жарасымды дәстүрі , ұстанатын қағидасы жан - жақты қамтыл ғанын көріп , қайран қалмасқа шарам қалмады . Үлкен жанұя ның ұйытқысы болып отырсыз , ендеше , өткен шаққа аз - кем саяхат жасасақ қайтеді ? - Атаның өз ұлдарына қойған аттары болушы еді . Мысалы , Қайсарды - Нәркес , Мирасты - Қоқай , Мирланды - Тапал , ал мені Тоты деуші еді . Жәмила апай артта қалған өмірді аса зор сағынышпен еске алып , тебірене отырып әңгімесін бастады . - Атаның көзі тірісінде қағаз дарына , басқа да жұмыстарына еш араласқан емеспін . Ал көзі кеткен соң қалған нәрселеріне ие болу керек болды , мұрасының бейберекет шашылып кетпеуін қадағаладым . Ата қайтыс болған кезде енемнің қасында сүйеніш , сырлас бола білген ұлы ғалым Қаныш Сәтбаевтың күйеубаласы Оразай Батырбекұлы болды . Ол кісінің мәдениеттілігіне , білімдарлығына сөз жоқ . Өмірде кездесетін сын сағаттарда осындай жаны ізгі , ниеті түзу адамдардың бар екенін білу өте маңызды деп санаймын . Өйткені Оразай аға атаның балаларына қазіргі күнге дейін қолынан келгенше ақыл - кеңесін , қамқорлығын көрсетіп келеді . Менің қайын атам , яғни Мұхамеджан Қаратаев 1934 - 36 жылдары Ленинградтың мемлекеттік тарих , философия және әдебиет институтының аспирантурасында оқып , « Пушкин және Абай » деген тақырыпта кандидаттық диссертация жазуға кіріскелі жүргенінде , небәрі өндірдей 27 жасында Алматыға , Қазақстан Жазушылар одағы басқармасының жауапты хатшылығы қызметіне шақырылады . Атаның өмірбая нында 1938 жылдан бастап 1955 жылға дейін үзіліс бар . Яғни сол кездегі мемлекеттік саясаттың қазақтың өсіп келе жатқан зиялыларына жасаған жауыздығы мен қиянаты орасан зор . Ағайынды жеті ұлдың үлкені болған Мұхамеджан атамыздың балалық шағы да , есею , ержету кезеңдері де қиындықтарға толы . Мәселен , анасынан он жасында , әкесінен он үш жасында айырылғаны аздай , Мұхамеджан Қаратаевтың өмірбаяндық деректерінде кеңестік жүйедегі зұлмат саясаттың тепкісін көп көргендігі баяндалады . Ол алдымен 8 жыл Краснояр өлкесінде ( 1938 - 1946 ) , 5 жыл Жамбыл облысында ( 1946 - 1951 ) , 4 жыл қайтадан Краснояр өлкесінде ( 1951 - 1955 ) айдауда болған . Осы қиын - қыстау кезеңде Мархума енем Сібірге жан - жарын іздеп барып , қияметтің қыл көпірінен қол ұстасып бірге өткендігі - қазақ әйелінің адал махаббатының , қайсарлығының үлгісі деуге болады . Қазақтың бетке шыққан қаймақтарын қалқып алып , қудалау , түрмеге қамау , жәбір көрсету , жұмыстан шеттету , жер аудару сияқты сол кездегі үкімет жасаған сұрқия істердің бәрін ол кісі осылайша бастан кешірді . Екі рет ұсталып , он жеті жыл бойы қырғын қияметтің зардабын кешкен адамның бар жазығы - туған халқын бар жан - тәнімен сүйгендігі , елінің өркендеуі , жерінің көгеруі үшін жанталаса күрескендігі еді ғой . Жалпы , менің әкем Құланбай да , енемнің атасы Жүсіп те кезінде қажылыққа барған жандар болғандықтан , біздердің бәріміз де имандылық жолды берік ұстайтынбыз . Ата қайтыс болардың алдында үлкен баласы Қайсардың әйелі Рима дүние салды . Әлі күнге дейін абысынымды жоқтап , аза тұтамын . Он бір бала көтеріп , солардан қалған жалғыз ұл Медетін аялап өсірген Рима денсаулығына байланысты өте көп азап шеккен болатын . Иә , Қаратаевтар шаңыра ғын осыдан кейін қайғы бұлты әбден торлапты . Он жылдың ішінде алты адамнан айырылу қандай ауыр десеңізші . - Атам өз ұлдарын әкімші лік , басшылық жұмыстардан қақпайлап , көбінесе ғылымға , зерттеу жұмыстарына бағыттап тәрбиелеген еді . Сондықтан да үлкен ұлы Қайсар медицина ғылымдарының кандидаты болды . Қазақтың онкология институтында изотоп бөлімінің меңгерушісі болып өмірден озғанша еңбек етіп кетті . Мирас техника ғылымдарының кандидаты , Алматы теміржол институтында , ал Мирлан философия ғылымдарының кандидаты , жоғары оқу орындарында сабақ берді . Еншіміз бөлек болса да , қазан - аяғымыз бөлінбеген тату - тәтті шаңырақта өмір сүрдік . Үшінші ұлы Мирлан мен келіні Ғайни екеуі аталармен он үш жыл бірге тұрды . Өкінішке қарай , атаның балалары дүниеден озды . Ата қайтыс болғанда 1960 жылы жазып кеткен қол жазба күйіндегі 30 - ға жуық күнделіктерін көрдім . Соларды сақтау , бір жүйеге келтіру құрметіне ие болғаным үшін өзімді бақытты сезінетінім бар . Айтса айтқандай , М . Қара таевтың « Бетбұрыс белестері » атты кітабы қолжазба қалпынан дайындалып , « Алатау » баспасынан 2005 жылы , ал « Ғасырлар үндесуі » таңдамалы шығармалар жинағы 2006 жылы мемлекеттік тапсырыспен жарық көрген екен . Сондай - ақ « Сырдария кітапханасы » сериясымен « Көргендерім мен көңілдегім » ( 2009 ) және « Ана тілі » баспасынан мерейтойлық әдебиет сериясымен таңдамалы шығармалар жинағы 2010 жылы филология ғылымдарының докторы , профессор Құлбек Ергөбектің алғысөзімен басылып шықты . Мұхамеджан атаның 100 жылдық мерейлі тойы салтанатты түрде өткізілуін өтініп , ресми орындарға отбасы тарапынан хат жазуды ұйымдастырып жүрген де Жәмила Қаратаева екенін айтпасқа шарамыз жоқ . 2010 жылдың қараша айында Абай атындағы мемлекеттік опера және балет театрында Мұхамеджан Қаратаевтың 100 жылдығына арналған мерейтой өз деңгейінде өткені зиялы қауымға , көзіқарақты , көңілі ояу көпшілікке жақсы белгілі болса керек . Бүгінгі таңда М . Қаратаев тың қарашаңырағында Сәкен , Санжар , Медет , Нағима , Нейла есімді немерелер ержетіп , еңбекке араласты . Сондай - ақ шөберелер өсіп келеді . Кім біледі , алдағы уақытта қазақтың көркем әдебиетінің өкілі солардың арасынан шығуы да әбден мүмкін ғой .
Батыс өндірісіндегі әуе кемелеріне желілік қымет көрсетуді қамтамасыз ету мақсатында « ХАӘ » АҚ ИАҚ « ALA TECHNICS » бөлімшесінің қызметкерлерін B747 - 400 ATA 104 level 3 әуе кемелеріне техникалық қызмет көрсету ережелері бойынша оқыту курсын ұйымдастырды . . .
Н . Шаяхметов 1968 жылдан бастап Исатайдың зиратын іздеуді бастаған екен . Белгілі антрополог үшін қазба жұмыс тары нәтижесіз бо лыпты . - Яғни , « осы Иса тай дың зира ты » деп келген жерлер ден Исатайдың сү йегі табыл мапты . ( Жанболат Аупбаев , « Антрополог » , « Лениншіл жас » , 1980 ж . 20 қаңтар ) .
6 ) Департамент бастығы ұсынған және басқарманың міндеттерін орындауға қажетті өзге де өкілеттіктерді жүзеге асыруға құқық беріледі .
3 . Күндіз шама келгенше көлеңкені паналаған дұрыс . Қолыңыздан келсе , сыртта істелетін жұмыстарды бөлме / кабинет / офис ішінде жасалатын жұмысқа ауыстырған абзалырақ . Ораза кезінде ағза сусызданатын болғандықтан , шөлден қаталамауды ойластыру қажет .
Блогкэмп аясында тұңғыш рет ұйымдастырылып отырған блогтар байқауы және үздік жобаларға қаржылай қолдау көрсету бағдарламасының нәтижесі белгілі болады . Байқаудың мақсаты - қазақ блогосферасының дамуына жағдай жасау , блогшыларды ынталандыру әрі жаңа жобалардың пайда болуына жәрдемдесу .
EurasiaView Қорғас кеден бекетінің дамуына көлеңкесін түсіріп тұрған бір ғана жайт - сыбайлас жемқорлық мәселесі екенін ескерте кетеді . Мамыр айында құқық қорғау органдары кеден бекетінде контрабандалық қызметпен айналысып келген ұйымдасқан қылмыстық топты ұстады . Сыншылар еркін сауда аймағының парақорлыққа жол бермейтіндігіне күмәнмен қараса да , ресми билік бұл мәселені оң шешетінін айтыпты .
Аллаһтың атымен , мен Аллаһқа тәуекел етемін , Аллаһтың күш - қуатынан асатын ешбір қуат та , күш те жоқ .
1 жыл бұрын ( 2010 ) Алматыда Ұлы Отан соғысының ардагері , рейхстагқа ту тіккен , Халық қаһарманы Рақымжан Қошқарбаев тұрған Достық даңғылының бойындағы үйде батырдың құрметіне мемориалды тақта ашылды .
Мемлекет басшысы өз сөзiнде Еуроатлантикалық және Еуразиялық қауымдастықтың бiрыңғай әрi бөлiнбес қауiпсiздiгiн құру Астанадан басталатынын айта отырып , бұл саммиттiң Хельсинки актiсiнiң ұстанымдары мен ережелерiнiң арқасында Тәуелсiздiк алған жаңа мемлекетте алғаш рет өтiп жатқанын жеткiздi .
ПАВЛОДАР . 30 сәуір . ҚазАқпарат / Вера Ливинцова / - Павлодарда Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының « Денсаулықты нығайтуға қолдау көрсетуші мектептер » жобасын жүзеге асырып отырған мектеп басшыларының Х конференциясы өтті , деп хабарлады білім бөлімінен .
Мамыр айының 31 - жұлдызы еліміздің күнпарағында қаралы күн болып белгіленген . Біздің аудан орталығында осы күнді еске алу күні ретінде атап өту дәстүрге айналған . Міне , осы күні аудан әкімі Ш . Мамалинов қуғын - сүргін құрбандарының басын қосу шарасына арнайы қаражат бөлгізіп , мәдениет үйінде оларға арналып , мерекелік дастарқан жайылды .
Отанды , елді атақ алу , абыройға кенелу үшін емес , ұрпағым , елім болашақта жетім болмасын , Отансыздықтың азабын тартпасын деп қорғау керек . Жер бетінде Отансыз ұлттар қаншама ? ! Оларды жер - жерде дәл біздің еліміздегідей бауырына басып , жақсылық жасап отыр деп тағы айта алмаймыз . Жергілікті ұлттың ызғарына тоңып , қаһарына ұшырап отырғандары қаншама ? ! Біздің де ұрпағымыз біреудің қас - қабағына қарап жәутеңдемесін , біреудің қолына қарап дәметпесін десек , атадан қалған асыл мұраны сақтап , ақылды ұрпақ тәрбиелеу - мүлт кетпес парызымыз болу керек . Осы орайда « Халықты сүйем деп байбалам салмай , оған тек жан жүрегімен ғашық бола білу керек » деген Мұқағали ақынның мына бір жыр шумақтары ойға оралады :
Тыңдарман қауымның жүрегінен орын ала білген , ерекше қоңыр үнді , дарынды әнші Сырым Исабаев өнердің киелі сахнасына келгеніне биыл - 5 жыл . Әнші Қайрат Нұртаспен дуэт құрып , әндері елдің жүрегіне жол тауып жүрген ол соңғы кездері кино түсіруді қолға алған екен . Сегіз қырлы , бір сырлы жігітпен жақын арада сұхбаттасудың сәті түскен еді . - « Сырым кино түсіріп [ . . . ]
Біз бұл хатқа талдау жасап жатпаймыз . Тек : « бұл сот процесі Жүсіпбек Аймауытовтың үстіне ғана жүргізілген сот емес , « Алашорданың » үстінен де жүргізілген сот » , - деген С . Сәдуақасовтың пікірі өте орынды болатын . « Ашаршылық » тұсында өзінің туған ұлты мен туған ауылын аштыққа ұшырата отырып , Ресей мен Украинадағы аштарға азық - түлік жіберумен шұғылданған большевик қазақтар , соның ішінде Меңдешев пен Исаев та бар , алашордашылардың халыққа жасаған қайырымдылығын кешіре алмай жүр еді .
« Жалын » журналының 2004 - нші жылғы нөмірі бесінші санына жарияланған Мұхтар Шахановтың « Желтоқсан анатомиясы » деректі романының кезекті бір тарауындағы « Мүсірепов және басқалар » деген бөлігінде қазақ әдебиетінің тау тұлғаларының бірі , әйгілі жазушы Ғабит Мүсіреповтің 1931 - 1933 - нші жылдардағы жаппай ашаршылық кезіндегі қасіретті қазақтың халін жоғарыға жеткізген тарихтағы « Бесеудің хаты » аталған хатты жазғандардың бірі болғанын және қазақ әңгімесінің атасы атанған Бейімбет Майлин « халық жауы » деген жаламен ұсталған шақта шырылдап араша түскені баяндала келіп , Ғабеңнің осы екі ісі басын өлімге тіккен ерлік деп бағаланған . Бізде оқырман ретінде авторға толық қосыламыз !
Бүгінгі таңда басымыздан кешіп отырған қиын жағдайлар бізді күш - қуатымыз бен үміттен айырмауға тиіс . Перспективаларымызды айқын үғыну , жолымызда тұрған қиындықтар мен қауіп - қатерді бүкпесіз түсіндіру біздің қоғамымыздың барша азаматтарын осынау ортақ міндетті шешу үшін жұмылдыруға жәрдемдеседі .
5 жыл бұрын ( 2006 ) Алматыда « Баррельге ынтықтық » атты деректі фильмнің таныстырылымы болды .
Популяцияның сандық көрсеткіштері статикалық және динамикалық деп бөлінеді . Статикалық көрсеткіштер популяцияның осы мезеттегі жағдайын сипаттайды және мыналардан құралады :
Хабарға жалауша тағайындағанда , жалаушаның бастапқы күні мен мерзімі хабар тақырыбындағы Мәлімет Жолында ( Ақпарат аумағы : Ашық электрондық пошта хабарының , кездесудің , істес кісі деректерінің немесе тапсырманың жоғарғы жағындағы жарлама . Сізге Жылдам хабарласу немесе сол сияқты бағдарламаның көмегімен хабарласып отырған істес кісінің қосылған күйімен қатар хабардың жіберілгендігін немесе қайта жіберілгендігін білдіреді . ) көрінеді . Қосымша көрініс үшін , хабар күн бойынша тізілген Күнтізбедегі Іс - әрекет жолағы мен Күнделікті Тапсырма Тізімінде көрінеді . Microsoft Office Outlook 2007Бүгін және Келесі Апта сияқты алдын ала белгіленген күндері бар бірнеше жалаушаларды қамтамасыз етеді . Еш күнге байланбаған жалаушаларды да тағайындай аласыз . Егер хабарларға бір күн мен уақытты жиі тағайындайтын болсаңыз , элементтерді жалғыз нұқу арқылы жалаушалау үшін Жылдам Нұқу жалаушасын ( Жалаушаны жылдам нұқу : Сіз өзіңіздің кіресін хабарлары немесе басқа кесте көрінісінің Жалауша күйі бағанын нұқығаныңызда тармаққа әдепкіде берілетін жалауша . Сіз жалаушаның әдепкі уақытын , ай - күнін немесе басқадай шартын Орындалсын мәзірінде теңшей аласыз . ) қолдана аласыз .
Жоғарыда айтылып отырған негіздемелерге сүйене отырып « Жасыл желек » мемлекеттік мекемесін республикалық меншікке аударудың қажеттілігін жоқ деп есептеп және Ел басымыздың елге деген жолдауын сол жолдау жолданылған жылдары ғана қолға алынып қоймай , әрі қарай даму жағын қарастырып , облысымыздың көгалдандыру іс - шараларын әрі қарай жалғастыру , орындау мақсатында « Жасыл желек » мемлекеттік мекемесін облыстық коммуналдық меншігінде қалдыруға ықпал етіп және заң жүзінде шешуіңізді өтінемін .
Жігіттер кв - Арман - ай Арман - ай Арман - ай тым алысқа әкеттің - ау сен мені Қайғы ма , қуаныш па , әуре боп жүрмін бе әлде ? Өзіңсің көңіл жықпас жұбанышым әзіргі Армандар орындалар ма екен - ау өмірде ? Қайырмасы : Өзіңсің мәңгі серік қасыма алған Қайда бастап барасың сен ғашықпын саған Әуре еткен жеткізбейтін жүрек едің қалай жетем Көңілім сірә менің басылар ма екен ? Ақ арман аялдама алысқа биік самға Серт еттім сол биікте сенімен табыспаққа Апарсаң - сонда апар , кел шық та мені жарға Іздеген үмітімнен мені алыстатпа Қайырмасы : Өзіңсің мәңгі серік қасыма алған Қайда бастап барасың сен ғашықпын саған Әуре еткен жеткізбейтін жүрек едің қалай жетем Көңілім сірә менің басылар ма екен ? Өзіңсің мәңгі серік қасыма алған Қайда бастап барасың сен ғашықпын саған Жетеле тек мені алға - бақытқа Адастырма арманым
- Әрине , менің ешқандай материалдық та , « осындай фильм шықса екен » деген идеялық та ой - пікірім болған емес . Мен әуел бастан алқа зікірдің намаздан алдын тұрмайтын амал екенін білдірген пікірімді " Жас Алаш " газеті осыдан он жыл бұрын бірінші бетіне жалаулата жариялаған . Ал құзырлы мемлекеттік органдар менің кеңесіме зәру емес .
Краткая информация : І . БІЛІМ ЭВОЛЮЦИЯСЫ 1 . 1 Ғылым эволюциясы Ғылым адамға өз өмірін сақтап калу үшін қажетті білім негізінде пайда болды . Адам шөптерді қоректену және дәрі - дәрмек ретінде пайдалануды үйреніп , жануарлардың мінезін бақылап , оларды қолға үйретті , рудамен тәжірибе жасап , әртүрлі металдарды балқытып шығаруды үйренді . Табиғатпен алуан түрлі тәжірибе жасау барысында адам өзінің өмірін ыңғайлы етуге бағытталған көптеген әдіс - айланы ойлап тапты . Қазіргі замандағы біз ыңғайлылық , денсаулық және ойын - сауық үшін былай қарағанда өзінен өзі болуы керек сияқты көрінетін заттар мен құбылыстар ғылымның арқасында пайда болған . Қазіргі заманда ғылым түсінігінде , адамзат баласының жүріп өткен жолдары көрсетіледі және адамның қалыптасуының құралдары мен әдістері болып табылған , ғылымның тарихи - мәдени құбылыс ретінде пайдалануының нысандары көрініс тапқан . Ғылыми эволюцияның білімді жинауға , сақтауға және ұрпақтан ұрпаққа беруге себеп болған басты фактордың бірі болып жазбаның ойлап табылуы болды . Шумерлердің пиктографиялық жазбасы б . э . д . 3200 ж . ж . бұрын пайда болды . Б . э . д . 3000 ж . ж . Египетте иероглифтік жазба деген атқа ие болған жазбаның жаңа жүйесі пайда болды . Бұл жүйеде әріпті , дыбысты және сөздерді белгілеу үшін символдар пайдаланылған . Б . э . д . 2800 ж . бұрын шумерлердің көршілері болған вавилондықтар , ассириялықтар мен парсылар пиктографиялық жазуды ұшты жазбаға ( клинопись ) айналдырды . Ақырында б . э . д . 1300 ж . бұрын Сирияда ең алғашқы алфавит жасалып шығарылды . Онда 32 әріп болды , әріптің әрқайсысы белгілі бір дауысқа сәйкес болды . Көне гректер осы жазба жүйесін қабылдап , ол кейін латын алфавитінің негізі ретінде қолданылды .
