Dependency Tree

Universal Dependencies - Kazakh - KTB

LanguageKazakh
ProjectKTB
Corpus Parttest
AnnotationMakazhanov, Aibek; Washington, Jonathan North; Tyers, Francis

Select a sentence

Showing 305 - 404 of 1047 • previousnext

s-305 156 мектеп жөндеуден өтті.
s-306 Осы мақсатқа қажетті қаражат бөлінді.
s-307 Әрқашан аспанымыз ашық болсын.
s-308 Қазақстан уран өндіруде әлемдік көшбасшы.
s-309 - Қазақстан халқы Украинаға тұрақтылық пен игілік тілейді.
s-310 Президент су ресурстарын сақтау мәселелеріне айрықша назар аударды.
s-311 Ұлы Абай «Адамның ұлылығы ұстазынан», деген екен.
s-312 Қазақстандағы Украина жылы да шараларға толы және мазмұнды болмақ.
s-313 Бүгін солардың бірқатары Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевпен кездесуге келді.
s-314 Православие-Қазақстанда ең көп тараған конфессияның бірі.
s-315 Сенатор Серік Ақылбай қылмысқа қарсы күрес тақырыбын қозғады.
s-316 Республика өте зор әлеуетке ие болатын.
s-317 Біздің еліміздің экономикасы артқан сайын халықтың да тұрмысы жақсара бермек.
s-318 Бұл ретте сыртқы қарыздың өсуіне байланысты проблема бар.
s-319 - Астана қаласы қарқынды дамып келеді.
s-320 Заңның мәтіні баспасөзде жарияланады.
s-321 1939 ж. Қ. Жұмалиев Махамбет өлеңдерінің жинағын шығарды.
s-322 Сеулде миллионнан астам адам билікке қарсы көтеріліске шықты.
s-323 Өзбекстанда 79 жасына қараған шағында мемлекет басшысы Ислам Каримов дүниеден озды.
s-324 Қазақстанда жергілікті полиция қызметі өз жұмысын бастады.
s-325 Қазақстан Еуразиялық Экономикалық Одаққа төрағалығын бастады.
s-326 8 қаңтар Қазақстандық сиқыршы Руслан Иванченков бес сағат үздіксіз сиқыр көрсетіп Гиннестің рекордтар кітабына енді.
s-327 УЕФА 1996 жылдан бергі футзал тарихында медаль алған алғашқы дебютант ел.
s-328 Белгілі ғалым, академик Қаныш Сәтбаевтың үлкен қызы, медицина ғылымдарының докторы, профессор Қаниса Қанышқызы Сәтбаева қайтыс болды.
s-329 Қазақстанның денсаулық сақтау министрі қызметін атқарған Салидат Қайырбекова ауыр сырқаттан көз жұмды.
s-330 Футболдан Еуропа чемпионатының финалдық матчында Португалия құрамасы Франция командасын жеңіп Еуропа чемпионы атанды.
s-331 Алматы қаласында лаңкестік әрекет орын алып, 5 полиция қызметкері мен 1 бейбіт тұрғын қаза тапты.
s-332 5 полиция қызметкері жарақаттанған.
s-333 Өскеменнің ар жағында, Бұқтырманың оң жағында әлемге аян Алтай бар.
s-334 Аттан!
s-335 Манағы ала атты кім?
s-336 Қыз алып қашқан орыстар кім?
s-337 Бұларды қуам деп оққа ұшқан кім?
s-338 Қане, осыны дауысқа саламын.
s-339 Атым Бекболат.
s-340 Ағам отау болып, енші алып кетті.
s-341 Інім Семейде оқуда.
s-342 Көршінің қатыны мен қожаның өсегі білінген соң, әкеміз шығарып жіберіп, содан кейін көзіміз ашылды.
s-343 Бірақ оған артық араласпаймын.
s-344 Төбелес болса жасаққа шығамын, қыз қашқан, қатын кеткен топтардан қалмаймын.
s-345 Не болғанымды білмедім.
