Dependency Tree

Universal Dependencies - Kazakh - KTB

LanguageKazakh
ProjectKTB
Corpus Parttrain

Select a sentence

s-1 Шолпан Сәрсенбайға шыққан жылы өзіндей жас келіншектермен аулақта кеңескенде: «Баласыз өмірдің қызығы жоқ қой», деп аузымен ғана айтушы еді.
s-2 Мал орнына сатылып, жаны сүймеген жанға жар болатын қазақтың сансыз қыздарының ішінен әлдеқалай өзінің сүйгеніне тиген Шолпан шынында бастапқы жылы бала керек қылмады.
s-3 Ақ отаудың ішінде оңаша жатса да, яки күйеуін құшақтап жатса да, ол ылғи ішінен: «Жасаған-ау , бала бере көрме?!» деп тілейтін еді.
s-4 «Балалы болсам, әдемі өмірім бұзылады-ау », деп ойлайтын еді Шолпан...
s-5 Бала туса, күйеуімен екеуінің ортасында бір тікенек өсетіндей болушы еді...
s-6 Қиюласып қосылған екі жанның арасына жат бір үшінші жан түскен соң, екеуінің де жалынды , екпінді махаббаты бүлінер, бәсеңдер, суынар деп қорқушы еді Шолпан.
s-7 Ғашық адамға Құранның аяты қасиетті емес, жарының сөзі қасиетті, жарынан басқа адамның сөзін не қылсын Шолпан!
s-8 Бес жылдың ішінде үш баласы бар еді: екеуі ұл, біреуі қыз.
s-9 Дүниеде адамнан қиын жұмбақ жоқ.
s-10 Адам шешуі жоқ жұмбақ.
s-11 Шешуі деп атауға болатын болса, адамның шешуі жалғыз өлім.
s-12 Осы ойлар Шолпанның жанында таспиқтай тізілген ретті болмаса да, оның жаны соқыр сезіммен осы ойларға өзі барып тірелген еді, әм Шолпанның жүрек жарасын ешкімге сездірмеске тырысуының себебі осы еді.
s-13 Не керек, жақын, жаттың ортасында жалғыз болды.
s-14 Бітеу жара болды, жалғыз өртенді, жалғыз жылады, дүниеден безді, сопы болды.
s-15 Бала сұрады, қалай да бала болмады.
s-16 Не істемеді Шолпан?!
s-17 Пірәдар болды, әулиеге ат айтты, қорасанға қой айтты: «Жасаған-ау , бала бере гөр!» деді.
s-18 Бірақ тілек іске аспай, аяғы жоқ жыр болды.
s-19 Көл болып төгілген көздің жасы жерге сіңді, тілек тозды, өмір озды, Шолпан бала көтермеді.
s-20 Қанша жалынса да, қанша жыласа да Жасаған оған бала бермеді.
s-21 Кім біледі, Тәңірінің Шолпанға бала бермеуі өзінше дұрыс шығар, өзінше жөн шығар.
s-22 Күнмен таласа Шолпан да өмірімен қоштасты.
s-23 II Елизавета ханшайым Виндзор әулетінен шыққан.
s-24 Таққа 1952 жылдың 6 ақпанында, яғни 25 жасында, әкесі VI Георгтың өлімінен кейін отырды.
s-25 II Елизавета жасы бойынша Ұлыбритания тарихындағы ең жасы үлкен британ (ағылшын) монархы.
s-26 2015 жылдың 24 қаңтарындағы Сауд Арабиясының патшасы Абдулла ибн Абдул Азиз ас-Саудтың өлімінен кейін билік басындағы ең кәрі монарх болып саналады.
s-27 Елизавета ханшайым Александра Мария Лондонның Мейфэр ауданында, Брютон-стриттегі 17-үйде, яғни Стратмор графының резиденциясында дүниеге келген.
s-28 Қазіргі таңда аудан қайта тұрғызылғандықтан, үйді бұзған, алайда оның орнында мемориалдық тақта қойылған.
s-29 Өзінің атын анасының (Елизавета), апасының (Мария) және арғы әжесінің (Александра) құрметіне алған.
s-30 Туған күнінен бастап Елизавета ханшайым Йорктің герцогиниясы атанып, ағасы-Эдуард Уэльс ханзадасы (келешек Ұлыбритания королі VIII Эдуард) мен әкесінен кейін үшінші мұрагер болды.
s-31 Эдуард ханзада айтарлықтай жас, әрі жанұя құрып, балалы болуға тиіс болғандықтан, бастапқы кезде Елизавета таққа отыратын үміткер ретінде қарастырылмады.

Text viewDownload CoNNL-U