Торапқа кіру үшін , тиісті рұқсаттар қажет . Әдепкі параметр бойынша торабыңыздағы көптеген пайдаланушыларға торапқа қатысу рұқсаттары беріледі . Торапты құрастыру рұқсаты бірнеше адамда ғана болады . Тораптар жиынының әкімшілері барлық тораптарда адамдарға берілген рұқсаттарды басқара алады . Торап иелері тек өз иеліктеріндегі торап рұқсаттарын ғана басқара алады .
50 жыл бұрын ( 1961 ) Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрі , Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткері , ауыл шаруашылығы ғылымдарының докторы , профессор , Ресей ауыл шаруашылығы ғылымы академиясының академигі КҮРІШБАЕВ Ақылбек Қажығұлұлы дүниеге келді .
« Павлодар - гүлденген қала » ұранымен өткен шараның алғашқы күнінде 1600 түп көшет отырғызылды . « Жасыл ел » студенттік құрылыс және еңбек жасақтары облыстық штабының төрағасы Нариман Әбілшайықов : « Ағаштарды отырғызуға 800 - ден аса жеткіншек жұмылдырылған . Бозқараған көшеттерін егіп қана қоймай , олардың өсуін үнемі қадағалап отырамыз . Акция 30 тамыз - Конституция күніне дейін жалғасады . Жаздың шілде - тамыз айларында отырғызған ағаштарды күн сайын суарып , тыңайтқыштармен залалсыздандыруды жоспарлап отырмыз » , - деді .
Назарбаев университеті осы жолды таңдап отыр . Бұдан былай он да пы сықталған механизмдер бас қа жоғары оқу орын дарына да мыс қал дап ене бас тайды .
- Күнбағысқа төленетін мемлекеттік демеуқаржы мөлшері басқа дәнді дақылдарға қарағанда жоғары . Диқандар жер жағдайын ойлаудан бұрын мемлекеттен берілетін қаржыдан молырақ пайда көріп қалуды мақсат етіп отыр , - деп баға берді бұл мәселеге облыстық аумақтық инспекциясының бастығы Е . Батырханов . Инспекция басшысы бұған қоса биыл жазда егін зиянкестері - шегіртке , италияндық тарақан , колорадо қоңызы , ұсақ көбелек және тағы басқа жәндіктерге қарсы кең ауқымды химиялық өңдеу жұмыстарының жүргізілетінін жариялады . Мемлекет қазынасынан оған қажетті қаржы бөлініп , 354 мың гектар жерге арнайы препараттар себіледі .
3 ) аймақтың су объектiлерiн пайдалану ережелерiн белгiлеу кезiнде олардың ерекшелiктерiн облыстың ( республикалық маңызы бар қаланың , астананың ) жергiлiктi атқарушы органдарының есепке алуы ;
Имам әл - Матуриди Саманидтер әулеті билік құрған , Ислам ғылымы өр кендеген ке зеңде Самар қанд ма ңындағы Матурид қа ла шы ғында өмір сүрді . Бұл өл ке Қа рахан хан ды ғы кезінде Мауа ран наһр қа рамағына енді .
Аудан әкімі Нұғманов Рахметтола Таңатұлы 2009 жылдың маусым айынан бастап осы қызметте жасайды .
Жалпы кәсiпкер деп кiмдi айтамыз ? Қазiр дәретхана ашып , елден ақша жинап отырған да немесе шағын дүңгiршек ашып , майда - шүйде сатып отырған да « кәсiпкермiн » деп көкiрегiн кередi . Әрине , мұндай кәсiп кер лер ден ел зиян шекпес . Кәсiптерi алға баса берсiн .
ХХ ғ . ортасынан бастап АҚШ - ты ғалымдармен Германия қамтамасыз ете бастады . Фашизмнің қудалауынан қашқан көптеген ғалымдар ( негізінен жөйттер ) АҚШ - қа қоныс аударды . Олар АҚШ ғылымының дамуына өлшеусіз үлес қосты . Германиядан келген ғалымдар АҚШ ғылымын жаңа сатыға көтерді . Осылайша АҚШ - ты ғалымдармен қамтамасыз етуші елдердің басын Алмания алды .
- Айтыңызшы , бұлбұлдар , жылай ма ? - деді Күләш Қанабекке күлімсірей ым қағып .
Сарматтардың торсық , саба сияқты ыдыстары жасалынған материал ТЕРІ
Бәрекелді , Раф - аға ! Көптеген қазақ журналистерінің " арманын " орындадыңыз . Саспаңыз , сізді сотқа берем деп , өзінің сүйкімі кетеді
- Айдабол Олжабай батыр да бар … Жанында бала жырау Көтеш …
Ғарыш аппаратын жасағандар ресейліктер . Егер ғарыштық аппарат жұмысында ешқандай ақау болмай қалыпты жұмыс істесе , онда үш айдан соң ресейліктер аппаратты Қазақстанға табыс етеді . Аппаратқа францтар жасаған біраз сапалы қосалқы бөлшектер қосқан көрінеді . Аппараттың құны да арзан емес , 150 миллион америка доллорына тең .
- Менің қызым Ғайып - Жамал - Сұлтан - Бегім бабалары заңы бойынша « қан төгілмей » өлуге тиісті ! - деді оған .
« Сам родил , сам убью ! » - деген екен Тарас Бульба баласын атып тастап . Қазақшасы « Өзім тудырдым , өзім өлтіремін ! » болса , онда « Желтоқсаныншыларға » еш обал жоқ . Оларды « тудырған » Назарбаев болса « өлтірушісі » де , « жерлеушісі » де өзі . Сонымен « Желтоқсан » тап бүгін кенеттен емес , жылдар бойғы созылмалы ауыр науқастан кейін « қайтыс болып » , жер « жастанды » .
Қылмыстық іс матреиалдарында айтылғандай , полициямен арадағы жанжал көппәтерлі тұрғынүйдің тұрғындары полицияға аулада ішімдік ішіп отырған жастардың компаниясы туралы ішкі істер органына хабар беруден басталған . Қолданыстағы заң бойынша қоғамдық жерлерде ішімдік ішу қоғамдық тәртіпті бұзу болып табылады .
Сайлаушылармен кездесу мақса тында ұйым дастыры латын Парламент депутаттары ның ай мақтарға шығулары шеңберiнде Қазақстан Рес публикасы Парламентi Сенаты Комитетiнiң төр ағасы Ақан Бижанов Алматы қала сының бiрқатар еңбек ұжымдарында болып қайтты .
- Жалпы , астаналық жұртшылық театрға көп келеді деп айта алмаймын . Театр бар - жоғы екі жүз ғана орындық болғандықтан , Аллаға шүкір , ылғи да аншлаг . Ал егер Алматыдағы театрлардай 600 - 700 орындық болса , жағдайымыздың қандай болатынын кім біледі ? Театрымыздағы көрерменнің дені - жастар , студенттер , оқушылар , сондай - ақ астанаға қыдырып келген ауыл адамдары ғана . Ал Астанаға келгелі театрдың есігін аттаған зиялы қауым өкілдерін де , шенеуніктерді де көре қойған жоқпын . Кейде шақыртып та келтіре алмайсың . Олардың бәрі жылы кабинеттерінен шыққысы келмей ме , әлде жұмыстары соншалықты ауыр ма ? Бәлкім , театрымыздың ескілігі олардың деңгейіне сай болмай жатқан болар . Бірақ шенді - шекпенділердің театрға аттап баспауы театрды алаңдатпауға тиіс . Олар келмеді деп , өкпемізді қара қазандай етіп , өнерді тұралатуға қақымыз жоқ ! Әйтеуір « Болашақ » жастарынан құралған көрермендердің барына тәуба !
6 . Осы қаулы 2011 жылғы 7 мамырдан қолданысқа енгізілетін 1 - тармақты қоспағанда , қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс .
« Сафи Өтебаев » кітабы « Қазақ мұнайының ардақтылары » сериясынан басып шығарылған .
Бірінші бөлімнен сәтті өткен үміткерлерге екінші бөлімге өтуге рұқсат беріледі . Бірінші кезең ( үміткердің ұшқыш болуға үйрену қабылеті COMPASS жүйесі арқылы бағаланады ) Алматыда өткізіледі . Бірінші кезеңнен сәтті өткен үміткерлер екінші және үшінші кезеңдерге қатысуға рұқсат алады . Үміткердің ағылшын тілін білу деңгейін ұшу оқу орнының өкілдері айқындайды . Өткізу орны қажеттілігіне қарай белгіленеді . Бірінші кезең : Математика и физикадан дайындық деңгейін тексеру , психометриялық тест
Е . Қасымов қазір 8 тұрғын үйге жылу беру жұмыстары жүргізіліп жатқанын айтады . Оларда осы мекемелерде жұмыс істейтін офицерлер , ҚР ІІМ офицерлері мен олардың жанұялары - барлығы 1250 адам тұрады .
Сол тасқа Мәшһүр Жүсіптің өзі мына бір сөзді жазып мен өлгеннен кейін іліп қойыңдар деп тапсырған екен . ( жетпіс үшке жеткенше балталаса да өлмеймін , жетпіс үштен әрі сүйресең де бармаймын ) деп .
Ең бір өкініштісі қазақ қоғамның феодализм қоғамындағы бибастыққа қайтып оралғандығына . Бұл ретте шенді мадақтау , табыну , жалғандық , тағысын тағы ретсіз масқаралықтың да шегінен шығып кетті . Зиялы қауымның негізі жағымпаздық пен жандайшаптықтың жаңа туындысына айналды . Алаяқтар мен құдайдан безгендердің үстемдігі орнады . Жалған заман дегеніміз осы . тарихыңды да тіршілігің де жалған . Ішкі өнімнің өскеніне тіршілігің сәйкес келе ме ? Оның көлеміне , жалақының көлеміне салық мөлшері келе ме ? Өндіріс тауарларына сырттан тасымалданатын тағамдардың көлемін қосалық . Сонда оның бәрін кім жеп жатыр . Яғни біздегі тағам өнімдері көрсеткіштерінің жалғандығы айқын көрінеді . Барлық көрсеткіштер соған тіреліп отыр . Айта берсек адам басына сыймайтын соралық бастан асып , көкке жетті . Ережеге заң , заңға Конституция бағынған заманға келіп тірелдік . Заң қызметкерлері мен соттарымыз ұйымдасқан бандаға айналды . Жалғанның бастан асып көкке жеткені , көп ұзамай бізді Құдай атады деген сөз .
Кафедра жұмыс үдерісін оқу бағдарламаларымен , әдістемелік және оқу құралдарымен , электронды оқулықтармен , студенттер білімін бақылау бойынша тестілік материалдармен қамтамасыз етеді .
Турнирде Жандос Дүйсеков , Ілияс Сүлейменов , омбылық Зинат Жандыбаев , Сергей Скакун жеңімпаз атанса , сириялық Мұхаммед Гусун да алтыннан алқа тақты . Облыс әкімі Бақытжан Сағынтаев мұның бокс десе елеңдейтін жастар үшін серпін беретін турнир екенін атап өтті .
Қазіргі қазақ әдебиеті тарихында нық орын алған көрнекті тұлғалардың бірі - ҚР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты ( 1984 ) , Қазақстанның Халық жазушысы ( 1996 ) , Түркияның халықаралық
Туындыларды сот және әкiмшiлiк iс жүргiзу үшiн осындай мақсатқа белгiленген көлемде автордың немесе өзге де құқық иеленушiнiң келiсiмiнсiз және авторлық сыйақы төлемей көшiрмелеуге жол берiледi .
1954 жылы Меңдіқара өмірінде жаңа кезең басталды . Қазір тың игеру ауданымызда қарқынды дамуда . Меңдіқара ауданында төрт жүз мың гектардан астам жер игерілді . Қысқа мерзім ішінде он сегіз ұжымшар ұйымдастырылды . Кеңшарлардың атауларын алғашқы тың игерушілердің келген қалалары мен республикаларының географиясымен үйлестірді . Мәселен , « Харьков » а / ш , « Краснопреснен » а / ш , Ломоносов атындағы а / ш , Буденный атындағы а / ш және тағы басқалары . 1958 жылы ауданда 11 кеңшар мен 12 ұжымшар болды . Тың мол астық бере бастады . Меңдіқара өлкесі бұрын - соңды шықпаған егінімен даңқын асырды . Барлығы 28 жыл ішіндегі тың эпопеясында аудан бойынша 5 млн . тоннадан астам астық жиналып алынған , былайша айтқанда жыл сайын орташа есеппен 179 мың тонна дән жиналған . Салыстырар болсақ , тың игеру алдындағы 1953 жылы 31 мың тонна астық жиналды . Жер өз ісінің нағыз шеберлерін алғыспен қарсы алды . Комсомол жолдамасы бойынша біріншілер қатарында біздің ауданға Ұлы Отан соғысының қатысушы , Даңқ орденінің кавалері Михаил Савич Яровой келді . Ол уақыттарда бірінші әйел - механизатор Кәмшат Дөненбаева болды . Тың игеру жылдарында меңдіқара жері 8 Социалистік Еңбек Ерін өсірді . Облыста Еңбек Даңқы орденінің бірінші толық кавалері атанған да меңдіқаралық Николай Андреевич Синенко болатын . Тың көптеген танымал тұлғалардың даңқын шығарды . Г . Каюмов , И . Крупский , В . Трояков , А . Татаренко , А . Дубенцов , А . Захаров сынды есімдер газет беттерінен кетпейтін , оларды меңдіқаралықтар бүгін де лайықты құрмет тұтып , мақтаныш көреді . Бұл кезеңге сол сияқты өте жарқын танымал басшылардың келуі тән . Олар тек ауданның ғана емес , сонымен қатар облысқа да үлкен абырой - атақ әкелді . Бұлар С . П . Комар , С . А . Ақышев , Г . Д . Гусак , А . Е . Бортник , Т . А . Мәмбетов , П . И . Добровольский , И . М . Кожевин , К . А . Григорьев .
1952 - 1957 жылдары КСРО Қара металлургия министрлігінің « Оралэнергоқармет » мекемесінде инженер , аға инженер , 1957 - 1963 жылдары Орал политехника институтында аға инженер , кіші ғылыми қызметкер болған . 1963 - 1966 жылдары Қара металлургия орталық ғылыми - зерттеу институтының Қазақ филиалында ғылыми хатшы , зертхана меңгерушісі . 1966 - 1975 жылдары Бүкілодақтық көмір институтының зертхана меңгерушісі . 1975 - 1989 жылдары Қазақ КСР ҒА Химия - металлургия институтының зертхана меңгерушісі . 1989 - 1992 жылдары осы институт директорының ғылыми жұмыстар жөніндегі орынбасары . 1994 жылы ҚР Минералдық шикізатты кешенді өңдеу жөніндегі Ұлттық орталықтың бұйрығымен Химия - металлургия институтының директоры болып тағайындалып , өмірінің соңына дейін жемісті еңбек етті .