s-346 Адам лажсыз елінің тілегіне бағынады.
s-347 Қазақ солдаттан өлгенше қорқады.
s-348 Патшамен соғыс ашқанда, ел-жұрт, отанымды қорғауға, біз соғысқа бардық.
s-349 Анығында қазақ мемлекетке не пайда келтіріп отыр?
s-350 Патша қазақты қара жұмысқа алам дегенде, қандай қорқып, абыржып, қиратылып қалды.
s-351 Кім біледі, қолына қару берсе, орыс жұртына жау болып кетпесіне кімнің көзі жетеді?
s-352 Онда ұлы Ресей кемиді, жері, елі азайып қалады.
s-353 Қазақта жер көп.
s-354 Алдымыз қашып, Қытай жеріне өтіп кетті.
s-355 Ендеше, біз тіршілік қып жүрміз.
s-356 Бірінен болмаса бірінен өлуіміз хақ.
s-357 Біз әзір тіріміз.
s-358 Жасым 35-те.
s-359 Өліп бара жатырмын десең, қойға бір тайын мінгізбейді.
s-360 Оны айтып жүрген өзіміздің қойшылар.
s-361 Бірақ ұрлығымыз шығып қалды.
s-362 Қашағанды жалғыз ұстаймын.
s-363 Ертіс ағып, Өскемен, Зайсан, Семей сияқты қалаларды көрдім.
s-364 Кедей жақтың келіншектеріне ет, май беріп, көңіл қостым.
s-365 Жылқы бағып жүріп, қалың беріп, қатын алдым.
s-366 Ақтар қашып, қызылдар келіп, қала-қалаға орнады.
s-367 Байдың малын, артық қатынын, жерін кедейге тартып әпереді деген лақаптар шыққан соң, жатсам ұйқым, тұрсам күлкім келмейді.
s-368 Біреу қазақ жақсы деді, біреу орыс жақсы деді.
s-369 Менен жұрт сескенейін деді.
s-370 Елге келген соң ауыл-ауылдан мал, киіз, төсек-орын, ыдыс-сайман алып жүрген ақтардың адамына жолығып, іш пікірім ішімде соларға кісі болдым.
s-371 Олар маған жақсы қыз тауып бер деді.
s-372 Өмірі байдан, күштіден қорлық-зорлық көріп келдім.
s-373 Енді оларды мен несіне аяйын?
s-374 Алып келген манағы қолын артып жатқан жирен орыс екен.
s-375 Бірақ енді қайта сүюге қызға ұмтылмады.
s-376 Жирен орыс манағыдай емес.
s-377 Шайларын ішіп, шылымдарын тартысып болған соң, өзгелері тысқа шықты.
s-378 Орыстар тұра ұмтылды.
s-379 Өлген жирен орысты көп солдат алып кетті.
s-380 Бірақ төбелесіп өлтіріспей, алыстан атып өлтіріскеніне түсіне алмады.
s-381 Мына төре сені жақсы көрген.
s-382 Бұл өзі үлкен төре.
s-383 Қорықпайтын кісі.
s-384 Анау жігіттен сені маған бер деп сұраған.
s-385 Саған ешкім тимейді.
s-386 Ол бермеген.
s-387 Екеуі дауласқан, шатақ шыққан.
s-388 Сен қорықпа.
s-389 Мына төре сені ешкімге бермейді.
s-390 Бұл сені қатын қылады.
s-391 Бұл көп білетін ақылды жігіт.
s-392 Бұл кісі сені жақсы көреді.
s-393 Сені күтеді.
s-394 Үлкен төре деп мақтайды.
s-395 Анда-санда қара мұрт оған сөз үйретіп тұрды.
s-396 Оның көп сөзі миына қонбайды.
s-397 Ендеше, жақсы көргені рас.
s-398 Ел қайда?
s-399 Қара күшке, тағдырға не шара?
s-400 Жамандығынан мұндай болған жоқ.
s-401 Малына, жанына ие болып отырған қай қазақ бар?
s-402 Қызды алам деп жүргенде, бұл иттер шешесін атып өлтіріпті.
s-403 Мұның арты үлкен дүрбелеңге шаппасын кім біледі?
s-404 Ағасы болмаса, бұ қызда не жазық бар еді?..

Text viewDownload CoNNL-U