kk-ktb-train

Universal Dependencies - Kazakh - KTB

LanguageKazakh
ProjectKTB
Corpus Parttrain
AnnotationMakazhanov, Aibek; Washington, Jonathan North; Tyers, Francis

Javascript seems to be turned off, or there was a communication error. Turn on Javascript for more display options.

indexsentence 1 - 3 < sentence 4 - 14 > sentence 15 - 25

«Балалы болсам, әдемі өмірім бұзылады-ау », деп ойлайтын еді Шолпан... Бала туса, күйеуімен екеуінің ортасында бір тікенек өсетіндей болушы еді... Қиюласып қосылған екі жанның арасына жат бір үшінші жан түскен соң, екеуінің де жалынды , екпінді махаббаты бүлінер, бәсеңдер, суынар деп қорқушы еді Шолпан. Ғашық адамға Құранның аяты қасиетті емес, жарының сөзі қасиетті, жарынан басқа адамның сөзін не қылсын Шолпан! Бес жылдың ішінде үш баласы бар еді: екеуі ұл, біреуі қыз. Дүниеде адамнан қиын жұмбақ жоқ. Адам шешуі жоқ жұмбақ. Шешуі деп атауға болатын болса, адамның шешуі жалғыз өлім. Осы ойлар Шолпанның жанында таспиқтай тізілген ретті болмаса да, оның жаны соқыр сезіммен осы ойларға өзі барып тірелген еді, әм Шолпанның жүрек жарасын ешкімге сездірмеске тырысуының себебі осы еді. Не керек, жақын, жаттың ортасында жалғыз болды. Бітеу жара болды, жалғыз өртенді, жалғыз жылады, дүниеден безді, сопы болды.

Download XMLDownload textSentence viewDependency trees