Ресейдегі қазақ тілі орысқа емес , қазаққа керек , сондықтан қандастардың « не істеу керек ? » деген сауалдың жауабын іздеуі уақыт талабы . Қалай десек те , Ресей жері кең байтақ . Челябі қаласына қазақтар елдің жиырмадан аса аймағынан жиналды . Олардың бірі сегіз сағат аспанда қалықтап ұшып Саха жерінен
ішкі көші - қонның мәселелеріне арналған арнайы заң қабылдау және ішкі көші - қон толқынын реттеу мақсатында ауылдық жерлердің экономикалық , әлеуметтік мәселелерін шешу ;
" Түркiстан " газетiнiң 15 - санында ( 16 сәуiр , 2009 жыл ) " Кешегiмiздi ұлықтамай , келешегiмiзде баян жоқ " атты мақала жарияланды . Мақаланың өзегi - Қазақ хандығының құрылған күнiн Қазақ мемлекеттiгiнiң күнi етiп белгiлеу қажеттiлiгi туралы едi . Осы мақала аясында тарихшы Задыхан Қинаятұлы қазақ хандығының құрылған күнiн 1465 жылдың қазан айының iшi деп белгiлеуге болатынын айтты . Осы орайда сенатор , академик Ғарифолла Есiмнiң де пiкiрiн бiлгендi жөн көрдiк . - Қазiргi таңда елiмiздегi мемлекеттiк мерекелерiнiң iшiнен қазақтың ұлттық тарихынан хабар беретiн қандай мерекенi атап көрсете аласыз ? - Қазақстан Республикасының мемлекеттiк мерекелерiнiң iшiнде қазақтың тарихынан кең мағлұмат беретiнi - Наурыз мейрамы . Наурыз мейрамы бұл адамның табиғатпен , космоспен , яғни бүкiл әлеммен үйлестiгi . Наурыз айында Күн мен Түн теңеседi . Бұл адамдардың күндiзгi өмiрi мен түнгi өмiрiнiң теңесуi деген сөз . Демек , осы жағдайға байланысты адамдардың тұрмысына сапалы өзгешелiктер енедi . Наурыз мейрамынан кейiн бiрте - бiрте адамның күндiзгi ғұмыры өсе бередi . Бұл адамның кәсiбiне , оның денсаулығына , өмiр сүру тәртiбiне өзгерiстер енгiзетiн жай . Аса маңызды iстер Наурыз мейрамынан кейiн басталған , себебi күндiзгi ғұмыр ұзарып , жарық мол болып , тұрмысқа , кәсiпке қолайлы жағдайлар орнайтын болған . Осыған сай , қазақ Наурыз мейрамына қатысты әдет - ғұрыптарын , салт - саналарын түзеген . Наурыз мейрамында адамдар бiр - бiрiмен көрiсiп , " ақ мол болсын " деп жатады . Яғни , Наурыз мейрамымен елге молшылық енедi деген сөз . Ислам дiнiн қабылдағаннан кейiнгi қазақ үшiн елеулi мереке - Құрбан айт . Осы екi мейрамның табиғилығы адамдардың сезiмiне , санасына және дүниетанымына әсерлерi мол . Бұл мейрамдарда адамдар бiр - бiрiмен көрiсiп , " айт қабыл " болсын айтысып , бiр - бiрiне деген ескi өкпелерiн кешiрiп , рухани тазаруға мүмкiндiктер алады . Әрине , осы екi мейрамды мерекелеуде әлi де анықталмаған мәселелер бар . Ол ең алдымен , Наурыз мейрамына қатысты . Осы жағдайларды еске алып , Президент Наурыз мейрамын үш күн тойлауды өз Жарлығымен бекiттi . Бұл құқықтық жағынан алғанда оң шешiм . Наурыз мейрамы - жыл басы , яғни жаңа жыл . Бiрақ бiздiң тұрмысымызда христиандық күнтiзбесiнiң жаңа жылдық мерекесi қалыптасқан . Сондықтан Наурыз мейрамын толыққанды жаңа жыл деп мерекелеу әлi де тұрмысымызда сiңiстi болмай отыр . Бұл зиялы қауымның ойланатын мәселесi . Жыл басы - Наурыз мейрамы деген сана тұрмысымызға бiрте - бiрте мықтап , мәңгiлiкке орнығуы қажет . - Мемлекеттiлiктiң өзегi не ? Қазақта мемлекеттiлiк болған ба ? Бастауы қайдан ? - Мемлекеттiлiктiң өзегi оның азаматтарында . Мемлекет және азамат бiр - бiрiмен бiрлiктегi екi ұғым . Азаматтық сана мемлекеттiлiктiң қуаты . Жас ұрпақты азаматтық рухта тәрбиелеу мемлекеттiң болашағына қатысты iс . Қазақта мемлекет болған ба деген мәселеге келсек , бұл мағынасыз сауал . - " Бұрын қазақта мемлекеттiлiк болмаған " деген пiкiрдi естiп жүрген шығарсыз . Мұндай пiкiрге қалай тойтарыс беремiз ? - Қазақ мемлекетi болмады деген қаңқу сөз . Арнайы мақсатпен айтылатын сөз . Бұл қазақты кемсiту үшiн ойлап табылған идеологиялық парадигма . Қазақта мемлекеттiң болғаны ешбiр күдiк туғызбайтын мәселе . Мырза Хайдар Дулати " Тарих - и Рашиди " еңбегiнде 1456 жылы Шу өзенi бойында Қозы Басы деген жерде Қазақ хандығы құрылды деп жазған . Мiне , осы кезден бастап Ресей империясының 1822 жылғы " Қазақ даласындағы хандық билiктi жою туралы " Үкiмiне дейiн Қазақ мемлекетi болған . Қазақ мемлекетiнiң жүздеген жылғы тарихы бар . Қазақ мемлекетiн құрушы хандар Керей мен Жәнiбек , оның iлiмшiсi - Асан - қайғы болған . Қазақ мемлекетiмен бiрге қазақ этносы қалыптасты . Бұл кезге дейiн осы мәндегi қазақ этносы болмаған . Қазақ хандығының құрамына кiрген әртүрлi тайпа өкiлдерi өздерiнiң азаматтық санасын " қазақ " деген ұғыммен бiлдiрген . Осы мәнде ең алғашқы қазақтар Керей , Жәнiбек және Асан - қайғылар . Азамат деген қазақ ұғымында қасиеттi сөз , себебi ол мемлекеттi құрушы адам деген ұғымды бiлдiредi . Азамат деген тек өзiнiң жеке басының қамын ойлайтын емес , ел қамын , ел тағдырын , яғни мемлекет тағдырын ойлай алатын адамды айтқан . Сондықтан қазақтар ер балаларының аттарын осындай iзгi үмiтпен " Азамат " деп атаған . Азамат деп атану адамның өз тәуелсiздiгiне жетуi . Адамның өз тәуелсiздiгiне жетуi деген сөз , оның ел мүддесiн түсiне алатын , соған сай қызмет атқара алатын жағдайына қатысты айтылады . Азамат атану әркiмнiң қолынан келетiн iс емес . Дәстүрлi қоғамда азамат деп iрi iстерiмен айшықталған , кiсiлiгi бар , адамшылығы мол жандарды айтқан . Азамат атану әрбiр ер адамға сын болған , осындай сана мемлекеттiң бастауы . Қазақ хандығының құрамына енген әртүрлi тайпа өкiлдерi ендiгi жерде өздерiнiң бiр ел , бiр халық , бiр мемлекет болғандығын азаматтығы арқылы бiлдiрiп , өздерiне ортақ ат " қазақ " дегендi иеленген . Ендiгi жерде қазақтар тек Қазақ хандығының құрамына енген тайпа өкiлдерiнiң ортақ атауына айналған . Сөйтiп , тарихта түркi тектес жаңа этнос - қазақ этносы , қазақ халқы қалыптасқан . Осы сана Ресей империясының құрамына енгенге дейiн халықтың тұтастығын бiлдiретiн этнос ұғымы болып келдi . Абайдың " қалың елiм , қазағым " , - деп айтып отырғаны осындай жай . Отаршылар осы бiр мемлекетке топтасқан адамдардың азаматтық санасын әлсiретiп , одан кейiн бiрте - бiрте мүлдем жойып жiберу үшiн айла - тәсiлдер қолданған . Соның ең бастылары - бiрiншiден , Қазақстан территориясын бiрнеше губернияларға бөлген . Губерния басында Ресейдiң генерал - губернаторлары отырған . Бұл әскери әкiмшiлiк болатын . Осындай саясаттың нәтижесiнде қазақ елiнiң тұтастығы , яғни саяси тұтастығы жойылып , сонымен бiрге қазақ мемлекеттiгi жойылған . Екiншiден , Ресей отаршылары қазақ халқының азаматтық тұтастығын жоюда этнос табиғатындағы сегменттердi қайта ояту әрекетiне кiрiскен . Бұл оларға өте тиiмдi тәсiл едi . Және , осы тәсiл көп күдiртпей , өзiнiң нәтижелерiн бере бастады . Ол мемлекет болғанға дейiнгi , яғни қазақ хандығына дейiнгi болған тайпалық түсiнiктердi қалпына келтiрiп , реставрация жасап , қазақтардың азаматтық бiрлiгiн әлсiрету мақсатында рушылдықты жандандыру . Рушылдық немесе руға бөлiнушiлiк қазақ этносы тарихында үзiлмей келе жатқан дәстүр болатын . Бұл хандық дәуiрде елдi басқарудың , елдi есепке алудың , оны реттеудiң және аймақтарға шоғырландырудың тәртiбiне қолайлы тәсiл едi . Кейiн қазақтарға ортақ азаматтық бiрлiк жойыла бастаған кезде , рулық топтасу ел болып топтасудан гөрi маңызды iске айнала бастады . Осы қазақ этносының ерекшелiгiн пайдалана отырып , қазақ халқын жiктеп басқаруда орыс чиновниктерi айтулы табысқа жеттi . Үшiншiден , қазақ халқының азаматтық бiрлiгiнiң , яғни мемлекеттiк бiрлiгiнiң iргетасы Болат ханның кезiнен бастап шайқала бастады . Жоңғарлармен жүз жылдық соғыста әбден қалжыраған қазақ халқы және оның әлсiреген мемлекеттiк жүйесi , оның үстiне Болат ханның жеке басының дәрменсiздiгi қазақ даласын үш аймаққа бөлiп , басқару жүйесiнiң тиiмдiлiгi аңғарыла бастады . Сөйтiп , тарих сахнасында аймақтық билер : Әйтеке би , Қазыбек би , Төле би сияқты асқақ тұлғалар пайда болды . Қазақ мемлекетiне ортақ хан iсiн үш би жүргiзе бастады . Бұл хандық институттың әлсiреп , қазақ халқының азаматтық бiрлiгiнiң ыдырай бастағандығының айғақты көрiнiсi едi . Қазақ халқының азаматтық бiрлiгi , тұтастығы саяси мәнде күшiн жойғанымен , Қазан төңкерiсiне дейiн " қазақ " деген ұран Күн тәртiбiнен түскен жоқ . Мұның басты себебi - хандық дәуiрде қалыптасқан Жер - ұйық идеясының , азаматтық идеяның , яғни қазақ болу идеясының ( қарға тамырлы қазақ ) қуаты кейiнгi отаршылдық жылдарда сақталып , мұра ретiнде бiзге жеттi . - Қазақ хандығының құрылған кезеңiн қазақ мемлекеттiгiнiң бастауы деп алып , бiр күндi белгiлеп ( шартты түрде болса да ) , мемлекеттiк мереке ретiнде атап өту туралы ұсынысқа қалай қарайсыз ? - Әрине , Қазақ хандығы құрылған күндi анықтау керек , ол бiр мәселе . Екiншiден , Қазақ хандығы орнаған тарихи мекендi де анықтау қажет . Үшiншiден , Қазақ хандығын құрған алғашқы хандар - Керей мен Жәнiбектiң түр - кескiнiн анықтап , яғни суреттерiн салып , халыққа танымал тұлғалар ретiнде оқулықтарға және де басқа көрнектi орындарға қоюымыз қажет . Олардың атында iрi қалалардың бәрiнде ескерткiш және көше болуы мiндеттi . Мiне , сол кезде қазақта мемлекет болған ба деген желеу сөздер желмен кетпек . Бұл iсте бiр қиындықтар бар . Бiрiншiден , хандықтың құрылған уақытын анықтау . Ол үшiн тарихшылар ортақ келiсiмге келiп , арнайы зерттеулер жүргiзiлiп , қоғамдық пiкiрдi дайындап , Елбасының жарлығымен тарихи дата ретiнде белгiлеу керек . Ол халқымыздың мереке күндерiнiң бiрi болмақ . Екiншiден , Қазақ хандығының құрылған мекенi туралы тарихшылар iшiнде пiкiр - таластар көп . Бұл заңды . Анығы , Қозы Басы деген жердiң Шу өзенiнiң алқабында болғаны рас . Бiрақ , Шу өзенi алқабының қай тұсында . Осы мәселе этнографиялық , археологиялық , ғылыми зерттеулердi қажет етедi . Себебi , ол жер анықталған соң мiндеттi түрде ескерткiш қойылмақ . Бұл күн алыс емес , бұл мәселенiң шешiлетiнiне менiң сенiмiм мол . Бiрақ , осы iстi мүмкiндiгiнше ғылыми - тарихи дәлдiкпен жүргiзген дұрыс . - Қазiргi қазақты не бiрiктiре алады деп ойлайсыз ? - Қазiргi қазақтарды қазақ болу идеясы бiрiктiре алады . Қазақ болу деген сөз жоғарыда айтқан халқымыздың азаматтық бiрлiгiне , тұтастығына қатысты . Бiздiң ата - бабаларымыз бiрнеше ғасыр бойы қазақ болып ғұмыр кешкен . Демек , қазақ болу бiздiң қанымызда , тарихымызда , тұрмысымызда , дүниетанымымызда болған . Мәселе , осы асыл қаситтердi тәуелсiз Қазақстан жағдайында жаңғыртуымыз керек . Қазақ болу ренессанстық идея , яғни жаңғыру идеясы . Әрбiр бүгiнгi күннiң жаңа қазағы өзiн дәстүрлi қазақпен , яғни ата - бабасының өлшемдерiмен өлшеп , өркениеттiң үрдiсiне iлесетiн асыл қасиеттердi алып , азаматтық санасын жаңа түсiнiк - ұғымдармен кемелдендiрiп , қазақ болып өмiр сүруi керек .
Дұрыс тамақ таңдағаныңызға күмәнді болсаңыз татып көруді ұсыныңыз . Егер рұқсат етсе , онда ол дұрыс тамақ . Егер бермесе немесе сізге біртүрлі қараса , онда 1 - тамақ ашуға болмайтын қорапта немесе пакетте , 2 - бұл дұрыс емес тамақ .
Сәскеде Горно - Алтай қаласына келдік . Мұражайды іздеп адасып , уақыт жоғалтуымыз мүмкін , қала шетіндегі таксиге жол бастауды өтіндік . Дұрыс болды , ол бізді он минутта өлкетану мұражайына алып келді . Бұл қала да коммунистік жүйеден әлі арыла алмапты . Советская , Коммуническая көшелері мен Ленин ескерткіші әр жерден көрінеді .
Қимаймын деп көк отына тамұқтың . Адамзаттың қамын ойлап , қамықтым , Осы жолда тәрк еткенмен өзімді , Құрбан болу қасіретін жаңа ұқтым .
1968 жылы туған . 1983 - 1986жж . Өнер колледжін , 1986 - 1988жж . ҚХР Іле облыстық филармониясын , 1988 - 1993жж . ҚХР Пекин консерваториясын , 1993 - 1997жж . ҚХР Үрімші Мемлекеттік филармониясын , 1997 - 2001жж . Алматы Мемлекеттік Құрманғазы атындағы консерваториясының аспирантурасын тәмамдаған . 2007 жылдан бері ҚР Президенттік мәдениет орталығында театр және концерт қызметінің театр солисі болып қызмет атқарып келеді . Қызмет барысында Гүлзира Бөкейханқызы Орталығымыздың театрында сахналанған қойылымдарда бірнеше рөлдерді сомдап , еліміздің мәдениеті мен өнеріне өз үлесін қосып келеді .
- Иә , күнәға белшемізден баттық , - деді екіншісі .
Сарай ғимараты қала орталығындағы Ертістің жағасында киіз үйге ұқсастырылып салынған . Жас отау иелерін тіркеу кең , әдемі безендірілген залда өтеді .
Ислам дінінде ең зор күнә - Аллаға серік қосу ( ширк ) . Серік қосу деп Құдіретті Алла Өзіне ғана бұйырған ғибадат - сиынулардың түрлерін жаратылыстарына арнауды немесе бір жаратылысты Алланың сипаттарымен толықтай , не жарым - жартылай сипаттауды айтады . Серік қосу үлкен серік қосу мен кіші серік қосу болып екі түрге бөлінеді . Аллаға үлкен серік қосқан адам тәубеге оралмай қайтыс болса Тозақ отында мәңгі бақи қалады . Аллаға кіші серік қосқан мұсылман адам күнәһар болмақ , бірақ та Тозақ отында мәңгі қалмайды . Әйтсе де кіші серік қосудан әрбір мұсылман сақтануы міндетті . Кешірілмейтін күнә жайлы Алла - тағала былай деп ескерткен :
Пікірлердің бірі бойынша , суыртпақтап өскен тоғайлар ағаш тұқымдары мен қолайлы құмды топырағы бар ежелгі мұзарт солтүстік - шығыстан сырғи келе бірнеше жерден ормансыз даланы жырып өткеннен кейін ғана пайда болды .
Бүгін Астанада Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың төрағалығымен Назарбаев Университетінің ( Nazarbayev University ) Жоғары қамқоршылық . . .
Ержанова Сәуле Амантайқызы - бөлім бастығы Телефоны : 8 ( 7142 ) 390513 E - mail : odzkost - lek @ yandex . ru Бөлімнің функциялары : - дәрі - дәрмектіктермен айналасу саласында мемлекеттік бағдарламасын іске асыру ; - халықты дәрі - дәрмектермен сапалы қамтамасыз ету , оның жетімділігі , қауіпсіздігі саласында шаруашылық субъектілер мүлігінің барлық нысандарын медециналық және дәріханалық ұйымдарының фармацевтикалық әрекетін ұйымдастыру және үйлестіру . Дәрі - дәрмектік заттармен қамтамасыз ету саласында қауіпсіздікті сақтау . Бөлім қызметкерлерінің тізімі : Оспанова Гүлнар Байтанқызы - бас маманы Лапшина Ольга Павловна - бас маманы
Сондықтан , Ассамблеяның мү шелеріне және барша Қазақ стан халқына шынайы ризашы лы ғым ды білдіруге рұқсат етіңіздер !
74 . Жұмыс iстеп тұрған әрбiр шақтыда адамдар жүруге ( тасымалдауға ) ыңғайлы жер бетiне шығатын екiден кем емес жеке шығыс жолдары болуға тиiстi . Шақтының әрбiр деңгей жиегiнде өзiнен жоғары ( төмен ) жатқан деңгей жиекке немесе қыр үстiне шығатын , адамдар жүруге ( тасымалдауға ) ыңғайлы , тағы да екiден кем емес жеке шығыс жолдар болуы керек .
Әлем елдері арасында бірде - бір елдің тарихы Америкадағыдай нәсілшілдік және құл иеленушілікті бастан кешірген емес . Әрине ұзақ жылдар бойы Оңтүстік Африка мемлекетінде апартаид жүйесі үстемдік етті , бірақ қазір бұл жүйе тарихта сақталып қалды . Америкада құл иеленушіліктің күші жойылғанына 150 жылдан астам уақыт өтіп бара жатса да миллиондаған қара нәсілді кемсітушілік пен нәсілшілдіктің зардабын тартуда . Мұның өзі Америка қоғамының кең бөлігінде нәсілшілдіктің тамыры тереңде жатқанын байқатады .
Сол жылдары ұжымдастыру ісіне көмек ретінде ауылды жерлерге 8000 жұмысшы жіберілді . 25 мыңдықшылар деп аталған ұжымдастырушы топ Мәскеу , Ленинград сияқты орталықтардан жіберілді . Ұжым дас тыру барысында көптеген жерлерде көшпелі шаруашылықтар бір жерге иіріліп , киіз үйлерден көшесі бар қалашықтар құ рылды . 10 - 15 күннен кейін ондағы адам дар жан - жаққа ешкімді тыңдамай қа шу ға , көшуге мәжбүр болды . 1930 - 1931 жылдарда осындай зорлап отырық шы лан дыру зо ба лаңына ұшыраған мал шаруа шы лығымен ай налысатын 25 ауданнан 35 мың нан ас там шаруашылық республикадан тыс жер лерге көшіп кетті . Жалпы , Қазақстан бойынша 1931 жылдың тамыз айына дейін 281 мыңнан астам шаруа қожа лығы республикадан тыс жерлерге көшіп кет ті . Мұның соңы қазақты шұрайлы же рі нен айыруға дейін апарып соқты . Бұл ха қын да « Қазақ және Жер тағдыры » ко мис сия сы ның төрағасы Сапабек Әсіп ұлы :
Торпақтар айналасындағылардың сый - құрметіне бөленгісі келеді , содан да киіміне аса ұқыпты қарайды , сондай керемет болып көрінгісі келеді , кейде ондай болмаса да … Өз мақсаттарына тұрақты . Ойға алғанын жүзеге асыруды кейінге қалдыра беруге бейім , бірақ өз жоспарын еш ұмытпаған сияқты көрінеді . Торпақтар мінезі жұмсақ жас кезінде тапқан достарын өмірлік деп санайды .
Еуразия халықтарының арасында эпостық жырлар кең тараумен қатар , тарихи оқиғаны әдеби - көркем тәсілмен ұрпаққа жеткізген ауыз әдебиетінің ерекше бір жанры ретінде қалыптасқаны баршаға аян . Монғолдың ірі эпостарының арасындағы ең көнесі - « Хан Харанхуй » атты жыр әрі ол көшпенді монғол тайпалық аймақтарының одағы құрылардан әлдеқайда бұрын шығарылғандықтан « эпостардың ханы » немесе « эпос атасы » ретінде қарастырылады . Әлем әдебиеттанушыларының ең көп зерттеген « Гэсэр жыры » X ғасырлық оқиғаларды бейнелейтіндігі ғылыми түрде дәлелденген . Аталмыш жыр тұңғыш рет Монғолияда басылып шығарылғанға дейін Тибет , Бурят сынды Орталық Азия халықтары арасында ауызша тараған әйгілі туынды болған . « Жаңғыр » жыры - қалмақтар арасында кең тараумен қатар олардың Монғол Алтай өңірінен ауып , Жайық өзенін мекендеуінен бұрын шығарылғандығы анықталғандықтан 1940 жылы 500 жылдығы аталып өткен .
Медициналық нысандар мәселесi Қазығұрт ауданында да баршылық . Мысалы , Тұрбат ауылындағы 15 орындық аурухана апатты күйде , әрi бұл орын жеткiлiксiз . Шарапхана ауылындағы аурухана мен мәдениет үйi , Жiгiрген ауылындағы амбулатория да апатты жағдайда . Дегенмен , бұл аудандағы басты мәселе - ауызсу . Аудан орталығындағы 66 көшеде ауызсу тәулiгiне - 1 сағат , 4 көшеде - 3 сағат қана ақса , 7 көшенiң тұрғындары тасып iшуге мәжбүр . Жергiлiктi әкiмдiк жыл басында аудан бойынша бұл проблеманы шешуге 30 млн . теңге қаржы сұрапты . Ол қаржы бөлiнгенiмен бүгiнгi жағдай әлi де күрделi күйiнде қалып отыр . Қазығұртта 7000 гектар егiстiк жер пайдаланылмай келедi . 43 мектеп ыңғайластырылған жайға орналасқан , 31 мектеп оқушылары 3 ауысымда бiлiм алуда . 12 елдi мекенде бiлiм ошағы мүлде жоқ . Мектептердiң материалдық - техникалық базасы нашар .
Давать знания информатики содерж . кот . новее основного курса .
Қазақстан Республикасында 1999 жылы 23 - шілдеде « Мемлекеттік қызмет туралы » Заң қабылдағаннан бері ұлттық қауіпсіздік органдары осы заңның 13 - бабының 3 - бөлімІне сай мемлекеттік қызметке үміткерлерге және қызметте тұрған тұлғаларға қатысты міндетті түрде арнайы тексеру шараларын жүргізіп келеді .
Жотаның солтүстік жағынан жазық далаға көтеріліп , оңтүстік жағынан Жетісу - Көксу сулы өзендердің бір саласына құяды . Теңіз деңгейінен тереңдігі 1300 м . құрайды .
Өскемен Қазақстанның батыс - шығыс бөлігінде Ертіс пен Үлбі өзендерінің сағасында орналасқан ; көлемі 54 , 4мың га жерді алып жатыр .
10 . Тоқтата тұру себептері жойылған жағдайда немесе тіркеуді жаңғырту туралы заңды күшіне енген сот шешімі бойынша домендік атауды тіркеуді жаңғырту жүргізіледі .
Қаланың туристік қызметтен пайдасы 2006 жылғы 6 , 2 млрд . теңгеден 2007 жылы 7 , 8 млрд . теңгеге арттыү Осы көрсеткіш қонақ үйлер қызметінен , жолдамалардың жалпы құнынан , көрсетілген визалық және экскурсиялық қызметтердің , сондай - ақ орындар броньдау бойынша қызметтерденг болған пайданы қамтиды .
Магнитофонның төгілген әдемі сырлы әуені әңгімені көміп кетті , сезімді тербеген нәзік үннің иірімі толқытады .
30 сын ескертулер мен ұсыныстардың 21 экономикалық және 9 әлеуметтiк сипаттағы мәселелерi бақылауға алынды .
- Бұл ұйысқан қаскүнемдердің өздерін де бір - бірден « қасқыр » жеп жатыр ! - дегенімде екі стол толы достар жым - жырт тыңдай қалысты . - Шексіз апаттан өз табиғатындағы ерекше шыдамдылықпен ғана қалған жалғыз досым - Күләннің да өлімі осы қастандық өсектен болды . Менің тірі қалуым жолында құрбан болды ! Сол қаскүнемдердің бірнешеуі осында өтіп алған . Бұл жақтан тарқатылып сойқандап жүрген солардың өсегі ! Енді өлмеймін , тірілерім үшін ғана емес , марқұмдарым үшін де жасауым қажет , енді толық сауықтым ! - Жалт бұрылып барып , дастарқандағы еттен екі асадым . Достар ду күле қол шапалақтады . Мен шампан бөтелкесін қолыма алып , жарты стакан құйып алдым да отырғандардың бәрін тосқа шақырдым . - Қане достар , аға - бауырлар , ұрпақтарымыз - мына немере - шөберелеріміз өсіп - өрби берсін !
Бiздi жәдiгерлермен мұражай меңгерушiсi Шағжан Исабаев пен ғылыми қызметкер Гүлзат Сәлiмқызы таныстырды .
Ағайын - туыс біткеннің ер аза мат тары жиылып , шаңырақ көтеріп , қақ пандағы жолбарыс жатқан жерге барады . Шұбарды көріп , оны соғу үшін жатқан жеріндегі ну қамысты өртегенде , бір киіз үй орнындай жер жанбай қалыпты . Сол кез дегі " сары ауыз " шойын оқпен оқта латын мыл тық пен қаруланған Сәдуақас ата аңға мі нетін құла биесін киіз үйдің сыр тына байлап , қан жығасына айбал та сын іліп , сайлап қояды да , өзі үй ішіндегі жолбарыстың маңдайынан үш рет атқанда қан шықпаған екен . Оқ тың соққысынан шамданып , ша мыр қанған жолбарыс киіз үйге қарай аты лады . Осы кезде ша ңырақты ба қан мен көтеріп , әупірімнің күшімен ұстап тұрған жез десінің екі қа быр ғасы сынып кетеді . Жол барыстың оқ тан өлмейтінін аңғарған Сәдуақас ата құла биесіне отырып , айбалтасын қо лына бекем ұстап , Алладан пәрмен сұ рап , Тілеуғұл ба ба сының аруағына сы йынып , жол ба рысты жалаң қо лы мен соғады . Осылайша , маңдайдағы мал мен жанға тыншу бермеген дала тағысы ажал құшады .
Енді мынадай мәселе . . . Дағдарыс ке ліп , құрылыс тоқтады . Қаншама құрылыс орын дары қаржының жоқтығынан тұ ра лап қалды . Сол кезде бұлар қайтті ? Еліне қай татындар , еліне қайтты . Қайтпағандар күн көрістің қамын ойластыра бастады . Ше телден келген мигранттардың көбісі мер зімі бітсе де , елден болар қайыр жоқ деп , әрбір жерде бойтасалап жүрді . Елде қыл мыс көбейді . Банк қызметкерлерінде үрей туа бастады . Қалталыны аңдығандар әр бір бұрышта жүрді . Сонда Астана қа ла сын да , Астанада ғана емес , елдің ірі қа ла ла рында , жалпы Қазақстанда мигра ция лық қауіпсіздік қаншалықты қам та ма сыз етіл ді ?
- Усолка шағын ауданын электрмен жабдықтау ішкі кварталдық желісінің құрылысы ;
Елбасы Нұрсұлтан Назар баевтың биылғы халыққа Жолдауында орта білім беруді та бысты ұйымдастыру мәсе лесін алдымызға қойғаны мә лім . Білімді ұрпақтың қабілетті болатыны әлім - сақтан белгілі . Біз Президенттің осы Жол дауындағы көрсетілген бағыт - бағдар бойынша жұмыс істеуге тиіспіз . Әр баланың терең білім алуымен қатар , тәрбиелі болып өсуі де ұстаз үшін сын деп білемін .
Екінші - мемлекет және әр азамат ел ішінде , сондай - ақ оның сыртында қоғам дағы тұрақтылық пен қазақстандық тар дың игілігіне кері әсерін тигізуі ықтимал кез келген қадамдардан бас тартуы тиіс .
« Әжептәуір ән еді , пұшық айтып қор қылды » дегендей , қаладан келген ол атышулы « ң » әрпін ұмытып қайтыпты . « Қойса ( н ) шы , бүйтсе ( н ) ші , сөйтсе ( н ) ші » деген сияқты сөздермен мұрыны самал түскен ( осындай жаман ауру бар , тіпті , дер кезінде емделмесе , адамның пұшық болып қалу қаупі де бар көрінеді ) танауға айналып келіпті . « Бақсақ , бақа екен » дегендей , бұл өзі сол жылдардағы қала жастарының арасындағы бір « мода » екен . Бірақ бірер жылдан соң , қуанышқа орай , әлгі « моданы » қойып , « қазақша » сөйлейтін болды . « Уһ ! » дедім . Деп қана қоймай , осы әріпті айтуға келгенде тыжырына қалатынымыз , « айтсаңшы » дегендерге ежірейе қалуымыздың себебі не ? » деген сауалға жауап іздей бастадым . Менің тапқан жауабым адам күлерліктей : тарихта отарлаушылардың бабаларымызды « маңқа » қазақ деп атағаны жасырын емес . Мұның бар себебі әлгі әріпте тұрған жоқ па деген ой туды . Адамның көңіл - күйінің ең бір шамырқанысты сәттерін жеткізерде ( әттең - ай , « ың - ңай ! » және т . б . ) өлшеусіз рөл атқаратын осы бір әріп - дыбыстың басқа ешбір халықта жоқтығына - тілдік қорымыздың өзіндік бір байлығы екендігіне біреу дау айтар , біреу айтпас . Әрі бұл өз алдына бөлек әңгіме қылар тақырып . Мәселе басқада . Орыс отарлаушыларынан кейін , Кеңес өкіметі орнады . Аталған әріптен бас тартушылық бұл кезеңде мүлдем белең алған сыңайлы . Тіпті , былайғы бұқараны қойып , халықты тәрбиелейтін салалардағы қызметкерлеріміз бұл дыбыс - әріптен үзілді - кесілді бас тартты . Репрессия зардаптарынан әбден зәрезап болған , « Ұлтшыл » дегеннен үркек атша үркетін қазаққа бұл да бір « әйт , шу ! » деген арық түйеге демеу » деген сияқты болды . Таяуда Республикалық Қазақ ра диосының « Шалқар » бағдарламасынан белгілі күміс көмей әнші апамыз Жамал Омарованың орындауында концерт берілді . Бір жерден оқып едім , ол кісінің дауысын әйгілі сырнайшы Майраның дауысымен деңгейлес деп . Ал , Майраның дауысын музыкатанушылар сирек кездесетін « меццо - сопрано » деп айдарлаған екен . « Діңгіл - діңгіл , дырыңнан » гөрі мынау жақсы болды - ау » деп тыңдай қалдым . Әншінің дауысы да тамаша , орындалып жатқан әндер , тіпті , керемет . Бірақ , көңіліңнің ауанын торт жеп отырып , аузыңа бір түйір тұз түсіп кеткендей қылатын тұсы - сол баяғы « ң » әріп - дыбысы . Жоқ қой , жоқ ! Концертті бастан - аяқ тыңдадым . Келесі бір әннің мәтінінде айтып қалар деймін . Жоқ ! Осы тұста эстондардың қала атауындағы бір ғана әріп үшін тайталасы мен өзіміздің « Ой , тәйірі сонда не тұр дейсіңіміздің » ара - жігін салмақтап көрсек , бетімізден отымыз шыға ма , шықпай ма ? ! Бұл тұста Жамал апамызды айыптаудың еш ретін көріп тұрғаным жоқ . « Балапан басына , тұрымтай тұсына » деген . Бір әріп - дыбысқа бола бәрінен айырылғанша , халықты әсем әндермен сусындата берейін » деп ойлаған шығар дейді , реті келсе тек көмектесуге әзір , біреудің меселін қайтаруға , бетінен қағуға жоқ көңілім . Әлқисса , сол қазағымның жалғыз меншікті радиосының « Шалқар » бағдарламасынан тағы бір концерт тыңдай қалдым . Әралуан әндерді әншілеріміз құйқылжыта орындап жатыр . Эстрадалық концерт . Бірақ , әңгімемнің осы қалған бөлігін жазарда қатты қиналдым : « ң - ды айтуға арланатын қазаққа дауысың жетпейді немесе әннің шырқау тұсын созарда дауыссыз емес , дауысты дыбыстар ғана созылуға тиіс » деген ережені естеріне салатындай , « мен кімнің шікірәсі едім » деп . Алайда , баяғыда сатира театры тарландарының бірі Мейірман марқұмның бір кейіпкері сахнадан зарлап жататын еді : « Ау , күймейтін жерден күйіп барады ғой » деп . Сол айтпақшы , күймейтін жерден күйіп барады ғой . Сонымен , әлгі концертке келгенде , әншімен бірге қылғынған тұсымды айтайын - белгілі әнші Қыдырәлі Болманның орындауында Жақсылық Сәмитұлының сөзіне жазылған « Туған жер » әні берілді . Тіпті , қандай да бір « комментарий » беруге қиналып отырмын . Қараңызшы , Қыдырәлі ағам шырқырап жатыр : « Туған жер әни - и - ин бирги - и - ин , сәнин бирги - ин » . . . Осылай деп шырқырап келе жатқанына да біраз жылдың жүзі болып үлгерді . Тынысы кең әншіге берсе , « Туған жер әні - і - ін берге - е - ен , сәнін берге - ен » де - еп тыңдаушысын демалдырар еді ғой . Сонан соң Бақтияр Тайлақбаев ағамның да талай жылдан бері түбегейлі « меншіктеп » алған « Ағаларым » әні . Әйгілі « Примадонна » Алла Пугачеваның мектебінен оқыған делінетін Бәкеңнің де жетістіргені шамалы . « Ағала - » деп келеді де « рі - і - ім » деп қылбұрауға салғанда , тек шыдап көріңіз тыңдауға . Айтпайын - ақ десем , « Платон менің досым , бірақ шындық одан да қымбат » болып тұр ғой . Осы сияқты « құлағы кесіліп - құнтиып , мұрны кесіліп - шұнтиып » қалған әндер тура әлгі бір гректің әні сияқты . Кейінгі уақыттары біздің жастарымыздың сүйіп тыңдайтын шетелдік әндерінің қатарына кірген ән . Тыңдап отырсаңыз , әлгіні орындап жатқан әншінің дауысының соншалықты жіңішкелігінен , шыңғыра дікірлеп айтуынан дауыс бұлшық еттеріңіз ( голосовые связки ) бірге жиырылып , тұла бойыңыз ширығып , еркіңізден тыс құныса , иығыңыз ішке кіре , бір уыс боп бүрісе бастағаныңызды сезбей қалғандай әсерде боласыз . Мына кісілердікі де сол . Өзіңізді өзіңіз Бальзактың « шегірен былғарысымен » қысқандай , отырған орныңызда сығымдай бастайсыз . Бұл - бір ойдың үзігі . Түйіндей келсек , « ың - ңай ! » деп ыңырси өкініш білдіресің , қазіргі уақытта жасы бар , жасамысы бар бірқатар әншілеріміз әнді созар тұста дауысты дыбыстарды емес , керісінше , « ң - ң - ң » , « м - м - м » , « с - с - с » , « л - л - л » деген сияқты дауыссыздарды созумен тынысыңызды бітеп , тұншықтыруды дағдыларына дендете сіңіріп алды . Мектепте ән сабағынан берген , консерваторияны бітіріп , тамаша дауысы бола тұрып , ауылдағы мектепке ұстаз болып қалған апайымыз бізді солай үйретуші еді . Расында да лингвистиканың заңдылықтарына сәйкес , дыбыстардың жіктелуінде созылатын болған соң да « дауысты дыбыс » деп жеке отауға кіргізілгенін қалайша ұмытуға яки түсінбеуге , ескермеуге болады . Ән таңдай , ән тыңдай білеміз бе осы ? ! . .
С . Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік университетінде халықаралық балаларды қорғау күні бірқатар игі істермен аталып өтілді . ЖОО ректоры , профессор Бейбіт Мамраевтың жетекшілігіндегі студенттер мен оқытушылардың қалалық Кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталығында болуы . . .
Бұл съезді ұйымдастырушылар - Ә . Бөкейханов , А . Байтұрсынов , Е . Омаров , С . Досжанов , М . Дулатовтар . Съезге Самарханд облысы мен Алтай губернниясы атынан - 58 өкіл , әр түрлі қазақ ұйымдарынан - 8 өкіл , арнайы шақырумен - 15 адам , барлығы - 81 адам қатысқан .
Tagged with айраннан шашқа маска , таза су , шаш күтімі , шаш түсуі , шашқа маска , өлі су
- Ырғыз бен Ақтөбенің арасы қашық : 400 шақырым шамасында . 7 - 8 сағат жол жүру оңай емес . Автобустан адамдар шаршайды . Шұғыл шаруа шығып , тез арада қалаға бару керек болғанда жердің шалғайлығы біраз қиындық тудыратыны рас . Осы жағдайларды ескере келіп , облыс әкімі Елеусін Сағындықов тұрғындардың өтінішін орындады , - дейді Мирхан Дуанбеков .
Екінші дүниежүзілік соғыстан кейін жүріп жатқан аймақтық әскери соғыстардың көпшілігі ресми түрде жарияланбастан болатынын көзі ашық , көкірегі ояу оқырман ретінде тарихтан жақсы білеміз . Бұған әр жерде болып келген әскери қақтығыстар дәлел . Атап айтсақ , Вьетнамдағы , Ауған стандағы , Таяу Шығыстағы , Парсы шыға нағындағы , Чешенстандағы , ал ең соңғысы бес күнге созылған Қап тауындағы соғыс .
« Амангелді сарбаздары » , « Қаһармандық фреска » атты симфониялық поэмалардың , « Отты жер » симфониясының , соло , хор мен оркестрге арналған « Достық ұраны » салтанатты одасының , аспаптық пьесалардың , романстардың , балладалардың , балалар хорының , көптеген әндердің , тағы басқа музыкалық шығармалардың авторы .
Саяси партияны мемлекеттiк тiркеу талабындағы тағы бiр өзгерiс оның құра мында болуға тиiс партия мүшелерiнiң санына байланысты болды , яғни саяси партияның құрамында партияның барлық облыстардағы , республикалық маңызы бар қала мен астанадағы әрқайсысында кемiнде 700 партия мүшесi бар құрылымдық бөлiмшелерiнiң атынан өкiлдiк ететiн кем дегенде 50 000 ( бұрын - 30 000 ) партия мүшесi болуы талап етілді . Саяси партиялар туралы заңның дәл осы талабын көптеген зерттеушiлер және жалпы көпшiлiк қауым ( әсiресе , саяси партия қайраткерлерi ) партиялық құрылыстың даму үдерiсiне кедергi ретiнде қабылдады . Сөйтіп бұл талап зерттеушілермен қатар , партиялық қайраткерлер қатарында да қызу пікір - талас тудырды . Осы уақыттағы бұқара халықтың көңіл - күйі де жайсыз болды . Бұған дәлел 2001 жылдың екінші жартысында жүргізілген әлеуметтік сауалнама нәтижесі : тұрғындардың 26 , 3 пайызы саяси партияларды қажетсінбеген , тек респонденттердің 11 , 8 пайызы ғана оларды қажет деп есептеген . Сауалнамаға қатысқандардың - 42 пайызы партия қызметі ешқандай сезім тудырмайды , немесе 24 , 8 пайызы - бейтараптық сезімде , 14 , 5 пайызы - қызығушылық танытса , 9 , 3 пайзы ғана - сенім білдірген . Сауал намаға қатысушылардың басым көпшілігі ( 31 , 5 пайызы ) республикада қызмет істеп отырған партиялармен таныс емес , немесе 26 , 7 пайызы оларға сенім көрсетпейді . Мұндай жағдайда тұрғындарды партия қатарына тарту қазақстандық партиялар үшін өте күрделі болды .
Бұл аталған өлеңдер идея - көркемдік жағынан біркелкі жақсы шыққан өлеңдер . Бұл өлеңдерден мазмұн мен түрдің , ой мен сезімнің дұрыс қабысқандығын көреміз . Ақындық серпіні , пафосы , айқын идеясы бар ; ең мәндісі - орынсыз аулақ сілтемей , өмірдің ішінде болып , өмір поэзиясын сұрыптап ала білуге құмартушылық бар . Жас ақындарымыз өз поэзияларына керекті нәрді Отан соғысындағы жеңісімізден , социалистік өндірісімізден , колхозды ауылымыздан , төменгі - жоғары дәрежелі мектептерімізден іздейді . Бұл поэзиямыздың өмірлі болуына бастайтын жағдай .
Толық мәтінді мәліметтер қорын ( ТМҚ ) жасау бойынша жұмыс жүргізіледі . Электрондық құжаттар массивіне күнде интернеттен оқулықтар және кітаптардың көшірмелері еңгізіледі . Кітапхана қызметшілері көшірмелері шектеулі талап етілетін оқулықтарды көбінесе электрондық түрге жоспарлы түрде аударады . Күн сайын Электрондық кітапхана массивтерінің жаңартуы жүзеге асады .
Қазір көшкен малдың соңынан еріп жүре беретін заман өтті . Ауыл шаруашылығы модернизация мен тың шешімдерді күтеді .
Төрағасы Н . Ә . Назарбаев мемелекеттік қызметшілер басшылыққа алатын , оның ішінде « Қандай қаражатқа өмір сүресің ? » деген сұрақтан қорқпай өмір сүру талаптары бар сегіз этикалық норманы атады . « Нұр Отанның » « ӨЗІҢНЕН БАСТА » акциясына орай « Шығыс Қазақстан облысының жер қатынастары басқармасы » мемлекеттік мекемесінің қызметкерлері « Өзіннен баста » акциясы арқылы өз кірістерін жариялауды жөн көрді : 1 . 2009 жылғы жалақысы - 1 733 147 теңге 2 . 2010 жылғы 1 қантардағы жағдайы бойынша зейнетақы аударымдары - 1 381 307 теңге 3 . Банктегі қолма - қол ақша - 3 мың американ доллары 4 . Жылжымайтын және жылжитын мүлігі - 2 бөлмелі пәтер .
2009 жылы Ел арнаның жаңа форматы қарқынды дами бастады , арна осы уақыттан бастап спорт және жастар жағына қарай басымдық берді . Жалпы айтқанда , арнаның негізгі міндеті - тұрақты жастар аудиториясын қалыптастыру және де отбасы аудиториясына да негізделген .
- Мемлекет басшысы 2010 жылы " Жол картасы - 2009 " жоспа ры бой ын ша басталған тұрғын үй - ком му налдық сектор нысандарын қайта қалпына келтіруді жалғасты ру , ал 2011 жылы тұрғын үй - коммуналдық шаруашылықты кең ауқымды мо дер низациялаудың 2020 жылға дейінгі жоспарын әзірлеу жөнінде міндет қойды . Бұл жағдайда тұрғын үй - коммуналдық шаруашылық ин фрақұрылымдарын модерниза ция лау эксплуатациялық шығындары ның үлесін төмен детумен және ресурс сақтаушы технологияларды енгізумен қоса жүруі тиіс . Ауылдық жерлерді құбыр суымен қамтамасыз ету жұмысы жалғасатын болады .
Ресей келіп еді аспандатпай , Жетпіс жыл келіп едік жасқаншақтай . Өз жеріңде өзің өгей болып едің , Қамысқа кеп тығылған қасқалдақтай . Базарыңды өзбек пен кәріс билеп , Қайқайып тұрушы еді бас бармақтай . Жүндес халық кеудесін керген кезде , Үркуші едік қасқырдан қашқан лақтай . Ұлттық рух дегенді сезінбеуші ек , Келіп ек судай сіңбей , тастай батпай . Сол үрейлі күндерге нүкте қойған , Желтоқсан ерлері ғой тас қайрақтай . Тәуелсіздік көтерді рухыңды , Бақытқа бастайтұғын баспалдақтай . Жарқырап шыға келдік он - ақ жылда , Жабағысын тастаған жас тайлақтай .
Нұрмағамбетова Айтжан Қабдуғалиқызы Қостанай облысы , Сарыкөл ауданының Қарашелек ауылында 07 . 06 . 1956 жылы туған .
өнеркәсіп палатасының 6 - шы кеңестік отырысы өтті . Негізгі мақсаты : Евразиялық
Колоннаның алдыңғы жағынан екі адам суырылып шығып , обкомның хатшысына өздерінің талабын табыстады .
1 . Материал алынған алғашқы шикізат түріне байланысты олар органикалық және бейорганикалық болып бөлінеді . Органикалық материалды температурасы 100С - дан аспайтын беттерді жылуоқшаулау үшін ғана қолданады .
Төмендегі сілтемені басып , сіз қоры 80000 - нан артық кітабы бар сайттың кітаптар тізімін ала аласыз , және сол сілтеме бойынша кітаптарды тегін өзіңізге түсіре аласыз .
Еліміздегі жастарға арналған ең байырғы , беделді республикалық басылым . Алғашқы саны 1921 жылы наурыз айында Ташкентте жарық көрді . Тұңғыш редакторы - Ғани Мұратбаев . Газет 1927 жылдан « Лениншіл жас » деген атпен шыға бастады . Бұл басылым қазақ жастары дүниетанымының қалыптасуына , ұйымдасуына көп еңбек сіңірді . Қазақстан өз алдына тәуелсіз мемлекет болған соң еліміздегі саяси - әлеуметтік мәселелер жөнінде көптеген бастамалар көтерді . « Жас алаш » қашан да өзінің өткірлігімен , батылдығымен елімізде демократиялық үрдістердің қалыптасуына ықпал етіп келеді . Ол жастарымыздың ұлттық дүниетанымын , ұлттық намысын , ұлттық рухын қалыптастыру мен шыңдауға мазмұнды материалдарымен іргелі үлес қосуда . Газеттің « Студент » , « Руханият » , « Алдаспан » , « Мыңнан бір мезет » , « Ақ отау » сияқты қосымшаларында қазақ жастарының өміріндегі өзекті мәселелер жөнінде толғамды мақалалар , сұхбаттар ұсынылып жүр .
Қызылсай алқап ; Өтес маңындағы жер аты . Қарнаудағы Байқадам , Сауытты , Көкбұлақ , Ақбұлақ - Бөгерстерм алқаптарынан басталатын шағын жыралар бiрi - бiрiне қосылып , Қызылсайдың үлкен сайына айналады . Қызылсай Қарнауды Үстiрттiң қалған бөлiгiнен оқшаулап жатыр .
Ислам діні бүгінгі таңда жер шары тұрғындарының шамамен төрттен бірі ұстанып , биік бағалап , аялап , қастерлеп отырған соңғы иләһи дін . Оның адам ба ласын үнемі тазалыққа , адалдыққа ша қы ратыны , Алла тағала мен Пайғам ба ры мызға ( с . ғ . с . ) және дүниедегі бүкіл жа ра ты лыстарға опалы болуға үн дейтіні анық .
Успешно завершена уборочная кампания . Урожайность по округу составила 14 ц / га . Постоянная работа с семенами позволяет хозяйствам стабильно получать высокие урожаи , вести сортосмену , обеспечивать высокопродуктивными семенами другие хозяйства района и сельского округа .
БАҚ қызметкерлері үшін 1994 жылдан кейін 2007 жыл ең қайғылы болды деп хабарлайды http : / / news . mail . ru . « Шекарасыз тілшілер » халықаралық ұйымы өзінің баяндамасында 2007 жылы 86 журналист пен басқа да БАҚ қызметкері қаза болды . Көбісі - 47 адам - Иракта . Сомалиде - 8 және Пәкістанда - 6 . Сонымен қатар , баяндамада тілшілердің қызмет атқарып жүрген кезінде қаза болғандар саны 244 пайызға ұлғайғаны жайында айтылды . 2008 жылдың 1 қаңтарға дейінгі ахуал бойынша бірнеше елде 135 БАҚ өкілі бас бостандығынан айырылған және бұл көрсеткіш жыл санап өзгертілмейді деп айтуға болады . Интернетте жұмыс істейтін журналистерге қысым көрсету мен соққыға жығу жағдайлары жайында да айтылды . РИА « Новости » мәліметі бойынша әлемде 1 жылдың ішінде 2766 сайт ( көбісі пікірталас форумдар ) жабылды немесе уақытша жұмысын тоқтатты .
3 . 5 Университеттің кұрылымдық бөлімшелер қатынастарының тиімді формаларын , оған қоса Университеттің құрылымы мен штаттық кестесін жетілдіруге байланысты ұсыныстар енгізу
Сегізінші мәжіліс ( 1933 жыл . Шілденің 14 - і . Таңертеңгілік мәжіліс ) Гусев ( мәжіліс төрағасы ) : Сөз Құлымбетов жолдасқа беріледі . Құлымбетов : Жолдастар ! Мен 1926 жылы Қызылордада болған ІІІ пленумнан соңғы өлкелік комитеттің екінші тарихи пленумы осы пленум деп айта аламын . ІІІ пленум Қазақстан ұйымын жегідей жеп , кері сүйреген жікшіл , оңшыл , солшыл уклондармен күресудегі ірі , маңызды саясаттық іс болса , қазіргі VI пленумда ауыл шаруашылығы , ауылдың жай - күйі , бұған бұрынғы басшылықтың істеген қателері көп сөз болып отыр . Бұл - өте дұрыс әңгіме . Өйткені ол кемшіліктердің бетін ашпасақ , олардан қорытынды шығармасақ , қатенің өзін түзей алмаймыз , ол олқылықтардың зардабын жоя алмаймыз . Мен де өлкелік комитет бюросының мүшесімін . Мен де Голюдов пен Құ рамысұлы секілді қызметшімін . Бірақ : « Арбакештің атындай » болдым , не бұйырса соны ғана істедім . Айып тың бәрі Голощекин мен Исаевта . Бізде кінә жоқ » , - дей алмаймын . Ашы ғын айта йын , Голюдов және оны жақ тау шылардың : « Біз бала емеспіз , қатені істеп кеткен - басқалар . Біз айтқанды орындаушы ғана болдық » , - деуінің өзі - адалдыққа сыймайтын сөз . Менің ойымша , баяндама жасаған Ораз жолдас та , жарыссөзде сөйлеген басқа жолдастар да , олардың ішінде Пинхасик , Сәдуақасұлы , Сегізбайұлы және бас қалары қателерді , олардың себеп терін саясаттық жағынан дұрыс талдап берді . … Саясатта бәріне де дер кезінде үлгеріп тұру керек . Әйтпесе жырық астаудың басында қаларың даусыз нәрсе . Ал оның басында қалғанша , өз басыңды жарғаның игі деп білемін . Ізмұхан Құрамысұлы жолдас бұл бағытта қатені көп жібергендігін , қатені дәл өзіндей көп істеген қазақ коммунисі жоқ екендігін айтты . Оның бұл сөзі - рас сөз . Осы жағынан алып қарағанда ол Голощекиннен кейінгі екінші адам болды . Өйткені ауылда жолсыздық болып жатыр деген сыбыс естілсе , аудан ұйымдарынан осы туралы бір хабар келсе Голощекин алдымен Ізмұханмен ақылдасатын . Көбінесе сол екеуі бір - бірінің көңілін жұбатып : « Мұның бәрі де байдың қылығы , кейбіреулердің ісі » , - деп қоя салатын . Елден түскен ондай хабарлардың бірде - біреуіне ешқандай мән бермейтін . Ізмұхан бұл жөніндегі айыбын дұрыс мойындады . Өзінің жауаптылығы ешкімнен кем еместігін , қайта Ораздан анағұрлым көп екендігін айтты . Ораз және басқа жолдастар Голощекиннің пікіріне қосылмаған уақытта Ізмұхан ылғи бірінші хатшы жағына қарай жығыла кететін еді . Ол сонда : « Мұның өзі сендердің қиыншылықтан қаймыққандарың , бұл Кеңес мекемелеріне ұлтшылдардың ықпалы жүре бастағандығының салдары » , - деп жеңістік бермейтін . Алайда Ізмұхан жолдастың еңбегі сол , ол кеш те болса өз қателерін мойындауға мықтап тырысып көрді . Осы пленумдағы Голюдов жолдастың сөйлеген сөзіне тоқтала кетейін . Ол өзін саясат басындағы адам емес сияқты етіп көрсетіп , Голощекиннің қалқасына тығыла берді . Бұл дұрыс емес . Олай дейтінім , өлкелік комитеттің хатшысы Голюдовтың жауапкершілігі , елді азық - түлік , ке рек - жарақ заттармен қамтамасыз ету жөніндегі жауап тылығы өлкелік ко митеттің өзге хатшыларынікінен , мә селен , Ізмұханның және басқалардың міндетінен бір де кем емес . Өлкелік комитеттің соңғы пленумында Ораз екеуміз Голощекинмен табандатқан үш күн бойы айтысып , әуре болдық . Пленумнан кейін обком хатшыларының арнаулы мәжілісін шақырайық , сонда олардың ауылдың қамын жемей отырғандарын айтайық дедік . Әрине , бұл бағытта Шығыс Қазақстан обкомы там - тұмдап , Батыс Қазақстан обкомы ептеп жұ мыс жүргізгені болмаса , басқалары ауылдың халін оңдау қамын ойламай отыр дедік . Осының бәрін обком хатшыларының өздеріне әдейілеп ескертейік деп қолқа салдық . Амал не , мұндай мәжілістің шақырылу қажеттігіне Голощекиннің көзін жеткізу өте қиын болды . Ақыры оның бізге айтқан сөзі мынадай болды : « Маған не қыл дейсіңдер . Көшпенділік - бұл елдің ежелгі тұрмыс - салты . Мұны бір мәжілісте сөз еткенмен , оны тоқтата аласыңдар ма ? » дегені ғой оның . Қайдағы ежелгі салт десеңізші ? Қазақ малын айдап , дүние - мүлкін артып алып , көшіп жүрсе бір сәрі . Ал енді тамақтан тарығып , аштықтан азып - тозып , қала - қаланы , теміржол станцияларын , базар - базарды кернеп тентіреп жүрсе , ол ежелгі тұрмыс - салт емес , қиыншылықтан ғой . Ежелгі тұрмыс - салтымен мұның үш қайнаса сорпасы қосылмайтыны анық . Бірақ амал нешік , сонда да Голощекиннің оң тізесін басып отырған Ізмұхан жолдас та бұл мәселені нағыз большевикше қоя алмады , Голощекинге осының мәнісін жақсылап түсіндіре білмеді . Бұл мәселе тіпті болмағаннан кейін осының бәрін Орталық Комитетке жеткізетіндігімізді аңғарттық . Ақырында мәселе бюроға келіп тіреліп , онда сөз болған жай нағыз саясаттық тұрғыдан күн тәртібіне қойылды . Обком хатшыларының ішінде Беккердің өзі болып бұл мәселемен айналыспағанын , ауылдың халін оңдауға енжар қарағанын мойындады …
Қырғызстан Бас министрі Алмазбек Атамбаев те Қырғызстанда түрік іскерлерге жасыл шырақ жағатындарын айтты .
Бұл ретте « Самұрық - Қазына » ұлттық әл - ауқат қоры » АҚ басқарма төрағасының орынбасары Айдар Кәрібжанов мырза былай деп отыр :
Абайға әсер еткен ақындардың ішінде Дулат Бабатайұлының орны ерекше . Дулаттың Абайға әсері , екі ақын арасындағы поэзиялық үндестігі жайында жалпы пікір айтушылардан басқа арнайы тоқталған Қ . Өміралиев [ 37 ] , З . Ахметов [ 38 ] , Р . Сыздықова [ 39 ] , Т . Шапай [ 40 ] , А . Шәріп [ 41 ] , Б . Омарұлы [ 42 ] тағы басқа зерттеушілердің ғылыми тұжырымдарын атап өткен орынды . Осы арада айта кететін дүние Абайды бір ақынның немесе бір жыраудың шәкіртіне теліп қоюға болмайтындығын естен шығармаған жөн . Абай - тек қазақ әдебиеті ғана емес , жалпы әлемдік поэзияның көш басында тұрған тұлға . Ол өзіне дейінгі әдебиет үлгілерін қорытып , ақындық талғамына салып сығымдап , мүлде жаңа деңгейдегі поэзия туғызды . Төл әдебиетіміздің көне мұраларынан бастап , әр дәуірдегі сөз зергерлерінің поэзиясына қанып өсті . Белгілі бір дәрежеде үлгі алды . Бірақ қандай да бір ақын , немесе жырау жеке - дара Абайға ұстаз болды , өлең жазуды үйретті деу - біржақты пайым . Міне , Дулат пен Абайдың арасындағы рухани жақындық туралы айтқанда , екі ақын поэзиясындағы сабақтастық , өлең өрімдеріндегі ұқсастық туралы пайымдағанда ең алдымен осы мәселені естен шығармағанымыз жөн .
4 шілдеде Ұлттық Банк Тәуелсіздіктің 20 жылдығына арнап номиналдық құны 10 000 теңгелік ескерткіш банкнотты айналысқа шығарады . 15 шілдеде Байқоңырдан « Қазсат - 2 » серігін ұшыру жоспарланып отыр .
Сондай - ақ аталған шараны пайдаланып , осы жиынға қатысып отырған белгілі публицист - өлкетанушы , өңірдің айтулы ұлдары Аманғали , Насихат және басқалары туралы көлемді зерттеулер жүргізген Ләтифолла Қапашевтің иығына шапан жауып , белгілі театр режиссері , осы жердің тумасы Шапай Зұлқашевке « Исатай ауданының Құрметті азаматы » атағының берілгендігін хабарлады . төс белгісін қадады .
Күнтізбенің 2011 жылға ауыс қанына көп бола қоймаған кез . Қаңтардың қақаған аязы мұн дай кезде ерекше күшейіп ке тетінін қала тұрғындары жақ сы біледі . Телеарналардағы ауа райы болжамына қатты сенің кі ремей , үйдегі балконның сырт қы терезесіне шағындау ғана термометр орнатып қойғанмын . Үйден шығар алдында міндетті түрде соған қараймын . Үйдегі термометрдің көрсеткіші әдетте айтылған ауа райы болжамынан әлдеқайда төмен болады .
Қабыр басында « Ясин » немесе басқа да Құран аяттарын оқып , марқұм болғандарға сауабын бағыштаған жөн .
Негізгі бет Жаналықтар Құрылымы Тапсырмалар мен міндеттер Тарихи анықтама Статистикалық анықтама Кадр Даму бағдаламасы Стратегиялық жоспар . Мемлекеттік сатып алу туралы хабарландыру ӘЭД қорытындылары
Б . з . д . 10 - 9 ғғ . қола дәуірінде қазіргі қала аумағы ертедегі жер өңдеушілер мен малшылардың қонысы болды . Бұған дәлел - ерте кездегі Тереңқара мен Бұтақты қоныстарының табылуы . Бұл жерлерде керамика , тастан жасалған қарулар , темір мен сүйектен жасалған бұйымдар табылған .
Бәрімізді қандай да бір мереке болғанда тойлаудан гөрі демалыс қызықтарытыны белгілі . Сол айтпақшы , биыл 25 - ші қазан яғни , ( бұрынғы ) Республика күні демалмаймыз . Бұл күні осыдан 19 жыл бұрын Қазақ ССР - де егемендік декларациясы қабылданған болатын . Енді бұл күн жай , қатардағы күн болып … Continue reading →
2009 жылы 1000 үміткердің 32 тіркеуге алынып , барлығы дерлік оқыту мен іс - тәжірибеден өтті . « Жас Отан » ЖҚ атқарушы хатшысы Н . Утешевтің айтуы бойынша , іріктеу сындарының ең соңында кадрлар қоры 300 адамнан тұратын болады . Байқау сынының барлық кезеңдерінен өтіп , ең жоғары деңгейдегі көрсеткіштерге жеткен 300 үміткердің ішіндегі 70 адам республикалық деңгейдегі кадрлық қорға тіркеледі . Ал қалған 230 үміткер аймақтық деңгейдегі кадрлар қорына тіркелетін болады . Кадрлық қорға тіркеу - үміткердің одан да биік лауазымға ұсынылуы немесе мемлекеттік қызметке тұруына өзіндің « ұсыныс хат » болып саналады . Сонымен қатар , бұл жоба мемлекеттік және жергілікті басқару , саясаттану мамандықтары бойынша білім алған студенттердің жұмыспен қамтылуына аз да болса үлес қосты .
Бұл күн 21 наурызға сәйкестендiрiлген . Түрлi аймақтардағы климаттық алшақтыққа қарамай , үндiстер бұл мерекенi наурыз айынан бастап , тамызға дейiн тойлаған . Монғолдарда мерекенiң бас кейiпкерi - Жыл жаршысын малшының киiмiнде күтiп алған . Айтса , осылай кете бередi . Қазақ даласында Жыл көжеге арналып көтерiлетiн қасиеттi қазаннан бастап , қаншама ұлттық рәсiмдер бар ! Таң сазынан басталатын еңбек жырының өзi неге тұрады . Бұл ғажайып мереке ел ертегiсiнде айтылатын « отыз күн - ойын , қырық күн тойға » ұласатыны өз алдына .
Пайдалы ақпарат Әлі толық піспегендерінен немесе картоп , қызылша сияқты жарамдылық мерзімі үлкен өнімдерден басқа , көптеген көкөністерді тоңазытқышта сақтаңыз . Алайда , егер оларды ұзақ уақыт сақтағыңыз келсе , олар үшін ең жақсы орын тоңазытқыштың төменгі жәшігі болады . Көкөністердің көпшілігі ( картоп , қырыққабат , сәбіз , ақ желкек , балдыркөк , порей пиязы , алма , қызанақ ) үйде тіпті 1 айға дейін сақталуы мүмкін . Дегенмен көпшілігін ең көп дегенде бір аптаның ішінде қолдану керек . Мұздатылған көкөністер өзінің дәмдік қасиеттерін тіпті бір жылдың ішінде сақтайды . Өңделген көкөністер мен консервілерді 15 градустан төмен температурада сақтаңыз , оларға жарық түсуін шектеңіз .
1 . Әрбiр көтеру - тасымалдау механизмi және көтеру жабдығының элементi , олардың компоненттерiн , бекiтпе құрылғыларын , анкерлер мен тiректерiн қоса : а ) дұрыс құрастырылған және әзiрленген болуға тиiс , сапалы материалдан жасалған және арналған мақсатқа сай төзiмдiлiкке ие болуға тиiс ; b ) тиiстi түрде орнатылуға және пайдаланылуға тиiс ; с ) жақсы жұмыс жағдайында ұсталуға тиiс ; d ) оларды құзыреттi тұлға ұлттық заңнамада немесе ережелерде ұйғарылған мерзiмде және жағдайларда қарауға және сынауға тиiс ; көрсетiлген тексерулер мен сынақтардың нәтижелерi тiркеледi ; е ) ұлттық заңнамаға және ережелерге сәйкес қажеттi даярлықтан өткен қызметкерлер пайдалануға тиiс . 2 . Ауыр жарақатқа немесе адамдардың өлiмiне әкелiп соғатын төтенше жағдайларды қоспағанда және көтеру механизмiн қауiпсiз пайдалану мүмкiн болған жағдайда , ұлттық заңнамаға немесе ережелерге сәйкес осы мақсаттарға арнап әзiрленген , орнатылған және пайдаланылатын механизмдерде ғана адамдарды көтеру механизмдерiнiң көмегiмен көтеруге , түсiруге немесе орнынан ауыстыруға жол берiледi .
- Бәрін емес , біреуін ғана айтайын . Біреуін ғана емес , біреуінің бір ісін ғана айтайық . Егерде , дәл сол кезде Ахмет Байтұрсынов қазақ тiлi мен әдебиеттану ғылымының негiзiн салмаса , бiз бұл күндерi бастауыш пен ба яндауышты - « бастаушы » мен « қостаушы » , анықтауыш пен толықтауышты , « айқындаушы » мен « толықтырушы » , зат есiм мен сын есiмдi - « негiздi есiм » мен « түр - түс , қимыл есiмi » деп атап жүрер ме едiк , кiм бiлсiн . Ал , шылау мен үстеудi , етiстiктi қалай атарымызды бiр Аллаһтың өзi бiлсiн . Тiл ұғымның тазалығы үшiн күрескен алашордашыл Ахаңсыз есептiң төрт амалына - алу мен қосуға , бөлу мен көбейтуге ат тауып көрiңiзшi . « Алынғыш , қосылғыш , көбейгiш , бөлiнгiш » деп оттап жүрмесімізге кiм кепiл ? ! .
Шілденің 14 - інде Үкіметте өткен селекторлық кеңесте Премьер - Министр Кәрім Мәсімов ішкі нарықты астық дақылдарымен қамтамасыз ету үшін Ауыл шаруашылығы министрлігіне бірқатар міндеттер жүктеді . « Еліміздің облыстары , әсіресе астық екпейтін аймақтар өздерін астықпен қалай қамтамасыз етіп жатыр , апта соңында менің үстелімде осы жөнінде нақты анықтама жатуға тиіс » , деді Премьер - Министр кеңесте . Үкімет басшысы бұл тапсырманың орындалуын Ауыл шаруашылығы министрі Ақылбек Күрішбаевқа жүктей келіп , оған Индустрия және сауда министрлігімен бірлесіп осыған арналған кеңес өткізуді тапсырды . Астық жинау науқанында өңірлерді жанар - жағар маймен толық әрі уақтылы қамтамасыз ету маңызды екеніне тоқталған К . Мәсімов , мұны шешуді Энергетика және минералдық ресурстар министрі Сауат Мыңбаевқа тапсырды . « Бұл мәселе бойынша нақты кесте апта соңына дейін менде болуы тиіс » , деді Үкімет басшысы . Ішкі нарықты астық дақылдарымен және жанар - жағар маймен қамтамасыз етуде ешқандай да қысылып - қымтырылудың қажеті жоқтығына тоқталған Премьер - Министр , қажет болса әкімшілік ресурстарды да қолдануға болатындығын атап көрсетті . Үкімет басшысы Ауыл шаруашылығы министрлігіне Экономика және бюджеттік жоспарлау , Қаржы министрліктерімен бірлесіп тұрақтандырушы қорлар құру туралы да нақты ұсыныстар енгізуді тапсырды . « Осы тапсырмалардың орындалу барысы туралы екі аптадан кейін Үкімет отырысында Ауыл шаруашылығы министрі баяндайтын болады » , деді К . Мәсімов . « Астықтың , жанар - жағар майдың әлемдік баға коньюктурасы қалай қалыптасса да , біз азаматтарымызға бұлардың қолма қол тиімді бағада да болатындығына кепілдік беруіміз керек . Бұл сіздер мен біздің дербес міндетіміз » , деді Үкімет басшысы .
2011 жылғы 17 наурызда ҚР Парламенті Мәжілісі Қаржы және бюджет комитетінің мүшелері Г . Ж . Қарақұсова , С . С . Есілов және Т . Қадамбаев Башқұртстан Республикасы Мемлекеттік Жиналысы - Құрылтайы елегациясымен кездесті .
" Ресей фашизмді жеңді " дейді дурықпа тарих . Орыстар фашизмді жеңді де , енді келіп 60 жылдан соң , қазір өздерінің көшелерін неофашистерге , яғни тақырбас скинхедтерге толтырды . Сөйтіп , фашизмді жеңген елдің жастары нағыз фашистерге айналды . Фашизм деген - нағыз жұқпалы және өлмейтін дерт . Сондықтан , 9 - май мейрамының атын өзгертіп : " Фашизмге қарсы күрес күні " деп атау қажет . Ал " Жеңіс күні " деп - 2 қыркүйек күнін , яғни Екінші дүниежүзілік соғыстың аяқталған күнін белгілеу керек .
Ислам тұжырымы бойынша , тыныштық - адамның жүрегінен басталады . Әлемде адамзат жүрегіне тыныштықты ұялататын исламдай асыл дін жоқ . Тыныштық жүректен отбасына өтеді . Ислам діні отбасының тыныштығы үшін керек барлық іс - шараларды іске асырған . Кейін отбасынан тыныштық ағайын - туыстыққа , көршілікке көшеді . Ислам діні бұлардың арасындағы қарым - қатынастың , тыныш өмір сүрудің жол - жорықтарын кеңінен баяндаған . Одан соң тыныштық қоғамға өтеді . Әрбір қоғамның өзара тыныш болуы үшін не қажет екендігін де ислам белгілеп қойған . Исламда мемлекет пен қоғам арасындағы , мемлекетаралық , халықаралық тыныштық пен татулық негіздерінің жол - жорықтары да жолға қойылған . Ислам дінінің көздеген мақсаты дүние жүзінде тыныштықтың біржола орнауы .
Туған айды керілген , Жаңа шыққан күнімді , Сүйілмеген , сүйілмеген ерін мен Сипалмаған , сипалмаған бұрымды , Жаңа жырды жаттаған , Қонақтарды күтпеген , Ақ жағаны әлі галстук тақпаған , Иықтарды әлі жұлдыз бітпеген , Жас үмітті - ақ шәлі , Мен жүрмеген жолдарды , Саусақтарды санамаған ақша әлі , Әлі құлып ұстамаған қолдарды , Көзін ашқан бұлақты , Құрақ сылқ - сылқ күлгенді , Мақтау естіп үлгермеген құлақты , Ғайбат айтып үйренбеген тілдерді , Шырақты әлі жанбаған , Жаз гүлінің қауызын , Ешнәрсенің дәмін алып болмаған , Сәбилердің сүп - сүйкімді ауызын , Адал неке жүзігін , Жүректердің дүрсілін , Лап ететін бет ұшының қызылын , Жер шұқыған бәтіңкенің тұмсығын , Құрметтеймін ! ! !
Рас , Алматы жетпіс шақты жыл қа зақ тың астанасы болды . Бұнда бірнеше ұрпақ қазақ туып - өсті , жетілді . Қазақ санасы осы Алматыда оянды . Бүгін де Алматының мәнін ешкім жоққа шығара алмайды . Алатаудың етегіндегі жауһар қала қазақтың рухани астанасы болып қала бермек .
1928 жылы Павлодар округінің құрылуымен Павлодар округтік атқару комитеті жанында Павлодар округтік мұрағат бюросы екі адамнан тұратын мұрағат бюро меңгерушісі мен мұрағатшыдан құралды .
Ескерткіш « Дарабоз » қоғамдық мәдениет қорының қаржысына , атап айтқанда жеке азаматтар , мекемелер , кәсіпкерлер , жалпы көпшілік қауымның қолдауы арқасында тұрғызылды . Алдын ала батырдың ат үстіндегі болашақ ескерткішінің жоба - нұсқасын жасауға арнайы байқау жарияланған еді . Ұсынылған бес жобаның ішінен Қаби Баулықов пен Бердібек Шідербаевтың жобасы мемлекеттік комиссия тарапынан қолдау тауып , ескерткіш мүсінін мүсінші - сәулетші Болат Құсайынов жасады . Мүсін Алматы қаласындағы Киров атындағы машина жасау зауытында құйылды . Ескерткіштің биіктігі 11 , 5 метр .
Ой мен мына жазуды көріп тұрғаным жаңа . Айкона , әкеңнің өткен туған күнімен құттықтаймын ! Әкеңді шексіз сүйетінің көріп тұр . Керемет жазылған . Лайым әкеңнің де , бәрінің де сүйіктісі болып жүре бер .
Алда дүниежүзі қазақтарының IV құрылтайы . Ал , шетелдегі қазақтың мұңы мың қатбат . Қытайдағы қазақтарға виза мәселесі тұсау болып жатса , Түркіменстандағы қазақтардың ішінде бас көтерер Бегдесіновті қамап тастады . Әлемнің әр түкпірінде түрлі қысымға ұшырап , жан ұшырған қазақтар Отандары - Қазақстанға көмек қолын созады деп талпынады . Алайда , Сыртқы істер министрлігі шетелдегі қазақтың қамына бас ауыртар түр танытпайды келеді . Неге ? СІМ неліктен шетел қазақтарының тағдырына араша түспейді ? Тым құрыса , Қытайдағы виза мәселесін реттеуге неге күш салмады ? СІМ - гі шетелдегі қазақтарды өзге елдің азаматы болғандықтан ғана олардың басына күн туған сәтте қайырылмай отыр ма ? Шетел қазақтарының тағдыры осы уақытқа ішінде Парламенттің мінберінен неге айтылмады ? Билік қазақ халқын біртұтас халық деп ойламай ба ? Әлде шет қонып , қиыр жайлаған қазақтың құны Қазақстанға көк тиын ба ? Дүниежүзі қазақтар қауымдастығы не үшін қажет ? Оның құзыры мен қауқары сырттағы қазақтарды қамқорлыққа алуға жете ме ? Құрылтайдың күн тәртібінде қандай мәселелер шығарылу тиіс ?
ХХ ғасырдың басында туған халқына осылай деп ұран тастаған Міржақып Дулатов - Алаш қозғалысы қайраткерлерінің бірі , қазақ ақыны , жазушы , драматург , публицист , ағартушы - педагог . ХХ ғасырдың бас кезіндегі қазақ мәдениеті мен әдебиетінің аса ірі өкілі . Оның тұңғыш өлеңдер жинағы 1909 жылы Уфа қаласындағы « Шарқ » баспасынан « Оян , қазақ » деген атпен басылып шығады . Қазақ оқырмандары арасында бұл кітаптың әсері өте күшті болады . Бұл кітап жас авторға патша әкімдерінің тарапынан қуғын - сүргін ала келеді , ол тергеу органдарының бақылауына алынады , артынша « Оян , қазақ ! » тәркіленеді . Авторы түрмеге жабылады . Кеңес одағы құрылғаннан кейін де ақынға аңду күшейтіліп , 1928 жылдың аяғында қазақ оқығандары қатарында ол тұтқынға алынады . 1930 жылы ОГПУ коллегиясынның үкімі бойынша алғашында ату жазасына кесіліп , кейін бұл үкім 10 жыл абақты жазасымен алмастырылады . 1935 жылы қазанның 5 - і күні Сосновец станциясында , лагерьдің лазаретінде ауыр науқастан қайтыс болады . ХХ ғасыр басында Қазақстанның қоғамдық және рухани өміріне аталған өлеңі арқылы « Көзіңді аш , оян қазақ , көтер басты , өткізбей қараңғыда бекер жасты ! Жер кетті , дін нашарлап , хал һәрам боп , Қазағым , енді жату жарамас - ты » , - деп жар сала келген ақын саналы ғұмырында қазақ әдебиеті мен мәдениетінің өсуіне , демократиялық , гуманистік , реалистік бағыттар мен сипаттардың дамуына өлшеусіз үлес қосты . Ұлттық мерзімді баспасөзі жоқ , ал жазба әдебиеті әлі қалыптасып үлгірмеген заманда қоғамдық - саяси тақырыптағы кітаптардың орны ерекше еді . Қазақ жұртының қоғамдық санасына ең жақын жанр - өлең түрінде жазылған бұл үндеу өлең сол тарихи кезеңдегі қазақ қоғамдық өмірінің ең зәру саяси - әлеуметтік мәселелерін көтеріп , ұлттық сананың оянуына үлкен ықпал еткен болатын . Кітапқа жазған кіріспе сөзінде ақын : « Мұнан бұрын өткен он бес жылменен бүгінгі халімізді салыстырсаңыз да аз уақытта көп таршылықта қалған секілдіміз . Әлі де болса бұрынғыдай қозғалмай ғафилдықта жата берсек , енді аз заманда нешік болмақпыз ? » , - деген сауал тастайды да , оған « Оян , қазақ ! » деген өлеңі арқылы жауап береді . Қысқасы , М . Дулатовтың аталған өлеңі қазақ халқының ой - сана тарихында үлкен дәуірлік сипатқа ие , саяси - әлеуметтік мәні зор шығарма . Д . Мәсімхан
- Ағаңның көңілін сұрап бара алмай - ақ қойдым . Ирек қамшы итшіліктен қол тимейді . Түнде ғана түсіме кірген екен . Ерні кезеріп : « Ақтәте , шөлдеп жүрмін » , - дейді . Содан көңілін сұрап қайтуға бекініп тұрғаным еді . Құлағыңнан күн көрініп сен келе қалдың . Енді өзіңмен ілесіп барып қайтамын . Қарғам - ау , тегі !
Біз билікке қарап , үкіметке қарап , оппозицияға қарап , қол қусырып отыра бермейік . Олар да өз деңгейінде өз шаруасын жасай жатар . « Үмітсіз шайтан » деген ағайын ! Ал біз елдегі санасы азат , ойы озық , ұлтжанды , мемлекетшіл барлық қазақ баласын ұлттың бойындағы әлгіндей кесір - кесапатпен күресуге жұмылдырсақ деймін . Сөйтіп жатпай - тұрмай қазақ баласының бойына ұлттық рух , елдік сана , ұлтжандылық , патриоттық сезім ұялатумен айналыссақ деген ойым бар . Ол үшін бұқаралық ақпарат құралының барлық түрін пайдаланайық . Әсіресе электронды БАҚ - тың құлағын ұстап отырған бауырларымыз да ойланса , оянса сауап болар еді . Бала бақшалардың тәрбиешілерімен , мектеп мұғалімдерімен жұмыс істейік . Мәселенің бәрі сол балабақшамыз бен мектебіміздегі тәрбие жұмысында болып тұр .
Выпускник КазГУ им . Аль - Фараби , 1991 . Автор 25 научных и учебно - методических трудов .
Мемлекеттік хатшы - Қазақстан Республикасының Сыртқы Істер Министрі , ЕҚЫҰ - ның қазіргі төрағасы Қ . Саудабаевтың « Қазақстандағы Ислам » № 1 , қаңтар , 2010ж . журналындағы сұхбаты
Каспий жүк таситын теплоход , іздестіру топ , " Әлия гүлі " бишілер тобы , Мәскеудегі № 891 орта мект . . . ебі , Шымкенттегі № 29 орта мектебі , Новосокольники № 72 орта мектебі , Оралдағы № 38 орта мектебі .
Тамыздың 10 - ы күні ҚР Премьер - Министрі Кәрім Мәсімов Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігінің ұжымына ведомствоның жаңа басшысы - Бақыт Сұлтановты таныстырды . Б . Сұлтанов 1971 жылы туған . Қазақ ұлттық техникалық университетін , Қазақ мемлекеттік басқару академиясын бітірген . Мамандығы бойынша - инженер - электрик , экономист . Ол 2001 - 2002 жылдары ҚР Қаржы министрлігі Мемлекеттік бюджет департаментінің , 2002 жылы - Бюджеттік саясат және жоспарлау департаментінің директоры , 2003 жылдың маусымынан бастап - ҚР Экономика және бюджеттік жоспарлау вице - министрі , 2005 жылы - ҚР Қаржы вице - министрі болды . 2006 жылдың наурызында ҚР Статистика агенттігінің төрағасы болып тағайындалды . Соңғы кезде ҚР Қаржы вице - министрі лауазымын атқарды . Бұған дейін вице - премьер - Экономика және бюджеттік жоспарлау министрі болып келген Аслан Мусин ҚР вице - премьері лауазымында қалды .
Иншалла , сол тілекті орындауға Алла жар болсын !
Жобаның іске асырылу мерзімі : зауыт - дайындаушымен келісім - шарт 2007 жылы жасалды , 2009 жылдың желтоқсанында ұшақтар Қазақстан Республикасына жеткізілді . Әуе кемелері пайдаланыла басталды .
Мәшһүр Жүсіп : « Құдай қандай өзі не нәрсе ? Оны білуге , оны тануға ақыл ойым , зейін пікірім жетпейді . Сонда да : « Танымаймын ! » деп , тоқтап тұрып қалмаймын . Жаратқан нәрселерінен , Құдайлықпен қылған ісінен барлығын , бірлігін , күштілігін танып тұрсам керек . Көкті , жерді , айды , күнді , жұлдыздарды , тауды , тасты , отты , суды , желді , топырақты , ағашты , шөпті , хайуанатты , . . . . бәрін Құдай жаратты » [ 2 ] , деп Аллаһты танудың жолдары көп екенін ескертеді . Бiрақ негiзiнен екi түрлi жолмен танимыз . Оның бiрi - ақыл . Екiншiсi - Құранда , хадистерде баяндалған Аллаһтың кейiптерi мен есiм - сипаттары . Адамзат бойындағы барлық ағзаның өзiне лайық мiндеттерi бар .
Шәуешекке келген Алаш өкілдерін қазақтың ауқатты байы Құсайын өзі ертіп Үрімжіге апарады . Оларды Шынжаң өлкесінің билеушісі Ян Зын Шин қабылдайды . Кездесуден еш нәтиже шықпаған . Бұл арада ескере кететін жайт Шәуешек қаласында баяғыдан келе жатқан орыс консулы болған . Осы консул Кеңес үкіметінің мүддесіне ойысқан болуы керек . Сондықтанда Алаш арыстарының сапарына шектеу қойылған . Тіпті арыстардың қандай шаруамен келгенін де біліп отырған . Тез қайтуға мәжбүрлеген .
Шоколадты тәуелділіктердің түрлері • Арманшыл түр , олар үшін шоколад махаббаттың орнын алмастырушы . • Жасырын тәтті тамақты сүйетін түр , олар қауымда шоколад жеуден бас тартады , бірақ оларды үй жағдайында көп жейді . • Ермек іздеушілер түрі , шоколадты күйзелісте немесе өмірден түңілгенді сезінгенде жейді . • Демалысты түр , бұлар шоколадты тек жұмыс күндерінен бос уақытта ғана өзіне жеуге рұқсат беретіндер . • Қанттан тәуелді түрі , қандай да бір тәттісіз өмір сүре алмайтындар .
Жетінші бағыт - бұл бағдарламалық қамтамасыз ету және ақпараттық - технологиялық қызметтер әзірлеу секторын дамыту .
Краткая информация : Балаға ат қою Бала дүниеге келгеннен кейін атасы мен әжесі немесе ауыл ақсақалы балаға ат қояды . Ат қоюшы адам баланың құлағына : « Сенің атың … » деп үш рет қайталайды . Бесікке салу Шілдехана өткеннен кейін баланың әке - шешесі бесік тойын жасайды . Ағаштан жасалған бесікті баланың нағашылары немесе жасы үлкен қадірлі аналардың бірі әкеліп , сыйға береді . Ең алдымен бесікке салушы әйел бесіктің өзін жын - шайтандарды қуу үшін , түрлі иістерден арылту үшін отпен аластап шығады . Содан кейін көрпешелер мен жастықшаларды баптап салады . Баланы жатқызып , бөлейді . Қолбау , белбеу және аяқбаумен тартып байлап қояды . Әйел тілектерін айта отырып бесіктің үстіне алдымен көрпе жабады . Бала халықшыл болсын деп тон , шапан жабады , ат жалын тартып мінсін деп қамшы іледі , көз тимесін деп тұмар тағады , қырандай көреген болсын деп бүркіттің тұяғын байлайды .
Бұл додадаға әлемнің 108 елі спорттың 21 түрі бойынша өз командаларын үкілеп қосқалы отыр . Мамандардың болжауынша , шамамен 7 мыңнан астам спортшы қатысатын бұл сайыс көлемі жағынан әскери ойындар тарихындағы ең үлкені болмақ .
17 жыл бұрын ( 1993 ) Алматының Республика алаңында тәуелсіз Қазақстан Республикасының ең алғашқы әскери шеруі болып өтті .
Сонымен , жоғарыда баяндалған фактілер кеңестік биліктің бастапқы кезеңде қазақ ұлт - азаттық қозғалысын ашықтан - ашық басып тастау ұстанымында болғандығынан жеткілікті дәрежеде түсінік береді . Биліктің осы ұстанымы кейінгі кезеңдерде өз жалғасын тапты . Бұл тақырып зерттеу жұмысының ендігі бөлігінде баяндалады .
Енді не болыпты ? ! түсінікті емес пе ? ! Міндетті емес шығар СОВЕТ деп жазу . Сәбет деген бір түрілі жақсы естіледі екен … … ) ) ) ) )
ШҚО бойынша 2010 жылғы 2 сәуірдегі жағдай бойынша МТ АЖ деректер қорының толтырылу мониторингі
Қағадат ул - ахир - дұғаның ақырында аллаға тахият , одан тәшәһһуд , одан салауат , пайғамбарымыз саллаллаһу ғалайһи уәссәлләмге айтпақ үшін ең ақырғы сәлемменен тауысасыз , яғни алла тағаладан не тілеп дұға қылдыңыз . Ол дұға қазинасы күллі мұсылмандарды ортақтастырып , оларға да сәләмәтшілік тілеп һәм рахмет тілеп бітіресіз .
1 . Кез келген мемлекеттiң аумағында заңды түрде жүрген әрбiр адам сол аумақтың шегiнде еркiн жүрiп - тұруға және тұрғылықты мекен - жайды өз қалауынша таңдау құқығына ие болуы тиiс . 2 . Әрбiр адам өзiнiң туған елiн қоса алғанда , кез келген елдi тастап шығуға құқылы . 3 . Жоғарыда айтылған құқықтар , заңда көзделген , мемлекеттiк қауiпсiздiктi , немесе қоғам тәртiбiн , жұрттың денсаулығы мен имандылығын , немесе басқа адамдардың құқықтары мен бостандықтарын қорғау үшiн және осы Пактiде танылған құқықтармен қабысатын басқа құқықтарды қорғау үшiн қажет шектеулерден тыс ешқандай шектеулердiң объектiсi бола алмайды . 4 . Ешкiм де өзiнiң туған елiне қайтып оралу құқығынан ерiксiз айырылуы тиiс емес . Конституцияның 21 - бабына сәйкес Қазақстан Республикасы аумағында заңды түрде жүрген әрбiр адам , заңда көрсетiлгеннен басқа реттерде , оның аумағында еркiн жүрiп - тұруға және тұрғылықты мекендi өз қалауынша таңдап алуға құқығы бар . " Шетелдiктердiң құқықтық жағдайы туралы " 1995 жылғы 19 маусымдағы Қазақстан Республикасы Заңының 16 - бабына сәйкес шетелдiктер Қазақстан Республикасының шетелдiктердiң болуына рұқсат етiлген аумағында еркiн жүрiп - тұра алады және Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiпке сәйкес тұрғылықты жер таңдай алады . Жүрiп - тұрудағы және тұрғылықты жер таңдаудағы шектеулер , бұл мемлекеттiк қауiпсiздiктi қамтамасыз ету , қоғамдық тәртiптi , халықтың денсаулығы мен адамгершiлiгiн сақтау , Қазақстан Республикасының азаматтары мен басқа да адамдардың құқықтары мен заңды мүдделерiн қорғау үшiн қажет болғанда Қазақстан Республикасының бұған уәкiлеттiк берiлген органдарының актiлерiмен белгiленедi . " Халықтың көшi - қоны туралы " Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 13 желтоқсандағы Заңына сәйкес Қазақстан Республикасының Конституциясында баянды етiлген адамның тұратын жерiн еркiн таңдау құқығын , еңбек бостандығын , қызмет пен кәсiп түрiн еркiн таңдауын , кету бостандығын , жүрiп - тұру бостандығын қамтамасыз етiледi . 2001 жылдан бастап Қазақстанда " шығу визалары " тәжiрибесiнiң күшi жойылды , бұл өз елiн қоса , кез келген елден шығу құқығын қамтамасыз етуде оң қадам болып табылатыны сөзсiз . Сонымен бiрге азаматтар , соның iшiнде шетелдiктер өзiнiң уақытша немесе тұрақты тұратын жерi бойынша тiркеулге мiндеттi . Бұл , мысалы , олардың өздерiнiң сайлау құқықтарын iске асыруы үшiн қажет . Егер сайлаушыға сайлаудан кемiнде отыз күн бұрын сайлау күнi өзiнiң тiркелген орны бойынша дауыс беруге арналған үй - жайға келу мүмкiндiгi болмайтыны белгiлi болса , оның өзiнiң болатын жерi бойынша жергiлiктi атқарушы органға өзiн тиiстi сайлаушылар тiзiмiне енгiзу жөнiнде жазбаша өтiнiш беруге құқығы бар . Осы тармаққа сәйкес азамат өтiнiш жасаған кезде жергiлiктi атқарушы орган азаматты тiркелу орны бойынша сайлаушылар тiзiмiнен шығаруды және оны сол азамат дауыс беретiн учаскенiң сайлаушылар тiзiмiне енгiзудi ұйымдастырады . Әрбiр сайлау учаскесi бойынша сайлаушылардың тiзiмiне тиiстi әкiм қол қояды және ол дауыс беру басталардан жиырма күн бұрын тиiстi сайлау комиссиясына акт бойынша тапсырылады .
158 . Жұмыс аяқталғаннан кейiн барлық жергiлiктi басқару органдарының күйi тексерiледi , техникалық қызмет көрсету журналында анықталған және жойылған кемшiлiктердi , кемшiлiктердi жойғанға дейiн және жойғаннан кейiнгi параметрлердi , жұмсалған материалдарды көрсетiп жазады және электржабдықтау жүйесiнiң жұмыс қабiлеттiлiгi мен оның жұмысқа дайындығы туралы қорытынды жасалады .
Бесінші . Азық - түлік қауіп сіз дігін нығайту мақсатында Ислам Конференциясы Ұйымы аясында азық - түлік көмегін көрсету жүйе сін әзірлеуді ұсынамын . Бұған Ислам Даму Банкі және ұйымға мүше елдердің азық - түлік қоры топтары жүйесінде FАО үлгісін дегі аймақтық қордың құрылуы негіз болар еді . Оның штаб - пә терін азық - түліктің экспорттық әлеуетін белсенді дамытушы ел ретінде Қазақстанда орналасты ру ды ұсынамын .
- - - Армысыздар ардақты мұсылман бауырлар ! Өзін мұсылманмын деген жан қандай жолмен болсын жақсылыққа ұмтылып , сауапты істер істеуге әрекет етеді . Арнайы сыйлықтар жасап сауап алу мақсатында ай сайын " Айлық бәйге " атты сайыстар өткізіп , сұрақтарды біз қойып , жауаптарды өздеріңізден күтетін боламыз . Бұл біздерге сауап болып жатса , сіздермен оқырмандарға ілім әрі сауапты іс деп білеміз .
Қазақстанның батысында Ақтөбе облысында ғана аздап жауын жауып , күн күркіреп , 15 - 20 м / с жел соғып , ауа температурасы + 36 + 41 градус болады .
« ЖМҚ Менеджмент » ЖШС Басқарушы компаниясы « Ақжайық » тұрғын - үй кешені тұрағының көлік орнын сатып алу және тікелей сату арқылы жалға беру механизімі бойынша және де әрі қарай автожуғыш немесе ЖТҚ - ға т . б . қайта құру мүмкіндігімен , ағылшын әдісі бойынша аукцион өткізіп , қайта бөлетіндігін хабарлайды .
Бұл сөздің басты түйткілі - мемлекетіміздің ұлтсыздық иедясын ұстанғанында жатыр . Ал ондай идея бар ма еді . Бар еді . Ол , біз жинақтап ұсынып , соңғы екі жылда тікелей жариялауға көшкен БІРТҰТАС АЛАШ ИДЕЯСЫ .
Банктің жарғылық қоры қапдай көздерден қалыптасқанына қарай бапк туралы заңдарда олар мемлекеттік , лсеке , акционерлік , аралас және шетелдік боп жіктеледі .
Алатаудан Қаратауға , Ертістен Сырдарияға , ерке Есілден Каспийге созылып жатқан ұлан - ғайыр кең даламыз өнегелі ұрпаққа кенде болмауы тиіс . Кемел келешектің кепілі болар жас буынның алақандай жүрегі « Қалың елім , қазағым , қайран жұртым » деп шарқ ұрып тұруы керек емес пе ? Ол үшін ең әуелі , дені сау ұрпақ дүниеге келуі қажет . Жаһандық үрдіс жаулап , жарқ еткен сенсацияға жалп етіп құлай кететін ұрпақтың саны артып , заман өз ағысымен зымырап өтіп жатыр . Тазалыққа , сұлулыққа , әсемдікке тамсандырған тылсым табиғат та өз күшінен айырылып бара жатқандай . Бұған тиісінше , экологиялық проблемалар өз зардабын тигізсе керек . Я болмаса , бүгінгі буын табиғаттың тылсым күшіне сеніп , сол тазалықтан нәр алудан ада қалғандай . Read more …
Үш күн бойы « Конгресс - Холл » сарайының сахнасында 26 дүл - дүл ақындармен қоса , енді ғана өнерде қанат жайып келе жатқан жас айтыскер ақындарда сайысып жарысқа түсті . Айтыстың басты тақырыптары Қазақстанның Тәуелсіздік күні , кеше ғана Елордада өткен ЕҚЫҰ - ның Самитті , әлемдегі ең жас астана - ару қала Астана және оның гүлденуіне өлшеусіз үлес қосқан Елбасы Н . Ә . Назарбаевтың ерен еңбегі болды . Сонымен қатар отансүйгіштік , қоғамдағы күнделікті тіршіліктер т . б мәселелер от ауызды ақындардың жырынан алшақтамады .
ия де онда олардың жайының белгілі болганы да . . . .
Ал , Балықшы деп аталатын теңіздегі мұнай операцияларын қолдау базасына 70 млн доллар көлемінде инвестиция игерілген .
- Ақын болғаннан кейін , жалпы ақыл иесі - адам болғаннан кейін өмірдің мәні туралы жиі ойланушы едім . Оны атақтан , даңқтан , байлықтан да іздеп көрдім . Таппадым . Сол шешімін таппаған сұрақтарымның бәріне Ислам жауап берді . Мен ұзақ іздеген ақиқат - Алланың қасынан келген ілім екен . Алла тарапынан бізге Құран түсірілді , Пайғамбарымыз Мұхаммед ( с . ғ . с ) жіберілді . Мен көп іздеген өмірдің мәні - Аллаға құлшылық ету екен . Осыны түсіндім . Әрине , дінге бет бұруыма себеп болған адамдар да , оқиғалар да бар .
4 . 2 Денсаулық сақтау Халық денсаулығы - ол Қазақ ¬ стан ¬ ның өзінің стратегиялық мақсаттарына жетудегі табысының ажырамас құрамдас бөлігі . Бүгін біз медициналық қызметке нәтижелерге бағдарланған қаржыландыру мен ақы төлеу жүйесін енгізуді дайын ¬ даудамыз . үшін барлық қажетті базалық жағдайларды жасадық . Дәрілердің 50 % - ы біздің елімізде шығарылатын болады . Білім беру мен денсаулық сақтау салаларындағы мемлекеттік кәсіпорын ¬ дар ¬ дың қызмет мәселелері жөніндегі республиканың заңнамалық актілеріне түзетулер енгізуді жеделдету қажет . Саламатты өмір салты мен адамның өз денсаулығы үшін ынтымақты жауапкерші ¬ лігі қағидаты - міне , осылар денсаулық саласындағы және халықтың күнделікті тұрмысындағы мемлекеттік саясаттың ең басты мәселесі болуы тиіс . 2011 жылғы Азия ойындары үшін біз дайындап жатқан спорттық инфрақұры ¬ лымдар өңірлерді Астана мен Алматыдан қалып қоймауға итермелей отырып , бұқаралық дене шынықтыру - спорттық қозғалысын дамыту үшін қажетті алғышарттар жасайтын болады . Туризм және спорт министрлігі әкімдермен бірге елде бұқаралық спортты дамыту үшін бірлескен іс - шараларды анықтап , оларды нақты іске айналдыруы тиіс . 30 % - ға дейінгі қазақстандықтар бұқаралық спортқа тартылуы керек . Осындай жағдайда ғана біз дамуды көре аламыз . Бұл бүкіл Үкіметтің міндеті де . Денсаулық сақтау нысандарын салу және жабдықтау , кадрларды даярлау , са ¬ ла ¬ матты өмір салты жөніндегі мемлекет ¬ тік шаралар кешені 2020 жылға қарай ана мен бала өлімін екі есе төмендетіп , жалпы өлімді 30 % - ға азайтып , туберкулезбен ауруды 20 % - ға қысқартуы тиіс . Бұл ретте өмір сүрудің күтілетін ұзақ ¬ тығы 72 жасқа дейін ұлғаяды . Осынау құр ¬ ғақ сандардың артында біздің азамат ¬ тарымыздың аман алып қалынған мың ¬ да ¬ ған өмірлері тұр . Бұл өте маңызды мақ ¬ сат . Біз оған міндетті түрде қол жет ¬ кізуіміз керек !
Бұның бәрі басшылардың қызықпаушылығынан , экологиялық мәдениеттің төменділігімен , экологиялық процесстерді жете білмеуінен , қоршаған ортаны қорғаудың принциптерін білмеуден туындайды .
Хельмуд Риттердің айтқанындай [ 2 ] біз де бұл сөздің дұрыс емес екендігін айтамыз ; өйткені Фахруддин Рази , Бахаддин Уеледтің Белхтен кетуінен үш жыл бұрын қайтыс болған еді . Разидің Белх қаласына келуіне байланысты ешқандай дерек жоқ .
« Бас кеспек болса да , тіл кеспек жоқ » , деп дана халқымыз айтқандай , айтылар ойдың барлығы болмаса да , негізгілері осы тұжырымдамаға енді . Ал , ендігі кезек ұлтым деген ерлердің ұйысуы мен халық талабына деген биліктің әрекетінде .
Депутат кезінде О . Б . Баймұратов шет мемлекеттерге сапары барысында парламенттік делегацияларға жетекшілік етті .
9 Құдайдың қызметшілері бір - бірін шын көңілден , риясыз сүйеді . Иса : " Менің шәкірттерім екендіктеріңді елдің бәрі өзара сүйіспеншіліктеріңнен білетін болады " , - деген ( Жохан 13 : 35 ) . Ертедегі мәсіхшілер бір - бірін осылай сүйген . Киелі кітаптағы принциптерге негізделген сүйіспеншілік нәсілдік , әлеуметтік және ұлтаралық ерекшеліктерден жоғары , әрі адамдарды мызғымайтын шынайы бауырластыққа біріктіреді ( Қолостықтарға 3 : 14 ) . Жалған дін мүшелерінің арасында мұндай сүйіспеншілікке толы бауырластық жоқ . Біз мұны қайдан білеміз ? Олар ұлттық немесе нәсілдік ерекшеліктеріне бола бір - бірін қырып жатады . Шынайы мәсіхшілер бауырластарын немесе өзге біреуді өлтіру үшін қолына қару алмайды . Киелі кітапта былай делінген : " Құдайдың рухани балаларын шайтанның адамдарынан мынадан ажыратуға болады : әділ өмір сүрмейтін , әсіресе бауырласын сүймейтін , әркім Құдайдың рухани баласы емес . . . [ Біз ] бір - бірімізді сүюіміз керек ! Інісін ұрып өлтірген шайтанның адамы Қабылға ұқсамаңдар ! " ( Жоханның 1 - хаты 3 : 10 - 12 ; 4 : 20 , 21 )
Елеусін Сағындықов Ақтөбе облысының әкімі болып қайта тағайындалды .
Мақала Интернеттегі күнтізбелер - интернет арқылы ортақ пайдаланылатын күнтізбелер . Бұл күнтізбелер ақпаратты жасауға немесе көруге пайдаланылатын бағдарламаға . . .
Ұлы Жеңіс күніне орай « Ер есімі - Ел есінде ! »
Белгілі дінтанушы ғалым Қайрат Жолдыбайұлының « Дін мен Діл » атты кітабындағы қамтылған тақырыптар қазіргі таңда қоғамдағы өзекті мәселе . Еңбек дін саласының мамандары мен имамдарға және көпшілік оқырман қауымға арналған . Сонымен қатар бұл еңбек оқырманның кеңірек пайдалануына ыңғайлы болу үшін электронды нұсқасы да ғаламтор арқылы ұсынылып отыр .
4 . Әрбiр Қатысушы - мемлекет , жауапқа тартылатын заңды тұлғаларға қатысты , осы бапқа сәйкес ақшалай жазалау шараларын қоса алғанда , жазалау шараларына тиiмдi , шамалас және қылмысты немесе қылмысты емес әсердi қолдануды қамтамасыз етедi .
Сондай - ақ , Томас Карлайл : « Ол әділетті , әрбір ісінде әділ , адал болатын . Оның жүрегі нұрға толы , тіпті көз көрмес қараңғыда да оның алдынан оған жол көрсететін жарық пайда болады . ол бірде бір академияда білім алған жоқ .
Ғарыштық сәуле бөлшектері , жердің магнитосферасына жақындағанда өздерін қалай ұстайды . Оны солтүстік үйектегі бақылау нәтижелерінен , жоғарыдағы Жердің сұлба кескінінен көруге болады . Біз жердің магнит өрісінің ерекшеліктерінің негізі ретінде қарастырмаймыз , бізге керегі оның Ғарыштық сәулелерге қалай әсер ететіндігі . Мына суретте магнит өрісі ( көк шеңберлер ) , сурет жазықтығында , көрерменге бағытталады . Біз қарапайым тұжырымдарға жүгініп , ғарыштық сәулелер бөлшектері , бос кеңістіктен өтеді деп ойлаймыз , магнит өрісі жоқ , әсіресе Жерден біршама қашықтықта магнитосферамен соқтығысқанға дейін . Әрине планетааралық кеңістікте магнит өрісі болса да , олар өте әлсіз , сондықтан біз оларды ескермейміз .
Көлік жолына ақша бөлінбесе , адамдар айқұш - ұйқыш жолдармен жүріп , амалдап күнін көрер . Оны жағдай келгенде түзетуге болады . Жиырма жылдан кейін де көлік жолын қайта түзетуге болады . Ал дін , рухани жол ондай емес . Оған кешіккен жағдайда оны түзету мүмкін емес . Ол сол күйінше қалады , қалыптасады , тіпті теріс бағытта асқындап кете береді .
Бұл - келтірген залалы мен салдары жөнінен ХХ ғасырдағы ең ірі техногендік радиациялық апат . Осынау азалы күнге байланысты Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы елдердің мемлекет басшылары Достастық елдерінің халқына , Біріккен Ұлттар Ұйымы елдеріне , бүкіл әлем жұртшылығына үндеу тастап , Чернобыль апатының салдары туралы олардың естеріне салды .
Осыған байланысты денсаулық сақтауға азаматтардың өздерiн , жұмыс берушiлердi тарту және денсаулық сақтау саласында iс - шаралар жүргiзудi сектораралық үйлестiрудi күшейту маңызды .
Жазшы маған , жан құрбым , ауыл қандай ? Арайлы ма , ақын жан сағынғандай ? Жаңалықтың қалдырмай бәрін жеткіз , Жауабыңды күтемін сабыр қалмай . Шықты ма аты ерлердің еңбектегі , Қалай биыл көктемгі жер көктеуі ? Қалай жеңге , келіннің сыйластығы , Кеткен жоқ па азайып жөргектері ? Кеуделерін кернеген жаңа шабыт Жатыр ма әлде жас қауым қала салып ? Мынау қырдың исі өткір жусандары Кеткен жоқ па жылдан - жыл аласарып ? Тербетіліп самалға бал көдесі Жайнап тұр ма құс қонған әр төбесі ? Марқасқа деп аталған жігіттердің Бұрынғыдан биік пе мәртебесі ? Деп едіңдер көмуін қойды құмдар , Толған шығар орманға ой мен қырлар . Көршілердің түзу ме сәлемдері , Ойнақтаған тату ма тай - құлындар ? Қолқабыстан жас келін тартынбай ма , Ақ алмастай жас жігіт жарқылдай ма ? Кешкі ертегі айтатын әжелерден Бесіктегі жас сәби ән тындай ма ? Аз ойналып домбыра күйі бүгін , Молайтса ел модамен киінуін , Қайта құрып алармыз барлығын да Жоғалтпасақ жүректің мейірімін . Қос жүректің арманын жариялар Қосылды ма жаңадан сан ұялар ? Ұлағатты сөз айтып , қымыз ішіп , Той төрінен тарқай ма қариялар ?
1941 - 1945 жылдағы Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 65 жылдығына орай « ҚТЖ » ҰК » АҚ соғыс ардагерлеріне , тыл еңбеккерлеріне қаржылық көмек көрсетті . Оған қоса 2010 жылы « ҚТЖ » ҰК » АҚ Ұлы Отан соғысы ардагерлері мен мүгедектеріне Қазақстан Республикасы аумағында мамырдан желтоқсан айына дейін тегін пойызда жүруіне мүмкіншілік әперілді .
Бүгінде біздің банктеріміз өз каржыларын көршілес елдердің рыногына салуда , зейнетақы қорлары шетелдік құнды қағаздарға лимитті арттыруға қол жеткізді , енді олар алыс шетелдердің құнды қағаздарына инвестиция салуға рұқсат беруді сұрауда .
- табиғат пайдалану жоспарларын қоршаған ортаны қорғау мен тұрақты пайдаланудың экологиялық бағдарламаларын , жүйелерің әзірлеу ;
Діннің атын жамылған содырлардың сойқыны тәтті ұйқыдағы біздің билікті шошып оятты - ау деймін . Өткен аптадан бері Елорда полицейлері « Барьер » жедел алдын - алу іс - шарасы барсында 243 адамды ұстап , олардың кейбірінен экстремистік сипаты бар әдебиеттер тәркілеген .
- Иә , рас , бүгінде бір ғана әдебиет емес , жалпы өнер саласында шынайы сын жоқ . Бізге белгілі бір қызық құбылыс , Тәуелсіздігімізді алған соңғы 20 жылдың ішінде 20 сөйлемнен тұратын әдеби сын жазған адам көрмедім . Әдеби сын құрыған . Ол жоқ .
жүргiзушi субъектілер санын 100 тұрғынға арақатынасымен есептеледi . Осы
6 . « Балақай және Карлсон » ( А . Линдгрен ) ертегi - хикаятында Балақай көшеден тауып алған пу дель - күшiктi балаларға көрсету арқылы Карлсон қандай пайда табады ?
Үшінші сөз Мемлекет басшы ла ры арасынан бірінші болып Қазақстан Республикасының Пре зиденті Нұрсұлтан Назарбаевқа бе рілді . Чернобыль апаты алғаш қы болып атом энергиясын бейбіт мақсатта пайдаланудың да орасан зор қаупі бар екенін бүкіл әлемге көрсетіп берді деп айтсақ қателеспейтін шығармыз , деді Қазақстан Президенті . Апат зар да бын залалсыздандыруға жүзде ген мың адамның қатарында 32 мың қазақстандық та қатысты . Олардың көбі денсаулықтарынан айырылды , біразы өмірімен қош тасты . Ядролық радиацияның зар дабын басынан кешіп келген біздің халқымыз чернобыль дік тер дің тағдырына барынша түсі ністікпен қарайды . Осылай дей келіп , Нұрсұлтан Әбішұлы Қа зақ стан жерінде әлемдегі ең үл кен ядролық сынақ полигонының болғанын , онда 116 Чернобыль апатының зардабына тең 456 жарылыс жасалғанын және оны Тәуелсіз Қазақстанның Президенті болып сайланғаннан кейін алғашқы Жарлықтарының бірімен өзінің жапқанын айтты .
Жергілікті алғалықтар алдағы уақытта да Тассай ауылы тұрғындарымен « Халық депутаты » жобасы аясында бірлесіп жұмыс істейтін болады .
Мұнан кейінгі жылдары ауылда жеке меншікке негізделген шаруашылық жүйелері дами бастады . Бірақ әзірге олар ауыл халқын тегіс жұмыспен қамти алмай отыр . Сондықтан қазір оны ауылда қолдарындағы мал - мүлік пен жер телімдеріне сүйеніп өзін - өзі жұмыспен қамтыған адамдар саны көптеп саналады .
58 жалпы білім беру мектебі ( интернатты қосқанда ) , 33 кәсіби мектептер , лицейлер мен колледждер , 5 ЖОО спорттық - сауықтыру жұмыстарын ұдайы өткізіп отырады . Қала аумағында 11 балалар мен жасөспірімдер мектебі , 1 спорттан дарынды балаларға арналған мектеп - интернатта барлығы 7 , 2 мыңнан астам тәрбиеленуші бар , 46 спорт клубы жұмыс істейді .
Шөбере алақанынан су ішу . Қазақ үшін өмірдің бір қызығы - шөбере алақанынан су ішу . " Адам ұрпағымен мың жасайды " , дейді халық даналығы . Демек , бала сүю , ұрпақ өсіру әр адам үшін қызық әрі көз қуаныш . Соның ішінде шөбере деп аталатын төртінші ұрпақ көру көп нәрсені аңғартады . Бұл кемеліне келген қарттық өмірдің үлкен белгісі . Оның қазақ әдетінде жөн - жосығы , қағидасы бар . Жөн - жосығы - ата мен әженің жаңа туған шөберенің алақанынан су ішу . Қағидасы - шөбере қолынан су ішкен адам бұл дүниеде бақытты , о дү ниеде де жолы ашық , жеңілдік болады дейді дін шари ға тының білімпаздары .
Химия ғылымдарының докторы , профессор , ҚР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты , Ұлттық жаратылыстану ғылымдары академиясының академигі , « Құрмет » орденінің иегері , Совет одағының өнертапқышы Баешов Әбдуәлі - 1946 жылы 26 сәуірде Қызылорда облысының Жаңақорған станциясында дүниеге келді . Орта мектептің 1 - 4 кластарын Жаңақорғанда оқып , Кентау қаласынлағы № 2 мектеп - интернатын 1964 жылы бітіріп , сол жылы Қазақ Химия - технология институтына ( қазіргі кезде М . Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан Мемлекеттік университеті ) түсті . Бұл институтты « Электрохимия процесерінің технологиясы » мамандығы бойынша 1969 жылы бітірді .
Президентпен алғаш кездескен мектептің мақтаулы шәкірттері : Досымбекова Ақмарал , Дугалова Жанар , Кисиков Танат .
Шығыс Қазақстан гидрометеорологиялық орталықтың ( ШҚ ГМО ) ШҚО су объектілірінің гидрологиялық және гидрохимиялық режимі туралы деректеріне талдау жасады . Яғни , ШҚ ГМО деректері бойынша Шығыс Қазақстан су объектілерінің сапалық классы 2010 жылдың I кварталында төмендегідей болды :
1983 жылы курстас жігітпен тұрмыс құрып , Ақмолада жас мамандар жанұясы шаңырақ көтерді . Қарабұлақ жерінде екі перзент сүйді .
Ай - Жердің табиғи серігі , өзінен жарық шығармайтын Жерге ең жақын аспан денесі . Ай латын тілінде luna деп аталады .
1991 - 2006 жылдар аралығында ауыл халқы жаппай қалаға ағыла бас тады . Қазір ауыл халқының 60 пайызы Алматы мен Астана сынды талабы күшті ортада өмір сүруге бейімделуде . Деректерге сүйенсек , соңғы жылдары 400 - дей ауыл қысқарған . Ауыл халқының қалаға қарқынды қоныс аударуы басында баспанасы жоқ , пәтер жалдайтын қазақтар санын көбейтті . Елімізде ішкі көші - қон мәселесі ушығып тұр . Ауылдан келген халықты есепке алып жатқан пенде жоқ . Ішкі миграцияның рет сіздігі пәтер бағаларының жоға рылауына түрткі болуда .
Жұмыртқаларын шайқаған құзғын тірліктің Шегір көз жендет ! . . Шеңгелін создың құлдықтың , Қараңғы түнді қанаттарымен сабалап , Шырылдап ұшса балапандары Шындықтың !
Департамент жетекшісі де « Қазақстанның қолданбалы экология агенттігі » ЖШС анықтаған деректі бір жақты қарауға болмайтынын айтады . Мәселен , аталған құм алқабының солтүстік бөлігіне жақын жерде битум кен орны бар . Жол құрылыстарына пайдаланылатын өнім қыста қатып қалса , жазда балқып ериді . Демек , су сапасының бұзылуына битумның да әсері болуы ықтимал .
1 жыл бұрын ( 2010 ) Астана мен Праганың прокурорлары бірлескен қимылдар жөніндегі хаттамаға қол қойды . Қазақстанға Чехия Республикасының Бас прокуроры Рената Весецканың ресми сапарының аясында ұйымдастырылып отырған шара .
Бұлай болмаған жағдайда , мен Сіздің бұрынғы күйеу балаңыздың айтқанын шындық деп бағалайтын боламын .
Қазақтың елордасы Астана төрінде " Мінбер " журналистерді қолдау орталығы дәстүрлі сенимарын жалғастырып жатыр . Керемет ! Бұл әсіресе жас журналистердің қызығушылығын тудырып отырғаны даусыз . Ойымды толық аяқтауға уақыт тығыз болып қалды . Жалғасы бар …
Ошақтық құрылымдар үшін қолданылатын мазуттың төменгі жану жылуы МДж / кг аралығында . Жану жылу берілген мазуттың құрамын біле отырып , оны Менделеев Д . И . формуласымен анықтауға болады
Иә , аға ! Сен ұлтыңның жоғын жоқтаған мәңгілік жоқшысы болып өмір есігін аштың да , жоқшысы болып бұл пәнидің есігін жаптың . Сен Сарыарқаның тумасы едің . Сарыарқамен сені бөліп қарауға болмайды . Сарыарқа десе Ақселеу , Ақселеу десе Сарыарқа көз алдыңа келеді . Еуразияның ортасын атжалданып алып жатқан , ұшқан құстың қанаты талған осынау сары жон сенің кіндік қаның тамған киелі жер . Ақселеудей ұлтын сүйген , жерін сүйген , елін сүйген ұл тудырған қасиетті жер . Басқаның ешқандай үгіт - насихатынсыз Сарыарқаның өзі берген бала махаббатың сені тума далаңа ғашық етті . Сен Сарыарқаның , Ұлытаудың , Теміртаудың , Сарыкеңгір , Қаракеңгір , Тізебүккен , Шажағай , нұрлы Нұра , Бетбақдала , Тесіктастардың шежіресіне суарылып , солардың аңызын тоя жұттың . Туған далаңның тума шежіресі сені қазақ жеріне , қазақ еліне ғашық етті . Сенің жан жүрегіңді осы елге байлап берді . Сондықтан да сен атақты Сарыарқа әнін жаздың . Шексіз - шетсіз көсілген Арқаның ұлы Даласы , оның салқын самалы Сенің жүрегіңе ән боп құйылды . Жақсы көретін ақын інің Несіпбек Айтұлы ән әуенін сөзге түсірді .
ә ) Бекітілмеген сүннет ( Суннат ғайру муәккәдәһ ) - Пайғамбарымыздың ( с . а . у ) көбінесе орындап , кейде орындамаған сүннеттері . Екінті ( аср ) және құптан намаздарының алғашқы төрт рәкәғат сүннеттері т . б .
Автомобил ден шығатын газ дар 200 астам заттан тұрады . Автомобилден шығатын газдардың көп бөлігі ауадан ауыр болғандықтан , олар жер бетінде жиналады . Көмірқышқыл газы қандағы гемоглобинмен араласып оған ағзаға оттегін жеткізуін қиындатады .
Халықаралық ұйым мәселесі сөз болғанда бізді масондардан гөрі келесі жылы Қазақстан төрағалық ететін ОИК , қазақша айтқанда Ислам Конференциясы Ұйымының жұмысы қатты қызықтырады . Өйткені Біріккен Ұлттар Ұйымымен текетіресіп тұрған бұл ұйым алпысқа жуық мүше мемлекеттері арқылы жаһандық көкейтесті көптеген мәселелердің оңтайлы шешім табуына тікелей ықпал ететін мүмкіншіліктері бар . Осыдан бірер ай бұрын Ханбалық , яғни Бейжиндегі мың жыл бұрында салынған тарихи мешітте жұма намазын оқығаннан кейін сол елге арнайы іссапармен келген ИКҰ бас хатшысы , Жиддада тұратын түрік қандасымыз Экмалиддин Ихсаноглымен кездейсоқ кездесіп , сұхбаттасуымызды , қысқаша болса да пікір алмасуымызды тағдырдың өзі маңдайымызға жазып қойған сыйы деп қуана қабыл алдық .
Еуразия медиа - форумы сәрсен бі күні " Интернет аумағын реттеу және тәуелсіз БАҚ : үрей мен шын дық " тақырыбының төңірегінде өр біген болатын . Бәсекелестік жағ дай ында бұқаралық ақпарат құрал дарының қарқынды дамуы БАҚ - ты және заң шығарушыларды тығы рық қа тіреп отырғаны аян . Интер нет қазір кез келген елдің саяси және экономикалық өміріндегі қа жетті факторға айналды . Көптеген елдерде биліктегілер бірнеше жағ дайға байланысты интернетті қа дағалап отыруға тырысады . Интер нет пайдаланушыларды балағат та мау үшін түрлі - түрлі заңдар қабыл дап жатыр . Италия , Түркия , Авс тралия және Қазақстанда интернет аумағын реттеу , тіпті , оған бақылау орнатуға әрекеттену - көптеген пай даланушылардың , сөз бостан дығын қорғаушы ұйымдар мен БАҚ өкілдерінің тарапынан қар сы лыққа ұшырауда немесе алаң дау шылық туғызуда .
- Қам жеме . Қазір сенің қатал бапкеріңмен сөйлесейін , - деп « ШҰАР - 93 » командасының бапкерлері Фархад Азамат пен Қайрат Болат екеуімен сөйлесуіме тура келді . Олар турнирдің жоғары деңгейде өткізіліп жатқанын , « ШҰАР - 93 » командасында 22 футболшының үшеуі қазақ , біреуі өзбек және қалғандары ұйғыр екенін айтты .
Құрамында 2 бөлім бар : Экономика және құқық бөлімі Педагогика бөлімі
Қысқа дайынбыз , - дейді басшылар Сейсенбі күнгі жылу беру маусымына дайындық жөніндегі отырысты қала әкімі С . Т . Медебаев өзі жүргізді . Әкім алдымен жиналғандарға Сәтбаев қаласы әкімінің орынбасары қызметіне жаңадан тағайындалған Қ . Шайжановты таныстырды . ( далее … )
Сөз арасында Үкімет басшысы мемлекетіміз Ресейдің бір уран байыту зауытын сатып алу жөнінде ұйғарымға келгенін айтты . Бұл еліміздегі уран өндірісінің циклын түйіндеуге мүмкіндік береді . Аталмыш зауыт бір тонна руданың небары 0 , 7 - 0 , 8 пайызын пайдалы өнім ретінде өңдеп шығады . Соның өзінде бұл өндіріс тиімді деп есептеледі .
Ауданның 80 жылдығына орай , « Нұр - Отан » ХДП - ның аудандық филиалы мен мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің ұйымдастыруымен орталық алаңда « Бақай » коорпорациясының « Мекеме күні » өткізілді . Аталмыш шарада мекеменің тарихына шолу жасалып , коорпорацияға қарасты мекемелерден шығарылатын өнімдер көрмеге қойылды . Фотостенділер шығарылып , концерттік бағдарлама ұйымдастырылды .
Қазақстан Республикасының « Электрондық үкімет » жұмысы туралы ең үздік материалға журналистер арасында шығармашылық конкурс Толығырақ . . .
3 ) заңнамада белгіленген тәртіппен Кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталықтарының қызметін үйлестіруді және оған бақылау жасауды жүзеге асырсын .
Download XML • Download text